Банктің несиелік операциялары



Кіріспе 3

І бөлім. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 4
1.1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы 4
1.2. Несиелеудің негізгі қағидалары 9
1.3. Несиенің нысандары мен түрлері 11

ІІ бөлім. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕРІ 18

ІІІ бөлім. НЕСИЕЛЕУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС 20
3.1 Несие беру және оған мониторинг жүргізу 20
3.2. Несиені классификациялау және проблемді несиелермен жұмыс жүргізу 24
3.3. Елдің экономикасының жағдайының өзгеруіне байланысты, несиенің маңызының өзгеруі 29

Қорытынды 31
Әдебиеттер тізімі 32
Жалпы бұл тақырыпты таңдауға бүгінгі күні қоғамда, нарықтық экономикада банк қызметінің ролі өте күрделі, әрі жоғары болып табылатындығы негіз болды. Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға орнығып келе жатқан тұста банк және банктік қызмет, экономиканы қалыптастырудың басты іргетасы болып саналады. Бүгінгі уақыттарға дейін банк қызметі күрделі құқықтық институт болып есептелді. Ал қазіргі кезде жағдай өзгерді. Нарықтық экономиканың нығаюы, банк қызметінің дамуы, мемлекеттің қаржы-несие жүйесінің тұрақтануы бұл саланың маңызын арттыра түсуде. Қоғамдық қатынастармен терең ұштасқан сайын, бұл саланы тек экономистер мен заңгерлер ғана емес, әрбір кәсіпорындардың менеджерлері, салық органдарының қызметкерлері, басқа да қызмет саласындағы мамандардың меңгеруіне тура келді.
Банк қызметінің тәжірибелік маңызының артуы бүгінде кәсіпкерлікпен миллиондаған адамдардың айналысып, дамуымен тығыз байланысты. Оның қызметі банктік шоттар ашу, төлемдердің банк арқылы жүруі, белгілі бір несиелер беру, депозиттер қабылдау арқылы көрініс табады. Сондықтан да, жеке және мемлекеттік секторда жұмыс істейтін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар банк жүйесі мен банк қызметінің заңдылығына тәуелді болып келеді. Сондай-ақ қоғам үшін, экономиканың дамуы үшін, банктің несиемен қамтамасыз ету қызметі өзіндік ерекше орынға ие. Өндірістің дамуы, шағын кәсіпкерліктің жандануы, мемлекеттің осы саланы қолдауы барысында банктерге үлкен жүк артылып келеді. Осы мақсаттағы банк қызметтерінің бірі - банктік несиелеу.
Менің курстық жұмысым, осы банктің несиелік операциялары жайлы болып отыр.
1. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев Экономикалық теория. Алматы, 1999, «Қазақ университетің
2. Саниев М.С. Ақша, несие банктер. Алматы, 2001 ж.
3. Тасыбаева А. С. Банкілік құқық. Алматы, 2001 ж.
4. Банки Казахстана внутреннем финансовом рынке. Ред.Р.К.Жоламанов и др. Алматы. 1996.
5. Волынский. Кредит в условиях современного капитализма. Алма-ата. 1992.
6. Геращенко, Ю. П. Савинский. Денежное обращение и кредит ССР. М., 1986.
7. Марченко Г.А., Развития банковского сектора РК. Алматы - 2000
8. Мақыш.С.Б., Ақша айналымы және несие. Алматы -2000 .
9. Мақыш.С.Б., Банк ісі. Алматы -2000 .
10. Мақыш.С.Б., Коммерциялық банктердің операциялары. Алматы -2002
11. Кошенова Б.А. “Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары”. Оқу құралы- Алматы: Экономика, 2000
12. Сейтқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер”. Оқулық-Алматы: Экономика, 2001
13. Лаврушин Банковское дело.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

І бөлім. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 4
1.1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы 4
1.2. несиелеудің негізгі қағидалары 9
1.3. Несиенің нысандары мен түрлері 11

ІІ бөлім. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕРІ 18

ІІІ бөлім. НЕСИЕЛЕУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС 20
3.1 Несие беру және оған мониторинг жүргізу 20
3.2. Несиені классификациялау және проблемді несиелермен
жұмыс жүргізу 24
3.3. Елдің экономикасының жағдайының өзгеруіне байланысты, несиенің
маңызының өзгеруі 29

Қорытынды 31
Әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе

Жалпы бұл тақырыпты таңдауға бүгінгі күні қоғамда, нарықтық экономикада
банк қызметінің ролі өте күрделі, әрі жоғары болып табылатындығы негіз
болды. Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға орнығып келе жатқан тұста банк
және банктік қызмет, экономиканы қалыптастырудың басты іргетасы болып
саналады. Бүгінгі уақыттарға дейін банк қызметі күрделі құқықтық институт
болып есептелді. Ал қазіргі кезде жағдай өзгерді. Нарықтық экономиканың
нығаюы, банк қызметінің дамуы, мемлекеттің қаржы-несие жүйесінің тұрақтануы
бұл саланың маңызын арттыра түсуде. Қоғамдық қатынастармен терең ұштасқан
сайын, бұл саланы тек экономистер мен заңгерлер ғана емес, әрбір
кәсіпорындардың менеджерлері, салық органдарының қызметкерлері, басқа да
қызмет саласындағы мамандардың меңгеруіне тура келді.
Банк қызметінің тәжірибелік маңызының артуы бүгінде кәсіпкерлікпен
миллиондаған адамдардың айналысып, дамуымен тығыз байланысты. Оның қызметі
банктік шоттар ашу, төлемдердің банк арқылы жүруі, белгілі бір несиелер
беру, депозиттер қабылдау арқылы көрініс табады. Сондықтан да, жеке және
мемлекеттік секторда жұмыс істейтін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар банк
жүйесі мен банк қызметінің заңдылығына тәуелді болып келеді. Сондай-ақ
қоғам үшін, экономиканың дамуы үшін, банктің несиемен қамтамасыз ету
қызметі өзіндік ерекше орынға ие. Өндірістің дамуы, шағын кәсіпкерліктің
жандануы, мемлекеттің осы саланы қолдауы барысында банктерге үлкен жүк
артылып келеді. Осы мақсаттағы банк қызметтерінің бірі - банктік несиелеу.
Менің курстық жұмысым, осы банктің несиелік операциялары жайлы болып
отыр.

І бөлім. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек, Оның үстіне, әр
түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түрлі түсіндіріледі
Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме
төленетін процент жөнінде), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді,
нарықтық экономикаға тән қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түседі,
сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді,
оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие
экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай
қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен
несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беруіміз керек.
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған
кезінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан
екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып
және өркенделуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен
ауыспалы айналымы құрайды.
Өндіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді.
Сонымен қатар, осындай ақшаның материалдық нысанға ауысып, одан
қайтадан ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір
шаруашылық-өндіріс кезеңін (циклін) жаңа бастап жатса, екіншісі оның орта
шеңінде жүреді, ал үшіншісі, оны аяқтап, енді өнімдерін сата бастайды.
Әрине, іс жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің, тап осындай шектелуін байқау
қиын. Өйткені, өндіру мен өткізу кезеңдері үздіксіз, күнбе-күн жүріп
жатады. Дегенмең өндірістің осындай кезеңділігінің салдарынан кез келген
шаруашылықта ақшаның құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады. Өйткені,
өндіріс пен айналым кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр түрлі. Оған
себеп, әр шаруашылықтың әртүрлі табиғи жағдайлары, техникалық жабдықтану
деңгейі, шикізаттар мен отын жеткізушілердің, және дайын өнімді
тұтынушылардың, алыс-жақындығы, жұмысшы-қызметкерлердің мамандық дәрежесі
мен өндірісті ұйымдастыру қабілетінің деңгейі т.с.с. Кейде мүлде бірдей
жағдайда істейтін екі кәсіпорнының айналым мерзімі бірдей болмайды.
Өйткені, өндірісті ұйымдастыру оны керекті заттармен қамтамасыз етіп,
шыққан өнімді өткізу деңгейлері оларда мүлде бірдей бола алмайды.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде баска да, айналымды
жеделдететін немесе бәсеңдететін кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
- Шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- Тасымалдау жағдайының қиындылығынан (Мысалы, темір жол вагондарының
болмай қалуы) дайын өнімді өткізудің кідіруі;
- өткізілген өнім үшін немесе, көрсетілген қызмет үшін уақытында
төленбеушілік т.с.с.
Осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын өндіру мен өткізу
процесінің, әр шаруашылықта бір кезде басталып, бір кезде
аяқталмайтындығынан олардың кейбіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал
кейбіреулеріне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін қосымша қаржы керек
болады.
Дәлірек айтқанда уақытша бос ақша, мынандай жағдайлардан шығады:
- Әрбір шаруашылық, жұмысшы-қызметкерлерге еңбек ақыны айына екі рет
(қазіргі жағдайда, көбінесе бір-ақ рет), өткен 15(30) күнге төлейді, ал
жұмысшы-қызметкерлер материалды құндылықты күн сайын жасайды. Сондықтан
соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күніне дейін
шаруашылықта 15(30) күннің ішінде күн сайын өсіп отыратын қаржы резерві
пайда болады;
- Шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап
жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
- Өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде, өндірістің негізгі құрал-
жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар
(амортизация). Сол ақша да күрделі өндеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін
бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады.
Бұл себептер өндіру мен өткізу процесінің ішінен шығады. Сондықтан
олардың шығуы объективтік жағдай және барлық шаруашылық жүргізетін
субъектілерге тән.
Шаруашылыққа қосымша ақшаның (капиталдың) қажеттілігі де әр түрлі
себептермен байланысты, оның ішінде аса күрделілері, өндіріс процесінің
маусымдылығы мен өткізілген өнім үшін түсетін түсімнің түсу мерзімі мен
өндіріске ақша керек мерзімінің сәйкес келмеуі.
Сонымең әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты,
уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін
үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама-
қайшылықтар туып тұрады. Осындай қарама-қайшылықты жөндеу (реттеу) үшін
пайдаланатын бірден-бір экономикалық құрал несие болып табылады. Ол үшін
барлық шаруашылық жүргізетін субъектілердің, бюджеттің, жеке тұлғалардың,
уақытша бос қаржыларын бір жерге, банкідегі есеп шоттарына,
шоғырландырылады, ал банктер осы ақшаларды пайдалануға, уақытша қосымша
қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субъектілерге, жеке тұлғаларға,
және керек болған кезінде, басқа елдердің фирмаларына, қайтарымдық және
ақылық жағдайларға несие береді.
Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналады. Кез
келген қоғам біріншіден босаған ақшаның бостан босқа, пайда түсірмей "өлі
капитал" болып жатқанына құмар емес, екінші жағынан экономиканың ұдайы және
кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.
Осының бәрін қорытындылай келіп, несиені экономикалық санат ретінде
"құнның, қайтарымдылығы мен ақылығы негізінде, қоғамның қажеттерін
қамтамасыз етуге лайықты қозғалысы" - деген жөн. Осындай анықтамада
несиенің құнның ауыспалы айналымнан шығатындығы да, оның кейбір мағыналы
қасиеттері де, әлеуметтік экономикалық жағы да қамтылады.
Несиенің қажеттілігі мен оның мазмұнын сипаттай келіп, оның ақшадан
қандай айырмашылығы бар екенін де айта кету жөн. Өйткені, несиеге ақшалай
қаражат беріледі, сондықтаң осы екі ұғымның бір-біріне ұқсастығы көзге
түседі. Бірақ, олар әр түрлі экономикалық санат және олардың құратын
экономикалық қарым-қатынастары да әр түрлі.
Ақша да, несие де төлемнің мерзімін ұзартуға қатынасады, екеуі де
төлем ретінде. Бірақ, ақша өзінің мазмұнын төлем төлеу әрекетімен және сол
шақта көрсетеді, ал несие өзінің мазмұнын ұзартылған мерзімі өткеннен
кейінгі төлеммен емес, ал сол төлемнің ұзартылу фактісімен көрсетеді.
Ақша мен несиенің тағы бір айырмашылығы, олардың тұтыну құнына
байланысты. Біздің білетініміздей, ақшаның тұтыну құны оның кез келген
басқа өнімге айналу мүмкіншілігінде болса, несиенің тұтыну құны несие
беруші (несиелеу) мен алушының (несие алу) қажеттерін қанағаттандыруда.
Несие құнның ақшалай нысанында да, тауарлы нысанында да беріле алады,
ал ақшалай қатынас тек құнның ақшалай нысанында іске асырылады.
Сөйтіп, ақша мен несиенің бір қарағанда байқалатын ұқсастығына
қарамастан олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Солай бола тұра,
ақша мен несие бірімен-бірі қатар істейді.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономист авторлар оның
сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, "несие" деген сөздің орысшасы,
"кредит", латынның "credere" деген сөзінен шыққан. Оны, егер, орысшаға
аударса "верить" деген сөз, қазақша "сену" болады. Бірақ, мәселені бұл
тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен берілмейді.
Несие алу үшін алдымен оның кезінде қайтарылуын қамтамасыз ететін
кепілдемелер беру керек. Әрине, банктер кейде өзінің өте сенімді, көп
жылдан бері қарым-қатынастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін
клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие кепілдемесі берілуі мүмкін.
Ондай несие "сенім несиесі" деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек
кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатынастың
жетілмеген кезеңінде.
Сондықтан несиелік қатынаста "сенім" деген түсінік тек тапсырылған
құжаттарға сенуге болады деген сөз.

1.2. несиелеудің негізгі қағидалары

Бұрынғы Кеңестік банк жүйесінің жұмысында несиені тиімді пайдалануда
шешуші жағдайлардың бірі, несиенің белгіленген қағидаларын мүлтіксіз
орындау болатын. Басқаша айтқанда, шаруашылықтарды несиелегенде, банктердің
барлық әрекеті сол қағидалардың орындалуына бағытталатын.
Сондай қағидалар-төртеу болатын:
- несиенің жоспарлы-мақсатты түрі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің материалдық құндылықтар мен өндіріс шығындарымен қамтамасыз
етілуі (қамтамасыздығы).
Қазіргі нарықтық экономикада әр банк, тәуелсіз несие саясатын
жүргізетін болғандықтан олардан қандай да болса, қағидаларды орындауды
талап етудің қажеттілігі болмай қалды. Оның үстіне жаңа экономикалық
жағдайда кейбір қағидалар өзінен өзі мағынасын жойды. Мысалы, бұрын
несиенің жоспарлы-мақсатты түріне сәйкес, несие тек жоспардың орындалуына
бағытталған әрекеттерге, тек жоспардың орындалу дәрежесіне сәйкес берілуге
тиіс болатын. Енді, жоспарлау болмағандықтан бұл қағида өзінен өзі
қолданылмай қалды. Қазір әр банк, қандай мақсатқа қанша несие беру керек
екенін қолда бар ресурсқа байланысты, және банктің пайдасын көбейту
мақсатына қарай анықтайды. Осыған байланысты несие берудің жағдайларын әр
банк өзі белгілейді және олар барынша толық, несие алушымен жасалатын
шартта көрсетіледі. Басқаша айтқанда, қазіргі жағдайда банктердің барлық
несиелік саясаты осы шарттың бетіне сияды.
Дегенмен, қазіргі нарық кезінде де, жоғарыда келтірілген несие
қағидаларының кейбіреулерінің елеулі маңызы бар және оларды барлық банктер
несие бергенде басшылыққа алады. Мысалы, банк ешкімге, ешқашан да несие
бермейді, егер оның мезгілінде қайтарылуына сенімі болмаса (несиенің
қайтарымдылығы мен мерзімділігі). Несиенің қамтамасыз етілу қағидасы
бұрынғыдан да қатаң түрде қолданылып жүр. Қазір банктен несие алу үшін
бұрынғыдай, жеткілікті сомада тауарлы-материалдық құндылықтардың барлығын
және оларды өндіріс процесінен өткізгеннен кейін несиені қайтаруға толық
мүмкінділік туатынын дәлелдейтін мәліметтер беру жеткіліксіз. Қазір
банктерге басқа құжаттармен қатар, жоғарғы өтімді кепілзат, болмаса бірінші
сыныпты компаниядан (фирмадан) кепілдік хат тапсыру керек. Оның үстіне
кепілзаттың құны, сұралып отырған несиенің сомасынан әлдеқайда көп болуы
шарт.
Сонымен, қайтарымдылық, мерзімділік және қамтамасыздық несие берудің
негізгі талабы болып келеді. Олар, екі жақтың шартында көрсетіледі.
Сондықтан оларды несиенің негізгі қағидалары деп қабылдау керек. Осыған
байланысты, кейбір беделді экономистердің, соңғы жылдары шыққан
басылымдарында, өңдіріс шығындары кейін өткізілген өнім үшін түсетін
түсімдермен табылды.

1.3. Несиенің нысандары мен түрлері

Несиенің нысандары

а) Қарызға берілдетін құнның түріне қарай несиенің тауарлық, ақшалай
және тауарлы-ақшалай (араласқан) нысандары бар.
Және де несиенің тауарлық нысаны ақшалай нысаннан бұрын пайда болды.
Ол - тауарлы өндірістің пайда бола бастаған кезінде, қолында артық тұтыну
бұйымдары барлар оларды басқаларға қарызға бере бастағанда шықты. Мысалы,
егінші басқа дихандарға, келесі егін жинағанға дейін қарызға тұқым беретін
болған.
Ақша шыққаннан кейің несиенің тауарлық нысанын қолдану бара-бара
азайды.
Қазіргі нарықтық экономикада несиенің тауарлы санаты қайтадан өріс
алды. Кез келген тауар өндіруші, өзінің тауарын сатып алушыға, төлем
мерзімін кейіндетіп, консиганаторлық сатуға беруге құқықты. Сонымен қатар,
банктер, шаруашылықтарды лизингілік қаржыландырғанда, тауарлық несие пайда
болады. Өйткені, жалдауға (арендаға) берілген жабдықтарды, жалдап алушы,
белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып ала алады. Сөйтіп, жабдықты
жалдауға берген күннен бастап, оны сатып алған күнге дейін ол тауарлы несие
болады.
Іс жүзінде тауарлы несиені пайдаланудың зиянды екенін байқауға болады.
Ол капиталдың (ақшаның) айналымын баяулатады, төлем тәртібін әлсіретеді,
несиегер (қарыз беруші), өзінің өндірісін тоқтатпау үшін қосымша қаржыға
мұқтаж болады. Осының бәрі айналымда артық ақшаның пайда болуына апарып
соғады. Соңдықтан, өркениетті экономикада несиенің тауарлы нысанын қолдану
керек емес.
Несиенің ақшалай нысаны. Бұл нысан қазіргі уақытта көп тараған және
экономиканың өсуі мақсатына сәйкес келетін нысан. Ақша, тауар ауыстырудың
жалпыға бірдей баламасы болғандықтан, айналымның және төлемнің әмбебап
қаруы болғандықтан оған қажеттілік, өндіріс көлемінің, өнімді өткізудің,
ауыстырудың, тұтынудың өсуіне сәйкес өседі. Осындай қажеттілік несиенің
ақшалай нысанымен қамтамасыз етіледі. Және де, оны мемлекеттің өзі де,
әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер де, әрбір жеке тұлғалар да, және
мемлекеттің ішінде де, сыртқы экономикалық қарым-қатынастарда да
пайдаланады.
Несиенің тауарлы-ақшалай (араласқан) нысаны. Несиенің бұл нысаны
тауарлық нысанда, ұзартылған мерзімге берілген несиені, ақшамен
қайтарғанда, немесе, ақшалай берілген несиені тауармен қайтарғанда пайда
болады. Мұндай нысан көбінесе мемлекетаралық несиелік қарым-қатынаста
қолданылады: бір мемлекет, екінші мемлекеттен ақшалай алған несиесін
тауармен қайтарғанда. Мұндай ахуал көбінесе экономикасы нашар дамыған
елдермен қарым-қатынаста кездеседі. Өйткені, олардың ақшалай ресурстары
жетпегендіктен алған несиесін шикі зат ресурстарымен, ауыл шаруашылық
өнімдерімен қайтарады, және де дүние жүзілік бағадан әлде-қайда кем
бағамен. Олай істемеген күнде, ол мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін одан да
артық төлем (процент) төлеуге тиісті болады.
б) Несиелік мәміледе, кімнің несиегер (кредитор) болып қатынасқанына
байланысты, несие нысандары: банк несиесі, коммерциялық несие, мемлекеттік,
халықаралық, азаматтық несиелері болып бөлінеді.
Несиенің банктік нысаны. Барлық несие нысандарының ішінде ең көп
тараған нысан. Бұл түсінікті де. Өйткені, біріншіден, банктердің
операцияларының ішінде, несие беру (несиелеу) ең бастысы. Екіншіден,
шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын бір жерге
шоғырландырып, оларды басқаларға несиеге беру, банкіден басқа ешкімнің
қолынан келмейді. Сондықтан, банктердің несиелік қызметтен түсетін табысы,
барлық табыстың 70% - нен асады. Жоғарыда айтылғаннан несиенің банктік
нысанының мынандай ерекшелігін байқауға болады:
- Несие беру үшін банктер, өзінің қаржысы емес, банкке шоғырландырған
шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржылары мен жұмылдырылған
депозиттерді, салымдарды пайдаланады;
- Несие алушы (қарызгер), қарызға алған ақшадан тапқан табысы сол
несиенің өзін және оның өсімін өтеуге жеткілікті болатындай етіп пайдалануы
керек. Сөйтіп, төлемділік, несиенің банкілік нысанының ажырағысыз қасиеті
(атрибуты).
Несиенің коммерциялық нысаны. Несиенің бұл нысанында несие беруші
(несиегер) шаруашылық жүргізуші субъектілер болады. Өткенде, талай рет
айтылғандай, мұндай несиенің негізінде төлемнің мерзімін ұзарту жатыр.
яғни, тауарды сату үшін беріп, ақшасын тауар сатылып болғаннан кейін
алу (консигнация). Болмаса, сатып алушы сатушыға тауардың құнын белгілі
мерзім өткеннен кейін төлеу жөнінде, вексель-борышқорлық міндеттеме береді.
Сондықтан кейде несиенің бұл нысанын вексельдік нысан деп атайды.
Коммерциялық несие, қазіргі нарық кезінде, тауарлық нысанда да,
ақшалай нысанда да кездеседі. Өйткені, қазіргі жағдайда бос ақшасы бар
шаруашылық жүргізуші субъектілер, өз өнімін басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілерге, төлем мерзімін ұзартып берумен қатар, ақшалай несие де бере
алады. Бұл несие ісінде банктің монополиясы болмайтын нарықтық экономикаға
тән қасиет.
Коммерциялық несиенің, ақшалай нысанының өзіне тән ерекшелігі, оны
құрайтын көздер уақытша шаруашылық айналымынан босаған қаржылар, ал осы
несие тауарлық нысанда болса, оған төлем мерзімін ұзарту, тауарды өткізу
процесінің жалғасы болып саналады.
Сейтіп, қарызға айналымнан босаған қаражат емес, сол процесте жүрген
кәдімгі тауар беріледі

Коммерциялық несиенің нысандарының ерекшеліктері мынандай:
Коммерциялық несие Коммерциялық несие ақшалай
тауарлық нысанда нысанда
Несиеге берілетін тауарғаНесиеге берілген құнға
меншіктік сатушыдан сатыпменшіктік несие берушіде
алушыға ауысады қала береді. Несие алушы оны
уақытша пайдалана алады.
Төлем мезгілін ұзартқаны Несиені пайдаланғаны үшін
үшін төлем, тауардың төлем, процент ретінде
құнына кіреді. төленеді

Несиенің мемлекеттік нысаны. Несиенің бұл нысаны жөнінде екі түрлі
біріне-бірі қарама қарсы пікір бар. Кеңес қоғамының тұсында шыққан
экономикалық басымдардың бәрінде де, мемлекет борышкер болып, ал заңды,
немесе жеке тұлғалар, несиегер болып қатынасатын несиелік қарым-қатынас,
несиенің мемлекеттік нысаны деген түсінік болған.
Сонымен қатар, мемлекет, қазіргі нарықтық экономика жағдайында да,
нарықтан қарызға қаржы алады. Тек ол капитал-нарығы емес, бағалы қағаздар
нарығы деп аталады. Және де мемлекет бұл әрекетті бұрынғыдай қаржы-несиелік
мекемелер, Қаржы Министрлігі мен Орталық (ұлттық) банктер арқылы іске
асырады. Ол үшін олар, әр түрлі бағалы қағаздар шығарады, оларды мемлекет
атынан ішкі нарықта таратады, бірақ, негізінде солай болса да, оны
мемлекеттік қарыз деп атамайды.
Қортындылай келіп, несиенің мемлекеттік нысаны мемлекет немесе оның
жергілікті органдары, қарызгер немесе несиегер болып қатынасатын несиелік
қарым-қатынастың жиынтығы деген жөн.
Бұл жерде "қарызгер", "несиегер" деген сөздер тікелей мемлекетпен
байланысты емес. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет тікелей ешкімге несие
бермейді. Ол екінші дәрежелі банктердің атқарымы. Сондықтан бұл сөздер, тек
мемлекеттің және оның жергілікті органдарының несиелік қарым-қатынаста,
сондай дәрежелерде қатынаса алатындарын дәлелдеу үшін келтірілген.
Несиенің халықаралық нысаны. Несиенің бұл нысаны, несиелік мәмлеге
қатынасушының бір жағы шетелдің субъектісі болған кезде пайда болады.
Несиенің бұл нысаны жөнінде келесі тарауда кеңірек айтылады.
Несиенің азаматтық нысаны. Бұл нысан нарықтық экономикаға тән.
Өйткені, нарықтық экономиканың тұсында халық бай мен кедей болып жіктеледі.
Байлар өзінің артық ақшаларын кедейлерге несиеге бере алады. Несие
тауарлық, не ақшалай нысанда беріле алады. Несиенің бұл нысанының бір
ерекшелігі — мұнда сенімділік, дос жарандық көбірек орын алады: несиелік
шарт жасалмауы мүмкін, қайтару мерзімі де жағдайға байланысты белгіленеді,
оны мерзімді өткізіп қайтаруға да болады, қосымша төлемі (процент) де
символдық болуы мүмкін, ал, кей жағдайларда несие қосымша төлемсіз берілуі
мүмкін. Бірақ, мұндай несиеде ешқандай құжат жасалмайды екен деп түсінуге
болмайды. Керек болған жағдайда, барлық қажетті құжаттар жасалады, оларды
нотариус куәландырады, несие беру жағдайлары да қатаң болуы мүмкін. Бәрі де
несие беруші мен оны сұраушының өзара қатынастарына байланысты.
в) Несиенің қандай мақсатқа алынуына байланысты ол, өндірісгік және
тұтынымдық нысандарға бөлінеді.
Несиенің өндірістік нысаны. Өзінің атынан көрінгендей, несиенің
өндірістік нысаны өндірісті ұйымдастыру және оны кеңейту, жаңадан
жабдықтар, жаңа техникалар алу, жетілдірілген технология енгізу сияқты,
өнімнің жалпы көлемін өсіретін және оның сапасын арттыратын шараларға
пайдаланылады.
Нарықтық экономикаға ауысу кезіңде несиенің осы нысаны үлкен өріс
алды. Өйткені, мемлекеттік өндіріс жаппай қысқартылды. Осыған байланысты
жұмыссыздық өріс алды. Осындай жағдайда, әркім өзіне іс ұйымдастыруға
мәжбүр болды, яғни, олар мемлекеттің қолдауымен кіші және орта
табыскерлікпен шұғылданатын болды, ал ол үшін несие керек.
Сонымен қатар, жекешелендірген өндіріс орындары да (фабрикалар,
зауыттар) өзінің бұрынғы қуатын қалпына келтіру үшін оны одан әрі дамыту
үшін несие алуға мәжбүр болды. Өндірістік несие, қарызгерді, алған қарызын
үнемді және тиімді пайдаланып, соның нәтижесінде, несиенің өзін және оның
өсімін төлеуге, оның үстіне, керекті мөлшерде, таза пайда қалатындай табыс
табуға ынталандырады.
Басқаша жағдай тұтыну несиесінде. Бұл несие ешқандай қосымша пайда
әкелмейді. Тарихқа сүйенсек, тұтыну несиесі, оның өндірістік нысанынан
бұрын несиелік қарым-қатынастардың жаңа ғана пайда бола бастаған кезінде
шыққан. Қазіргі жағдайда тұтыну несиесі көбінесе тұрғын үйлер салуға (сатып
алуға), ұзақ уақыт пайдаланылатын бұйымдар сатып алуға, және басқа да,
тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған шараларға пайдалынады.

Несиенің түрлері
Жекелей ұйымдастыру — экономикалық белгілеріне байланысты несиенің
түрлері мынандай:
Шаруашылықтың салаларына байланысты - өндірістік, ауыл шаруашылық,
коммерциялық;
Несиенің объектілеріне байланысты:
а) Шикізаттардың қалдығын жабатын;
б) Негізгі және көмекші материалдардың қалдығын жабатын;
в) Отынның қалдығын жабатын;
г) Ыдыстың қалдығын жабатын;
д) Бітпеген өндіріс өнімінің қалдығын жабатын;
ж) Дайын өнімдердің қалдығын жабатын;
з) Өндірістің мерзімді шығындарын жабатын тағы басқа да несиеге қарсы
қойылатын немесе, оны қамтамасыз ететін құндылықтардың қалдықтарын жабу
үшін берілетін несиелер, болып бөлінеді. Бұл, таза теориялық жағдай. Іс
жүзінде қазіргі нарық жағдайында, несие объектілерін мұндай, егжей-
тегжейлеп белудің қажеті болмай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру және реттеу
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
«Банк ісі» лекциялық курсы
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Пәндер