Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми еңбектері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің жарлығымен 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Осы жарлыққа сәйкес Қазақстан мәдениетін өркендету және насихаттау саласында мұражай мекемелерінің алатын орыны ерекше [1] . Қазақстан Республикасының Орталық мұражайында Назарбаевтың болуы, өзекті мәселердің бірі мұражайлар тарихын зерттеумен олардың алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін айқындап, қоғамдағы насихат құралы ретінде деңгейін көтеруге көңіл болу керектігін көрсеткен еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 13 қаңтардағы «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы № 1277 Жарлығы» [2], Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» № 171 қаулысы - тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу қажеттігіне байланысты қабылданған тарихи құжаттар. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорды, ұлттық қолөнерді, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтас жүйесін құру арқылы қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау, дамыту және ұтымды пайдалану мақсатына бағытталған құжаттар.

«Әлкей Хақанұлы Марғұлан атындағы археология мұражайының тарихы»- атты зерттеу жұмысымыздың да басты мақсаты осыдан туындап отыр. Мәліметтердің негізгі мазмұнына тоқталар болсақ: 1973 жылдан ҚРҒА тарих, археология мұражайы жұмыс істеді. Археология мұражайының негізі 1946 жылдан бері жинақталған Ғылым академиясы археологиялық экспедицияларының коллекциялары болып табылады.

Біздің еліміздегі халықтардың аса байлығы, оның көптеген ғылыми эстетикасы яғни осы байлықты ашуға әр мұражай базасындағы рухани және материалды мәдениет ескерткіштерінің сақталуы болып табылады. Мұражайларда бұл мәселені шешу мұражайда сақталған ескерткіштерді өңдеу оны барлық жағынан терендетіп зерттеу мүмкін емес. Тек қана бұл жұмысты қажетті жағдайына қарай дамытуға барлық мұражай қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді. Соның ішінде белгілі кұжаттар экспозицияларының стационарлық маңызы түрлі формадағы көрме жұмысы болып табылады. Құжаттарда объектінің оқытылуын дәлелдейтін оған хабарлауда толықтылығын, қазіргі кезде мұражайдың керемет, өте сирек ескерткіштерінің сақтаушысы рариттерін көрсетуі міндет.

Археология мұражайын құруда белгілі қазақстандық ғалымдар: Кемал Ақышұлы Ақышев, Хасан Алпысбайұлы Алпысбаев, Мир Қасымұлы Кадырбаев, Карл Молдахметұлы Байпақов, Бектөреева Роза Абуталиқызы және т. б. атсалысты. Міне осы мәліметтер жоғарыда айтылған деректерден алынған еді. Сонымен қатар кейбір мәліметтер Археология институтының архивінен алынды.

Ә. Х. Марғұланның халқымыздың өткені мен бүгінін ұрпаққа жеткізу мақсатында ертелі-кеш жер астынан, ел аузынан, мұрағаттардан жинаған зерттеу еңбектері, архитектуралық ескерткіштерді зерттеуі, этнография саласындағы, ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулері, қазақ жазуының тарихы туралы еңбектері, шоқантануға қосқан үлесі - бүгінгі рухани байлығымыздың алтын қоры. Москва, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы қалалары музейлері, мұрағаттары мен кітапханаларында сақтаулы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты деректерді тізіп, көрсетіп кетуінің бүгінгі күні Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда қосар үлесі аз емес [3] .

1947-1949, 1952 жылдары Ә. Х. Марғұланның басқаруымен археологиялық экспедиция жұмыс жасаған болатын. Ғалымның туған жері Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Екібастұз ауданы «Степной» елді мекеніндегі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаштағы, Астана қаласындағы Ә. Х. Марғұлан атындағы мектептегі ғалымның өмірі мен еңбек жолына арналған музейлер, ҚР МОМ-дегі Ә. Х. Марғұлан кешені, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Археология» залының ашылуы, Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғалымның 100-жылдық мерейтойы құрметіне ашылған «Археология» залы, т. б. осының дәлелі [3, 4 б] .

Ғұламаның еңбегін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Көшпенділер мәдениеті мен Даланың әлемдік өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер еткенін жан-жақты терең бағалауға мүмкіндік туғызған Орталық Азия көшпенділерімен өзіндік мәдениетін зерттеу мен әлемге таныстырудағы Ә. Х. Марғұланның еңбегі өлшеусіз» деп бағалады.

Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбектері Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени, әдеби мұрасы болып табылады. Ғұламаның өмірі бүгінгі рухани-мәдени өмірімізге де үлгі-өнеге бола береді.

Сол себепті де музей ісі мәселесі және ұлттық мәдени мұра туралы сөз қозғағанда академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын зерделеуге қосқан үлесі ерекше екенін айтамыз. Әсіресе, ғалымның қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, ескерткіштеріне арналған еңбектерінің музей ісіндегі және бабаларымыздан мұра болып жеткен мәдени құндылықтарымызды толық тануда алар орны туралы айту орынды.

Академик, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі ғалым тарихшы, археолог, этнограф, шығыстанушы Ә. Х. Марғұланның жалпы өмірі, ғылыми қызметі туралы осы уақытқа дейін шолу жасалған ғылыми мақалалар мен естеліктер жазылғанымен ғалым еңбектерінің музей ісімен байланысты жақтары нақтылы қарастырылмаған себепті, Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғылыми мұрасының археология мұражайындағы маңызын анықтау мақсатында, бұл диссертация жазылып отырған алғашқы зерттеу жұмысы болып табылады.

Сол себепті де мұражай ісі мәселесі және ұлттық мәдени мұра туралы сөз қозғағанда академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын зерделеуге қосқан үлесі ерекше екенін айтамыз. Әсіресе, ғалымның қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, ескерткіштеріне арналған еңбектерінің мұражай ісіндегі және бабаларымыздан мұра болып жеткен мәдени құндылықтарымызды толық тануда тарихи санамыздың жаңғыруына айрықша ықпал етері сөзсіз. Сондықтан да біз Әлкей Хақанұлы Марғұлан атындағы археология мұражайының тарихын жазу арқылы мәдени құндылықтарымызды сақтайтын бірден-бір ірі орталық мұражай екендігін ескеріп отырмыз.

Қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи мұраларын зерттеу нәтижесінде жазған ғылыми еңбектері, археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері, этнографиялық зерттеулері, көне және орта ғасыр сәулет өнеріне арналған зерттеу еңбектері, халықтың қолөнері туралы, Орта Азия көшпенділері жайлы жазған басқа да іргелі монографиялық еңбектері бүгінгі күні археологиялық, әдебиет және өнер мұражайлары экспозицияларынан көрініс тапты. Сол мұражайларда сақталып отырған сансыз ұлттық мұраны зерделеуде табылмас қазына көзі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертация жұмысымыздың тақырыбына қатысты кейбір мәселелерді анықтау үшін, Қазақстанның беделді археологтарының зерттеу еңбектерін пайдаландық. Олар негізінен: Ә. Х. Марғұлан, Х. А. Алпысбаев, М. Қ. Қадырбаев, К. А. Ақышев, К. М. Байпаков және т. б. Зерттеу жұмысын, жазу барысында әр түрлі деңгейдегі, мемлекеттік қаулылар шешімдер әр жылғы ғылыми есептер пайдаланылды. Сонымен қатар көрме үшін жасалған фотосуреттер мен қойылған заттарға берілген анықтамалар, тарихи түсініктемелер пайдаланылды.

Қазақстандық ғалымдар А. Е. Қайназарованың, А. Ғ. Ибраеваның, С. Т. Тайманның, М. З. Мұсаханованың зерттеу еңбектері [4] - Қазақстандағы музей жүйесінің қалыптасуы мен оның атқарған қызметтері жайында көлемді зерттеу еңбектер болғанымен жекеленген кезеңдерді қарастырған. Әр жылдарда музей ісі туралы жазылған зерттеулер - негізінен Қазақстандағы музейлердің жекелеген даму кезеңдеріне арналған. Көлемді еңбектердің бірі - 2004 ж. жарық көрген «Орталық музей еңбектері I-том».

2004 жылы Ә. Х. Марғұланның 100 жылдығына арналып өткізілген «Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы» [5] атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының 2 томдық жинағында О. С. Исмағұловтың «Этноантропологические идеи академика А. Х. Маргулана» [5, 40-б. ], К. М. Байпақовтың «А. Х. Маргулан - выдающийся исследователь археологического наследия» [6], Б. Е. Кумековтың «А. Х. Маргулан как кипчаковед» [7], т. б. ғылыми мақалалар басылып шыққан.

Отандық музейтану ісінде, көбінесе Ресей Федерациясы Білім және Мәдениет министрліктері шығарған музейтану, мәдени-тарихи мұра мәселелеріне арналған ғылыми жинақтары, музей ісі туралы Н. Федоров, М. А. Разгон, И. М. Коссова, Е. Б. Медведева, М. Е. Каулен, Л. М. Шляхтина, С. Ф. Казакова, С. И. Сотникова секілді Ресей музейтанушы ғалымдарының «Основы музейного дела», «Культурное наследие и современный музей», «Музеология», «Музей и нематериальное культурное наследие» [8] т. б. еңбектер пайдаланылады.

Сонымен бірге М. А Хамитова «Қ. Сәтбаев және Ә. Марғұлан» [9], Ж. Молдағалиев «Тарих куәгері: (Академик Қ. Сәтбаев және Ә. Марғұлан тапқан тарихи ескерткіш-тас мүсін туралы ) » [10] т. б еңбектерді қолданып отырмыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Мақсаты: Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми еңбектерін пайдалана отырып, археология мұражайының тарихын, экспозицияларындағы алатын орнын және тарихи-мәдени заттық және рухани құндылықтарымызды жинап, зерттеп, сақтауда, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда көрсетіп отырған қомақты үлесін ашып көрсету. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер алға қойылды:

- Ә. Х. Марғұланның өмір жолы және ғалымның археология саласына қосқан үлесі мен шығармашылығын бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде, сондай-ақ отаншылдық сезімде тәрбиелеудің басты құралы екендігін атап көрсету;

- Әлкей Хақанұлының ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі археология мұражай негізіннің қалануы және Қазақстан мұражай ісіндегі маңызын айқындау;

- Ә. Х. Марғұланның атындағы археолгия мұражайының тарихының жаңа тұжырымдамалық үлгісін қалыптастыруы;

- археолгия мұражайында сақтаулы қазақ халқының тарихи-мәдени байлықтарын көрсететін және оларды халқымыздың ұлттық мәдениетін жаһанға танытудағы тарихи-мәдени мұраны зерттеудің ролін Ә. Х. Марғұланның ғылыми мұрасын зерделеу қажеттігінің маңызын түсіндіру;

Зерттеу жұмысымның хронологиялық шеңбері . Ә. Х. Марғұланның өмірі мен ғылыми мұрасын және бізге дейін жеткен зерттеулері аралығын қамтиды.

Зеттеу жұмысымның территориялық ауқымы. Қазіргі Қазақстан Республикасы аумағы түгелімен және де көрсетілген кезеңде қазақ халқы мекендеген аймақтарды қамтиды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі .

Диссертацияны жазу барысында басты пайдаланылған Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағаты, ҚР Ұлттық кітапхана қоры материалдары болды. Сонымен қатар, диссертацияда Ә. Х. Марғұланның жеке зерттеу жұмыстары, ғалымның қолжазба еңбектері, фотоматериалдар сарапталды. Жеке мұрағаттан алынған қазақтың сал-серілеріне арналған, «Кеңестік кезеңнің 50 жылы ішіндегі Қазақстандағы этнографиялық зерттеулер» [11] атты мақаласы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына байланысты зерттеулері, «Еңбекпен өткен өмір» атты өмірбаяндық қолжазба [12], т. б материалдар, музейлер қорынан және экспедициялар кезінде түсірілген кейбір фотосуреттер пайдаланылды. Сонымен бірге, академик Ә. Х. Марғұлан монографиялары, соңғы жылдары шыққан Шығармалар жинағының I-IV томдары, және басқа да ғалымдармен бірлесе жазылған ірі ғылыми еңбектері пайдаланылды [7, 21 б. ] .

Қазақстандағы этнография, этномәдениет мәселелеріне арналған отандық зерттеушілер Х. А. Арғынбаев, Е. А. Масанов, М. С. Мұқанов, Р. Д. Ходжаева, В. В. Востров, И. В. Захарова, Т. Қ. Бәсенов, Ө. Жәнібеков, С. Е. Әжіғали, Ш. Ж. Тоқтабаева, А. С. Сейдімбеков, А. У. Тоқтабай, С. Қасиманов еңбектеріндегі көтеріліп отырған тақырыпқа байланысты пікірлері басшылыққа алынды.

Сонымен қатар «Ә. Марғұлан туралы естеліктер», «Ғұлама» атты Марғұлан туралы естеліктер, мақалалар мен очерктер жинағы, «Тағылым: Археолог Ә. Марғұланмен кездесу» атты А. Мұсатайұлының естеліктер кітабы т. б. еңбектер пайдаланылды. Сол сияқты халықаралық, республикалық, облыс көлемінде өткізілген ғылыми-практикалық конференциялар, «Марғұлан оқулары» 1-2 томдық материалдары қолданылды. Еңбекті жазу барысында мерзімді баспасөз беттерінен және республикадағы мәдениет құрылысы тарихы жайындағы құжаттық жинақтардан, Қазақстандағы мәдени құрылыс мәселелерін зерттеуші жекелеген ғалымдардың зерттеулерінен тиісті материалдар алынды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

- Қазақстандағы Ә. Х. Марғұлан атындағы археология мұражайының тарихы алғаш рет зерттеу нысанына алынды;

- академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми мұрасының музей ісіндегі алатын орнын сипаттауға арналған алғашқы зерттеу еңбек болуы;

- Археология мұражайының республика музейлері экспозицияларынан көрініс табуы алғаш рет ғылыми-практикалық жағынан көрсетілді;

- Ә. Марғұлан атындағы Археология институты музейі экспозициялары және қорларындағы экспонаттар алғаш рет жүйеленді.

Зерттеу жұмысының әдістері мен теориялық-методологиялық негізі. Зерттеу жұмысында сипаттау, тарихи-салыстырмалы талдау жасау, деректанулық талдау, жинақтау, жүйелеу, т. б. ғылыми-практикалық әдістер қолданылды. Зерттеу жұмысы ғалымның ғылыми зерттеулерінің құндылығын ашып көрсетуде, көтерілген басқа да мәселелердің сәтті шешімін табуында қазақ тарихы мен этнографиясының көрнекті өкілдерінің ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ археология мұражайының тарихына байланысты зерттеулер, теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылып, қажетті тұстарда кеңінен пайдаланылды. Сонымен бірге диссертацияны жазу барысында, музей қорларына байланысты жаңа ұстанымдар және жеке мұражайдағы экспонаттар тарихына қатысты материалдарды пайдалану ескерілді.

Зерттеу жұмысының практикалық мыңызы. Зерттеу жұмысы нәтижелері Қазақстанның тарихында елеулі із қалдырған Ә. Х. Марғұлан атындағы археология мұражайының тарихы мен даму кезеңдерін талдауда, оқулықтар жазғанда, республика жоғары оқу орындарының қазақ бөлімі оқытушылары мен студенттеріне «Жалпы музейтану», «Мұражайтану ісі және ескерткіштерді қорғау», «Мәдениеттану» курстары бойынша мемлекеттік тілде жүргізілетін дәрістік және практикалық сабақтарда қосымша оқу құрал ретінде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысындағы айналымға түсіп отырған тың деректерді халқымыздың мәдени даму тарихын, мәдениетін зерттеушілер пайдалана алады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- академик Ә. Х. Марғұланның өмір жолы және ғылыми еңбектері- ұлтымыздың болашағы, қазақтың жас ұрпағын ұлттық рухта, отаншылдық сезімде тәрбиелеудің басты құралы;

- ғалымның ғылыми мұраларын археология мұражайына, еліміздің музейлеріндегі экспозицияларындағы алатын орны зерттеудің рөлі мен маңыздылығы;

- Археология мұражайының тарихын және академик Марғұланның еңбектерінің Қазақстан мұражай ісінің дамуындағы өзіндік үлесі;

- Ә. Х. Марғұланның ғылыми мұрасының бүгінгі таңда музейлердің жастарды өткен замандар мен қазіргі кезеңнің мәдени құндылықтарына назар аударуға, солардың рухани әлемін зерттеп, түсіндірудегі ықпалы;

- академик Ә. Х. Марғұланның археологиялық, жазба, тарихи-этнография-лық, мұрағаттық, музей қорларынан жинаған деректерін шендестіре отырып зерттелген әрбір мұрасын- бүгінгі тарихи-мәдени мұра мәселелерін толық зерттеп, зерделеуге қосқан үлесі.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының мәжілісінде талқылынып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі нәтижелері «Қазақ тарихы» мен «Мектептегі өнер» журналдарында жарияланды.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, үш тараушадан, қорытындыдын және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 Ә. Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ МЕН МҰРАЖАЙ ІСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

  1. Академик Ә. Х. Марғұланның өмірі мен қызметі

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 11 мамыр күні 1904 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Ол - әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы. 1933 жылы Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі болып қызмет атқарса, 1945 жылы филология ғылымының докторы, 1958 жылы Қазақстан ғылым академиясының академигі, ал 1961 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атақтарына ие болды. Әрине бұл ғылыми қызметтердің барлығы да дерлік ғалымның ізденіс жолындағы алған жетістігі деп білеміз. Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.

Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.

1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:

«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады [13] .

М. Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды.

Әлкей Хақанұлы бар ықылас-ынтасымен тарихтың, философия мен өнердің объективті заңын білуге талпынады. Осы мақсатпен ол Ленинград Мемлекеттік Университетінің тарих-филология факультеті мен Өнер институтының арнаулы лекциялары мен сабақтарына қатынасады. Сөйтіп Әлкей жоғары мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ білім қорын молайтып, нағыз ойлы зерттеуші, болашақ педагог екенін танытады.

Әлкей Марғұланның жиырмасыншы жылдары Қызылжар қаласындағы педагогикалық техникумда әдебиет пәнінен сабақ бергенін жазушы Ж. Бектұров «Ғұлама» атты мақаласында былай еске алады: «Еліміздің ірі ғалымдарының сүбелі архивтеріне сүңгіген, көне мұраларды шүйгіген, бірқатар беделді оқу орындарында, оның ішінде Қызылжар қаласындағы өз тұсының алдыңғы қатарлы педагогика техникумында сабақ та беріп үлгерген адам-ды. Осы техникумда жиырмасыншы жылдардың орта кезінде Ә. Марғұлан оқыған дәрістің сол күндергі бірер конспектісіне соңғы кезде қайтыс болған оқымысты-жазушы С. Талжановтың қолынан кезінде көз жүгіртіп, Әлкеңнің жас шағында-ақ өте білімді ұстаз болғанына көзіміз жетіп еді» [13, 90-91 бб. ] .

1930 жылы Қазақстан мектептерінде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламалары комплексті сипатта жүзеге асырыла бастағанда Қазақстан Оқу ағарту Комиссариатының білім кеңесі «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» атты жинақ шығарды. Ондағы қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет» атты бағдарламаны жасаушылардың бірі Әлкей Марғұлан болды [14] .

1930 жылы көктемде Алматыда Бірінші Бүкілқазақстандық өлкетану съезі ұйымдастырылды. Сол съезге қатысқан түрколог-ғалым Н. А. Баскаков өзінің «Ғұлама ғалым» атты естелігінде сол кезде Марғұлан « . . . жаңа ғана ұйымдасқан Қазақтың Мемлекеттік университетінде қызмет істеп жүрді» дейді [13, 9 б. ] Ал сол жылдың күзінде оның Орта Азия Мемлекеттік университетінде қызмет істегені туралы академик Ш. Шокин былай еске алады: «Отызыншы жылдың күзінде мен оқу іздеп Ташкенге бардым . . . Әлекең сол кезде Орта Азия Мемлекеттік университетінде жұмыс істейтін» [13, 38 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Әлкей Марғұлан
Әлкей Марғұлан
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Әлкей Марғұлан өмірбаяны
Әлкей Марғұланның педагогикалық қызметтері
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Маңдайы жарқыраған марғасқа Әлкей Марғұлан
Этнология ғылымының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz