Балықтардың эритроциттерінің осмостық тұрақтылығына 1,1-диметилгидразиннің әсері
КІРІСПЕ 4
1 Әдебиеттерге шолу 6
1.1 Эритроциттің құрылымы мен қызметі және клеткалық
мембрана 6
1.1.1 Эритроцит құрылымы, биохимиясы, иммунологиясы,
функциясы және жойылуы 6
1.1.2 Эритроциттер мембранасы 8
1.1.3 Эритроциттердің осмостық резистенттілігі мен әртүрлі
жағдайлармен әсер еткен жағдайдағы ауытқуы 10
1.1.4 Эритроцит мембранасына улы заттардың әсері 11
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 17
3 АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ 18
3.1 1,1.ДМГ.ді организмге бір рет енгізудің эритроциттер саны мен тұрақтылығына, плазмадағы жалпы белоктың мөлшеріне, ұлпалардың жалпы протеолиздік белсенділігіне әсері
18
3.2 Улы заттардың (1,1.ДМГ) созылмалы әсері кезіндегі ұлпалардың жалпы протеолиздік белсенділігі және эритроцит мембраналарының осмостық тұрақтылығы
22
4 АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

Қазіргі кезде қоршаған ортаның интенсивті түрде ластануы организм мен оның мекен ету ортасының арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырады. Осындай жағдай біздің елімізге де қатысты, себебі табиғатқа жауапсыз қараудың салдарынан, көп жағдайда қоршаған ортаға анторпогендік әсердің нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарының экологиялық жағдайы санитарлық нормаға жауап бере алмайтындығын көрсетті. Оның барлығы қоршаған ортаның химиялық қосылыстармен ластануы салдарынан болады. Оларға ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, пестицидтер, гербицидтер, мұнай және оның құрамындағы заттар, ракета жанармайы – 1,1-диметилгидразин (1,1-ДМГ) және оның нитрозодиметиламин (НДМА) сияқты туындылары, өндіріс және ауылшаруашылық қалдықтарын жатқызуға болады. Осындай химиялық қосылыстардың мыңдаған түрі белгілі және де олардың саны жылдан жылға өсуде. Олардың көпшілігі улы – токсинді болғандықтан адам денсаулығы үшін өте қауіпті. Жоғарыда аталған улы заттар ағзаның әр түрлі мүше мен жүйелеріне улы әсерін тигізеді [1-5].
Әдетте улы заттардың жеке әсері емес, бірлескен әсері көп орын алады. Ал қоршаған орта мен организмнің арақатынасын білудің қажеттілігін көптеген ғалымдар сөз еткенімен, ол әлі күнге дейін өз дәрежесінде жетік зерттелмеген 6-8.
Қоршаған ортаның осындай ластануы адам организміндегі қалыпты үрдістердің ауытқуына әкеп соқтырады, яғни көптеген биологиялық үрдістерде патологиялық жағдайлар туындайды. Солардың ішінде адам организмі жүйесіндегі эритроцит мембранасы мен клетка мембранасына үлкен әсер етеді. Эритроцит мембранасы – клеткалар мембранасының қалыпты жағдайдағы және ортаның экстремалды факторлар әсері кезіндегі күйінен хабардар беретін көрсеткіш. Оның құрылымдық-қызметтік қасиеттері организмнің экстремалды факторларға тұрақтылығының белгісі болады. Клетка мембранасы ортаның экстремалды факторлар әсеріне төзімділігін көтеру тәсілдерін қарастыру жолында және ол факторлардың әрекетінен жүретін тотығу стресінен қорғайтын, атап айтқанда табиғи антитотықтырғыштар мен фитопрепараттар сияқты биологиялық белсенді заттарды пайдалану, қазіргі кезде аса қызығушылық туғызуда. Сондықтан жоғарыдағы айтылған химиялық қосылыстардан, 1,1-ДМГ, оның туындысы НДМА, мырыш иондары тәрізді поллютанттардың эритроциттер мен клетка мембранасы белсенділігінің деңгейіне, эритроциттердің осмостық тұрақтылығына жеке және біріккен әсерін, осы әсер кезіндегі анықталған өзгерістерді түзету үшін антитотықтырғыштар мен фитопрепараттарды пайдалану мүмкіндігін зерттеу қажеттігілігі туады 9-14.
Осы күнге дейін сүтқоректілердің эритроциттерінің мембранасына қоршаған ортаның зиянды факторларының әсері, яғни жоғарыда аталып өтілген улы химиялық қосылыстардың әсері салыстырмалы түрде жетік зерттелсе, осындай факторлардың балықтардың эритроциттеріне әсері толық деңгейде зерттелмеген.

1 Баевский А.Е. Методико-экологический мониторинг здоровья населения // Медико-экологические проблемы Приаралья и здоровья населения. – Нукус; 1991. - С. 65-68.
2 Абдрахимов Б.Е., Ермекбаев Б.Е., Ахтиямов М.Г. и др. Злокачественные новообразования в Кзыл-Ординской области// Медицинские, социальные и экологические проблемы Приаралья: Тез. докл.науч.конф. – Алматы; 1994. - С.26-27.
3 Вредные химические вещества / Ред. В.А.Филов. - Л.; 1988. - 326 с.
4 Жидкие ракетные топлива // Справочник. - М.; 1991. - 263 с.
5 Кольбай И.С., Сейткулова Л.М. Уровень протеолитической активностиразличных звеньев лимфатической системы кишечника в норме и при действии кадмия и глютатиона // Известия МОН, НАН РК. Сер.биол.и мед. 2000. № 1. - С.39-45.
6 Бейсенова Р. Р. Хантурин М.Р. Влияние нитрозодиметиламина на сократительную активность грудного лимфатического протока // Вестник КазНУ. Сер.биол. 2003. № 3(21). - С.73-77.
7 Мурзахметова М.К. Мирошина Т.Н., Турмухамбетова В.К, Утегалиева Р.С., Кольбай И.С., Наурызбаев М.К., Батырбекова С.Е. Исследование состояния клеточных мембран при действии на организм несимметричного диметилгидразина // Вестник КазНУ. Серия химическая. 2003. №3. С.245-250.
8 Ташенов К.Т., Карынбаев Р.С., Макашев Е.К., Ким Т.Д., Калекешов А.М., Иргалиева Л.А., Парманбекова М.Х. Желчеотделительная функция печени при действии некоторых солей тяжелых металлов // Доклады НАН РК. 2004. № 3. - С.97-101.
9 Булекбаева Л.Э., Демченко Г.А., Абдрешов С.Н. и др. Транспортная функция лимфатической системы при интоксикации четыреххлористым углеродом // Вестник Южно-Казахст. мед.академии. 2005. № 4. - С.55-57.
10 Plimmer J.R. Pesticide loss to the atmosphere // Amer.J.Int.Med. 1990. V.18, N 4. - P.461-466.
11 Басенова А.Т., Садыкова В.О., Туканова С.К. и др. Изменения физико-химических соединении мембранатропных химических соединении // Известиея НАН РК. Сер.хим. 1993. № 5. - С.62-66.
12 Абдрасилов Б.С. Молекулярные механизмы действия тритерпеновых гликозидов даммарановогоряда на структурно-функциональные состояние мембран и клеток. – Автореф.дисс... докт.биол.наук: 14.00.31., 03.00.02 - М., 1997. – 44 с.
13 Тлепбергенова Л.Н., Кольбай И.С., Бутин Б.М. и.др. Состояние эритроцитов при действии гетероциклических соединений тетрагидротиопиранового и пиперидинового рядов // 4 съезд физиол. Казахстана: Тез.докл. – Астана, 1999. – С.278-280.
14 Sies H. Oxidative stress: from basic research to clinical application. // Am. J. Med. 1991. Vol.91, N 3. - P.31S-38S.
15 Кольбай И.С., Мурзахметова М.К. Оценка эффективности защиты клеточных мембран биологически активными веществами при действии экстремальных факторов // Известия МОН РК, НАН РК. Серия биол.и мед. 2001. № 4. - С.62-67
16 Доценко З.М., Донченко Г.В., Шахман О.В. и др. Роль фосфолипидов в функционально различных клеточных мембранах в условиях нарушения антиоксидантной системы // Укр. биохим. журн. 1996. - Т. 68, № 1. - С.49-54.
17 Agarwal S., Sohal R.S. Relationship Between susceptibility to protein oxidation aging and maximum life span protential of different species // Exp. Gerontol. 1996. V.31, N 3. - P.365-372.
18 Siow R.C.M., Mann G.E. Vitamin C attenuates induction of heme oxygenase-1 by oxidized LDL in human smooth muscle cells // J. Physiol. 1998. V.506. - P.37P.
19 Георгиевский В.И. Физиолгия сельскохозяйственных животных.- М.: Агропромиздат, 1990. - 512 с.
20 Буянов В.М., Алексеев АА. Лимфология эндотоксикоза. - М.: Медицина, 1990. - 271 с.
21 Cao G., Cutler R.G. Protein oxidation and aging. Difficulties in measuring reactive protein carbonyls in tissues using 2.4- dinitrophenylhydrazine // Arch. Biochem. Вiophys. 1995. V.320, N 1. - P.106-114.
22 Fataccioli V., Andraud E., Gentil M. e.a. Effects of chronic ethanol administration on rat liver proteasome activities relationship with oxidative stress // Hepatology, 1999. V.29, N 1. - P.14-20.
23 Freeman M. L., Huntley S.A., Meredith M. J. e.a. Destabilization and denaturation of cellular protein by glutathione depletion // Cell Stress Chaperones 1997. V.2, N 3. - P.191-198.
24 Mcduffee F.T., Senisterra G. Huntley S.e.a. Proteins cotaining non-native disulfide bonds generated by oxidative stress can act as signals for the induction of the heat shock response // J.Cell Physiol. 1997. V.171, N 2. - P.143-151.
25 Короленко Т.А. Катаболизм белков в лизосомах. - Новосибирск, 1990. – 188 с.
26 Ferioli M.E. Sessa A. Rabelotti E. е.a. Chnges in hepatic polyamine catabolism in elderli rats // Liver 1998. V.18, N 5. - P.326-330.
27 Grune T., Reinheckel T., Joshi M., Davies K.J. Proteolysis in cultured liver erithelial cells during oxidative stress. Role of the multicatalytic proteinase complex, proteasome // J. Biol. Chem. 1995. V.270, N 5. - Р.2344-2351.
28 Джусипбекова Б.А., Колбай И.С., Алипбаева Ж.М. и др. Уровень общей протеолитической активности различных тканей крыс при действии гептила, ионов кадмия и биосластилина in vitro // Известия МОН РК, НАН РК. Сер.биол. и мед. 2003. № 3. - С.68-73.
29 Колбай И.С. Сопряженность белок-транспортирующей и барьерной функций лимфатической системы при экстремальных воздействиях // Физиология, адаптация, стресс: Мат-лы V съезда физиол. Казахстана. Караганда, 2003. - С.94-95
30 Мурзахметова М.К., Мирошина Т.Н., Утегалиева Р.С., Турмухамбетова В.К. Механизмы регуляции состояния клеточных мембран биогенными аминами // Материалы V съезда физиологов Казахстана. –Караганда, 2003. - С.156-157.
31 Daleke D., Smriti S. Substrate specificity of lipid transport across the human erithrocytes membrane // XXXV International Congress of Physioligical Sciences.San Diego, 2005. – 224.9.
32 Шмаров Д.А., Соболевская Л.В., Скрипка А.В., Левина Т.Н. К вопросу о соотношении количество эритроцитов и их размеров в периферической крови // Клинич. лаборат. диагност. 2002. № 4. - С.43-45.
33 Грин Н., Стаут У., Тейлор Д. Биология. Т.2. Пер.с англ. / Под ред. Р.Сопера. - М.: Мир, 1993. – 325 с.
34 Yang M. Effect of sulfhydryl reagents on spectrin stateson the erithrocyte membrane // Biochem. Biophys. Res. Commun. 1993. V.192, № 2. - P.918-925.
35 Discher D.E. New insights into erythrocyte membrane organization and microelasticity// Curr. Opin.Hematol. 2000. V.7, № 2. - P.117-122.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЗООЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: БАЛЫҚТАРДЫҢ ЭритроцитТЕРІНің осмостық тұрақтылығыНА 1,1-
ДИМЕТИЛГИДРАЗИННІҢ ӘСЕРІ
Орындаған 42топ 5 курс: Қалабаева А.Е.
Ғылыми жетекшілер:
б.ғ.д., профессор Көлбай И.С.
б.ғ.к., доцент Олжабекова
К.Б.
Норма бақылаушы: Қожабаева Э.Б.
Қорғауға жіберген
кафедра меңгерушісі:
б.ғ.д.,профессор
Нуртазин С.Т.
Алматы 2008
РЕФЕРАТ
Бұл курстық жұмыс 33 беттен, 9 суреттен және 2 кестеден тұрады.
Қарастырылған әдебиеттер саны – 35.
Негізгі кілттік сөздер: 1,1-ДМГ - 1,1-диметилгидразин, симметриясыз
диметилгидразин - гептил, биологиялық белсенді қоспа, жалпы протеолиздік
белсенділігі, эритроциттер осмостық гемолизі, эритроциттер осмостық
тұрақтылығы, МДА - малонды диальдегид.
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Әдебиеттерге шолу 6
1.1 Эритроциттің құрылымы мен қызметі және клеткалық 6
мембрана
Эритроцит құрылымы, биохимиясы, иммунологиясы, 6
1.1.1функциясы және жойылуы
Эритроциттер мембранасы 8
1.1.2
Эритроциттердің осмостық резистенттілігі мен әртүрлі 10
1.1.3жағдайлармен әсер еткен жағдайдағы ауытқуы
1.1.4Эритроцит мембранасына улы заттардың әсері 11
2 Зерттеу нысандары мен Әдістемелері 17
3 Алынған нӘтижелер мен оларды талқылау 18
3.1 1,1-ДМГ-ді организмге бір рет енгізудің эритроциттер саны
мен тұрақтылығына, плазмадағы жалпы белоктың мөлшеріне,
ұлпалардың жалпы протеолиздік белсенділігіне әсері 18
3.2 Улы заттардың (1,1-ДМГ) созылмалы әсері кезіндегі ұлпалардың
жалпы протеолиздік белсенділігі және эритроцит
мембраналарының осмостық тұрақтылығы 22
4 Алынған нӘтижелерді талқылау 26
Қорытынды 29
Қолданылған Әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Қазіргі кезде қоршаған ортаның интенсивті түрде ластануы организм мен
оның мекен ету ортасының арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына
әкеп соқтырады. Осындай жағдай біздің елімізге де қатысты, себебі табиғатқа
жауапсыз қараудың салдарынан, көп жағдайда қоршаған ортаға анторпогендік
әсердің нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарының экологиялық жағдайы
санитарлық нормаға жауап бере алмайтындығын көрсетті. Оның барлығы қоршаған
ортаның химиялық қосылыстармен ластануы салдарынан болады. Оларға ауыр
металдар тұздары, радионуклидтер, пестицидтер, гербицидтер, мұнай және оның
құрамындағы заттар, ракета жанармайы – 1,1-диметилгидразин (1,1-ДМГ) және
оның нитрозодиметиламин (НДМА) сияқты туындылары, өндіріс және
ауылшаруашылық қалдықтарын жатқызуға болады. Осындай химиялық қосылыстардың
мыңдаған түрі белгілі және де олардың саны жылдан жылға өсуде. Олардың
көпшілігі улы – токсинді болғандықтан адам денсаулығы үшін өте қауіпті.
Жоғарыда аталған улы заттар ағзаның әр түрлі мүше мен жүйелеріне улы әсерін
тигізеді [1-5].
Әдетте улы заттардың жеке әсері емес, бірлескен әсері көп орын алады.
Ал қоршаған орта мен организмнің арақатынасын білудің қажеттілігін көптеген
ғалымдар сөз еткенімен, ол әлі күнге дейін өз дәрежесінде жетік
зерттелмеген (6-8(.
Қоршаған ортаның осындай ластануы адам организміндегі қалыпты
үрдістердің ауытқуына әкеп соқтырады, яғни көптеген биологиялық үрдістерде
патологиялық жағдайлар туындайды. Солардың ішінде адам организмі
жүйесіндегі эритроцит мембранасы мен клетка мембранасына үлкен әсер етеді.
Эритроцит мембранасы – клеткалар мембранасының қалыпты жағдайдағы және
ортаның экстремалды факторлар әсері кезіндегі күйінен хабардар беретін
көрсеткіш. Оның құрылымдық-қызметтік қасиеттері организмнің экстремалды
факторларға тұрақтылығының белгісі болады. Клетка мембранасы ортаның
экстремалды факторлар әсеріне төзімділігін көтеру тәсілдерін қарастыру
жолында және ол факторлардың әрекетінен жүретін тотығу стресінен қорғайтын,
атап айтқанда табиғи антитотықтырғыштар мен фитопрепараттар сияқты
биологиялық белсенді заттарды пайдалану, қазіргі кезде аса қызығушылық
туғызуда. Сондықтан жоғарыдағы айтылған химиялық қосылыстардан, 1,1-ДМГ,
оның туындысы НДМА, мырыш иондары тәрізді поллютанттардың эритроциттер мен
клетка мембранасы белсенділігінің деңгейіне, эритроциттердің осмостық
тұрақтылығына жеке және біріккен әсерін, осы әсер кезіндегі анықталған
өзгерістерді түзету үшін антитотықтырғыштар мен фитопрепараттарды пайдалану
мүмкіндігін зерттеу қажеттігілігі туады (9-14(.
Осы күнге дейін сүтқоректілердің эритроциттерінің мембранасына қоршаған
ортаның зиянды факторларының әсері, яғни жоғарыда аталып өтілген улы
химиялық қосылыстардың әсері салыстырмалы түрде жетік зерттелсе, осындай
факторлардың балықтардың эритроциттеріне әсері толық деңгейде зерттелмеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Балықтардың эритроциттерінің осмостық
тұрақтылығына 1,1-диметилгидразиннің әсерін зерттеу.
Жұмыстың мақсатына байланысты қойылатын міндеттер:
1. Балықтардың эритроциттерін плазмадан босату
2. Эритроциттерді жуу
3. Эритроциттердің тұрақтылығын анықтау
4. Балық организміне 1,1 ДМГ ерітіндісін енгізген жағдайдағы
эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау.
1 Әдебиетке шолу
1. Эритроциттің құрылымы мен қызметі және эритроцит мембранасы
1. Эритроцит құрылымы, биохимиясы, иммунологиясы, функциясы және жойылуы
Қан жүйесі және оның құрамындағы қызыл және ақ қан түйіршіктерінің
ағзадағы алатын орны үлкен. Олар организмге түрлі инфекциядан қорғап, рН
ортасын сақтап, газдарды, метаболизм өнімдерін, биологиялық белсенді
заттарды тасымалдай отырып, организмде гомеостатикалық қызмет атқарады.
Организмде әртүрлі физиологиялық қызметтерді атқара отырып, сыртқы және
ішкі ортаның арасындағы байланыстырушы тізбек болып, қан әртүрлі сыртқы
және ішкі факторлардың әсерінен жүретін өзгерістерге өте сезімтал келеді.
Қан жүйесі - ішкі организмнің маңызды бөлігі. Ол организм жағдайының
сезімтал көрсеткіші және де оның бұл қасиеттері организмнің сыртқы орта
факторларына бейімделу параметрі бола алады (1,3,15(.
Эритроцитттер (erythrocytus – грекше. erythros – қызыл, cytоs - клетка)
ядросыз, гомогенді цитоплазмасы бар қызыл қан түйіршіктері. Ол қанның
негізгі бөлігін құрайды. Эритроциттер қарапайым липопротеинді мембрана
цитолеммамен қоршалған. Қозғалыс кезінде қанда эритроциттердің екі жағы
ойыс, диаметрі 7-9 мкм келетін сфероид формалары басым болады.
Эритроциттер белок пен липоидтан тұратын сыртқы қабықшадан, строма және
ішкі белокты қабығынан тұрады. Қан тарату жүйесіндегі эритроциттедің
айналымы қалыпты жағдайда 45 секундта жүзеге асады. Эритроциттер миелоидты
ұлпада, немесе сүйек майында пайда болады. Эритроциттердің пайда болу
процесін гемопоэз деп атайды. Жас балалардың бұл ұлпалары барлық
сүйектерінде, ал ересек адамдарда негізінен бас сүйектерінде, қабырғада,
төс сүйегінде, омыртқада, сегізкөзде және жауырында пайда болады. 1 мл
қанда 5 млн-ға жақын эритроциттер болады, бірақ бұл шама жасына, жынысына
және денсаулығына байланысты ауытқып отырады (16(.
Мысалы, ересек адамның организмінде қалыпты жағдайда эритроциттердің
саны 25х1012 – 30х1012 тең болады. Олардың формалары дискоцит, стоматоцит,
эхиноцит және сфероцит түрінде болады. Анемиялық жағдайда алуан түрлі
формаға дейін өзгеруі мүмкін, бұл құбылысты пойкилоцитоз деп атайды.
Эритроцит құрамының 64% судан, ал 36% басқа заттардан, ең бастысы
гемоглобулиннен (34%) тұрады. Ал ересек эритроциттердің құрғақ қалдығында
95% гемоглобин болса, ал қалған пайызы басқа заттардың (липидтер,
гемоглинді емес белоктар, көмірсулар, тұздар, ферменттер т.б.) үлесіне
тиеді. Сонымен қатар эритроциттер құрамына темір, фосфор, күкірт, мырыш,
мыс, қорғасын, марганец, алюминий, күміс, калий, натрий, магний, хлор мен
НСО3-, НРО4- аниондары болады. Адам эритроцитінің құрамында 140 жуық
ферменттер түрі болады (17-18(.
Эритроциттердің өмір сүру мерзімі төрт ай. Одан кейін ол бауыр мен
көкбауырда ыдырайды. Ескірген сайын эритроциттер аса нәзік бола береді.
Құрамындағы белок компоненттері оны құрайтын амин қышқылдарына ыдырайды, ал
гемнің құрамындағы темір бауырда ұсталынып қалады да, ферритиннің құрамында
сақталады. Гемнің қалған бөлігі өт пигменттерін тудыра ыдырайды.
Эритроциттердің саны кей кезде физиологиялық жағдайларға байланысты
бірде көбейіп (полицетимия), бірде азайып (эритропения) өзгеріп отырады.
Мысалы, бұлшықет қызметінде, әртүрлі стресс факторлар әсерінен қандағы
эритроцит саны артады. Эритроцит санының көбеюі сүйек майы, бауыр, тері,
қара бауыр сияқты қан жасайтын органдардың жұмысына байланысты болады.
Кейбір қан жүйелеріндегі патологиялық өзгерістер кезінде эритроцит санының
азаюы анемия деп аталады. Бұл көп қан кетуі кезінде және эритроциттер
түзілуінде ауытқулар болған жағдайда болады. Эритроциттердің осмостық,
химиялық, механикалық, физикалық тағы да басқа зақымдаушы әсерлерге қарсы
тұру қабілетін оның төзімділігі деп атайды. Гипотониялық, гипертониялық
ерітінділердегі эритроциттердің осмостық төзімділігін анықтаудың
практикалық маңызы зор. Сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне бейімделудің барлық
кезеңдерінде организмнің бүкіл күйі жайлы барлық мәліметтерді
эритроциттердің төзімділігі көрсете алады.
Эритроциттер газ алмасу процесінде, қышқылдық-негіздік, иондық тепе-
теңдікің реттелуінде, транскапиллярлық алмасуда, белоктар мен глюкозаның,
аминқышқылдарының тасымалдануында, қанның ұюына ұшырауында, организмге
иммунологиялық гомеостазды сақтауда маңызы зор.
Суды сіңіріп, оны қанға өткізуде эритроциттер микроосмометр қызметін
атқарады. Эритроциттер гипотониялық ерітінділерде суды сіңіріп ісінсе,
гипертониялық ерітінділерде бойындағы сұйықтығын жоғалтып жиырылады. Бұл
кезде гипо- және гиперосмостық қысымдарға төзімділігі төмендеп, гемолизге
ұшырайды. Гемолиз әсерінен эритроцит мембранасы зақымдалып, ондағы төменгі
молекулалы заттар мен гемоглобин ерітіндіге шығады.
Клетканың сыртқы және ішкі ортасындағы осмостық концентрациясының тепе-
теңдігін сақтап тұратын мембраналық иондық сорғыш қызметінің бұзылуынан
клеткалардың осмостық гемолизі пайда болуы мүмкін. Клетка ішінде және
сыртында тұздардың осмостық концентрациясы теңескенімен клеткадағы белок
концентрациясының жоғарылауы осмостық қысымнан ісінеді. Бұл өз кезегінде
мембрананың жарылып, эритроциттердің гемолизге ұшырауына әкеледі (9-11(.
2. Эритроциттер мембранасы
Даусон (1938) мен Даниели (1952) ұсынған эритроциттер мембранасының
классикалық моделі қазіргі уақытта күрделендірілген және
трансформацияланған кейіпте. Эритроцит мембранасының төрт қабатты
болатындығы белгілі. Сыртқы қабаты қанның антигендер топтарының соңғы
бөліктерінен құрылған олигосахаридтерден (гликокаликстен) тұрады және бұл
қабатта қандағы плазманың белоктары сіңіріліп отырады. Одан кейінгі ортаңғы
екі қабат фосфолипидтер, холестерол, интегралды белоктардан тұрады. Оның
негізін екі қабатталған липидтер құрайды. Яғни бұлар клетка бетіне
перпендикуляр бағытталып, молекулалардың фосфолипидті ұштары мембрананың
ішкі және сыртқы жағына қараған. Белоктық молекулалар екі қабатты липидтер
бетінде жабынды қабат түзген, және липидтердің фосфатидті ұштарына
жалғасқан жерлерінде қуыстар бар. Қабаттардың қалыңдығы 2 Нм, әр қабат
мембрана ішілік кеңістікпен бөлінген. Адам эритроциттерінің мембранасы үшін
белоктар мен липидтердің салмақтық ара-қатынасы тең дәрежеде сипатталады.
Ішкі төртінші қабаты актин және спектрин белоктарының жиынтығынан құрылған.
Дискоид формасын сақтауда спектрин белогы жетекші рөл атқарады. Оның
қалыпты жұмыс істеуі үшін АТФ-ның энергиясы қажет. Энергиялық қордың
төмендеуі оның формасының бұзылуына әкеледі. Шамамен актиннің әрбір бес
молекуласына бір молекула спектриннен келеді де, плазма төменгі жағында
фибриллярлы тор құрылады. Актиннің спектринмен жиынтығы 4.1 компоненті
атымен белгілі протеинмен тұрақтандырылады. Фосфолипидтік қосқабат оның
ішкі және сыртқы бетіндегі перифериялық белоктарымен және мембрананы тесіп
өтетін (кейде бірнеше рет) интегралды белоктарымен қоса плазмалық
мембрананың құрылымының негізін құрайды (3, 12-15(.
Иілімділік – эритроцит мембраналарының өзінің формасын өзгерте алатын,
яғни оған әсер етуді тоқтатқан кезде бастапқы қалпына қайта келе алатын
қасиеті. Оның бұл қасиеті құрамындағы фосфолипидтердің, атап айтқанда
мембрана тұтқырлығына тәуелді липидтік компоненттердің қозғалыста болуын
сипаттайтын қасиетіне байланысты. Эритроциттердің in vivo жағдайында
ескіруі оның құрамындағы фосфолипидтер мен холестериннің мөлшерінің
төмендеуінен болады және бұл жағдайда мембрана белоктарының шамасы
өзгеріссіз қалады. Бұл эритроциттердің микрокапиллярлар арқылы өту
кезіндегі деформациялануының төмендеуін, яғни эритроциттер пішінінің
өзгеруі өмір сүру мерзімін көрсететін қасиеттерінің бірі.
В.И.Крылов Солтүстік және Орталық климаттық зоналарда өмір сүретін
балалардың қалыпты тамақтануы кезіндегі эритроцит мембранасындағы липидтер
құрамын зерттеген. Зерттеу нәтижелері бойынша, балалардағы эритроциттер тек
спецификалық газ алмасу функциясын ғана атқарып қоймай, сонымен қатар
организмнің асқорытуының негізін құрайтын маңызды метаболиттік процеске
белсенді түрде қатысатыны анықталды (16-18(.
Қоршаған орта мен өндіріс ортасының жағымсыз факторларының әсері
денсаулыққа тигізетін залалы, организмнің қорғану-бейімделу реакциясының
бұзылуына әкеледі.
Эритроцит мембранасының қасиеттері жалпы биологиялық мембранамен
ұқсас, яғни эритроцит қабықшалары мен стромасында липидтер (фосфолипидтер -
58%, бос холестерин - 23%, бейтарап майлар - 12%, холестерин эфирлері -
7%), құрамы жағынан әртүрлі белоктар, сол сияқты металдар - темір, калий,
натрии, магний, мыс, мырыш және марганец бар. Клеткаларды, соның ішінде
эритроциттерді энергиямен қамтамасыз етуде, гликолиздің маңызы зор. Мұнда
эритроциттер үшін негізгі күш-қуат көзі АТФ болып табылады. Бұл
эритроциттер мембранасы арқылы иондардың белсенді тасымалдануына, яғни
иондар концентрациясының клетка ішілік градиентін демеу үшін өте қажет.
Гликолиз кезінде эритроциттерде тек қана АТФ түзіліп қоймай сонымен қатар
қалыпқа келтіргіш NADH (қалыпқа келген никотин амидадениндинуклеотид) және
NADPH (қалыпқа келген никотин амидадениндинуклеотидфосфат пентоза циклі
кезінде түзілген). NADH негізінен метгемеоглобиннің оттегімен байланысуға
икем гемоглобинге айналдыру үшін пайдаланылады, ал NADPH глутатионның
қалыпқа келуіне жұмсалады. Мұнда, глутатион тез тотығуға бейім және SH
топтарды құрайтын бірқатар маңызды ферменттерді тотығумен инактивациядан
сақтайды. Гликолиздік циклдің негізгі ферменттерінің бірі
фосфофруктокиназа, гексокиназа. Қызыл қан түйіршіктерде энергияның пайда
болуы тек анаэробты болатыны, демек гликолиздік жол арқылы іске асатыны
белгілі. Эритроциттердің гликолиздік жүйесі қызметіндегі глюкоза
тасымалдауда беткі қабатында ұсақ тесікшелері бар эритроцит қабықшаларының
маңызы зор. Эритроцит мембраналарында протеолиздік ферменттер орналасқан
(3,19(.
Көптеген авторлардың мәліметтеріне қарағанда эритроцит мембраналарының
бетінде белоктар, макро- және микромолекулалы заттар адсорбцияланатындығы
айтылған. Клетка мембранасында белсенді адсорбциялық қабілеті үлкен зонасы
бар. Адсорбция коваленттік, донорлы-акцепторлы және сутектік байланыстар
арқылы, Ван-дер-Ваальс және Лондон-Лившиц күштері негізінде жүзеге асады.
Эритроциттерде белоктардың адсорбциялануы күрделі процесс. Ол
эритроциттердің мембранасы мен цитоплазмасының күйіне, белоктардың
қасиетіне, сол сияқты сыртқы факторларға байланысты. Белоктардың
эритроцитарлық мембранамен байланыса отырып, иммуннокомпетентті агрегаттар,
гормондар, бөтен және денатурацияға ұшыраған белоктарды жасап шығатындығы
анықталған. Эритроциттердің бетімен сіңірілген молекулалар саны ортада Na+
концентрациясын көбейткенде едәуір көтеріледі, ал К+ мөлшеріне байланысты
емес. Ацидоз эритроцит мембраналарында белоктардың сіңірілуін көтереді.
Эритроциттер мембранасының липидтер фракциясына талдау жүргізу оның көп
бөлігінің гликосинголипид, дериват, гликосингомиелиннен құралған 10(
гликолипидтерден тұратындығын анықтады. Эритроциттер мембранасының
липидтерінің 20-40( холестерин құрайды. Мұнда ол фосфолипидті молекулалар
түзген комплексті құрылымдарда және белоктардан оқшау орналасқан.
Холестерин мембраналық липидтердің көмірсулық ұшының қозғалысына әсер
етеді. Егер мембрана өте тығыз болса байланыстың әлсіреу қаупі туады, ал
холестерин осы көріністі болдырмауға қатысады. Керісінше мембрана өте
болбыр болса, оны қалыпқа келтіреді. Яғни керекті мөлшерінде холестерин
мембрананың қалыпты жұмысына қажетті оның липидтік бөлігінің қызмет
жағдайын реттеуші рөлін атқарады
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әртүрлі әсер ету заттардың
адсорбциясына және онымен байланысты эритроциттердің қызметі мен қасиетіне
ықпалы болуы тиіс. SH-тобы бар белоктармен байланысу арқылы эритроциттер
мембранасының белоктік-липидтік құрылымы өзінің тұрақты фосфолипидтік
ассиметриялық қалпын сақтайды. Қызыл түйіршіктердің физиологиялық қалпын
сақтауда эритроциттердің осындай арнайы құрамдарының маңызы зор және ол
микроциркуляциялық айналымда өзгерістердің болмауын қадағалайды. Бұл -
мембраналардағы құрылымдық-қызметтық қатынастың негізі спектрин-актин
белоктарынан тұратын тор (4, 20(.
3. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі мен әртүрлі жағдайлармен әсер
еткен жағдайдағы ауытқуы
Физикалық, химиялық және биологиялық агенттер әсерінен эритроциттердің
осмостық резистенттілігінің ауытқуы жайындағы мәселелер ұзақ жылдар бойы
толғандырар мәселелердің бірі болған. Алғаш рет дені сау адамдар мен хлороз
ауруына шалдыққан адамдардың эритроциттерінің осмостық резистенттілігіне
натрий хлоридінің ерітіндісінің әсерін зерттеген 1867 жылы И.Дунакан болды.
Одан кейін көптеген елдердің ғалымдары осы мәселелермен айналыса бастаған.
Патологиялық жағдайда, яғни әртүрлі аурулармен ауырған кезде
(постгеморрагиялық, гемолитикалық, малярия, ісікті анемия), әсіресе
анемиялық жағдайда эритроциттердің осмостық резистенттілігі күрт ауытқиды.
Алайда ғалымдар эритроциттердің осмостық резистенттілігінің ауытқуы мен
дене температурасының өзгерісі, паразит түрі, хининді қолдану, қан
құрамындағы эритроциттер мен гемоглобиннің саны арасындағы байланыстың бар
екенін ешбір мойындамаған. Сонымен қатар сифилис, гоноррея, лейшманиоз,
пневмония, жүрек-қан тамыр аурулары және әртүрлі химиялық заттармен уланған
кезде (бензин, фенилгидразин т.б.), анемиялық жағдайда эритроциттердің
осмостық резистенттілігінің күрт өзгеруі байқалған (21-23(.
Ғалымдардың айтуынша, жалпы анемиялық жағдайда, яғни қанды көп мөлшерде
жоғалту нәтижесінде эритроциттердің тек осмостық резистенттілігі ғана емес,
сонымен қатар эритроциттердің белок тұту және тасымалдау қасиетін
төмендетіп, глюкозаның ұлпаларға түсуін арттырады. Сонымен қатар
холестериннің қан-ұлпа алмасу көрсеткішінде өзгеріске түсіреді. Жоғарыда
келтірілген анемия нәтижесі көмірсу мен липид алмасу көрсеткішін, осы
заттардың плазмадағы және эритроциттер бетінде тұтылған заттар алмасуындағы
айырма өзгерістері есебінен жоғарылайды. Қан жоғалтудан кейін
эритроциттерде тұтылған белоктар плазмаға өтеді. Плазмадағы белок
мөлшерінің көбеюі олардың резервтегі мөлшерімен сонымен қатар
эритроциттерде тұтылған молекулалардың және протейндердің интерстициядан
қанға өтуі есебінен жүзеге асады.
В.Эшби (1924ж) эритроциттерді калий, рубидий, кальций, стронций,
барий, литий катиондарымен өңдей отырып, эритроциттердің осмостық
резистенттілігіне әсерін зерттеген. Нәтижесінде калий мен рубидий
катиондары резистенттілікті төмендетсе, ал натрий мен литий керісінше
жоғарылатқан.
Эритроциттердің бейорганикалық қышқылдарға – тұз, азот және күкірт
қышқылдарына төзімділігін Н.Д.Соколовв пен Володкин зерттеген, нәтижесінде
олар жаңа туған балаларда эритроциттердің қышқылдарға төзімділігі ересек
адамдарға қарағанда жоғары екенін дәлелдеген (24(.
4. Эритроцит мембранасына улы заттардың әсері
Қоршаған орта мен өндіріс отрасының жағымсыз факторларының әсері
денсаулыққа тигізетін залалы, ағзаның қорғану-бейімделу реакциясының
бұзылуына әкеледі. Ауыр металға жататын қорғасынның қанға әсері қанның,
оның ішінде эритроциттердің клеткаларының қасиеті мен құрылымын өзгеріске
ұшырата жүретін гем синтезінің ферментативті процестерімен араласуында
негізінен қорғасын темірдің гемға қосылуынына катализатор болатын
феррохелатаза белсенділігін төмендетеді. Соның нәтижесінде сүйектің қызыл
кемігіндегі ретикулоцит митохондрияларында ферритин және темірлі мицеллалар
жиналады. Бұл өз кезегінде қызыл сүйек кемігінде, сонымен бірге шеткі
аймақтағы қанда сидеробластардың санының көбеюіне әкеледі. Сол сияқты
қорғасынның иондары эритроциттерде гемолиз тудырады деген мәліметтер де
бар. Бірақ бұл құбылыстың механизмі әлі толық анықталмаған (3,20(.
Қорғасынмен улану кезінде мембрананың механикалық қасиеті мен клетканың
цитоқаңқасына байланысты болатын эритроциттердің осмостық тұрақтылығы
ерекше өзгереді.
Кейбір ауыр металдардың, соның ішінде қорғасынның гемолиткалық әсері
бар деген де жорамал бар. Ол эритроциттер мембраналарындағы асқын тотығу
процестерінің өршуімен байланысты, себебі мембранадағы деструктивті
өзгерістердің пайда болуына липидтердің асқын тотығы өнімдері деңгейінің
жоғарылауы жағдай жасайды. Липидтердің асқын тотығуы тромбопластикалық
белсенділігініңті жоғарылатып, фибринолиткалық және антитотықтырғыштық
белсенділігініңті төмендетеді және ол эритроциттердің гемолизіне
әкелетіндігі анықталған.
Малонды диальдегид (МДА) жиналуы мен асқын тотығудың тұрақтылығы
арасында тікелей корреляциялық байланыс бар екендігі анықталған: МДА
концентрациясының өсуі гемолизден басым болады. МДА-ның ең жоғарғы
концентрациясы гемоглобиннің ең көп шығу жылдамдығы уақытымен, ал оның
тоқтауы МДА-ның ең төменгі концентрациясымен сәйкес келеді.
Ауыр металдардың ішіндегі уландырғыш әсері аса қауіптілерінің бірі -
кадмий. Ол табиғатта бос күйінде кездеспейді. Кадмий иондарымен қоршаған
ортаның ластануы кейінгі онжылдықтарда мырыш және мыс кендерін игеруге
байланысты, әсіресе электротехника мен атом өндірістерінде кең пайдалануына
байланысты болып отыр. Кадмийдің ұзақ әсері кезінде дөңмаңдайлардың бауыр,
бүйрек, ми құрылымындағы глутатионпероксидаза және каталаза сияқты
тотықтырғыштарға қарсы ферменттердің басымдылығы байқалған. Оның уландыру
механизміне тотықтырғыш стресінің де қосылуы мүмкіндігін көрсетеді. Кадмий
иондары абсорбсиялану арқылы эритроциттерге түсіп, плазмаға таралады. Әрі
қарай ол плазма белоктарымен қосылып, ұлпаларға енеді. Эритроциттерде
кадмидің тек 70% қалады (25(.
Кадмий тәрізді ауыр металдардың бірі - мырыш. Ол тағамның барлық
түрінде кездеседі. Мырыш – организмге қажетті элементтердің бірі. Адамның
мырышты пайдалану мөлшері мысқа қарағанда он есе көп. Мырыштың 80-ге жуық
ферменттердің құрамында кездесетіндігі анықталған. Осындай ферменттерге
нуклеин қышқылдарының полимерлері, лактатдегидрогеназа,
алкогольдегидрогеназа және ретинолдегидрогеназа, сонымен бірге фосфатаза,
протеазалар және т.б. жатады. Кейінгі жылдары мырыштың биологиялық рөлі
қарқынды зерттелуде. Оның адам мен жануарлар организміндегі рөлі мен
маңызын, биохимясын және ферменттер, витаминдер, гормондармен байланысын
бірқатар ғалымдар жете зерттеген.
Мырыштың организмде жетіспеушілігі аталған ферменттердің қызметінің
бұзылуына байланысты болатын әртүрлі белгілерден байқалады. Тағамда мырыш
жетіспеушілігі жасөспірімдер мен балалардың өсуінің тежелуіне, жараның
жазылуының нашарлануына әкеледі. Мырыш өздігінен қауіпті элемент емес,
бірақ оның мырыш өндірісінде ауадағы мышяк, кадмий, маргенец, қорғасынмен
қоспалары металл буларымен тыныс алған жұмысшыларда металды безгек ауруын
тудырады. Мырышпен улану көбіне пестицидтермен жұмыс істегенде, цинкті
гальваникалық ыдыстарда сақталған мырыш препараттарын терапевтік ұқыпсыз
пайдаланғанда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)
зерттеулері бойынша мырыштың тағаммен күндік пайдалану мөлшері ересек
адамдар үшін 22 мг. Мырышты тағаммен пайдалану мөлшері мен оның улы
мөлшерінің арасында үлкен айырмашылық бар. ДДСҰ мәліметтері бойынша
мырыштың адам ағзасына ең қауіпті түсу мөлшері тәулігіне 200 мг. Мырыш
нашар сіңіріледі де, асқазанның шырышты бөлігін тітіркендіреді. Организмге
мырыш түскеннен кейін лоқсу, құсу, асқазан қызметінің бұзылуынан
байқалатын улану белгілері өте тез көріне бастайды (бірнеше минуттан 2-3
сағатқа дейін). Мырышпен улануға ересек адамдарға қарағанда балалар
көбірек сезімтал келеді. Ол организмде динамикалық тепе-теңдікте, яғни
қоршаған ортада жоғарғы концентрация кезінде жылжып отырады. Мырыштың кері
әсері организмнің әлсізденуінен, көп аурушаңдықтан, т.б.құбылыстардан
білінуі мүмкін. Су қоймаларындағы мырыштың рұқсат етілу шегі (РЕШ) 1.0 мгл
ді құрайды (19,26(.
Жаңа туылған дөңмаңдайларда мырыш жетіспеушілігі РНК мен мидағы белок
синтезінің мөлшерін төмендетіп, мидың жетілуін нашарлатады Организмдегі
мырыш жетіспеушілік ергежейлілікке, жыныстық дамудың кідірісіне әкелсе,
оның ағзаға мөлшерден көп түсуі канцерогенді ықпал етіп, жүрекке, қанға
т.б. улы әсер етеді. Мырыш препараты ерітінді түрінде (мырыш сульфаты)
және ұнтақ, май, шырақ, паста құрамында (мырыш тотығы) медицинада
залалсыздандыратын дәрі ретінде пайдаланылады.
Ғарыштық–ракета қызметінің денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды
әсер ету мүмкіндігі бар аймақтардағы тұрғын халықтың медициналық-
экологиялық қорғау заңдылығы механизмімен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі
нормативті-заңдылық құжаттарына жасалған талдау, қазіргі уақытта, сол сәтте
жасалынатын шаралар мен жете зерттелген теориялардың бар екенін көрсетті.
Бірақ, ғарыштық-ракета қызметінің алыс қашықтықтағы әсерінің денсаулыққа
және қоршаған ортаға әсерінің зардабы іс жүзінде зерттелмеген және ұлттық
қауіпсіздіктің доктринасы ресми түрде қарастырылмаған (20(.
Сонымен бірге экологиялық қолайсыз аймақтардағы ағзаға әсер ететін
әртүрлі зиянды факторлардың біріне жылдан-жылға қоршаған ортада көбейіп
келе жатқан улы зат, гидразиннің туындыларының бірі - 1,1-диметилгидразин
(1,1-ДМГ) жатады. Қоршаған ортаның 1,1-ДМГ-мен ластануы Қазақстан үшін
айрықша өзекті мәселе. Себебі, оның территориясындағы Арал апат аймағында
Байқоңыр космодромы орналасқан. Әдебиеттердегі мәліметтерге жүгінсек, бұл
өңірдегі тұрғылықты халықтың денсаулығының нашарлауы салдарынан түрлі
мүгедектікке әкеліп соғуы күннен-күнге көбейіп келе жатыр [2,12(. Көптеген
әдебиеттердегі мәліметтер гидразиндердің плазмалық мембраналар үшін
уландырғыш қасиеті өте жоғары екенін көрсетеді (20(. 1,1-ДМГ-нің химиялық
формуласы (СН3)2N2H2, молекулалық массасы 32.05 Д.
1 сурет - 1,1-диметилгидразиннің құрылымдық формуласы
Гидразин мен оның мыңдаған туындылары, гидразидтер, гидразондар және де
соған жақындас қосылыстар өнеркәсіптің әртүрлі салаларында,
ауылшаруашылығында, медицинада кеңінен қолданыс тауып отыр. Олар мұнай
өнеркәсібінде антитотықтырғыш ретінде пайдаланылады. Аэроғарыштық өндірісте
гидразин, 1-1-ДМГ және олардың қосылыстары зымыран жағармайында жанармай
компоненті ретінде, металлургияда, химияда - бояулар мен пластмасса
шығаруда пайдаланылады. Ауылшаруашылығында гиразиннің туындылары
өсімдіктің өсуін реттегіш ретінде және гербицид ретінде қолданылады (27(.
Ғарыштық зымыран техникасын пайдалану экологиялық зиянсыз емес. Кез
келген ғарыштық зымыран жүйесі 3-5% аспайтын “жалпы әсеріне ие (пайдалы
жүктің жалпы старттық массаға қатынасы) екені мәлім. Қалған массаның 97-95%
- жағармай, конструкция қалдықтары т.б. – жанып құлап, қалдықтарға
айналады. Зымыран тасығыштарының ұшыру және ұшу алдындағы дайындықтардың
барлық сатыларының ұшыру технологиясында бүкіл экожүйе ластанады. Қоршаған
ортаның ластануының көзі жанармай, оның ыдырауы және жану кезіндегі
өнімдері, сонымен қатар оларды тасымалдау кезіндегі апаттар, зымырандарға
май құю және жанармайларды сақтау кезінде болады. Зымыран тасығыштарын
ұшыру кезінде орын алатын апат жағдайлары экожүйеге орасан зор қауіп
төндіреді. Мысалы, 1999 жылы екі Протон ракета тасығыштары апатқа ұшырап
құлаған аудандардағы халықтың денсаулықтарына жасалған зерттеулері
нәтижесінде, жергілікті халықтың жалпы ауруларға шалдығуының
көтерілгендігі, атап айтқанда: балаларға жасалған зерттеулерде олардың
физикалық дамуындағы ауытқулардың жиілігінің жоғарылағандығын, ағзаның
функциялық жағдайының қанағаттандырғысыз екендігін көрсетсе, ересек жастағы
адамдардың реттегіш жүйелерінде, атап айтқанда асқорыту органдарында, зат
алмасу және эндокриндік жүйелері аурулары кең орын алғандығы байқалған (28-
30(.
Отандық аэроғарышта да, шетелде де ең көп қолданылатын Аэрозин 50
зымыран жанармайының негізгі компоненті - симметриялы емес, немесе 1,1-ДМГ.
Бұл сонымен бірге фармацевтік өндірістерде, инсектицидтер алуда, сурет
шығаруда, металдарды коррозиядан сақтауда пайдаланылады.
Басқаша айтқанда, 1,1-ДМГ адамның өмір сүру процесінде күнделікті
үнемі кездесіп отыратын қосылыстарға жатады. 1,1-ДМГ-нің адамдар мен
лабораториялық жануарлар организміне уландырғыш әсері де белгілі.
Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, 1,1-ДМГ-ді организмге бір рет
енгізудің эритроциттер саны мен тұрақтылығына, плазмадағы жалпы белоктың
мөлшеріне, ұлпалардың жалпы протеолиздік белсенділігіне әсерін зерттеген.
Бұл серияда бақылаудағы пайдаланылған жануарлардың қанындағы эритроцит
шамасы (6.5(0.2)(1012л құрады. Ішекке бір рет 1,1-ДМГ еңгізілген кезіңде
қандағы эритроцит санының артқанын көруге болады. Бақылаудағы дөңмаңдайлар
қан плазмасындағы жалпы белок концентрациясы 67.71±3.88 гл болса, ал
ішекке бір мезеттік 1,1-ДМГ жібергеннен кейін ол 4.5%-ға төмендеді.
Қалыпты жағдайда қандағы эртироциттер мен плазманың жалпы протеолиздік
белсенділігінің деңгейі 93.43(6.78 және 73.14(6.02 мкгГлимл(сағ тең болса,
1,1-ДМГ енгізілгеннен кейін ол көрсеткіш эритроциттерде 8.4%, ал қан
плазмасында - 5.9% -ға төмендеді.
1,1-ДМГ-ді дөңмаңдайлардың организміне бір рет енгізгеннен кейін
эритроциттерінің осмостық тұрақтылығының төмендеуі анықталған, оны хлорлы
натрийдің 0,40 және 0,35 г100 мл ерітінділеріндегі эритроцит гемолизінің
бақылауға қарағанда жоғарылауынан көруге болады. Жасалған тәжірибелерде ДМГ
әсері 58,30±0,03% және 76,87±0,04% болса, ал бақылау тобындағы жануарларда
ол 16,2% (р0,001) және 6,3% (р0,05) құрады.
Организмге гидразин мен оның туындылары әртүрлі жолдармен түсуі мүмкін
және де оның уландырғыш әсері организмге қалай түскеніне байланысты емес.
Улы заттардың әсері кезіндегі макромолекулалардың қайталанбас
конформациялық өзгерістерге ұшырауы мен ферменттердің басылуы клеткада
бірқатар метаболиттік процестердің өзгеруіне әкеледі. Көп жағдайда қолайсыз
факторлар негізінен жеке түрде емес, бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше
факторлардың біріккен тұтас топтарының әсері болуы мүмкін. Сондықтан бір
ғана фактордың әсерін қарастыру мүмкін емес. Экологиялық қолайсыз аймақта
тұратын халықтың қоршаған ортаның сан-алуан факторларының біріккен әсеріне
ұшырайтыны даусыз. Қоршаған ортаның климаттық және антропогендік
факторларының адам организміне әсері экофизиологиялық сұрақтарды кең
көлемде қамтиды. Қазіргі кезде улы заттардың біріккен әсерін зерттеудің
маңызы зор.
Ортаның экстремалды факторлары әсері кезінде мембрананың липидті
компоненттерінің, сонымен бірге онда шоғырланған ферменттік жүйелердің
күйі өзгереді де, ол иондық гомеостаз бен клетканың метаболизмін
бүлдіреді. Бұл факторлар адам мен жануарлар организміне тікелей және
жанамалық әсер етеді. Ол өз кезегінде қанның және зәрдің құрамындағы
белсенді қосылыстардың мөлшерін өзгертіп, әртүрлі патологияға, соның ішінде
жүрек-қан тамырлар жүйесі, қан айналымы, ас қорыту ауруларына әкеледі (31(.
Адамның климаттық және антропогендік факторлар комплексіне бейімделу
механизміндегі өзгерісі, сыртқы ортаның әсерінің негізгі көрсеткіші болатын
қан жүйесінің қалпының маңызы зор. Сонымен бірге организмде болатын әртүрлі
ауытқулар көп жағдайларда қан жүйесіндегі өзгерістерге байланысты.
Кадмий, қорғасын, сынап, мырыш сияқты бірқатар ауыр металдардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz