Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Жұмыста мемлекеттік қызметшілердің ұғымы және құқықтық мәртебесін, еңбек құқығы теориясы бойынша тәртіптік жауапкершілік ұғымын, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі түсінігі мен оның мәнін, мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жаза түсінігі және оның түрлерін жан-жақты талдаулар жасауға арналған.
Жұмыстың өзектілігі.
Мемлекеттік қызмет институты әр мемлекеттің ең маңызды сұрақтарына жатады және мамандық саясаты, мемлекеттің жалпы саясаттың бөлімі болып табылады. Ол да белгілі, яғни мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің саясатын әзірлейді және оны жүзеге асырады. Мемлекеттің атағы көбінесе қызметкерлерге байланысты.
«2030 бағдарламасы» мемлекеттік саясаттың негізгі приоритеттердің аппараттарының толық жүйесін құру [1, 25 б] . Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстанда арнайы орган құрылды - мемлекеттік қызмет агенттігі. Оның негізгі мақсаты - біртұтас мамандық саясатын әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік қызметкерлерді дайындау, оларды әлеуметтік және құқықтық көмегімен қамтамасыз ету.
Мамандық саясаттың реформасы 1998 жылы басталды және осы күнге дейін аяқталды деп айтуға болмайды. Оған байланысты 1999 жылы 23 - шілде айында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң [2] қабылданған және мемлекеттік қызмет сұрақтарын реттейтін бүкіл нормативтік базасы өзгертілді.
Жаңа Қазақстанның мамандық саясатына байланысты мемлекет «карьерлық қызмет» жүйе жолына көшті. Бұл жүйенің де жақсы жақтары бар, бірақ заңгерлердің, саясаттанушылардың бұл сұраққа басқа да көзқарастары бар.
Әлемдегі тәжірибе көрсетеді - ең пайдалы, қолайлы, жалдамалы жүйе болып табылады. Ол мысалы АҚШ және Канада мемлекеттерінде бар. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің ар-намыс кодексi [3] (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Кодекс), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына [4] және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекеттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б. ) қызметшілердің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды.
Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналды. Мұндай жағдай 1995 жылға дейін сақталып келді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі [5, 33 б. 4-т. ] .
1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік-құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылы 23-шілдеде қабылданған.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемлекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.
Мемлекеттік қызметшілерге көтермелеу шараларын тек оларды қолдануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолдана алады. Бұл орайда олар тек тиісті нормативтік актілермен қаралған көтермелеулерді ғана өздеріне берілген биліктің шегінде жөне белгіленген тәртіппен қолдануға міндетті. Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық.
Осы жұмыстың өзектілігі мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жауапкершлік ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу қажеттілігінен туындайды.
Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақстандық заң ғылымында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері, яғни оның кешендiк сипаты жүйелi түрде толық зерттелiнбеген.
Жұмысты жазу барысында атақты отандық және ресей ғалымдарының еңбектері қолданылды: А. А Токтыбеков, М. С., Досымбекова В. Уваров, Е. Б. Баянов, С. С. Алексеев, С. Н. Братусь, О. С. Иоффе, О. Э. Лейст, И. С. Самощенко, М. Д. Шаргородский, А. С. Пашков, С. С. Карийский, Е. А. Кленов, П. С. Стависский, Л. А. Сыроватский, Е. Б. Хохлов.
Дипломдық жұмыстың пәнi және нысаны.
Осы жұмыстың нысаны мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік институтының құқықтық аспектiлерi болып табылады.
Зерттеудiң пәнін мемлекеттік қызмет мәні, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік институтының түсінігі, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жаза түсінігі, түрлері және олардың ерекшеліктері құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi.
Осы зерттеу өзiнiң алдына мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік институтын реттеудi, яғни мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігіне қатысты ұлттық заңдарды, сондай-ақ, доктринаны зерттей отырып, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік институтының тарихи-құқықтық және еңбектік-құқықтық аспектiде талдау жасауды және оны шешуге қатысты нақты теориялық қорытындылар мен ұсыныстар жасауды мақсат етiп қояды.
Аталған мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделедi:
- мемлекеттік қызмет мәнін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін айқындау;
- мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік институтының түсінігін, тәртіптік теріс қылық құрамын зерттеу;
- мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жаза түсінігі, түрлері және олардың ерекшелігіне кешендi теориялық талдау жасау;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Қазақстан Республикасының еңбек, әкімшілік заңдарын, мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жауапкершіліктің шарттық тәжiрибесiн, еңбек құқығы қалыптары мен доктринасын ескере отырып, кешендi түрде мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері теориялық және тәжiрибелiк тұрғыда зерттелiндi.
Дипломдық жұмыс нәтижелерінің тәжiрибелiк құндылығы және теориялық маңыздылығы.
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері республикамыз үшін еңбек құқығындағы жан-жақты зерттеуді қажет ететін институттың бірі. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік аясындағы қатынастарды шешуде тәжірибені қолдану тәртіптік жазалардың негізгі белгілерін анықтауға көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Жұмыстың бағытын таңдауда мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктерінің түсінігін, түрлерін, және оның қолдану ерекшеліктерін объективті зерттеу қажеттілігіне бағытталған.
Танымдық жалпы ғылыми диалектикалық әдісі негізінде зерттелген тәртіптік жауапкершілік туралы ойлар жұмыстың әдістемелік негізі болды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында автор зерттеулердің жеке-ғылыми әдістерін: талдау мен синтез әдістерін, тарихи, формалды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық әдістерді, статистика мен жинақтау әдістерін пайдаланды. Қолданыстағы отандық еңбек және әкімшілік заңдарын, құқық қолдану тәжірибесін зерделеу салыстырмалы-құқықтық әдіс көмегімен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қазақстандық, ресейлік заңгерлердің еңбегі құрады. Жұмыс тақырыбының кешендік сипаты отандық және ресейлік заңи әдебиеттерге негізделген.
Тәртіптік жауапкершілік институтының құқықтық табиғатын талдауда, оны ұлттық-құқықтық құралмен қамтамасыз етуде автор ішкі мемлекеттік заңдарға, доктринаға сүйенді.
Қолданылған оқулықтар, монографиялар, тәртіптік жауапкершілік мәселесі бойынша талдаулар, белгілі бір ғылыми тәжірибелер авторға дипломдық жұмыс бойынша мәселені терең ұғындырды.
1 ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК: ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ТҮРЛЕРІ
1. 1 Мемлекеттік қызметшілердің ұғымы және құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік қызметшілер құқық субъектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады.
Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттігі пайда болды.
Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді жөне тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекеттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б. ) қызметшілерінің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды [6, 45 б] . Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналды.
Мұндай жағдай 1995 ж. дейін сақталып келді. ҚР-ның 1995 ж. Конституциясы мемлекеттік қызметкелердің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі [5, 4 т., 33 б. ] .
1995 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты, бұл шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік-құқықтық акт еді.
Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылы 23-шілдеде қабылданған. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемлекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаңа мән мағына берілген.
Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді [7, 21 б] . Мемлекеттік саяси қызметші тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Саяси лауазымдарға:
1. ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
2. ҚР-сы Парламентінің Палаталары жөне Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
3. ҚР-сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
4. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
5. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру.
Мемлекеттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда «мемлекеттік қызмет» ұғымының анықтамасы берілген.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі [8, 32 б] .
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады.
Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, қей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану болашақта тұратын жалпы ұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан ша-ралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған. Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады.
Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен қызмет атқару жүйесіндегі аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар мемлекеттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын және өлеуметтік құндылығын қамтиды.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық принциптерінің болмауы зорлық-зомбылыққа, ең жаман мағынадағы төрешілдікке, бытыраңқылыққа, заңсыздыққа, әділетсіздікке әкеп соғады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 3-бабында [2] мемлекеттік қызметтің төмендегідей принциптері белгіленген.
1. Зандылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР-сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді.
Бұл Конституцияның 4-бабының 2 тармағы [5] ел Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады деген қағидаға негізделеді. Конституция мемлекеттің Ата заңының -оның Конституциясының ең жоғары заң күші болатын жүйе құруды болжайды, ал барлық өзге нормативтік құқықтық актілер соған сәйкес болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға міндетті. Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс. Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға міндетті. Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс.
2. Қазақстандық патриотизм принципі, (гректің раігіоіез-отандас, раігіз-отан дегенді) - мемлекеттік кызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
3. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесініғң біртұтастық принципі. Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3-бабының 4-тармағына негізделген.
Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің аражігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте тәуелсіз екендігін білдіреді. Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға міндетті. Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс.
Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы (өкілді) органның депутаты болуға қүқы болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте бола алмайды.
Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі.
Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мсн бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді.
Қазақстанда кұрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамнын ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мудделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған барлық мемлекеттік қызметшілердін жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар принципі Конституцияның 33-бабының 4-тармағында [5] бекітілген.
Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды.
Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына, жасына және мемлекеттік қызметшілер үшін қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты. Қазақстанда кұрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамнын ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мудделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған барлық мемлекеттік қызметшілердін жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі ҚР- сы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді [5] .
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсеткенге беріледі.
Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-тармағында бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді [5] . Қазақстанда кұрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамнын ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мудделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған барлық мемлекеттік қызметшілердін жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады.
Ол мемлекеттік биліктің бір тұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады [9, 56 б] .
Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік припципі мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі бслгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсеткенге беріледі.
Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келісімімен шешулерін болжайды.
Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz