Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

Кіріспе. . 3

1. Әлеуметтік экономикалық жағдай. . …. 3

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру

және пайдалану саясаты…. . . . . . . . ………. 6

3. Бюджет жүйесін жетілдіру . . . 7

4. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері . . . …. 8

5. Кірістер саясаты. . . . … 9

6. Шығындар саясаты . . . . 10

7. Бюджеттік кредит беру . . . . . ……… . . . 22

8. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар . . . ……. 22

9. Бюджетаралық қатынастар. . . . . . 23

10. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен

борышты басқару. . . . 25

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» және 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына жолдауларын (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Ұлттық қордың тұжырымдамасы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымда № 521 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (1 кезең) (бұдан әрі - Орта мерзімді жоспар), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді.

Осы құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалған.

Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады.

1. Әлеуметтік-экономикалық жағдай

Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007 - 2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамдары Орта мерзімді жоспарда айқындалған.

2003 - 2005 жылдары Қазақстан экономикасы қарыштап өсті. Осы жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдық орташа өсу қарқыны 9, 5 %-ды құрады.

2003 - 2005 жылдары қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақты дамуы елдің ішкі кредит нарығын елеулі түрде жандандыруға және өндірістік сектор мен қызметтер көрсету секторын дамытуға бағытталатын ақшалай қаражаттың мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) халықаралық резервтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (Ұлттық қор) қаражаты 2005 жылдың соңына қарай 15084, 4 млн. АҚШ долларына дейін өсті.

Қазақстан экономикасының дамуы үшін сыртқы факторлар қолайлы болды. 2003 - 2005 жылдары сыртқы сауда айналымының жылдық орташа өсуі 40, 9 %-ды құрады, қазақстандық өнімнің экспорты орта есеппен 42, 6 %-ға, импорт - 38, 5 %-ға артты.

Импорттың жалпы көлеміндегі инвестициялық тауарлар 2005 жылы 8412, 2 млн. АҚШ долларын немесе 48, 5 %-ды құрады (2004 жылы - 5871, 0 млн. АҚШ доллары немесе 45, 9 %) .

2003 - 2005 жылдары республикамызға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 19, 3 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл ретте 2005 жылы республикамызға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 6, 4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі үлес қосты. Үш жыл бойы өнеркәсіп өнімін өндірудің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 8, 0 %-ды құрады, оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібі - 8, 9 %, қайта өңдеу өнеркәсібі - 7, 7 %, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда - 4, 8 %.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жылдық орташа өсуі 2003 - 2005 жылдары 2, 9 %-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында- 1, 1 %, мал шаруашылығында - 5 %.

Қызметтер секторында кәсіпорындар мен ұйымдар 2003 - 2005 жылдары көрсеткен қызметтері орташа 28, 5 %-ға өскен байланыс саласында ең көп өсу қамтамасыз етілді.

Өткен үш жылда көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудың орташа өсу қарқыны 108 %-ды құрады.

Нақты жалақының мөлшері 2003 - 2005 жылдары орта есеппен 11, 2 %-ға ұлғаюы халықтың нақты ақшалай табысының жыл сайын орта есеппен 12, 1 %-ға артуына ықпал етті.

Жұмыссыздардың саны 2003 жылы 672, 1 мың адамнан 2005 жылы 639, 3 мың адамға қысқарды. 2003 жылы 8, 8 %-ды құраған жұмыссыздық деңгейі 2005 жылы экономикалық белсенді халық санының 8, 1%-ына дейін қысқарды.

Соңғы үш жыл бойы инфляцияның орташа деңгейі 6, 4 - 7, 6 % дәлізінде болды.

Тұтастай алғанда инфляциялық процестерді реттеу кешенді инфляцияға қарсы саясатты әзірлеу мен іске асыру жолымен жүргізіледі.

Әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы Қазақстан үшін барынша қолайлы конъюнктурамен сипатталады, бұл шикізат тауарлары экспортының серпініне оң әсерін тигізуде.

Қазақстан экспортының аса маңызды баптарына әлемдік баға деңгейінің жоғары болуы, экспорттық пайданың өсу шарты болып отыр. 2001 жылмен салыстырғанда экспорттың номиналды өсуі 2005 жылы 3, 2 еседен астамды құрады.

Халықаралық валюта қорының деректері бойынша 2005 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4, 8 %-ды құрады. 2006 және 2007 жылдары болжам бойынша ол тиісінше 4, 9 %-ды және 4, 7 %-ды құрайды.

ЖІӨ жылдық нақты өсуі 2007 - 2009 жылдары 8, 8 %-ды құрайды, бұл 2008 жылы 2000 жылға қатысты ЖІӨ-ні еселеу жөніндегі стартегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2009 жылға қарай 8962 АҚШ доллары деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2005 жылдың деңгейінен 2, 4 есеге артық.

Орта мерзімді кезеңде тауарлар өндіру қызметтер көрсетумен салыстырғанда озық қарқынмен өсетін болады. Тауарлар өндіру жылына орта есеппен 10, 3 %-ға, ал қызметтер көрсету 8, 5 %-ға өсетін болды.

Өнеркәсіп өнімін өндірудің өсу қарқыны 2007 - 2009 жылдары орта есеппен 8, 2 %-ды құрайды.

Қызметтер көрсетуде сауда, көлік, байланыс, сондай-ақ кәсіпорындарға көрсетілетін түрлі қызметтер барынша көп үлес алады. 2007 - 2009 жылдары осы салалардың одан әрі өсуі күтілуде. Көлік қызметтері орта есеппен 6, 6 %-ға, ұсынылатын байланыс қызметтерінің көлемі 24, 5 %-ға артады. Сауда саласында қызметтер орта есеппен 9, 1 %-ға өседі.

Жоспарланып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсуі орта есеппен 103 %-ды, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі - 122, 6 %-ды құрайды.

Инвестициялық сұраныстың кеңеюі, бірінші кезекте, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен алынатын инвестицияларды қаржыландырудың ішкі көздерімен байланысты болады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде орта есеппен 118, 7 %-ды құрайды.

Сауда теңгерімінің оң сальдосы 2007 - 2009 жылдары жылына орта есеппен 7 млрд. АҚШ долларын құрайды.

2007 - 2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың өсуінің барлық негізгі факторларын дамытудың қолайлы макроэкономикалық жағдайы жасалатын болады.

1-кесте

Қазақстан Республикасының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы

Көрсеткіштің атауы: Көрсеткіштің атауы
2007: 2007
2008: 2008
2009: 2009
Көрсеткіштің атауы: ЖІӨ, млрд. теңге
2007: 11879, 8
2008: 14036, 6
2009: 16540, 4
Көрсеткіштің атауы: ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылға %-бен
2007: 108, 6
2008: 108, 9
2009: 109
Көрсеткіштің атауы: Тұтыну бағаларының индексі, жылына орта есеппен %-бен
2007: 5-7
2008: 5-7
2009: 5-7
Көрсеткіштің атауы: Тауарлар экспорты, млн. АҚШ доллары (ФОБ)
2007: 32900, 6
2008: 34932, 2
2009: 38580
Көрсеткіштің атауы: Тауарлар импорты, млн. АҚШ доллары (ФОБ)
2007: 25603, 9
2008: 28215, 6
2009: 31242, 2
Көрсеткіштің атауы: Мұнай және газ конденсатын өндіру, млн. тонна
2007: 64, 0
2008: 70, 0
2009: 78, 0
Көрсеткіштің атауы: Мұнайға әлемдік баға (Brent қоспасы), бір баррелі үшін АҚШ доллары
2007: 60, 0
2008: 60, 0
2009: 60, 0

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты

Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне экономиканың тәуелдігін азайту мақсатында 2001 жылы Ұлттық қор құрылды.

Ұлттық қор құрылған сәттен бастап мұнай секторынан түсетін кірістердің шамамен 48 %-ы қорға жіберілді және 2005 жылдың соңында шамамен 8, 1 млрд. АҚШ доллары сомасында активтер жинақталды, бұл ЖІӨ-ге 14, 5 %-ды құрайды.

2007 - 2009 жылдары мұнайға жоғары бағалардың сақталуы жоспарланып отыр. Бір жағынан бұл, экономиканың дамуы үшін тұрақты және жеткілікті қолайлы алғышарттар жасайды. Сонымен бірге, бұл жағдайда экономикаға «инфляциялық қысым» артады. Бағалардың қолайсыз конъюнктурасы кезеңінде мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қолдау үшін макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалардың қолайлы конъюнктурасы кезеңінде қаражат жинақтау және болашақ ұрпақты қамтамасыз ету үшін мұнайға әлемдік бағалардың айтарлықтай өсуі салдарынан алынатын кірістердің бір бөлігін Ұлттық қорда жинақтау жалғасатын болады.

2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жұмыс істеуінің жаңа жүйесі енгізілетін болады.

Республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсімдерін бөлудің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында теңгерімді бюджет әдісі әзірленді, онда мұнай секторының кірістері толығымен Ұлттық қорға жіберіледі, ал республикалық бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен қалыптастырылатын болады.

Теңгерімді бюджет әдісі

Ұлттық қорды қалыптастырудың негізгі көздері мыналар болып табылады:

мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергілiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, роялтилар, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегі үлес, экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтiн басқа да салық түрлерi тиiстi бюджеттерге есептелуге жатады. Бұл ретте, мұнай секторының кәсiпорындарына шикi мұнай мен газ конденсатын өндiрумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады;

республикалық меншiктегі және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.

Ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған республикалық бюджеттің шығыстары экономиканың мұнай емес бөлiгінен республикалық бюджетке аударымдар есебiнен, ал бюджеттiк даму бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт есебiнен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бюджеттiң шығыс бөлiгінiң белгілi бip үлесi, оның iшiнде белгіленген шектеулер шеңберiнде қарыз алу есебiнен жабылуы мүмкiн.

Кепiлдiк берiлген трансферт шегiнде мұнай түсiмдерiн пайдалану салмақты фискалдық саясат жүргізуге мүмкiндiк бередi, өйткенi салық режимiн ырықтандырудан «таза» бюджеттік әсер көрiнетiн болады, бұл әдетте, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін үстеме кiрiстер есебiнен бұрмаланған.

Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімімен бекiтiледi және осы кезең iшiнде өзгерiссіз қалады.

Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі тұтыну мен жинақтар арасындағы оңтайлы үйлесімнің сақталуын, экономиканың шикізат емес секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды, мұнай кірістерінің едәуір бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың сарқылуына жол бермеуді, қор қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіруді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы пайдаланудың қажеттігіне негізделеді.

3. Бюджет жүйесін жетілдіру

Бюджет жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы қабылданды.

Бюджет заңнамасын және тұтастай алғанда, бюджет жүйесін жетілдіру саласында осы заң жобасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. мұнай емес түсімдер есебінен теңгерімді бюджетке қол жеткізуге біртіндеп көшу.

Ұлттық қордың тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жаңа ұғымдар - «шоғырландырылған бюджет» және «мұнай емес тапшылық» енгізіледі.

Шоғырландырылған бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден және оларды Ұлттық қорға аударудан тұрады.

Бюджеттiң мұнай емес тапшылығы Ұлттық қордан түсетін түсiмдерден басқа, бюджет шығыстарын шегергендегі бюджетке түсетін түсiмдердiң сомасына тең;

2) инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге қойылатын талаптарды қатаңдату.

Инвестициялық жобалар (бағдарламалар) егер олар қабылданған мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың және Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары ережелерінің іс-шараларына сәйкес келген жағдайда басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесіне енгізілетін болады. Салалық сараптаманың оң қорытындысының болуы, олардың бекітілген Бағдарламалардың іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі, экономикалық сараптаманың оң қорытындысы бар техника-экономикалық негiздемесiнің болуы жоғарыда аталған тізбеге енгізудің міндетті шарты болады;

3) бюджет процесіне барлық қатысушылардың бюджет заңнамасының талаптарын сақтауы.

Жоғарыда аталған Заңды іске асыру үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

4. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері

Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, экономиканың шикiзат емес салаларын әртараптандыруды және дамытуды ынталандыру, салық жүктемесiн ұлғайтпай мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдердi барынша ұлғайту, мемлекеттік шығыстардың ұстамды фискалдық саясатын жүргізу, бюджетаралық қатынастарды және мемлекеттік борышты басқаруды жетiлдiру болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде осы мақсатқа қол жеткізуге мынадай негізгі міндеттерді шешу ықпал ететін болады:

бюджет заңнамасы, бюджетті жоспарлау және атқару рәсімдерін жетілдіру;

мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру;

бюджеттің мұнай емес тапшылығын қысқарту;

стратегиялық, орта мерзімді, жылдық бағдарламаларды және даму жоспарларын республикалық бюджетпен үйлестіру;

жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;

көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;

жүргізіліп отырған жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және мемлекеттiк борыштың оңтайлы өлшемдерiн айқындау;

үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту.

5. Кірістер саясаты

Қазақстан Республикасының алдында тұрған басым міндеттердің бірі экономиканың шикізат емес салаларында бәскеге қабілетті өнім өндіруге қабілетті экономиканы дамытудың жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет жүргізіп отырған экономикалық саясат индустриялық дамуды, экономиканы әртараптандыруды, оның өсу көзін шикізат емес секторға ауыстыруды ынталандыруға бағытталған.

Соңғы бірнеше жылдар бойы экономикаға салық жүктемесін азайту және бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өндірістердің дамуын ынталандыратын нормаларды енгізу арқылы салық заңнамасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді.

Мәселен, салық жүктемесін азайту, жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың жаңа салаларын әртараптандыруды ынталандыру және дамыту мақсатында 2007 - 2009 жылдары салық саясатының негізгі бағыттары:

әлеуметтік салық пен қосылған құн салығының ставкаларын азайту, бұл өндірістің одан әрі дамуына және кеңеюіне бағытталған;

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында халықтың әл-ауқатының өсуі кезінде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп қайта бөлу мүмкіндігін қарастыру;

жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігін қарастыру;

салықтық әкімшілендіру бөлігінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, одан әрі заңнаманы жетілдіру болады деп күтілуде.

Бюджеттің 2007 - 2009 жылдарға арналған кірістері Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қор тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуі және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған салық саясатының негізгі бағыттары негізінде айқындалды.

Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес мұнай түсімдерін Ұлттық қорға аудару болжамы 2007 жылы ЖІӨ-ге 6, 4 %-ды, 2008 жылы ЖІӨ-ге 5, 8 %-ды, 2009 жылы ЖІӨ-ге 5, 5 %-ды құрайды.

Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнай емес түсімдердің 2007 - 2009 жылдарға арналған болжамы 2-кестеде келтірілген.

2-кесте

Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнай емес кірістердің

2007 - 2009 жылдарға арналған болжамы

ЖІӨ-ге пайызбен

Атауы: Атауы
2007 жыл: 2007 жыл
2008 жыл: 2008 жыл
2009 жыл: 2009 жыл
Атауы: Мұнайға қатысты емес кірістер
2007 жыл: 18, 2
2008 жыл: 17, 4
2009 жыл: 16, 6
Атауы: салықтық түсімдер
2007 жыл: 17, 2
2008 жыл: 16, 5
2009 жыл: 16, 1
Атауы: салықтық емес түсімдер
2007 жыл: 0, 39
2008 жыл: 0, 34
2009 жыл: 0, 30
Атауы:

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер

2007 жыл: 0, 61
2008 жыл: 0, 53
2009 жыл: 0, 20

Салықтық түсімдердің 2007 жылы ЖІӨ-ге 17, 2 %-дан 2009 жылы ЖІӨ-ге 16, 1 %-ға дейін төмендеуі жыл сайын қосылған құн салғы ставкасының 1%-ға дейін төмендеуімен (14 %-дан 12 %-ға дейін) және 2008 жылдан бастап әлеуметтік салық ставкаларының орта есеппен 30 %-ға төмендеуімен түсіндіріледі.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2008 жылы ЖІӨ-ге 0, 61 %-дан 2009 жылы ЖІӨ-ге 0, 20 %-ға дейін төмендейді, осыған байланысты 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде азаматтарға пәтер сатудан түсетін қаражат түсімдері көзделмейді.

Мұнай емес сектордың мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдері өсуінің орташа қарқыны 2007 - 2009 жылдары 112, 8 % деңгейінде болады деп күтілуде.

6. Шығындар саясаты

Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығындар саясаты:

мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу қарқынымен түзетілетін болғанда;

мұнай емес тапшылықтың төмендеуіне қол жеткізілгенде шектеуші бюджет саясатын жүргізу жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2007 - 2009 жылдары мыналар басым бағыттар болып табылады:

денсаулық сақтау мен бiлiм берудi дамыту;

әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдету;

индустриялық-инновациялық даму;

аграрлық-индустриялық саясатты іске асыру;

тұрғын үй саясатын iске асыру;

қоршаған орта сапасын тұрақтандыру;

көлік-коммуникация кешенін дамыту;

шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;

Астана қаласын дамыту.

Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын, денсаулық сақтау үшін мемлекет пен адам арасындағы ортақ жауапкершілікті жоғарылатуға, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты және аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрілік көмекке қол жетiмділігін арттыру жолымен халық денсаулығын жақсартуға, еркiн медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға бағытталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамыту бағдарламасы) іске асыру шеңберінде 2007 - 2009 жылдары алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын қамтамасыз ету және ана мен бала денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғасатын болады.

Бұдан басқа, Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамыту бағдарламасының мынадай іс-шараларын іске асыруды жеделдету жөніндегі шаралар қабылданатын болады: балалар және бала босандыру ұйымдарының жарақтандырылуын медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгi нормативiне дейiн жеткiзу, санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларды кезең-кезеңімен жаңартуды жүргізу, АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТҚ-мен ауыратындар «АҚТҚ-инфекциялары мен ЖҚТҚ кезінде диагностика, емдеу және медициналық көмек ұсынудың мерзімді хаттамаларын (стандарттарын) енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 150 бұйрығына сәйкес ретровирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін:

Астанада осы заманғы медицина ғылымының, практикалық денсаулық сақтаудың жетістіктерін біріктіретін орталықтардың базасында медициналық қызметтердің осы заманғы, инновациялық және серпінді кластері, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі беделді университет құрылатын болады;

медицина қызметкерлеріне еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай еңбекақы төлеуге оның сапасын, көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жаңа ұстанымдар жүзеге асырылатын болады.

«Салауатты өмiр салты» кешендi бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.

Заңнамалық кесімдерді жүйелендіру және саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында 2007 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс әзірленетін болады.

Білім беру саласындағы бюджет саясаты әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және экономиканың индустриялық-инновациялық даму қажеттіліктеріне сай келетін білім беру тиімділігінің жоғары жүйесін қалыптастыруға бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.

2007 - 2009 жылдары барлық деңгейдегі Білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу жалғасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жайлы
Валюталық қорларды қалыптастырудағы валюталық жүйе мен операциялардың маңызы мен олардың құрамы
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры жайлы
Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар үлесі
Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz