Инвестициялық қаржылық экономикалық модельдері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Инвестициялық қаржылық экономикалық модельдері

Теңіз шельфін өндірістік игеру және пайдалануға дайындау бойынша инвестициялық жобаның тиімділігін талдау

Теңіз шельфіндегі өнімдік қабаттарды бұрғылау үшін мұнай кенішін өндірістік игеру және дайындау жұмыстарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жобаға салынатын инвестиция көлемі пайдаланатын объектілердің түрлері және мұнай өнеркәсібі комплекісінің негізгі элементтерінің шығындарына байланысты болады. Шельфте мұнай өндірісін дайындау үш тәсілмен жүреді;

Су үсті тәсілі (теңіздің тереңдігі 40 м дейін)

Аралас жүргізілетін тәсіл (теңіз тереңдігі 70 м дейін)

Су асты тәсілі (теңіз тереңдігі 200 м дейін)

Тұрақты платформаларды орналастыру және ұңғымаларды шоғырландыру алаңның аумағына байланысты болады. Шоғырда пайдалану ұңғыларының саны олардың дебиті және бұрғылаудың геологиялық жағдайына байланысты салынатын капиталдың көлемі теңіз шельфін игеру және пайдаланудың тиімділігіне әсер етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Рентабельдікті қамтамасыз ететін өндірілетін өнімнің жылдық көлемін анықтауды және инвестициялық жобаның пайдалылығын барлық деңгейде талдауды ұсынады.

Кесте 1- Мұнай кен орнының техникалық сипаттамасы

Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері:

Теңіз ұңғымаларын

пайдалану тәсілдері

Кенішті дайындау тәсілі: Кенішті дайындау тәсілі
Шельфтіңмөлшерлері:

Шельфтің

мөлшерлері

Теңіз шельф мұнайкешенінің негізгіобьектілері:

Теңіз шельф мұнай

кешенінің негізгі

обьектілері

Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері: Су үсті
Кенішті дайындау тәсілі: Эстакадалық кұрылыс
Шельфтіңмөлшерлері:

Тереңдігі 40 м

дейін

Теңіз шельф мұнайкешенінің негізгіобьектілері:

• Болаттан жасалған айрықша негіздегі кешен құрамындағы бұрғылау алаңы;

• Жағадағы өндіріс

обьетілері;

• Су асты мұнай газ құбырлары;

• Танкерлер;

• Тауарлық

резервуарлар;

• Гидротехникалық

құрылыстар;

• Суға түсу және су

астында жұмыс

жүргізуге арналған техникалық

жабдықтар;

•Вертолет алаңдары;

• Су қорғау, тазартатын

• құрылымдар, т. б

Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері: Толық автономды тұрақты платформа
Кенішті дайындау тәсілі:

Тереңдігі 70 м

дейін

Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері: Аралас
Кенішті дайындау тәсілі:

Жүзбелі бүрғылау

қондырғы-ЖБҚ

Шельфтіңмөлшерлері:

Тереңдігі 80 м

астам

Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері:

Жартылай батырылған жүзбелі бұрғылау

қондырғы-ЖЖБҚ

Кенішті дайындау тәсілі: Терендігі 100 м астам
Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері: Су асты
Кенішті дайындау тәсілі:

Жүзбелі бұрғылау кемелер

-ЖБҚ

Шельфтіңмөлшерлері:

Тереңдігі 200 м

дейін

Теңіз ұңғымаларынпайдалану тәсілдері:

Бұрғылауға, өндіруге, мұнай газды дайындауға, оны

құбырлар жүйесіне немесе танкерге айдау үшін жинауга арналған біріктірілген көп максатта

пайдаланылатын

платформалар

Кенішті дайындау тәсілі:

Су қабаты

тереңдігі 200 м

астам

Нұсқа 6а

Курстық жұмыс мәліметтері

Бұрғылау тәсілі: Бұрғылау тәсілі
Шоғырлық: Шоғырлық
Бұрғылау тәсілі: Дайындау тәсілі
Шоғырлық: Жүзбелі бұрғылау қондырғысы (ЖБҚ)
Бұрғылау тәсілі: Бастапқы инвестиция көлемі
Шоғырлық: 170 млн. долл
Бұрғылау тәсілі: Жолаушылық күрделі қаржылар
Шоғырлық: 80 млн. долл
Бұрғылау тәсілі: Шоғырдағы ұңғы саны
Шоғырлық: 49 ұңғы
Бұрғылау тәсілі: Шоғыр саны
Шоғырлық: 1 шоғыр
Бұрғылау тәсілі: 1 бар мұнай бағасы
Шоғырлық: 42, 39 долл/бар
Бұрғылау тәсілі: Ұңғыны пайдалану коэффициенті
Шоғырлық: 0, 92
Бұрғылау тәсілі: Орта тәуліктік дебит
Шоғырлық: 27, 7 т/тәу
Бұрғылау тәсілі: Персонал саны
Шоғырлық: 52 адам
Бұрғылау тәсілі: Ұңғы тереңдігі
Шоғырлық: 3000 м
Бұрғылау тәсілі: ИЖ ұзрақтылығы
Шоғырлық: 9 жыл
Бұрғылау тәсілі: Пайыз мөлшері
Шоғырлық: 12%

Мұнай өндіру динамикасының пайыздық өзгеруі

9 жыл: 9 жыл
-: -
-: -
-: -
10: 10
15: 15
18: 18
25: 25
20: 20
12: 12

Жүзбелі бұрғылау қондырғысы (ЖБҚ) негізінен тереңдігі 30 - 120 м болатын акваториялардағы мұнай газ кен орындарындағы барлау жұмыстарында қолданады. ЖБҚ тұрқы ролін атқаратын жүзбелі понтоннан, үш немесе одан да көп сырғымалы тірек колонналарынан тұрады. Калонналардың саны 3-5 болғанда олар тұрқының бұрыштарында орналасады, ал тұрқының ұзын жақтарында 6 немесе одан көп калонналар болады. Тұрқыда технологиялық, энергетикалық, көмекші қондырғылар, технологиялық материалдардың қоры, отын, ауыз және технологиялық су, құралжабдықтар, құбырлар, тұрғын және жұмыс орындары, қоймылар және т. б. Бұрғылау нүктесіне қондырғы тасымалданғанда, тіректерін көтеріліп бекітілген күйінде жеткізіледі. Бұрғылау нүктесінде тіректері көтеріп түсіру құрылғысының көмегімен түсіріледі. Осыдан кейін қондырғы арнайы көтергіштермен тірек колонналар бойымен түріне толқын үрмайтын биіктікке көтеріледі.

ЖБҚ - ның конструкциясына және типіне байланысты бірнеше түрі бар. Тұрқы конструкциясына, тірек коллонналарының конструкциясына және санына байланысты бөлінеді. Тіректерінің санын анықтауға бірнеше факторлар әсер етеді: теңіз тереңдігі, гидрометериологиялық жағдайлар, тірек колонналарын топыраққа отырғызу және шығару әдісі, теңіз түбі, көтерілетін тұрқының жалпы салмағы, дайындаудың технологиясымен қиындығы және т. б.

Үлкен тереңдіктерде әр колоннаға толқын тарапынан түсетін жүктеулер өседі. Ұзын колонналарының майысуға қарсы беріктігін арттыру мақсатында, колонналардың қима ауданын ұлғайту қажет. Осыған байланысты 60 метрден астам тереңдіктерде төрт тіректі қондырғылар қолданады, бірақ көбінесе үш тіректілері басым болып келеді. 90 метр тереңдіктен бастап тек үш тіректілер қолданылады. Цилиндірлік тіректер 45 м дейінгі терендікте (65-70 %) және 45-75 м терендікте цилиндірлі және фермалы тіректер, ал 75 м артық тереңдіктерде тек фермалы тіректері бар қондырғылар қолданылады. Фермалық тіректердің конструкциясы тіктөртбұрыш, шаршы және үшбұрыш пішінді болып жобаланады. Тіректердің ең сәттісі қимасы үшбұрышты тірек. Үшбұрышты тірек тұрқының үшбұрыш пішініне сәйкес және салыстырмалы түрде толқын әсеріне ұшырайтын элементтер саны азырақ. Колонналардың түп жақтары башмакпен немесе колонналарды өзара біріктіріп тұратын плитадан тұрады.

Көтергіш құрылғылардың механизмдері механикалық немесе гидравликалық болып келеді. Дүние жүзілік тәжірибеде механикалық механизмдер көп қолданады. Бұл механизмнің конструкциясының қарапайымдығы және басқа да факторларларға байланысты. Механикалық көтеру құрылғысы тіректердің конструкциясына енгізілген тісті доңғалақ механизмінің тұрқысына орнатылған тісті рейкадан тұрады, оның тісті доңғалағы үнемі рейкамен іліністе тұрады. Механизмнің жетегі редукторлы электроқозгалтқыштан немесе гидроқозғалтқыштан іске асырылады. Екі тісті рейкамен іліністе тұратын жүп жетек дөңгелекті қондырғылар бар. Жетек дөңгелектерінің жұп саны ЖБҚ - ның көтеру жүйесінің жүк көтергіштігіне байланысты екіден алтыға дейін болуы мүмкін.

Бұл құрылғылардың ерекшелігі - тұрқыны үздіксіз көтеру және ЖБҚ - ны көтеру үрдісі кезіне үзілістер болмайды. Тіректерді көтеру және түсіру үрдісі бір уақытта немесе бөлек іске асырылуы мүмкін. Тісті доңғалақ жетегінде редукторлы сенімді дискілі тежегіші және бұру мезанизмі бар, бұл өз кезегінде платформаның 0, 4 - 0, 9 м/мин жылдамдықпен көтерілуін және түсуін қамтамасыз етеді. Платформаларды 0, 46-1, 37 м/мин жылдамдықпен түсіріп, көтеретін қондырғылар да бар.

Гидравликалық көтеруде екі жүйе қолданады: де Лонга және ле Турно. Де Лонга жүйесі негізінен цииндірлік тіректерге қолданылады. Ол тіректе орналасқан шеңберлі ұядан және осы ұяға кіретін гидроцилиндірлі жетекті қазықтан тұрады. Ле Турно жүйесі тіректердің фермалық конструкциясына қолданылады және саңылаулы рейкадан, осы рейдағы саңылауларға кіретін ұстағыштардан тұрады. Теңіз акваторияларында жүргізілген бұрғылау жұмыстарынан алған тәжірибелер жүзбелі бұрғылау қондарғыларының талаптарын анықтады. Негізінен теңіздегі жұмыстың өзіндігіне байланысты талаптар мынадай болып келеді:

ұңғы құрылысы кезіндегі бұрғылау қондырғысының жоғары өнімділігі;

бітірілген ұңғымадан жаңа нүктеге ЖБҚ - ның орын ауыстыруының жылдамдығының жоғарылығы;

алыс діне қысқа арақашықтықтарға орын ауыстырғанда қондырғының жүзгіштігін қамтамасыз ету;

аса қауіпті жұмыстар кезінде өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

автаномдылық, қалыпты бұрғылауды материалдармен және персоналды тиісті тұрғын жағдайларын, азық түліктерін қамтамасыз ету керек;

Дүние жүзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып классификациялық қоғамдар мен ұйымдар бірқатар ережелер мен басқару және нормативтік документтер ұсынады. Бұл ережелер жалпы кемелік және технологиялық жабдықтарды және жүйелерді қолдануды, олардың жұмыстағы қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге үгіттелген. Технологиялық жабдықтардың кешеніні мыналар құрайды:

ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы;

бұрғылау сұйықтығын дайындауға, жіберуге, ауырлатуға, регенерациялауға, сақтауға және оны бұрғыланған жыныстардан тазалауға арналған қондырғылар;

бұрғылау және цемент сұйықтықтарын дайындауға арналған порошок тәрізді материалдарды сақтау және қабылдау қондырғылары;

ұңғыманы шегендегенде цемент сұйықтығын дайындайтын және айдайтын қондырғылар;

ұңғымаға электрометриялық және каротаждық жұмыстар жүргізуге арналған қондырғылар;

суасты саға қондырғылары;

ұңғыманы менгеруге арналған қондырғылар;

көмекші қондырғылар (жүк көтергіш крандар, тельферлер, кіші механизация қондырғылары және т. б. )

теңіз суын ластанудан сақтайтын қондырғылар;

ұңғы құрылысы кезінде технологиялық үрдістерді бақылайтын және басқаратын жүйелер;

Бұрғылау жұмыстарының жауапкершілігіне және қауіптілік дәрежесіне байланысты өндіріс учаскілері ұңғыманың бұрғылау аймағын құрайтын зоналарға бөлінеді: ұңғы сағасы, бұрғылау сұйығының резервуары, бұрғылау сұйығының циркуляция жүйесі, бұрғылау сораптары, виброторша, құм және лай бөлгіштер, дегазатрлар және басқа да механизмдер. Қондырғылар мен механизмдердің класы және зонасына байланысты олардың орналасуына байланысты талаптар қойылады.

Бұрғылау нүктесіне ЖБҚ - ны орнатуға дейін теңіз түбінің топырағына инженерлік іздеу жүргізіледі. Инженерлік барлаудың көлемі мен реті іздеу ұйымдарының программасына және іс әрекеттердің нұсқауларының регламентіне, басқа да жобалық ұйымдардың және бақылау мүшелерінің нормалық - техникалық құжаттарына және методикасына байланысты. Судың тереңдігі, ағыны, айлық және дауылдық судың көтерілуі, қондырғының орнындағы 10-50 және 100 жылдық даул толқындарының шамалары анықталады. Осымен қатар орталығы ЖБҚ центрінде орналасқан ауданы 1 км судың тереңдігін анықтауға арналған майда торлы батиметриялық суреттер алынады. Өлшеу сызықтары бір - бірінен 100 метр арақашықтықта орналасады.

ЖБҚ - ның орналасу аймағын қамтитын гидролокатордың көмегімен түсіру немесе сүңгуірлер көмегімен суасты кедергілерінің бар жоғын анықтау мақсатымен инспекция жүргізу ұсынылады. Кернді тіректердің жоспарлы топыраққа отыру тереңдігінен асатын тереңдіктерден алынады, ал таяз сулы сейсмикалық түсірулер тіректердің отыру тереңдігінен 50 % тереңірек жүргізіледі. Егерде тіректерді отырғызу жерінде құбырлар немесе басқа заттар болуы мүмкін болса, онда металлды анықтауға арналған магнитометриялық бақылау жүргізген жөн. Егер айтылған кедергілер анықталса, онда қондырғының орналасу орны қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түзетіледі. Зерттеу нәтижелері кейін ЖБҚ - ны орнатуға жарамды деген нүктеге якорленген буй орнатылады.

ЖБҚ келгенше орнату нүктесіне якорлар дайындалады, якор комплектісіне якорлық шынжырлар және рейдтті бочкалар кіреді. Буйлармен белгіленген жерлерге дайын комплектімен кранды кемелер келеді, олар ЖБҚ - ны осы аймаққа тән желдердің бағыттарына байланысты орнатылады. Тікұшақты кедергілерге алып кетуден сақтау үшін ЖБҚ - ның диаметрлі жазықтығы жел бағытына 45 градуспен орнатылады. Орнату уақытын азайту үшін ЖБҚ - ны орнату нүктесіне тірек колонналарын толқу кезінде теңіз түбіне тимейтін тереңдікке түсірілген күйінде жеткізіледі. Тірек колонналарын теңіз түбіне түсіру және топыраққа енгізу кезінде өз салмағынан қондырғының шөгуі артады. Теңіз түбінің біртексіздігіне және топырақтың тығыздығына байланысты пайда болатын крен 1-1, 5 0 градустан артпауы қажет. Тіректерді топыраққа енгізу және ЖБҚ - ның суда тұрған кезінде тұрқыға толғындар тарпынан әсер ететін жүктеулер колонналарға беріледі. Тірек колонналарының салмағы топырақпен түгелдей қабылданғаннан кейін және ЖБҚ суда жүзу күйінде болғанда, жоғарыда айтылып кеткен жүктеулерге толқу кезінде қондырғы түбіне толқындар әсер еткендегі тік тербелуден пайда болатын жүктеулер қосылады. Осыған байланысты ЖБҚ орнатудағы бұл кезеңінен мейлінше тез өту қажет.

Қондырғыны түбіне толқындар соққылары тоқтағанша көтереміз. Цилиндрлердегі қысым максималды мәнге жеткеннен кейін көтерілу тоқтатылып, 20-30 минут ұстайды. Егер көтергіштердегі қысым артпаса, тіректерді енгізу тоқтатылды деп саналады. Содан соң көтергіштердің цилиндрлеріндегі қысымдар теңестіріліп, қондырғыны теңіз деңгейінен белгіленген деңгейге көтереді. Деңгейін түзетіп, тоқтату қондырғыларына бекітіледі.

ЖБҚ -ны алар адында оны жаңа бұрғылау нүктесіне тасымалдауға дайындайды. Артық жүктерді түсіріп, қалғандарын бекітіп, порталды жылжытады және бекітеді, теңестіру жүргізеді. Гидрокөтергіштермен тұрқыны сәл көтеріп колонналарды механикалық тежегіштерден босатқаннан кейін қондырғыны түсіре бастайды. Түсіру кезінде крен мен дифферент, колонналардың өзара жітелуін бақылайды, осы көрсеткіштер пайда болғанда түзетулер жүргізіледі. Төменгі жұмыс істемейтін бөліктегі қысымның артуы колонналарға түсетін кернеудің азайғандығын көрсетеді.

ЖБҚ суга түсірілгеннен кейін тірек колонналарды топырақтан шығара бастайды. Шығару кезінде колонналар топырақтан оңай шығады, бірақ кейде жабысып қалу себебінен колонна топырақта мықты ұсталып тұрады, бұл кезде ЖБҚ су астына кіре бастайды. Осы сәтте үлкен крен болуы мүмкін. Осындай жағдайда колонналар жұбымен тұрқы диаганал бойынша шығарылады. Колонналар шығарылған соң ЖБҚ тасымалдау қалпына келтеріліп, механикалық тоқтатқыштармен бекітіледі.

3. 3. 1 Мұнай және газ өнеркәсібіндегі техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау есебі

Орта тәуліктік дебит - бір тәулікте ұңғымадан алынатын мұнай, газ, су және т. б. сұйық көлемі. Орта тәулікті дебитті анықтау үшін бізге берілген жыл сайынғы дебиттің өсу пайызын қолданып, сәйкесінші жылдағы шығымды анықтаймыз.

Бастапқы дебит көлемі: Бастапқы дебит көлемі
27. 7 т/тәу: 27. 7 т/тәу

Жылдық орта дебитті анықтау үшін тәуліктік орта дебитті бір финанстық жыл ішіндегі күн санына, шоғырдағы ұңғыма санына, кен орындағы шоғыр санына және ұңғыларды пайдалану коэффициентіне көбейтсек болғаны.

Кесте 2 - Орта тәуліктік дебит есебі

Жылдар: Жылдар
1: 1
2: 2
3: 3
4: 4
5: 5
6: 6
7: 7
8: 8
9: 9
Жылдар:

Дебиттің

өсу

пайызы, k

1: -
2: -
3: -
4: 10
5: 15
6: 18
7: 25
8: 20
9: 12
Жылдар:

Орта

тәуліктік дебит

1: -
2: -
3: 27. 7
4: 30, 47
5: 35, 0405
6: 41, 34779
7: 51. 6847375
8: 62, 021685
9: 69, 4642872

q - орта тәуліктік дебит

Мұнай-газ кәсіпорнында алғашқы 9 жыл ішіндегі орта тәуліктік дебиттің өзгеру графигі диаграмма 1 -де көрсетілген.

Кесте 3 - Жылдық орта дебит есебі

Жылдар: Жылдар
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q=q*T*Ф*k э *n
Мәні, т/жыл: Мәні, т/жыл
Жылдар: 1
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 1 =0
Мәні, т/жыл: 0
Жылдар: 2
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 2 =0
Мәні, т/жыл: 0
Жылдар: 3
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 3 =27. 7*360*49*0, 92*1
Мәні, т/жыл: 449537, 76
Жылдар: 4
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 4 =30, 47*360*49*0, 92*l
Мәні, т/жыл: 494491. 536
Жылдар: 5
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 5 =35, 0405*360*49*0, 92*1
Мәні, т/жыл: 568665, 2664
Жылдар: 6
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 6 =41, 34779*360*49*0, 92*l
Мәні, т/жыл: 671025, 0144
Жылдар: 7
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 7 =51, 6847375*360*49*0, 92*1
Мәні, т/жыл: 838781, 2679
Жылдар: 8
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q 8 -62, 021685*360*49*0, 92*1
Мәні, т/жыл: 1006537, 522
Жылдар: 9
Q=q*T*Ф*kэ*n: Q-69, 4642872*360*49*0, 92*l
Мәні, т/жыл: 1127322, 024

мұндағы, Q - жылдық орта дебит;

q - орта тәуліктік дебит;

Т - бір финанстық жыл ішіндегі күн саны;

Ф - шоғырдағы ұңғы саны;

k 3 - ұңғыны пайдалану коэффициенті;

n - шоғыр саны.

Кәсіпорын табыстары 4 түрге бөлінеді:

Жиынтық табыс

Жалпы табыс

Ағымдағы табыс

Таза табыс

Кәсіпорынның жиынтық табысы - тауарлық өнімді өткізуден түскен пайдадан, басқа да өткізуден түскен және тыс өткізу операцияларынан түскен табыстан құралады. Жалпы табысты мұнай өндіру көлемінің құны, негізгі іс-әрекеттерінен түскен табыс немесе тауарлық өнімді өткізуден түскен пайда деп атауға болады. Тауарлық өнімді өткізуден түскен пайдасын анықтағанда -өткізілген өнім түсімінен қосылған құнға салынатын салықты, акцизді және өнімнің өзіндік құнын алып тастау керек. Яғни, жалпы тауар өткізуден түскен табыстан материалдық және міндетті төлемдерді шегеру керек.

Басқа да активтерді өткізуден түскен табысы - көсіпорынның негізгі өндірістік қорларды және пайдаланбаған мүліктерді сатудан түскен табысы болып табылады. Тыс өткізу операцияларынан түскен табыс - бағалы қағаздардың дивиденттері, жалдаудан түскен төлемдері мен айыппұлдар, өсімдер және тұрақсыз айыппұлдар қосындысынан құралады.

Кәсіпорынның ағымдағы табысы жалпы жиынтық табыстан бастапқы инвестициялар мен ағымдағы шығындарды шегеріп тастаған көрінісі болып табылады. Қалған таза табысы - анықталған ағымдағы табыспен мемлекеттік міндетті төлемдердің айырмасын көрсетеді. Мемлекеттік міндетті төлемдерге қойнау пайдаланушылардың негізгі салықтары: роялти, бонустар, жоғары пайдаға салынатын салықтар, корпоративтік және өнімді бөлу туралы келісім шарттары жатады. Салық жүйесі - салық қызметі органдарын, салық қатынастарын реттейтін, құқықтық нормаларды қамтитын жүйе және салықтар мен баж салықтары түрінде бюджетке түсетін міндетті төлемдердің, сондай-ақ, олардың құрылымы нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: бүкіл территорияға бірыңғай мөлшерлеме бойынша алынатын жалпы мемлекеттік салықтар (қосылған құнға салынатын салық және акциздер, пайдаға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт және импортқа салынатын салық, кеден тарифі, баж салығы және т. б. ) .

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты козі - салықтар

НӘТТ - Негізгі қызметтің нәтижесінде алынатын ақшалай немесе өзге де құндылықтар. НӘТТ мұнайдың жылдық өндіру көлемін өнімнің бірлік көлемінің бағасына көбейткенге тең.

НӘТТ = Мұнай өндіру көлемі, Q*1 тонна мұнай бағасы, Б

Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі, яғни тауардың немесе қызметтердің бір өлшемі үшін төленетін және алынатын ақша мөлшері. Ол өндіріске жұмсалатын шығындар мен түсетін пайданы қамтиды.

1 тонна мұнай бағасын есептеуде алдымен 1 тоннадағы баррель санын анықтау қажет. Себебі:

1 тонна мұнай бағасы, долл/т = 1 баррель бағасы, долл/бар * 1 тоннадағы баррель саны, бар/г

1 тоннадағы баррель санын есептеу үшін біз келесі көрсеткіштерді білуіміз қажет:

m =1000 л/т

р - 0. 833 г/см 3

Баррельдегі литр саны =159л

Кесте 4 - Негізгі іс- әрекеттен түскен табыс есебі

Р/н
Көрсеткіш атауы
Р/н: 1
Көрсеткіш атауы: Мұнай өндіру көлемі, Q
1ж: 0
2ж: 0
3ж:

449537, 76

4ж:

494491, 536

5ж:

568665, 27

6ж:

671025, 0144

7ж:

838781, 2679

8ж:

1006537, 52

9ж:

1127322, 02

Р/н: 2
Көрсеткіш атауы: 1т мұнай бағасы, Б
1ж:
Р/н: 3
Көрсеткіш атауы: НӘТТ
1ж: 0
2ж: 0
3ж:

1438520 83, 2

4ж:

1582372 91, 5

5ж:

1819728 85

6ж:

2147280 04, 6

7ж:

2684100 05, 7

8ж:

3220920 07

9ж:

3607430 48

Қосылған құн - белгілі бір кәсіпорында тауарлар өндіру барысында жасалатын құн өсімі.

Қосылған құн салығы - жанама салықтың, яғни өндіру, сату, сатып алу және түпкілікті пайдалану кезінде өндірушілер төлейтін салықтың бір түрі. Түпкілікті тұтынушы тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ тауарларды өндіру мен өткізудің түрлі сатыларында төлейді. Осы салық салынатын айналымға түсімнің бәрі емес, тек өндіру мен өткізудің осы буынында қосылатын құны ғана кіреді.

Қосылған құн құрамына өтелім (амортизация), үстемелерімен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін пайыз), сонымен қатар пайда кіреді. Тауардың бағасына тауарды түпкілікті тұтынушыға жеткізудің барлық сатыларына төленген салықтың жалпы сомасы кіреді. Салық бюджетке түсетін қаражаттың тұрақты көздері болып табылады, сонымен қатар, өндіріс пен айналыс шығындарын төмендетуге, өткізуді жеделдетуге ынталандырады.

Табыстан 14% мөлшерінде.

НӘТТ ҚҚС-сыз = НӘТТ - НӘТТ * ҚҚС ставкасы

Кесте 5 - Негізгі іс-әрекеттен түскен табыстың ҚҚС-сыз мәні

Р/н
Көрсеткіш атауы
Р/н: 1
Көрсеткіш атауы: НӘТТ
1ж: 0
2ж: 0
3ж:

143852083, 2

4ж:

158237291, 5

5ж:

181972885

6ж:

214728004, 6

7ж:

268410005, 7

8ж:

322092007

9ж:

360743048

Р/н: 2
Көрсеткіш атауы:

ҚҚС

соммасы

1ж: 0
2ж: 0
3ж:

20139291, 65

4ж:

22153221

5ж:

25476203, 93

6ж:

30061920, 64

7ж:

37577400, 8

8ж:

45092881

9ж:

50504026, 68

Р/н: 3
Көрсеткіш атауы:

НӘТТ

ҚҚС-сыз

1ж: 0
2ж: 0
3ж:

1237127 91, 6

4ж:

1360840 71

5ж:

1564966 81, 3

6ж:

1846660 83, 9

7ж:

2308326 05

8ж:

2769991 26

9ж:

3102390 21

Жалпы Жылдық Жиынтық Табыс - НӘТТ мен БӘТТ-тың қосындысына тең. Бірақ біздің жағдайда БӘТТ = 0 болғандықтан,

ЖЖЖТ = НӘТТ + БӘТТ =НӘТТ + 0 =НӘТТ

Кесте 6 - Жалпы жылдық жиынтық табыс есебі

Р/н
Көрсеткіш атауы
Р/н: 1
Көрсеткіш атауы: НӘТТ
1ж: 0
2ж: 0
3ж:

143852083, 2

4ж:

158237291, 5

5ж:

181972885

6ж:

214728004, 6

7ж:

268410005, 7

8ж:

322092007

9ж:

360743048

Р/н: 2
Көрсеткіш атауы: ЖЖЖТ
1ж: 0
2ж: 0
3ж:

143852083, 2

4ж:

158237291, 5

5ж:

181972885

6ж:

214728004, 6

7ж:

268410005, 7

8ж:

322092007

9ж:

360743048

ЖЖКТ ҚКС-сыз = НӘТТ ҚҚС-сыз
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Тәуекелділік туралы
Қаржылық менеджменттің механизмі
Банктік ісінің дамуын болжамдаудың түрлері мен модельдері
2013-2014-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткішінің сипаттамасы
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Несие тәуекелділігі жайлы
Тәуекел және табыстылық
ANGULAR ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПОРТАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz