Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... .4
1.1 Әйел құқығын қорғау саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы ... ... ... ... ..6
1.3 Қазақстан Республикасында әйелдер құқығын қорғау ұйымдары ... ..8
ІІ. АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ... ... 11
2.1 Қазақстандағы маусымдық жұмысшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Азия мемлекеттерінегі адам саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Азия мемлекеттеріндегі әйел азаматтарын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған әйел құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау әйел заңның негiзгi бастауы ретiнде айтылады.
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi әйел құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар мазмұнының өзiмен белгiленедi1.
Демек кез келген субьективтi әйел құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.
Жұмыстың өзектілігі Азия мемлекеттерінде әйел құқықығын қорғау жұмысын зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты Азия мемлекеттеріндегі қандай әйел құқықығын қорғау шаралалар жүргізіледі.
Курстық жұмыс екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

1. «Егеменді Қазақстан»- газеті 22сәуір 2006 жыл.
2. «Ғылым және Білім» журналы
3..Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М., 1992, 96 бет
4. Сергеев А. П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. – Учебник. М., 1996, 242 244 беттер
5. Свердлык Г. А., Страунин Э. Л. Понятие и юридическая природа самозащиты гражданских прав. Государство и право. № 5 ,1998, 22 бет
6. Гражданское право. Учебник. Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толского. – Ч. 1. – М., 1997, 443 бет
7. Советское гражданское право. – Т. 1. – М., 1979, 306 бет
8. Вильнянский С. И. Лекции по советскому гражданскому праву. – Харьков, 1958, 179 181
9. Гурвич М. А. Право на иск. – М Л., 1949, 46 145 беттер
10. Иоффе А. С. Советское гражданское право. – М., 1967, 332 бет
11. Гражданское право РК. Под ред. Тулеугалиева Г. И., Мауленова К. С. Т. 2. – Алматы, 1998, 438 439 беттер
12. Кондратьев В.С., Калышев А.Б. Этносоциологическое исследование в Казахской ССР (методика и инструментарий) // Всесоюз. науч. сессия по итогам полевых этнограф. и антрополог. исслед. 1988-1989 гг.: тез. докл. – Алма-Ата, 1990. – Ч. 1. – С. 37-38.
13. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. – Алматы: Ғылым, 1991. – 231 с.
14. Әжіғали С., Байғабатова Н. Жетісу қазақтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Арыс, 2005. – 175-200-бб.
15. Калыш А.Б. Межнациональные браки в г. Алматы // Казахстан: этнография современности. – Алматы, 1995. – С. 23-31.
16. Гриценко В.В. Факторы устойчивости национально-смешанных и однонациональных браков: Автореф. дисс. ... канд. ист. наук. – М., 1998. – С. 6-9.
17. Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 257 с.
18. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан: статист. сб. – Алматы: Гос РК по стат., 1999. – 211 с.
19. Калыш А.Б. Дети и подростки в разведенных семьях // Вестн. КазГУ. – Серия историческая. – 2002. – № 2 (25). – С. 65-67.
20. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. – 2007. – 1 наурыз.
21. Гражданское право. Общая часть. Учебное пособие. /Под ред. А.Г.Диденко – Алматы, 2003 г.
22. Договорное право. Брагинский М.Н., Ватрянский В.В. -2 изд – во, испр. – М.: Статус – 2000 г. – 848 с.
23. Основы нотариальной деятельности. Глушенко П.П., Судов А.М. Уч. пособие. – 2 изд – СПб, Издательство Михайлова В.А. – 2000 г. - 368 с.
24. Арбитражный процесс. Учебник/ под ред. В.В.Яркова – М.: Юрист, 2000 – 48 с.
25. Арбитражно-судебная практика. Комментарий. Витрянский В.В., Герасименко С.А. – М., 1993 – 216 с.
26. Сделки: Уч. пособие. Басин Ю.Г. – Алматы: Әдiлет–Пресс, 1996 г. – 48 с.
27. Сделки купли – продажи. Пустозорова В.М.- М., 1994 г. – 112 с.
28. Правовые вопросы товарообменных сделок. Комаров А.С. – М., тезис: 1994 – 199 с.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы ... ... ... .4
1.1 Әйел құқығын қорғау
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
1.2 Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік
стратегиясы ... ... ... ... ..6
1.3 Қазақстан Республикасында әйелдер құқығын қорғау ұйымдары ... ..8
ІІ. Азия мемлекеттерінде әйел құқықтарын қорғау ... ... 11
2.1 Қазақстандағы маусымдық
жұмысшылар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .11
2.2 Азия мемлекеттерінегі адам
саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Азия мемлекеттеріндегі әйел азаматтарын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына
жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң
қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған әйел құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету
принципi, оларды сот арқылы қорғау әйел заңның негiзгi бастауы ретiнде
айтылады.
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi әйел құқықтар тек қана нақты
жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың
бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi
бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П.
Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының
мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар
мазмұнының өзiмен белгiленедi1.
Демек кез келген субьективтi әйел құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге
осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны
қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.
Жұмыстың өзектілігі Азия мемлекеттерінде әйел құқықығын қорғау жұмысын
зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты Азия мемлекеттеріндегі қандай әйел құқықығын
қорғау шаралалар жүргізіледі.
Курстық жұмыс екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиет
тізімінен тұрады.
___________________________________ _______________________________
Егеменді Қазақстан- газеті 22сәуір 2006 жыл.
І. Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы
1.1 Әйел құқығын қорғау саласы
Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.
Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі
әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты
субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады.
Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы
түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен
кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін
мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге
қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның
үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа
алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің
басымдық сипатын сезінеді.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда
әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді.
Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну
түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі.
Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін
сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу
жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен
деңгейімен байланысты. Неғұрлым ақталды деп мемлекет саясатының гендерлік
сезімтал қоғамдық сананың дамуына жалпы бағыттылығы саналады.
Әйелдер құқығын қорғау және көтермелеу бойынша Уәкіл қызметті іске асыру
тетіктерінің бірі болып халықаралық ұйымдармен және қорлармен бірлесе
отырып, омбудсмен мекемелерінің жүзеге асыратын жобалары саналады. 2005
жылғы сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның
“Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын
“Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.
Жоба Швецияның (классикалық үлгі) және Литваның (аталмыш бастаманы
транзитті мемлекетте іске асыру үлгісі) тең мүмкіндіктері бойынша омбудсмен
институтының жұмыс істеу тәжірибесін неғұрлым терең зерделеуге,
Қазақстандағы тең құқықтар мен мүмкіндіктер бойынша Уәкіл мекемесін құру
мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба қызметтің
арнаулы саласы – гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлерін даярлау деңгейінің жоғарылауына
ықпал етеді2.
Жоба шеңберінде Астана және Алматы қалаларында Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл офисінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – Атырау,
Петропавл, Өскемен, Алматы және Шымкент қалаларындағы омбудсмен
мекемелерінің серіктестері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың
өкілдері үшін үш күндік тренингтер топтамасы өтті.
Оқыту “Көру-Түсіну-Қолдану” әдісінде құрылған, яғни гендер туралы
хабардар болу, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік және айырмашылық
себептерін түсіну, алуан түрлі құрал-саймандарды пайдалану арқылы
күнделікті жұмыста осы білімдерді қолдану Тренингте мемлекеттік басқару
жүйесінде және еңбек қатынастары саласында тең мүмкіндіктер қағидасын
сақтау, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау саласында жауапкершілікті
енгізу, “оң кемсітушілікті” қолдану мәселелері өзектілендірілді.
“Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасы шеңберінде 2005 жылдың 30
қарашасында Уәкілдің жанындағы Консультауиялық кеңес мүшелері және
___________________________________ ___________________________
Ғылым және Білім журналы
Қазақстанның әр түрлі қалаларының серіктес қоғамдық ұйымдарының өкілдері,
сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен үйрету семинары
өткізілді. Семинарға қатысушылар гендерлік теңдік мәселелерін, тең құқықтар
мен мүмкіндіктерді қорғау мен көтермелеудің, халықаралық заңнамаларында
көзделген тетіктерін талқылады.
Жұмыстың келесі бағыты әйелдер құқығын қорғауға қатысты халықаралық
стандарттарды Қазақстанның орындау қажеттігі өзектілеу болып табылады.
Уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29
қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген, 2006-2016 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясын өңдеуге белсенді
түрде қатысты.
1.2 Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы Мемлекет басшысының
2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің IV Форумында
берген тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссиясымен өңделді. Стратегияны
өңдеуге және оны талқылауға барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес
және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегия жобасында Уәкілетті
мекеменің ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді.
Стратегия мемлекеттік гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған
негіз қалаушы құжат, оны мемлекет және әйел қоғам тарапынан мониторингті
жүзеге және іске асырудың құралы болып табылады. Құжат БҰҰ Әйелдер қорының
(ЮНИФЕМ) аймақтық офисімен бірлесе өңдеген, саясатта, экономикада, білім
беруде, отбасында, денсаулық қорғау және әйелдер мен балаларға қатысты
зорлықтың алдын алу мәселелерінде гендерлік теңдікке жету бойынша
индикаторлардан тұрады.
Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын ескерту туралы
Конвенцияның нормаларын имплементациялау мақсатында елдің еңбек заңнамасына
адам құқықтары бойынша Уәкілеттімен есептік кезең ішінде Қазақстан
Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүкті
әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау қаеттігі туралы ұсынымдар жіберілді.
Уәкіл келіп түскен өтініштерге сүйене отырып, министрлікке күші
мерзімі өтуі бойынша жүкті әйелдермен жеке еңбек келісіміне заңнамалық
тұрғыдан тыйымды кіргізу жолымен күші бар заңнамаларға өзгерістер енгізуге
бастамашылық етуге ұсыным берді3.
Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-маңызды күндерге арналған іс-
шараларды ұйымдастыру және өзге ұйымдар өткізетін осындай іс-шараларға
қатысу болып табылады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу
қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті мекемесі “Ақмола-Феникс” АҚ
Малиновка селолық округінде ауылдық жердегі әйелдер құқығын өзектілеуге
арналған іс-шаралар өткізді.
Уәкілетті мекеме өткізген іс-шараның мақсаты қоғам назарын ауыл әйелдерінің
құқығына аударту болды. Адам құқықтары бойынша Уәкілетті және Уәкілеттінің
мекемесі қызметкерлері № 5 мектепке, отбасылық дәрігерлік амбулаторияға,
тұрмыстық үйге барды.
Жер шары халқының ширегін (төрттен бірін) азық-түлік өндірісінде,
сонымен қатар ауыл, аудандардың дамуы және тұрақтылығында басты рөл
атқаратын ауыл әйелдері құрайды. Әлемде 500 млн. ауыл әйелдері кедейлік
шегінде өмір сүреді. Олардың қоғамдық өмірге қосатын өмірлік маңызды
үлестері көзге көрінбейді. Қазақстанда ауылдық жерде халықтың 43% тұрады.
Олардың жартысы әйелдер. Алайда оған қарамастан олардың көбінде жерге өз
меншік құқығын қорғауға, несие немесе оқу сияқты өмірлік маңызды қызметке
қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ.
Ауыл әйелдерінің іс жүзінде жағдайын, оларға қатысты таптаурындарын назарға
ала отырып, жер реформасы туралы заңдарды жүзеге асыру
___________________________________ ______________________________
Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М., 1992, 96
бет
барысында гендерлік көзқарасты көздеу қажет. Әйелдер стратегиялық
жоспарларды, экономикалық бағдарламалар мен реформаларды өңдеу деңгейінде
ұсынылуға тиіс. Әйелдердің экономикалық ресурстарға, оның ішінде жерге қол
жеткізуін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажет.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қазіргі заманғы кезеңінде қалалық
және ауылдық әйелдердің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық маңызды түрде
шиеленісіп кетті. Қаладағы және ауылдағы өмір салтын ұйымдастыратын және
жүйелі түрде ықпал ететін сыртқы мән-жайлардың обьективті айырмасы, өмір
салтымен қалалық әйелдерден ерекшеленетін, олардың құқықтарын қосымша
қорғауды талап ететін ауыл әйелдерін жеке топға бөлуге мүмкіндік береді.
Еуропада жыл сайын 15 қазанда Ауыл әйелдерінің күнін (World Rural
Women,s Day) атап өтеді. Қазақстанда ауылдың еңбекші әйелдерінің ерекше
рөлі мен мәртебесінің бекітілмеуі және ресми жалпы мемлекеттік дәстүрде
белгіленбеуі ауыл әйелдерінің мәселелері мен қажеттіліктерінің әрдайым
ескерілмеуінің дәлелі. Мысалы, ауыл әйелдерінің ақпаратқа қолы жетімсіз,
қазіргі жағдайларда оларды талап етусіз қалған кәсіби білімді жүзеге асыру,
біліктілігін арттыру мүмкіндіктері шектелген. Статистика көрсетіп
отырғандай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын
әйелдер саны мардымсыз. (орташа 25 % және кедей ауыл-аудандарда 0 %). Міне,
сол себепті осы жағдай өзгеру үшінкүш салу қажет.
1.3 Қазақстан Республикасында әйелдер құқығын қорғау ұйымдары
Есептік кезеңде Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиямен
ынтымақтастық жемісті болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіле мен оның
аппаратының қызметкерлері 2005 жылдың 24-26 тамызы аралығында Алматы
қаласында өткен “Қанатты әйел– 2” әйелдер идеялары мен тауарларының ұлттық
жәрмеңкесі жұмысына қатысты. Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның, БҰҰ-ның
“Гендер және даму” бюросының және Швецияның “Sprang bradan” консалтингілі
компаниясының бірлескен жобасына айналды4.
Жәрмеңкенің мақсаты шағын және орта бизнеспен, қоғамдық қызметпен
табысты шұғылданып жүрген әйелдерді анықтау және насихаттау, әйелдер
мәртебесін көтеру, олардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін
ілгерілету, сонымен қатар, тәжірибе алмасу болды.
Аталған іс-шарада Қазақстанның барлық аймақтарының, ТМД мемлекеттерінің,
сондай-ақ Швеция, АҚШ, Қытайдың өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында 70-тен
астам дөңгелек үстел, семинарлар, 25 мыңнан аса адам қатысқан отбасы,
әйелдер және балалардың жағдайын жақсарту бойынша тренингтер мен мастер-
кластар өткізілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қазақстанның Іскер әйелдер
Қауымдастығы өкілдері, Облыстық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
комиссиялардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысқан
“Қазақстанда әйелдер құқығының сақталуы туралы” дөңгелек үстел өткізілді.
Сондай-ақ Уәкіл мекемесінің қызметкерлері бірқатар өзге іс-шараларға
қатысты:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі
жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Азия даму банкімен (АБР-АДБ) ұйымдастырған
“Кедейшілікті төмендету бағдарламасына гендерлік көзқарасты енгізудің
өзекті аспектілері” семинарына (14.04.05ж);
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі
жөніндегі қалалық комиссия мен “Ана алақаны” үкіметтік емес ұйым
ұйымдастырған “Әйелдерді көшбасшылықтың жаңа технологияларына үйрету,
олардың заңды құқықтары мен мүдделерін ілгерілету және қорғау” семинар-
тренингінде (15.04.05ж);
Сергеев А. П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. – Учебник.
М., 1996, 242-244 беттер
“Отбасы” депутаттық тобы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ-ның “Гендер және
даму” бюросы, Швецияның “Sprang bradan” консалтингілік компаниясының
қолдауымен ұйымдастырылған семинарға;
ЕҚЫҰ және Қазақстанның Дағдарыс орталықтарының Одағымен бірлесіп
өткізген, Қазақстанның Дағдарыс орталықтарының заңгерлері үшін
Республикалық университетінің шеңберіндегі семинарға 2005 жылы 21 қарашада
Уәкіл мекемесімен: Түсікке құқық тақырыбында әдіснамалық семинар
өткізілді. Семинарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің
қызметкерлері, орталық мұсылман мешітінің және орыс православ шіркеуінің
діни қызметшілері; отбасын жоспарлау орталығының медициналық қызметшілері,
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының заңдарында кемсітушілік нормалары жоқ,
тұтастай ол әйелді дәстүрлі және діни некелерден туындайтын қосымша
кемсітуден қорғамайды, сондай-ақ әйелдердің мүліктік құқығы да қорғалмаған.
Некеге тұруға бірдей құқықтар, жұбайлардың отбасындағы теңдігі діни және
ұлттық дәстүрлердің күшімен некелесуде жиі бұзылады. Неке және отбасы
туралы Қазақстан Ресупбликасының Заңында көп әйел алу немесе өзге
жағдайларда бейресми некелермен байланысты қатынастарды реттейтін нормалар
жоқ. Заң тек ресми түрде тіркелген некеде тұрған жұбайлардың мүліктік
құқығын қорғайды. Сондықтан діни немесе ұлттық дәстүр күшімен қиылған
некеге жұбайлардың ортақ балалары болса да және ортақ шаруашылық жүргізсе
де неке ресми тіркелмегендіктен, әйелдердің құқығы қорғалмаған. Қосымша
кемсіту еңбек заңнамаларында да орын алады. Елдің заңнамалары ерлер мен
әйелдердің мүмкіндігін теңестіретін тетіктерді әзірге қарастырмайды.жұмыс
берушілерге бұрынғыша, әйелдерді жұмысқа алу тиімсіз, өйткені бұл жүктілігі
бойынша және бала күтімі бойынша демалысқа шығумен тығыз байланысты.
ІІ. Азия мемлекеттерінде әйел құқықтарын қорғау
2.1 Қазақстандағы маусымдық жұмысшылар
Іс жүзінде шетел азаматтарының, Қазақстан азаматтарының және
азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың республиканың
көші-қон заңнамасын бұзу фактілері көптеп кездеседі.
Заңсыз көші-қон проблемасы бүкіл әлем жұртшылығы үшін тұрақтылық пен
қауіпсіздікке қатер төндіре отырып, әлемдегі жүріп жатқан процестер аясында
барған сайын айқын, дәл көріністерге ие болуда.
Бұл ретте Қазақстан заңсыз көші-қонның трансұлттық арналарының түйінді
аралық буыны болып табылады, бұл бірінші кезекте республиканың тікелей
Еуропа елдеріне барар жолда орналасқан ерекше географиялық жағдайымен;
соңғы жылдары жаңа халықаралық әуе, темір жол рейстерінің ашылуымен;
мемлекетаралық экономикалық, гуманитарлық, мәдени және діни алмасудың жан-
жақты дамуымен; еліміздің мемлекеттік органдарының кейбір өкілдерінің
жемқорлануымен; көшіп келуді бақылау жүйесінің жетілдірілмегендігіне,
сондай-ақ шекараның айтарлықтай ұзақтығы және мөлдірлігімен, ТМД
елдерімен еркін жүріп-тұру режимінің сақталуымен байланысты. Сонымен бірге,
заңсыз көшіп келушілерді экспорттаушы елдердегі әлеуметтік-саяси жағдайдың
тұрақсыздығы, кейбір Азия, Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі соғыс, әскери
қақтығыстар, ішкі саяси күрес зардаптары; лаңкестік, діни-экстремистік
ұйымдар белсенділігінің өсуі айтарлықтай маңызды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында заңсыз көші-қон
процестері әлі орын алып жатқандығын атап өткен жөн. Үшінші елдердің
азаматтары, пәкістандықтар, бангладештіктер, ланкийлер, ауғандықтар және
басқалар Ресейге Қазақстан арқылы өткізу қосындарын айналып, қазақстан-
ресей шекарасын заңсыз кесіп өтеді.
Қазіргі уақытта оңтүстік шекара жағынан, әсіресе Қырғызстан мен
Тәжікстаннан заңсыз көшіп келушілер ағынының арта түсу қаупі сақталып тұр.
Қолда бар мәліметтер бойынша аталған мемлекеттер аумағында Қазақстан аумағы
арқылы Ресейге және Батыс Еуропа елдеріне көшіп барғысы келетін Ауғанстан,
Пәкістан, Бангладеш азаматтарының едәуір бөлігі шоғырланған. Олардың заңсыз
көшіп-қонуына жағдай жасайтын шарттардың бірі Орталық Азия мемлекеттерінде
төлқұжат пен кейіннен Қазақстан аумағына кіру үшін виза алудың салыстырмалы
түрде қол жетімдігі, ТМД елдерінің ішкі шекараларының ашықтығы, сондай-ақ
аталған мемлекеттердегі заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырғаны үшін
қылмыстық жауапкершілікті көздейтін құқықтық база жоқтығы болып табылады5.
Заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесуге бағытталған
қабылданған жедел-іздестіру шаралары заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың
Қазақстан аумағынан өтудің жаңа әдістері мен маршруттарын іздестіру
әрекеттерін әлі тоқтатпай жүргендігін дәлелдейді. Жемқорланған туристік
фирмалар басшыларының, көші-қон, жол полициясы мен көліктегі ішкі істер
органдарының желілік бөлімдерінің кейбір қызметкерлерінің бұған қатысы
болған жағдайлары тіркелген.
Қолда бар мәліметтер бойынша шетелдіктердің Қазақстанға кіру арналарын
бақылайтын жекелеген мемлекеттік қызметкерлердің нақ осы жемқорлануы заңсыз
көші-қон арналарын ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтар өкілдері
үшін аталған санаттағы адамдармен байланыс орнатуға және дамытуға, олардың
заңсыз көшіп-қонушылардың Қазақстан аумағына кедергісіз кіруі, жүріп-тұруы
және болуы үшін олардың қолдаушылығын пайдалануға ынталандырушы фактор
болып табылады. Құқық қорғау және кеден органдары қызметкерлері арасындағы
осыған ұқсас құқыққа қарсы қызметтерді айқындау және жолын кесу процесінде
бірқатар қылмыстық іс қозғалды.
Свердлык Г. А., Страунин Э. Л. Понятие и юридическая природа
самозащиты гражданских прав. Государство и право. № 5 ,1998, 22 бет
Қазақстанға маусымдық жұмысшылар деп аталатын заңсыз еңбек көші-
қонының өсу үрдісі байқалады. Бұл бірінші кезекте экономиканың даму
қарқынының әлсіздігі, өмір сүру деңгейінің төмендігі, әлеуметтік-саяси
ахуалдың шиеленістігі атап өтілетін ТМД-ның орта азиялық елдерінің -
Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның азаматтарына қатысты. Осы
факторларды ескере отырып, халықтың аз қамтылған бөлігі жұмыс пен жақсы
өмір сүру жағдайын іздеп, соның ішінде Қазақстанға елді тастап шығуға
ұмтылады. Бірқатар объективтік және субъективтік себептермен шетелдерге
заңсыз шығып, еңбекке орналасуға мәжбүр, сол арқылы олар көбінесе
жергілікті еңбек нарығында жұмыс орны тапшылығы мен жұмыссыздық сияқты
құбылыстарды дамытуға алғы шарттар жасайды. Бұл ретте арзан жұмысшы қолына
мүдделі қазақстандық жұмыс берушілер заңсыз көшіп келушілерді қуана
қабылдап, еңбек нарығындағы ахуалды шиеленістіреді және елдің бюджетіне
салықты едәуір аз төлейді. Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары
жұмыс іздеп Қазақстанға келіп, жұмыс берушілер тарапынан алдаудың,
алаяқтылықтың және қанаудың құрбаны болып жататыны сирек құбылыс емес. Бұл
азаматтар тиісті лицензиялары жоқ адамдармен контракт немесе шарт жасаспай
қандай да бір жұмысты орындауға келісе отырып және Қазақстанда заңсыз жүріп
әлеуетті құрбандарға айналады және осы сияқты қылмыстық қол сұғушылыққа
бастарын тігеді.
Көшіп келуші жұмысшылардың, яғни Қазақстанға жұмыс істеуге келген
адамдардың құқықтары сақталады ма? деген сұраққа 1500 респонденттің тек
18% оң жауап берген. Дегенмен де респонденттердің 42,5% көшіп келуші
жұмысшылардың құқықтары ішінара сақталады, ал 16,8% көшіп келуші
жұмысшылардың құқықтары мүлде сақталмайды деп есептейді. Бұл мәліметтер
көшіп келуші жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты ұлттық
заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша 2006 жылы Қазақстанға
жұмыс істеуге, қызметтік және жеке істерімен, сондай-ақ турист ретінде
128673 алыс шетелдік келіп, ішкі істер органдарында тіркелген. Әртүрлі
құқық бұзушылықтар үшін 7462, соның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін
6873 алыс шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған, олардың 2001-і
өрескел заң бұзғаны үшін Қазақстаннан сыртқа шығарылған. ТМД елдерінен
уақытша келген азаматтардан 1858812 адам тіркеліп, олардың 93461-і әртүрлі
құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 330, 330-1, 330-2, 330-3 баптарында көзделген
қылмыстардың белгілері көрінген шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын
бұзғаны үшін заңсыз көші-қонның ұйымдастырушылары мен сыртқа шығару туралы
сот қаулысын орындамаған адамдарға қатысты 273 қылмыстық іс қозғалған.
Ішкі істер органдары Солтүстік Кавказ өңірінен келген адамдардың
Қазақстанда жүріп-тұруын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізуде.
Олардың ішіндегі заңсыз қарулы жасақтар мен лаңкестік ұйымдарды айқындау
мақсатында келгендерге дактоесеп, Интерпол, Ресей ІІМ Ақпараттық-талдау
орталығының есебі бойынша қосымша тексерулер жүргізіледі. Мақсатты жедел-
іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Заңсыз көші-қон арналарын айқындау мен жолын кесу жөніндегі жұмыстар
жалғасуда. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2006 жылға арналған негізгі
ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 4.8 тармағын орындау үшін көші-қон
полициясы бөлімшелері ҚР Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитетімен,
ҰҚК-мен бірлесіп Құқық тәртібі, Гастарбайтер, Мигрант арнайы жедел-
алдын алу іс-шараларын өткізді.
Ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестік пен заңсыз көші-қонның көрініс табуына
қарсы әрекет ету жөніндегі іс-шараларды жандандыру шеңберінде 2006 жылғы 20
мамыр мен 5 маусым аралығында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына мүше
мемлекеттер аумағында заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ үшінші елдерден
шетелдік азаматтардың ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттерге кіріп-шығуының барынша
қарқынды маршруттарындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың
қызметін айқындау және жолын кесу жөніндегі бірлескен операция өтті.
Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Жүріп-тұру ережелерін
бұзғаны үшін 10717 шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік
жауапкершілікке тартылған, олардың 704 - алыс шетелден және 10013 - ТМД
елдерінен келгендер. Соттардың шешімі бойынша елден 1569 адам шығарылған,
олардың 144 алыс шетелдіктер және 1425 ТМД-дан келгендер.
Іздеуде жүрген 184 адам, соның ішінде 168 Қазақстан Республикасының азаматы
және 16 шетелдік анықталып, ұсталған. Кісі өлтіргені үшін іздестіріліп
жүрген 4 қылмыскер анықталған.
Мемлекет басшысының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауындағы
тапсырмасына сәйкес Заңсыз еңбек көші-қонын заңдастыруға байланысты
кешірім жасау туралы Заң қабылданды. Аталған заңды орындау шеңберінде ішкі
істер органдары 2006 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығындағы мерзімде
республика аумағында еңбек етуге заңсыз көшіп келушілерді заңдастыру
жөніндегі акция жүргізіліп, соның нәтижесінде еңбек етуге заңсыз көшіп
келген 164586 адам заңдастырылды. Шетелдік жұмысшы күшін заңсыз тартқаны
және пайдаланғаны үшін 922 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке
тартылған.
Еңбек көші-қонын реттеу мақсатында 2004 жылғы 29 қарашада Шымкент
қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары
жөніндегі комиссия ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығымен,
Әлеуметтанушылық ресурстық орталық ҮЕҰ-мен, Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігімен бірлесіп Қазақстандағы заңсыз еңбек көші-қоны: адам құқықтарын
сақтаудың перспективалары атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Жоғарыда аталған форумның жұмысына Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан
Республикасының мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының және құқық
қорғаушы ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің көші-қон қарым-қатынастары саласындағы заңнама мен
құқық қорғау практикасын жетілдіру, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен екі
жақты келісім негізінде мемлекетаралық ынтымақтастық орнату жөніндегі
дайындалған ұсынымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдады.
Заңсыз еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz