Қазақстан Республикасының экономикалық дамудағы бюджет саясаты


Мазмұны
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі . Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның денгейі, валюталық курс және басқа да макраэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың дамуы мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін айқындайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму механизімін жүзеге асыру барысында мемлекеттік бюджет соңғы орын алмайды. Ол бюджетті, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады. Сондықтан қарастырылып отырған тақырып Қазақстан Республикасының экономикасы үшін өзекті болып отыр.
Бюджет саясаты әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет саясаты қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірынғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және осыған сай материялды негізі бар өндірістік қарым-қатынасты жатыр.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасынның бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы- бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етеді. Сол реформалаудың логикалық жағасы- ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2012 жыл ақпан айының 4-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі қабылданып, 2010 жылы қаңтар айының 1-ші жұлдызында қолдануға еңгізілді.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген: «Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін опреациялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады» [1, 6-бет] .
Жаңа Бюджеттің кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатысушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет саясаты мемлекеттік сектордың саласында алатын орны зор, өйткені ол осы сектормен тікелей байланыста. Жалпы ол еліміздің экономика жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі болып келеді.
Қарастырылып отырған дипломдық жұмыстың өзектілігін, мемлекеттің бюджетің маңыздылығы мен оны жүзеге асыру барысындағы сұрақтарды үлкен теориялық және тәжірбиелік мәнге ие болып отырғандығымен байланыстыруға болады.
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет саясаты айрықшалықты арналымды орындайды жалпы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызымет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде болады.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Ел экономикасын басқарудағы бюджет саясатының теориялық негізі, жеткен жетістіктері, проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Мемлекет қаржысын басқарудағы бюджет саясатының мәселелерін зерттеу барысында Үмбетәлиев А. Д., Керімбек Ғ. Е., Мельников В. Д., Байдуйсенов А. Д., ІлиясовҚ. Қ., Құлпыбаев С., сияқты экономистер үлкен үлес қосқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - экономиканы басқарудағы бюджет саясаты мен мемлекет қаржысының мәні мен мазмұнын, сонымен қатар қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет саясатының механизмі қалай іске асырылып жатқанын және оны жетілдіру мәселелерін толықтай зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
- мемлекет қаржысын басқарудағы бюджет саясаты мен мемлекет қаржысының мәні мен мазмұнын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет саясатының механизмі мен оны ұйымдастыруды талдау; Шетелдік тәжірбиені және осының негізінде Қазақстан Республикасына қолайлы ұсыныстар жасау; Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдар аралығындағы республикалық және обылыстық бюджет саясатының құрылымын талдау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет саясатын жетілдірудің кейбір мәселелерін талдау.
Дипломдық жұмыстың объектісі - Макинка қаласының «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
.
Дипломдық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудағы бюджет саясаты.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі талаптарына сай бюджет саясатын зерттеу және жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып мыналар саналады:
- Қазақстан Республикасындағы бюджет саясатының экономикада алатын орны анықталып, ғылыми негізделген тұжырым берілді;
- бюджет саясатының әлемдік тәжірибесін сараптап, оны ҚР-на енгізу қажеттілігінің негізгі және дәлелді белгілері анықталды;
- нарықтық қатынастарға өту кезеңінен бастап еліміздегі экономикалық байланыстардың қарқынды даму тұсындағы бюджет саясатының жағдайы анықталып, мемлекеттік қаржыны басқаруда бюджет саясатын қалыптастырудың көзі ретінде басымды ерекшеліктері айқындалды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде отандық және шет ел ғалымдарының еңбектері, оқулықтар, заңнамалар, Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жинағы, Қазақстан Республикасының Үкіметі қолданылған. Сондай-ақ, Ақмола облысының экономика және бюджет жоспарлау бөлімінің мәліметтері, Макинка қаласының «Әкімінің аппараты» қаржы басқармасының мәліметтері негізінде жүзеге асырылды.
Зерттеу әдістері - дипломдық жұмысты зерттеу барысында келесі әдістер: салыстырмалы, аналитикалық, диалектикалық, тарихи, логикалық әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде ел экономикасындағы бюджет саясатының теориялық негіздері қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының экономикалық дамудағы бюджет саясатына талдау жасалынған.
Үшінші бөлімде экономикалық дамудағы бюджет саясатын жетілдіру жолдары талданды.
Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 Ел экономикасындағы бюджет саясатының теориялық негіздері
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен маңызы
Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамассыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жұзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады [2, 6 бет] .
Бюджеттің формасы- қаржылық жоспар, материалдық негізі- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіреуі-заң.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: “Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамассыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры” [3, 4 бет] .
Мемлекеттің кәсіпорындармен, мекемемен, ұжымдармен және тұрғындармен қаржылық қарым-қатынас қалыптастыратын қоғамдық өте жақсы өнімді құндық бөлудің айрықша обылысы. Олар жалпы мемлекеттік сұраныстарды қанағаттандыратын мақсатқа арналған орталықтандырылған ақша құралдары қорын қалыптастыру мен пайдалану мәселелерімен байланысты. Бұл қаржылық қатынастардың жиынтығы- мемлекеттік бюджет деп аталады [4, 85 бет] .
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Мемлекеттік қаржының негізгі бөлігі бұл мемлекеттік бюджетке тиесілі. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржының мәні негізінен мемлекеттік бюджет арқылы анықталады [5, 183 бет] .
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізүші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасындағы пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді [6, 292 бет] .
Мемлекеттік бюджет- қоғамның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған және осы мақсатты шараларға жұмсалынатын мемлекеттің ақша қоры. Сонымен қатар, бюджеттегі қаржылық ресурстардың шоғырлануы мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыру үшін қажет.
Мемлекеттегі бюджет елдің унитарлық немесе федеративтік нышанына жатқызылуына тікелей әсері бар. Федеративтік елдерде мемлекеттік бюджет негізінен 3 бөліктен тұрады. Олар:
- Федеративтік бюджет;
- Аймақтық бюджет;
- Жергілікті бюджет.
Мұнда, аймақтық бюджеттер әр елдің өзіне тән ерекшелігі болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-ында аймақтық бюджет штаттық бюджет, Германияда- жерлер немесе округтық бюджет деп аталады. Аймақтық бюджеттің дербес басқару мүмкіндіг бар. Сондықтан да АҚШ-да салықтық мөлшерлемелер деңгейі әртүрлілігімен сипат алады [7, 184 бет] .
“Мемлекеттік бюджет” ұғымын қарастырғанда “бюджет жүйесі” деген ұғымды да қарастырған жөн.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі денгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді [8, 296 бет] .
Бюджет жүйесі- бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен бюджетаралық қатынастардың жиынтығы ретінде танылады .
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақща қорын-бюджетті-қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.
Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
- республикалық бюджет;
- обылыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
- аудан бюджеті.
Бюджет жүйесі әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің өзара байланысына негізделеді. Бюджетаралық қатынастар бюджет шығыстары мен кірістері арқылы қалыптасады .
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттердің орталықтандырылған ақша қорында- бюджетттік қорында затталынады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымырағы келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылымемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді [9, 8 бет] .
Мемлекеттік бюджет, ең бастысы мемлекеттің жоспары. Ал, мемлекеттік жоспар 1 жылға да, бірнеше жылға да қарастыруы мүмкін. Бірқатар елдерде мемлекеттік бюджет ағымдық табыстар мен шығындардан және орта-ұзақ мерзімді бюджеттен құрылады .
Мемлекеттік бюджет- бұл мемлекеттін қызыметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржылық қамтамассыз етуін қарастыратын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Осыған сәйкес, басқа экономикалық-әлеуметтік процестердің өзгерістері де мемлекеттегі бюджет жүйесіне де әсер етті. 2004 жылдың Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесінің құрамына мемлекетік бюджет енгізілді
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
- мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызымет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызыметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқталысып жатады .
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материялды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры- бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану- құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді [10, 10 бет] .
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің оталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қадеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді [11, 341 бет] .
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес. Сондықтан мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, “қаржы” категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән: Ұлттық табысты қайта бөлу, әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету, экономиканы реттеу мен ынталандыру, ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлу функциясының мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бөлу функция арқылы мемлекет аумағында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстары түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді .
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттің қарым қатынастың барлық жағы бейнеленеді .
Сонымен бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың функциялары қортынды түрде келесілерді құрайды:
- нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер:білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т. б. )
- кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансферттер, субсидиялар және т. б. )
- мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамассыз ету және т. б. )
- мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау) .
Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20 % бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясаттты қаржымен қамтамассыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді. Жалпы, бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдер мен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды .
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциялдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым- қатынастың белгілі саласында көрініс табады [3, 15 бет] .
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қорғауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары- салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржыжоспары ретінде сипатталады.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады [3, 12 бет] .
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизімінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйенің негізгі құрылымы бола отырып, өздігімен бірнеше элементтерден тұрады. Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген- ол “республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет”. Сонымен қатар, “мемлекеттік бюджет” термині- мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады [1, 7 бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz