Бала тәрбиесіндегі ислам мен дәстүр


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бала тәрбиесіндегі ислам мен дәстүр

Бала дүниеге келгеннен кейін ол әлсіз, оған қамқорлық жасайтын анасы. Ал баланың ауырып қалмауы үшін, өсіп жетілуіне ата мен ана екеуіне бірдей жүк артылады. Қазақ халқында қай кезде болмасын бала тәрбиесі ерекше орынға қойылған. Дүние есігін ашқаннан бастап, тәй-тәйлап қадамдай бастағанына қызығып, еркелетіп, тәй-тәй балам тәй балам, қадамыңды бас балам деп, қадамын басқан сайын қуанып, баласына ата-анасы жақсы ой-ойлап келешегінің амандығын тілеген. «Харакет күші адамды өзінің әлдебір ниеттерінен туатын есті харакеттер жасауға бастайтын адам денесі қозғалысының бастауы болып табылады . . . онда адамға тән көңіл күйлерінің болуынан көрінеді, осының арқасында адам жылдам харекетке және харекетті өткеріп құбылуға, мәселен, ұялу мен қысылу, күлу мен жылау, тағы да сол сияқты қабілеттері болады»(1) . Яғни адам баласының бойына әртүрлі сезім махаббатын салып қойған Аллаһ тағала Қасиетті Құран Кәрімде «дүние мен бала дүние тіршілігінің қызығы»-деген. (Кәһф сүресі 46а. ) «Пайғамбарымыз с. а. у. хазреті Алидің ұлы Хасанды сүйді. Сонда сол жерде отырған Ақрағ ибн Хобис ат-Таимий: «Менің он ұлым бар, олардың ешқайсысын сүймегенмін», -деді. Пайғамбарымыз ғалайһис салам оған бір көз тастап қойды да, оған : «Кімде-кім мейірімділік етпейді екен, онда ол да мейірімділік көрмейді!» -деді (2) . «Ей, Раббымыз!- дейді олар; бізге әйелдеріміздің, балаларымыздың қуанышын көруге нәсіп ет. Бізді тақуалардың өнегелісінің дәрежесіне жеткіз!» (Фурқан сүресі 74-аят. ) Қай кезде болмасын әйелдер мен балалары ислам жолында болатын болса, адам баласының бақыты екені сөзсіз. Сол себептен әрбір адам Аллаһ тағаладан сұрайтыны адал жар мен саналы ұл, қыз. Қария ата-апаларымыз бойдақ жастарға бата беретін болса, адалынан жар табылсын- деп бата береді. Осыларды сұрап, саналы әрекетке кіріседі. Ал өзінің ұрпақтары үлгілі де, өнегелі болып, басқаларға өрнек болып қалуын қалайды. Аналарымыз болса баланы туасың, бірақ, мінезін тумайды екенсің деп жатады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Ал енді бірі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, дауысына ұмытылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді» (3) . Баланы жақсы көріп, еркелетіп олардың бойларына асыл құндылықтарды сіңіруде ата мен ананың орны ерекше. Ежелден бері ер бала мен қыз бала тәрбиесін әке мен шеше бөлісіп алған.

«Әкеге қарап ұл өскен, ұл атасының бауыр еті болған. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысаны» (4) . «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», Ұлды атасы, не әкесі ертеде соғыс өнеріне, мал бағуға, отын жаруға, шөп шабуға, аңшылыққа бірге алып барып мергендік жағдайлардың бәрін бойына сіңіртіп өсіреді «Пайғамбарымыз ғалайһис салам әркім бақташы, өзінің қол астындағы бағып-қағып жатқанынан, патша халқынан, ата-ана бала-шағасынан, қызметші қожайынның мал-мүлкінен сұралады»-деген (5) . Қандай тірліктер болмасын өзінің жауапты адамы бар. Ал қыз балаға үй тірліктерімен айналысу, ұсақ-түйек кір жудыру, ас пісірту, шай қою, кесте тігу, жүн түту, киіз басу, тон пішу сияқты үй тірліктерінің баршасын үйретіп білдіртеді. Осындай тірліктерді үйретуді әжесі, ана, апа- бауырлары қолға алған. Қыз бала келешек ана, бала тәрбиешісі, шаңырақ ұйытқысы екенін түсініп, иманды, инабатты, еңбек сүйгіш, ізетті, өнерлі болуына мән берген. Ата-бабаларымыз осындай өнерге баулуда жынысына ерекше мән бергенін ескеруіміз керек. Баланы кішкентайынан сыйлау, сыпайыгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерді үйрету болашақ бала өміріндегі табылмас асыл қазыналарға айналары сөзсіз. Сол себептен баланы үлкенді көрсе, «ассаламу алайкум» -деп екі қолымен үлкендердің қолын алуға үйретеді. Сонымен қатар кімнің баласы екенін айтып, үйретіп қояды. Бұл жағдай міндетті түрде үлкен кісілермен сәлемдескенде ол кісі кімнің баласысың деп сұрайтыны тағы бар. «Ұяда не көрсең, соны ілесің»-деп халық даналығы текке айтылмаса керек. Мұның ерекшелігі өте зор. Кеңес үкіметінің санамызға сіңдірген қаншама теріс әрекеті, санамызды улап, мәңгүрттікке алып келгенін жасыра алмаймыз. Қазақ баласының үйінде жиын болмай тұрмайды. Сол ағайын-туыс жиылған басқосуда өнегелі өсиет әңгімелер мен тәлім-тәрбиелі сөздер айтылудың орнына, бос, әркім өз басынан өткен қызықшылығын айтып, атамыздан қалмаған ас арақ, арамды ішіп, ауызға не келсе соны айтып, отыратындықтан балаларды дастархан басынан алыстатып, бөлек бөлмеге қойып қоятынымыз бар. Сол дастархан басындағы жағдайды көріп өскен бала, дастарханға қойылған арам арақ-ішімдіктерді жат әрекеттер деп білмей, қалыпты жағдай деп қабылдап, өспесіне не дерсіз. Ата-бабаларымыз дастарханына арамды жолатпай ағарған қымыз, қымыран-шұбат, сүт, айранын қойып, соғымын сойып, дастархан басында шешендік әңгіме, өнеге-өсиет, айтыс болып, тамашалап өткізетін. Осындай жиындарда жас балаларға үлкенді күтіп алып, астындағы атын байлап, суарып, жем, шөбін салып қызмет көрсетуге қойып қоятын. Тағы бірі келген қонақтардың қолдарына су құйюмен болады. Ал қолға су құйю өз алдына бір тәрбие. Суды құйярда қолға құмғанды алып, оның ішіне жылы су құйып, астыға бір ыдыс қойып, еңкейіп, суды аз-аздан үзіп-үзіп құю керектігін көп жастар білі бермейді. Ал оны үйретіп санасына сіңіретін әрине, оның атасы мен анасы. «Пайғамбарымыз ғалайһис салам тамақтың берекесі, оны жеу алдын екі қолды және одан кейін жуу»- деген (6) . Ал тамақтың алдын қолды жуу, бұл тазалықтың бірі және маңызды істің өзі болып саналады. Әрқашан жас отаудың тұңғышын атасы мен апасы иемденіп, немересін бала қылып алатыны бар. Сонда сол аталарымыз өздеріде тұңғышымен басқа балаларын көргенде әкесімен аналарының алдарында сүйіп, аймалауға ұялатын. Қазіргі кезде атасы мен апасы айналайындар өз балаларың өздеріңніңкі, өздерің өсіріп, өндіріңдер деп разылықтарын беріп жатыр. Бұл жағдай да, кемпір мен шал қартайған уақыттарында немерелерін өсергенде, ол немерелері өз әкесімен шешесіне суық қарайтын жағы тағы бар. Егер олар дүниеден озатын болса, кейін әкемен шешесін мойындамай қиналып жүреді. Жасы кішкентай кездерінде апа-әжелеріміз немерелерін еркелетіп, бесік жырын, ертегілер айтып ұйықтататын болған. Бесік жырын, тек бесікке жатқанда айтады десек қателесеміз. Баланы өзінің төсегіне жатқызғаннан кейін айтыла береді. Сонымен қатар апа-әжелеріміз балалары мен немерелеріне төсекке жатқызғаннан кейін тілдерін кәлимаға келтіртіп жатқызады. Яғни, «Лә иләһа иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ» деп айтқызады. Болмаса, «тілім Құран, көңілім иман, Мухаммедтің үмметімін», «жаттым тыныш, жастығым құрыш, тілім Құран, көңілім иман» деп айтқызатын бірнеше ұйықтар алдында айтылатын иман шақыру сөздері бар. Пайғамбарымыз ғалайһис салам жатар алдын дәрет алып оң жағымен жатып, «Аллаһым өзімді және жүзімді саған тапсырдым, азабыңнан қорқып сауабыңнан үміт етіп саған сүйендім, сенің қалауыңнан басқа өзге қалау жоқ, сенің қамқорлығыңнан өзге қамқорлық жоқ, өзіңнің жіберген кітабыңа сендім және пайғамбарыңа сендім»-деп жататын болған. Сонымен қатар пайғамбарымыз «Ей, Аллаһым сен атыңмен өлеміз, сенің атыңмен тірілеміз»-дегендей хадистердің бірнеше түрлері бар (7) . Жатар алдында міндетті түрде дәрет алып жату аталған сөздерді айтып жату сол адамның ұйқысының тыныш болуына септігін Аллаһ тағала тигізеді. Баланың ұйқысы тыныш болмай, шошып жататын болса, ата мен ана баланы міндетті түрде имам, молдаларға оқытып қайтады. Жас кездерінде ештеңеге көңіл бөлмеген жас отау егелері баланың дүниеге келуімен осындай діни рәсімдерге жолығып түсіне алмай жататын жағы болып жатады. Осындай жағдайларда адыраспан түтетіп, үйді иістетіп шығатыны бар. Оның себебін үйдегі жын-шайтандар түтіннен қашады деген түсінікті көкейлеріне түйіп алған. Осы жағдай ересек адамдардың басында болатын болса, олар мешітке барып, садақаларын беріп, құран оқытып қайтуға тырысады. Ал сол жын-жыбырларды жаратушы Аллаһ емес пе? Жын-шайтандар турасында Қасиетті Құран Кәрімнің 96 жерінде бірнеше аяттар бар. «Жындарды оттың жалынынан жаратты» (Рахман сүресі 15-аят) . «Ислам принес в казахский язык арабское слово "джинн", ставшее названием духов в целом, но иногда употреблявшееся и как обозначение особой категории духов. Коран делит джиннов на мусульман и немусульман. В соответствии с этим и в казахских верованиях джинны разделены на мусульман и неверных. Джинны представлялись в образе мужчин и женщин. "Один из них садится на трон, подобно царю, а все прочие располагаются около него рядами и находятся как бы на службе у него". Такой предстает жизнь джиннов перед человеком, у которого духи отняли разум. Когда же этот человек "освободился от их сообщества и поправится, то увидит, что троном им служила обычная куча золы и всякого сора, а золотом и серебром - обломки иголок, гвоздики и железки»(8) . Пайғамбарымыз ғалайһис саламда жындар туралы айтқан бірнеше хадистері бар. «Жындар үш топ болады: 1. ұшып жүретін қанатты жындар; 2. жылан және шаянға ұқсас жындар; 3. көшіп жүретін жындар» (9) . «Жын- адам бейнелі шайтан ер, әйел жынысы болып бөлінеді, өздерінің жас ерекшеліктері, аты бар. Қонаяқ, рух, яғни адам болған аяқ орнына шылбыры бар. Орманда, аралда, өмір сүреді. Жолаушыларды аңдып, мойнына мініп, шылбырмен, белдікпен орап, матап, ұрып ол талықсып жылағанша қуалайды»(10) . Кейбір кездері адам ұйқыға кеткен кездерде бастырылып, қылқынып, қылқындырылатын жағдайларды жын істейді. Осындай жын категориялары әртүрлі зұлымдықтарынан сақтану үшін таза болып жатса, Аллаһтан пана тілесе оған ешқандай зұлымдық ете алмайды.

Бала бес жасқа жеткеннен кейін сүндетке отырғызылады. Яғни, сүндетке отырғызудың түбірі өте тереңде жатыр. Бұл исламға дейінгі амалдардан болып саналады. Ал мұны көп адамдар ислам дінімен байланыстырады. Сүндетке отырғызылса болды, енді ол- мұсылман болды деп жатады. Шындығында сүндетпен мұсылман болып қоя ма? Ал ислам шариғаты бойынша мұсылман болу үшін тілін кәлимаға келтіріп, яғни, Аллаһтан басқа құлшылық ететін ешкім жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп тілмен айтып, жүрекпен бекітсе, ол нағыз мұсылман болып саналады. Осы сөздің арабшасы «Лә илаһа иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ» Сүндетке отырғызу алдыңғы діни жазбаларда болып сол замандардан бері орындалып келе жатқанын байқаймыз. «Тас пышақты ала сала, ұлын сүндеттеп жіберді» (11) . Ал мұны исламда Пайғамбарымыз ғалайһис салам «фитрат суннеттері» (яғни, жаратылыс суннеттері) он екенін айтып, оларды жеке-жеке атап шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Діни тәрбие
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Ұлттық сананы қалыптастыру
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz