Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы


ЖОСПАР:
Кiрiспе3
1 тарау. Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы. . 5
2 тарау. Германия үкіметінің сыртқы саясаты. …20
Қорытынды. . 30
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi. …. 32
Кiрiспе
Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның қоғамдық-саяси құрылымын дағдарысқа әкелді. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмысшылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монар-хиясынан соғысты тоқтатуды талап етті. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билікке қарсы күреске шыға отырып, халық күресін қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пісіп-жетілді. Монархияның елдегі саяси билігі әлсіреп, халықтың алдында беделі түсті. Соғысты бастаған ірі буржуазия мен монархия әскерлері соғыс майданында бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Еліде монархияға қарсы ереуілдік қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуіл болса. 1917 жылы - 562, 1918 жылы - 773 ереуілдік қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Германияның ірі қалаларын түгел қамтыды.
1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің Петроград қаласында большевиктер партиясының қарулы көтерілісі жеңіске жетті. Ресейде социалистік қоғам құру үшін большевиктер партиясының көсемі В. И. Лениннің айтуымен, «социалистік революция» жүзеге асып, пролетариат диктатурасы, оның формасы жұмысшы және солдаттар депутаттарының кеңесі жеңіске жетті. Ресейде үкімет билігі большевиктер партиясының қолына көштi де, жаңадан Кеңес үкіметі құрылды. Оның алғашқы шаралары: 1917 жылғы 26 қазан айында Бүкілресейлік кеңес съезінде екі құжат - «Бітім» туралы және «Жер» туралы декреттер жарияланды. Бұл құжат бойынша Ресей соғыстан шығып, шаруаларға жер бере бастады. Жұмысшылар өз өнеркәсіптерін қолдарына алып, оның қожайынына айналды. Соғыстан шаршап, қалжыраған солдаттар елге қайта бастады. Кеңес өкіметінің бұл жүргізген шаралары тез арада бүкiл әлемге тарап, Еуропа елдерінде Кеңестік Ресейдегiдей билік орнату мақсатында революциялық күштер жаңа күреске шақырып. елдерінің басқарушы топтарына қарсы шықты. Бұл оқиға Германия еңбекшілеріне қатты әсер етті.
1 тарау. Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы.
Қараша революциясының қарсаңында Герман социал-демократиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсіз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында «Спартак» одағы калыптасты.
Герман социал-демократиялық партиясы - жұмысшы партиясы еңбекші халықтың қолдауында болды 1918 жылы мамыр айында СДПГ «Қимыл бағдарламасын» қабылдайды. Партия бағдарламасы Германияда буржуазиялық-демократия жолына түсу және парламенттік жүйені орнату, яғни монархияға қарсы күресіп, республика құру талабын алға қойды Социал-демократияның негізгі мақсаты - реформа арқылы қоғамдық-саяси өзгерістер жүргізу болды.
Германияның тәуелсіз социал-демократиялык партиясы буржуазиялық реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан да бас тартпайды. Негізгі көзқарасы оңшыл центристік бағыт болды. Партия мүшелері К. Каутский, Г. Гаазе, Р. Гильфердинг оңшыл центристік көзқараста бола отырып, большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздеді. Каутский: «Германияда пролетариат диктатурасын орнату біздің түпкі мақсатымыз емес», - деп мәлімдеген болатын Ол - В. И. Лениннiң таптык көзқарасын сынаған адамдардың бірі еді.
Ресейдегi қазан төңкерісінен кейін Германняның саяси дамуында революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату үшін күрес жүргiзетін саяси топ - «Спартак» одағы құрылды. Оның басшылары К. Либкнехг және Р. Люксембург болды. Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Одардың негізгі саяси көзқарастары - қоғамдык-саяси өзгерістерді революциялық жолмен іске асыру болатын. Сонымен қатар, В И Лениннің идеясын қолдай отырып. Германияда коммупистік партия құру үшiн күрес жүргізді 1918 жылы қазан айында революциялық топтың конференциясы шақырылып, еңбекші халықты қарулы көтеріліске шығуға, сөйтіп буржуазиялық революцияны социалистік революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбір банктерді национализациялау, жалақыны өсіру т. б. талаптар қою аркылы халықты революцияға шақырды Бірақ «Спартак» тобынын үгіт-насихат жұмысын еңбекші халық қолдаған жоқ Халық революциялық жолды түсіне алмады, ал буржуазиялық-реформалық жол әлдеқайда түсініктi еді. Қоғамды реформалық-парламенттік жолмен өзгертіп, Германияда буржуазиялық республика құру халық түсінігiне жақын болатын Қараша революциясының қарсаңындағы саяси күштер iрі буржуазия мен монархияға қарсы тұратын оппозициялық күшке айналды.
Революцияның басталуына негізгі себеп болган оқиға Герман монархындағы соғыс-теңiз министрінің Киль қаласында тұрған соғыс-теңiз базасының кемелеріне ашық теңізге шығып соғыс қимылдарын жүргiзу арқылы жеңіске жету туралы бұйрығы болды. Бірақта соғыс-теңіз флотының кеме басшылары теңізге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитеттер құрып, көтеріліске шығады. Кемелерде қызыл жалаулар көтеріліп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға шыққан кемелердегі матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күні Киль қаласының халқы матростарды колдап ереуiлді бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат кеңестерін құрып, өздерінің талаптарының орындалуын сұрайды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын жергiлікті үкімет орындауға мәжбүр болады. Германияда революция басталады.
Макс Баденский үкіметі Киль қаласына оңшыл социал-демократ Носкені жіберіп, революцияны басуға тырысады. Носке келгеннен кейін Киль қаласында құрылған жұмысшы және матрос кеңестері кеңес өкіметінің қызметіне араласып, революцияның Германия жеріне тарап кетпеуіне күш салады, бірақ бірнеше күннен кейін революция Германия мемлекетінің барлық қалаларында кең тарап, бүкілхалықтық революцияға ұласады.
Қараша айының 7-8 күндері барлық калалардағы революцияға қатысқан халық үкіметтің жұмысшы және солдат кеңестерінің қолына берілуін, сонымен қатар монархиянын биліктен кетуін, рейхстаг пен ландтагтың таратылуын. армияны демократияландыруды, жаңа үкімет құруды талап етеді. Елдегі басталған революцияға герман социал-демократтары да қатысып, жаңа үкіметтің құрамына буржуазияның қатысуын талап ете бастайды. ГСДП (Германия социал-демократ партиясы) елде құрылған кеңес өкіметінің атқару комитеттеріне кіре бастайды. Революцияның барысында жұмысшы және солдат кеңестері кеңес өкіметінің орнына буржуазияның жеңіске жетіп шығуын қалайды. Қараша айының 8-9 күндері Берлин қаласында революция жеңіп, жұмысшы және солдат кеңесіндегі ГСДП уәкілдері монархияның тақтан бас тартуын және біріккен үкімет құруды талап етеді. Берлин қаласында билік жұмысшы және солдат кеңесінің қолына көшеді. Кеңестің атқару комитетіне ГСДП және ТСДП (тәуелсіз социал-демократ партиясы) «Спартак одағы» кіреді. Революциялық «Спартак одағының» басшылары Германияда пролетариат диктатурасының орнауын қалап, революция барысында жұмысшы және солдат кеңесі арқылы социалистік революцияның жеңіп шығуы үшін күрес жүргізеді. Кеңес атқару комитетінде екі ағым қалыптасады. Бірінші ағым - революцияны қарулы күрес арқылы жалғастырып, кеңес өкіметін құру; екіншісі - социал-демократ партиясының қолдауымен буржуазиялық республика құру қараша айының 9-ы күні Берлин қаласының көшелерінде халық демонстрациясы Кайзердің тақтан кетуін талап етеді, қалада жұмысшы және солдат кеңес атқару комитеті құрылып, үкіметтік билікті қолдарына ала бастайды. Түс қайта Кайзер Вильгельм II өзінің тақтан түскенін жариялап, елді басқарушы етіп ГСДП-ның басшысы Ф. Эбертгі тағайындайды. Қала көтерілісшілердің қолына толық көшеді. Түрмелерден саяси тұтқындар босатылады. Кайзер Вильгельм II шет елге қашып кетеді. Қараша революциясының бірінші талабы орындалып, Германияда монархия құлайды. Үкіметті өз қолына алған буржуазиялық топтар, революцияның алға қарай кең етек алмауы үшін Кеңес атқару комитетіндегі революциялық топтарды келісімге келуге шакыра бастайды. Ф. Эберт Рейхстагта Германия тәуелсіз республикасы құрылғандығын жариялайды. Біріккен революциялық үкімет құрып, оның құрамына ГСДП және ТСДП, «Спартак одағының» басшысы К. Либкнехт кіреді.
Жаңа үкімет халық уәкілдерінің кеңесі (СНУ - совет народных уполномоченных) деп аталады. Үкіметтің төрағалары болып ГСДП басшысы Ф. Эберт және ТСДП басшысы Г. Гаазе сайланады. Сөйтіп, Германияда Эберт-Гаазе үкіметі қүрылады. үкіметтік билік халық уәкілдерінің кеңесіне беріледі. Бұл өкімет пролетариат диктатурасы болып құрылмайды. Үкіметтік билікті буржуазия бейбіт жолмен өз қолына ала бастайды. Бірақ революция барысында екі өкіметтік биліктің - біреуі -революция барысында құрылған жұмысшы және солдат кеңесі, екіншісі - халық уәкілдері кеңесіндегі буржуазиялық топтар арасында билік үшін күрес жалғаса берді. Халық уәкілдерінің кеңес үкіметінің құрылуымен қараша революциясының бірінші кезеңі аяқталды.
Революцияның алғашқы кезеңінен бастап құрылған жұмысшы және солдат кеңесінің құрамындағы революциялық топ - «Спартак одағы» өкіметтің кеңеске берілуін талап етті. Германиядағы революцияны «Спартак одағы», олардың басшысы К. Либкнехт буржуазиялық-демократиялық революция деп бағалады. Сондықтан революция социализм құруды бірден мақсат еткен жоқ. Социалистік революцияның жеңіп шығуының Германияда толық алғышарттары болған жоқ. Елде социалистік революция ұйымдастыратын маркстік партия болмады, еңбекші халық социализм идеясынан алыс болды. Сондықтан «Спартак одағы» буржуазиямен бірлікке келіп, бейбіт жолмен кеңес өкіметін құру үшін күресті. Жұмысшы және солдат кеңесінің құрамындағы солшыл радикалдар мен ТСДП мүшелері кеңес өкіметі үшін күрес жүргізгенімен қатар, халық уәкілдерінің кеңесі үшін де күрес жүргізіп, ГСДП-ымен ынтымақтасып отырды.
«Спартак одағының » болашақ коммунистері Кеңес үшін үгіт-насихат жүргізіп жатқанда, неміс буржуазиясы революцияны бәсеңдетіп, бейбіт жолмен өкіметгі халық уәкілділік кеңесіне алу үшін күрес жүргізді. Буржуазияның мүмкіндігі революциялық топқа қарағанда зор болды. Герман үкіметінің мүшелері буржуазиялық топтардан тұрды. Армия Эберт үкіметін қолдады. Елде буржуазиялық партиялар құрыла бастады: Германия демократиялық партиясы - басшысы И. Вирт, неміс халық партиясы (ННП) - басшысы Г. Штрезман және неміс ұлттық-халық партиясы (НННП) - басшысы Востарп. Бұл партиялар үкіметті қолдап, революцияға қарсы күштерін біріктіре бастады. Эберт-Гаазе үкіметі сыртқы саясатта антисоветтік үгіт жүргізіп, АҚШ үкіметімен ынтымақтасуды жақтады. Контрреволюциялық күштердің орталығы - Германия армиясының бас штабы негізгі күшке айналып, Кеңес атқару комитетіне қарсы қарулы күреске шығуға дайындалып жатты.
Кеңес және Ұлттық жиналыс үшін күресте контр-революциялық күштер басым түсе бастады. Буржуазия Ұлттық жиналыс шақыру үшін күресіп жатты. Ал бұл кезде Кеңес съезін шақыру келісіліп қойылған болатын.
16-21 желтоқсанда Берлин қаласында Кеңестің 1 сьезі шақырылды. Съезд жұмысының барысында үкімет және заң шығару билігін Халық уәкілділік кеңесіне беруге шақырды. Кеңес съезіне қатысқан депутаттардың талас туғызған мәселесі кеңес және Ұлттық жиналыс туралы болды. Үкіметтік билік кімге берілуі керек? Бұл мәселеде буржуазия жеңіске жетіп. Ұлттық құрылтай жиналысының сайлауын өткiзу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия жеңіске жетіп, революциялық «Спартак одағы» кеңес үшін күресте жеңіліс таба бастады. Қараша революциясының екінші кезеңі аяқталды.
«Спартак одағы» Кеңестің I съезінде жеңіліс тапқаннан кейін, революцияның сабақтарын ескере отырып, маркстік партия құру керек екенін түсіне бастады. 1918 жылдың сонында желтоқсан айының 30-ы күмі партия конференциясында Германия коммунистік партиясының құрылғандығы жарияланды. Конференция жұмысында Р. Люксембург партияның бағдарламасы туралы сөз сөйлеп. ГКП-ның негізгі мақсаты - социалистік революция арқылы пролетариат диктатурасын орнату екендігін айтты. Конференцияда сөз сөйлеген К. Либкнехт партияның Ұлттық жиналысқа көзқарасы туралы айтып, Ұлттық жиналыс сайлауына бойкот (бас тарту) жариялады.
Коммунистік партия конференциясында қабылданған шешімдер сол кездегі тактикалық қателіктерге апарды. Бұқара халық ұшін күресте өздерінен өздері оқшауланды. Кейіннен В. И. Ленин бұл қателіктерді «солшылдардың балалық ауруы» деп бағалады. Германия коммунистік партиясы Еуропа елдеріндегі тұңғыш маркстік партия болды. Ол таптық мүддеге бағытталып құрылып, марксизм-ленинизм ілімін жақтап неміс пролетариаты арасында кең түрде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
1919 жылдың басында Германияда революциялық толқулар күшейе бастады. ГКП халықты қарулы көтеріліске шақырып, үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргiзді. Буржуазия революциялық қозғалыстан сескеніп, жұмысшы табына қарсы күреске шығуға дайындалды. Кеңес съезінде жеңіліс тапқан революциялық топтар билікті қарудың күшімен алуға шықты. Халық көтерілісінің басталуына Берлин қаласының полиция бастығы Э. Эйхгорнның жұмыстан босатылуы себеп болды. Берлин жұмысшы табы және солшыл саяси күштер ТСДП және ГКП үкіметке қарсы саяси талаптар қойып, ереуілге шақырды. Эйхгорнның қайта жұмысқа алынуын талап етті, контрреволюцияға қарсы қайтадан қарулы көтеріліске шақырды. Қаңтар айының 5-і күні Берлин қаласында 100 мың адам демонстрацияга шықты. Олар Эберттің үкіметтен кетуі, Халық уәкілдер кеңесін тарату туралы саяси талаптар қойды. Революцияны басқару үшін ТСДГІ басшылығымен қимыл комитеті құрылды. Тәуелсіз социал-демократ партия басшысы үкіметпен келісімге келіп, халық қозғалысын басуға шақырып отырды. ГКП-ның мүшелері де бұл көзқарасты қолдады. Сөйтіп, каңтар айындағы ереуіл біртіндеп жеңіліс таба бастады. Революциялық өрлеуді Германияның Брауншвейг, Гамбург, Галле, Бремен қалаларындағы жұмысшы тобы да қолдады. Берлин қаласындағы ереуілді басу үшін қаңтардың 12-і күні Германия әскер басшысы Носкенің басқаруымен еріктілер әскерлері келіп, ереуілге қатысушылар мен үкімет әскерлерінің арасындагы соғыс қимылдары бірнеше күнге созылды. 1919 жылы қаңтардың 15-і күні колынан Роза Люксембург пен Карл Либкнехт қаза тапты. Революция жеңіліс тауып, қараша революциясы барысында құрылган кенес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды. Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп, Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезеңі 1919 жылгы 19 каңтардағы ұлттық жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық күштердің жеңіліс табуымен аяқталды.
Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі - 1918 жылы қаңтардың 9-ы күні К. Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі - революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жок болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы қараша революциясы мәні жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі - қараша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы; екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін; үшінші кезеңі -желтоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін; төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республикасының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті.
1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54, 5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейін ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз қолына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф. Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф. Әберт сайланды.
Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердің ара салмағын ескере отырып, Ұлттык жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.
Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық - өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, білім алуға Конституция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бірдей сайлау құқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті - Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент - ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі палатадан тұрды. Рейхстаг - жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсраг - жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекітуте құқылы. Рейхсрат - бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.
Конституция бойынша атқарушы билік президенттің қолында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуге құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.
1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама бойынша жекеменшіктің барлық түріне кеңшілік жасалды. Өндірісті басқару және реттеу мемлекеттің құзырында болды. Көмір өндірісін де жеке меншікті сақтай отырып мемлекеттік реттеуге берді. Көмір өндірісін баскару үшін «Империялық көмір кеңесі» деп аталған мемлекеттік мекеме құрылды. 1919 жылы сәуір айында ұлттық жиналыс өндірісті басқаруда фабрика-завод комитеттерін құрды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндірістік кеңес ең жоғарғы басқару құқына ие болды. Әлеуметтік бағдарлама мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі - мемлекеттік-монополиялық капитализмнің негізгі механизмі болса, фабрика-завод комитеті өндірістегі еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесі болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргізе алды. Әлеуметтік реформа қараша революциясынан кейінгі еңбекші халықтың жеңісі бола алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz