Дағдарыстан шығу кілті
Дағдарыстан шығу кілті
«Российская газета» басылымы
Нұрсұлтан Назарбаев
Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.
Осыған байланысты айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз іс. Қазір осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бастысы – оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ. Бұл үшін біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек.
Егер біз Ескі әлемнің жетілмеушілігін еңсерудің бірегей мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Жаңа әлем құрудың шынайы ниетінде болсақ, басқаша жол жоқ. Бұл үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың орасан зор күш-жігерін, интеллектуалдық және материалдық ресурстарды жұмылдыру және көп уақыт қажет болатыны түсінікті. Бізге түбегейлі жаңа қисынды құру және әзірге шартты түрде жаһандық (немесе ұлы) Транзит әлемі деп атауға болатын осы өткел бойынша ортақ жаңа “қозғалыс ережесін” әзірлеу қажет болады. Бірақ та алдымен осынау жаһандық дағдарыстың, оның бастауларының алғашқы себептерін белгілеп көрейік.
Терең әлемдік ақау
Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген екен: “Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша айтсақ, “Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы” екенін әбден анық пайымдауға болады.
Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес, бәзбір терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары.
Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-жігеріміз тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған ақау кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді.
Солай болып отыр, бүкіл біздің әлеміміз күтпеген ретте және байқаусызда жаһандық дағдарыс туннелінің “кіреберісінен” өтіп кеткен, ал одан “шығар есік” бүгінде ешкімге дерлік көрінбей тұр.
Бұл, бәлкім, біз бүгінгі әлемге, сол секілді болашақ Жаңа әлемге бұрынғыша ескі ойлау құралдарының оптикасы арқылы қарайтынымыздан орын алған болар. Бірақ та түбегейлі жаңаруды бастау үшін бізге бүкіл ойлау жүйемізді жаңарту керек. Тиісінше барлық ұғымдарды, категорияларды, теорияларды, кестелерді, ойлау тұжырымдарын және жаңа дүниенің деректері мен құбылыстарын белгілейтін терминдерді жаңарту керек.
Әлемдік дамудың негізіне не алынған? Оның дамуының ядросы мен моторы – бұл туындаған әлемдік байлық ретіндегі әлемдік капитал. Ал бұл капиталдың негізіне не алынған? Жауап – әлемдік валюта жүйесі. Ал әлемдік валюта жүйесінің негізіне не алынған? Оның негізінде туындату және айналу тетіктері – заңдар, ресімдер, эмитенттер, арналар, пайдаланушылар және с.с. жатыр.

Российская газета басылымы
Нұрсұлтан Назарбаев
Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік
дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем
тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық
бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық.
Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі
догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.
Осыған байланысты айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз іс. Қазір
осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын
анықтауға, ең бастысы – оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу
маңыздырақ. Бұл үшін біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың
және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде
тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек.
Егер біз Ескі әлемнің жетілмеушілігін еңсерудің бірегей мүмкіндігін тиімді
пайдаланып, Жаңа әлем құрудың шынайы ниетінде болсақ, басқаша жол жоқ. Бұл
үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың орасан зор күш-жігерін, интеллектуалдық
және материалдық ресурстарды жұмылдыру және көп уақыт қажет болатыны
түсінікті. Бізге түбегейлі жаңа қисынды құру және әзірге шартты түрде
жаһандық (немесе ұлы) Транзит әлемі деп атауға болатын осы өткел бойынша
ортақ жаңа “қозғалыс ережесін” әзірлеу қажет болады. Бірақ та алдымен
осынау жаһандық дағдарыстың, оның бастауларының алғашқы себептерін белгілеп
көрейік.
Терең әлемдік ақау
Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген екен:
“Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша айтсақ,
“Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы” екенін әбден анық
пайымдауға болады.
Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи
апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес, бәзбір
терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары.
Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау
алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-
жігеріміз тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған
ақау кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа
дағдарыстарды туындата береді.
Солай болып отыр, бүкіл біздің әлеміміз күтпеген ретте және байқаусызда
жаһандық дағдарыс туннелінің “кіреберісінен” өтіп кеткен, ал одан “шығар
есік” бүгінде ешкімге дерлік көрінбей тұр.
Бұл, бәлкім, біз бүгінгі әлемге, сол секілді болашақ Жаңа әлемге бұрынғыша
ескі ойлау құралдарының оптикасы арқылы қарайтынымыздан орын алған болар.
Бірақ та түбегейлі жаңаруды бастау үшін бізге бүкіл ойлау жүйемізді жаңарту
керек. Тиісінше барлық ұғымдарды, категорияларды, теорияларды, кестелерді,
ойлау тұжырымдарын және жаңа дүниенің деректері мен құбылыстарын
белгілейтін терминдерді жаңарту керек.
Әлемдік дамудың негізіне не алынған? Оның дамуының ядросы мен моторы – бұл
туындаған әлемдік байлық ретіндегі әлемдік капитал. Ал бұл капиталдың
негізіне не алынған? Жауап – әлемдік валюта жүйесі. Ал әлемдік валюта
жүйесінің негізіне не алынған? Оның негізінде туындату және айналу
тетіктері – заңдар, ресімдер, эмитенттер, арналар, пайдаланушылар және с.с.
жатыр.
Жеті қарапайым сұрақ
Біздің ойлануымызды түбегейлі жаңартуды, мәселен, әлемдік валюта жүйесін
сауықтырудың мәнін барынша айқын және түбегейлі түсіндіретін мына жеті
қарапайым сұраққа адал жауап беруден бастауға болар еді.
1. Қазіргі де-факто бар әлемдік валюта заңды де-юре болып табыла ма?
Әлемдік валюта туралы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойған және
әлемнің көптеген парламенттері бекіткен әлемдік заңның жоқ жағдайында
заңдылықтың мұндай деңгейі туралы айтуға әзірге тура келмейтіні белгілі.
Қазіргі бар әлемдік валюта әлемдік заң тұрғысынан оның заңдылығы де-юре
анықтала алатын әлемдік заң пайда болғанға дейін де-факто туындағандықтан,
оны “заңға дейінгі” ретінде анықтаған дәлірек болар еді.
Сондықтан Жаңа әлемнің валютасы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол
қойып, әлемнің көптеген парламенттері ратификациялайтын Әлемдік валюта
туралы бүкіләлемдік заңның негізінде жүзеге асуы тиіс. Бұл ретте әлемдік
валюта ретінде әлемнің кез келген мемлекетінің ұлттық валютасын пайдалану
нәтижесіз болады. Бұл заң оның қағидаттық тұрғыда ұлттықтан жоғары
мемлекетаралық мәртебесін және арнайы құрылған бүкіләлемдік Эмиссия
орталығы оның эмиссиясы қағидаттарын нақты да бір мәнді анықтай алар еді.
Мұндай жүйе адамзат тарихындағы алғашқы абсолюттік тұрғыда заңды және жария
әлемдік валютаның негізі бола алар еді.
2. Әлемдік валюта эмитентінің қызмет ресімі шынайы демократиялық болып
табыла ма?
Әлемнің бір де бір халқы әлемдік валюта эмитентінің шешімдерін қабылдауға
да, қызметіне де қатыспайтыны айдан анық. Сондықтан да ескі әлемнің әлемдік
валютасы эмитентінің қызмет ресімдері қай жағынан да немесе қай тұрғыдан да
демократиялық болып табылмайды.
Осыған байланысты жаңа әлемдік валютаны пайдаланушылар – барлық негізгі
субъектілер әлемдік валюта туралы заңға сәйкес оның эмиссиясын және қатаң
демократиялық ресімдер бойынша әрекет ететін эмитенттерін басқарудың
демократиялық органдарын құра алар еді.
3. Әлемдік валютаның сұранысы мен ұсынысының баланс тетігі бәсекеге
қабілетті және еркін болып табыла ма?
Осынау рыноктың барлық қатысушыларының бәсекелі қызмет ережелерін
белгілейтін және бақылайтын әлемдік институттар құрылғанға дейін әлемдік
валютаның әлемдік рыногы бәсекелі бола алмайтыны және ондай деп
мойындалмайтыны анық.
Ал енді осынау міндетті бәсекелестікті арнаулы қадағалау органы, мәселен,
Бүкіләлемдік монополияға қарсы валюта комитеті қамтамасыз етіп, қатаң
бақылай алар еді.
Әлемдік валютаның қазіргі бар рыногы оның мүмкін болатын барлық
эмитенттеріне тең құқықты қамтамасыз ете алмайды.
Еркін рынокта қандай да бір сатушылар тобы үшін қандай да бір
артықшылықтарға, сондай-ақ әлемдік валюта ретінде қызмет ететін валютаның
сатып алу қабілеті мен тауар айырбастау қызметіне жария және жария емес
шектеулерге үзілді-кесілді тыйым салынатыны белгілі. Мұндайдың
байқалмайтыны және мұндай рынок еркін емес болып табылатыны айқын. Әлемдік
валюта рыногы шартты түрде алғанда Бүкіләлемдік рынок еркіндігі комитетінің
заңы бойынша бағамдала алар еді. Осынау абсолютті түрде еркін рынокта
әлемдік валютаның кез келген эмитенттер немесе сатушылар тобы үшін кез
келген артықшылықтарға үзілді-кесілді тыйым салынуы тиіс.
4. Әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табыла ма?
Өркениетті рынокта ойын ережесі оған қатысушылардың барлығының (сатушылар
мен сатып алушылардың) ешкімнің жеке мүддесіне нұқсан келтірмейтін ортақ
шарты негізінде белгіленеді және сақталады. Әлемдік валюта рыногында мұнда
ештеңе байқалмайтыны анық. Демек, бүгінде әлемдік валюта рыногы өркениетті
болып табылмайды.
Жаңа әлемдік валюта рыногында ойын ережесі заң бойынша белгіленіп, оның
барлық қатысушыларының (сатушылар мен сатып алушылардың) ортақ шарты
негізінде сақталуы тиіс.
5. Әлемдік валютаның туындату жүйесі және эмиссиясы оның негізгі
пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялардың және азаматтардың)
және тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастықтың бақылауында болып табыла ма?
Жоқ, оны негізгі пайдаланушы субъектілердің қандай да бір топтары, тұтастай
алғанда әлемдік қоғамдастық ешқандай бақыламайды.
Бұл тұрғыда әлемдік валютаның эмиссия жүйесі мүлдем бақылаусыз болып
табылады. Жаңа әлемдік валютаның барлық негізгі субъектілерінде –
пайдаланушыларында (елдерде, компаниялар мен азаматтарда) оның туындатылуын
эмиссиясы мен айналымын аталған заңмен арнайы көзделген тұрақты әрекет
ететін бақылаушы құралдарын жасауға құқығы болуы тиіс. Эмитенттің қызметі
сондай-ақ биліктің барлық үш тармағының: заң шығарушы да, атқарушы да, сот
та тармақтарының бақылау шегінде болуы тиіс.
6. Әлемдік валютаның туындатушы жүйесі және эмиссиясы оның негізгі
пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) және
бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында жауапты болып табыла ма?
Әлемдік валютаның эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің
алдында да, тұтастай әлемдік қоғамдастықтың алдында да ешқандай жауапты
емес. Бұл тұрғыда әлемдік валюта эмитенттері мүлдем жауапсыз, мұның өзі
жаһандық дағдарысты туғызды да. Әлемдік валютаның барлық жария және заңды
эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар
мен азаматтардың) алдында және бүкіләлемдік қоғамдастықтың алдында өз
әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін толық мәнінде жауапты болуы тиіс,
оны заң бойынша іс жүзінде, мәселен, Бүкіләлемдік валюта арбитражы
қамтамасыз ете алар еді.
7. Әлемдік валюта жүйесі тиімді де нәтижелі болып табыла ма, яғни оның
жұмысының нәтижелері адамзатты және тұтастай әлемді дамыту мақсаттарына
қаншалықты сай келеді?
Әлемдік валюта жүйесі жұмысының іс жүзіндегі нәтижелері өркендеу үстіндегі
әлемдік капиталдың және тұрақты әлемдік дамудың (бірыңғай әлемдік валютаның
да) болуының өзі бүгінде қатерлі болып отырған жағдайға жеткізді. Бұл оның
толық тиімсіздігінің айқын дәлелі.
Жаңа әлемдік валюта эмитенттерінің іс-әрекеті әлем мен адамзатты дамытудың
шешуші мақсаттары мен құндылықтарына әбден сай келуі тиіс. Жаңа әлемдік
валюта жұмысының іс жүзіндегі нәтижесі де толық мәнінде тұрақты даму мен
өркендеудің жоғары мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі тиіс. Бұл
қағидаттар заң бойынша жаңа әлемдік валютаның бүкіл жүйесінің негізіне де,
сонымен бірге оның тиімділігін жүйелі өлшеу мен түзетудің жүйесіне де
алынуы тиіс.
Осынау жеті қарапайым сұраққа адал жауаптар жаңа ғасырдың сынақтарына
қазіргі бар әлемдік валютаның барабарлығы туралы мәселені таза риторикалық
тұрғыға салады.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап біздің әлем түбегейлі өзгерді және бұл
өзгерістердің қарқыны күн өткен сайын өсіп барады. Тек әлемдік валюта
ретінде пайдаланылатын валютаның туындату және айналым тетіктері ғана
өзгермей қалып отыр, оның жаңару қарқыны әлемнің өзгеру қарқынынан апаттық
жағдайда қалып қойған. Яғни әлемдік валюта жүйесі әлдеқашан және қайтпастай
болып ескірген, мұны жаһандық әлемдік дағдарыс та қуаттайды.
Жаңа әлемдік валюта жүйесінің бүкіл тетіктері ғасырдың, әлемнің және
адамзаттың алда болатын сынақтарын озық мониторингтеудің арнаулы негізінің
жүйесінде және жоғарыда аталған қарапайым жеті қағидаттың негізінде құрылуы
тиіс. Тек осылай ғана әлемдік валютаның жаңа жүйесі әрдайым заманауи және
ақаусыз бола алады, жаһандық әлемдік дағдарыстардың емес, әлемнің тұрақты
дамуы мен бүкіл адамзаттың өркендеуінің жемісті бастауы бола алады.
Біз қайдан келеміз және қайда барамыз
Алдымен осы кезге дейін Ескі дүниенің моторы және жан-жүрегі жаһандық жеті
есе генетикалық ақауы бар әлемдік валютаға негізделген әлемдік капитал
болып келгенін еске салып өтейік.
Бұл әлемді әдет бойынша біз әлемдік капитализм дейміз. Ақаулы валютаға
негізделген жаңағы ақаулы капиталды шынайы атымен, мәселен “дефектал” деп
атау дұрысырақ әрі адалырақ болатынын түсінсек те әлемдік капитализм деп
келеміз.
Жуырда бүкіл әлем бойынша жүздеген миллиардерлер санаулы айлардың ішінде
олардың бүкіл “ақаулы капиталы” кенеттен бірқыдыру дерлік құлап түскенде
өздерінің қиялдағы капиталдарының бүкіл нақты ақаулығын іс жүзінде бастан
кешірді. Енді олардың өздері де бұл нағыз “дефектал” екенін айқын көріп
отыр.
Алдағы Жаңа әлемнің даму моторы мен жан-жүрегі басқа бір түбегейлі жаңа
әлемдік капитал болады. Дәлірек айтсақ – жаңа ақаусыз әлемдік валютаға
негізделген өздігінен өсуші әлемдік байлық болады. Осынау түбегейлі жаңа
әлемдік байлықты анықтау үшін басқа бір, әлдеқайда баламалы белгіні тапқан
дұрыс болар еді.
Ертедегі гректер дамудың жоғары кезеңін “акме” деген әдемі сөзбен
белгілепті. Біздің ұрпақтарымыз бір кездері осынау жаңа ақаусыз және жоғары
“ендігі жерде капитал емеске” дұрыс атау таңдап алатын болады.
Бірақ та қазірдің өзінде өз бойына осынау жоғары сапаны – “акмені” қамти
алатыны түсінікті: мәселен, акме-капитал, немесе – “акметал”. Сол кезде
мұндай түбегейлі жаңа әлемдік “акметал” қозғалысқа келтіретін түбегейлі
Жаңа әлемнің осынау болашақ укладын ендігі жерде капитализм деп емес,
“акметализм” деп атау дұрыс болар еді.
Болашақ әлемнің жаңа даму кезеңі үшін жаңа белгінің енгізілуімен байланысты
мұндай кәдуілгі емес көзқарас бізге оның басталуына жақсырақ әзірленудің,
әлемді болашақ жаңартудың шынайы мәні неде екенін тереңірек айқындап
түсінудің іс жүзіндегі мүмкіндігін береді. Ең бастысы біздің қолымызға
жаңаруымыз бен жүруіміздің жаңа құралын береді, сол арқылы біз Жаңа әлемде
сенімді әрекет ету үшін оны іс жүзінде анықтап, тани аламыз.
Біз болашаққа не арқылы өтеміз
Жаңа әлемнің біз енді ғана қадам басқан өсу кезеңінің жаңа қасиетін
айқындайтын шешуші сөз ретінде “транзит” сөзін алуға әбден болады. Онда
ішінара ақаусыз әлемдік валютаға негізделген транзиттік әлемдік байлықтың
осынау жаңа түрін біз әзірше “акметал” деп емес, “транзитал” деуімізге
келеді.
Соған сәйкес транзит уақыты укладының өзін әзірше “акметализм” деп емес,
жаңа тұрпаттағы жаңа сападағы әлемдік қаржы инфрақұрылымымен бірге
“транзитализм” деп белгілеуге болар еді. Бұл транзиттің басты міндеті мен
миссиясы – бүкіл әлемнің ескі жеті есе залалды валютадан әлемдік акме-
валютаның жаңа жеті есе ақаусыз жүйесіне экологиялық көшу үшін жағдай
әзірлеу.
Ең бастысы – әлемдік салмақты өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-
есептік бірліктер үшін өңірлік және континенталдық Эмиссиялық орталықтар
жүйесіне бөле отырып, бұл салмақты әлемдік валютаның ескі ақаулы жүйесінен
алып тастау (немесе ең болмағанда қайта бөлу).
Өңірлік және континенталдық деңгейде тұтастай алғанда әлемдегі заңдар
әрекет етеді. Ендігі жерде әлемде ешқандай да ұлттық валюта әлемдік валюта
функцияларын тиімді алып жүре ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz