Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетел тұлғаларының құқықтық жағдайы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЯСИ БАСПАНА БЕРІЛГЕН ШЕТЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Орындаған 4-курс студенті Аширбекова Шолпан

Ғылыми жетекші Л. Б. Нысанбекова

аға оқытушы (қолы, күні)

Норма бақылаушы Е. Б. Ахметов

халықаралық құқық магистрі (қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді С. Ж. Айдарбаев

з. ғ. к., доцент (қолы, күні)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 БАСПАНА БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Баспана құқығының даму тарихы 8
  2. Баспана түсінігі және оның түрлері 12
  3. Баспана берудің негізгі шарттары және заңды негіздері 21

2 САЯСИ БАСПАНА БЕРУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2. 1 Саяси баспана беруді реттейтін халықаралық құжаттар 28

2. 2 Саяси баспана беру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары 35

3 САЯСИ БАСПАНА БЕРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ САЯСИ БАСПАНА БЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ

3. 1 Саяси баспана берілген тұлғалардың құқықтық жағдайы 44

3. 2 Саяси баспана берудің халықаралық құқықтық салдары 48

ҚОРЫТЫНДЫ 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық құқықтың даму тенденциясы артты және адам құқықтарын қорғау маңызды орынға ие бола бастады. Мұндай маңызды институттардың бірі - баспана құқығы.

Баспана құқығы институты ауыр әрі күрделі жолды өткерді. Бастауын Ежелге Грекия, Рим мемлекеттерінен алатын бұл институттың қалыптасуы ұзақ болды. Қоғамның өзгеруіне байланысты уақыт өте келе баспана құқығының да мәні өзгерді.

Ресейде буржуазды-демократиялық революциялар кезеңінде пайда болған, саяси эмигранттарға берілетін баспана құқығы марксизм-ленинизм идеялары үшін күрескен жұмысшы тапқа берілді.

В. И. Ленин де патша үкіметімен қудаланып ұзақ уақыт бойы эмиграцияда жүрді. Нәтижесінде В. И. Лениннің тапсырмасымен 1918 жылғы РСФСР Конституциясына баспана құқығы туралы бап енгізілді. Саяси эмигранттарға көмек ұйымдастыруды халықаралық коммунистік қозғалыстардың қайраткерлері К. Цеткин, Г. Димитров жүзеге асырды[1, 5б. ] .

Қазіргі кезде баспана құқығы көптеген демократиялық мемлекеттердің конституцияларында көрініс тапқан. ХХ ғасырда бұл құқық халықаралық құқықтың жалпыға танылған ережесі ретінде қалыптасып, 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясында[2] және 1967 жылғы территориялық баспана туралы БҰҰ Декларациясында бекітілген [3] .

КСРО ыдыраған соң, Қазақстан мен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының (әрі қарай-ТМД) өзге елдерінде көші-қон процесі дами бастады. Мұндай жағдайда босқындар мен өзге де баспана іздеп жүрген тұлғалар мәселесі өзекті бола бастады. Отандық және шетел әдебиеттерінде, халықаралық құжаттарда баспана құқығына көптеген анықтамалар беріліп, зерттеулер жүргізіле бастады.

Тақырыптың өзектілігі - саяси баспана алған тұлғаның құқықтық жағдайы түрлі мемлекеттердің азаматтары арасындағы байланыстардың дамуы мен әр саладағы ынтымақтастықтың дамуы жағдайында тек халықаралық құқық тұрғысынан емес, сондай-ақ, ұлттық заңнама тұрғысынан ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Саяси баспана құқығы - бұл адамның өзге елдерде қудаланудан баспана іздеу және оны пайдалану құқығы, сондай-ақ өзге елде саяси себептер бойынша қудаланған тұлғаға мемлекеттің өз территориясына ену және онда тұруға рұқсат беру құқығы. Бұл халықаралық-құқықтық институт өзінің мазмұны және заңи салдары бойынша босқындар институтынан айырмашылығы бар екенін байқау қиын емес. Өз мемлекеттерінде саяси себептер бойынша қудалауға ұшыраған саяси баспана іздеуші тұлғалар босқындармен салыстырғанда өте аз. Оған қоса, әдетте, мұндай тұлғалар әлеуметтік және қаржылай қамтамасыз етілген, қоғамда белгілі бір беделге ие (мысалы, оппозиционерлер, қозғалыстардың көшбасшылары және т. с. с. ) адамдар болып келеді. Бұл категорияға жататын тұлғаларға өзге процедура қарастырылғаны заңдылық ретінде қабылданады[4, 91б. ] .

Біздің елімізде саяси баспана беру мәселесі қандай деңгейде?

Қазақстан Республикасының (әрі қарай -ҚР) журналистері, саясаткерлер, оппозиция өкілдері және өзге де тұлғалар шет мемлекеттерден саяси баспана сұрағаны туралы жиі болмаса да хабардар болып тұрамыз, алайда ҚР шет мемлекеттің азаматтарына баспана бергендігі туралы ешқашан естіген емеспіз.

ҚР-да саяси босқындардың болмауының негізгі себебі -тиісті заңның болмауы. Мұндай заң Кеңес Одағы кезінде де болмаған, бірақ КСРО-да саяси босқындар болды. Мысалы, Чилидің Бас Хатшысы Луис Корваланға ресми түрде баспана берілген болатын. Алайда бұл мәселені заң емес, саяси бюро шешкен, яғни шешім заңды түрде емес, саяси негізде қабылданған.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, баспана өз елінде идеологиялық, саяси және діни көзқарасы үшін қудаланған тұлғаларға беріледі. Әрине, елімізде саяси баспана туралы заң жоқ, бірақ саяси баспана құқығы бар және ол ҚР Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде халықаралық құқық нормаларының және жалпыға танылған қағидаларының Конституцияда бекітілуі және мемлекетіміздің адамның құқықтары мен бостандықтарын халықаралық-құқықтық қорғау механизміне енуі елімізде саяси баспана институтының құрылуына себепкер болды.

Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделі жыл сайын өсіп келеді, еліміз экономикалық және саяси тұрғыдан қызығушылық тудырады, алайда, елімізде саяси баспана беру бойынша заңнама әлі де жетілмеген. Саяси баспана беру механизмінде Сыртқы істер министрлігі, Ішкі Істер министрлігі және көші-қон қызметі дұрыс қызмет атқаруы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР территориясында саяси баспанаға ие болуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Саяси баспана беру мәселесі тек халықаралық құқық шеңберінде ғана қарастырылып келді, ал Қазақстан Республикасында конституциялық-құқықтық деңгейдегі зерттеулер әлі күнге дейін жасалмаған.

Зерттеудің теоретикалық, тәжірибелік және методологиялық негіздері . Кеңестік халықаралық-құқықтық әдебиеттерде аталған тақырыпқа байланысты бірнеше еңбектер жазылды:1940 жылы -Д. Б. Левин, 1950-1952жж. -Н. А. Ушаков және Е. А. Шибаева, 1968 жылы- Л. Н. Галенская және т. б. Еуропалық авторлар баспана құқығын зерттеуді кең қарастырды. Жеке мақалалармен қатар, көптеген монографиялар (М. Гарсиа-Мора, Л. Болеста-Кожебродокий және т. б) жарық көрді[1, 6б. ] . Бұл еңбектер баспана берудің негізгі мәселелерін ғана емес, аталған институттың теоретикалық негізін де қарастырды. Алайда аталған еңбектерде баспана құқығы институты толық қамтылмаған және бүгінгі күннің талабына сәйкес келмейді.

Баспана құқығына қатысты қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттар және қазіргі кезде туындап жатқан қоғамдық қатынастар баспана құқығы институтын тереңірек зерттеуді талап етеді. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтың салыстырмалы анализі аталған қоғамдық қатынастар саласындағы ішкіқұқықтық нормаларды жетілдіруді қажет екендігін көрсетеді.

Бітіру жұмысын жазу барысында автор кеңестік авторлардың және құқық теоретиктерінің еңбектеріне сүйенеді: Н. А. Ушаков[5], А. П. Зливко[6], Л. Н. Галенская[1], Гудвин-Гилл Гай С[7], Л. В. Лазарев[8], Г. В. Игнатенко[9], О. И. Туинов[10], Ю. М. Колосов, В. И. Кузнецов[11], К. А. Бекяшев[12], М. Д. Шаргородский[13], Р. А. Каламкарян, Ю. И. Мигачев [14], Н. И. Матузов[15] және т. б.

Қазақстандық заң ғылымында саяси баспана берілген тұлғалардың жағдайын реттеудің халықаралық-құқықтық мәселелеріне қатысты зерттеулер мен еңбектер жоқтың қасы. Бұл институттың кейбір мәселелері Т. К Ерджановтың[16], Ж. О. Құлжабаеваның[17], М. А. Сарсембаевтың [18] ғылыми және ғылыми-методологиялық еңбектерінде қарастырылған.

Бітіру жұмысының заңнамалық негіздері ретінде - Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР-ның саяси баспана беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілері, шет мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілері, баспана беру мәселелерін реттейтін халықаралық шарттар мен конвенциялар табылады.

Деректердің келесі тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары құрайды.

Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу кешенді сипатта болғандықтан жалпы зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда:

  • Эмпирикалық зерттеу әдістері (байқау, салыстыру) ;
  • Эмпирикалы-теориялық әдістері (талдау және синтез, индукция және дедукция, тарихи әдіс)

Бітіру жұмысының объектісі болып - саяси баспанаға мүдделі тұлғалар мен оны беруші мемлекет арасындағы қатынастар табылады.

Зерттеу пәні ретінде - Қазақстан Республикасында баспана құқығының жүзеге асуы және оған ие болған тұлғалардың құқықтық жағдайы қарастырылады.

Бітіру жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы саяси баспана құқығының негізгі белгілерін ашып көрсету және оның нормативтік-құқықтық бекітілуі бойынша ұсыныстар енгізу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Саяси баспана құқығының әлеуметтік табиғатын анықтау;
  • Саяси баспана құқығының түсінігі мен мазмұнына сипаттама беру;
  • Саяси баспана құқығының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негізі мен халықаралық-құқықтық алғышарттарына сараптама жасау;
  • Саяси баспана құқығының жүзеге асу механизмін көрсету;
  • Саяси баспана берілген тұлғалардың құқықтық жағдайын қарастыру;

Қорғауға шығарылатын ережелер:

  • Қазақстан Республикасының саяси баспана құқығына қатысты ішкі құқықтық базасын талдау әрі сараптау аталған салада заңнаманы одан әрі дамыту мен жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстанда саяси баспана берілген тұлғалардың құқықтық статусы мен оларға берілетін кепілдіктерді бекітетін нормативтік-құқықтық акт қабылданбаған, яғни баспана құқығын жүзеге асырудың өзіндік проблемалары бар. Елімізде саяси баспана құқығының жүзеге асу механизмі мен тәртібі қарастырылғанымен, оның нормативтік-құқықтық негізінің дамуына байланысты нақты ұсыныстар жоқ. Осыны ескере отырып, шетел тұлғаларына саяси баспана беру туралы арнайы заң қабылдау қажет. Баспана құқығы институтының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру үшін өзге дамыған мемлекеттердің тәжірибелерін жан-жақты зерттеуді дамыту қажет.
  • Саяси баспана берілген тұлғаның құқықтық жағдайы халықаралық құқық тұрғысынан реттеуді және ғылыми зерттеуді қажет етеді. Баспана құқығы тек ішкі мемлекеттік құқықтың институты ғана емес, халықаралық-құқықтық нормалардың жиынтығын білдіретін халықаралық жария құқықтың бір саласы болып табылады. Бұл ретте халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара байланысын ескерген жөн. Себебі баспана институтын реттеу саласы өте күрделі. Реттеудің халықаралық-құқықтық жүйесіне тек нормашығармашылық емес, сондай-ақ, ішкі заңнамадағы нормаларды имплементациялау кіреді және халықаралық құқықтың әсерлілігі осыған тікелей байланысты болады.

1967 жылғы босқындардың статусына қатысты Хаттама тек «босқын» сөзіне анықтама берумен шектелсе[19], баспана беру институты ешбір әмбебап сипаттағы халықаралық құжатта көрсетілмеген. Алайда аймақтық дәрежеде белгілі бір прогресс бар екендігін атап өткен жөн. Саяси баспана беру мәселесін реттейтін халықаралық әмбебап құжаттың болмауы да аталған институтты халықаралық құқық тұрғысынан реттеуде қиындық тудыратыны рас.

  • Әрбір адамның қудалаудан баспана іздеуге және баспана құқығын пайдалануға құқылы екендігі айқын. Бұл тұста коллизиялық мәселе пайда болады - баспана мәселесін қарастырғанда адамның құқығы маңызды ма, әлде мемлекеттің құқығы ма? Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет екенін ескеретін болсақ, мемлекетімізде заң ең жоғарғы күшке ие, яғни адам құқықтары мемлекет құқықтарынан жоғары тұруы тиіс. Ал мемлекеттің міндеті -адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, яғни баспана беру мемлекеттің құқығы әрі міндеті болып табылады. Тіпті, Гуго Гроций XVII ғасырда баспана құқығы мемлекеттердің құқығы ғана емес, міндеті екендігін көрсеткен. Алайда шетелдік тұлғаға баспана беру - мемлекеттің егемендік құқығы.
  • ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың теңқұқылы мүшесі бола отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған барлық актілеріне қосылды. Алайда біз ешбір мемлекет пен тұлғаға ҚР Конституциясы мен заңдарында бекітілген адам құқықтарына қол сұғуға және мемлекетіміздің беделін түсіретін іс-әрекет жасауға жол бермеуіміз қажет[20] . Осы тұста баспананы пайдаланатын тұлғалардың шеңберін анықтау өте маңызды мәселе болып табылады. Әр мемлекетте баспана берілетін тұлғалар шеңбері әр түрлі және ол әр елдің ұлттық заңнамасымен анықталады, бірақ халықаралық конвенцияларға сәйкес, халықаралық қылмыс жасаған тұлғаларға саяси баспана берілмейді және олар халықаралық қылмыскер ретінде шығу еліне ұстап берілуі тиіс.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы - теоретикалық ережелер мен қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар халықаралық жария құқықтың тиісті бөлімін оқыту кезінде, жоғарғы оқу орындарында оқу курстарын жасауда, баспана құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру ісінде және т. с. с. қолданылуы мүмкін.

Бітіру жұмысының құрылымы тақырыптың мазмұны мен зерттеу міндеттерімен анықталған. Жұмыс бекітілген көлемде жасалынған және кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі компьютермен басылған 60 бетті құрайды.

1 БАСПАНА БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Баспана құқығының даму тарихы

Баспана институтының қалыптасуы ұзақ әрі күрделі болды.

Баспана институты ежелгі әлем мемлекеттерінің барлығында - Ассирия, Вавилон, Үндістан, Қытай, Палестина, Персия, Грекия, Рим, Ежелгі Русь мемлекеттерінде болған. Бұл кезеңде баспана мәселелері негізінен ішкімемлекеттік құқықпен және дін канондарымен реттелінді [1, 24б. ] .

Баспана құқығы Ежелгі Африка, Грекия, Рим, Шығыс мемлекеттеріне танымал болды. Құлиеленушілік және феодализм кезеңінде баспана құқығы ішкімемлекеттік құқық институты ретінде қарастырылды және діни сипатта болды.

Қудаланушы тұлғаларға баспана қасиетті храмдарда берілді. Мысалы, б. з. д. Х ғасырда Палестинада баспана иерусалимдік храмдарда берілді. Тұлға, өзі іздеген қорғанысқа ие болу үшін храмның алтарына барып, құрбандыққа шалынған малдың мүйізінен ұстауы керек болған. Б. з. д. Х ғ. Иерусалим қаласында тек абайсызда кісі өлтірген тұлғалар ғана «баспанаға» ие болған. Ежелгі Палестинада құлдар, шетелдіктер және борышқорларға баспана берілмеді.

Грекия қалаларында баспана орындары ретінде түрлі құдайлардың храмдары, олардың мүсіндері, алтарьлар, храмдардың айналасы саналды. Баспана орындарының кейбіреулері барлық қудаланушы тұлғаларға арналса, өзгелері тек белгілі бір категорияға жататын тұлғаларға берілді.

Соғыс кезінде храмдарға қол сұғылмады, олар бейбіт халық үшін баспана қызметін атқарады. Храмдардың қолсұғылмаушылығына спорттық ойындар кезінде де кепілдік берілген.

Құлдар тек Афины қаласында баспанаға ие болған, олар Тезея және Диана храмдарын тасалайтын. Бірақ бұл тек соттық талқылауға құқық беретін. Сот мәжілісінде құл өзінің қожайыны оған қатал қарағанын дәлелдеуі тиіс еді. Егер қатал қарау фактісі дәлелденсе, онда құл жаңа қожайынға сатылған, ал күңдер Диана храмында қызмет етуге қалдырылған, яғни мұндай баспана құлдар мен күңдерді құлдықтан құтқармайтын.

Ежелгі Римде баспана ретінде Диана, Юпитер, Ромул және т. б храмдар қарастырылған. Империя кезінде император ескерткіші қасында қорғанысқа ие болу мүмкіндігі болған.

Бұл кезеңде баспананың қасиетті орындарда берілуінің мәні келесідей болды: біріншіден, адамдар құдайлардың күшіне және құдыретіне сенді, екіншіден, мемлекет пен шіркеудің мүдделерінің тоғысуы, яғни мемлекет дін арқылы өз тәртібін орнатса, өз кезегінде мемлекет шіркеуге қолдау көрсетіп отырды. Ежелгі Римде император ескерткіштері мен мүсіндері орналасқан орындар қасиетті деп жарияланып, бұл орындарда қудаланған тұлғаларға баспана берілді. Бұл іс-әрекет император билігінің нығаюына ықпал етті, себебі императордың халық алдындағы беделін көтерді. Сонымен қатар, мемлекет шіркеудің қарапайым халыққа әсерін күшейтуге мүдделі болды, яғни діни баспана құқығы билік басындағыларға ыңғайлы кездерде ғана беріліп отырды, себебі храмдар мен өзге де баспаналардың «қасиеттілігі» тиісті тұлғаларды жазаға тарту кезінде мемлекетке кедергі келтірмеді.

Құл иеленушілік кезеңінде территориялық баспана құқығы да болған. Территориялық баспана құқығының шығу тегі діни баспанадан өзгеше. Оның негізі түрлі дербес мемлекеттердің болуы. Ежелгі мемлекеттерде баспана саяси және өзге де қылмыстар жасаған тұлғаларға берілді, алайда екі ел арасындағы қатынастар жоғары деңгейде болса, әдетте, аталған тұлғалар еліне қайтарылатын болған. Күш көрсету арқылы тұлғаны беру жиі кездеседі.

Территориялық баспана құқығы ежелгі Үндістан халықтарына да мәлім болған. Баспанаға мұқтаж адамға оны беруден бас тарту Үндістанда төмен бағаланды. Территориялық баспана құқығы ежелгі Мысыр мемлекетінде де пайдаланылды, сондай-ақ, бұл құқық Ежелгі Грекияда да берілді, мысалы, Афины барлық қудаланушыларға баспана ұсынған, сонымен қатар, баспана құқығын кең қолданған танымал қалалардың бірі - Теас қаласы. Грек қала-мемлекеттері өзге мемлекеттермен баспана мәселесі және қылмыскерлерді ұстап беру туралы көптеген келісімдер жасаған. Олардың ең алғашқылары б. з. д. 1496ж. жасалған[7, 210-211б] .

Ежелгі Русьте ХІІ-ХІV ғасырларда діни баспана құқығы ретінде Русьтің негізгі саяси орталықтары - Киев пен Новгородта қолданылды. Діни баспанамен қатар, ақсүйектік (светское) баспана болды, мұндай баспана ретінде әкімшілік ғимараттары пайдаланылды. Атап айтқанда, Ярослав дворы - Новгородтың мемлекеттік билігінің негізгі орталығы - баспана ретінде танылды. Бұл тектес баспаналар өзге қалаларда тіркелмегендіктен, аталған баспана діни сипатта болған және шіркеу нормаларымен реттелінген деген болжам бар.

Баспана объектісі храмдар, шіркеулер, епископ аулалары болды. Мысалы, 1240жылы Бату әскері Киевке шабуыл жасаған кезде адамдар Ұлы Владимир салдырған Десятинная шіркеуіне тасалаған болатын. Халық, жау әскері шіркеуді құрметтеп, оларға тиіспейтін болар деп болжаған, алайда монғол-татарлар шіркеуден баспана іздегендерді де аяған жоқ. Римді құлату кезінде варварлар, соғыс әдет-ғұрыптары мен ережелеріне қарамастан қасиетті орындарда тасалаған тұрғындарға күш қолданбаған.

Русьтағы баспана құқығының ерекшелігі, бұл құқық ешбір заңда құжатта көрсетілмеген және мемлекеттік билікпен реттелмеген.

Баспананың өзге бір нысаны - ақсүйектік (светское) баспана, ол территориялық сипатта болды. Мұндай баспананың негізі ретінде жеке мемлекеттердің қудалауға ұшыраған адамдарға қорғау беруі қарастырылады, алайда көптеген жағдайларда мұндай тұлғаны өз еліне қайтару күштеп жүргізілді.

Русь тарихында баспананы өз мемлекетінің билігіне қарсы шыққан немесе өзге мемлекеттің саясатын қолдаған тұлғаларға беру жағдайлары кездеседі. Волында Византия престолына үміткер жасырынса, Венгрияда волын князьдары қорғауға ие болды, Черниговта - Мстиславпен қудаланған барлық киевтіктер баспанаға ие болған[21, 152б. ] .

Орта ғасырларда да баспана құқығы жай құқық болып қала берді. Аталған құқықтың болуы туралы біз тек баспана беру актілерінен біле аламыз. Баспана қылмыскерлер мен саяси себептермен қудаланушыларға да берілді. Олардың қабылдаушы мемлекеттегі құқықтық жағдайы анықталмаған болатын. Бұл, өз кезегінде, феодалдарға ыңғайлы жағдайда қудаланушыларды олар азаматтары болып табылатын шығу еліне беруге және баспана институтын саяси мақсатта қолдануға мүмкіндік берді.

Адамдарды баспана іздеуге мәжбүрлейтін жағдайлар әр түрлі болып келеді. Билік үшін күрес эмиграцияны тудырады. Орта ғасырларда саяси себептер бойынша қудаланған тұлғаларды беру тәртібін реттейтін келісімдер өте көп жасалған. Бұл кезеңде қалыптасқан үрдіс келесідей: егер мемлекеттер арасындағы қатынастар жоғары дәрежеде болса, саяси эмигранттар өздері азаматтары болып табылатын елге ұстап берілді, ал егер қатынастар төмен деңгейде болса, онда саяси баспана сұраған тұлғаларды жарқын жүзбен қарсы алып, бұл тұлғаларды сол мемлекетке қарсы құрал ретінде қолдануға тырысты. Мысалы, 1303ж. Англия мен Франция одақтасты. Сонымен қатар, саяси қылмыскерлерді беру туралы келісімге қол қойылды. Алайда көп уақыт өтпей мемлекеттер арасындағы қатынастар қиындай түсті, соның нәтижесінде қылмыскерлерді беру туралы екіжақты келісім күшін жойды. Францияның саяси жаулары - Англияда, ал Англия жаулары - Францияда баспанаға ие болды. Мұндай тәжірибе Еуропаның барлық елдеріне және Ресейге де тән[1, 24 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы
Азаматтық алу
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Адам құқықтары мен бостандықтары
Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі
Тұлғаның құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz