Өмір салты және денсаулық


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Өмір салты және денсаулық. Салауатты өмір сүру салтының негізгі аспектілері

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз - биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтәк-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

Адам өзінің жеке басының рекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі-бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелеріменбірге өсіп, біте қайнасып кетеді. Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен бөліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептеледі. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімен күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады.

Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмысының әлсіздігі. Сондықтанда балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білу тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «баланы жастан» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі.

Жер шары халықтарына әлеуметтік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орасан көп құжаттарды талдай келіп, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), (ВОЗ) . Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтайды. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, әдетте әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи құбылыс, оны мөлшерден тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор) . Әсіресе, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиғи экологияны бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын себептерге байланысты деп қорытынды жасалған.

Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға экономикалық, әлеуметтік адамның жеке басының тәрбиесімен (біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері.

  1. Биологиялық принциптерге жататындар:

А) салауаты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;

Б) салауаты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;

В) салауаты өмір сүру салты эстетикалық қызметі;

Г) салауаты өмір сүру салты ритмикалық үрдістері;

Д) салауаты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

  1. Әлеуметтік принциптерге жататындар:

А) салауаты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет;

Б) салауаты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілігі;

В) еріктігін дамыту;

Г) адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз ету;

Д) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.

Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кетті. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын дәрігерлер айтып жүр.

Денешынықтыру - денсаулық тірегі

Арнаулы түрде жүргізілген ғылыми қарағанда, спортшылар әлемде кездеспейтін рекордтарды жасайды. Оның себебі арнаулы түрде жаттығу мен ағазаның ерекше әсерінен екені анықталды. Адам ағзасында шек жоқ екені байқалды. Әдетте жай уақытта жасай алмайтын нәрселерді қиналған, күйзелген кезде адам тез жасайды да өзі қайран қалады. Адам ағзасы - 86 градусқа жететін суықтыққа +50 градус ыстыққа шыдай алады. Мұндай жағдайға шыдау үшін арнаулы жаттығүлар жасау керек.

Денені шынықтыру дегеніміз - кез-келген физикалық жаттығу. Оның белгілі заңдылықтары мен принциптері болады. Осы принциптер мен заңдылықтарды сақтай отырып, адам айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әрекетін жеңе алады.

Адам азаларының температурасының тұрақты болуы өте күрделі биологиялық және физикалық-химиялық үрдістердің терморегуляциясы механизмдерімен байланысты. И. П. Павловтың айтуына қарағанда терморегуляцияның механизмі жетілдендірусіз адам ағзасында тұрақты температураны сақтауға болмайды.

Ішкі органның температурасы әртүрлі. Ең ыстық орган бауыр. Оның температурасы 38-40 0 С жетеді. Қолтықтағы температура 36, 5-36, 9 0 С әдетте қолтыққа градусник қойып температураны анықтайды. Тек ішек температурасы 37, 2-37, 5 0 С. Қанның температурасы дене температурасына сәйкестенеді. Адам ағзасы температурағ байланысты жылу бөліп трады. Жылудың көлеміне сәйкес температура өзгереді. Жылу зат алмасу үрдісне байланысты. Ішкен тағамдарға да байланысты болады. Энергияның өлшемі үлкен калория немесе килоджоульмен белгіленеді.

Адам ағзасынан бөлініп шығатын энергияның мөлшері үш шамадан тұрады:

  1. негізгі зат алмасуынан:
  2. тамақтану кезіндегі энергия
  3. физикалық және ой еңбектерінің әсерінен энергия түзіледі.

Негізгі зат алмасудан пайда болған энергия, адамның тіршілігін

қамтамасыз етуге, тыныс алуға, жүрек қызметіне, бүйректің жұмыс жасауына жұмсалады.

Ересек адамның әрбір кг массасында 24 ккал энергия болады. Терморегуляция үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Тамақтанған кезде терморегуляция жоғарылап, тамақ ішпеген кезде терморегуляция төмендейді. Жылу үнемі алмасып отырады. Жылу адамның терісі арқылы айналаны қоршаған ортаға тарап отырады.

Дене шынықтырудың физиологиялық және биохимиялық негіздері:

Дене шынықтырумен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан. Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп, оның буына қаныққан адамдар далаға шығып алып қарға аунап, ыстық моншаға түсіп буға оранған. Мұның өзі денсаулықтың негізі еді. Сондықтан да орыс адамдарының дені әрқашанда сау болған. Қазақтар күндіз-түні далада мал бағып, денесін үнемі шынықтырып жүрген. Белгілі бір жағдайларда адам өз ағзасының ауа-райының қолайсыз әсерлерімен және айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынан қорғаныс қабілетін күшейте түседі. Бұған жүйелі және ұғымды түрде жасалған валеологиялық жаттығулар жасаумен қол жеткізуге болады. Ағзаны шынықтыру деп осыларды айтуға болады.

Шыңығудың физиологиялық-биологиялық негізі ағзаның айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларны сай икемділік мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытады.

Шынығудың кезінде ағзаның біріншіден айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен арадағы биологиялық тепе-теңдікке жету, екіншіден, ағза ішіндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістер арасындағы бұзылмаған қалыпты сақтау. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен қашанда, қай мезгілде, жыл маусымдарында болмасн ағза биологиялық тепе-теңдікті сақтай алса, онда адам ұзақ уақыт өмір сүреді. Ғұмыры ұзақ болады. Ал егер, биологиялық тепе-теңдік бұзылған кезде, онда адам тіршілік үрдісін тоқтатады. Тіпті, қалыпты жағдайдың өзінде де ағзада қалыптан тыс ауытқулардың үзіліссіз өзара ықпал әректтері өтіп отырады. Олардың керекті ағзаның икемдегіш типтік-тегершіктермен жедел жөнге келтірілп отырады. Бұл табиғат күшіне байланысты жүреді.

Дене шынықтырудың қағидалары:

  1. біртіндеулік;
  2. жүйелік;
  3. адамның денсаулығының ауытқуына байланысты жеке бастың аутогендік ерекшеліктерінің себебі;
  4. дене шынықтыру үрдісінде күн энергиясын, суық суды және ауаны кешенді түрде пайдалану;
  5. күнге қыздыру.

Күн сәулесінің энергиясы емдікке халық ежелден пайдаланып келеді. Әдетте күн сәулесінің радиациясы үш түрден тұрады:

  1. төте радиация;
  2. шағылысу; шашыранды радиация;
  3. ультра фиолетті.

Репродуктивті денсаулық

Жастарға өнегелі жыныс тәрбие беру жалпы тәрбие берудің көрнекті бөлігі. Бұл өз алдына бөлек зерттелетін үлкен және маңызды мәселелердің бірі. Жалпы дәріс беру шарасы емес. Бұл маңызды жұмыс әрқашанда балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіліп отыруға тиіс.

Репродуктивті денсаулықтың мақсаттары:

  1. Өнегелі жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделінуі керек.
  2. Өнегелі жыныс тәрбие үрдісіне қатысушыларына бағдарламаға сай:

А) өнегелі жыныс бейіл өмір бойына, әр дені сау жастарға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады;

Б) ересек балалал тіршілік өміріне олар дайындала бастайды;

В) отбасы құндылықтары «отбасы деген табынушылық» және жалқылық (моногамия) қатынас өрбіту саулығының негізі екндігі туралы пікір мейлінше балалардың ойларына сіңірлінуі тиіс;

Г) өнегелі жыныс тәрбиесі үрдісінде оқушылар қажетті білімін оқытушылардан, ата-аналарынан; құрбы-құрдастарынан алады да, дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін арттырып отырады:

1) өзін сыйлайтын мінез-құлық қалыптасады;

2) денсаулығын бағалай білетін болады;

3) көпшіл, икемді болуға бейімделе бастайды;

4) жыныстық бейіл әр тұлғаның маңызды қадірі және махббат пен жыныс бейіліндегі бірдей ұғым екенін оқушылар түсінеді;

5) өзінің жыныстық бейіл әрәкетәне жауапкершілік үрдістері арта түседі

6) өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туындайтын жүз қаратар салдардан қорғау үшін ақпарат мүмкіндіктері әрқашанда болу керек;

7) зорлық жасауға және зорлауға, біреудің зорлығына көнуге болмайды.

Жеткіншектердің өзің-өзі бағалау критерийлері. Ол үшін мына төмендегілерді әрқашанда естен шығармауыңыз керек:

  1. Білім және ақпарат (информация) ;
  2. өзін-өзі бағалау;
  3. Дағды және іскерлік;
  4. Ағзаның құрылысы және қызметі;
  5. өрбіту жүйесі;
  6. контрацепция;
  7. Жыныс қатынастарынан жұғатын аурудар түрі (сифилис, гонеррея, СПИД, ВИЧ) .

Сифилис - бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні - штопрға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі толмасын тарлығын жұқтырады. Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріндейді. Біраз уақыт өткеннен кейін ( 6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез-келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мзаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрыңғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шашьың түсуі, тамақ қырылдап қалады, адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағазсына төтенша құбылыстар туғызуы мүмкін.

СПИД - (адамның жүре бара ие болған иммундық жетіспеушілігі) .

СПИД - ағзаның қорғаныс өабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйені бұзатын арнаулы вирустар болады. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай тұратын иммундық жүйені жойып жіберіп отырады. СПИД адамдар арасында кеңінен таралған дерт қатарына мына төменгілер жатады: 1) Кальций саркомасы, тері қатерлі істігінің бір түрі; 2) Пневмококті пневмония.

Дәрігерлердің айтуларына қарағанда бұл дерт кейінгі жылдары тіпті көп таралуы мүмкін. Өйткені адамдардың иммундық жүйесі ьым нашарлап кетті. Әсіресе Қзазақстан Республикасының тұрғындарыеың арасында СПИД кең етек алып бара жатыр.

Валеология - дені сау адамның денсаулығын сақтау, нығайту тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Валеология - екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі «Vale» ( “сау болу», «аман болу») қазақша деніңіз сау болсын деген мағынаны білдіреді. А. С. Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vale» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын»деген сөз. Грекше «Logos» - «ілім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.

Валеология - медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.

Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланысты болады. Табиғат байлығымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Адам потенциалды денсаулығын арттыруына көмектеседі.

Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келеді. Кейін ол ғылым ретінде дамыды. Одаидардың денсаулығының мықты болуына да дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. «Медицина ғылымы кейбір ғылымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина - ауру туралы ғылым. (И. И. Брехман) »

И. И. Брехманның айтуына қарағанда, саналогия - ағзалардың дерттерден айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылым деп есептеуге болмайды.

Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:

  1. адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
  2. актуальдығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
  3. денсаулықтың сақтау факторларын зерттеу.

Валеология - биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулық сақталуының негізі неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықтау ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.

Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Дәрігерлер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруду емдейтін мекеме болып саналады. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ бұл жұмысқа педагогтар да қатысуы керек. Педагогикатәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.

Психикалық денсаулық.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтсе де одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқатты өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-теңдігі бұзылғандығы дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат) деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан өткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың барлығы да дене саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың керек екенін аңғартады.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күйзелістің тетік-тегершігін анықтау, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс фукциясында атқарған Г. Сельменнің айтуына қарағанда «күйзеліссіз өмір өлі». Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа бөлген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықты ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерзімді күйзеліс тудырып отырған.

Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы өлместен тіршілік ете берген.

Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық қөрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір сүру сапасы
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Салауатты өмір салтының негіздері
Салауатты өмір сүру салты
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Валеология -денсаулық ғылымы
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Организмді шынықтыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz