Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ...5

1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын талдау ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың нарықтық инфрақұрылымның жетілдіруі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.
Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады. Оларды алдымен кәсіби білім бермей жұмысқа алу мүмкін емес еді, бұл еңбек рыногындағы онсызда ауыр жағдайда қиындатып жіберді. [1, б. 37]
Жоғарыда жазып өткендей еңбек нарығыдағы басты мәселелер халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады.Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Халыққа жолдауында да нақты айтылған.Онда халықтың тұрмыс деңгейі көтеру мәселесі қаралғанда халықты жұмыспен қамту да,жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы және т.бтмаңызды мәселелер қаралды. Онда былай делінген:
“Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс органдарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады”-, дей келе Елбасымыз “Нұр Отан” партясының бес жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралар, жұмысшылар жалақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын көтеру жөніндегі мәселелер жөнінде де атап көрсетті. Осылар жөнінде Елбасымыз жаңа үшжылдық бюджетті ұсынды.
Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасымен танысып шықтым. Онда еліміздің экономикасын тұрақты дамыта отырып,бәсекелестік деңгейін көтерудегі стратегиялық міндеттер баса көрсетілген. Соның ішінде маман-кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру жергілікті мамандарды қайта даярлау саясаты әрі қарай жалғасын табады. Бұған қоса алдағы уақытта бюджеттік сала қызметкерлерінің жұмыс сапасын көтеріп,олардың тиімді жұмыс істеуі үшін еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары жалғасады. Яғни,мұнда да еңбекпен қамтылу, жұмыссыздықпен күрес шаралары анық көрсетілген.
1) )"Еңбек нарығы экономикасы"׀Оқулық. 2003 ж,37 бет
2) “Қазақстандағы адам дамуы”.Оқулық.Алматы-2004 жыл. 45,53 беттер
3) Егемен Қазақстан, 2008 жыл 30 мамы 11-12 беттер
4) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Заңы".Егемен Қазақстан.2001 ж.
5) "Халықты еңбекпен қамту."Труд в Казахстане.№2(110).2008 ж.
6) "Нарықтық экономиканың негіздері".Оқу методологиялық құралы.2003 ж.54-64 беттер
7) "Кедейлік, жұмыссыздық бір қасірет" Ақиқат- 2001ж.№3,18-23бет.
8) Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы.Соңғы өзгертулер:Алматы: Жеті Жарғы,2007ж.120бет.
9) “Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының дамуы.”Егемен Қазақстан.2007 ж.23 бет
10) Нарықтық экономидағы қаржы қаражатпен қамтамасыз етілуі.226
бет,1999ж.
11) Сэлімбаева Б.Қ., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу оқу құралы - Алматы:Экономика .2001ж,120-бет.
12) “Күн тәртібінде кедейшілікпен күрес”.Дала мен Қала.2008 ж. 37 бет 13) "Жұмысыздық осылай азаяды".Заң газеті,2008 ж 18 сәуір.43 бет
14) Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа 2008 жылғы Жолдауынан.
15) "Еңбек нарығы және жұмыспен қамту" Ақикат 2000 ж.№7, 33-45 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ...5

1.1 Жұмыспен қамтылудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5

1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын
талдау ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа
тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады.
Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық
тұтқалардың нарықтық инфрақұрылымның жетілдіруі көптеген әлеуметтік
мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді
өте маңызды ете түсті.
Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы
жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару
жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да
себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында
тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса
бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге
бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен
адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады. Оларды
алдымен кәсіби білім бермей жұмысқа алу мүмкін емес еді, бұл еңбек
рыногындағы онсызда ауыр жағдайда қиындатып жіберді. [1, б. 37]
Жоғарыда жазып өткендей еңбек нарығыдағы басты мәселелер халықты
жұмыспен қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады.Бұл жөнінде Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтің Халыққа жолдауында да нақты айтылған.Онда халықтың
тұрмыс деңгейі көтеру мәселесі қаралғанда халықты жұмыспен қамту
да,жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы және т.бтмаңызды мәселелер
қаралды. Онда былай делінген:
“Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс органдарын ашуға және еңбекке
қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана
тиімді бола алады”-, дей келе Елбасымыз “Нұр Отан” партясының бес жылға
арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздық
деңгейін төмендету шаралар, жұмысшылар жалақысын, зейнетақысын,
жәрдемақысын көтеру жөніндегі мәселелер жөнінде де атап көрсетті. Осылар
жөнінде Елбасымыз жаңа үшжылдық бюджетті ұсынды.
Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасымен танысып шықтым.
Онда еліміздің экономикасын тұрақты дамыта отырып,бәсекелестік деңгейін
көтерудегі стратегиялық міндеттер баса көрсетілген. Соның ішінде маман-
кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру жергілікті мамандарды қайта даярлау
саясаты әрі қарай жалғасын табады. Бұған қоса алдағы уақытта бюджеттік сала
қызметкерлерінің жұмыс сапасын көтеріп,олардың тиімді жұмыс істеуі үшін
еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары жалғасады. Яғни,мұнда да
еңбекпен қамтылу, жұмыссыздықпен күрес шаралары анық көрсетілген.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық, жұмыспен қамту мәселелері пікірталас
тудыратын, әрі қызықты мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан бұл
курстық жұмысымның аты “Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту мен
жұмыссыздық:демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланыстылық”
деп аталады.
Бұл курстық жұмысымда жұмыспен қамту мен жұмыссыздық жайында
баяндалмақ. Жалпы курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады. Онда жұмыспен қамту
мен жұмыссыздыққа сипаттама,олардың пайда болу жолдары, әсер ететін
факторлар және Қазақстан Республикасындағы олардың жағдайын талдау мен
жұмыссыздыққа қарсы проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр-
осылар жайында баяндалмақ.

1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1.Жұмыспен қамтылудың мәні және маңызы.

Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік
маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір
тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси экономикалық және әлеуметтік
мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі.
Экономикалық ұстаным көзқарасы тұрғысынан жұмыспен қамту–еңбекке
қабілетті халықтың қоғамдық өнім жасау жөніндегі әрекеті.
Жұмыспен қамтудың бірнеше теориялары бар:
–кейнстік бағыт жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпейді,оған
жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни
жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді.Бұл үлгі мемлекеттің
макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны
жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен
құбылыстарға(тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, инвестицияға
ынталандыру) және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы
мультипликативтік байланыстарға негізделеді.[2, б. 45,53]
–монетарлық мектептің тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен
қамтудың рационалды дәрежесін өзі белгілейтін, өзін–өзі үйлестіретін жүйе,
бағалық механизм болып табылады.Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты
жұмыссыздық нормасының оның табиғи дәрежесінің ауытқуымен, өндіріс көлемі
және жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқуыларымен күресуге бағытталуға
қажет.
–икемді нарық концепциясы жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес,
функционалдық, индивидуалданған және тсандартты емес, жекелей жұмыспен
қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар,
жұмысты үйге берудің жұмсақтау формаларына көшу қажет.Осыған жету жолдары:
• жұмысқа жалдау мен жұмыс беру формаларын көбейту және икемді қылу;
• жұмыс уақытын реттеу формаларының әр түрлерін пйдалану, нормаланбаған
жұмыс тәртібінің икемді түрлернін пайдалану;
• жалақыны реттеудің икемді, өзгермелі түрлерін пайдалану,
• жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын,
жұмысшы күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағасын еңбек нарығындағы
сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру.
Жалпыэкономикалық санат ретінде жұмыспен қамтылуды анықтаудың
үш тәсілі бар:
– жұмыспен қамтылу жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы байланыстылығының
көрінісі болып табылады, жұмыс орындары мен қызметкерлердің саны бойынша,
сондай–ақ сапасы бойынша да;
– жұмыспен қамтылу еңбек ету үдересі,немесе жеке адамдарға табыс әкелетін
әрекеті.Бұл ретте осы әрекеттің заңға қайшы келмеуін атап көрсеткен аса
маңызды;
– жұмыспен қамтылу әлеуметтік–экономикалық және әлеуметтік еңбек
қатынасының жиынтығы іспеттес, оларды қалыптастыру мен реттеу заңнамалық
және құқықтық нормаларын еңбек келісімдеріне негізделеді .
Жұмыспен қамтылу–нақты адамдардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін
қанағаттандырумен байланысты заңға қайшы келмейтін әрекеті ол жұмыс
істейтіндерге жалақы немесе еңбек табысын әкеледі, сондай–ақ ол еңбек
нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының сандық және сапалық
байланыстылығы дәрежесінің көрінісі ретінде пайда болуын
әлеуметтік–экономикалық қателіктер түсіндіреді. [5, б. 10-11]
Жұмыспен қамтылған халыққа ХЕҰ стандарттары бойынша еңбекке
жарамды жасқа жеткен және одан ересек жалданып жұмыс істейтін және өздерін
өздігінен жұмыспен қамтитын адамдардың барлығы
жатады.Олар–кәсіпкерлер,өздерінің есебінен жұмыс істейтіндер,өндірістік
кооперативтердің мүшелері,көмектесуші отбасы мүшелері,сыйақыны ақшалай
немесе заттай алатын оқушылар,жалға ішінара жұмыс істеген студенттер үй
шаруасындағы әйелдер және өздігінен жұмыспен қамтылғандар,тұрақты және
мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлер.
Жұмыспен қамтылуды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
−өнімді жұмыспен қамту;
–әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамту;
−толық жұмыспен қамту.
Өнімді жұмыспен қамтылу–халықтың қоғамдық өндірісте жұмыс
істеулері.
Әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамтылу тек қоғамдық өндірісте
жұмыс істейтін адамдардың ғана емес,сонымен бірге әскери қызметкерлердің
еңбекке жарамды жастағы оқушылардың,үй шаруашылығын жүргізумен
айналысушылардың балаларға қарайтындығының санымен анықталады.
Жұмыспен толық қамтылу–қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы
бар,кезеңдік жұмыссыздық орын алмайтын қоғамның жай–күйі.Бұл орайда
уақытша және құрылымдық жұмыссыздықтан анықталатын жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі сақталады.
Жұмыспен толық қамтылмаудың екі түрі бар:
– көзге көрінетін;
– жасырын.
Біріншісі толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істейтін адамдар санымен
тұлғаланады.Екінші түріне еңбек ресурстарын дұрыс бөлмеуді немесе еңбекпен
өндірістің өзге факторларының арасындағы баланстың бұзылуын көрсететін
пайдалылық ұғымды білдіреді.
Жасырын толық емес жұмыспен қамтылудың өзіндік белгілеріне
төмен табыс өнімділігі жұмыс істейтіндердің біліктіліктерін толық
пайдаланбау жатады[6, б. 54-64]
Еңбек нарығын реттеу үшін икемді жұмыспен қамтылудың түрлі
нысандары қолданылады, олар толық емес жұмыс уақытының түрлі режимдерінде
жұмыспен қамту қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесімен байланысты жұмыспен
қамтылу,стандартты емес жұмыс орындарындағы жұмыспен қамтылу стандартты
емес ұйымдық нысандар бойынша жұмыспен қамтылу жұмыспен икемді қамтылу мен
жұмыссыздық арасында аралық аймақ құрады.
Азаматтардың көпшілігі үшін жұмыс мағыналы өмірге ең қолайлы жол
ретінде көрінеді, ол тауарлар мен қызметтер нарығына жол ашады, өз өтбасы
мен жалпы қоғамға позитивтік үлес қосуға мүмкіндік береді, адамдар
арасындағы байланыстарды кеңейтеді. Жұмыс адамның қалыптасуына, тұлғаның
дамуына, сондай-ақ адамның объективтік және позитивтік мәдениетінің
дамуына көмектеседі. Бұл көзқарастан жұмыссыздық адам маңыздылығын
төмендету, оны жоқ қылу болып табылады. Шынымен де, жұмыс адамның ар-
намысына қатысты мәселе.
Роберт Рейх "Халықтар жұмысында" (1992 ж) айтып кеткен
жұмыстың үш түрін бөлуге болады:
1)Шаблондық (ескішілдік) өндіріс пен қызметтер,2) Жұмысшыларға
көрсетілетін қызметтер, 3) Шығармашылық жұмыс.
1) Шаблондық (ескішілдік) өндіріс пен қызметтер: бұл категорияға қолмен
жасалатын жұмыс, сондай-ақ, арнайы ережелер мен белгілі бір қаржылық
операциялар процесі (чектер, несие беру карталары бойынша төлем жасау),
аурухана шоттары, әлеуметтік операциялар (жалақыны белгілеу, денсаулықты
сақтандыру) және т.б. сияқты, компьютерлік қызметті қолдану мен оны
қадағалау бойынша шаблондық тапсырмалар үшін жауапты орта немесе ірі
басқаруға сүйенген қызмет жатады.
2) Сол сияқты, жұмысшымен көрсетілген қызметтер де шаблондық жұмыста
қамтиды, бірақ бұл жағдайда ол тұтынушылармен, пациенттермен және барлық
ұсынылатын қызметтерді алушылармен тіке байланыста болатын қызметкерл ері,
шаштараз, аурухана қызметкерлері, пациенттермен, жинаушылар және т.б.
жатады.
3)Шығармашылық жұмыс белгілі бір инженерлермен, жұртшылықпен
байланыс жасау бойынша сарапшылармен, заңгерлермен, менеджерлермен,
дизайнерлермен және жобалаушыларымен, қаржыландырушылармен,
авторлармен, журналисттермен және тағы басқалармен жасалатын жұмыс
болып табылады. Бұл категорияға шаблондыққа жатпайтын қызметпен
айналысатын, күнделікті болмыстан өз ойларының абстракциялау қабілетіне
байланысты өздерін қорғай алатын және белгілі бір мәселелерді тиімділеу
шешуге мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекеттерді идеялар, көзқарастар,
дыбыстар мен материалдарды әр түрлі қолдану арқылы жасай алатын адамдар
жатады. Бұл салымдар энергияны сақтау мен ғарышты зерттеу арасында
жататын, соның ішінде каржылық теориялар, шығармашылық жұмыс,музыкалық
шығармалар, жаңа бағдарламалық жабдықтар немесе теледидар өндірісінің
дамуына қатысты аралық қызметті қамтиды. Бұл шығармашылық салымдар
халықаралық сипаты күшейіп келе жатқан тораптар арқылы, иерархиялық
командалық жұмыс негізінде, кездесулерге, ресми және бейресми каналдар
бойынша телекоммуникация мен дыбыстан жылдам авиация шешімдерді
теңдестіруге және дәйекті схемалармен және стратегияларды жүзеге асыру
үшін жұмсалады, бұл қызмет ең жоғарғы қосылған кұнның деңгейіне сәйкес
келеді. [7, б. 18-23]
"Шығармашылық көмекке оқыту" дегеніміз мәселелерді түсініп, шешімдер
қабылдауға көмектесетін білім мен тәжірибені алуға жастар мен ересектерді
оқыту процесі. Төрт түрлі қабілетті дамыту керек: абстракция, үнемі ойлау
эксперименттеу және басқалармен араласу (тіл, технологиялар , т.б. арқылы)
Ескішілдік және қайталанатын жұмыс құлдырау үстінде екені анық.
Ескішілдік өндіріс пен қызмет көрсету аясын таңдаған жұмысшыға қауіп
төнеді, бір жағынан - автоматтандырудан, екінші жағынан -- буындыру арқылы
жалақысы төмен және төменгі төлем мен төменірек еңбек жағдайға бағытталған
өндірістердің ауысып жатқан елдер тарапынан бәсекелестіктен.
Ескішілдік жұмыстардың құлдырауын алдын ала болжауға болады, орта
деңгейдегі ескішіл менеджерге де қауіп бар. Еңбек ақысы құнының күрт өсу
тенденциясын тоқтату үшін тәртіп керек, орташалап қысқарту жақсы деген
жағдайдың өзінде құлдырау жылдамдығын азайтады.
Жекелеп көрсетілетін қызметтер жағдайы сәл ғана жоғары. Бүл жерде
де автоматтандырудың маңызы зор (телефон, теледидар арқылы, компьютер
арқылы, зат сату, театр мен үшақтарға билет сату, банктің қызметтері,
қонақ үйлердегі антоматтандырылған тіркеу және т.б.). Өзінің ескішілдік
жұмыстарын жоғалтқан жұмысшылар тарапынан да, иммиграннтар тарапынан да,
күшейіп келе жатқан бәсекелестік еңбек ақыларының төмендеуін күшейтеді.
Бұған қосымша, көп қызметтердің алушылары ретінде ақшалары аз адамдар
болған жағдайда (мүгедектер, аурулар, қарттар және т.б.), кейбір жұмыстар
тек жартылай жүмыс істеуге ғана немесе күнін зорға керетіндегі төмен
жалақы алуға (уақытша жалақы) мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау және т.б.
бюджеттері қысқартылған. Нарықтық емес секторда ол кішігрім
жұмыс орындарын ашу шектері бар, бірақ қорлар әлі жеткілікті деңгейге қол
жеткізетіндей емес.
Шығармашылық жұмысшылар ғана шын мәнінде өркендеу үстінде. Олар өз
шығармашылық қызметтерін әлемдік нарықта ұсынуға қабілетті. Тек, шынымен,
алып күш саналатын жэне сол үшін мадақталатын адамдар шығармашылық жұмысшы
болады.
Жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қысқаша қарайық.
Классикалық теория деп Маркстік емес әдебиетті әлбетте ағылшын мен
американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршалга, Пигу
және тағы басқалары ортодоксальдық (алған бағыттан қайтпайтын) теорияларға
табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт
ұстайды,жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке
сұраныс және еңбекі ұсыну қызметін құруга, оны жетілген бәсеке нарық
жағдайында пайдалануды да ұсынады .Мұндай күрделі қызметтерді
тек жекелеген жұмыскер ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін.
Еңбекке сұраныс жасайтын адам-кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген
нарықтарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі
көрсеткішпен анықталады - нақты жалақы мен шекті еңбек өнімінің құны
(онын ақшалай көрінісі). Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім
кұны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқтатылады.Қазіргі жұмысшыға
талаптың өзгеруі оның кәсіптік мамандық дәрежесінің артуы, жиынтық жұмысшы
шеңберінің кеңеюі жұмысшы күшін үздіксіз оқыту проблемасьн қояды, сөйтіп
оның сапасын ғылыми-техникалық эволюция талабына сәйкестендіреді [ 8, б.
12]

1.2.Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері.

Жұмыссыздық дегеніміз экономикада экономикалық белсенді халықтың бір
бөлігін жұмыссыздар құрайтын кездегі болатын құбылыс.
Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады.Жұмысшы күші
бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі
категорияларға бөлінеді.
Жұмыссыздық деңгейін (и) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді
халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
и= ,
(1)

Мұндағы: Е-жұмыс істеушілер саны.
Ол халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң
нормаларымен есептеледі.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер арқылы
сипаттайды:
• Институционалдық емес адамдар (Чни);
• Жұмыс істеушілердің саны (Чз)
• Жұмыссыздар саны(Чб)
• Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны(Чнрс)
Осы көрсеткіштердің арасында мынадай байланыстар бар:
• Жұмысшы күшінің саны Чни=Чз + Чб
• Институционалдық емес адамдар Чни=Чз+Чб+Чнрс
• Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі Уз=Чз +Чни
• Жұмыссыздықтың нормасы Nб ═Чб\Чз + Чб*100%
• Халықтың жұмысшы күші құрамына тартылу дәрежесі Yврс =Чз + Чб\Чни

Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт
түрге бөлуге болады :
- фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда
болады;
- құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер
болуынан туады:нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік
деңгейі және маман түрі бойынша сәйкестіксіз пайда болады;
- циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз
жағдайында туады;
- маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл
бойында теңселуімен байланысты болады.
Осымен қатар,нақты және жалған жұмыссыздық болады.Бірінші жағдайда,адамның
еңбекке қабілеті және ықыласы болады,бірақ еңбек нарығындағы түрлі
жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды.Екінші-әр түрлі себептермен
еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды.Жұмыссыздық ашық ж\е
жасырынды,ұзақ мерзімді ж\е қысқа мерзімді болуы мүмкін.Ұзақ мерзімдікке
циклдік және құрылымдық,ал қысқа мерзімдікке маусымдық ж\е фрикциондық
жұмыссыздық жатады.
Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде
қарастырылады.Оған жұмыс істемейтін,бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен
ресми түрде үзбеген ж\е мөлшерленген жұмыс уақытында жартылай жұмыс
істейтін адамдар жатады.Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс
істемеушілік деп атайды [ 9, б. 23]
Еркін жұмыссыздық-бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек
нарығынан шығуы ж\е әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға
айналуы(ұжымдық келісім-шартқа сәйкес немесе өзінің жұмыс күшінің қолайлы
еңбек шартын ж\е жақсы төлем табуды көздеп).Осыдан басқа,еңбек нарығын
талдап зерттегенде қайталанып келетін жұмыссыздықтың ж\е жұмыс табудан
күдер үзіп,жұмысшы күші есебінен шығып кеткен адамдарды есепке
алатын,тоқыраулы жұмыссыздықта бар.
Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады
ж\е ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік
қатынастар формаларына нақты қауіп тудырады.
Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде
қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен
ресми түрде үзбеген және мөлшерленген жұмыс уақытында жартылай жұмыс
істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс
істемеушілік деп атайды.
Жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі–жұмыс іздеу проблемалары.Уақытша
жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық
экономиканың жағдайында шарасыз.Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы
тербелісте, ал осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген
сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді.Онан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар
өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал
екіншісінде қысқаруы мүмкін.Мұндай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке
сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.
Жұмыссыздықтың келесі себебі жалақының қатаңдығы, яғни оның
икемді өзгере алмайтындығынан.Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе–теңдігіне сай
келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған
сұраныстан артық болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа
орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін
жоғарылатады.
Жалақының қатаңдағы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын
жұмыс орнының жетіспеуушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады.
Жалақы қатаңдығының үш себебі:
–ең төмен жалақы туралы заң қабылдау;
–кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы;
–фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы.
Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауды, оны тепе–теңдік деңгейге дейін түсіруге
кедергі жасауға мүмкіндік туғазады.Ең төмен жалақы туралы заң барлық
фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін
белгілейді.Жалақыны көтеруді жақтаушылар оны әл-ауқаты төмен отбасылардағы
табысты жоғарлатудың тәсілі етіп қарастырады.Ал төмен жалақыны көтерудің
қарсыластары мұндай тәсілді еңбекақы төлеуге кететін шығындардың өсуі
жұмыссыздықтың көбеюіне әкелер еді, кейіннен көмек арналғандарға тимес еді
дейді.
Жалақы қатаңдығының екінші себебіне келетін болсақ,кәсіподақтармен немесе
кәсіподақтарға бірігу қаупін тудыратын жұмыссыздық инсайдерлер (жоғары
жалақылы жұмысын ұстауға тырысады) мен аутсайдерлер (инсайдерлер секілді
жоғары жалақы алуға мүмкіндігі бар жұмыссыздар) арасындағы даудың салдары
Тиімді жалақы теориялары жоғары жалақы жұмысшылардың еңбек өнімділігін
арттырады деген ұғымнан шығады.Бұл туралы бірнеше теориялар бар:
- нашар дамыған елдерде қолданылатыны-жалақының тамақтану әсері.Жоғары
жалақы алатындардың жақсы тамақтана алады, ал денсаулығы жақсы
жұмысшылардың өнімділігі жоғары болады;
- жоғары жалақы жұмыс күшін қысқартады.Жұмысшыларға қанша есе жалақы көп
төлесе, сонша есе олардың фирмаларда қалу ынтасы көбейеді;
- қызметшілердің орташа сапасы олардың алатын жалақысына байланысты.Егер
фирма жалақыны қысқартса,ең күшті жұмысшылар басқа жұмысқа ауысуы мүмкін,
сонда фирмада тек нашар, баламасы жоқ жұмысшылар ғана қалады.Экономистер
осындай сұрыптауды теріс селекция деп атайды;
- жоғары жалақы жұмысшылардың ынтасын көтереді.Егер фирма жұмысшыларына
жоғары жалақы төлейтін болса, барлық осы еңбекақыны тиімді төлеу
теориялары бірыңғай болады, яғни жалақы деңгейін ұстап отыру кейде
фирманың мүдделілігін талап етеді. Осындай түрдегі жалақы қатаңдығының
салдары жұмыссыздықты күту болады. [10, б. 22]

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ

2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар

Еңбек нарығындағы басты мәселелер халықты жұмыспен
қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады.Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтің Халыққа жолдауында да нақты айтылған.Онда халықтың тұрмыс
деңгейі көтеру мәселесі қаралғанда халықты жұмыспен қамту
да,жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы және т.бт маңызды мәселелер
қаралды.Онда былай делінген:
“Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс органдарын ашуға және еңбекке
қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана
тиімді бола алады”-,дей келе Елбасымыз “Нұр Отан” партясының бес жылға
арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықты жұмыспен
қамту,жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралар,жұмысшылар
жалақысын,зейнетақысын,жәрдемақысын көтеру жөніндегі мәселелер жөнінде де
атап көрсетті.Осылар жөнінде Елбасымыз жаңа үшжылдық бюджетті ұсынды.
Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасымен танысып
шықтым.Онда еліміздің экономикасын тұрақты дамыта отырып,бәсекелестік
деңгейін көтерудегі стратегиялық міндеттер баса көрсетілген.Соның ішінде
маман-кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру жергілікті мамандарды қайта
даярлау саясаты әрі қарай жалғасын табады.Бұған қоса алдағы уақытта
бюджеттік сала қызметкерлерінің жұмыс сапасын көтеріп,олардың тиімді жұмыс
істеуі үшін еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары
жалғасады.Яғни,мұнда да еңбекпен қамтылу,жұмыссыздықпен күрес шаралары
анық көрсетілген.Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі
түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір
аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару
жүйесін жетілдіру қажет.
Экономикалық-әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны
нарыққа өту кезеңінде жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің
арқасына оңды сипатқа және нәтижелерге әлі де болса қолымыз жетпей тұр.
Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ.
Экономиканы толық тұрақтандыру күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың
күн көріс әрекеті сырғақ бағытқа ие болды, әлеуметтік қорғау шараларының
жүзеге асуы өте баяу, заман талабынан әлде қайда төмен жатыр.
Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы қандай да бір жеңіл-
желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі
дәрежеде тосқауыл болуда.
Демографиялық ахуал. Бұл бағыттың алғаш өзгерістерімен өзіне тән
ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, өмірге келетін сәбилердің деңгейі
біршама төмендейді, өлім көбейді, өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та
болса азайды, жасы ұлғайған адамдардың үлес салмағы өсті және он жеті
жасқа дейінгі жас өспірімдердің үлес салмағының деңгейі салыстырмалы түрде
жоғары. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының халқының ұдайы өсімі
(демографиялық процесс) прогрессивті типте. Демек, экономикалық және
мәдени дамуға қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етеді.[11, б. 12]
Ағымдағы жылғы еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 15639,9 мың
адамды құрады.Халық өлімі себептерінің негізгі топтарының арасында ең көп
үлес қосқан қан айналымы жүйе аурулары, тиесілі жазатай оқиғалардан, улану
мен жарақаттану, жаңа өскіндер құрайды.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытуда аймақтық ерекшеліктер
бар. Тұрғындардың көпшілігі ауылдық жерде тұрады, үй шаруашылығымен
айналысатындардың үлес салмағы жоғары. Оңтүстік Қазақстан аймағында
еңбекке жарамды адамдардың 28,5% пайызы үй шаруашылығында жұмыс істейді.
Кейбір жекелеген облыстар мен аудандарда бұл көрсеткіш біршама жоғары. Үй
шаруашылығында жұмыс істейтіндердің кәсіби білімі және біліктілігі
қажеттілікпен көбі төмен екендігін еске алсақ еңбек нарығының дұрыс
қалыптасуына жеке ілгері дамып кетуі қалыптасуына және ілгері дамып
кетуіне тигізіп отырған әсерін аңғару қиын емес.
Жұмыссыздықтың негізгі себебі өндірістің бүтіндей немесе жартылай
тоқтап қалуы. Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп жұмыссыздар
армиясының қатарын молайуы жөнінде айта кететін ақиқат бар. Ол-нарықтық
қатынас жағдайында осы процестің үнемі және үздіксіз болып түратындығына.
Демек, жүмыссыздық нарықтық қатынастан туындайтын объективті процесс,
бұдан планетамыздағы ешбір мемлекет қашып қүтылған емес. Экономикалық өмір
шынысының тағы бір шындығы бар. Ол - жүмыссыздықтың деңгейі (көлемі мен
шегі). Бүл жөнінде осы мәселені арнайы зерттеушілер бір пікірге келе алмай
отыр. Біздің пікірімізше, жұмыссыздықтың көлемі мен шегі мәңгілік емес,
өзгермелі шама, барлық мемлекетте бірдей болуын армандау қиялдың ғана
жемісі. Әрбір жеке мемлекеттің өркендеу белестеріне және
ерекшеліктеріне сәйкес келетін жұмыссыздықтың оптималды деңгейі болуы
қажетті және шартты жағдай. Мақсат - тиімді жэне оңтайлы дәрежеге ұмтылу
және оны қалыптастыру. [13, б. 43]
Қазіргі кезде Қазақстандағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайы,
соңғы жылдары едәуір шиеленісіп нашарлауда. Қазіргі кезде жастар арасындағы
жүмыссыздық көлемі өсіп бара жатыр. Соған орай, жас адамдардың
мүмкіндіктері шектеулі, бәсеке қабілетіліктері төмен басқа халық
категориясымен салыстырғанда.Деректерге сүйенсек,Қазақстандағы жастардың
жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 4.5 млн-ға
жуықтаған.Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның құрылымында жас
азаматтардың жастық категориясы республика халқының жалпы санының 27.8 %-ын
құрайды.Тағы бір дәйек, Қазақстадағы жұмыссыздардың 20 пайызын жастар
құрайды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 15-24
жастағылар арасындағы жұмыссыздар үлесінің жалпы саны 18.5 %,яғни 107.3
адамды құрайды екен.Бұл әрине,2006 жылға қарағанда 30.9 мың адамға немесе
26.6 %-ға төмен.Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық мәселесін шешу технологиясы
Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері
Халықты жұмыспен қамту туралы
Халықты жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымдамаларының мәні
Өңірлік жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері
Халықты жұмыспен қамту негізі
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
Еңбек түбі зейнет
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және себептері.ҚР жұмыссыздықпен күресу шаралары.
Халықты жұмыспен және оны мемлекет деңгейінде шешу жолдары
Пәндер