Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
І Бөлім. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1.1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері
1.2 Банктік тәуекелдердің сыныпталуы
ІІ Бөлім. Банктік тәуекелдерді басқару және бағалау
2.1 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
2.2 Банктік тәуекелдерді бағалаудың әдістері
2.3 Банк несиесі бойынша шығындарды жабуға арналған
ІІІ Бөлім. Банктік тәуекелдерді басқарудың шетел тәжірибесі
Қорытынды

Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.
Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады және банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.

Нормативтік-құқықтық актілер:
1. "О Национальном банке РК". Закон РК от 30.03.95г. №2155.
2. "О банках и банковской деятельности в РК". Закон РК от 31.08.95г. №2444.
3. "О валютном регулировании". Закон РК от 17.04.95г. №54-1
4. "О лицензировании". Закон РК от 17.04.95г. №2200
5. "О банкротстве". Закон РК от 21.01.97ã. №67-1
Әдебиеттер:
1. Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп.Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған Қалғұлова Р.Ж.–Алматы: «Массагет-пресс»,2005ж.
2. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. Г.С.Сейткасимова. – Изд.2-е перераб. и доп. – Алматы: Экономика, 1999.
4. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000.
5. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
6. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.
7. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. “Жалпы экономикалық теория”. Оқу құралы. - Алматы – Ақтөбе, 2001.
8. Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. –Алматы: Қазақ университеті, 1999.
9. Банковское право РК.
10. Банковская система за 10 лет независимости Казахстана НБ РК. Алматы. 2001г.
11. Новиков, Чумаченко Б.П, Шалгинбаева Г.Н. "Стратегия и управление банковскими рисками".
12. Мақыш С.Б. "Коммерциялық банктердің операциялары". Алматы. 2002ж.
13. Корнилова Л.П. «Управление банковскими рисками» - журнал Банки Казахстана,№2,2004г.

Кіріспе
Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын
объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында
кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел
жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында
кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.
Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін
тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы
конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда.
Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты
болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып
табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық
мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер
тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан
банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі
мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты
болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына
байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге
болады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты банктік тәуекелдердің теориясына талдау
жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін,
сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен
басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда
шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық
банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады
және банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары
мен әдістерін ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі объектісі – банктік тәуекелдер және банктерде
қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдығы болып табылады.
Осы мақсатты орындауға байланысты келесідей міндеттер туындайды:
➢ Тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау;
➢ Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау;
➢ Шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау;
➢ Отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің
негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.
Курстық жұмыс өзара байланысты үш ірі бөлімнен тұрады. Өз кезегінде әр
бір бөлім бірнеше сұрақтардан құралған.
Бірінші бөлімде банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық
аспектілеріне аса маңызды көңіл бөлінген. Мұнда тәуекелдің табиғаты, оның
банк тәжірибесінде алатын орны, пайда болу себептері және оларға әсер
ететін факторлар толығымен ашылған.
Ал екінші бөлімде негізгі мәселе болып банктік тәуекелдерді басқару
қарастырылады. Қазақстандық банктердің тәжірибесінде несиелік тәуекел,
пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел жиі кездесетін
болғандықтан, бұл бөлімде негізінен осы аталып кеткен тәуекелдерді
басқаруға көп көңіл бөлінген. Сол сияқты, мұнда тәуекелдерді есептеу,
басқару әдістері мен бағалаудың тәсілдері және банк несиесі бойынша
шығындарды жабуға арналған резервтер есебі берілген.
Соңғы бөлімде тәуекелдерді басқарудың шетелдік және отандық тәжірибесі
көрсетіліп, солардың негізінде Қазақстандағы банктер үшін тәуекелді
басқарудың қолайлы әдісі анықталып, оны жетілдіру жолдары ұсынылады.
І Бөлім. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1.1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері
Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел
біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу
немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын
айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені
жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді.
Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп
баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді.
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді.
Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым
жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен
болады. Сондықтан кез-келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің
арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең
маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-
келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында
банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді.
Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің
тәуекелді басқаруымен байланысты.Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен
капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел
жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар
жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты
шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс
операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ
тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да
соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын
табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланысты төмендегі
сызбадан көруге болады (сурет-1). Бұл сызбада табыс пен тәуекел арасындағы
байланыс бірнеше бөліктерге бөлінген және әр бір бөліктің өзіне тән
ерекшеліктері бар.
Егер де банк өз қызметін бірінші бөлікте ұйымдастырса, мұндай банктің
табыс деңгейі өте төмен болады. Банк ұзақ мерзімде бұл бөлікте қызмет етсе
үлкен проблемаларға жүгінеді. Бұл бөлікті жеткіліксіз табыс бөлігі деп
атауға болады.
тәуекел
2
1 3
табыс
Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланыс кестесі
(сурет-1)
Ал, екінші бөлікте қызметін ұйымдастыратын банк өзіне тәуекелділікті
қабылдайды. Бірақ мұндай банктің жоғары табыс алу ықтималдығы төмендеп
кетеді. Бұл бөлікті бекер тәуекелге бару бөлігі деп атауға болады.
Банк өз қызметін үшінші бөлікте ұйымдастыратын болса, өзін қажетті
табыс деңгейімен қамтамасыз етеді және негізделген тәуекел деңгейін
қабылдайды. Тәуекел мен табыс деңгейлерінің оптималды қатынасы осы бөлікте
орнығады.
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу
себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (сурет-2). Тәуекелдің пайда болуының
үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни
банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі
субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді
қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
• Пайыздық тәуекел – ағымдағы проценттік тәуекелдің өзгеруімен
байланысты тәуекелдің түрі.
• Валюталық тәуекел – валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің
түрі.
• Инвестициялық тәуекел – қор нарығындағы өзгерістермен байланысты
тәуекелдің түрі.
Тәуекелдің пайда болу көздері
(сурет-2)
2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел – контрагенттің өз
міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына
байланысты тәуекелді айтамыз.
3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
• Оперативтік тәуекел – банктің кейбір функцияларымен байланысты
тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық
құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілу
дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және
нақты орындау қабілеті.
• Стратегиялық тәуекел – банк қызметінің дұрыс ұйымдаспауымен немесе
жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау
үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық
модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау
әдістемелерінің толық еместігі.
Тәуекел дәңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге
бөлуге болады.
Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік
тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:
❖ Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе
міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін
жоғалтумен байланысты.
❖ Пайыздық тәуекел нарықтағы процеттік ставканың ауытқуымен байланысты.
❖ Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен
байланысты.
❖ Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін
болатын құнсыздануымен байланысты.
❖ Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен
сипатталады.
❖ Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейден
ауытқуымен байланысты.
❖ Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді
электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
❖ Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы
болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
❖ Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше
жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне
ұрынады. Ондай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі,
сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерияларға байланысты
жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады.
Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің
өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің
түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға
соғады.
1.2 Банктік тәуекелдердің сыныпталуы
Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына
элементтер бойынша топтаймыз:
1. коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
3. банк клиенттерінің құрамы;
4. тәуекелділікті есептеу әдістері;
5. банктік тәуекелдің деңгейі;
6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үйлестіру;
7. тәуекелді есепке алу сипаты;
8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
1. Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі
кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін
көрсетуге болады: маманданған, салалық және әмбебап (сурет-3).
Коммерциялық банктердің түрлері
(сурет-3)
Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен
байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән
тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа
технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал,
әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.
2. Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.
Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі
және сыртқы деп екігі бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің
іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне
көп факторлар әсер етеді. Олар: саяси, экономикалық, демографиялық,
әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары. Ішкі тәуекелге банктің және
оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді
жатқызуға болады. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-
әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы
басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел,
табиғи апаттар тәуекелі жатады, ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің
құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері
жатқызылады (сурет-4).
Ал, қазақстандық экономистер ішкі және сыртқы тәуекелдерді жоғарыдағы
кестеге қарағанда біраз өзгеше топтастырған (сурет-5).
Мұндағы негізгі ерекшелік сыртқы тәуекелдердің басқарылатын және
басқарылмайтын деп екіге бөлуі болып табылады. Ал ішкі тәуекелдер әкімшлік,
қаржылық және ұйымдастырушылық деп үшке бөлінген. Басқарылатын сыртқы
тәуекелге клиенттік тәуекел, контрпартнерлық тәуекел жатады. Басқарылмайтын
сыртқы тәуекелдерге саяси, экономикалық, сақтандыру, депозиттік, валюталық,
инвестициялық, проценттік тәуекелдер жатады. Ал әкімшілік тәуекелдерге
құрылымдық, басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады.
Қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік, диверсификациялық,
табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады. Ұйымдастырушылық тәуекелдерге
ақпараттық, персоналдық, жаңа технологияларды қолданумен байланысты
тәуекелдер жатады.
3. Банк клиенттерінің құрамы.
Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және
тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты
тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады (сурет-4).
Банк клиенттерінің құрамы
(сурет-4)
Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерді кіші, орта және ірі
деп үш топқа бөлуге болады. Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер
нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым
болып келеді, сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында
кәсіби бағытын жедел өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті
капиталы аз болады, сондықтан олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге,
қатаң бәсекеге төтеп бере алмай банкроттыққа ұшырайды. Ал ірі кәсіпорындар
керісінше, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жай бейімделеді және
өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді. Бірақ мұдай кәсіпорындардың
меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз
экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады.
Меншікке қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар
мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншікке
қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі
болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе
несие берместен бұрын клиенттер портфелінің сапасын тексереді. Осылайша
банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде
ұстау үшін үнемі түрде клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып нақты
және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.
4. Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері.
Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде қаржылық
шығындарды шектеуге тырысады.
Тәуекелді талдау кестесі (сурет-5)
Тәуекелді талдау кезінде бір бірімен тығыз байланысты екі әдісті
қолдануға болады. Олар: сандық және сапалық. Сапалық талдау жеңілірек болып
келеді. Оның негізгі мақсаттары – тәуекелдің факторларын, пайда болу
кезеңдерін, пайда болуының мүмкін аймағын анықтау болып табылады. Тәуекелді
анықтау жүйесі үш элементтен тұрады: тәуекелдің ұзақтығы, көлемі,
ықтималдығы. Қазіргі уақытта тәуекелді сандық талдаудың жиі қолданылатын
әдістері мыналар болып табылады: статистикалық, аналитикалық, сараптамалық
және тағы басқалары.
5. Банктік тәуекелдің деңгейі.
Банктік тәуекелдің деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады.
Ол процент түрінде немесе коэффицент түрінде анықталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың үшінші шілдесінде
бекіткен ‘Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы
ережеге сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес
топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма-қол ақша,
аффинирленген бағалы металдар, үкіметке берілген несие, Ұлттық Банкке
берілген несие, Ұлттық Банктегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар
және тағы басқалары жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекелділік деңгейі 0-
ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған
бағалы қағаздары, ЖАҚ ‘Қазақстан ипотекалық компаниясының’ бағалы
қағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0.2-ге тең. Үшінші топтағы
активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және тағы басқалары жатады және
олардың тәуекелі 0.5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп
айырысулар, негізгі құралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы
активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік құны бойынша
есептелетін инвестициялар, субординацияланған қарыз, лицензияланған
программалық жабдықтау жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге
тең.
6. Тәуекелді уақыт тұрғысынан үйлестіру.
Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үйлестіру банк үшін
маңызды элементтердің бірі болып келеді.
Сурет-6.
Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және
бұрынғы деп үшке бөлінеді. Бұрынғы тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы
және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезендегі
тәуекелдер бір бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, ағымдағы
кезеңде несие берілсе, ол несиені қайтармауға байланысты шығындар келешекте
көрініс табады. Сондықтан да банк үшін тәуекелді уақыт тұрғысынан үйлестіру
маңызды болып келеді.
7. Тәуекелді есепке алу сипаты.
Есепке алу сипатына байланысты тәуекелдер баланстық және баланстан
тыс, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.
8. Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігі.
Басқару мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып
бөлінеді. Ашық тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді
реттеуге болады.
ІІ Бөлім. Банктік тәуекелдерді басқару және бағалау
2.1 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Стратегиялық
басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар
ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамасыз етеді. Стратегиялық
жоспарлау мен басқарудың негізгі мақсаты – операциялардың көлемін, табыс
деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық құнын жоғарлату мақсатында банктік
қызметтердің жаңа түрін енгізу.
Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің
түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін
дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты
қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді
анықтауға өзгертуге, бақылауға, деңгейін төмендетуге байланысты іс-
шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі
төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады.
Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады.
Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық
деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты
банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың
ішінде жиі кездесетіндер:
1. диверсификация;
2. сақтандыру
3. хеджирлеу;
4. өзін өзі сақтандыру;
5. лимиттеу;
6. нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу;
7. сапаны басқару;
1. Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түріне
байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін
төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек.
➢ Тартылған қаражаттың диверсификациясы:
• мерзімі бойынша;
• тартылу түрлері бойынша (заңды тұлғалардың депозиттері, жеке
тұлғалардың депозиттері, банк аралық несие, халық аралық қарыздар);
• тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша);
➢ қолданылатын құралдардың диверсификациясы: активтер портфелінде төлем
құралдары көп болу керек;
➢ қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:
• мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып
бөлінеді;
• қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ
көп тұлғаларға берілуі керек.
2. Сақтандыру. Мейлінше, тәуекел деңгейі бар банк активтерінің барлық
түрлері сақтандырылуы керек;
3. Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық
позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;
4. Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды
есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін
мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің
пайдасынан құралған резервтік қоры болуы керек.
5. Лимиттеу – банктік тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлар,
құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу.
Шектеудің келесідей көп тараған түрлері бар:
➢ әр контрпартнерлармен операциялар бойынша лимиттер;
➢ әр құрал, актив түрі, нақты бөлімше немесе дилерге лимиттер;
➢ бір қарыз алушыға минималды қарыз мөлшері;
➢ баланстан тыс міндеттемелердің минималды мөлшері;
➢ келесі күнге қалдыруға мүмкін ашық позицияның минималды мүмкін
мөлшері;
➢ банктің әр бөлімшесі, әр құралы, әр позициясы бойынша пайда мен
шығындар лимиті.
6. Нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу практикада
келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:
• банктің клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары және
мерзімді басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру;
• Блумберг, Телерейтер, Рейтер. Интернет сияқты маманданған фирмалардан
электрондық және ақпараттық қызметтерді алу және аналитикалық
агенттіктердің мерзімді басылымдарына жазылу;
7. Сапаны басқару – тәуекелді басқарудың қазіргі уақытқа ең көп
қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан
тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Мұндай тәсілмен басқару үшін банкке
маманданған қызметкерлер керек.
Несиелік тәуекелді басқару. Банк үшін несиелік тәуекелді басқарудың
маңызы зор болып табылады. Несиелік тәуекел – негізгі қарызды және берілген
қарыз бойынша есептелген проценттерді қайтармауға байланысты туындайтын
тәуеклдің түрі. Несиелік тәуекелдің бірдей дәрежеде клиентке және банкке
қатысы бар. Ол мынадай факторлармен байланысты туындауы мүмкін: кәсіби
белсенділіктің төмендеуі, сұраныс деңгейінің төмендеуі, келеңсіз жағдайлар
және тағы да басқа факторлар.
Банктердің несиелік тәуекелі негізінен екі тәуекелден тұрады: несиелік
тәуекел және контрпартнер тәуекелі. Несиелік тәуекел несиені уақтылы емес
немесе ішінара қайтаруға байланысты туындайды, ал контрпартнер тәуекелі
контрпартнердың қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе банкроттыққа
ұшырауымен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекел немесе негізгі соманың қайтарылмау тәуекелі келесідей
өндірістік мәселелермен түсіндіріледі: өндірістің құлдырауы, өнімге деген
сұраныстың төмендеуі және жеке өндіріс саласындағы кризистік жағдай.
Банктегі несиелік тәуекелдің деңгейі келемідей факторларға байланысты:
• Ұзақ мерзімді приоритеттердің болмауы немесе банктің несиелік
саясатының жиі өзгеріп отыруы;
• Банктердің жаңадан пайда болған клиенттерінің арасында несиенің үлкен
бөлігін орналастыруы;
• Жағымсыз конъюнктуралық өзгерістермен сипатталатын географиялық
аймақтар мен салалардағы банк клиенттерінің көп шоғырлануы;
• Қамтамасыз етілмеген несиелер, күмәнді несиелер, қаржылық жағдайы
нашар клиенттерге берілген несиелердің үлес салмағының көп болуы;
• Нарықтың жаңа сегменттеріндегі банк іс-әрекетінің тығыздығы.
Әр банк өзінің несиелік саясатын жеке құрастырады. Сондықтан да, әр
банкте несиелік процессті ұйымдастырудың, қарыз сомасы мен есептелген
проценттерді өтеу ерекшеліктері бар. Банктің несиелік саясаты үш бөліктен
тұрады: несиелеу туралы ұсынысты алдын ала талдау, несиелеу процесінде
қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау, несиенің қайтарылу процесі.
Потенциалды қарыз алушыны алдын ала талдау келесідей тексеру
кезеңдерінен тұрады:
✓ Қарыз алушының әрекет қабілеттілігін тексеру. Әрекет қабілеттілігі
мемлекеттік тіркеу құжаттарымен тексеріледі.
✓ Қарыз алушының репутациясын тексеру, яғни қарыз алушының
партнерлармен және несие берушілермен кем дегенде бір жылдың ішіндегі
қарым-қатынасын тексеру. Ол қаржылық есеп және банктің қауіпсіздік
қызметінің материалдары негізінде жүргізіледі.
✓ Кәсіпорынның меншікті капиталының көлемі. Дамыған мемлекеттерде
қарыз алушы жоспарланған инвестициялық жобаға өз капиталын белгілі
деңгейде жұмсамаса, ешқандай банк мұндай жобаға қатыспайды. Көбінесе,
меншікті қаражаттар мен тартылған қаражаттардың ара қатынасы 70% 30%-
ға тең.
✓ Нарықтық конъюнктураның жағдайы. Ұзақ мерзімді несиелендіру кезінде
банк қарыз алушының конъюгктурасын толығымен анықтау керек, яғни несие
алушының өндіретін тауарына нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қатынасы.
✓ Міндетті түрде қарыз алушының негізгі қаржылық коэффиценттері
анықталады және кепілдік объектісі бағаланады. Банк әрқашан
кепілдіктің сапасын, өтімділігін, оның нарықтық бағасының несие
көлеміне қатынасын реттеп отырады.
Несиелендіру процесінің екінші кезеңі клиент іс-әрекетінің тиімділігін
периодты тексерумен сипатталады, яғни осыны тексеру арқылы банк клиенттің
ағымдағы қаржылық жағдайын анықтайды. Клиенттің ағымдағы төлем
қабілеттілігіне талдау жүргізу үшін келесідей ақпараттар керек:
✓ Жылдық, кварталдық және айлық қаржылық есептері;
✓ Тауарлы материалдық қорлардың, дебиторлық және кредиторлық
қарыздардың құрылымдары немесе үлес салмағы;
✓ Қарыз алушының өндірген өнімінің өткізілу дәрежесіне талдау жасау;
✓ Қарыздың толығымен өтелуіне дейін қарыз алушының ақша қозғалысын
талдау.
Үшінші кезеңде қарыз алушы несиені өтейді. Жоғарыда айтылып өткен
кезеңдердің әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып
келеді.
Несиелік тәуекелді басқарудың тәжірибеде ең көп тараған тәсілдеріне
мыналарды жатқызуға болады:
▪ Банк, клиент іс-әрекеті туралы статистикалық ақпараттарды талдау
арқылы қарыз алушыға байланысты тәуекелдерді бағалау. Осы үшін
коммерциялық банктерде тәуекелдің деңгейін талдау жұмыстарымен
айналысатын және табыстарды басқаратын бөлімше құрылады;
▪ Қарыз алушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып
тәуекелдерді бағалау;
▪ Қарыздың нақты сомасы мен қайтарылу мерзімін анықтау;
▪ Несиені сақтандыру;
▪ Қайтарылмаған қарыздарға байланысты арнайы резервтер құру;
▪ Тәуекел деңгейі жоғары болса, қарыз беруден бас тарту;
▪ Несиелік тәуекелді диверсификациялау;
▪ Несие беруге байланысты келісім шартты заңға сәйкес құрастыру.
Несиелік процесс кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлем
қабілеттілігін алдын ала талдау өте маңызды болып келеді. Бұл процессті
тәжірибеде алты әдіспен зерттеуге болады. Олар:
1. қаржыландыру бағытын талдау;
2. несиені өтеу кезеңдерін талдау;
3. тәуекелдерді талдау;
4. менеджмент деңгейін талдау;
5. қаржылық түрақтылығын талдау: коэффиценттерді талдау және ақша
қозғалысын талдау;
6. кепілдіктің жеткіліктік дәрежесін талдау.
Несиелік тәуекелді бағалаудың қорытынды нәтижелері болып мыналар
табылады – күтілген шығындар және күтілмеген шығындар. Несиелік тәуекелгн
байланысты күтілген шығындар құралған резервтердің негізінде орны
толтырылады, ал күтілмеген шығындар банктің меншікті қаражаттарының
есебінен орны толтырылады.
Несиелік тәуекел бойынша жеке бір операция бойынша күтілетін
шығындардың сомасы мына формуламен есептеледі:
EL = CE*PD*SL, мұндағы
EL – күтілген шығындар;
CE – тәуекелмен байланысты сома;
PD – дефолттың ықтималдығы;
SL – дефолт кезіндегі шығындардың көлемі.
Несие беруге байланысты күтілмеген шығындар сомасы:
UEL = CE*SL
UEL – күтілмеген шығындар;
CE – тәуекелмен байланысты сома;
SL – дефолт болған жағдайдағы шығындар.
Әлемдік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалаудың екі негізгі әдісі бар.
Олар жеке және бір бірімен қолдануы мүмкін:
• несиелік инспекторлар мен сараптаушылардың субъективті қорытындысы;
• автоматтандырылған скоринг жүйесі.
Скоринг математикалық немесе статистикалық модель болып табылады. Осы
модельдың арқылы банк бұрынғы клиенттерге талдау жүргізудің негізінде
потенциалды клиенттердің қарызды уақтында қайтару немесе қайтармау
ықтималдығын есептейді.
Пайыздық тәуекелдерді басқару. Пайыздық тәуекелдер дегеніміз –
тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық ставканың орналастырылған
активтер бойынша алынатын пайыздық ставкалардан жоғарлап кетуге байланысты
пайда болатын тәуекелдің түрі.
Жалпы қарастырсақ, банк ісінде көп қолданылатын пассивтер мен
активтерді басқару түсінігі нарықтық конъюнктураның өзгеруне байланысты
активтер мен пассивтер бойынша пайыздық ставкілерді басқару ұғымымен
сипатталады. Банктердегі пайыздық тәуекелдерге талдау жүргізу үшін активтер
мен міндеттемелер өзгерісінің пайыздық ставканың өзгерісіне тәуелділігін
анықтап алу керек.
Пайыздық тәуекелдерді басқарудың мынадай құралдар қолданылады:
1. пайыздық тәуекелдерді сақтандыру;
2. несиені өзгермелі пайыздық ставкамен беру;
3. ФРА (Forvard Rate Agreement) операцияларын жүргізу.
Валюталық тәуекелдерді басқару. Валюталық тәуекелдер - әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz