Бала дамуындағы ата-ананың рөлі. Отбасылық тәрбиенің қателіктері



Кіріспе

I. Отбасы және некенің әлеуметтік инстуттары

Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы
Отбасы типологиясы
Отбасының әлеуметік қызметтері

II. Отбасындағы әлеуметтік тәрбие

Тұлғаның әлеуметтік мінез . құлқы және қалыптасуы
Ата.ананың бала дамуындағы тәрбиелік ролі.
Әлеуметтік бағдарлама мен тұлғалық тәрбие


Қорытынды

Сілтемелер

Пайдаланылған әдебиеттер
Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, “Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың”.
Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi, бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.
Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба?
Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта “көше” керi керi әсер етедi деп санайды және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды.
Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына көмектеспейдi.
Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.
Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп, оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.
Ата-аналар баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-аналарының тұлғасы кез-келген адам өмiрiнде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, өмiрлiк тәжiрибеден алып қарасақ қиын сәттерде бiздiң ата-аналарымызбен, әсiресе анамызбен сөйлесуiмiз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-ана қатынасын бейiмдейтiн сезiмдер – бұл басқа эмоциялық байланыстардан күштi ерекше сезiмдер.
1.Соцология: наука об обществе/ Под ред. В.П.Андрущенко. Харьков, 1996г.
2.Савинов Л.И. Семья и общество: история, современность и взгляд в будущее. Саранск, 1992г.
3.Шнейдер Д.Б. Психология семейных отношении. Москва, 2000г.
4.Жаназарова З Ж.Социология семьи. Алматы, 2001г
5.Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей. Алматы,2003г.
6.Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы, 2004г.
7.Мухина С.В. Возрастная псхология. Москва, 1999г.
8.Харчев А.Г. Социальная воспитания. Москва, 1990г. 2005ж.
9.ДжаманбалаеваШ.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведении. Алматы, 1990г.
10.Казымбетова Д. Социальные проблемы девиантоности в транзитном обществе. Алматы, 2000г.
11.Кулагина И.Ю. Возрастная психология. Москва, 1997г.
12.Бауэр Т. Психические развитие младенца. Москва, 1979г.
13.Ильчиков М.З., Смирнов Б.А. Социология воспитания. Москва, 1996г.
14.Актуальные проблемы возрастной и педагогической психологий/ Под общ. Ред. Ф.И.Иващенко, Я.Л.Коломинского. Минск, 1980г.
15. Харчев А.Г., Мацковский М.С. Современная семья и ее проблемы. Москва, 1978г.
16.Жизнедеятельность семьи: тенденций и проблемы/ Отв. Ред. А.И.Антонов. Москва, 1990г.
17.Аверин В.А. Психология детей и подростков. СПб., 1998г.
18. Антонов А.И. Микросоциология семьи. Москва, 1998г.
19. Клем. Психология подростка. Москва, 1991г.
20.Памела С. Марр, С. Кеннеди. Воспитание детей в нетипичных семьях. В кн.: Помощь родителям в воспитании детей/ Пер. С англ. Москва, 1992г.
21. Антонов А.И.,Медков В.М. Соцология семьи. Москва, 1996г.

22.Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории,. методологии и методики. Москва, 1989г.
23.Зеньковский В.В.Психология детства. Москва, 1996г.
24.Каптерев Г.Ф. Детская и педагогическая психология. Москва, 1999г.
25.Обухова Л.Ф. Детская психология. Москва, 1996г.
26.Обухова Л.Ф. Этапы развития детского мышления. Москва, 1972г.
27.Гальперин П.Я. и др. Актуальные проблемы возрастнсй психолгии. Москва, 1978г.
28.Социологиялық сөздік./ Жалпы ред. басқ. К.Ү. Биекенов. Алматы, 2003ж.
29.Педагогика. Алматы, 2003ж.
30.Қазақсатн республикасының статистикалық агенттігі: Қазақстаннның демографиялық жылнамалығы. 2004
31.Сорокин П.А. Кризис современной семьи.// Ежемесячный журнал для всех. Москва, 1916г., №3.
32.Комсомольскя правда Казахстан. 2005г. №92, 11июня.
33.Казахстанская правда. 2005г. №154, 11июня.
34.Астана хабары. Елорданың республикалық қоғамдық -саяси газеті. 2005ж. №64, 17 мамыр.
35.Қазақ әдебиеті газеті. 2005ж. №16.

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Бала дамуындағы ата-ананың рөлі.Отбасылық тәрбиенің қателіктері.

Орындаған: _____________________
4-курс студент

Ғылыми жетекші: _____________________
соц. ғ. канд., доцент

Нормативті тексеруші:____________________

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі: ____________________
Соц.ғ.д., профессор

Алматы 2005

Жоспар

Кіріспе

I. Отбасы және некенің әлеуметтік инстуттары

1. Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы
2. Отбасы типологиясы
3. Отбасының әлеуметік қызметтері

II. Отбасындағы әлеуметтік тәрбие

1. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқы және қалыптасуы
2. Ата-ананың бала дамуындағы тәрбиелік ролі.
3. Әлеуметтік бағдарлама мен тұлғалық тәрбие

Қорытынды

Сілтемелер

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi
естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты
мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, “Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың”.
Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы
бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп
ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi,
бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.
Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына
сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл
бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу
керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын
ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен
болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба?
Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы
кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне
өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан
күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн
сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол
ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын
ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта “көше” керi керi әсер етедi деп санайды
және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды.
Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды.
Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе
шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына
көмектеспейдi.
Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ
тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу
және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және
теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек.
Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз
немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.
Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-
келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең
басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп
отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп,
оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.
Ата-аналар баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-
аналарының тұлғасы кез-келген адам өмiрiнде маңызды рөл ойнайды. Мысалы,
өмiрлiк тәжiрибеден алып қарасақ қиын сәттерде бiздiң ата-аналарымызбен,
әсiресе анамызбен сөйлесуiмiз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-
ана қатынасын бейiмдейтiн сезiмдер – бұл басқа эмоциялық байланыстардан
күштi ерекше сезiмдер. Ата-ананың махабатына деген қажеттiлiк – жас
өспiрiмге шындығында керектi өмiрлiк қажеттiлiк. Кез-келген баланың ата-
анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл
тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе,
өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық
әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды. Ата-ана махабаты –
адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң,
денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.
Сондықтан да ата-ананың басты және негiзгi мiндетi – ең бiрiншi
балаларына өздерiнiң жақсы мiнез-құлығымен, адами құндылықтарымен жақсы
көрiнетiндiгi мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенiм туғызу.
Яғни, ешқашанда балалары өздерiн ата-аналары жақсы көретiндiгiне күмән
туғызбауы керек. Ата-ананың ең табиғи және ең қажеттi мiндетiнiң бiрi өз
балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махабатпен, қамқорлықпен
және ұқыптылықпен қарау.
Балаларының өсе келе өз ата-аналарымен айырылысатын жағдайлар өмiрде
жиi болып тұрады және бұл шартты құбылыс. Олар өздерiнiң ең жақын
адамдарымен эмоциялық байланысын жоғалта отырып, психологиялық мағынада
айырылысады.
Психологтар жасөспiрiм алкоголизмi мен нашақорлығының қайғысына
көбiнесе ата-аналарының өз балаларын жақсы көрмеуi, оларды бауырына
тартпауы себеп болатындығын дәлелдеген. Яғни, жанұялық тәрбиеге қойылатын
басты талап жанұя iшiнде бiр-бiрiне кiршiксiз махабаттың болуы талабы. Осы
мақсатта ата-ана өз балаларын жақсы көрiп қана қоймай, балалардың өздерiн
ата-анасының жақсы көретiндiгiн әрқашан және кез келген жағдайда сезiнiп
жүруiне көмектесу қажеттiгi туындайды. Бала өз ата-анасының махабатына
сенiмдi болғанда ғана оның психологиялық әлемi дұрыс қалыптасады, яғни
махабат махабатқа үйретедi.
Көп ата-аналар өздерiн балаларына деген махабатының жоғары болуы
жағдайында бала өзiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн сезiп, ерке, өзiмшiл
болып өседi деп ойлайды. Бұл тұжырым өте дұрыс емес. Дәл осы жағымсыз
тұлғалық қасиеттер ата-аналық махабаттың жетiспеушiлiгiнен, қайсыбiр
эмоциялық тапшылық пайда бола қалғанда қалыптасады. Ата-ананаңы өз баласына
оны жақсы көретiндiгi мен қамқор болатындығы туралы сезiмiн бiлдiру ата-
анасының баласына бөлетiн уақытына да, баласының қайда өсетiндiгiне де,
баласын материалдық қажеттiлiктермен қамтамасыз ету дәрежесiне де
байланысты емес. Ол ең бiрiншi ата-ананың баламен терең психологиялық
байланыстың болуы тәрбиеге қойылатын бiрегей талап, ол барлық ата-аналарға
тәуелдi және мұндай байланыс барлық жастағы балаларды тәрбиелеп жеткiзуде
қажеттi болып табылады.
Дәл осы байланыс арқылы балалар ата-анасының ерекше махабатын сезедi,
олардың өздерiне қарқор екенiн сезiп, оларға одан сайын жақындай түседi.
Осы байланысты сақтаудың негiзi – баласының өмiрдегi барлық нәрселер
туралы хабардар болу, баласының кез келгенi тiптi елеусiз мәселелерiне
қызығушылықпен араласа бiлу, өсiп келе жатқан жас өспiрiмнiң iшкi жан
дүниесiнде болып жатқан барлық өзгерiстер туралы бiлiп жүруге, оларды
түсiнуге деген ата-ананың ынталы болуы екендiгi күмән келтiрмейдi. Әрине
бұл байланыс баланың жасына байланысты әр түрлi болып келедi.
Осы байланыстар ешқашан өздiгiнен пайда болмайды, оны тiптi ең алдымен
сәби кезiнен бастап қалыптастыру керек. Осы өзара түсiнушiлiктер бала мен
ата-ана арасындағы байланыс туралы сөз қозғағанда диалог туралы айтқан жөн.
Тәрбиелеушi диалог қалай қалыптасады? Оның психологиялық сипаттары
қандай? Диалог құруға қойылатын басты талап – ортақ мақсатқа жетуге бiрiгiп
тырысу, түрлi жағдайларда бiрге iс-қимыл жасау. Көбiне үлкендер мен
балалардың көзқарастары бiр жерден шыға бермейдi, себебi олардың
тәжiрибелерi әр түрлi. Бiрақ бұған қарамастан ең маңызды мағыналы мәселенi
шешуге бiрiгiп бағыттылық алу керек. Бала әрқашан олармен ата-анасы
сөйлесу кезiндегi олардың мақсаттарын түсiнуi керек. Бала тiптi өте кiшi
жасынан тәрбиелеудiң объектiсi емес, жалпы жанұялық өмiрдiң бiр тұлғасы
болып қалыптасуы қажеттi. Дәл осы жағдайда, яғни бала жанұялық өмiрге, оның
барлық мақсаттары мен жоспарларын бөле отырып қатысқанда ғана ата-ана мен
баланың арасында диалог қалыптасады.
Диалогтық тәрбиелiк қатынастың ең маңызды сипаттамасы бала мен
үлкендердiң ұстанымдарының теңдiгi болып табылады. Әдетте ата-ананың
балалардан қарағанда ұстанымдары мен мүмкiншiлiгi артық болады. Ата-ана
күшi, тәжiрибесi көп, тәуелсiз болады, бала физикалық тұрғысынан әлсiз ,
тәжiрибесiз, толықтай тәуелдi болады. Осы жағдайларға қарамастан ата-аналар
әрқашанда теңдiк орнатуға тырысуы мiндеттi болып табылады.
Бұл тұрғыдағы теңдiк позициясы дегенiмiз – баланың өзiнiң тәрбиесi
процесiндегi белсендi рол ойнауы. Адам тәрбиелеу объектiсi болмауы керек.
Өйткенi адам әрқашан өзiн тәрбиелеудiң белсендi субъектiсi.
Теңдiк позтциясы туралы айтқанда балалардың да өз ата-аналарына әсер
ететiнiн бiлу керек. Өз балаларымен қарым-қатынасқа түсе отырып, балаларын
тәрбиелеудiң арнайы әрекеттерiн жасай отырып, ата-аналардың өздерiнiң
психологиясы, iшкi жан-дүниесi өзгерiске ұшырайды. Осы мәселе бойынша
К.Кориак ата-аналарға қарасты былай жазған: “Әбден қалыптасқан ата-ана өз
баласын бақылап, оны басқарып, тәрбиелеп, оны сапалы адам ретiнде
қалыптастыра отырып, ата-ананың өзi баланы қоршаған әлемнiң әсерiнде
қалмайды деген тұжырым дұрыс емес”.
Диалогтағы теңдiк позициясы ата-аналардың әрқашанда әлемдi өз
балаларының көзiмен көре бiлуiнен тұрады.
Баламен байланыста оған деген махабаттың ең жоғары құбылысы ретiнде,
оның индивидуалдығын үздiксiз түсiну арқылы құруға болады. Тек өз баласының
эмоциялық көңiл күйiн, оның iшкi жан дүниесiн олардың өзгерiсiн түсiну
арқылы ата-аналар кез келген жастағы баласымен өзара байланыс, әрi тиiмдi
қарым-қатынас орната алады.
Баланың ата-анасының махабатын сендiруге диталогтан басқа тағы
бiр маңызды ережесi бұл балалардың айтқанын егер орынды болып отырған
жағдайларды оны қабылдау, сондай-ақ балалары да ата-анасының тапсырысын
орындау болып табылады. Психология тiлiнде айтқанда бала мен ата-ана
арасындағы байланысты баланың қабылдауы деп аталады. Бұл дегенiмiз не?
Қабылдау дегенiмiз баланың индивидуалдық құқығын, оның басқаларға
ұқсамайтындығын (соның iшiнде өз ата-анасына) мойындау және түсiне бiлу
керек.
Баланы қабылдау – баланы, оның өз қасиеттерi бар бiр тұлға ретiнде
мойындау дегендi бiлдiредi. Сонымен күнделiктi байланыс кезiнде баланы
қабылдау дегенмiмiз не? Ең алдымен ата-ананың өз балаларына қатысты айтатын
сөздерiне ерекше көңiлмен қарау. Балаларға, олардың өзiндiк мiнезiнiң
қасиеттерiне қатысты негативтiк бағалаулардан мүлдем бас тарту мiндеттi
болып табылады. Өкiнiшке орай, “Топас! Бұл сөздi неше рет айтуға болады”,
“Неге ғана мен сенi өмiрге әкелдiм екем”, “кезк- келген басқа бала сенiң
орнында не iстеу керектiгiн бiлетiн едi, мисыз” деген сөздердi айту әдетке
айналған.
Бiрақ қазiр кез келген болашақ ата-аналар өз балаларына осынау бiр
үйреншiктi болып кеткен сөйлемдердiң қаншалықты дұрыстығына немесе қандай
жағдайларда айтылатынына қарамастан, осы сөйлемдердiң өз балаларымен
байланысқа түсуiне кедергi болатындығын, олардың өздерiн жақсы
көретiндiгiне күдiк тудырып, бала мен ата-ана арасының алыстауына себеп
болатындығын түсунуi керек. Сондықтан ата-аналар өз балаларының тек қана
терiс қылықтарын ғана бағаламай, оны қандай болсын өзiнiң махабаттарына,
оны сондай жақсы көретiндiктерiне сендiруi қажет. Нақты махабаттың
формуласы – бұл “сен жақсы болғасын сенi сүйемiн емес, сен барсың, мен сенi
сен қандайсың сондай кейпiнде сүйемiн” деген сөздердi жиi қолданылуынан
бала мен ата-ана арасында шынайы махабат туындайды.
Алайда баланы оны бар болғаны үшiн де мақтай беруге де болмайды , егер
шындығында баланың көптеген кемшiлiктерi болып, оны түзете алмаса оыны
қалай мақтай беруге болады? Бiрiншiден, тәрбиелеу тек баланы қабылдау,
мақтау немесе жазалаудан ғана тұрмайды, ол өзара байланыстың басқа да
ыормаларынан тұрады және ол жанұядағы өмiрде қалыптасады. Бұл жерде ата-
ананың өз махабатына сендiру, дұрыс эмоциялық фундаменттi, ата-ана мен бала
арасындағы дұрыс байланысты қалыптастыру туралы айтылады.
Екiншiден, баланы қабылдау оны бар болғаны үшiн сүюден, бала әлi өте
кiшi болса да дамып, жетiле түседi. Ата-ананың өз баласымен оның тұлғалық
кемшiлiгiн сынамай байланысқа түсуiне баласының бойында бiр жақсы және
күштi бiр ерекше күш бар деген сенiм көмектеседi. Шынайы махабат ата-ананың
балаларының әлсiздiгiн, кемшiлiгiн және жетiспеушiлiгiн белгiлеуден бас
тартқызады, олардың барлық тәрбиелiк күшiн баласының жағымды қасиеттерiн
мығымдауға, жан дүниесiнiң мықты жағын қолдауға, кемшiлiктер мен
жетiспеушiлiктерiмен күресуге бағыттайды.
Қабылдау негiзiнде баламен байланысқа түсу барған сайын ата-ана мен
бала арасындағы қарым-қатынастың шығармашылық сәттерiне айналуынан деп
түсiндiрiледi. Жасанды қылық немесе бiреудiң схемасын пайдаланып баланы
тәрбиелеу жасалады. Бiрiншi жобаға өз баласының “жаңа” портретiн жасау
жұмыстары шығады. Бұл жаңа ашуларға жол ашады.
Баланың тұлғалық қаиетi емес , оның iс әрекет қылықтарын бағалауда
оның авторларын өзгерте отырып жүзеге асыру керек. Шынында да егер сiз
балаңызды икемсiз, жалқау, кiр қожалақ деп атасаңыз, ол сiзбен әрине
келiспейдi және ол өз қылықтарын өзгерте қоймас. Бұл жағдайда баланың толық
тұлғалық қасиетiн мойындап және оны жақсы көретiндiгiн сендiруге оның
белгiлi бiр қылығы сынға түссе, мұндай жағдайда баланың өз қылығын өзiне
бағалауға мүмкiндiк берген жөн. Бадланыз кейiн тағы да қателесуi мүмкiн,
бiрақ ерте ме кешпе “дегенiңiз болады”, бұған сiздiң балаңызбен
байлаңысыңыз бұзылмайды, керiсiнше жеңiске жеткеннен пайда болатын қуаныш
ортақ қуанышқа айналады.
Балаға айтылған негативтiк ата-аналық бақылауды жүргiзiп отыру, сондай-
ақ мынадай жағдайларда қажет, көбiнесе ата-аналар басқа бiр себептермен
шаршап және еңтеңкеге көңiлi болмай жүрiп балаларына ұрсуы мүмкiн. Мұндай
кезеңдерде ата-ананың өзiн ұстай бiлгенi орынды. Бұндағы қабылдау ата-
ананың баланың терең алаңдауларын түсiнуге, оның “жүрегiне қатысуға”
мүмкiндiк бередi. Ашу, қайғы және кек емес, ата-ананың бойында барлық
жағдайларды сезiну – мiне бұл баласын сүйетiн нағыз ата-ананың эмоциясы.
Бала мен ата-ана арасындағы байланыс адамдар арасындағы ең күштi және
ең мығым байланысқа жатады. Тiрi организм неғұрлым күрделi болса, ол
сщғұрлым аналық организмге жақын болады. Бұл байланыссыз баланың дамуы
мүмкiн емес, ал ерте жасынан баланы анасынан айыру оның өмiрiне, болашағына
қауiп төндiруi мүмкiн. Адам болса ең күрделi биологиялық организмге жатады,
сондықтан ещқашан толықтай тәуелсiз бола алмайды.
Психолог А.Н.Леонтьев былай айтқан: “адам өмiрi – бұл бөлiнген өмiр
сүру, оның басты белгiсi болып басқа адаммен жақындасу қажеттiгi болып
табылады. Сонымен қоса бала мен ата-ана арасындағы байланыс қайшылыққа
толы, егер бала өсе келе өз ата-анасынан бөлiнуге тырысса,и ал ата-анасы
керiсiнше өз баласын жақын ұстауға тырысады. Ата-аналар жас өспiрiмдердi
өмiрдiң қиын жағдайларынан және аяқ астынан болатын себептерден сақтамақ
болып өздерiнiң тәжiрибесiмен бөлiсiп отырғысы келсе, ал балалары өзiндiк
бiр тәжiрибенi қалыптастырғысы келедi. Осы туындап оытрған iшкi қарама-
қайшылық көптеген мәселелер тудыруы мүмкiн, бұл тұрғыдан тәуелсiздiкке
ұмтылу мәселесi баланың өте кiшi жасынан басталады. Шынында да бала мен ата-
ана арасындағы анықталған бiр дистанция болуы қажет. Баланың алғашқы
қадамдары, “Мен өзiм” деген сияқты сөздерi оның тәуелсiздiкке ұмталғандығын
айғағы болып табылады. Ата-ана күнделiктi баласымен арасындағы дистанцияны
анықтап отыруы керек.
Осы мәселенiң шешiмi, басқа сөзбен айтқанда, балаға тәуелсiздiк беруе
ең алдымен баланың жасына байланысты, оның жаңалықтарды ашу дәрежесiне
байланысты реттеледi. Бұл жағдайда көбi ата-ананың тұлғалық ерекшелiгiне,
оның баласымен қатынасына тәуелдi болады. Жанұялар бiр-бiрiнен өз
балаларына беретiн тәуелсiздiк дәрежелерiмен ерекшеленедi. Бiр жанұяларда
бiрiншi сынып жасындағы балалар дүкенге барады, сiңiлiн бала-бақшаға
апарады, мектебiне өзi барады. Басқа бiр жанұяда жасөспiрiм кез келген
немесе өте кiшi әрекетi үшiн ата-анасына жауап бередi, оны достарымен
қыдыруға, оның қауiпсiзiдiгi үшiн де жiбермейдi. Мұндай балаалрдың достары
да ата-аналары жағынан таңдалып отырылады, баланың кез келген әрекетi ата-
анасы жағынан қатаң бақылауда болып отырады.
Бұл орайдағы дистанция тәрбиелеу процесiн анықтайтын жалпы фактормен
байланысты, ол ең алдымен “мотивке” тәуелдi. Бiр мотивтер адамға анықтаушы
маңызды болып келсе, басқалары бағынушылық мағынада болады. Басқа сөзбен
айтқанда адамның кез келген әрекетi оны тудыратын мотивпен анықталады. Кей
кездерде бiр әрекеттi бiрнеше мотив туғызады, ал осы мотивтер өзара қарама-
қайшылықта болуы мүмкiн. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшiн ата-ана өзiнiң
тәрбиелеушiлiк әрекеттерiн тудыратын мотивтерiн, ата-ана өзiнiң
мотивизациялық құрылымындағы бала тәрбиесiнiң қандай орын алатынын анықтау
керек.
Тәуелсiздiк мәселелерi егер тәрбие ата-ананың өзiне ұнайтын белгiлi
қасиеттердi қалыптастыру мотивтерiне бағынатын болса, онда бұдан тәрбиелеу
процесi мүлдем күрделенуi мүмкiн.
Бұрынғы тәжiрибе ықпалымен адам санасында өте жоғары деп аталатын
құндылықтар қалыптасады. Мұндай құндылық болып белгiлi бiр адамның қажеттi,
өмiрде маңызы бар деп табылғанм қасиеттерi саналуы мүмкiн. Мұндай
жағдайларда ата-аналар өз балаларында да осындай қасиеттер қалыптасатындай
етiп тәрбиелеуге талпынады. Мысалы, ата-аналар өзiнiң ұлынын немесе қызының
мейiрiмдi, ақ көңiл болып өсу керек деп ойлайды. Ата-аналары балаларын
тәрбиелеуде құнды деп тапқан қасиеттерi баласының индивидуалдық, өзiндiк
ерекше қасиеттерiне қарама-қарсы келгенде баланың тәуелсiздiк мәселесi одан
сайын күрделене түседi.
Осы мысалдағы мiнез-құлықтық бұзылуына ата-ананың баласының даму
ерекшелiгiне, оның жасына қарамастан оған жоғары құндылықтарды “күшпен”
үйретудiң нәтижесiнен пайда болып отыр.

I ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРЫ

1.1 Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы

Жанұя қажетілігін және жанұя функциясын басқалардан бөліп алып, оны
үлкейтіп, жалпылау қажет. Г.Навайтистің пікірі бойынша жанұя қажеттілігін
мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Отбасының материалдық жағадайын құру мен қолдау қажеттілігі;
2. Екі жастың үйленгеннен кейін ата-ана болумен байланысты – сүю мен
қорғау қажеттілігі;
3. Психологиялық және физический жақындасу қажеттігі;
4. Отбасында ерлі-зайыптының бір-бірімен сөйлесу, ақылдасу, араласу
қажеттігі.
Осыдан келіп жанұя әсерінің негізгі сферасы белгіленеді: тұрмыс,
балалар, интим және сөйлесу. Жанұяда қанағаттандырылатын қажеттіліктер
отбасынан тыс жерлерде іске аса алады, бірақ та отбасы олардың бәрін
біріктіріп комплексті түрде қанағаттандыра алады. Сондықтан әлеуметтік
дамудың бастапқы қайнар көзі отбасы болып табылады. Осыдан келіп әлеуметтік
дамуда отбасының сан түрлі қызметтері қалыптасады.
Отбасы функциясының көптүрлілігі оны әр авторлар әр түрлі негізде
айтады, бірақ та олардың функцияларының жиынтығы ұқсас. Мысалы: И.В.
Гребенников отбасы функциясын тиімді, тәрбиелі, коммуникативті қызмет пен
демалысты ұйымдастыру функциясын жатқызады.
Э.Г. Эйдемиллер және В.В. Юстицкис бойынша: отбасына тән тәрбие,
тұрмыстық-шаруашылық, эмоция функциялары және рухани байланыс, бірінші
әлеуметтік бақылау және сексуалдық – эротикалық функциялар жатады.
Негізінен әлеуметтану пәндерінде отбасы функцияларын негізгі және
негізгі емес деп топтастыруға болады.
Отбасының негізгі функциясына жататын бала туу және оларды тәрбиелеу,
отбасылық және қоғамдық мазмұн және тәрбиелеу процестері жатады және олар
қоғамның әр түрлі кезінде де сақталады.
Негізгі емес функцияларға келесілер жатады: меншікті жинақтау және
басқару, статус, өндірістік және жұмсауды ұйымдастыру, үй шаруашылығын және
демалыс шараларын іске асыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау және
микро деңгейде мемлекет құру шаралары жатады.
Отбасылардың функциялары өзара әрекет процесі кезінде табысты түрде
іске асып отыру үшін отбасы мүшелері нақты бір рольді орындап отырылулары
керек. Кейде отбасында осы аталған отбасылық рольдердің арасында
келіспеушіліктер мен бірін-бірі мойындамау орын алады.
Отандық ғылымда отбасы функциясы түсінігі отбасының ролі және отбасы
құрылымы түсінігіне қатысты болады. Көптеген социологтар отбасы функциясын
отбасындағы әлеуметтік рольдер жиынтығының негізгі мазмұны деп анықтайды.
Отбасы рольдік құрылымын суретеу кезінде рольдерді бөліп беру маңызды
мәселе болып табылады. Зерттеушілердің негізгі көңілі шаруашылық –
тұрмыстық және тәрбие функцияларының рольдерін зерттеуге бағытталған. Бұл
рольдер үй иесі мен әйелі, бала мен тәрбиелеуші және отбасыны асыраушылар.
Отбасының негізгі функцияларының осы күнге дейін нақты аталған бірдей
тізімі жоқ екенін атап кетуіміз керек. Әлеуметтік ғылымдарда әр авторлар
өзінің модельдерін ұсынады. Көптеген авторлар келесі 6-7 негізгі
функцияларды пайдаланады:
• Туу және бала тәрбиелеу функциясы;
• Ата-аналардың рухани қалыптасу функциясы;
• Эмоциялық қолдау және психологиялық қорғау функциялары;
• Нақты бір әлеуметтік статусқа жетуді;
• Өзін-өзі көрсете білуі;
• Сексуалдық байланыстарға мағына беруді қосады.
АҚШ пен Батыс Еуропа ғалымдары отбасындағы рухани байланысқа көп көңіл
бөледі, ал Шығыс Еуропа әдебиеттерінде отбасылық тұрмысқа байланысты
функцияға көп көңіл бөледі. Ал Қазақстанда бұл аталғандардың кез-келгенің
кездестіруге болады. Өйткені елімізде 100-ден астам ұлттар және олардың
әлеуметтік жағдайлары да әр түрлі болуына байланысты.
Әрбір ер адам әке мен күйеу болуға, ал әрбір әйел адам ана мен әйел
болуға табиғи және қоғаммен бірге дайындалады. Әйел мен еркек арасындағы
қатынастар отбасындағы, қоғамның экономикалық құрылымымен анықталады. (1(
Матриархатта - өзінің экономикалық негізі болды және патриархатта да.
Екі жағдайда отбасы абыройлы болып келді. Қоғамның дамуының жаңа кезеңінде
отбасын құру және қалыптастыру мәселелеріне деген қызығушылық өседі.
Қазіргі кездегі жас отбасын әр түрлі ғылымдар саласы зерттеп, оны бақылап
отырады.
Отбасылық рольдер түсінігі әлеуметтік құрылым болып табылады.
Социологиялық психологтар осыған сүйеніп өз зерттеулерін жасай алады.
Социалдық роль социологиялық жүйенің басты функцияларының бірі ретінде
түсіндіріледі.
Роль дегеніміз – қабылданған нормаларға сәйкес келетін жеке тұлғаның
әлеуметтік функциясы, адамдардың өз ролінің негізінде қызмет етуі, олардың
өзіндік тәртібі, тәсілі, олардың ұстанған статусына, қоғамдағы жағдайды
ескеру, сонымен қатар әрбір роль қызмет ету барысында қоғамдық қарым-
қатынастар жүйесіне тәуелденген.
Рольдердің, қарым-қатынастардың, нормалардың анық болуына байланысты
қазіргі кездегі отбасылардың алдында бірталай әлеуметтік-психологиялық
мәселелер тұрады. Ең бастысы отбасылық рольдік әрекеттесу тәсілін таңдау
мәселесі туындайды.
Отбасындағы рольдік құрылымның пайда болу процесі отбасының әлеуметтік
және психологиялық жалпылық болып қатысуының негізін көрсетеді, ерлі-
зайыптылардың бір-біріне өзара үйренгенін, отбасылық өмірдің стильінің
пайда болғанын көрсетеді. Бұл процесс ерлі-зайыптылардың өзара рольдік
қатынастарымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде өзара қатынастар сапасы оны
ерлі-зайыптылар қалай қабылдағанына және оны қаншалықты деңгейде іске
асыруында деп саналады.
Бүгінгі таңда үйленген жастар өз некелерін қалай қабылдайды, осы
кездегі олардың рольдік қатынастары қандай орын алады деген маңызды
сұрақтар аз зерттелген сұрақтар болып табылады. Шетелдерде психология
саласында жыныстық рольдер жүйесі, жыныстық рольдер дифференциясы деге
нтүсініктер бар.
Жыныстық рольдер – мәдениетті норма жүйесі қатынасына жататынына қарай
анықталатын тәртіп-тәсілі және жеке адамның санасы болып келеді. Бұл жүйені
жыныстық рольдік жүйе деп атайды.
Жыныстық роль жүйесі дегеніміз – еркек пен әйелге келісетін және оны
мойындайтын социологиялық рольдер мен социологиялық әрекеттердің мәдени
көрініс табуы. Батыс мәдениеттерінде үй-жұмыс деген линия бар. Ер адам –
маман болу керек, тұрақты және жалақысы жоғары жұмыс істеуі керек, ал әйел
үйге, отбасыға, балаға жауапты болуы керек.
Әйел адамның мамандық қызметі екінші сатыда тұрады. Осындай бөліс
жыныстық рольдік дифференция деп аталады. Еркек немесе күйеуі отбасын
материалдық жағынан қамтамасыз етуі керек, ал әйел – үй шаруашылығына
қарап, бала тәрбиесіне жауапты болуы қажетті. Осы рольдік модельдерді
шетелдік көптеген зерттеушілер қолдайды, оны жақтайды. Мысалы: Най Ф.И.,
Пляк Дж., Сканцони Дж және т.б. айтып өтсек болады. Бірақ соңғы уақыттарда
шетелдік зерттеушілер еңбектерінде анализдің басты пәні факторлар мен одан
қалған әсерлер болып табылады.
Біріншіден, әйелдер отбасын асырайды, екіншіден еркектер де үй
шаруашылығына және бала тәрбиесіне қатысады. Осыған әсер ететін әлеуметтік-
демографиялық факторлар, әлеуметік сыныптарға тән болуы, отбасылық кезең
циклдары, әйелдің жұмыс істеу қажеттілігі екені бізге белгілі.
Қазіргі жаңа отбасылардағы рольдің әлеуметік-психологиялық талдауы
үшін, отандық және шетелдік зерттеушілердің нормалардың анық емес екені
туралы қорытындысы ең басты белгісі болып табылады. Мұндай жағдайлар
отбасының алдына көптеген әлеуметтік-психологиялық мәселелерді туғызады.
Бұл кезде отбасындағы роьдердің маңызды ойнаушылары ерлі-зайыптылардың
алдында таңдау функциясы туады.
Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ
тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу
және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және
теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек.
Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз
немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.
Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-
келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең
басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп
отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп,
оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.
Ата-аналар баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-
аналарының тұлғасы кез-келген адам өмiрiнде маңызды рөл ойнайды. Мысалы,
өмiрлiк тәжiрибеден алып қарасақ қиын сәттерде бiздiң ата-аналарымызбен,
әсiресе анамызбен сөйлесуiмiз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-
ана қатынасын бейiмдейтiн сезiмдер – бұл басқа эмоциялық байланыстардан
күштi ерекше сезiмдер.
Ата-ананың махабатына деген қажеттiлiк – жас өспiрiмге шындығында
керектi өмiрлiк қажеттiлiк. Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты
шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген
махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының
махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын
қызметтердi атқара бастайды.
Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр
әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп
ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi,
бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.
Ата-ана махабаты – адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және
iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.
Мысалы, егер ата-ана барлық жағдайда жаңаша көзқараста болса, кез-
келген сұрақтарға дұрыс жауап қайтара бiлсе, онда мұндай жағдайда олар ең
басты ата-аналық мiндеттi орындай алмайды, себебi баласына бәрiн өзi iстеп
отыратын ата-ана баласын өзiнше iзденуге, жаналарды өзiнше танып бiлiп,
оның оңы мен солын айыруына мүмкiндiк жасамайды.
Бала мен ата-ана арасындағы байланыс адамдар арасындағы ең күштi және
ең мығым байланысқа жатады. Тiрi организм неғұрлым күрделi болса, ол
сщғұрлым аналық организмге жақын болады. Бұл байланыссыз баланың дамуы
мүмкiн емес, ал ерте жасынан баланы анасынан айыру оның өмiрiне, болашағына
қауiп төндiруi мүмкiн. Адам болса ең күрделi биологиялық организмге жатады,
сондықтан ещқашан толықтай тәуелсiз бола алмайды.
Сондықтан да ата-ананың басты және негiзгi мiндетi – ең бiрiншi
балаларына өздерiнiң жақсы мiнез-құлығымен, адами жақсы құндылықтарымен
жақсы көрiнетiндiгi мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенiм
туғызу. Яғни, ешқашанда балалары өздерiн ата-аналары жақсы көретiндiгiне
күмән туғызбауы керек. Ата-ананың ең табиғи және ең қажеттi мiндетiнiң бiрi
өз балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махабатпен,
қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарау. Өз балаларын қоғамдық жағынан дамыған
тұлға етіп тәрбиелеу. Бiрақ қазiр кез келген болашақ ата-аналар өз
балаларына осынау бiр үйреншiктi болып кеткен сөйлемдердiң қаншалықты
дұрыстығына немесе қандай жағдайларда айтылатынына қарамастан, осы
сөйлемдердiң өз балаларымен байланысқа түсуiне кедергi болатындығын,
олардың өздерiн жақсы көретiндiгiне күдiк тудырып, бала мен ата-ана
арасының алыстауына себеп болатындығын түсунуi керек. Сондықтан ата-аналар
өз балаларының тек қана терiс қылықтарын ғана бағаламай, оны қандай болсын
өзiнiң махабаттарына, оны сондай жақсы көретiндiктерiне сендiруi қажет.(2(
Нақты махабаттың формуласы – бұл “сен жақсы болғасын сенi сүйемiн
емес, сен барсың, мен сенi сен қандайсың сондай кейпiнде сүйемiн” деген
сөздердi жиi қолданылуынан бала мен ата-ана арасында шынайы махабат
туындайды. Бұл арадағы ата-ананың өз балаларының алдындағы отбасылық ролі
оларға қамқор болу, оларды жан-тәнімен сүйе білу.
Отбасындағы рольдік қатынастағы тепе-теңдік деңгейдегі ережесі
отбасының өмір сүруі негізіне тиімді болып келеді. Сонымен енді әлеуметтану
пәні және тағы басқа қоғамдық ғылымдар негізінде жүйеленген отбасылық
рольдерді келесідей жіктеуге болады:
1. Отбасын материалдық қамтамасыз етуге жауапты адам. Бұл рольдің
отбасындағы орны жоғары, өйткені отбасын кім материалдық жағынан нақты
қамтамасыз етсе, сорың сол тұлғаның отбасындағы өзіндік үстемдіктері
болады. Сонымен қатар, осы рольдегі адам отбасының көптеген күнделікті
ұсақ-түйек шаруаларының барысынан хабарсыз болады, себебі ол көбінесе
сырт жерлерде болады.
2. Отбасындағы ер адам мен әйелдің өзіндік ролі, тарихи қалыптасқан
үрдіс бойынша түркі халықтарында отбасындағы ер адамның ролі өз
отбасына қамқор болу, оны қорғау, отбасын асырау және т.б. қызметтер
болған, ал әйелдің балаларына қамқор болу, үйдің көркі болу, балаларын
тәрбиелеу сияқты қызметтерді мойнына алған.
3. Жаңа туған сәбиге қарау жауапкершілігі ролі; Бұл рольді отбасында сол
отбасының құрамына байланысты әр түрлі отбасы мүшелері атқара алады.
Мысалы, әжесі, үлкен балалары, туыс-туғандары, бірақ бұл жерде әрине
жас сәбиге қарауда ананың жауапкершілігі бірінші орында болады.
4. Тәрбиелеуді іске асыру ролі; Тәрбиелеуді отбасында жоғарыда атап
өткендей отбасының барлық мүшелері өз дегенінше бере алады. Бұл жерде
ерекше атап өтетін тәрбиелеу ролін көбінесе баланың әжесі мен атасы
көп айналысады.
5. Сексуалдық партнер рольдері; Бұл отбасында ерлі-зайыптылардың
арасындағы рольдер болып табылады.
6. Бос уақытты жақсы өткізуді ұйымдастырушы ролі;
7. Отбасының субъмәдениетін ұйымдастырушы;
8. Туған-туыспен байланыс және қарым-қатынас жасауға бейім адам ролі;
9. Отбасындағы психотерапевт ролі.
Бұндағы бір роль басқа рольдермен бірге өзара әрекеттескен кезде ғана
іске асады. Отбасылық рольдер көптеген психологиялық қажеттіліктерді
қанағаттандыратын жүйе құрулары керек.
Дәстүрлік және жай отбасылар дегеніміз не? Олардың айырмашылығы
қандай? Дәстүрлі отбасыларда - әйелдің ролі ана болу және үй қызметін
атқару, ал еркек адам отбасын материалды және отбасын қорғауды қамтамасыз
етуге және сексуалдық қатанастарға жауапты.
Ал эгалитарлық отбасында барлық рольдер еркек пен әйелдің арасында
бірдей, тең бөлінеді. Бұлардың арасында көшпелі рольдер формалары да бар.
Әйел күйеуіне дос, психотерапевт болады. Соңғы кезде жаңа отбасыларындағы
олардың құрылымдарында көптеген өзгерістер болғанын атап өтсек болады.
Мысалы, отбасының өзіндік рольдерінің жауапкершілігі мен деңгейі азайды,
себебі, отбасында көбінесе бала саны аз, үлкен аға мен қарындастардың
маңызы кеміді, сонымен қатар көптеген қызметтер жеңілдетілді.
Тәрбие мен қажеттiлiк эмоциялық байланыста. Кез-келген адамда басты
бағдарлардың бiрi басқа адамның психологиялық тұрғысына бағыттылық болады.
Мiне осы қажеттiлiк эмоциялық байланыстағы қажеттiлiк деп аталады. Бұл
орайда екi жақты байланыс туралы, яғни бiр адамның қыхығушылық пәнi болып
табылатын, ал басқалардың оның сезiмiн түсiнуi туралы айтылады. Осындай
күрделi эмоциялық байланыстан барып әрбiр адам жанына байланыссыз
бағдарының құндылығын түсiнедi.
Баланы тәрбиелеу мақсаты эмоциялық қажеттiлiк куәлiгiне байланысты
болатын жағдайлардан тұруы мүмкiн. Бала қажеттiлiктiң орталығы, оны
қанағаттандыру ата-ананың жалғыз объектiсi болып табылады. Бұл орайда
мысалдар өте көп, әсiресе қандай-да бiр себептермен басқа адамдармен қарым-
қатынаста қиналатан, ата-аналар болуы немесе жалғыз ғана аналардың болуы,
бар уақытын немерелерiне арнаған аналар болуы мүмкiн. Ата-аналар ешбiр
ойсыз өз қажеттiлiгiнiң объектiсiн сақтауға, баланың жанұядан тысқары
ортаға шығуына кедергi бола отырып, тырысып бағады.
Баланың қарым-қатынас кезiнде ата-ана тәрбиесi өмiр мәнiнiң
қажеттiлiгiн жүзеге асырудың жалғыз формасы болса, онда баланың болашақ
өмiрiнде өте үлкен мәселе тудыруы мүмкiн. Поляк психологы К.Обуховскин өзi
зерттеген өмiр мәнiнiң қажеттiлiгiн жүзеге асырудың кезеңдерiн, әрбiр
жетiлген адамның жүрiс-тұрысын сипаттайды. Бұл қажеттiлiктi
қанағаттандырмай адам қоғамдық ортада дұрыс қызмет ете алмайды, өзiнiң
бойында бар мүмкiншiлiктерiн максималды дәрежеде қолдана алмайды. Мұндай
мүмкiншiлiктi қанағаттандыру адамның өз өмiрiнiң мәнiн анықтап, өзiнiң
барлық iс-әрекетiн соған негiздеумен байланысты. Бұл адам баласының әрқашан
өз әрекеттерiнiң барысын, өмiрiнiң жалпы мағынасын анықтап отырады дегендi
бiлдiредi ме? Әрине бұлай емес, бiрақ кез-келген адам қажет болған
жағдайда өз өмiрiнiң мәнiн табуға тырысады.
Өмiр мәнiнiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру болып балаға қарау, оған
қамқор болу табылуы мүмкiн. Шешесi, әкесi немесе әжесi мен атасы
өздерiнiң өмiрiнiң мәнi баланың баланың физикалық жағдайына қарау мен оны
тәрбиелеу деп қана санауы мүмкiн. Олар өздерiнiң өмiрдегi мақсаты басқа бiр
нәрсе деп, бала тәрбиесiн әрқашан мойындамауы мүмкiн. Олар өздерiн
бақыттымын деп тек олар бiреуге қажеттi болғанда ғана сезiнедi. Егер
балалары ер жетiп, олардан кетсе, ата-аналар өз өмiрiмiздiң мәнiн жоғалттық
деп санауы да мүмкiн. Ол үшiн олар өздерiнiң қамқоршы деге натауын сақтауға
тырысып, “ балам мұны дұрыс iстей алмайды” деп баланың барлық ұсақ-
түйекжұмыстарын өзi iстеп беретiн ата-аналарды мысалға келтiруге болады.
Осының нәтижесiнде баласы өзiнiң қажеттiгiн сезiнедi, бiрақ оның кез келген
өз бетiнше бiр әрекет етуi ендiгi жерде ата-анасы жағынан кедергiге ұшырап
отырады. Ал мұндай әркеттер бала өмiрiнiң тиiмдiдамуына керiсiнше зиянды
болып келедi.
Кейбiр ата-аналарды баланы тәрбиелеу жетiстiк мотивiнен туындауы
мүмкiн. Мұндай тәрбиелеудiң мәнi олардың өздерiнiң ата-аналарынан қажеттi
жағдайлардың болмауынан немесе өздерiнiң бейiмдi болмауынан жете алмаған
нәтижелерге жетуден тұрады. Мысалы, әкесi өзiнiң бала кезiндегi арманы
әскери адам болғысы келдi, бiрақ оған жетуге жағдайы болмады. Ендiгi жерде
әкесi өз балаларының әскери адам болғанын қалайды.
Ата-аналардың мұндай шаралары олардың эгоизмiнен туындайды: “Бiз өз
балаларымызды өзiмiзге ұқсатып қалыптастырғымыз келедi, өйткенi олар бiздiң
ұрпағымыз ғой” деп ойлайды. Бұл жағдайларда бала тәуелсiздiктен айырылады,
бала өзiнiң жеке тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыруға мүмкiншiлiгi болмайды.
Осының салдарынан оның мүмкiншiлiгi одан биiк шындарға жететiн алғыр
балалардың мүмкiншiлiктерi, қабiлеттерi ескерiлмей қалады. (3(
Балалары өз ата-аналарының махабаты және ата-анасының мейiрiмiн
қанағаттандырып, олардың үмiтiн үзбес үшiн өзiне тиесiлi емес жат
әрекеттердi iстеуге тура келедi. Бұл жағдайда осы әркеттер баланың
тұлғасына және табиғи қабiлетiне сәйкес келмейтiн жалған жолға түседi де,
ол ақырында жетiстiксiз жағдайларда аяқталады. Кейбiр жағдайларда бала
өзiне жат талаптарға қарсы шығуы мүмкiн, бұл әрекетiарқылы бала ата-
анасының сенiмдерiн ақтамағаны үшiн ата-анасын ренжiтуi мүмкiн, осының
нәтижесiнде бала мен ата-ангаларының арасында белгiлi бiр алшақтық пайда
болады.

1.2 Отбасы типологиясы

Отбасы үш махаббаттың біріккен қайнар көзі:
1. Ерлі зайыптылардың, яғни әйелі мен күйеуінің;
2. Ата-аналардың;
3. Балалардың.
Бұл махаббаттар парыздан, адалдықтан, тәртіптіліктен, жалпы
қызығушылық пен ортақ мақсаттардан, бірін-бірі сыйлаудан, бірін-бірі
сыйлаудан көрініс табады. Осы себепті бүгінде отбасы келесідей топтарда
сипатталады:
• Әлеуметтік-сыныптық белгі – жұмысшы отбасысы, ауыл шаруашылығы
отбасы, интелектуалдық еңбек отбасысы;
• Қалалық және ауылдық отбасылары;
• Бір ұлттық және көп ұлттық отбасы;
• Өмір сүру уақытына қарай (жас отбасы, жаңа үйленген отбасы, бала
күтіп отырған отбасы, орта жастағы отбасы, үлкен отбасылар және
кәріліктегі отбасылар),
• Отбасы мүшелеріне байланысты – баласыз отбасы, көп балалы
отбасы, баласы аз отбасы. Егер жоғарыдағы аталған үш түрлі
жіктелу қарапайым болып келсе, ал соңғы 4-ші және 5-ші типтер
көптеген айырмашылқтары бар және күрделі болып табылады.
Осыларға ендігі жерде жеке-жеке тоқталып өтсек:
Жаңа үйленген отбасы – бұл жаңа бас құраған ерлі зайыптылардың
отбасысы. Олардың махаббаты әлі де болса жалындап тұрған от, жалын сияқты
болып келеді. Олар бір-бірін соншама сүйгендіктен бір-бірінің кемшіліктерін
көре алмайды. Олар тату-тәтті өмір сүреді. Бірақ қанша дегенмен мұндай жаңа
үйленген отбасылардың өмірлік және отбаслық қарым-қатынастағы тәжірибелері
жеткіліксіз болады.
Жаңа отбасы – бұл кезде алғашқы қиындықтар пайда бола бастайды. Осы
кезед жастар жалғыз махаббат аздау болды ғой деймін деген оймен оларда
өзара мейірімділік пен сыйлаушылық қасиеттері пайда болады. Екі жас ендігі
жерде жалындаған махаббат сезімдеріне емес, қайта өзара ортақ сенімділікке,
мақсатқа сеніммен қарап, соған қарай бет алады.
Бала күтіп отырған отбасы – осы кезде әйел адам қатты өзгереді, ал
болашақ әке өзгеріссіз қалады. Олардың арасында бір-біріне қамқорлық жасау
көбірек болады, осындай қарым-қатынас болашақ ана мен балаға екі есе қажет
болып табылады. Бұл кезеңде күйеуі ендігі жерде отбасының тірегі ретінде өз
әйелі мен баласына қамқор болуға кіріседі.
Ерлі зайыптылардың орта жастағы отбасысы – 3 жылдан 10 жылға дейінгі
аралықта бірге өмір сүргендер арасында көрініс табады. Бұл кезең отбасы
үшін өте жауапты кезең. Неге? Себебі, осы кезеңде іш пысу басталады, ерлі
зайыптылар арасындағы қарым-қатынастарда бірқалыпты өзгеріссіз болады.
Халық аузындағы мақалдарда былай айтылған: Жалғыз махаббатпен тоймайсың,
ол махабатыңмен өмір бойы құшақтасып отыра алмайсың. Осы аралықта
жанжалдардың әр түрлі негіздегі түрлері шыға бастайды. Осыған байланысты
осы кезеңде ажырасулыр көп болады.
Ерлі зайыптылардың үлкен жастағы отбасысы – (10 жылдан 20 жыл бірге
өмір сүргендер) мұндай отбасының моралдық-психологиялық жақтары жеке
адамның байлығына, бір-біріне жаны ашып тұруына, қызығушылықтарын
ортақтығына байланысты болады. Олардың өмірлік тәжірибелерінің молаюына
байланысты алдан шыққан кез-келген қиыншылықты жеңіп кете алады.
Қартайған ерлі зайыптылардың отбасысысы – (20-40 жыл аралығы) бұл
кезеннің екі қанаты болады: біреуі қуанышты әкетеді, екіншісі көз жасыңды
сүртеді. Осы кезде олар ана мен ата болады, өз балалары үйленіп, оларда
балалы болады, ендігі жерде ата-ана отбасындағы жаңа функцияларды
меңгереді, олар бір-бірлерін одан сайын сүйе бастайды.
Қазіргі таңда отбасының нақты түрлері келесілер:
• баласы жоқ,
• баласы аз,
• көп балалы;.
Баласы жоқ отбасында – 10 жыл өтсе де балалары болмаған отбасылары
жатады. Елімізде мұндай отбасылар 10%-ды құрайды, олардың 2%-ы табиғи-
медициналық себептер болса, ал қалған бөлігі өздері баланы қаламағандар.
Мұндай отбасылардың алдыға қойған ортақ мақсаттары мен сенімділіктері әлсіз
болғандықтан өзара және қоғам үшін тиімсіз ажырасуға жиі ұшырайды. Осындай
жағдайларда көбінесе еркектің бастауы бойынша отбасы ажырасуға барады,
себебі балалы бола алмағандығына байланысты. Өйткені баласы жоқ
отбасыларында береке, ортақ мақсаттар, өзара сенімділік пайда болмайды және
әлсіз болады. Бұл отбасы түрі көбінесе халықтың менталитетіне және
әлеуметтік жағдайларға байланысты болады.
Бір баласы бар отбасылар – мұндай отбасылар бүгінгі таңда күннен
күнге көбейіп келеді. Олардың әрбір екіншісі ажырасып кетеді. Бірақ оның
себебі тек бір ғана баланың болуы емес. Көбінесе бір балалы отбасынан
интелектуалдық жақсы дамыған, бірақ та морально-психологиялық және
коммуникативтік жағынан нашар дамыған адам шығады. Ол балалар
жауапкершіліксіз, еңбекқор емес, өзімшіл, көптеген адамдармен дұрыс қарым-
қатынас жасай алмайды. Сондықтан отбасында жалғыз баласы бар отбасыларында
ата-анасы баласының достарының көп болуына жағдай жасауы керек.
Баласы аз отбасы – (1 немесе 2 баласы бар) әлеуметтанушы мамандардың
байқауы бойынша 2 бала дүниеге келген соң отбасының тұрақтылығы 3 есе
артады. Ондай отбасылардың әрбір 6-шісі ғана ажырасады.
Көп балалы отбасы – мұндай отбасыларда ажырасу өте сирек кездеседі.
Бұл отбасында әйелдің еңбегі зор - әйел анаға батыр ана атағы беріледі.
Қазіргі кезде көбінесе әйелдер мұндай ерлікке бара бермейді. Көп балалы
отбасыларында егер де сол отбасының әлеуметтік жағдайы нашар болса, онда
бұндай отбасылардың кейбіреулерінде жасөспірім балалар толық отбасылық
тәрбие мен қажеттіліктерін ала алмай қалуы мүмкін.
Толық емес отбасы – мұнда балаларымен бір ғана ата-ана болады,
көбінесе – шешесі болады. Мұндай жағдайдың себептері – ерлі зайыптылардың
біреуінің қаза табуы, ажырасу не баланың некесіз туылуы, не жеке басты
әйелдің бала асырап алуы жатады. Отбасының мұндай түрлері әлеуметтік қоғам
тұрғысынан тиімді емес. Шешелері немесе әкесі жұмыста болғанда бала бос
болады да бұзықтыққа ұшырайды, жас өспірім бала өзінің өсуі барысында
ананың немесе әкенің сүйіспеншілігін және оның қамқорын көре алмайды,
сондықтан жаман қылықтар жасайтын балалардың 50%-ы осындай отбасыларынан
шыққан балалар жатады. Бір жағынан қарасақ осындай отбасынан шыққан балалар
еңбекке ерте араласады, түсініктері ерте қалыптасып, эмоциялық мықты,
тұрақты болып қалыптасады.
Жеке, қарапайым отбасы – оны баласы бар немесе баласы ата-аналарынан
бөлек тұратын, туыстарынан бөлек және шалғайда тұратын ерлі-зайыптылар
отбасы құрайды. Олар ешкімге бағынбайтын дербес болады да, өз бетімен өмір
сүреді. Осы отбасылардың өздерін көрсетуге, жеке қасиеттерін, қабілеттерін
байқауға толық мүмкіндік болады. Бірақ кейде теріс жақтары да болады. Бір
болымсыз нәрселерге ажырасып кетуі жиі болады, себебі оларды татуластыратын
туыстардың алыс немесе хабарсыз болуымен байланысты орын алады. .
Күрделі отбасы – бұл отбасында бірнеше ұрпақтар болуын сипаттайды.
Бұндай отбасылар әсіресе қазақ ұлтында жиі кездеседі. Бұл отбасылардың
тұрмыстары жақсы, бос уақыттары көп болады. Бір-бірінің пікірлеріне құлақ
салады, олармен ылғи да ақылдасып отырады. Бірақ та кейде ажырасу кезінде
көптеген мәселелер орын алады.
Үлкен отбасы – бұл отбасында 3 немесе одан да көп отбасылар немесе
ерлі зайыптылар отбасысы бірге тұрады. Мұндай отбасылар қазақ ұлтында
көбірек кездесіп тұрады. Әсіресе ол ауылды жердегі отбасыларға тән құбылыс.
Мұндай отбасында ұрыс-керіс аз болады, ашық түрде ешкім ұрыспайды. Барлығы
тату-тәтті тұрады, бірігіп еңбек етеді. Осындай отбасыларында бір адамның
басқаруы және бірігіп басқару орын алып отырады. Сонымен қатар еліміздегі
отбасылардың басым көпшілігін ер адамдар басқарады, әрине бұған ұлттың
менталитеті мен салт-дәстүріде әсер етеді. Мұндай отбасыларында басқару
үшін ұрыстар жиі болып тұрады.
Студенттік отбасы – мұндай отбасылардың бір ерекшелігі – олардың
көбінің тұратын жері, үйлері жоқ болады, ата-аналарына материально
бағынышты болады. Олар тұрмыста көптеген қиыншылықтарға кездесіп тұрады.
Бірақ та олар ұйымшыл, активті, прогрессивті болады. Олар қоғамдағы жақсы
өзгерістерге сенімді болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар
Отбасылық тәрбие стилдері
Толық емес отбасынан шыққан бастауыш сынып балаларының сипаттамалары
Отбасындағы проблемалар
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Мектепке дейінгі мекемелердегі психолог қызметі
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі
Ата - ана мен бала арасындағы қарым қатынас стилдерінің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Отбасын негізгі тәрбие мектебі ретінде қарастыру
Пәндер