Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретіндегі құқықтық мәртебесі . . . 7
1. 1. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы . . . 7
1. 2. Еуропалық Одақтың құқықтық мәртебесі . . . 23
2. Еуропалық Одақтың институционалды құрылымы . . . 31
2. 1. Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің құқықтық сипаттамасы . . . 31
2. 2. Лиссабон шартын қабылдау тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының реформасы . . . 48
3. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы . . . 56
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстар ерекше табысты дамып келе жатыр.
2008 жылдың акпан айында Республика Президенті Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететініне байланысты) «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламаны дайындап, іске асыру керек» - деп айтты.
Кейбір ресейлік сарапшылар Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты Еуропалық Одаққа қарай бірте-бірте «қисая» бастауы мүмкін деген пікірлерін айтуда.
Қалай болса да, Еуропалық Одақтың еліміздің сыртқы саясатында маңызды рөльді ойнай бастағаны даусыз факт болып табылады.
Еуропалық Одақтың әлемдік сахнадағы да рөлі мен ықпалы күшеюде. Әлемдік экономикадағы еуроның біртіндеп долларды ауыстыра бастағаны осының көрнекі айғағы болып табылады.
ТМД бойынша біздің кейбір көршілеріміз еуроинтеграцияға қарай бағыт ала бастады (Украина мен Грузия) .
Ал Республика Президенті: «Егер Қазақстан Еуропалық Одақ мүшелігіне өтініш беретін болса, біздің елде мұндай мүшелікке негіздер Түркияға қарағанда көбірек болады. Жайықтан батыс жатқан қазақстанның еуропалық территориясы Түркияның еуропалық территориясынан 3 есе үлкен» - деп айтқан болатын.
Әрине Қазақстан еуроинтеграцияға қарай жақын 10-15 жыл ішінде бағыт алатыны екіталай, ол оның көпвекторлы сыртқы саясатымен үйлеспейді де. Бірақ сонда да еуроинтеграция өте тартымды құбылыс ретінде болып көрінеді. Ал оған жақындау үшін Еуропалық Одақ деген не және оның институттары қалай жұмыс істейді деген сұрақтарға жауаптарды білу өте маңызды.
Соңғы төрт жылдың ішінде Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы бірталай өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің пайда болуы соңғы төртінші және бесінші кеңею толқындарымен байланысты.
Кейбір сарапшылар Еуропалық Конституция жобасының Франция мен Голландияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Одақ институттарын реформалау процессінде белгілі бір тежелу байқалады ма деп өз қорқыныштарын білдірген болатын. Алайда еуроинтеграцияның ерекшелігі сол - ол үнемі алға жылжып тұратын құбылыс. Сол себептен Одақтың конституция жобасын алмастыратын құжаттың пайда болуы тек уақыттың еншісіне берілген мәселе болатын.
Еуроодақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырларын зерттеу өзектілігі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Көпшілікті соңғы институционалдық реформалардан кейін (Лиссабон шартын қабылдау тұрғысынан) Еуропалық Одақтағы «демократия тапшылығы» атты феномен толығымен жойылып, институттардың қызметі бұрынғыға қарағанда ашықтау бола ма екен деген сұрақ мазалайды. Соған қоса Еуроодақта 2009 жылдан бастап өзінің Президенті пайда болады. Одақтың институционалдық құрылымында да бірталай өзгерістер күтелуде. Осы және бірталай басқа да факторлар Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымын кешенді түрде зерттеуді өзекті қылатыны сөзсіз. Проблеманың зерттелу жағдайы. Ғылыми әдебиетте Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы Маастрихт, Амстердам және Ницца шарттары тұрғысынан айтарлықтай жақсы зерттелген. Осы тақырыпқа байланысты шетелдік авторлардың келесідей жұмыстарын атап өтуге болады: ЕО құқықтық тәртібінің басты қағидалары Т. С. Hartley "The foundations of European Community law: an introduction to the constitutional and administrative law of the European Community", Oxford, 1994, және D. Simon "Le systeme juridique communautaire", Paris, 1997, курстарында талданады. Еуропалық Одақтың құрылу мен даму процесстері, оның институционалдық құрылымының қызметі E. Wistrich, "The United States of Europe", London, 1994, W. Hummer "Rechtsfragen in der Anwendung des Amsterdamer Vertrages", Wien, 2001 монографияларында мазмұндалады. Еуропалық Одақ іс-әрекетінің құқықтық проблемалары бірталай ұжымдық жұмыстардың пәні болды ("The European Union: readings on the theory and practice of European integration", ed. by B. Nelsen and A. Stubb, Boulder, 1994; "New legal dynamics of European Union", ed. by J. Shaw and G. More, Oxford, 1995) . Еуропалық қауымдастықтар жүйесінің мемлекет үсті белгілері D. Chalmers, "The European Communities: towards supranationalism at last", the Liverpool law review, 1992, M. Sheich "Erweiterung und institutionelle Reform der Europaischen Union", Wien, 2001 жұмыстарында қарастырылады.
Соңғы жылдары аталған келелі мәселелер жиынтығының дамуына халықаралық және еуропалық құқық саласындағы ресейлік мамандардың қосқан үлесі зор. Олардың ішінде: Б. Н. Топорнин («Европейское право», Москва, 1998), Л. М. Энтина («Европейское право», учебник, Москва, 2004), Кашкин С. Ю. редакциясындағы оқулық "Право Европейского Союза", Москва, 2002.
Еуропалық Одақтың интеграциялық процесстері мен институционалдық құрылымына арнап, зерттеулер жүргізген отандық мамандар ішінен Кембаев Ж., Ибрашев пен Галимова М., Сейдахметов Б. атап өтуге болады.
Алайда еуроинтеграцияның серпінді дамуын ескере отырып, осы салада әрдайым тек ең соңғы мәліметтің болуы аса маңызды екенің мойындауымыз керек. Ал Лиссабон шарты тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының іс-әрекеті мүлдем зерттелмегені даусыз факт.
Ірі заңгер-ғалымдар бұл тақырыпты осы шарт тұрғысынан әлі зерттеп үлгірмеген.
Бұл проблеманың өзектілігі мен жеткілікті деңгейде зерттелмегендігі, соған қоса оның Қазақстан Республикасының Еуропалық Одаққа, еуропалық және халықаралық ұйымдарға ықпалдасуы үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси маңыздылығы зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды.
Бұл зерттеудің мақсаты Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырларын соңғы институционалдық өзгерістер тұрғысынан талдау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
Еуропалық қауымдастықтар мен Еуропалық Одақтың тұжырымдамалық негіздерінің даму тарихын баяндау;
Еуропалық Одақтың құқықтық мәртебесін анықтау;
Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетіне құқықтық сипаттама беру;
Лиссабон шартын қабылдау тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының реформасын талдау;
Қазақстан - Еуропалық Одақ ынтымақтастығы дамуының негізгі үрдістерін белгілеу.
Зерттеудің объектісі Еуропалық Одақ пен оның институттары болып табылады. Зерттеу пәні Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырлары болып табылады. Зерттеу әдістері . Қойылған міндеттерді шешу барысында жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін халықаралық құқық теориясында пайдаланылатын тану, жүйелік және қисынды талдау, қайнар-көздердің басымдылығы, салыстырмалы құқықтанудың қазіргі әдістері қолданылған. Автор үшін ресейлік еуропалық құқық келесідей мамандардың еңбектері аса маңызды болды: Кашкин С. Ю., Энтин Л. М., Топорнин Б. Н., Ушаков Н. М., Юмаше Ю. М., Четвериков О. А. және тағы басқалары.
Бітіру жұмысын жазу барысында автор шетелдік ғалымдардың еңбектерін де пайдаланды. Олардың ішінде: Хартли Т. К. «Основы права европейского сообщества» және Сиджанский Д. «Федералистское будущее Европы».
Зерттеуде Еуропалық Одақтың ресми басылымдарында жарияланатын, сондай-ақ ЕО мен оның институттарының сайттарында орналастырылатын құжаттар мен мәліметтер кеңінен қолданылған.
Ерекше назар Еуропалық Одақтың құрылтай шарттарына, Амстердам мен Ницца шарттарына, Еуропа үшін конституцияны ұйымдастыратын шартқа, Еуропалық Одақ туралы шарт пен Еуропалық Қауымдастықты құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Лиссабон шартына аударылды.
Қорғауға шығарылатын мәселелер:
Еуропалық Одақ, оның қазіргі құрылтай шарттарында бұл нақты көрсетілмесе де, құқықсубъектілікке ие.
Еуропалық Одақтағы «Демократия тапшылығы» атты құбылыс Лиссабон шарты күшіне енген жағдайда да сақталады.
Еуропалық Соттың бас қорғаушылар корпусындағы қолданылатын ротациялық жүйе бүгінгі заман талабына сай келмейді. Сегіз бас қорғаушының сегізі де ротациялық түрде Одақтың барлық мүше-мемлекеттеріне берілу керек деп ойлаймыз.
Лиссабон шартының ұлттық парламенттермен ратификация арқылы қабылдану рәсімі, құжаттың маңыздылығын ескере отырып, демократия принциптеріне қайшы деген пікірге келуге болады.
Лиссабон шарты енгізетін Еуропалық Одақ Президент лауазымы Одақтың кеңесіне төрағалық етуші мемлекеттің рөлін төмендетеді. Бұл өз кезегінде интеграциялық процесстерге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы еуропалық тату көршілік саясатына кіруге ұмтылу керек. Ал келешекте Еуропалық Одақ мүшелігіне кіру үшін де өтініш беруге талпыныс жасау керек.
Бітіру жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы оның еуропалық құқықтың Қазақстанда әрі қарай дамуына үлес қосатындығымен анықталады, ал жұмыстың қорытындылары мен ережелері еуропалық құқық пәні бойынша оқу бағдарламаларын әзірген кезде, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттың даму тұжырымдамасын анықтау кезінде, Қазақстанның еуроинтеграцияға түсу бағдарламаларын жасаған кезде қолданыла алады.
Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретідегі құқықтық мәртебесі
1. 1. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы
Еуропалық Одақтың пайда болуы, - тарихи және қисынды түрде өзара байланысты алғышарттар жиынтығының нәтижесі болып табылатын, ХХ ғасырдың негізгі оқиғаларының бірі. Бұл алғышарттарды экономика, саясат, рухани-мәдени өмірде, идеологияда іздеу керек.
Еуропалық Одақтың құрылуының экономикалық алғышарттары шаруашылық байланыстардың ғаламдану процессінде жатыр. Осының нәтижесінде халықаралық нарық пен оның құрамдас бөліктері: трансұлттық корпорациялар, халықаралық ынтымақтастық пен еңбек бөлінісі, капиталдың шетел инвестициялары, жұмыс күшінің миграциясы және т. б. қалыптасады.
Алайда экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс Еуропаның саяси бытыраңқылығымен, бір-бірінен шекаралармен, баждармен, визалармен және халықтар арасындағы шаруашылық қатынастарды шектейтін басқа да кедергілермен бөлінген - «егеменді мемлекеттердің Еуропасымен» үйлесімділікке түсе алмай, қарама-қайшылыққа түсті.
Аталған қарама-қайшылық Еуропа халықтары үшін жаңалық емес. Осы жағдай Еуропада ортағасырлардың соңы мен жаңа заман тоғысында болған жағдайға өте ұқсас болып келеді, бірақ басқа деңгейде. Сол дәуірде натуралды шаруалықтың орнына келген нарық шаруашылығы феодалдық бытыраңқылықпен сыйыса алмай, ақыр соңында оны жеңіп шықты. Сол кездерде пайда болған орталықтандырылған мемлекеттердің экономикалық негізі - ұлттық нарық болды.
Шаруашылық қатынастардың мемлекеттік шекаралардан тысқары шығуы Еуропа халықтарының одан да үлкен саяси ұйымын құруы туралы мәселені көтерді. Мұндай ұйым Еуропалық қауымдастықтар болды. Нарықты құру (тауар, жұмыс күші, өндірістің өзге де факторлар мен нәтижелердің қозғалысына барлық ұлттық кедергілерді жою арқылы) олардың алғашқы ірі бастамасы еді.
Ұлттық мемлекеттер, Қауымдастықтар және олардың негізінде құрылған Еуропалық Одақ шеңберінде жойылмайды, алайда өздерінің егемендігін осы мемлекет үсті құрылымның пайдасына қарай шектейді. Экономикадағы интеграция жайлап барып бұл процесске қоғамдық өмірдің басқа да салаларын тарта бастайды: саяси, ақпараттық, әлеуметтік, мәдени және т. б. Уақыт өте келе олар Еуропалық Одақтың қарамағына жататын мәселелер тобына көшеді.
Батыс доктринасында мұндай өзара байланыстың түрі «ауыстырып құю әсері» немесе «тиісті беріліс әсері» деп аталады. Ал «басқаларға» түрткі күшті беретін экономика аталған өзара байланыстың ең басты буыны болып табылатынына ешкім күмән келтірмейді. 1
Осы орайда орынды сұрақ тууы мүмкін: неге жоғарыда аталған үрдістер Батыс Еуропа елдерінде ерекше дамуға ие болды? Халықаралық, ал қазіргі кезде - әлемдік нарық Жердің өзге де аймақтарын қамтиды ғой. Бәлкім осында тарихи және географиялық сипаттағы факторладынң маңызы үлкен болды.
Біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда шаруалықтың капиталистік жүйесі ертерек қалыптасып, нарықтық байланыстар орын ала бастады, яғни мұнда экономикалық интеграцияның процесстері даму үшін көбірек уақытқа ие болды.
Екіншіден, мемлекеттердің біршама шағын аумақтары ұлттық шекаралар мен ішкі нарықтың тар шеңберлілігін анықтап өзара тиімді бірігуге итермеледі.
Айтарлықтай үлкен экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс - еуропалық дамудың жалпы тарихи беталысы болып табылады.
Саяси алғышарттар. Шаруашылық алғышарттарға қарағанда интеграциялық процесстің саяси алғышарттары ортағасырлардан бастап қалыптаса бастады. Оларды әрекет ету аясына байланысты екі топқа бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Алайда бұндай бөлу тек шартты сипатқа ие екенін айтап кету қажет.
Ішкі саяси алғышарттар еуропалық мемлекеттердің бір-бірімен өзара қатынастарының ерекшеліктерін сипаттайды, ал сыртқылары болса, Еуропаның, ең алдымен оның батыс бөлігінің, басқа (еуропалық емес) мемлекеттер мен аймақтарға қатысты орнын анықтайды.
Бұл алғышарттардың екі түрінің екеуін де Еуропаның және жалпы әлем картасына көз жіберіп қарасақ байқауға болады. Ең бірінші болып көзге түсетіні ол - біршама үлкен емес аумақта өз шекаралары, заңнамасы, әскері, полициясы бар айтарлықтай көп мемлекеттердің шоғырлануы.
Тар кеңістікте көптеген мемлекеттердің қатар өмір сүріп келуі олардың арасында аумақтық қақтығыстарға, соның ішінде миллиондаған еуропалықтардың өмірін алып кеткен әскери қақтығыстарға талай рет әкеп соққаны баршаға мәлім.
Жеке мемлекеттер арасында жасасылған бітім шарттары, шабуыл жасамау немесе мәңгілік достық туралы пактілер еуропа тарихында талай рет бұзылған, және келешекте олар сақталады деп жүз пайыз сенімділікпен ешкім кепіл бере алмайды.
Ондай жағдайда Еуропаның саяси құрылысында жатқан соғыс пен қақтығыстар үшін негізді жойып тастаған дұрыс-ақ болмай ма? Яғни бір-бірімен жауласып жатқан ұлттық мемлекеттер Еуропасын, континентте бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын бірыңғай билік органдарға ие біртұтас саяси құрылымға айналдыру.
Алғаш рет осыған ұқсас ойды XVIII ғасырдың ұлы неміс философы Иммануил Кант айтқан болатын. 2
ХХ ғасырда бұл идея Еуропа Құрама Штаттары атты жобасында өз көрінісін табады. Аталған бастама әсіресе Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде өте кең танымал болды.
Еуропада бейбітшілікке қол жеткізудің құралы ретінде саяси бірлікті пайдалану - Еуропалық Одақтың құрылуы басталған «Шуман жоспарының» ең негізгі идеясы болып табылады. 1955 жылы бұл бастаманың авторы Еуропалық қауымдастықтардың бас архитекторы - Жан Монне - Еуропа Құрама Штаттары үшін күрес атты арнайы ұйымды құрды. 1975 жылға шейін жұмыс істеген бұл комитетке көптеген еуропалық саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері мүше болды. Олардың арасында: ГФР канцлерлері В. Брандт пен Г. Шмидт, Франция Президенті В. Жискар д’Эстен және т. б.
Мемлекеттер арасында ұрыс-жанжалдарды тоқтату қажеттілігі - Еуропа халықтарын бірігуге және ортақ басқару органдарарын құруға итермелеген жалғыз саяси фактор емес. Еуропаның бүкіл тарихы бойында сыртқы факторлардың ықпалы өте үлкен болды, атап айтқанда ортақ дұшпан, ортақ агрессорға қарсы бірігу.
Орта ғасырларда және Жаңа Заманның бірінші жартысында осындай ортақ жау рөлін Осман империясы атқарды. Алайда кейін, әсіресе Қазан төңкерісінен соң, интеграция иделогтары келешек Еуропалық Одақтың мақсатын Ресей (КСРО) тарапынан болуы мүмкін агрессияға қарсы бірігуде көрді. «Әрбір еуропалық Ресейден төніп тұрған қауіпті жете түсінуі тиіс»3, - деп, 1924 жылы бұндай ұстанымның ең ықпалды жақтаушысы, Панъеуропалық одақтың негізін қалаушы және оның көсемі болған граф Куденхов-Калерги айтқан болатын.
Бүгінгі таңда Біріккен Еуропаның ең басты бәсекелестері Америка Құрама Штаттары және Қытай болып табылады.
Мәдениет саласындағы алғышарттар. Еуропа халықтарының бірыңғай және мемлекет үсті ұйымға бірігуі - тек экономикалық және саяси факторлардың әсері ғана емес. Еуропалықтардың этно-ұлттық айырмашылықтарына қарамастан, оларды, өмірдің ортақ мәдени, этикалық және діни негіздер біріктірді. Еуропалықтарды діни (христиандық) негізде біріктіру идеялары бірнеше рет ұсынылған болатын.
Мәселен 1306 жылы француз заңгері П. Дюбуа Еуропада «христиандық республиканы» құруды ұсынды. Аталған бастама «еуропалық идея» шеңберінде тарихи ең алғашқылардың бірі болып саналады. 4
Сол кездерде ортақ христиан дінін, бүкіл Еуропа шеңберінде саяси билікке қол жеткізу мақсатында, Рим папалары кеңінен пайдаланды.
Бір қызығы, кейбір зерттеушілер «еуропалықтар» деген терминін, өзін Рим католик шіркеуінің басшысына, Папа Пий екіншісіне телейді. Византия құлағаннан кейін (1453ж. ) ол христиандарды «еуропалықтар» деп атап, оларды «Respublica christiana»-ны Оттоман империясының шабуылынан бірігіп қорғауға шақырды. Бүгінгі күні сәл әлсіреп кеткен діни фактормен қатар саяси мен экономикалық бірігудің факторы ретінде ортақ құқықтық мәдениеттің рөлі ерекше зор болды.
Пайда болуы жағынан еуропалық болып табылатын конституционализмнің, адам құқықтары мен билікті бөлу идеялардың бірігуі, Еуропаның жекелеген мемлекеттердің және жалпы Одақ шеңберінде саяси мекемелердің қызмет етуі жүзеге асырылатын негізді құрады.
Идеологиялық алғышарттар. Қоғамдық өзгерістер - бұл тек ақиқат өмірдің аясында жатқан объективті себептер әрекетінің нәтижесі ғана емес (қоғамдық болмыс) . Келешек реформалар қоғам тарапынан дұрыс қолдауға ие болу үшін адамдардың «көңіл-күйлерін» дайындау, қоғамдық сананы соған икемдеу өте маңызды, ал кейбір жағдайларда тіпті қажетті шарт болып та табылады.
Ал ол үшін адамдарды біріктіре алатын анық концепцияны, «идеяны» ойлап табу керек. Алғашқы конституциялар қабылданар алдында конституционализм идеялары әбден пісіліп жетілдірілді; ХІХ-ХХ ғасырлардың революциялық оқиғалардың астарында марксизм және басқа да социалистік ілімдерде дамытылған идеологиялық негіздемелер жатыр және т. с. с.
Еуропалық Одақ жағдайында сондай концепция ретінде еуропалық идея (басқаша атауы - панъеуропалық) болды. Оның мәні - Еуропа халықтарының өз еркімен бірыңғай саяси ұйымға бірігуі.
Еуропалық идеяның дүниеге келу тарихы айтарлықтай жуырда пайда болған Еуропалық Қауымдастықтар мен Одаққа қарағанда едәуір көнелеу болып табылады. Оның ең алғашқы жобасы XIV ғасырда пайда болған П. Дюбуаның жобасы болып саналады. Ал кейбір тарихшылар Еуропаны өзге бір әлем, адамзаттың ерекше бір семьясы ретінде қарастыратын пікірлер ХІ ғасырдан бастап көріне бастайды дейді. 5
Әрине сол уақыттан өткен жеті ғасыр аралығында еуропалық идеяның мазмұны біраз өзгерістерге ұшырады. Кез келген басқа әлеуметтік ілім секілді ол да біртіндеп, дамып келе жатты.
Орта ғасырлар кезеңінен бастап, Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін еуропалық идеяны тек жеке ғалымдар мен саясаткерлер дамытып, оны уағыздауға тырысқан.
Феодалдық Еуропаны біріктіру жоспарларының ішінде Иржи Подебрад атты (1458-1471) Богемия патшасының әрекеті үлкен маңызға ие болды. Ол Еуропа монархтарын тек бірігуге ғана емес, сол бірігудің жолында нақты әрекеттерді жасауға шақырды.
1693ж. Ағылшындық У. Пенни «Еуропадағы мемлекеттер мозайкасын» бұзып, еуропалық парламентті шақыру керек деп ұсыныс айтты.
XIХ ғасырдың басында (1814ж. ) аса көрнекті француз социалист-утопист ғалымы Анри Сен-Симон ұсынған жобасы көңіл аударарлық. Оның Еуропаны саяси біріктіру жоспары Еуромонарх лауазымын, Еуропалық үкімет пен әскердің құрылуын көздеді.
ХІХ ғасырдың соңыңда болашақ саяси одақтың жоспарын өркениетті халықтардың халықаралық құқық ғылымының өкілі К. Блунтшли (Швейцария) ұсынды. 1878 жылы жарияланған «мемлекеттердің еуропалық одақ ұйымы» атты мақалада Блунтшли аталған одақты тікелей дауыс берумен сайланатын Федералдық кеңес пен Сенаттың басқаруында құруға шақырды.
Орта ғасырларда еуропалық идеяның жақтастары италияндық ақын Данте Алигьери, ағылшын философы У. Оккам болды. Жаңа заманда бұл идеяны қолдаушылардың саны әлдеқайда өсті. Оларға: Вольтер, В. Гюго, Г. Лейбниц, Ж. Ж. Руссо және тағы басқалары қосылды. 6
ХХ ғасырдың басында аса ірі жобалардың бірі, бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болған - Еуропа құрама Штаттары (ЕҚШ) деп аталатын жоба болды. Бұл жоба бойынша еуропа мемлекеттері арасындағы қатынастар АҚШ-тың үлгісімен қайта құрылу керек еді. Аталған жобаға еуропалық идея дамуының кейінгі кезеңдерде де назар аударылады.
Екі соғыс арасындағы кезеңде (1919-1939), осы кезге дейін жеке, бір-бірінен оқшауланған ойшылдармен дамытылып келе жатқан еуропалық идеяны жақтаушылардың ұйымдастырушылық бірігу процессі (институализация) басталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz