Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ФИРМА МЕНЕДЖМЕНТІ ... ... ... ... ... 5
1.1Фирма менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар ... ... ... ... ... .5
І.2. Фирма менеджментінің мақсаты мен міндеті, маңызы және қажеттілігі...8

2 ФИРМА ДАМУЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Фирма менеджментін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Фирмдағы қаржылық және персоналды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.1 Менеджмент . фирма дамунының басты факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.2 Қазақстандағы менеджменттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы фирманың, сонымен қатар менеджменттің ролінің артуына ықпалын тигізді.
Фирманың қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Фирма менеджментінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді.
Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде фирманы басқарудың ролін артуына ықпал етті. Менеджмент — ағылшын сөздігінде "manage" — басқару деген ұғым. Осыған байланысты, фирма менеджменті - фирманы басқару немесе кәсіпорындардың ресурстарының қалыптасуы — оны пайдалану, тарату және ақша қаражатының айналымын ұйымдастыруды басқару үшін жасалатын әдістер мен басқару шешімін іске асыру принциптерінің жүйесі. Қазақстан Республикасында тиімді фирма менеджменті практикасы әлі бастапқы даму кезенінде, оған өтпелі кезеңнің объективті экономикалық қиыншылықтары, нормативтік-құқықтық базалардың жетілдірілмеу салдарынан қажетті мамандарды дайындау деңгейінің төмендігі себеп болды.
Еліміздің нарықтық экономикаға енуі фирманы басқарудың жаңа тәсілдерін талап етті, басқару жүйесінде жаңа мамандықтың - менеджментінің пайда болуына ықпал етті. Кәсіпорындардың қызметкерлеріне қойылатын жаңа талаптар "Кәсіпорын менеджменті" курсының оқу жоспарының құрылымын және пәнінің мағынасын анықтайды.
Осы курстық жұмыста қарастырылып отырған мәселе қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын үшін өте маңызды болып отыр. Себебі, ол нарықтық экономикадағы шағын, орта және ірі бизнестің қалыптасуы мен дамуы үшін әсері зор. Фирмадағы басқару процесі дұрыс жолға қойылса, ол фирма нарықта жемісті қызмет ететін болса, оның ел экономикасына тигізетін пайдасы да жоқ емес. Коммерциялық сипаттағы фирмалардың көп болуы, халықты жұмыспен қамту мәселесінде өз көмегін тигізетіні сөзсіз.
Бұл курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы аталған сұрақ жайлы, курстық жұмыстың сипаты туралы ақпарат берілген. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады.
Біріншісі, Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті. Бұл тақырыптың өзі екі сұрақ бойынша қарстырылған, бірі фирма менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалары, екіншісі фирма менеджментінің мақсаты және міндеті. Осы тарауда жалпы фирма менеджменті туралы толық, әрі ашық ақпарат теориялық түрде қарастырылған. Фирма менеджментінің негізгі міндеттері мен мақсаттары көрсетілген. Оның маңызы мен қажеттілігі, нарықтағы әрі қарай әрекет етуіне әсері қарастырылған. Фирма ақпаратын пайдаланушылар туралы мәлімет берілген. Фирма менеджментті ақпараттық жүйемен жабдықтау мағынасы, оның кеңдігі және тереңдігі кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен анықталады, олардың ұйымдастырылуы - құқықтық жұмыс істеу түріне және т.б. байланысты. Бұл жүйенің нақтылы көрсеткіштері сыртқы және ішкі ақпарат көзі арқылы қалыптастырылады.
1. Экономика организаций (предприятий),3-издание. Москва, «Проспект» 2006. И.В. Сергеев, И.И. Веретенникова, 378 стр.
2. Балабанов И.Т.Финансовый менеджмент. Москва: Финансы и статистика, 1994г.
3. Основы банковского менеджмента. Учебное пособие под редакцией Лаврушина О.И.
4. Роуз Питер. Банковский менеджмент. – Москва: 1993г.
5. Челенбай А.Д на пути к международным стандартам. //Қаржы-қаражат (Финансы Казахстана), 1997г. № 8
6. Со¬вре¬мен¬ный ме¬недж¬мент: прин¬ци¬пы и пра¬ви¬ла. На¬уч¬ное из¬да¬ние / Под ре¬дак¬ци¬ей В.И. Да¬ни¬ло¬ва-Да¬ниль¬я¬на Н.Н., НКЦП, 1992. - 232 с.
7. Банковское дело // Справочное пособие под редакцией к.э.н. Бабичевой Ю. – Москва: Экономика, 1995г.
8. Қаржы, Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С., Алматы, 2003 жыл. 276-бет
9. «Жетісу» газеті, № 5, 2007 жыл қаңтар айы, 13-бет.
10. Қаржының жалпы курсы. Мельников А.И. Алматы, 2003.
11. Основы Финансов. Мельников В.Д. Алматы. 2005жыл. 14-бет.
12. Казначейский механизм исполнения бюджета. Жакипбеков С.Т Алматы: Қаржы-қаражат, 1999жыл.
13. Регулирование бюджетных ресурсов. Жакипбеков С.Т. Алматы: Қаржы-қаражат, 2003год.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Акадмиясы
Экономика пәндері кафедрасы

Курстық жұмыс

Қаржы менеджменті
мамандық 050509 Қаржы

Орындаған:
Студент__3_ курс
Топ___303____
Мамандық____Қаржы___
Аты- жөні: Қыдырбекова А.

Қорғалған
бағасы:

______________

Жетекші:
Абжаков А.Т.

комиссия мүшелері:
Аға-оқытушы
Құдайбергенов Т.Қ., Абдыкаримова М.М., Джантелова Г.С.
экономика пәндері кафедрасы

(қол және қорғалған күні)

Талдықорған 2008ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ФИРМА МЕНЕДЖМЕНТІ ... ... ... ... ... 5
1.1Фирма менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар
... ... ... ... ... .5
І.2. Фирма менеджментінің мақсаты мен міндеті, маңызы және қажеттілігі...8

2 ФИРМА ДАМУЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Фирма менеджментін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Фирмдағы қаржылық және персоналды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 20
3.1 Менеджмент – фирма дамунының басты
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.2 Қазақстандағы менеджменттің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы фирманың,
сонымен қатар менеджменттің ролінің артуына ықпалын тигізді.
Фирманың қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі
көрсеткішке айналды. Фирма менеджментінің сандық және сапалық
көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық
кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді.
Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде фирманы басқарудың
ролін артуына ықпал етті. Менеджмент — ағылшын сөздігінде "manage" —
басқару деген ұғым. Осыған байланысты, фирма менеджменті - фирманы басқару
немесе кәсіпорындардың ресурстарының қалыптасуы — оны пайдалану, тарату
және ақша қаражатының айналымын ұйымдастыруды басқару үшін жасалатын
әдістер мен басқару шешімін іске асыру принциптерінің жүйесі. Қазақстан
Республикасында тиімді фирма менеджменті практикасы әлі бастапқы даму
кезенінде, оған өтпелі кезеңнің объективті экономикалық қиыншылықтары,
нормативтік-құқықтық базалардың жетілдірілмеу салдарынан қажетті мамандарды
дайындау деңгейінің төмендігі себеп болды.
Еліміздің нарықтық экономикаға енуі фирманы басқарудың жаңа тәсілдерін
талап етті, басқару жүйесінде жаңа мамандықтың - менеджментінің пайда
болуына ықпал етті. Кәсіпорындардың қызметкерлеріне қойылатын жаңа
талаптар "Кәсіпорын менеджменті" курсының оқу жоспарының құрылымын және
пәнінің мағынасын анықтайды.
Осы курстық жұмыста қарастырылып отырған мәселе қазіргі таңдағы
Қазақстан Республикасын үшін өте маңызды болып отыр. Себебі, ол нарықтық
экономикадағы шағын, орта және ірі бизнестің қалыптасуы мен дамуы үшін
әсері зор. Фирмадағы басқару процесі дұрыс жолға қойылса, ол фирма нарықта
жемісті қызмет ететін болса, оның ел экономикасына тигізетін пайдасы да жоқ
емес. Коммерциялық сипаттағы фирмалардың көп болуы, халықты жұмыспен қамту
мәселесінде өз көмегін тигізетіні сөзсіз.
Бұл курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен
тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы аталған сұрақ жайлы, курстық жұмыстың сипаты
туралы ақпарат берілген. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады.
Біріншісі, Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті. Бұл тақырыптың
өзі екі сұрақ бойынша қарстырылған, бірі фирма менеджментінің мазмұны,
базалық тұжырымдамалары, екіншісі фирма менеджментінің мақсаты және
міндеті. Осы тарауда жалпы фирма менеджменті туралы толық, әрі ашық ақпарат
теориялық түрде қарастырылған. Фирма менеджментінің негізгі міндеттері мен
мақсаттары көрсетілген. Оның маңызы мен қажеттілігі, нарықтағы әрі қарай
әрекет етуіне әсері қарастырылған. Фирма ақпаратын пайдаланушылар туралы
мәлімет берілген. Фирма менеджментті ақпараттық жүйемен жабдықтау мағынасы,
оның кеңдігі және тереңдігі кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен
анықталады, олардың ұйымдастырылуы - құқықтық жұмыс істеу түріне және т.б.
байланысты. Бұл жүйенің нақтылы көрсеткіштері сыртқы және ішкі ақпарат көзі
арқылы қалыптастырылады.
Негізгі бөлімнің екінші тарауы, фирма дамуындағы менеджменттің
ролі, фирма менеджментін ұйымдастыру және фирмдағы қаржылық және
персоналды басқару мәселелері көрсетілген.Бұл тарауда фирмадағы қаржылық
басқару және персоналды басқарудың теориялары мен тұжырымдамалары, сондай-
ақ маңыздылығы көрсетіледі. Бірінші кезекте фирманың қаржылық басқару
мәселесіне тоқталайық. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде фирма
қызметінің құрылымына міндетті түрде бухгалтерия қаржыны басқаруға
керекті ішкі қаржы ақпараттарынының негізгі көзі болып есептелінеді,
сонымен қатар, қаржы директорының мәртебесі бас бухгалтердің мәртебесінен
жоғары.Фирма менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің
барлығымен сипатталады. Жалпы түрде бұл фирманың қызметі. Фмирманың ішкі
қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның
мөлшерімен анықталады. Фирма әрекетінің көлемі көп емес шағын
кәсіпорындарда қаржы әрекетін басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен
атқарылады, бұл жерде қосымша мамандарды қатыстырудың қажеттігі жоқ.
Үшінші тарауда, Қазақстандағы менеджменттің дамуының мәселелері
көрсетілген. Оынң өзі екі бөлімде қарастырылған, менеджмент фирма дамунының
басты факторы, Қазақстандағы менеджменттің дамуы. Экономиканың қайсысы
болмасын өндірістен, экономикалық өсім жасаудан құраладаы. Өндіріссіз
тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді тұтыну болады. Атап, айтқанда
кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және
ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Фирма менеджментін ақпаратпен жабдықтау жүйесі оның нәтижелі жұмыс
атқаруы үшін аса маңызды болып табылады. Әрбір басқару жүйесінің тиімділігі
көп жағдайларда оны ақпаратпен жабдықтауға байланысты.
Қорытынды бөлімде, осы тақырып бойынша, курстық жұмысты
орындаушының көзқарасы мен негізгі тұжырымы берілген. Қорытынды бөлімнен
кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ФИРМА МЕНЕДЖМЕНТІ

1.1Фирма менеджментінің мазмұны, базалық
тұжырымдамалары.

Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару
жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімінің бірі – тиімді басқару.
Нарықтық экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың принциптері және
әдістері 19-20 ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып,
"Менеджмент" деген атқа ие болды. Жұз жылдан астам мерзімде фирма
менеджменті ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтті де
өзінің пайда болған кезінен бастап көптеген өзгерістерге ұшырады.
Менеджменттің бір ғана мағынаны білдірмейді. Ағылшын сөзі менеджмент
- манус деген латын сөзінен қол дегенді білдіреді. Бастапқы кезінде
бұл сөз шаруашылықтағы малды игеру саласына жатқызылған. Кейін бұл
адамдардың іс-әрекеті саласына ауысқан және адамдарды, сонымен қатар
ұйымдарды басқару ғылымы мен тәжіребесі саласын білдіретін болды. Ағылшын
тіліндегі Оксворд сөздігіндегі : Адамдармен қарым қатынастағы тәсіл ,
басқару өнері, үстемділік , әкімшілік ісін жүргізе алу , оны білу, басқару
органы, әкімшілік бірлік , - деген анықтама берілген. Шетел сөздер
сөздігінде : Өндірісті басқару және өндірістің тиімділігі мен
пайдалылығын арттыру мақсатымен өндірісті басқару принциптері, әдістері
және формаларының жиынтығы. Қазіргі кездегі теория мен практикада
менеджмент – бұл жеке жұмысшыны жұмысшы тобын және жалпы ұйымды басқару
процесі. Барлық шетел энциклопедиясы менеджмент ұғымын – ұйым мақсатына
басқа адамдардың көмегімен жету процесі деп тұжырымдалады. Осы процестін
субъектісі – менеджер, ал объектісі – ұйым. Басқару принциптері бұл басты
ережелер, негізгі нұсқаулар және мінез құлық нормалары. Оларды менеджерлер
басқару процесі кезінде басшылық етеді.
Менеджмент атқарымы және оның менеджер жұмысында білінуі туралы оқу-
әдебиеттерінде екі негізгі бағыт (көзқарас) қалыптасқан:
1. Басқару екі атқарым — басқару және бақылауды орындайды.
2. Басқару үш атқарымды орындайды: персоналды басқару;
қаржылық басқару; тиімді бақылау.
Екі бағыттың ішіндегі дұрыс негізделгені екінші бағыт. Шындығында,
тараптас бұрын, алдыменен табысты қалыптастыру керек, яғни ресурстарды
қатыстыру арқылы ақша қаражаттары қорын қалыптастыру қажет. Сонымен қатар
персоналды дұрыстаңдап қалыптастыру, жұмыс процесіне белсенді араласуды
қамтамасыз ету. Соныменен, бірінші атқарым фирма менеджерінің жұмысында
фирма ресурстарын ақша қаражат қорына толық шоғырландырылуы арқылы
айқындалады. Атап айтқанда толық және өз уақытында фирма ресурстарын
белгілі ақша қаражат қорына жинақтау қаржы-несие жүйесінің барлық
бөлімдерінің аса маңызды мақсаты болып есептелінеді. Шындығында, табыстың
толық туспеуі, яғни өз уақытында сатылған тауарлардан түсімнің түспеуі,
өндірісті қаржыландыруды, әлеуметтік төлемдерді төлеу және т.б.
қаржыландыруды бұзады. Бұл дегеніміз фирма менеджерінің жіберген
қателіктерін қалпына келтіру үшін қаржы көздерін іздестіру арқылы, шара
қолдануды қажет етеді. Өз уақытында табыстың түсуінің қажеттігі фирма
менеджерінің басты принциптерінің бірі болып есептелінеді. Екінші атқарым —
шығын жасау немесе барлық ақша түсімдерін тарату және қайта таратуда
байқалады. Соныменен, фирма менеджерінің қолындағы қаржы магниті уақытша
бос ресурстарды тартып, оларды ең басымды және тиімді объектіге салған жөн
болады. Кәсіби кадрларды таңдау мен олардың қызметін ұйымдастыру бұлда
менеджер ұстанатын саясатқа тікелей байланысты.
Фирма менеджменті — бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық
процесін ұтымды басқару жүйесі. Ол негізгі екіә бағытты жүреді.
Қаржыны басқару — кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын
бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда
алуі мақсатыңда қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады.
Қаржы менеджменті жұмыс істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.
Персоналды басқару – фирма жұмысы барысында өз қызметкерлерінің
жұмысын тиімді ұйымдастыру, басқару және бақылау жасау арқылы сапалы әрекет
етуді көздейді. Қызметкерлердің жұмысқа деген мотивация мәселесі, олардың
еңбекақысы, кәсіби деңгейін көтеру, даярлау және қайта даярлау
мәселелерінің шешімін іздейді.
Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформалары
экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден-бір бағыттарының
сипатыретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа
экономикалық қатынастарды және әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.
Қазіргі кезде фирмалар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не өндіру,
қалай және кім үшін – бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді қажет
етеді. Содықтан да, менеджменттің отандық әдістері мен проблемаларын жақсы
білген жөн.
Менеджментті нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың
бернелерін және әдістерін, әр түрлілік принциптерін қолдану, материалды,
қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде шаруашылық
өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше түрі ретіндегі
экономикалық дербес субьектісі деп түсіндіруге болады.
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі мееджменттің төрт аталымын береді:
➢ Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі.
➢ Басқарудың өнері және билік
➢ Әкімшілік дағдылары және білудің ерекше түрі
➢ Басқару оррганы, әкімшілік бірлігі.
Шет тілдер сөздігінде менеджментті өндірісті басқару және оның
тиімділігін арттыру мақсатында өндірістегі басқарудың принциптерінің,
әдістерінің және нысандарының жиынтығы деп қарайды.
Отандық теория мен практикада менеджментті жекеи қызметкерд, жұмысшы
тобы және жалпы мекемені басшылық жасау (басқару) деп түсіндіреді.
Арнайы басқарушылық әдебиеттерде менеджмент ұғымынаәр түрлі түсініктер
беріледі. Оларды ішінде кең түрде қолданылып жүргендерін мына төмендегі 1-
сызбадан көруге болады.
1-сызба.

Мұнда бірінші, менеджмент адам қызметініңтүрі есебінде қалады. Атап
айтқанда, барлығында біз тек өндірістің экономикалық факторына салсақ,
әсіресе, капиталды, ода біз дамуға қол жеткізбес едік. Азғантай жағдайда,
қашан біз менеджменттің қуатын тудыратын болсақ, онда біз дамуды
шапшаңдатқан болар едік. Даму, басқа сөзбен айтқанда, - экономикалық
байлыққа қарағанда адам қуатының іс-қимылы жақын.
Екінші, менеджмент процесс ретінде анықталады. Осының көмегімен
дайындалған кәсіптік мамандар өздерінің алға қойған мақсаттары мен әзірлеме
тәсілдеріне сүйене отырып фирмаларды, қалыптастыруға ықпал етеді. Басқару
процесі – бұл ақпарттық процесс, яғни қалыптастыру, қабылдау, алып беру,
өңдеу және ақпаратты сақтау. Басқару ақпаратқа алып бармайды, бірақта
ақпараттан тыс мүмкін емес екендігін ерекше атап өткен жөн.
Менеджментік қызмет – бұл фирмаларда жұмыс істейтіндердің еңбегіне,
ақыл-парасаттарына, адамдардың мінез-құлықтарына, уәждеріне сүйене отырып,
алдына қойған мақсаттарын іс жүзіне асруды ұйымдастырады.
Үшінші, менеджмент сатылы ұйымдастырушылық құрылымы ретінде басқару
қызмет түрін іске асырады. Өз кезегінде, сатылы басқару аппараты сол немесе
басқада фирманы басқару құрылымында нақтылы көрінеді. Сонымен, басқару
аппараты кез-келген фирманың құрамды бөлігі болып табылады және менеджмент
ұғымымен қауымдастырылады.

1.2 Фирма менеджментінің мақсаты мен міндеті,
маңызы және қажеттілігі.

Қазіргі нарықтық экономикадағы шаруашылық жүргізу жағдайында фирмалар
әрекетінің әртүрлі аспектілерін басқару жүйесіндегі ең бір күрделісі және
жауапкершілікті бөлімі қаржыны басқару, өйткені оған аса маңызды міндеттер
жүктеледі:
- банкрот болудан және ірі қаржы сәтсіздігінен қашу;
- бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның жұмыс істеуі;
- фирманың нарықтық құнын барынша молайту;
- фирманың экономикалық әлуетінің даму қарқынын қамтамасыз ету;
- өндіріс көлемін және сатуды өсіру;
- пайданы барынша молайту;
- шығындарды барынша азайту;
- негізгі әрекетіне қажетті рентабельдік деңгейін қамтамасыз ету жөне т.б.
Фирма менеджментінің түпкі мақсаты косіпорынның нарықтық құнын барынша
молайтуды қамтамасыз ету, пайданы қалыптастыру және тиімді
пайдалану тетігін қолдана отырып, кәсіпорынның бәсекелестік бағытын
арттыру. Соның ішінде акционерлік қоғамда кәсіпорын иесінің барынша табысқа
жетуі акцияның курстық құнының өсуі арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен
қатар акцияның курстық құнының өсуімен кәсіпорын пайдасының өсуі бір-біріне
сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам, өндірістің дамуына
инвестицияны тартып, көп ағымдағы шығындарды жұмсай отырып, нәтижесінде
жоғарғы деңгейлі пайда табады. Керісінше жағдайда, кәсіпорын барынша
пайданы көбейту үшін, негізгі қорды жаңартуға инвестицияны тартудан
қашады,ол болашақта кәсіпорынның бәсекелестігіне әсер етеді, нәтижесінде
кәсіпорын акциясының құнының төмендеуіне ықпал етеді.
Фирма менеджменті өзінің басты мақсатын, орындау процесінде келесі
негізгі міндетті орындауға бағыттайды:
- алдағы кезенде кәсіпкерлік кәсіпорынның даму міндетіне сай қажетті
қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- фирманың ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
- фирманың айналым активтерінің қажетті тиімділік деңгейін
қамтамасыз ету;
- алдағы кезенде кәсіпорынның пайдасын барынша молайтуды қамтамасыз
ету;
- фирманың барлық даму кезеңдерінде жоғарғы деңгейлі қаржы
тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету және т.б.
Сондай-ақ фирма менеджментінде маңызды орынған ие болатын әселе ол
персоналды басқарудың негізгі жолдарын, әдіс-тәсілдерін фирма стратегиясына
сай жүргізу. Оның оң нәтижелі болуын бақылау және қадағалу.
Фирма менеджері өзінің алға қойған мақсат-міндеттеріне жете білуі
тиіс. Нарықты әрекет ету барысында фирма менеджері алдынан жолығатын әр
түрлі проблемаларды шеше білуі, оның кәсіби менеджер ретіндегі деңгейін
анықтайды. Бұл оның тәжірибесін арттырып, фирма қиын жағдайларға ұшырыған
кезде дұрыс шешім қабылдауына септіген тигізеді.
Ғылыми, атап айтқанда, математикалық құралға, сондай-ақ адамдардың
тәртібін пайдаланудың бихевиорастік тәсілдеріне деген сабырлы көзқарас
пайда бола бастады, себебі 80-жылдардың басында ұйымшылдық мәдениеттің
барлық кәсіпорындардың – жүйелік те, тәртіптілік те ерекшеліктерін
шоғырландыру, жинау жағынан сипаттауда аса маңыздылығы байқалады. Басқаруда
технократизмнен гуманизмге қарай тағы да қозғалыс сезілді.
Алайда, соңғы жылдары жағдай біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде
де өзгерді. Қорлар азаюда, рыноктар қысқаруда, бәсеке барған сайын күшті
болып барады, жұмыссыздық қатерлі бастаманы көтертпейді, ал саясаткердің
шешімдері іскерлік өмірді қиындата түсуде. Осы қатал шындықтан жасырынып
қалуға азғырылу күштірек болды. Жағымды болама ретінде күнкөріс және өзіне-
өзі сенімді бола тұра, осы қиын-қыстау кездерде өзіне өркендеуді қамтамасыз
ету болып табылады.
Бір үлкен европалық компанияның орталық бөлімшесінің директорын
бөлімшенің шығындалуына байланысты орнынан алған кезде, ол былай деген еді:
Үш жыл бұрын рыноктағы жағдай анағұрлым қолайлы еді, сол кезде мен орнымда
қалар едім. Ал қазір проблемалар көбейді және батып кетпеу үшін екі есе
ақылды болу керек. Бірақ менің қолымнан бұл келмейді. Осы сөздер бүкіл
әлем экономикадағы жағдайды дәл бейнелейді.
Европада менеджерлер бірегей проблемаларды шешуге міндетті. Мысалға,
Европалық экономикалық қоғамдастықтың экономикалық және саяси қондырмалары
бір мүмкіндіктерді тудыратын, басқаларын бөгейтін және өздерінің шектеулері
мен жұмбақтарын ұстайтын ерекше заңдарды өмірге келтіреді. Менеджерлердің
шешімдеріне тарихи дәстүрлер мен үлгілер ұдайы әсер етеді.
Европаның іскер белсендірілерінің болашық өмір деңгейі жөнінде көмескі
болжаулар жиі естіліп жүр. Бақылаулардың көпшілігі іскерлік әлемнің
кірістің тоқтауы, энергияның жетіспеушілігі, үздіксіз құнсыздану,
жұмыссыздық, қоғамдық тәртіпсіздіктер мен жоғары саяси тұрақсыздықпен
сипаттайтын кезеңнен өтуі турасында пікір айтуда.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық жүйеге
ауысуына байланысты, осы қатынастарды жетік әрі толық меңгерген маман
тапшылығы байқалуда. Себебі бұрынғы әкімшіл-әмршіл жүйеде қызмет атқарған
басшылар осы күнде де жетекші орындардың көбінде отыр және олардың көбісі
қайта даярлау немесе жаңа қатынастарды оқу-меңгеру курстарын өтпегені
белгілі. Елбасы Қазақстан Республикасының халқына араналған өзінің
жолдауларында ( Қазақстан - 2030, әр жылғы жолдаулар, )
атап көрсеткендей біз кәсіби мемелкет құруға ұмтылуымыз керек. Тек сонда
ғана дамыған мемлекеттер қатарына қосылып, әлемдегі лидер мемелекеттер
санатына қосыламыз. Ал бұл үшін ұлттық экономикадағы түбегейлі жүргізіліп
жатқан реформаларды әрі қарай жалғатыру қажет екені сөзсіз. Ұлттық
экономиканың дамуында шағын және орта бизнес салаларының алатын орын өте
маңызды екені заман талабына сай көрініп отыр. Сондықтан шағын және орта
фирмалардағы менеджерлер, басшылар нарықтық қатынастарға сай әрекет ете
білгені жөн. Олардың бұл бағыттағы теориялық және практикалық, іс-
тәжірибелік білімдерін арттыру қажет. Сапалы менеджерлердің, фирма
менеджментінің макроэкономикалық деңгейдегі маңыздылығы көрінеді.

2 ФИРМА ДАМУЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РОЛІ.

2.1 Фирма менеджментін ұйымдастыру.

Фирма менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің
барлығымен сипатталады. Жалпы түрде - бұл кәсіпорынның қызметі. Дегенмен,
кәсіпорынның ішкі қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік
кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Фирма әрекетінің көлемі көп емес шағын
кәсіпорындарда қаржы әрекетін басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен
атқарылады, бұл жерде қосымша мамандарды қатыстырудың қажеттігі жоқ.
Жекелеген шағын және орташа көсіпорындарда қаржы қызметін- ұйымдастыру
құрылымына қарай бухгалтерлік бөлімі атқарады. Бұл бөлімнің міндеті есеп
ақпаратын жинақтап, оны қаржыны басқарушы кәсіпорынның бастығына береді.
Фирманың кәсіпкерлік әрекетінің кеңеюіне қарай, фирма әрекетінің көлемінің
ұлғаюына байланысты кәсіпорынның басшысы қаржы қызметін құрады және оған
фирма қаржысын басқарумен байланысты өз өкілеттігінің бір бөлігін және
міндетін тапсырады. Әлбетте, бұл жағдайда қаржы қызметін қаржы бөлімі
немесе қаржы-экономикалық бөлімі атқарады, 2-сызба.

Бас дирекция

Өндіріс Кадрлар қызметі Қаржы қызметі Маркетинг
қызметі қызметі

2-сызба. Шағын және орташа кәсіпорындардың ұйымдық құрылымының қаржы
қызметі.

Шағын және орташа кәсіпорындардың бөлімдеріндегі жұмысқа, әлбетте,
кәсіпорынның басқарудын барлық атқарымен орындаушы кең профилді
менеджерлерді тартады.
Ірі кәсіпкерлік фирмаларда ұйымдастыру қызметінің құрылымы өте
күрделі, өйткені қаржы ағымы бұндай фирмаларды тек қана өндірістік және
қаржы әрекетімен байланысты емес, сондай-ақ басқадай кәсіпкерлік
мекемелердің капиталда қатысуына байланысты болады. Фирма қызметінің
әрекеті фирманың экономикалық және қаржылық мүмкіншілігінің артуына
байланысты кеңейеді. Ірі кәсіпкерлік құрылымдардың қызметіне кең профилді
менеджерлері, сондай-ақ атқарымды менеджерлері тартылады. Біріншісі,
әлбетте жалпы әрекетін басқаруға, ал екіншісі басқарудың нақтылы міндетін
орындаушы ретінде тартылады. Атқарымды менеджері кәсіпорынның әрекетінің
бір саласындағы басқару атқарымына маманданған біржақты маман
(мысалы,инвестицияны басқарушы менеджер, тәуекел-менеджер және т.б.).
Ірі фирмаларда қаржы қызметін қаржы департаменті атқарады, оның
құрамына бірнеше мамандандырылған бөлімдер кіреді (3-сызба).

Қаржы департаменті (қаржы директоры)

инвестиция жоспарлау бөлімі қаржыны қаржыны бақылау бөлімі
жұмысы бөлімі талдау бөлімі

3-сызба. Ірі кәсіпкерлік фирмалардагы қаржы қызметі.

Қаржы қызметін бұндай ұйымдастыруда әрбір бөлім атқарымды орындайды.
Қаржы менеджментін жалпы басқаруды қаржы директоры атқарады, олар:
- фирманың жалпы қаржысының дамуын және саясатын анықтайды;
- фирманың әрекетін жалпы басқаруда жоғарғы басшылардың құрамында жұмыс
істейді;
- фирманың қаржы әрекетін реттеуде, зандарды сақтауды қамтамасыз етеді;
- фирманың қаржысын басқару ережелері мен принциптерін әзірлейді;
- қаржыны жоспарлауға жалпы басшылық етеді;
- қаржы жөнінде стратегиялық шешім қабылдау үшін, фирманың басшысына жалпы
аналитикалық eceпті дайындайды;
- фирманың қаржы қызметінің құрылымына кіретін, қаржы бөлімінің бастығымен
тығыз байланыстылықты жұмыс атқарады.
Соныменен, фирма қызметінің құрылымы фирманың дамуымен және оның саласының
кеңеюіне байланысты күрделенеді. Фирмалардағы ұйымдастыру қызметі тұрақты
түрде дамуда, өйткені оған сыртқы факторлардың әсерінің күшеюі, қаржы
ағымдарының молаюы және күрделі қаржы құралдарын пайдалану әceр етуде.
Шағын, орта және ірі кәсіпорындардағы қызметін ұйымдастыруға
келтірілген мысал белгілі мөлшерде шартты, бұл қызметті ұйымдастыру
басқадай болуы мүмкін, оны фирма әрбір нақтылы жағдайға және қаржы
әрекетінің түріне байланысты анықтайды.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде фирма қызметінің
құрылымына міндетті түрде бухгалтерия қаржыны басқаруға керекті ішкі
қаржы ақпараттарынының негізгі көзі болып есептелінеді, сонымен қатар,
қаржы директорының мәртебесі бас бухгалтердің мәртебесінен жоғары.
Фирма қызметін ұйымдасатыру барысында басқарушы директор, барлық
бөлімдер бойынша менеджерлер, акционерлер кеңесі және тағы да басқа да
басшылары келесідей факторларға көңіл бөлгені дұрыс. Олар: аталған фирманың
жарғылық қоры, айналым капиталының мөлшері, қандай тауар (қызмет, өнім)
түрін өндіретінін анықтау, өндірілетін тауар түрі бойынша нарықтағы баға,
өздерінің баға белгілеу стратегиясы, нарықтағы бәсекелестік деңгейі, ішкі
фирманың жарғысы (устав), директивтік жүйе бойынша басқарушылықты дұрыс
ұйымдастыру, ішкі қарым-қатынасты қалыптасытру, өндірістік процесті
ұйымдастыру, қаржылық жоспарды дұрыс құру, басшылар тарапынан берілетін
бұйрықтардың тиянақты орындалуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің ынтасы
арттыру және т.б.
Менеджер дегенміз – ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық
дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған
басшы. Менеджерлік әрекеттің мәні өзгерусіз, тек менеджердің бейнесі және
оның жұмыс әдісі ғана қалады. Еңбектің басқа түрлерімен салыстырғанда
басқару еңбегін ұйымдастырудың бірнеше ерекшеліктері болады. Сөйтіп, өзінің
еңбегі, оынң әтижесіне және қабылдайты шешімн білдіреді. Шешетін міндеттің
артықшылығы көбінесе басқару еңбегінің творчестволық ой-мінезін алдын-ала
анықтау болып табылады. Менеджер адам финанс және басқа да ресурстарынкөп
өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің қорытындысы алға қойылған
мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да слалада жұмыс істемесін әрбір
менеджердің жұмысында бес базалық операция болады. Олардың нәтижелігін,
тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын қолдауда интеграциялық
ресурстар басты роль атқарады.
Менеджер біріншіден, мақсатты белгілейді. Ол міндеттің әрбір тобын
анықтайды және осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екендігін шешеді.
Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдастырады. Ол әрекет түрлерін,
шешімді, қатынасты, қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау
жасайды. Ол сонымен қатар, оларды басқарылатын жиынтықтарға, ал бұл жиынтық
басқаратын еңбек міндеттеріне бөлінеді.
Үшіншіден менеджермотивация мен коммуникацияны қолдайды. Ол түрлі
жұмыстарға жауапкершілікті адамдардан өзінің құрамын жасақтайды және де
мұны ерекше әдіс жәрдемімен жалақы жөнінде, жұмысқа тағайындау, қызметке
жоғарлату арқылы көптеген басқа да түрлі шешімдерді кадрлар арқылы шешуді
ұйымдастырады.
Төртіншіден, менеджерлік қызметіндегі өлшеу. Ол өлшеу бірлігін
белгілейді, әрбір адамның өзіне тән көрсеткіші болуын қадағалайды,
бағалайды жәнге нәтижесіне назар аударады.
Бесіншіден, ол өзімен бірге адамдардың өсуіне жағдай жасайды. Аталған
еңбек өмірінің сапасы ұйым мүшелерінің өсуіне қолда бар мүмкіншілікті
қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда аталаған операциялар жұмыстардың саатына блінуі мүмкін,
сөйтіп олардың әр қайсысына ерекше сапа және мамандықты талап етеді. Кімді
менеджер деп атауға болады деген сұрақ жиі айтылады. Осы жерде есте болатын
жай, менеджер билі емес, ранг емес, барлық ұйымның іс-әрекетіне және
жауапкершіліктің нәтижесіне қосатын үлесі.
Сонымен, отандық тиімді менеджердің негізгі сапалығы – жоғары
кәсіпқойлық, жаңалықты қолданудағы іскерлік және жетулдіруді көтермелеу,
қызметкерлердің жақсы жұмыс істегендері үшін мадақтау және тиімді топталған
пікір сайысын өткізу, т.б. болып табылады.
Менеджерлердің басқарушылық іс-әрекетін әртурлі басқару функциялардың
үйлесімділігі ретінде аңықтауға болады. Функциялар басқару жүйесінде кім?
және нені жасайды? деген сұраққа жауап береді. Менеджерлерде төрт негізгі
функция бар :
1. Жоспарлау
2. Ұйымдастыру
3. Ынталандыру
4. Бақылау
Басқару әдістері – басқару субъектісінің басқарылатын объектіге
менеджердің ұйымға ықпал ету тәсілі. Басқару мақсаты – басқару әдістерін
аңықтайды, ал принциптер – мақсатқа жету ушін ең тиімді әдісті таңдауға
мүмкіндік береді.
Менеджмент былай анықталады :
1. Функция ретінде
2. Процесс ретінде
3. Басқару органы және аппараты
4. Адамдар категориясы ретінде
5. Ғылым және өнер

2.2 Фирмдағы қаржылық және персоналды басқару.

Бұл тарауда фирмадағы қаржылық басқару және персоналды басқарудың
теориялары мен тұжырымдамалары, сондай-ақ маңыздылығы көрсетіледі. Бірінші
кезекте фирманың қаржылық басқару мәселесіне тоқталайық.
Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару
жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімінің бірі - қаржыны басқару.
Нарықтық экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың принциптері және
әдістері 19-20 ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып,
"қаржылық менеджмент" деген атқа ие болды. Жұз жылдан астам мерзімде
қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтті
де өзінің пайда болған кезінен бастап көптеген өзгерістерге ұшырады.
Қаржылық менеджмент — бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық
әрекетін қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі.
Қаржыны басқару — кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын
бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда
алуі мақсатыңда қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады.
Қаржы менеджменті жұмыс істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.
Фирманың қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен орындалады, ол
басқарушы және басқарылушы екі қосалқы жүйеден құралады.

Басқарушы қосалқы жүйе (басқару субъектісі)
Қаржы қызметі және оның бөлімшелері

Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі)
қаржы қатынасы қаржы қаржы ақша
ресурстарының көзі ресурстары айналымы

4-сызба. Фирманың қаржы тетігінің негізгі қосалқы жүйесі

Басқару субъектісі болып, яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі қаржы
қызметі, оның бөлімдері және қаржы менеджері саналады. Қаржы менеджментінің
негізгі басқару объектісі болып кәсіпорынның ақша айналымы саналады.
Фирманың қаржы тетігі - бұл қаржы құралдары, қаржы әдістері арқылы
кәсіпорынның қаржы қатынасын басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетігінің
негізгі элементтері: қаржыны басқару объектісі ретіндегі қаржы қатынасы,
қаржы әдістері, қаржы құралдары, қаржыны басқаруды ақпараттармен және
құқықпен қамтамасыз ету. Кәсіпорын деңгейінде қаржы қатынасының
қамтитындары:
- басқа кәсіпорындардан және мекемелерден шикізат, материалдар жеткізу,
құрастырушы мүліктер, өнімдерді сату, қызмет көрсету қатынасы;
- есеп айырысуға банкілік қызмет көрсету, несиелерді алғанда және жапқанда,
валютаны сатып алу және сатуда және басқадай операциялар жасауға банк
жүйесімен қатынас;
- коммерциялық және қаржы тәуекелдіктерді сақтандыру жөніде сақтандыру
компанияларымен және мекемелермен қатынас;
- өндірістік және қаржы активтері операцияларына байланысты тауарлар,
шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;
- инвестицияны орналастыру туралы инвестициялық институттарымен қатынас;
- фирма қызметкерлерімен қатынас;
- салық қызметімен қатынас;
- аудиттік фирмалармен және басқадай шаруашылық етуші субъектілермен
қатынас.
Барлық көрсетілген түрлерге ортақ болып есептелетіндер, олардың ақша
түрінде көрсетілуі және жинақы төлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің мәні және қызметтері
Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Туризм – бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы
Менеджменттің мәні
Өнімнің сапасы оның бәсекелестігінің көрсеткіші
Кәсіпорынның қаржы басқаруы
Мемлекет тарапынан монополияны реттеу бағыттары
Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Фирма және кәсіпкерлік
Пәндер