Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз экономикалық даму жылдарындағы әлемеуттік-экономикалық қайта құрылым меншік формаларының әртүрлілігіне негізделген жаңа экономикалық жүйенің құрылуына әкелді.
Нарықтық қатынастардың дамуымен пайда болған өзгерістер, өз кезегінде, еңбек мәселесінің ерекше маңыздылығын көрсетті. Тиімді экономикалық жүйенің қалыптасуы мен дағдарыстық құбылыстармен күресу тек жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізілген кезде ғана мүмкін болады, бұл отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аталған тақырыпты зерттеудің маңыздылығы көпжақтылығымен белгілі. Оның теориялық аспектісі экономика ғылымының шектелген ресурстарды тиімді пайдалану мәселесін шешуімен түсіндіріледі. Мұнымен қоса, мәселені зерттеуде өндірістің негізгі факторы ретінде еңбекке ерекше мән беріледі.
Бұл мәселені зерттеудің практикалық аспектісі жоғары өнімділіктің экономикалық басқарудың жоғары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру негіз бола алады. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010, 2011 жылғы халыққа жолдауларында терең талдаулар жасалынып, еңбек өнімділігін арттыру отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда маңызды фактор болып табылатындығы айтылған.
Аталған мәселенің практикалық маңыздылығы жоғары өнімділік жоғары экономикалық басқаруды да талап етілуімен түсіндіріледі. Ол басқару тәжірибесінің ілгерілеушілігін жақсы көрсетеді.
Бүгінгі таңда еңбек мәселесін зерттеудің жаңа әдістемелерін жасау қажет екендігі анық, ол еңбекке қатысты түсініктерді, әсіресе, «еңбек мазмұны» ұғымын анықтау үшін қажет. Ғылыми әдебиеттерде осы негізгі ұғымды анықтаудың бір-біріне қарама-қайшы келетін түсініктері де кездеседі. Бұл, біріншіден, еңбек мазмұнының пәнаралық сипатымен, оның экономикалық негізінің еңбек экономикасы, еңбек психологиясы сияқты арнайы ғылымдарда пайдаланылуымен түсіндіріледі. Екіншіден, экономистердің түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалануы «еңбек мазмұнын» анықтаудың әртүрлі түсіндірілуіне алып келеді.
Осы ұғымды анықтаудағы бірізділіктің болмауы еңбек өнімділігінің өсу факторларын анықтауда қиындықтар туындатады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Еңбек және оның өнімділігі мәселелерімен К. Маркс, А. Маршалл, У. Петти, Д. Рикардо және А. Смит сияқты көптеген танымал ғалымдар айналысты. Ресейде бұл мәселеге А. И. Анчишкин, Е. В. Борисов, Л. С. Бляхман, Р. В. Гаврилов, С. Г. Струмилин, П. А. Хромов т. б сияқты экономистер көңіл бөлген. Еңбек өнімділігін өлшеуде жеке, жергілікті және қоғамдық деңгейде жаңа көрсеткіштер ұсынылды.
Еңбек өнімділігі М. Альберт, С. Бюро, Р. Барр, Д. Кларк, Дж. Кендрик, К. Макконелл, М. Мескон, М. Портер, П. Самуэльсон, Р. Солоу т. б ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан, теориялық тұрғыда неоклассикалық және онымен байланысты бағыттағыларға сай келеді.
Еңбектің мазмұны мен сипатының өзгеру мәселесі марксистік ғылыми бағыттағы басымдылықпен 1960-1980 жылдары кеңестік ғалымдар арқылы талданды (Л. И. Абалкин, А. С. Бузгалин, В. А. Грималюк, А. М. Ермаков, А. А. Колганов, Я. И. Кузьминов, Н. Осокина, В. В. Радаев, И. И Чангли т. б. ), сондай-ақ бірнеше шет ел ғалымдары (А. Горц, О. Лафонтен, Д. Лукач, Г. Маркузе т. б. ) осы бағытта зерттеу жүргізді.
Еңбек өнімділігінің елеулі зерттелу тарихына қарамастан, берілген мәселе толық талданбаған болып отыр. Экономикалық теория классиктерінің жұмыстарында мәселені шешу жолдары жалпы түрде көрсетілген. Әрине, экономикалық прогресс оны ары қарай нақтылауды талап етеді.
Отандық экономикалық әдебиеттерде еңбек және оның өнімділігі мәселелерін Я. А. Аубакиров, А. А. Алимбаев, Р. А. Алшанов, С. Н. Алпысбаева, М. К. Аухадиев, С. Х. Берешев, М. К. Мелдаханова, А. Ж. Орманбаев, Т. П. Притворова, Ж. И. Сейдахметов, А. А. Таубаев т. б ғалымдар зерттеді.
Қазіргі экономиканың ерекшелігіне әсер ететін еңбек өнімділігі мәселесінің негізгі теориялық зерттеулері енді қолға алынуда. Неоклассикалық бағыттың жақтастарының еңбектерінде «өнімділік» ұғымының кең ауқымдағы түсініктемесі аталып өтсе де, теориялық түсініктері мен талдауы аяқталмады.
Осылайша, осы мәселенің өзектілігі, жаңашылдығы және толық талданбағандығы бұл дипломдық жұмыс тақырыбына себеп болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еңбек өнімділігіне берілген түрлі теориялық анықтамаларға сүйене отырып, нарықтық экономикалық жағдайда, әсіресе, қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдарын табу.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:
- еңбек және еңбек өнімділігінің мазмұнын негіздеу үшін қолданыстағы экономикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- зерттеу пәні мен негізгі тәсілдерді анықтау, еңбек өнімділігін талдауға қажетті басты экономикалық ұғымдар мен түсініктерді анықтау;
- еңбек өнімділігінің дамуын шетелдік көрсеткіштермен салыстыра отырып талдау;
- еңбек өнімділігінің экономикалық мәнін ашу;
- еңбек өнімділігін арттыруға әсер ететін факторлардың жіктемесін жасау;
- еңбек өнімділігін арттырудың негізгі мәселелерін айқындау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып отандық және шетелдік экономистердің еңбек мәселелері және оның өнімділігі туралы зерттеулеріндегі негізгі ұстанымдар мен концепциялар табылады. Зерттеу әдістері: әдебиетті зерттеу және талдау, салыстыру және жалпылау, логикалық және көпфакторлық талдау, статистикалық талдау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудағы дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы болып Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері, ТМД елдерінің халықаралық статистика комитетінің мәліметтері, басқа да халықаралық ұйымдар мен ресми баслымдардың мәліметтері, арнайы ғылыми әдебиеттер мен мерзімдік басылымдар табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі мәселелер:
- еңбек өнімділігінің мазмұнын зерттеудің жүйеленген теориялық-әдіснамалық тәсілдері және оның инновациялық даму жағдайындағы даму үрдістері;
- еңбек өнімділігінің мәнін анықтайтын тәсілдер мен концепцияларға талдау;
- ұлттық және шетел экономикаларындағы еңбек өнімділігінің жай-күйінің талдауы;
- қазіргі даму жағдайындағы еңбек өнімділігінің деңгейіне әсер ететін факторлар жіктемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38 атауды құрайды. Жұмыста 6 кесте, 2 сурет берілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде еңбек өнімділігі туралы авторлардың, түрлі мектептердің ұстанған негізгі теориялық идеяларына талдау жасалған. Сондай-ақ, қазіргі таңда еңбек өнімділігін өлшеу үшін пайдаланылатын есептеу тәсілдеріне зерттеу жүргізілген. Қазақстан экономикасындағы еңбек өнімділігінің даму қарқыны, негізгі көрсеткіштері талданған.
Жұмыстың екінші бөлімінде еңбек өнімділігін арттырудың шетелдік тәжірибелері мен дамыған елдердің еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне шолу жасалған. Осылардың негізінде ұлттық экономикадағы еңбек өнімділігін арттырудың бағыттары мен факторлары жүйеленіп, жіктелген. Сонымен қатар, индустриялдық-инновациялық даму мен еңбек өнімділігін арттырудағы қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың ролі мен маңызы зерттелген.
Жұмыста еңбек өнімділігі тақырыбын мектептер мен колледждердің білім беру бағдарламаларына қосудың ерекшеліктері мен қажеттіліктері, негізгі мәселелері қысқаша берілген.
