Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу



Кіріспе
І Алматы Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы
1.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ
III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

3.1АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
ІІІ Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
3.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОБАЛАР
Нарықтық экономикаға өткелі бері, Қазақстан инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктерін, жаңа көздерін іздеуде талпыныс жасауда. Тәуелсіздік алған жылдардан бері шетелдік инвестицияның басым бөлігі мұнай-газ саласымен түрлі-түсті металлургия саласына, жалпы шикізат экспорты секторына тартылды. Мысалы, 1993-ші жылмен 2007-ші жылдар арасында Қазақстанға тек қана АҚШ тарапынан 68,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бұл жылдар ел экономикасы үшін қолайлы жылдар болғаны белгілі, осы жылдары Қазақстанда екінші деңгейлі банк, зейнетақы, инвестициялық қорлары мен сақтандыру компаниялары активтерінің өсімі қарқынды болды. Қазақстан басшылығының пайымдауынша еліміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру бағытында 2008-2010-шы жылдары алдын-ала болжам бойынша 255-285 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту керек екен, оның ішінде Каспий теңізі шельфіне 2008-ші жылы 12,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде, ал 2011-2015-ші жылдары 16 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, алдағы бес жылдық көлемінде елдегі инфроқұрылымды дамыту үшін 30 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту, 2015-ші жылға дейін темір жолмен үлкен автожолдарға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделген болатын, алайда бұл жоспарлардың іске асырылуына әлемдік қаржы дағдарысы өз өзгерісін тигізгені белігілі. Қазіргі кезде тікелей шетелдік инвестицияның 40%-ы шикізат секторына келіп отыр. Ішкі инвестициялық мүмкіндіктерімізді алатын болсақ, банк секторының көлемі ІЖӨ көлемімен алғанда 92,6%-ы, зейнетақы қорларының үлесі 9,7%-ды, сақтандыру компаниялырының үлесі 1,7%-ды, пайлық инвестициялық қорларының ІЖӨ шаққандағы көлемі 1,6%-ды құрайды екен. Бұл көрсеткіштер қаржы секторының дамуында да үлкен алшақтықтар және кенжелеп қалған тұстары бар екенін көрсетеді.
Қазақстанның қаржы-экономикалық мүміндіктерін арттыру бағытында 2009-ші жылы Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы құрылды, ал 2006-шы жылы аталған агенттік туралы заң қабылданды. Өңірлік қаржы орталығын құру туралы бастаманы 2008-ші жылы қараша айында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мұрындық болуымен өткен қаржыгерлер конгресінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметін Нью-Йорк, Лондон, Токио, Шанхай қор биржалары, Швейцария биржасы, Мәскеу банкаралық валюта биржасы, Ресей тауарлық жүйесі секілді қор биржасындағы азулы сауда орталықтары мойындап отыр.
1. "Қазақстан-2030" даму стратегиясы.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономи¬ка¬лық да¬му¬ының индикативтж жоспары туралы. 2007 жылдың 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N722 Қаулысы.
3. Қазакстан Республикасының әлеуметтiк-эконо¬мика¬лық дамуының индикативтiк жоспарын жасау ережелерiн бекiту туралы 2007 жылдың 3 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкiмiнiң N432 Каулысы.
4. Құрманбаев С.Қ Муниципалдылық менеджмент Алматы 2007.
5. Ихданов Ж., Орманбеков Э. - Экономиканы мем¬ле¬кетiк реттеудiң өзектi мәселелерi. Алматы; Экономика, 2009.
6. Коньюнктурные обследования. Агентство по ста¬тис¬тике и анализу РК - 2006 - январь.
7. Казахстан 1991-2008 годы: Информационно-аналити¬ческий сборник. Агенства РК по статистике – Алматы: Экономика.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
І Алматы Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы
1.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ

III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

3.1АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
ІІІ Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы
3.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОБАЛАР

І Тарау
1. Алматының қаржы орталығына айналуы, экономикаға ауқымды инвестиция
тартудың оңтайлы жолы
Кiрiспе
Өлкемен бастапқы орта Азияның кеңестен кейiн республикалары және
Қазақстанды түрлермендерге болды аймақтық қаржы орталығы сияқты Алматының
дамытуын идея Қазақстанның мүшелердiң кездесуi және республиканың
президентi бар Қазақстанының банктерiнiң қауымдастықтың басшылық етушi
құрамының уақытындасын 1995 жылда тұңғыш рет атап шыққан.

1. Алматының қаржы орталығына айналуы, экономикаға ауқымды инвестиция
тартудың оңтайлы жолы
Нарықтық экономикаға өткелі бері, Қазақстан инвестиция тартудың жаңа
мүмкіндіктерін, жаңа көздерін іздеуде талпыныс жасауда. Тәуелсіздік алған
жылдардан бері шетелдік инвестицияның басым бөлігі мұнай-газ саласымен
түрлі-түсті металлургия саласына, жалпы шикізат экспорты секторына
тартылды. Мысалы, 1993-ші жылмен 2007-ші жылдар арасында Қазақстанға тек
қана АҚШ тарапынан 68,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.
Бұл жылдар ел экономикасы үшін қолайлы жылдар болғаны белгілі, осы жылдары
Қазақстанда екінші деңгейлі банк, зейнетақы, инвестициялық қорлары мен
сақтандыру компаниялары активтерінің өсімі қарқынды болды. Қазақстан
басшылығының пайымдауынша еліміздің инвестициялық мүмкіндігін арттыру
бағытында 2008-2010-шы жылдары алдын-ала болжам бойынша 255-285 млрд. АҚШ
доллары көлемінде инвестиция тарту керек екен, оның ішінде Каспий теңізі
шельфіне 2008-ші жылы 12,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде, ал 2011-2015-ші
жылдары 16 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған,
алдағы бес жылдық көлемінде елдегі инфроқұрылымды дамыту үшін 30 млрд. АҚШ
доллары көлемінде инвестиция тарту, 2015-ші жылға дейін темір жолмен үлкен
автожолдарға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделген
болатын, алайда бұл жоспарлардың іске асырылуына әлемдік қаржы дағдарысы өз
өзгерісін тигізгені белігілі. Қазіргі кезде тікелей шетелдік инвестицияның
40%-ы шикізат секторына келіп отыр. Ішкі инвестициялық мүмкіндіктерімізді
алатын болсақ, банк секторының көлемі ІЖӨ көлемімен алғанда 92,6%-ы,
зейнетақы қорларының үлесі 9,7%-ды, сақтандыру компаниялырының үлесі 1,7%-
ды, пайлық инвестициялық қорларының ІЖӨ шаққандағы көлемі 1,6%-ды құрайды
екен. Бұл көрсеткіштер қаржы секторының дамуында да үлкен алшақтықтар және
кенжелеп қалған тұстары бар екенін көрсетеді.
Қазақстанның қаржы-экономикалық мүміндіктерін арттыру бағытында 2009-
ші жылы Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Акционерлік қоғамы
құрылды, ал 2006-шы жылы аталған агенттік туралы заң қабылданды. Өңірлік
қаржы орталығын құру туралы бастаманы 2008-ші жылы қараша айында Қазақстан
қаржыгерлері қауымдастығының мұрындық болуымен өткен қаржыгерлер
конгресінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде Алматы
қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметін Нью-
Йорк, Лондон, Токио, Шанхай қор биржалары, Швейцария биржасы, Мәскеу
банкаралық валюта биржасы, Ресей тауарлық жүйесі секілді қор биржасындағы
азулы сауда орталықтары мойындап отыр. Бүгінгі күнде агенттік аясында
арнайы сауда алаңы, рейтинг агенттігі, Агенттік академиясы жұмыс жасайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігі Акционерлік қоғамы ресейлік РТС қор
биржасы ААҚ-мен бірігіп Алматы қаласында Еуразиялық сауда жүйесі АҚ
құрды. Бұл жаңа қордың 60%-ы РТС қор биржасы ААҚ-на, ал 40%-ы Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығына тиесілі. Агенттік төрағасы Әркен
Арыстановтың пайымдауынша қазіргі дағдарысқа қарамай, Қазақстан
экономикасына инвестиция салғылары келетіндердің саны жетерлік, ол тек қана
батыс бағытында ғана емес, сонымен қатар оңтүстік азия, араб елдерінен де
инвеситция құюға даяр инвесторлар бар дейді. Салалық агенттіктің құрылуына
байланысты, Қазақстанда тұңғыш рет 2011-ші жылға дейін жоспарланған қор
биржасын дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама қабылданды. Агенттіктің
құрылуы сонымен қатар Алматы қаласында үлкен халықарылық қаржы ұйымдырының
өкілдіктерін ашуға мүмкіндік берді, 2008-ші жылдың 1-ші қаңтарындағы ақпар
бойынша агенттікте тіркелген брокерлік және дилерлік ұйымдардың жалпы саны
2007-ші жылдың аяғында 65-ке жеткен. Агенттіктің бағытты жұмыс жасауына
байланысты эмитенттердің сан және сапа жағынан алғанда нәтижесі өсе түсті,
қаржы қадағалау агенттігінің мәліметіне сенсек, егер де 2009-ші жылы
эмитенттердің саны бар-жоғы 94 болса, 2007-ші жылы оның саны 126-ға дейін
өскен. Агенттік құрылғаннан бері еліміздегі қор нарығы қозғала бастап, қор
нарығы секторындағы заңнамалар қабылданып, олар жетілдіріле, сонымен қатар
жаңа қаржы тетіктері енгізіле бастады.
Дегенмен де, Қазақстан Республикасы қор нарығының жетіспейтін тұстары
да бар, ол қор нарығы инроқұрылымының даму деңгейінің төмендігі, еліміздің
қор нарығының басқа елдердің қор нарығымен салыстырғанда бәсекелестік
деңгейінің, орталық депозитарийдің капитализациясымен автоматтандырылуының
төмендігі, телекоммуникациялық ұсыныстардың қымбаттылығы, отандық
компаниялармен кәсіпкерлерге ұтымды баға берудің жүйеленбеуі, корпоративті
басқарудың төмендігі, компаниялардың өз қызметі жөніндегі ақпаратты толық
ашпауы, инвесторлардың нашар қорғалуы, көрсетілетін қаржы ұсыныстарының
бірізді болуы. Қазіргі кезде отандық қор нарығында тек қана акциялар мен
облигациялар ғана қолданылуда. Тағы бір айта кететін жетіспеушілік, бұл
халық тарапынан қор биржасына деген сенімсіздіктің орын алуы және
инвестиция, қор туралы ақпараттың жетіспеуі, жалпы бұл саладағы мәдениеттің
болмауы және т.б. Қаржы дағдарысы осы сектордағы көптеген кемшіліктердің
бетін ашып берді. Соңғы уақытта Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов те
агенттіктің жұмысына көңілі толмайтынын айтып жүр. Оның пікірінше агенттік
мемлекеттің тарапынан жасаған қолдауды, сенімді ақтай алмай отыр дейді.
Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру жоспары бойынша,
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін
реттеу агенттігі 2015-жылға дейін Азиядағы алдыңғы қатарлы қаржы
орталықтарының ондығына кіруі тиіс. Қазіргі кезде дағдарыс салдарына
қарамай бұл салада бәсекелестік артып келе жатыр. Әлемдік қаржы орталықтары
индексінің (Global Financial Centres Index) бағамы бойынша, жетекші қаржы
орталықтарына Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай, Бахрейн, Пекин,
Қатар, Мумбай, қалалары кіреді екен. Алдыңғы қатардағы орталық тізіміне
Сеул, Осака, Куала-Лумпур, Манила, Бангкок, Ыстамбұл және Теһран қалалары
да кіруге талпыныс жасауда.
Соңғы жылдары, көршілес Ресей, Мәскеу қаласын халықаралық қаржы
орталығына айналдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Ресей
президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, Ресей қазіргі қалыптасқан жағдайға
қарамай, Мәскеу қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдыру бастамасынан
бас тартпайды, керісінше бұл бастаманы жүзеге асырудың маңыздылығы артыла
түсті дейді. Алматы қаласының қаржы орталығына айналдыру үшін ТМД көлемінде
болашақта басты бәсекелестік Мәскеу тарапынан туындауы мүмкін.
Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін
атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта
қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар
рыногін дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы
болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс
жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды
жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін
мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту,
Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге
асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін
жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске
асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен
күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын
кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз
керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру
көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ. Жалпы алғанда дағдарыс
салдарына қарамай аталған бастаманы қарқынды жүзеге асыру арқылы, біз
алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының санатына бір саты жақындай түсетініміз
анық.

1.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігі Үкімет әзірлеп жатқан Бағдарлама шеңберінде,
халықтың инвестициялық мәдениетін және инвестициялық білімін көтеруге
бағытталған мақалалар топтамасын жариялауды бастап отыр.
Орталық және аймақтық БАҚ беттерінде мамандар оқырмандарға қор биржасы
дегеніміз не, қалай инвестициялық пай қорларын дұрыс таңдау керек,
Қазақстан нарығында бағалы қағаздардың қандай түрлері бар, жеке
инвесторларды қандай заңдар қорғайды, қандай тәуекелдер орын алуы мүмкін
және оларды қалай азайтуға болады деген сұрақтар бойынша ойларын
жеткізеді...
Қазақстан Республикасы басқа да ТМД елдері қатарында нарықтық
экономиканы соның ішінде оның басты құрамдас бөлігі бағалы қағаздар нарығын
дамыту және тұрақтандыру үрдісін басынан кешіруде.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы 90 жылдардың басынан
бастау алады, осы кезеңде КСРО заңдарының негізінде қор нарығының алғашқы
институттары құрыла бастады.
Қор нарығының тұрақтануы бірқатар қиын кезеңдерді басынан кешірді.
Оған 90 жылдардың басында орын алған инфляцияның өсуі, өндіріс ошақтарының
тоқтауы, көптеген шаруашылық етуші субъектілердің қор нарығында жұмыс істеу
тәжірибесінің болмауы басты себеп болды. Қор нарығында орта топ өкілдерінің
аздығы, ішкі өнімді өндірушілер негізінен ірі стратегиялық компаниялардың
болуы қор нарығының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырған қазіргі
таңдағы басты себептер болып табылады. Ірі компаниялар қор нарығына
белсенді қатысудың орнына құнды қағаздарын бір қолға шоғырландырып, оларды
айналымға енгізуден бас тартуда.
Осындай тығырықтан шығу мақсатында еліміз бірқатар реформаларды іске
асыруда, олардың ішінде әлемдік тәжірибеге негізделген Алматы өңірлік қаржы
орталығын құруды ерекше атап өтуге болады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан
халқына арналған Жолдауында Алматы қаласын қаржы және іскерлік
белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамытуды қолға алу туралы атап
өтті.
Жолдауда айтылғандай Орталық Азия өңірінің басты қаржы орталығы
ретінде Алматының серпінді дамуы Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарын өңірлік
үлкен бизнес-жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметін
көрсету саласында негізгі “мердігерлерге” айналдыру үшін қолайлы жағдайлар
мен мүмкіндіктер туғызу мақсатына бағытталуға тиіс. Қаржы орталығының
тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымдар, ең алдымен,
телекоммуникациялар жасақтау қажет.
Алматы өңірлік қаржы орталығын құру жобасын жасауға Қазақстан
Республикасының Үкіметі Сингапур және Таиланд сияқты қаржы орталықтарын
құруға және дамытуға атсалысқан Boston Consulting Group Inc. компаниясын
тартып, оған Қазақстандағы қаржы нарығының дамуындағы артықшылықтар мен
кемшіліктерді зерттеуді және оның қорытындысы бойынша құрылуы жоспарлаған
өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық негіздері
туралы ұсыныстар беруді тапсырды.
Компания сарапшыларының мүдделі мемлекеттік органдар, Қазақстан
қаржыгерлері қауымдастығы және Қазақстан қор биржасы өкілдерінен құрылған
ведомствоаралық жұмыс тобымен бірге жасаған ұсыныстары негізінде Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы және Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығын құру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір
заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңдары
қабылданды.
Аталған заңдарға сәйкес, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қаржы
орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін,
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамытуға бағытталған ерекше
құқықтық режимді білдіреді.
Қарапайым тілмен айтқанда қаржы орталығы осы қаржы орталығында қызмет
ететін қатысушылар үшін бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды көздейтін
режим болып табылады.
2009 жылдың тамыз айында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігі Президент Жарлығы негізінде құрылып, оған қаржы
орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру функциялары берілді.
Аталмыш мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей
бағынады және есеп береді және Қазақстан Республикасының Президенті
бекітетін ол туралы Ереженің негізінде жұмыс істейді.
Агенттік қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу), қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
виза алуға көмектесу, қаржы орталығының қатысушыларына қызметкерлерді
іріктеуде жәрдем көрсету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру,
қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы және
халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау,
мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы орталығының атынан
өкілдік ету, қаржы орталығына қатысушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу,
қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу және халықты жұмыспен қамту
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы
орган белгілеген нысанда Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына
шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпарат беру, қаржы орталығына
қатысушыларға брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия
алуға жәрдемдесу сияқты қызметтерді атқарады.

Агенттіктің заңмен белгіленген негізгі қызметтерінің бірі қаржы
орталығының қатысушылары – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу болып
табылады. Енді осы мәселе төңірегінде сөз қозғасақ.
Мемлекеттік тіркеу Алматы қаласының аумағында әрекет жасайтын
субъектілерге заңды тұлға мәртебесін беру тәсілі болып табылады, оның
тәртібі Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 11
Бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесімен
реттеледі.
Қаржы орталығының қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуге негізгі
қызмет түрі ретінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғалар жатады. Заңды тұлға туралы деректерді заңды
тұлғалардың бірыңғай Мемлекеттік регистріне енгізу және заңды тұлғаның
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын
иемденгенінің ресми айғағы болып табылады.
Енді осы мәселелерді рет-ретімен қарастырсақ, көпшіліктің көкейінде
жүрген әділет органдарында тіркелуге жататын заңды тұлғалардан және оларды
тіркеу тәртібінен Алматы өңірлік қаржы орталығының қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғалардың және оларды тіркеу тәртібінің айырмашылықтары
қандай деген сұраққа жауап аламыз.
Біріншіден, қаржы орталығының қатысушысы ретінде тек брокерлік және
(немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар тіркелуге жатады.

Екіншіден, аталмыш заңды тұлғалар қаржы құралдарымен сауда-саттықты
қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ғана жүзеге асыра алады.
Үшіншіден, қаржы орталығының қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаның
Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін органының болуы міндетті.

Жоғарыда аталған Ережеге сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушысы болуға ынта білдірген заңда тұлғалар Қазақстан
Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығының қызметін реттеу
агенттігіне белгіленген үлгіде мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік
тіркеу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылтайшы және
басқа да құжаттар пакетін және құжаттарды беруге және алуға құқық беретін
сенімхатты тапсырады.
Заңды тұлғалар Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығының қызметін
реттеу агенттігінде бір терезе қағидасы бойынша тіркеуден өтеді, оның
артықшылығы мынада: заңды тұлғаға мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен
қатар, салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын салық төлеушінің
куәлігін және статистикалық есепке алынғандығын растайтын статистикалық
карточканы алады. Мемлекеттік тіркеу және аталған құжаттарды беру 3 жұмыс
күні ішінде жүргізіледі.

Алматы өңірлік қаржы орталығының толыққанды қатысушысы болу үшін заңды
тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өту жеткіліксіз, қолданыстағы заңнамаға
сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге
асыру құқығын беретін лицензияны алу шарт.

III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

3.1АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Бүгінгі таңда Алматы Қазақстандағы ғана емес, орталық -
азиялық аймақтағы ірі мегаполистердің бірі болып табылады. Астана
қаласына астана ауыстырумен басқарудың республикалық органдары көшкен
болатын. Бірақ ҚР-ң Ұлттық банкі , ҚР-ң Ұлттық статистикалық
агенттігі, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық коммисия және басқалар өз
қызметін Алматы қаласында жалғастыруда.
Біздің қалаға ерекше мәртебе берумен; Алматы қаласы
республиканың ірі өнеркәсіп, ғылыми, мәдени және қаржылық орталығы
болып қалуда. “Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы ” Қазақстан
Республикасының Заңы қаржылық, экономикалық және әлеуметтік
ынталандырудың шараларын қабылдау жолымен Алматы қаласының ары қарай
дамуын кепілдендіру мақсатында қабылданған және ғылыми, мәдени,
тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретінде қаланың ерекшелігін
ескере, оның ерекше статусын анықтайтын құқықтық негізін бекітеді.
Бұл заң қала үшін қажетті және толық көлемде қолданылады, бірақ
ол экономикалық жағдайдың өзгеруімен және ҚР-ң қазіргі
заңдылықтарына сәйкес кейбір ережелердің күшін жоғалтуымен байланысты
өзінің актуалдылығын жоғалтты.
Қала территорисында 170 ірі және орта өнеркәсіптік
кәсіпорындар бар. Алматыда бүгіннің өзінде теледидар, компьютер,
видеомагнитофондар, сағаттар, прокатқа (жалға) беру құралдарын, кілем
және кілем өнімдерін, нан және шампань ашытқыларын өндірісі жүзеге
асырылады. Қала кәсіпорындарымен жіптің және маталардың, шәйдің, кір
жуғыш машиналардың, электрлі счетчиктердің, жүк тасымалдайтын
автомобильдердің, қалпақ пен бас киімдердің, маргаринді өнімдерінің,
коньяк пен темекі өнімдерінің, 10 және одан көп жолаушылар
тасымалдайтын автомодильдердің мәнді көлемі шығарылады.
“ АХБК – ОЗАТ ” (хлобчатобумажный маталарды республика бойынша
жалғыз өндіруші) АҚ, “Автобусосборочный завод ” БК ( қазақстандағы
дизельдерді двигательді автобустарда жалғыз өндіруші ) “ Алматы кілем
” ( республикадағы кілемдерді жалғыз өндіруші ) АҚ, “Ырысты – ВРЗ” (
темір жол транспортының жылжымалы құрамын жөндеу бойынша ірі кәсіп
орын ) АЖШС сияқты ірі кәсіп орын және құрлысы аяқталмаған
обьектілердің тізімі, универсалды спорттық кешені ( ірі халықаралық
және республикалық шаралар жүргізу орны ), құрылысқа дайындығы 50 %
және одан жоғары құрайтын құрлысы аяқталмаған тұрғын үйлердің
көлемі (100 мың шарша метр) қалаға инвестициалық тартымдылық
береді. Алматы қаласындағы ғылыми және білім беру инфроқұрылыстары
мен денсаулық сақтау жүйесі дамыған. Қала территориасында 101
ғылыми – технологиялық білім беру құрылымдары орналасқан.
Қала экономикасында кейбір тұрақтанулар, сонымен қатар халық
әкімшілігінің жоғарлату және салық салынатын негізгі кеңейту бойынша
шаралар кешенін қабылдау бюджетке салықтық тусімдер мен басқа
алымдардың көлемінің тұрақты өсу. 2009 жылға мемлекеттік бюджетке
148,8 млрд. тенге сомасында салықтық және салықтық емес түсімдер
жинағын. Бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 17,1 % көп.
Алматы күшті құрылыс кешеніне, темір жол, автомобиль және
авиациалық кешенінің iрi тараптарына ие. Қалада шетел партнерлары
мен біріккен өндірістің, белсенді сыртқы экономикалық қызметтің бар
екендігі көрінеді.
Алматы қаласы ірі өеркәсіптік, қаржылық, ғылыми, мәдени-білім
орталық, республикалық мәні бар қала мәртебесіне ие, бюджетке жалпы
республикалық түсімдердің 15 бөлігін қамтамасыз етеді.
Жоспарланған бюджет 10,6 процентке орындалды, оның iшiнде республикалық
бюджетке – 14,1 процентке, жергілікті бюджетте – 3,9 процентке өстi.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру обласында
басымдылықты бағыт адресті сату мен қолданылмайтын обьектілерді
кейіннен өз меншігіне алумен жалға беру арқылы шағын бизнесті
қолдау болып табылады 2007 жылы мемлекеттік меншік объектілердің
жекешелендіруден ( 1.12.2007 жылы бойынша) бюджетке 512 млн. тенге
түскен.
Кәсіпкерліктің дамуына өндірістік инфроқұрлымының дамымағаны,
ақпараттық негіздің сәтсіздігі, арнайы мамандандырылған құралдардың
жетіспеушілігі әсер етеді.
2007 және 2009 ж. салалар бойынша жұмыс орындарының ашылуы
1 квартал – құрылыс және коммуникация шаруашылық сферасы;
2 квартал – басқа салалар (транспорт, денсаулық сақтау, білім);
3 квартал – шағын бизнес сферасы (сауда, магазин, ресторан);
4 квартал – ірі және орта кәсіпорындары;
5 картал – шағын кәсіпорындар.

Сурет 3

Жоғарыда айтылып кеткендей, Алматы қаласының экономикалық жағдайын
көтеруде қала әкімінің аппараты белсенді түрде жұмыс істеуде. Әкиматтың
құрлымында осындай мәселелерді шешу үшін ыңғайлы болу мақсатында
ұйымдастырылған.

3.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОБАЛАР

Алматы қаласы әкім аппараты жыл сайын аймақтың экономикасының тұрақты
өсуін қамтамасыз ету, потенциялын көтеру, әлеуметтік мәселерді шешу
мақсатында салалық және функционалды әрекет ету жоспарларын, стратегиялық
жоспарлар, бағдарламалар және жобалар әзірлеп жүзеге асырады. Осы мақсатта
Алматы қаласының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Алматы
қаласының 2006-2010 жылдарындағы дамуының мемлекеттік бағдарламасы, 2006
жылғы салалық және функционалды жоспар тағы басқа қолданылды.
2010 жылға дейінгі қаланының дамуының стратегиялық жоспары қаланың
әлеуметтік экономикалық дамуын қамтып, әрбір бөлімі бір мәселені шешуге
арналған. Мұнда тек болжам ғана жасалып қоймай әрбір саланың күшті және
әлсіз жақтары қарастырылып, SWOT – талдай жасалған.
Өнеркәсіптік – технологиялық саясатты қарыстыратын болсақ, ол
негізінен екі кезеннен тұрады. Бірінші кезенде импорры кеңейтуге агро
бұйырмалауға және технологияларды тираждауға, өнімді сертификаттаудың
халықаралық стандартына көшуге, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
кәсіпорындарға адрестік көмек беру шараларын жүзеге асыруға негізделген.
Қаланың барлық технологиялық - өнеркәсіп кешенінің тұмақты дамуын
қамтамасыз етуді көздейді. Бұл кезең 2009-2008 ж. қамтиды. Екінші кезең
2009-2010 жж. қамтиды. Бұл кезеңде экономикалық өнеркәсіптік және ғылыми
технологиялық сектордың интеграциялық дамыту, ішкі және сыртқы рыноктарда
бәсекеге қабілетті қаланың индустриалды кешенін қалыптастыру көзделіп отыр.

Алматы қаласы өнеркәсіп инфроқұрылымы дамыған қалалар қатарына
жатады. Оның территориясында 51 ірі өнеркәсіп кәсіпорны, 129 орташа
кәсіпорындар және 2897 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада өндірілетін
өнімнің 18%-ы біріккен кәсіпорындарға, 7% шетел кәсіпорынға, 7%-ы ғана
отандық кәсіпорындарға келеді.
Қала экономикасында жалпы 24 мыңнан астам шағын кәсіпорын жұмыс
істейді, кәсіпкерлік сферасында жұмыспен қамтылғандардың саны 13% өсіп, 217
мың адамға жетті. Шағын бизнес қазіргі уақытта 130 млрд. теңгеге тауар мен
қызмет өндіреді. Бұл көрсеткіш Алматы қаласының аумақтық өнімінің 13
құрайды.
Жеткен нәтижелермен қатар шағын кәсiпкерліктің дамуына кедергі
болатын мәселелер де бар: оның ішінде өндірістік мекемелер мен материялдық
ресурстар алудағы қиындықтар, несие алуға мүмкіндіктің жоқтығы, бастапқа
капитал жинауға шағын кәсіпкерліктің қаржылық ресурстрының жоқтығы,
өндірістік инфроқұрылымның дамымағандығы, арнайы құралдардың
жетіспеушілігі, ақпараттық негіздің әлсіздігі, кадрларды дайындау үшін
қаржылық құралдардың тапшылығы.
Соңғы жылдары кәсіпорындарды кедендік және салықтық жеңілдіктер беру,
басымдылықты инвестициялық жобаларды несиелеу, импортты кеңейтудің
мемлекеттік бағдарламалардың қатысуы арқылы селективті қолдаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы
Муниципалдық менеджмент
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Аймақтық саясат құрылымы
Кәсіпорынның қаржы қатынасы
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты аралас экономикалық жүйе
Бизнес инфрақұрылымы
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Пәндер