Байқоңыр космодромының биосфераға әсері туралы


Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi.

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттiк Университетi.

Кафедра: Химия

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: « Байқоңыр космодромының биосфераға әсері »

Аға оқытушы:

Студент:

Мамандығы:

Павлодар қаласы 200 жыл.

Жоспар.

  1. Кіріспе.
  2. Айналадағы ортаға әсері
  3. Радиоактивті заттардың бөлінуі.
  4. Апатқа әкелетін қателіктер.
  5. Байқоңыр космодромының болашағы.

Кіріспе.

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте

күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат

баласы бұрын-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос

корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-

тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең

көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ.

Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын

аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен

зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатында жасалған емес.

Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау

мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-

техникалық орталық болып есептеледі.

Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары

шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге алысады. Мұнда

космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандарды,

зымыран- тасымалдаушыларды бөлшектері жиналып, космосқа

ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын

бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда

зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын

электронды есептеу орталығы бар.

Айналадағы ортаға әсері.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Мысалы, Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар растап отыр.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:

1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;

2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;

3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалды;

4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар) . Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды.

Зымырандарға жағылатын отын улы және усыз қосылыстардан тұрады.

а) Усыз отынның негізгі компоненті-сұйық күйіндегі (радиоактивті оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.

ә) Өте улы зымыран отынның құрамында -улы тотықтандырғыш типіне жататын “самин” және “меланж” болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті-диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені зымырандардың отынның қалдықтары озон қабатына айрықша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандардың пайдаланған отындарынын өте улы қосылыс-көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-теңдікті бұзып жібереді. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады. Көне заманда мұндай көріністер болғанын ғалым-биологтар жақсы біледі. Күн сәулесі жерге түспегендіктен жердің үстіңгі қабаты жылынып, тау шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп, теңіз және мұхит суларының деңгейін көтереді. Құрғақ жерлерді су басып, “топан суы” қаптауы сөзсіз деп ғалымдар дәлелдейді.

Радиоактивті заттардың бөлінуі.

1995 жылы Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың саны 19-ға жеткен. Олардың ішінде өте улы радиоактивті отынмен ұшатын 8-РН “Союз”, 8-РН “Протон”, 2-РН “Циклон”, 1-РН “Зенит” зымырандары еді. Олардан бөлініп шыққан көміртектің қос тотығының мөлшері 2965 тоннаға жетті. Алайда, оны ешкім де өлшеген жоқ. Тек теориялық жолмен есептеп шығарылғаны белгілі, бәлкім бұл мөлшерден көміртектің қос тотығы көп болуы да, немесе аз болуы да мүмкін. Бір ғана РН-“Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырағанда, ауаға 200 тонна радиоактивті көміртектің қос тотығы, ал РН “Союз” зымыранын ұшырағанда, атмосфералық ауаға 133 тонна көміртектің қос тотығы келіп қосылып отырады. Қазақ жерінің атмосфералық ауасына қосылған радиоактивті көміртектің қос тотығының мөлшері, кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда, 221478 млн. тоннаға жеткен.

Қазақстанның атмосфералық ауасына бөлініп шыққан көміртектің қос тотығының көлемі 0, 001% жеткен. Бұл өте көп сан, өйткені ауадағы көміртектің қос тотығының мөлшері 0, 003%. Атмосфералық ауаға бөлініп шығатын өте улы қосылыстардың бірі-радиоактивті көміртек тотығы (СО), ол иіс тигізетін газ деп аталады. Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары отқа таскөмір жағатыны белгілі, одан да айтарлықтай мөлшерде көміртек тотығы бөлініп шығып, ол атмосфералық ауаға қосылып жатады. Сөйтіп ауа режіміне айтарлықтай өзгерістер енгізді. Ал стратосфера қабатына өзгеріс жасайтын тек қана космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына себепші болады.

Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып есептелінеді. Ол өте үлкен қысыммен жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі- хлор . Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компонентерінің бірі. Ол атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс- метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфераға онша зиянды әрекет жасамайды. Хлор және хлорды сутектің зиянды әрекеттеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Радиоактивті гептил -суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажап қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогенді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасына қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымырандар апатқа ұшырағанда ондағы гептилдің 90% ауада жанып кетіп, ал қалған 10% жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталып, улылық қасиетін жоймай жата береді.

Арнаулы түрде жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, жерге түскен гептил жер бетіне, жердің үстіндегі және оның астындағы суларына тарап, оларды уландырады. Ондай сулар технологиялық үрдістерге, сонымен қатар, зымырандарға, қажетті су ретінде басқадай космостық аппаратураға қолданбайды. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздандырылады. Залалсыздандыру үшін хлорлы тотықтырғыштар, термикалық әдістер қолданады, гептил төгілген немесе шашыраған жерлерге кәресін шашып, ол жерлерде түгелдей өртеп жібереді. Сонда гептилдің улылығы жойылып кетеді. Сонымен бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстіңгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлығынан айрылып қалады. Ондай жерлерге өсімдік өспейді.

Апатқа әкелетін қателіктер.

Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Байқоңыр космодромы туралы шолу
“Байқоңыр өңіріндегі космодром маңайындағы радиациялық заттардың бөлінуі”
Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz