Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту


Тақырыбы: Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту.
Мазмұны
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгібөлім.
Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың өзекті
мәселелері.
2. 1. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесінің
даму тарихы.
2. 2. Қазақ тілінен лексика - грамматикалық минимумды
іріктеу мәселелері.
2. 3. «Қазақ тілі» оқулықтарының мазмұны.
2. 4. Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді
әдіс - тәсілдері
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Соңғы кезде ана тіліміз - мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі жайында жиі әңгіме қозғалып жүр. Оның дәрежесі тәуелсіздік алғалы бері биікке көтеріліп, мемлекеттік мәртебе берілді. «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы, басқа да ресми құжаттар жарық көрді. Солардың бірі жуықта жарық көрген Елбасының арнайы жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарламадағы мемлекеттік тілге қатысты берілген нақты тұжырымдар үлкен істің алдағы он жылда тиянақтылатынын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін, Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді білуі парыз. Еліміз көп ұлтты мемлекеттік болғандықтан, орыс тілді басқа ұлт өкілдері мен қазақтарға қазақ тілін оқытуды жан - жақты жетілдіріп, оның өзекті мәселелерінің шешімін іздеу керектігі дәлелденіп отыр.
Сонымен мемлекеттік тіл өз мәртебесіне сай қоғамдық қызметін кеңейтіп, қажеттілігін табиғи түрде арттыруы үшін, тілді міндетті оқытуды жүйелі түрде енгізіп, оқыту сапасына қатал талаптар қою және оның орындалу нәтижесіне тұрақты бақылау жасау қажет.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі 1 - 11 сынып аралығында жүретін негізгі міндетті пәндердің бірі. Осы тұрғыда қазақ тілін оқыту мәселелері әлі көптеген шешімдерін таба алмай отыр. Мәселен, мектепте қазақ тілін оқыту үрдісі бар да, оның көрсеткіштік нәтижелері төменгі деңгейде.
Диплом жұмысының мақсаты: оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу тарихына тоқтала отырып, өзекті мәселелерін көрсету, олардың шешілу жолдарын қарастыру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін, келесі мәселелерді шешу керек:
- Қазақ тілінен бірегей типтік, яғни лексика - грамматикалық
минимумның осы кезеңге дейін анықталмауы;
- Оқулық, оқу құралдарының білім беру, іскерлік, дағды
қалыптастыру тұрғысында сапсыз жасалуы;
- Тілді практикалық негізде үйретудің жаңаша, тиімді әдіс -
тәсілдерінің тәжірибеде аз қолданылуы.
ІІ. Негізгі бөлім
Басқа ұлт мектебінде қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері
2. 1 Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесінің даму тарихы.
Қазақстанда жалпы мектеп жүйесінің түбегейлі өзгеруі Ұлы Қазан социалистік төңкерісінен соң басталады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында - ақ Қазақстанда тіл туралы ресми құжаттар дүниеге келе бастады. Солардың алғашқыларының бірі - 1920 жылы қабылданған «Қазақ АССР - і еңбекшілері правосының декларациясы». Онда еліміздегі барлық тілдердің тең құқықты қолданылатындағы жарияланса, іле 1921 жылы Қазақ АССР - і халық комисарларының кеңесі «Республикадағы мемлекеттік мекемелерге қазақ, орыс тілдерін қолдану» жөніндегі Декреттер қоғамдық салаларда қазақ және орыс тілдерін қолдану міндеті көзделді. өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі тұңғыш рет 1926 жылы Қазақ АССР - нің орталық атқару комитеті президиумының «Аппараты тұрақтандыру жөніндегі қаулысында қаралады».
Мұнда ересектер үшін курстар ұйымдастыру ( ерікті түрде ) ал, екінші басқышты мектептердегі жавропалықтардың балаларын қазақ тіліне міндетті түрде оқыту қажеттілігі атап көрсетіледі. Осы жылдары өзге ұлт өкілдері үшін алғаш бағдарлама, оқулық жарық көрді. Олар: Жавропалықтар үшін қазақ тілінің бағдарламасы ( 1926 жыл), К. Кемеңгеровтың «Жавропалықтар үшін екі жылдық оқу құралы» (1928 жыл. )
ВКП (б) ОК - нің 1932 жылғы «Оқу бағдарламалары мен бастауыш, орта мектеп режимі туралы» қаулысының шешімдерінін орындау барысында өзге ұлт оқушылары үшін жүйелі қазақ тілі оқулықтары жазыла бастады. Солардың бірі - Т. Шонанұлының 1931, 1933 жылдары шыққан «Орыс үшін қазақ әліппесі» мен «Қазақ тілінің оқу құралы».
1934 жылы ҮІІІ Қазақстандық өлкелік партия конференциясы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуін жеделдетуді барлық партия ұйымдарына міндетті етті. Бұл орыс мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтарына жедел қарқын берді. Осы жылдары шыққан оқулықтар: Т. Ахметованың 5 -6 сыныпқа арналған «Орыс мектептері үшін оқу құралы» (1934 жыл), С. Жиенбаевтың 6 - 7 сыныпқа арналған «Қазақ тілі оқулығы» (1938 жыл), І. Кеңесбаевтың 8 - 10 сыныптар үшін «Қазақ тілі оқулығы» ( 1939жыл ), С. Жиенбаевтың 7 сынып оқулығы (1940 жыл) .
Осылармен қатар сол кездері шығып тұрған педагогикалық журналдар мен газет беттері қазақ әдістемесінің өкілдері Ш. Х. Сарыбаев, С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев сияқты әдіскер ғалымдардың ұлттық мектептегі қазақ тілін оқу жаындағы ірілі - кішілі мақалалары жарық көре бастады.
Солардың алғашқыларының бірі - С. Жиенбаевтың «Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың методикасы» атты мақаласы. Ол бұл мақаласында қазақ тілін оқытуда шет тілін оқытудың әдістемесін қолданудың тиімділігін айта келіп, алдымен оқушының ауызша сөйлетудің қажеттілігіне тоқталады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға, әсіресе қазақ тілі сөздерінің ерекше орын алатынын, сондықтан, оған сабақ барысында көбірек көңіл бөлу керектігін атап көрсетеді.
Осы тұста жарық көрген дүниелердің ішінен ғалым Ш. Х. Сарыбаевтың еңбегін ерекше атап өту керек. Ол - сол салада алғаш құнды мақалалар жариялап, кейіннен көз майын тауыса зерттеген тақырыптар аясына тұңғыш диссертациялық жұмыс жазған адам. Автор диссертациясының кіріспесінде орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуға жете мән бермей келе жатқанын, әдістемелік бақылау мен басшылықтың, оқу құралдарының жоқтығын қынжыла жазады. Еңбек қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі, ауызекі тілде сөйлеуге үйретудің әдістемесі екі бөлімнен тұрады. Ғалым грамматиканы оқытуда теориялық материалдардың ең керектілерін іріктеп, оны практикалық қажеттіліке қарай жүйелеп орналастыру тәртібінің тілді үйренуде маңызды роль атқаратынына тоқталады. Автордың бірнеше ұқсас, мазмұны бір - біріне жақын тақырыптарды біріктіріп ұсынуы - қазіргі кезеңдегі сабақты тиімді өткізудің әдісі - блокпен оқытуға сәйкес келеді. Оқушыларға грамматикалық және лексикалық материалдарды игеруді араға уақыт салып, оқытып қайталап отырудың тиімділігіне назар аударады. Морфология мен синтаксис элементтерін оқытуда өзінің элементтерін «Сан әдісін» ұсынады. Алдымен тақырыпқа лайық мысалдарды түсіндіріп, содан соң оны қорытып, ережесін шығарып, соңынан «Сан әдісті» қолдануды ұсынады. Бұл әдіс, біріншіден, оқушылардың сабаққа ынтасын арттырса, екіншіден, ұстаз бен шәкірттердің уақыты үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Еңбектің тіл дамытуға арналған тарауында оқу, жазу, сөздік жұмысын жүргізудің жолдары баяндалады, оны үнемі грамматикалық материалдармен ұштастырып отырудың қажеттілігі еске салынады. Автор оқушыны оқу мен жазуға дағдыландыруға оқулықтағы текстердің үлкен роль атқаратынына тоқталады, әр сабақта өткен сабақтарды қайталап отырудың тиянақты білім беруге негіз жасайтындығына көңіл бөледі.
Ш. Х. Сарыбаев 1948 жылы жазған «Орыс оқушыларын қазақша сөйлеуге үйрету әдісі» деген мақаласында орыс оқушыларына отыз сағаттық сабақта қазақша түсіндіріп, ал жүз сағат көлеміндегі сабақты қазақ тілінде жүргізуге болатынын, оны өз тәжірибесінде байқап, дәлелдегенін айтады. Мұндай нәтижеге жету үшін, оқу процесінде мынадай шарттардың орындалу қажеттілігін көрсетеді:
- үйретілген сөз оқушының көз алдындағы заттар мен соның
қимылының атауы болуы керек;
- бас сабақта берілетін сөз саны аз, яғни, бестен аспауы қажет;
- үйретілген сөз мағыналық жағынан үйлесімді, ұялас болуы керек.
Жоғары аталған талаптарды орындағанда ғана оқушының сөйлеу тілін дамытуға жемісті нәтижеге қол жеткізуге болады деп жазады автор.
1952 - 1954 жылдары жарық көрген «Орыс оқушыларына қазақ тілі категориясын оқыту», «Қазақ тілін оқыту» мақаласында қазақ тілі категориясын орыс мектебі түгілі, қазақ мектебі оқушыларына меңгерту қиын мәселе екендігін, оның бір төркінінің бұл жөніндегі әдістемелік еңбектерінің жоқтығында екенін баяндайды. Ол қазақ тілі тақырыбын түсіндіруде үйретілген қазақ тілінің мағыналық жағынан ұқсас болуы, көрнекті түсіндіру деген тәрізді екі түрлі принципті тұтқа етіп ұстауды ұсынады. Осыған байланысты қазақ тілі оқушыларының тікелей іс - әрекеттері ( өздері жасаған ) арқылы түсіндірілді.
Қимылды білдіретін сөздерді оқушылардың көз алдындағы заттардың қозғалысы арқылы түсіндірудің тиімділігін нақты мысалдармен дәлелдеп, қазақ тілін меңгертуде «сан әдісін» қолданудың жолдарын көрсетеді.
Қазақ тілі шақтарын меңгерту үшін, оларды үнемі бір - бірімен салыстыра оқытудың және жіктелуін қазақ тілімен байланыстыра өтіудің маңызы зор екенін айтады.
Сол тақырыптардың ішіндегі күрделі де көлемдісі қазақ тілі. Ғалымның қазақ тілі тақырыбына қайта - қайта оралып, осы бағытта дүркін - дүркін мақала жазуы, автордың орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту әдістемесін жетік білетіндігін аңғартады. Себебі, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілінің алатын орны ерекше. Автор осы ерекшеліктерді тап басып, талдап көрсетеді.
1940 жылы жазылған М. Лопатухинның еңбегі орыс мектебінде қазақ тілін оқытумен байланысты қойылатын талптар, қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктері, сабақ құрылымы, үлгілері, үй жұмыстары берудің әдістемесі сияқты мәселелер қамтылады. Сонымен бірге мұнда орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық материалдарды берудің жолдары сөз болады. Автор бұл еңбегінде жазба және ауызша тілді дамытудың жолдары мен қазақ және орыс тілдеріндегі тілдік материалдардың ұқсас жақтарының ерекшеліктеріне тоқталған. Тақырыбымызға сәйкес қазақ тілін оқыту мәселесі бұл еңбекте қысқаша баяндалады. Мұнда қазақ тілі сөздерін енгізген көрнекті түсіндіру әдістері арқылы меңгеруге тиісті грамматикалық материалды айтып кетеді.
1941 жылы жарық көрген жинаққа ғылым Ш. Х. Сарыбаев пен Т. Әбішевтің көлемді мақалалары енген.
Ш. Х. Сарыбаев өзінің «орыс мектебіне қазақ тілін ұйрету мәселелері » атты мақаласында орыс тілі оқушыларымен жүргізілетін алғашқы сабақтар үлгісін көрсетеді. Мұнда ол грамматикалық материалдарды оқушылардың игеріп, оны тілде дұрыс қолдануда үйретудің жолдарын, қазақ тілі бойынша бұйрық рай, ауыспалы осы шақты меңгертудің әдістемесін сөз еткен. Бұл материалдарды жеңіл игертуге өзінің кейіннен диссертациясында сөз ететін «сан әдісін» қолданудың тиімділігін айта келе, көрнекті көрсетеді. Еңбектің соңында бақылау жұмысын жүргізу әдістемесіне тоқталған.
Т. Әбішевтің мақаласы «Орыстарға қазақ тілін оқыту методикасын оқытудың кейбір мәселелері» деп аталады. Мұнда ол қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жұмыстың түрлері мен тілдің грамматикалық игерту әдістеріне тоқталады.
1946 жылы Ғ. Бегалиев «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту» деген мақаласында сөйлеуге ең қажетті сөздерді іріктеп алу қажет дей келе, сөздік минимум жасауға келіп тіреледі. Автордың лексика - грамматикалық материалды іріктеудің кей бір элементтерін атап көрсетуі - тіл үйретудің негізгі проблемаларының бірі. Сол алғашқы оқу жылында үйретілген тілдік минимум мына негізде беріледі:
1. Оқушылардың қазақша сөйлеуіне аса қажет сөздерінің іріктелуі.
2. Көп мағыналы сөздердің берілмеуін қадағалау
3. Айтылуы қысқа буынды сөздер
4. Үйретілген қазақ тілін бұйрық мағынада қолдану
1950 жылдары жарық көрген М. Бошаев, Ф. Мұсабекова мақалаларында С. Жиенбаевтың 6-7 сыныпқа сыныпқа Ғ. Бегалиевтің 8-9 сыныпқа бапсты кемшіліктерге мыналарды атап көрсетеді:
- жаңа сөздерді келесі сабақтарда қайталанудың жоқтығы;
- жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұның сапасының төмендігі;
- қиын сөздердің аударылмауы;
- стильдік, емлелік қателердің көптігі;
1960 жылы шықан К. Мыңбаева, Е. Көшербаевтың еңбектерінде бастауыш сыныптарда оқытылатын оқулық құрылымы, онымен жұмыс істеудің әдіс - тәсілдері, сөздік жұмысын жүргізудің жолдары және үйретілетін сөздік минимум берілген.
1974 жылы «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімдерінің іс - тәжірибесінен» деген еңбек жарық көрді. Бұл орыс мектебіндегі қазақ тілі әдістемесі бойынша алғаш жарияланған еңбек болып табылады. Мұнда Ж. Адамбаеваның 4 - 5 сыныптарда тіл дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстары, Р. Әміровтың сабақта сабақта көрнекілік қолдану тәсілдері, Н. Дүйсекованың үйірме жұмыстарын ұйымдастыру туралы жазған мақалалары енген.
1978 жылы Адамбаеваның «Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары» деген еңбегі жарық көрді. Бұл әдістемелік құрал ғылыми тұрғыдан жазылған көлемді мазмұнды еңбектің бірі. Мұнда автор 2 -8 сынып аралықтарындағы қазақ тілі дамыту жұмыстарының ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар, ерекше дыбыстарды тіл дамытумен ұштастыра оқыту тәсілдері, мәтін, грамматика, жаттығу, тапсырмаларды орындауға байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының түрлері, онда пайдаланатын көрнекі құралдар, сабақ үлгілері тәрізді мәселелер қамтылған. Сонымен бірге, осы автордың бастауыш, орта буынды сыныптарға арналған грамматикалық кестелері мен диафильмдердің, оқушыларға тіл үйретуде маңызы зор болғандығын айта кету орынды.
1980 жылдары жарық көрген бірі - Ы. Мамановтың «Орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту» әдістемелік оқу құралы. Автор бұл еңбегінде фонетика, морфология, синтаксисты оқытудың әдіс - тәсілдеріне және қазақ тілі формаларын үйретудің жолдарына арнайы тоқталған. Сөздердің бір -бірімен байланысын, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты роль атқаратындығын, ендеше, грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес екендігін, соның ішінде, қазақ тілі сөздерінің атқаратын рөлін айта келіп, оқушының міндетті түрде білуге тиісті төмендегі қазақ тілі формаларын атап көрсетеді; жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ, нақ осы шақ, бұйрық рай, өткен шақ есімше, тұйық етістік, өткен шақ көсемше, қалау рай, көмекші етістіктер ( еді, екен, ет, де. ) .
1987 жылы Қазақ ССР министрлер советінің «Республикада қазақ тілін оқытып, үйретуді жетілдіру» қаулысынан кейін, іле республикада қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан соң (1989), Егеменді еліміздің жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып заңдастырылып, қазақ тілін өркендетудің бағыт - бағдары анықталды. Міне, осы тарихи құжаттар республикада тұратын жергілікті ұлт пен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты ересектерге арналған «Қазақ тілі», жоғары оқу орындары үшін қазақ тілі оқулықтары, мектепке арналған оқу құралдары көптеп шығарыла бастады. Атап айтқанда, Х. Қожахметованың «Қазақ тілінің 40 сабағы», Н. Оралбаеваның «Біз қазақ тілін үйренеміз», Ш. Бектұров, А. Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы, Б. Құлмахамбетов, Ж. Елемісованың «Қазақ тілі» көмекші құралы, Ә. Сәдуақасованың «Орыс мектебіндегі қазақ тілін үйретудің мәселелері», Т. Аяпованың «Қазақ тілі» оқулығы, Қ. Молдабековтің «Қазақ тілін үйренушілерге оқулығы», Э. Сүлейменова және бірнеше автордың қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретумен байланысты жарық көрген Тіл ұстарту, Анықтағыш, Сұхбат, Бейнежазба, Үнжария оқу кешені, А. Мұсаева, бірнеше автордың «Алғашқы қадам» оқу құралы, А. Бұхдыбаев, Л. Екшембаеваның «Сөйлей білсеңіз - ұтасыз» Ү. Несіпбайқызының «Ана тілі - қанатым» әдістемелік құралы, А. Сәтбекованың «Қазақ тіліндегі септіктерді орыс мектебінің 6 - сыныбында оқыту» әдістемелік құралы, еңбектері жарық көрді.
Осылармен бірге ұлттық мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша жоғары оқу орындарынан студенттеріне арналған тұңғыш оқулық «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесін» ерекше атауға болады. Оның авторлары - көрнекті ғалым Н. Оралбаева және К. Жақсылықова. Мұнда орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық негіздемесі, бағдарламар мен оқулықтар, қазақ тілін оқытудың әдістері, қазақ тілі сабақтары, оқушылардың қазақша тілін дамыту мәселелері және тіл салаларын оқытудың теориясы мен практикасы толық қамтылған.
Осы еңбекпен байланысты, 1999 жылы А. Қасабек, А. Күзембаеваның «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің практикалық және зертханалық оқу құралын» атауға болады. Сонымен бірге, орыс мектептеріне арналған жаңа бағдарламалар, кеңес дәуірінде бірінші рет жарық көрген бірінші сыныпқа арналған суретті оқулығы.
50 - жылдардан бері қарай алғаш рет шыққан 9, 10, 11, сынып оқулықтары, Атамұра баспасынан шығып жатқан «Жаңа буын» оқулықтары - айтқанымызға дәлел.
1998
1997
Б. Баймұратова
Ұ. Бұтабаева
Қ. Қасабекова
Ә. Жүнісбеков, Б. Баймұратова
С. Бәтібаева
1960 - 1970
1970 - 1985
1985 - 1993
1998
Р. Әміров, А. Бекбосынова
Р Р. Әміров, А. Асқарбаева А. Асқарбаева, К. Түменова
Ә. Жүнісбек, Б. Құлмағамбетова
Ж. Мәжитқызы
1960 - 1970
1969 - 1992
1993
1999
Р. Әміров, А. Бекбосынова
Р. Әміров, А. Асқарбаева
Р. Әміров
Ә. Жүнісбек, Е. Дүйсебаев
Ж. Мәжитқызы
1960 - 1970
1969 - 1992
1993
1999
Р. Әміров, А. Бекбосынова
Ж. Адамбаева
А. Ақтаева
Ә. Жүнісбек, Е. Дүйсебаев.
Ж. Мәжитқызы
1960 - 1970
1970 - 1988
1988 - 1992
1993
2000
Ғ. Бегалиева, А. Айдарбеков
Ы. Маманов, М. Нұрғалиева
М. Нұрғалиева
Б. Құлмағамбетова
Ж. Адамбаева
Ж. Адамбева.
1950 - 1970
1970 - 1990
1990 - 1992
1993
2000
Ғ. Бегалиева, А. Айдарбеков
Ы. Маманов, М. Нұрғалиева
Н. Ботантаева
М. Нұрғалиева, Б. Құлмағамбетова.
Б. Құлмағамбетова. а. Исанова
М. Нұрғалиева. А. сатбекова
1931
1940
1950-1973
1973-1985
1985-1992
1993
2000
Т. Шонаұлы
С. Жиенбаев
Ғ. Бегалиев, А. Айдарбеков
Ы. Маманов, Н. Дүйсекова
Ы. Маманов
Н. Ботанбаева
Н. Ботанбаева және т. б.
1940
1950-1970
1970-1982
1993
І. Кеңесбаев
Ғ. Бегалиев, ААйдарбеков
Ы. Маманов, Н. Дүйсекова
Ы. Маманов. А. Қошқаров
1940
1990-1993
І. Кеңесбаев
С. Дүкенбаева, Ә. Сәдуақасова
1940
1992-1993
І. Кеңесбаев
Ж. Адамбаева, А. Оңалбаева
2. 2. Қазақ тілінен лексика- грамматикалық минимумды іріктеу мәселелері
Қазақ тілін өзге ұлттарға оқытумен байланысты шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі - лексика-грамматикалық материалдың шенберін шектеу, яғни лексика-грамматикалық минимумды анықтау. Тілді меңгеру барысында лексика-грамматикалық материалды іріктеп, таңдап оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор.
Өзге тілді үйретуге тілдің толық грамматикалық жүйесін және сол тілдің сөздік қорын игеру мүмкін емес. Қазақ тілі бойынша жасалған жүйелі минимумның жоқтығы оқыту барысында көптеген қиындықтарға әкеліп тірейді.
60-жылдарда өзге тілді оқыту әдістемесінде ереже, анықтама т. б. грамматикалық ұғымдарды баса түсіндіру әдістері, жолдары ойдағыдай нәтиже бере алмады. Ал 70 - жылдардағы грамматиканы игеруден мүлдем бас тарту да оны тек сөйлеу үлгілеріне құру да нәтиже бере алмады. Әдіскер ғылымдардың зерттеуі бойынша, өзге тілді оқытудың грамматикалық минимумын жасаудың негізгі мақсаты- адамдардың арасындағы қарым-қатынас жасау қажеттілігіне қарай сөйлеудің практикалық коммуникативтік бағытынқамтамасыз ететін тіл материалын іріктеу
Грамматиканы оқытудың маңызы зор. Академик Л. В. Шерба: «Грамматика-это репертуар средств, посредством, которых, во-первых, по определенным правилым выражаются отношения между самостоятельными предметами мысли и посредством, которых, во-вторых, по определенным правилам оразуются новые слова» деген.
Сөйлеу-адам әрекеттінің бірі. Ал сөйлеуді тілдік механизм басқарады, ал бұл-грамматика деген сөз.
Грамматикалық материалды іріктеп қана қоймай, сонымен бірге оны жүйелеп орналастыру, өту ретін белгілеу де оқу процесінде нәтижеге жетудің алғы шарттарының бірі.
Орыс мектептерінде бүгінгі күнге дейін қолданылып келген Ж. Д. Адамбаеваның 5-сыныпқа арналған «қазақ тілі» оқулығынада 18 грамматикалық тақырып берілген.
Олардың реті мынадай :
& 6. Жұрнақ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz