Тұлғаның қалыптасуы



Жеке тұлға туралы түсінік.
Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид.
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
ІІ.Жеке тұлғаның дамуы.
Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А.ЯКоменский, К.А.Гельвеций, Д. Дидро, А.Дистерверг, Л.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс, Ф.Эигельс, З.Фрейд, Д.Дью, Э. Торндайк, Н.К.Крупская, Б.Б. Блоиский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.).
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.
Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жеке тұлға туралы түсінік.
Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық
процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және
спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық
қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, адам, жеке тұлға
деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып,
оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден
тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - индивид. Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы -жекелік. Индивид - адамзат
тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір
адам -индивид.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің
субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
ІІ.Жеке тұлғаның дамуы.
Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар.
Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің
прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз
жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А.ЯКоменский, К.А.Гельвеций, Д. Дидро,
А.Дистерверг, Л.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс,
Ф.Эигельс, З.Фрейд, Д.Дью, Э. Торндайк, Н.К.Крупская, Б.Б. Блоиский, А.С.
Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн,
В.В. Давыдов т.б.).
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық
өзгерістер процесі.
Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі,
қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.
Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты -
биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік
иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік
иесіне айналады
III. Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
Тұқым қуалаушылық.
Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).
Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
Тұлғаның іс-әрекеті.
1. Американдық психолог және педагог Э.Торндайктың пікірінше, жеке
тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды.
Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтары
сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр
ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз.
Ата-аналарынан балаларына тұқым куалаушылық арқылы:
дене бітімінің ерекшеліктері;
шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
қан тобы, резус-фактор;
бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері,
психикалық процестердің өту ерекшеліктері;
қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокрйндік бұзылушылықтар;
кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі
жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.
Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына,
бет пішіміне, тері қабатының түсіне, айналысатын еңбек түрлерінің пайда
болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Әлеуметтік орта сол орта үшін құнды болып табылатын бүкіл адами
қасиеттер мен қабілеттердің, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас
нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты тап-таза
болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға
жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.
В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші
мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласына байланысты деп жазды. Мұнда
ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.
Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті
жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал етуі алдын ала
жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиетгердің қалыптасуына әкеледі.
Іс-әрекет деп адамның бүкіл бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің
барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның
санасында із қалдырмайды. (А.Н. Леонтьев).
Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
танымдық іс-әрекет;
қоғамдық іс-әрекет;
спорттық іс-әрекет;
- көркем өнерлік іс-әрекет;
техникалық іс-әрекет;
қолөнерлік іс-әрекет;
гедоникалық (ләззат алуға бағытталған) іс-әрекет.
IV. Жеке тұлға туралы теориялар
Жеке тұлға теориясы - бұл адам бойында болатын ойлар мен гипотезалар
жиынтығы.
Бұл теория негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез -құлықты
түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке
басындағы мінез-құлықты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді.
Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856-1939 жж.) психодинамикалық
теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы
зерттеуге негізделген.
Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға
және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы
тепе-теңдік теориясына негізделген.
Эриксон теориясының артықшылығы - биологиялық жетілу жолдарының адам
өмірінің барлық кезеңінде толастамайтынын, оның философиялық,
психологиялық, тарихи, ғылыми, т.б. әлеуметтік үрдістермен байланыстылығын
анықтайды.
Джулиана Роттердің әлеуметтік - ілім теориясы. Әлеуметтік ілім
теориясын Джулиана Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен
қарым - қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп
түсіндіреді.
Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясы. Бұл теория
өзара детерминизмге негізделген. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның
қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу
ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл теория бойынша мінез кұлық реакциясы мен
айналадағылардың дамуы, ортамен сыпайы түрде қарым - қатынас жасауға
негізделген.
Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967).
Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті
заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған ортадағы интерпретациялық
оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның
мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.
Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы (1902-1987
жж.). Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі
дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады
деген. Субъективтік әлем - оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай
кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе
адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән
өзгерісін дәлелдейді.
Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің
методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субъектінің (индивид немесе
әлеуметтік топ) белсенділігін туғызатын, және сол белсенділік арқылы
дамудың арнаулы жағдайын айқындайды
V.Баланы жас кезеңдерге бөлу.
Жас кезеңдері - әрбір адамның дамуының қажетті стадиясы. Жас кезеңдері
әртүрлі жастағы адамдардың даму және жетілу ерекшеліктеріне негізделген.
Өмір циклінің басқа да көптеген сатылары, стадиясы бар. Герентологияда
төмендегідей көптеген белестер мен баспалдақтарға, фазаларға бөледі
(Б.Г.Ананьев, 1980).
Жастық шақ 12-17 жас
Ерте есею жасы 17-25 жас
Есейгендік 25-29 жас
Кеш жетілу 50-75 жас
Кэрілік 75 жас
Кейбір сатылық дамуда жас фазасы жыныстық күйге байланысты. Сондай-ақ,
халықаралық симпозиумда қабылданған жас кезеңі төмендегідей:
Нәрестелік кезең;
Бөбектік кезең (1-3 жас);
Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас);
Балалық шақтың екінші кезеңі (8-12 жас ұл бала үшін, 6, 8-10жас қыз бала
үшін);
5. Ересек жас (13-16 жас үл бала үшін 9-15 жас қыз бала үшін);
Жастың шақ (17-21 ерлер үшін, 16-20 жас қыз балалар үшін);
Орта кезең
бірінші кезеңі (22-35 жас ерлер үшін, 21-35 әйелдср үшін);
екінші кезең (36-60 жас ерлер үшін, 36-55 әйелдер үшін);
қарт адамдар (61-75 ерлер үшін, 55 -75 әйелдер үшін).
8. Кәрілік кезең 74 - 90 әйел мен ер адам үшін ұзақ өмір сүрушілер 74-90
жас.
Нәрестелік кезең - (1 жасқа дейін) жеке тұлғаның жан-жақты дамуының алғы
шарты.
Бөбектік кезең (1-3 жас) - дамудың секіріс кезеңі. Баланың жеке
ерекшеліктері қалыптаса бастайды. 1-3 жас арасында бөбектерде қоршаған
ортамен күн өткен сайын, белсенді танысушылық қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас). Баланың бұл жастағы дамуын, оның қоршаған
ортамен қатынасының күрделене түскенін, балаға қойылатын талаптың арта
түскендігімен айқындалады.
Ересек кезең (11-15 жас) балалықтан өту кезеңі. Дене, мінез, ақыл-ой,
эстетикалық, еңбек тәрбиесінін дамуы және жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі
болып табылады. Органдардың диспропорциясы арта түседі, жыныстық пісіп
жетілу кезеңі басталады.
Жастық шақ кезеңі (15-18 жас). Дене жағынан адамның жетілуі аяқталып, өсу
баяулайды. Бұлшық еттер күші толысады. Қан қысымы мөлшерге сай қалыптасады.
Ішкі секреция бездерінің жұмысы қалыптасады. Жыныстық жетілудің алғашқы
кезеңі аяқталады.
Мектептегі кезең (7-10 жас) - жеке тұлға дамуының қарама-қарсы және едәуір
күрделі кезеңі. Бала 1-сыныпта өзінің дене бітімі және психикалық сапасына
сәйкес мектепке дейінгі кезеңіндегідей болса, ал 4-сыныпта өсу белгілері
айқындалып, белгілі бола ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлга психологиясы
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Психологияда тұлға мәселесі
Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тұлғаның дамуы
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Пәндер