Алматы қаласының аумағындағы археологиялық ескерткіштер


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР
Оңтүстік астанамыз - Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналас- қан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барысы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
Алматы - тарихи қалалардың бірі. Ең алғаш адамдар Алматы төңірегінде неолит кезеңінен бастап пайда болған. Казачка өзенінің оң жақ жағалауында, Көктөбе тауының маңынан А. К. Ақышев жаңа тас ғасырына жататын бірнеше құрал түрін тапқан (Григорьев Ф. П., Алматы, 1999, с. 260 ) .
Б. з. д. X-IX ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі егіншілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - Алматы қаласының оңтүстік-шығыс аумағында, оңтүстік-шығысқа қарай 500 м Медеу шатқалындағы трассадан 9 шақырым жерде орналасқан Бұтақты І археологиялық кешенінің табылуы. Ескерткіш 1996 жылы Жарбұлақ (Казачка) өзенінің оң жақ жағалауынан табылған және тұрмыстық құрылыстың салдарынан апатты жағдайда болған. Осыған байланысты кешеннің уақытын анықтау мақсатында 1996-1997 жж. маусымда ҚР БҒМ археология Институтының қызметкерлері ескерткішті құтқару мақсатында археологиялық ізденістер жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл археологиялық кешеннен керамика (қыш ыдыстар), тастан жасалған қарулар, сүйектен жасалған бұйымдар (ине, шеге, спираль тәріздес сақина, білезік) табылған (Горячев А. А., 2006. с. 49-50) .
Сонымен қатар екі сармат және екі түркі кезеңіне жататын қабірлер табыл- ған (Мотов Ю. А., 1996, с. 5-6) .
Б. з. д. VII ғ. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген обалар мен қоныстардың орындары қалған. Олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Бұл сөзімізге дәлел келтіретін болсақ, 1980-1990 жылдардағы «Қазпроектреставрация» институты Алматы қаласымен оған жақын территориядағы археология ескерткіштерін табу мен зерттеу бойынша жұмыстар атқарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні қаланың солтүстік батыс бөлігінде жатқан қорған қабірлер тіркелді. Бұл Үлкен - Алматы өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан Рысқұлов көшесіндегі диаметрі 20-40м, биіктігі 0, 5-2, 5м болатын 6 қорған, Рысқұлов көшесіндегі диаметрі 50-60 м, биіктігі 3-5м болатын 5 қорған. Бұл қорғандардың топтары Ұлжан І және Ұлжан ІІ деп аталады. Рысқұлов көшесінде тағы да сол жақ жағалаудағы диаметрі 25-30м, биіктігі 2-3м болатын 3 қорған бар, оларды Шаңырақ деп атайды. Топтарға бұл атауларды кейінгі зерттеушілер осы территориядағы шағын аудандардың атауы бойынша берген.
2003-2006 жылдары ҚР БҒМ Археология Институты қала және қала төңірегіндегі археологиялық ескерткіштерге зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Шаңырақ және Ұлжан ІІ обаларына археологиялық қазбалар салынды. Шаңырақ обалары құрылыс зонасында қалып қойған, бұл жердегі 3 қорған қазылды. Ұлжан ІІ тобы Үлкен Алматы өзенінің оң жақ жағалауында Ұлжан ықшам ауданында орналасқан және келесідегідей координатта: N 43° 18` 200``, Е 076° 52` 086``. Топ СБ-ОШ қарай созылған 5 қорғаннан тұрады, оңтүстіктен солтүстікке қарай номерленген. Өлшемдері: №1-диаметрі = 65м, биіктігі = 7, 6м; № 2-диаметрі = 48м, биіктігі = 3, 2м, №3-диаметр = 48м, биіктігі = 4, 2м, №4-диаметрі = 5м, биіктігі = 5м, №5-диаметрі = 44м, биіктігі =3, 5м. Қорғандар құрылыс аймағында қалып қойған және ол жерлердің көп бөлігі заңдастырылмаған. Қорғандар бүлінген, әсіресе №№5, 4 және 2 қорғандар қиратылған. 2006 ж. Археология институтының қызметкерлері №4 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізді. Ол қорған тоналған екен, дегенмен қарақшылардан қалған бірнеше алтын қапсырма табылған. Бұл сақ қорғандардың барлығы дерлік тоналған деп айтуға болады. Тек заттардың фрагменттері, шашылған адам және мал сүйектері, қыш ыдыстармен ағаш қалдықтары қалған (Самашев З. С., Нурпейсов М. М., Төлегенов Е. Т., Бесетаев Б., 2006, с. 3-5) .
Сақ және үйсін дәуірінде Алматы өңрі Жетісу жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердің орталығы болған.
Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. VIII-X ғғ. бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған. XVI ғ. бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында мынандай дерек келтірген: «Ферғана - ауа райы бесінші белдеуде жататын жер, ол өңделетін жер шекарасына орналасқан; оның шығысында - Қашқар, батысында - Самарқанд, оңтүстігінде - Бадахшан шекарасындағы таулар, солтүстігінде бұрын Алмалық, Алмату және Таразкент кітаптарында аты аталған Янга сияқты қалалар болғанымен, оларды монғолдар қиратқан, сөйтіп ол жерлерде елді мекендер мүлде қалмаған». Бұл жерде болашақ Алматының орнында болған Алмату атты ортағасырлық қала туралы айтылып отырған болу керек (Байпақов К. М., 1992, 182б) .
«Үлкен Алматы» аумағындағы елді мекендер б. з. X-IVғғ. Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған XIII ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхемде алғаш рет «Алматы»-деп қала аты аталынады (Байпақов К. М., 1992, 184б) .
XV-XVIII ғғ. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен маңызды үдерістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандар қазақ мемлекеттігі құрамына енді. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.
1854 жылы 4 ақпан Іле Алатауының баурайында Ресей империясы- ның әскери қамалы Верный қаланды. 1921жылдың 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алматы деп аталынды.
Ал, 1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң астанасын Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылданды. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. Алматы 1929 жылы мамыр айында ҚазАССР астанасына айналды. Осы дәуірден бастап Алматының жаңа тарихи келбеті қалыптасты. Өнеркәсіп тез қарқынмен дамыды, сонымен қатар қаланың бейнесі өзгерді.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді . Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат - экологиялық таза, қауіпсіздікке, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу қажет.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде де Алма-Ата- дан Алматыға ауыстырылды, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен астана Алматыдан Астанаға көшті.
Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң 1998 жылдың 1-ші шілдесінде қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz