Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі



23-июньде, 1904-інші жылында, туған жері Шыңғыс тауында дүниеден қайтты атақты қазақ ақыны, Шыңғыс елінің қазағы Абай Құнанбай ұғлы. Кітапша шын аты - Ибраһим. Бірақ қазақ әдеті бойынша, шешесінің еркелетіп қойған Абай атын халық атап кеткендіктен біз де Абай дейміз.
Абайдың әке тұқымы Тобықтыға басшы болған, би болған белгілі атасынан еді. Үлкен атасы Ырғызбай 1750-інші жыл шамасында Ырғыз деген өзенде туған екен. Халқының қолбасы батыры һәм биі екен. Тобықтының аз уақытында Түркістан жағынан елін бастап ауып келіп, осы Шыңғыс тауы мал бағуға аса жарамды жер деп орын қылыпты.
Онан соңғы атасы Өскенбай би, халық ортасында әділ би атанып, бөтен алыс елдің адамдары да орталарындағы үлкен дауларына сол кісіні іздеп келіп, жүгініп, билік айтқызып, бітіп қайтады екен.
Өз әкесі Құнанбай, жұрт аузына қараған қатты, есті кісі болып, бөтен елдерді де билеп, ел ішіне бір ғана төре түқымы сұлтан болып жүрген кезде, солармен таласып, Қарқаралы өкірігіне әуел қазақтан сұлтан болған кісі еді.
Уақытында елдің құр мұсылманмын дегеннен басқа діннің не екенін білмей, қан жеп неше түрлі ырымдарға табынып жүргеніне қатты тыю салып, анық шариғат қоспаған істі қылған, ғайри бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр жаза салып, халыққа ауыл басы молда ұстатып, қадари хәл ғылымның жолын көрсетіп, үлгі салған.
Өзге жұрт орыстан баласын жасырып жүргенде, балаларына орысша оқу оқытып, Халиолла деген баласын Омский кадетский корпустан оқытып, онан соң Мәскеудегі Павлов¬ская кавалерийская школдан оқытып, сабақты жақсы бітіріп, корнет болып қызметте жүргенде ауырып, дүниеден қайтып еді.
Қартаң тартқанда, халық Мәккеге барғанды білмейтұғын уақытында әуел бастап Мәкке барып, онан келген соң ешбір дүние сөзіне кіріспей, бір ғана ғибадатын қылып, өлгенше үйден шықпай өтіпті.
Абайдың шешесі Ұлжан — Қарқаралы оязына қарайтұғын Қу, Едірей, Мыржық деген жердегі Қаракесек, Бошан руынан Бертіс деген бидің тұқымы. Қазақ ортасында елді күлдіргі қалжыңымен сөгіп, шешендікпен атақ алған Қантай, Тонтаймен туысқан Тұрбанның қызы еді.
Тонтай өзі малды кісі екен, бір-екі ауырғанда қожа-молдалар жиылып келіп, көңілін сұрай беріпті. Ақыры өлер жолы ауырып, қатты болып жатқанда, қожа-молдалар тағы да келіп, көңілін сұрап отырғанда айтыпты дейді:
- Жазыла-жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесе болмас, - депті.
Абай 1845-інші жылы, жылан жылында туды. 1904-інші жылы, Ұлу жылында, 60 жасында дүниеден қайтты.
Абай 10 жастан 12 жасқа шейін қырда мұсылманша оқып, 13 жасқа шығарда Семейде молда Ахметризаның медресесінде оқыған. Медреседе жүрген уақытта үш айдай орыстың Приходская школынан орысша сабақ оқыған. Ақыры төрт жыл мұсылманша, 3 айдай орысша оқыған соң, 14 жаста сабақтан шыққан. 15 жаста-ақ балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты аузына қаратып, басшылыққа бұрынғы терелермен талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, аузына қарай бастаған. Ол уақытындағы елдің адамдары не қылса да аталарындай атақты үлгі аларлық би болады дескен. Бірақ, ондай би болуға заманның өтіп кеткенін қайдан білсін.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ (ИБРАҺИМ)
ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ

1.
23-июньде, 1904-інші жылында, туған жері Шыңғыс тауында дүниеден
қайтты атақты қазақ ақыны, Шыңғыс елінің қазағы Абай Құнанбай ұғлы.
Кітапша шын аты - Ибраһим. Бірақ қазақ әдеті бойынша, шешесінің еркелетіп
қойған Абай атын халық атап кеткендіктен біз де Абай дейміз.
Абайдың әке тұқымы Тобықтыға басшы болған, би болған белгілі атасынан
еді. Үлкен атасы Ырғызбай 1750-інші жыл шамасында Ырғыз деген өзенде туған
екен. Халқының қолбасы батыры һәм биі екен. Тобықтының аз уақытында
Түркістан жағынан елін бастап ауып келіп, осы Шыңғыс тауы мал бағуға аса
жарамды жер деп орын қылыпты.
Онан соңғы атасы Өскенбай би, халық ортасында әділ би атанып, бөтен
алыс елдің адамдары да орталарындағы үлкен дауларына сол кісіні іздеп
келіп, жүгініп, билік айтқызып, бітіп қайтады екен.
Өз әкесі Құнанбай, жұрт аузына қараған қатты, есті кісі болып, бөтен
елдерді де билеп, ел ішіне бір ғана төре түқымы сұлтан болып жүрген кезде,
солармен таласып, Қарқаралы өкірігіне әуел қазақтан сұлтан болған кісі еді.
Уақытында елдің құр мұсылманмын дегеннен басқа діннің не екенін
білмей, қан жеп неше түрлі ырымдарға табынып жүргеніне қатты тыю салып,
анық шариғат қоспаған істі қылған, ғайри бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр
жаза салып, халыққа ауыл басы молда ұстатып, қадари хәл ғылымның жолын
көрсетіп, үлгі салған.
Өзге жұрт орыстан баласын жасырып жүргенде, балаларына орысша оқу
оқытып, Халиолла деген баласын Омский кадетский корпустан оқытып, онан соң
Мәскеудегі Павловская кавалерийская школдан оқытып, сабақты жақсы бітіріп,
корнет болып қызметте жүргенде ауырып, дүниеден қайтып еді.
Қартаң тартқанда, халық Мәккеге барғанды білмейтұғын уақытында әуел
бастап Мәкке барып, онан келген соң ешбір дүние сөзіне кіріспей, бір ғана
ғибадатын қылып, өлгенше үйден шықпай өтіпті.
Абайдың шешесі Ұлжан — Қарқаралы оязына қарайтұғын Қу, Едірей, Мыржық
деген жердегі Қаракесек, Бошан руынан Бертіс деген бидің тұқымы. Қазақ
ортасында елді күлдіргі қалжыңымен сөгіп, шешендікпен атақ алған Қантай,
Тонтаймен туысқан Тұрбанның қызы еді.
Тонтай өзі малды кісі екен, бір-екі ауырғанда қожа-молдалар жиылып
келіп, көңілін сұрай беріпті. Ақыры өлер жолы ауырып, қатты болып жатқанда,
қожа-молдалар тағы да келіп, көңілін сұрап отырғанда айтыпты дейді:
- Жазыла-жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесе болмас, -
депті.
Абай 1845-інші жылы, жылан жылында туды. 1904-інші жылы, Ұлу жылында,
60 жасында дүниеден қайтты.
Абай 10 жастан 12 жасқа шейін қырда мұсылманша оқып, 13 жасқа шығарда
Семейде молда Ахметризаның медресесінде оқыған. Медреседе жүрген уақытта үш
айдай орыстың Приходская школынан орысша сабақ оқыған. Ақыры төрт жыл
мұсылманша, 3 айдай орысша оқыған соң, 14 жаста сабақтан шыққан. 15 жаста-
ақ балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты аузына
қаратып, басшылыққа бұрынғы терелермен талас қылып, әкесіне үлкен көмегі
тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, аузына қарай бастаған. Ол
уақытындағы елдің адамдары не қылса да аталарындай атақты үлгі аларлық би
болады дескен. Бірақ, ондай би болуға заманның өтіп кеткенін қайдан білсін.
20 жасында Абай халық ортасында мандай басы шешен болды. Халық жайынан
бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі білікті билердің қиын іс туралы қылатұғын
биліктерін кеп білген. Өзінің зиһні артық болған соң, кәрі мақалдарды, неше
түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін ұмытпай
біліп алған. Қазақтың ескі заманы болса, бұрынғы қазақтың атақты биінің
бірі болмағы анық еді.
Уақытында аз да болса ислам діні, ғылымы кіріп келе жатқан жаңа
заманның ретімен Абай ғарапша, фарсыша, түрікше кітаптарды кеп оқып,
олардың ішіндегі ғылымнан үлкен хабардар болды. Сол талабыменен қырда
ғарапша, фарсышаға Абайдан артық білетұғын ешкім болмады. Шала оқыған
ғылымы бар молда-қожалар Абайдан қашып жүруші еді, өзге жерде өтірікті -
шынды жұртты аузына қаратып жүргенде, Абай алдында надандығы білініп,
масқара болып қаламын ба деп.
Абай ғибадат турасында көрнеу сырты тақуа кісі емес еді. Жай уақытта
намазды көп оқымаушы еді. Бірақ, рамазан айында ораза ұстап, намазды сонда
үзбей оқушы еді. Ол оқыған кезінде, өзгелерді асығыс отырып, сендер
көңілді алаң қыласыңдар деп, өзі жеке асықпай оқып отырып алушы еді.
Әсіресе, ыхтихадқа бек махкәм еді. Не іс қылса да, не насихат айтса
да, мынау құдайшылыққа жөн, бүйтсе - адамдыққа жөн деуші еді. Ғибадаттың
ең үлкені: көңілдің тазалығы, адам баласына жаны ашырлық деп, сыртымен
сопысынып, тақуасынған кісіні қатты ұнатпаушы еді. Мұндай адамдар халық
үшін ғибадат қылады, хақлықпен, шын көкірегі емес, қара жұртқа құрметті
болмақтан басқасы жоқ, - деп.
Құдайға шын көңілмен ғибадат қылған кісі құпия қылады деп бұл туралы
айтқаны:
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.

Абай 30 жасында барша халық ортасына атағы жайылып, білікті болды.
Бөтен елдің басшы адамдары, құда, тамыр болып жақындық қылып араздық,
жаулық қылмай жүрді. Ұрлық қылған кісіге, зорлық қылғандарға жазаны аямай
салып, қатты қысымшылық көрсетуші еді. Ұры аулының маңынан жүре алмаушы
еді. Бірақ, осы ұрыны қатты тыямын дегендіктен қазақтың бұрынғы заманнан
барымташыл әдеті қалмағы қиын болып, ел ішінде көнбеймін дегендер партия
қылып көп әуре қылды.
Абай бір кезі келіп тұрған самород еді, бірақ халықтың надан уақытында
шығып есіл өнерінің пайдасын кәміл көрсете алмай, қызықты өмірінің бәрі
елдің шуылдақ партиясымен әурелікте өтті. Бұл туралы айтқан бір өлеңі:

Әзәлде тәңірім сорлы етті,
Арсыз елмен әуре етті.
Жалғыз үйде күңірентті,
Тағдырға білдік көнгенді.
Адам деген даңқым бар,
Адам қылмас халқым бар.
Өтірік пен есекке
Бәйге атындай аңқылдар.
Тұла бойым шымыранды
Барма топқа шақырмай.
Жат үйінде шатылмай,
Шыдармын ба апырмай...
Жатуға шықпай үйде енді.

Абай 14 жаста-ақ біреуді мазақ яки қалжың қылып құрбылар ортасында
өлең шығара бастаған. Олар жатқа үйреніп айтысып жүрген, бірақ өзі оған
өлеңші екенмін деп көңіл қоймаған. Қазақ ортасында ақындықтың пәлендей
қадірі жоқ нәрсе. Қайдағы қошаметпен біреуді мақтап, өлең айтып бірдеме
аламын ба деген кедей адамдар айтып жүрген соң қазақтың төрелері мақтан да
қылады екен: тұқымымыздан бақсы яки ақын шықпайды деп.
Соңғы уақытта Абай өзі өлеңнің өнер екенін біліп жаза бастаған соң,
бұрынғы ақындар надандықпен өлеңді өнер орнына ғибрат үшін айтпай
тіленшілік орнына айтқандықтан, ақындықтың да, өлеңнің де қазақ ортасында
бағасы кеткендігін айтып, өзін олардың ретінен басқа қылып, алмақ пайда
үшін емес, халықты ғылымға ұмтылтып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін
жазғанын білдіріп өлең шығарған.

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап,
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап.

Қайда бар мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да бай болмапты қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап,
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Келейін сендерге де енді аяңдап.

Абай әлде бойына біткен өнерін жарыққа шығарып, білдіре алмай кетуге
де болатұғын еді. Әгәрда 80-нші жылында жер аударылып келген Михаэлис деген
бір білімді кісімен таныс болмаса һәм Михаэлис пен Маковецкийдің атына
басылған Қазақтың ескі әдет-ғұрпы деген кітапты жазып аламын деп жүрген
Гросс деген кісіге таныс болмаса.
Бұл Гросс һәм Михаэлис Абайдікіне қонақ болып келіп-кетіп жүрген.
Абайдың ғылымға бетін түзеп жібермекке осы кісілер үлкен себеп болған.
Абайды орыстың білікті жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Некрасов,
Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писарев
деген кісілердің шығарған кітаптарымен таныс қылған. Абай өле-өлгенше
Менің әкемнен артық жаны ашырлық қылып дүниеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай өмірбаяны, шығармалары
Абай өлеңдері
Абай - ұрпақ жүрегінде
Абайтану ғылымы
Ақын, ағартушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Абай Құнанбаев өмірбаяны және шығармалары
Абайтануға кіріспе
Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Пәндер