1. Еңбектің мәні және еңбек өнімділігінің теориялық аспектілері
1. 1 Еңбек және еңбек өнімділігі ұғымдарының мәні және оның инновациялық дамумен арақатынасы
Барлық уақыттарда еңбекке және оның нәтижелілігіне көп назар аударылды, себебі еңбексіз жеке адам үшін де, жалпы қоғам үшін де түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыратын түрлі өнімдерді жасап шығару мүмкін емес.
Кез келген еңбек қоғамдық пайдалы әрекет болып табылады, оның нәтижесі - игілік. Мұнымен қоса, еңбектің барлық түрлерінің арасында тек материалдық өндіріс өнімді болып табылады [1] . Әрине, қоғамдық сананың өзгерісіне, дамуына әсер ететін ғылыми еңбек те материалдық өндіріске қатынасады, бірақ тікелей емес, жанама түрде.
Еңбек өнімділігі туралы ілім ежелгі уақыттардан бері пайда болып, адам ой-санасының дамуымен қоса жүрді. Еңбек өнімділігі туралы жекелеген пікірлерді Сократ, Ксенофант, Платон сияқты философтардың еңбектерінен табуға болады. Бірақ өнімділік теориясының негізделген дамуы жаңа капиталистік қоғамда, яғни политэкономияның ғылым ретінде қалыптасқан кезеңінде пайда болды.
Экономика ғылымынды классикалық мектеп үстемдік құрған кезеңнің басында У. Петти өзінің байлық тарихының кітабы аталып кеткен еңбегінде алғаш болып, еңбектің табиғи бағасы өнімділікке тура пропоционалды екенің анықтаған болатын. Оған «еңбек - байлықтың атасы, табиғат - анасы» деген сөз тиесілі. У. Петти табыстың қайнар көзі еңбек өнімділігі деп санады. Оның ойынша, еңбек өнімділігін екі жолмен арттыруға болады: 1) еңбекке көп салмақ түсіру; 2) қызметкерлердің еңбегін қысқартатын немесе жеңілдететін құралдарды қолдану.
У. Петтидің ойынша, тек бағалы металды өндіруге және құн жасауға кеткен еңбек өнімдірек. Сондай-ақ, тауар бағасы мен еңбек өнімділігі арасында кері тәуелділік бар [2] .
Физиократтар мектебінің өкілдері еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығымен байланыстырды. Ф. Кэне таза өнім ілімін дамыта келе, тек жер өңдеу еңбегі ғана өнімді және қосымша құн жасай алады.
Еңбек өнімділігі ілімінің қалыптасуына классикалық экономика мектебі елеулі үлес қосты. Еңбек өнімділігі және оның өсуін қамтамасыз ету мәселесіне А. Смиттің еңбектерінде үлкен назар аударылған. Петти сияқты ол да еңбекті байлықтың қайнар көзі деп атады. А. Смит еңбектің ролін адам тұтынатын игіліктерді қалыптастырумен анықтады, сондай-ақ, оның ойынша, тауар бағасы еңбекпен анықталады.
Еңбекті өнімді және өнімсіз еңбек деп бөле отырып, ол өз еңбегінде былай деп жазады: «Еңбекші мануфактураның еңбегі, әдетте, өзі жасап шығаратын материалдардың бағасын өсіреді, дәлірек айтсақ, өзінің жасалуы құны мен иесінің табысын өсіреді. Үй қызметшісінің, керісінше, құнға ешқандай өзгеріс әкелмейді… Қоғамның кейбір аса құрметті таптарының еңбегі үй қызметшісінің еңбегі сияқты ешқандай құн жасамайды және ұзақ уақыт қолданылатын, сатылуы мүмкін тауар мен затта көрінбейді… Мысалы, мемлекет басшысы өзінің барлық сот шенеуніктері және офицерлері, бүкіл әскер мен теңіз әскері өнімсіз жұмысшылар болып табылады» [2, 255 б. ] .
Еңбек өнімділігінің қоғам дамуындағы ролін талдай келе, А. Смит қандай да бір ұлттың жылдық өнімінің құнын екі түрлі жолмен өсіруге болады деген қорытындыға келеді:
1) жұмысшылардың санын (өндірістік күш) арттыру арқылы;
2) бұрынғы жұмысшылардың өнімділік күшін арттыру арқылы, бұл машиналарды қолдану мен жетілдіру арқылы мүмкін болады немесе еңбекті барныша тиімді пайдалану мен бөлу арқылы жүзеге асады. Бірақ бәрінен бұрын А. Смит еңбек өнімділігін арттыруды оның бөлінісі мен бәсекелестігімен байланыстырды.
Д. Рикардо да «көптеген игіліктердің еңбек арқылы жасалатынын» айтқан болатын [3] . Оның ойынша, тауардың құны оны өндіруге қажетті еңбектің салыстырмалы санына тәуелді. Алайда, Рикардо құн жасайтын еңбек тек тікелей еңбектен емес, құралдар мен ғимратқа кеткен еңбектен де тұрады деген пікір айтты.
А. Смит пен Д. Рикардоның көзқарастары ары қарай көптеген экономистердің (Ж. Б. Сэй, К. Маркс, А. Маршалл, М. Портер т. б. ) теориялық зерттеулеріне негіз болды. олар еңбек өнімділігі туралы жаңа концепциялардың туындауына себеп болды. Еңбекті ұйымдастыруға байланысты көптеген ғылыми негіздемелер пайды болды.
Осы тақырыпқа арналған ғылыми әдебиеттерді талдау көптеген зерттеу әдіс-тәсілдерін табуға көмектеседі. Оларды жалпы негізде құнның еңбек теориясына негізделген және неоклассикалық деп екі топқа бөлуге болады.
Мұның алғашқысы Ресейде және басқа да бұрынғы социалистік елдерде кеңінен дамыды. Бұл тәсілдің негізін классикалық мектеп өкілдері қалап, кейіннен ол марксизм өкілдері арқылы толықтырылды. Ол бір өнім бірлігіне жұмсалған нақты еңбек шығындарын білдіреді. Бұл бағыт бойынша еңбек өнімділігінің мәнін К. Маркс жасаған еңбектің екіжақты қасиеті арқылы түсінуге болады: «Қандай еңбек болмасын, бір жағынан, адам күшін ерекше мақсатта жұмсау болып табылады, осы пайдалы еңбек қасиетінде ол тұтыну құнын туындатады» [4] .
Еңбек өнімділігін нақты еңбектің бір уақыт бірлігінде белгілі бір тұтыну құнын шығару немесе белгілі бір жұмыс көлемін орындай алу қабілеті деп сипаттауға болады.
Еңбек өндірістің маңызды, өзгеріссіз элементі болып табылады, ол өндіріс процесінде еңбек құралдары мен еңбек заттарын белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, еңбек үш экономикалық қызмет атқарады:
- Тұтыну құнын өндіру;
- Олардың сапасын қалыптастыру;
- Өндіріс құралдарын тұтыну;
Бірінші функциясының нәтижесі болып өндірілген тұтыну құны табылады, екіншісі - өндіріс құралдарын үнемдеуден тиімділік. Осы функцияларды орындау еңбекті пайдаланудың тиімділәгә тәуелді болып табылады, және сәйкесінше, әрекеттің жалпы тиімділігі де тәуелді болып табылады. Сондықтан еңбек өнімділігі пайдаланылатын ресурстардың бірі - еңбектің жеке жағдайы ретінде қарастырылады.
Ресейлік ғалым В. С. Немчиновтің айтуынша, « . . . еңбек өнімділігі деп тірі еңбектің өнімділігі түсіндіріледі». Мұндай анықтама еңбек өнімділігін тар мағынада айқындауға көмек береді [5] .
Алайда, қолданыста кеңейтілген ұғым да бар, ол бойынша еңбек өнімділігі дегеніміз - бұл бір өнім бірлігіне шаққандағы тірі еңбектің, негізгі және айналыстағы қорлардың шығындары. Еңбек өнімділігінің мұндай мазмұны, егер табиғи ресурстардың қолданылуын есепке алмаса, өндірістің тиімділігі ұғымымен сәйкес келеді.
Жалпы қазіргі уақытта бірқатар орыс зерттеушілері неоклассика позициясын ұстанатындығын айта кету керек, бұған сәйкес «өндіріс тиімділігі» және «еңбек өнімділігі» экономикалық ұғымдары теңестіріледі. Мұндай көзқарас бұрын кеңестік ғылымда да басымдыққа ие болған. Мысалы, В. Л. Медведев өзінің «Социалистік өндіріс» атты еңбегінде «қойылатын тиімділіктердің әрбірі және барлығы бірге қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейін, оның үнемділігін, тұтыну бағаларының жиынтығы мен жұмсалған және жартылай өтелген қоғамдық еңбектің жиынтық массасының қатынасын көрсететіндігін атап кеткен. Өндіріс тиімділігі түсінігі өзінің мазмұны бойынша кең мағынада алынған еңбек өнімділігі түсінігімен сәйкес келеді»[5, сол жерде] .
Өндірістік қатынастар жүйесінде «еңбек өнімділігі» мен «өндіріс тиімділігінің» әсер ету шекаралары әртүрлі. Егер еңбек өнімділігінің экономикалық табиғаты мен қайнар көзі болып әртүрлі нысандағы адам еңбегі табылса, онда тиімділік ұғымының негізі ретінде өндіріс процесі және әртүрлі нысандағы ұйымдастырушылық, басқару, технологиялық функциялары және т. б болып табылады. Осылайша, еңбек қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құраса да, еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігі ұғымымен бірдей емес.
Біздің пікірімізше, еңбек өнімділігі экономикалық жүйенің қызмет етуі мен дамуының объективті негізі бола отырып, қоғамның өндіріс күшінің дамуының деңгейін сипаттайды. Ол еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды көрсетумен қатар, техника, технология және басқарудың ілгерілеушілігін көрсетеді.
Өнімді өндіру процесі кезінде тек тірі еңбек емес, сонымен қатар, жұмыскерлер пайдаланатын жабдықтары мен еңбек құралдарында заттанған өткен еңбек те жұмсалады. Өткен еңбек - өндірістің алдыңғы сатыларына қатысқан адамдардың және еңбек құралдары мен заттарында материалданған тірі еңбек. Бұдан басқа, өндірісте қолданатын ақпаратты, білімді алуға да еңбек керек.
Қазіргі жағдайларда еңбектің пайдаланылуының мақсатқа сәйкестігі дау тудырмайды, себебі ол өнімділіктің қарқынын әртараптандыруға және бөлшектеп қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің ойымызша, еңбек өнімділігінің жеке, жергілікті және қоғамдық түрлерін бөліп қарастырған дұрысырақ болады.
Еңбек өнімділігін басқа тұрғыдан қарастыру неоклассикалық мектептің өкілдері арқылы жүзеге асады. Бір жағынан, еңбек өнімділігі шаруашылық жүргізуші субъектінің әрекетінің нәтижесін жан жақты қамтитын жалпылаушы ұғым болып табылады. Л. Литлдің пікірінше, ол өнім сапасы, өндірістің тиімділігі, қоғам қажеттілігін және жұмыскердің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру, өнім саны сияқты түрлі көрсеткіштердің жүйесі ретінде сипатталады.
Басқа жағынан, еңбек өнімділігі басты мақсат - табысқа қатысты аса қажетті, сонымен қатар, көмекші, аралық көрсеткіш болып табылады. Мұнымен қоса, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін сипаттайтын бір-бірімен байланысты критерийлер бөлінеді: әрекеттілік, үнемділік, сапа, табыстылық, өнімділік, еңбек өмірінің сапасы, жаңалықтарды енгізу.
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік экономикалық ғылымда «еңбектің жалпы өнімділігі» теориясының шегінде кейбір экономистер «өнімділік» және «еңбек өнімділігі» ұғымдарының аражігін ажыратуды ұсынады.
Мәселен, Д. Скотт Синк жалпы өнімділіктің мынадай анықтамасын береді: «Жүйеге еңбек (адами ресурстар), капитал (физикалық және қаржылық активтер), энергия, материалдар және ақпарат нысанындағы шығындар енгізіледі. Бұл ресурстар өнімге айналады (тауарлар мен қызметтер) . Өнімділік - бұл берілген уақыт аралығындағы берілген жүйенің өндірген өнім санының осы уақыт аралығында осы өнімді жасауға немесе өндіруге жұмсалған ресурстарына қатынасы» [6] .
«Өнімділік» және «еңбек өнімділігі» ұғымдарының алшақтығы бұл ұғымдардың түрлі мағынаға ие болуларымен түсіндіріледі. Мәселен, Л. О. Соколова «өнімділік» ұғымы «еңбек өнімділігі» ұғымынан мазмұны бойынша әлдеқайда кең деп ойлайды [6, 530б. ] .
Еңбек өнімділігі адами ресурстардың қолданылуын сипаттайды. Алайда, ол өнімділік сияқты шаруашылық айналымына салынған барлық ресурстардың тиімділігін көрсете алмайды. Өнімділікті шаруашылық айналымға тартылған ресурстардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін талдайтын, басқарудың ілгерілеуін, қоғамның әлеуметтік дамуының бағыттылығын қамтамасыз етуші ғылымның, техника мен технологияның дамуын сипаттайтын көрсеткіш ретінде қарасытруға болады.
Өнімді өндіру процесінде әрбір фактордың (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік т. б. ) ролі мен үлесін нақты белгілеу мүмкін емес. Сәйкесінше, шығарылған өнімнің көлемін еңбек шығындарына жатыстыру өнімнің қайнар көзі тек еңбек дегенді білдірмейді, тек өндірістің тиімділігін анықтаудың бір әдісі ғана болып табылады.
Осыны дәлелдеу үшін бірнеше экономистердің пікірлерін білдіреміз. Мәселен, Б. Кордтың пікірінше, еңбек өнімділігі жалпы мағынада қаражатты үнемдеудің өлшеуіші болып табылады.
Американдық экономист Дж. Кендерик еңбек өнімділігін өндіріс нәтижелерінің жұмсалған еңбек пен капитал элементтеріне қатынасы ретінде анықтайды.
Алайда, біздің ойымызша, «өнімділіктің жалпы теориясы» анағұрлым тереңірек Г. Реусстің еңбектерінде көрініс тапқан, ол еңбек өнімділігін былайша жіктейді:
- Ғаламдық еңбек өнімділігі (түпкі өнімнің өндірістің барлық өлшенуші факторларына қатынасы) ;
- Жинақталған (түпкі өнімнің факторлардың қандай да бір тобына қатынасы) ;
- Қандай да бір жекелеген факторға қатысты өнімділік [7] .
Өз кезегінде, К. Друри еңбек өнімділігі ретінде өнімнің өндірілуінде жұмсалған бір уақыт бірлігіне шығарылған өнімді айтады. Оның ойынша, төмен еңбек өнімділігі төмен сапалы материалдарды, әртүрлі қиындықтағы жұмыстарды пайдаланғаннан, құрал-жабдықтардың нашар техникалық қызмет көрсетуі салдарынан, жаңа жабдықтарды пайдаланғаннан және технологиялық процестің өзгеруінен орын алады. Бұған қосымша ретінде, жеткіліксіз еңбек өнімділігінің себебі болып әлсіз өндірістік жоспарлау мен сапаны бақылау нормаларының өзгерісі де табылуы мүмкін. Автордың ойынша, жұмыскерлердің әрбіп әрекетке жұмсаған уақытын есепке алып отыру қажет. Практикалық тұрғыдан алғанда, бұл шындыққа жанасады. Себебі қатаң есепке алынған уақыт жұмыс жасаудың негізін орнатуға болады, ал ол арқылы еңбек өнімділігінің нормативтік мәнінен ауытқуын білуге болады. Өнімділікті бұлай түсіну өндірістің тиімділігінің оған салынған ресурстар тұрғысынан нақты бағалануына мүмкіндік береді [7, 35б. ] .
Қазіргі инновациялық даму жағдайында мұндай көрсеткіштерді қолдану өнімнің үлкен ассортиментін өндірумен және түрлі шығындары бар қызметтерді ұсынумен байланысты болып отыр. Осы көрсеткіштердің немесе коэфициенттердің саны өнімді өндіруде жұмсалған ресурстардың санына тең.
Жасалған өнімдегі еңбек пен капиталдың үлесін анықтау үшін батыстық экономистер шекті өнімділік ұғымын пайдаланады. Бұл Д. Б. Кларк арқылы шекті өнімділік теориясы деген атпен енгізілген болатын, бұл теорияның постулаттары еңбек шығындарының тиімділігін зерттеудің жаңа тәсілдеріне жол ашты. Бұл концепция өндіріс факторлары теориясының түрленуі нәтижесінде пайда болды және А. Маршалл, И. Г. Тюнен, Ф. Эджуорт сияқты ғалымдардың есімдерімен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz