Көмекші етістіктердің грамматикалық әлеуеті


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФAРAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қызметтік пайдалануға арналған

«Қорғауға жіберілді»

қазақ тіл білімі кафедрасының

меңгерушісі, доцент С. Ш. Ақымбек

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ»

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша

Oрындaғaн 4-курc cтудeнті А. Е. Ерлан

Ғылыми жeтeкші

ф. ғ. к., доцент Л. Т. Әлімтaевa

Нoрмa бaқылaушы

ф. ғ. к., дoцeнт Ә. Ж. Әмірoв

Алматы, 2015

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Көмекші етістіктердің грамматикалық әлеуеті

Жұмыстың көлемі: 75 бет

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

Кілт сөздер: көмекші етістік, қимылдың өту сипаты, көмекші етістіктің түрлері

Пайдаланылған әдіс-тәсілдер : жинақтау, жүйелеу, баяндау, салыстыру, қорыту.

РЕФЕРАТ

Тема работы:

Объем работы: 75 страницы

Цель и задачи работы

Ключевые слова:

Методы и способы иследования: суммирование, систематизировать, докладывать, сравнивать, подводить итог.

ABSTRACT

Theme of work:

Volume of work: 75 villages

Purpose and objectives:

Key words:

Methods and ways of research: summation, systematizes, report, compare, summarize.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТЫ . . . 6

1. 1 Көмекші етістіктердің зерттелуі мен топтастырылуы . . . 6

1. 2 Күрделі етістіктердің сипаты: күрделі етістік, құранды етістік, аналитикалық етістік . . . 14

1. 3 Шақ және рай категорияларының берілуіндегі көмекші етістіктердің рөлі . . . 18

2 КӨМЕКШІ ЕТІСТІК ЖӘНЕ ЕТІСТІКТЕРГЕ ТӘН АСПЕКТ ……… . . . 24

2. 1 Қимылдың өту сипаты категриясы . . . 24

2. 2Қимылдың өту сипаты категориясының формалары, жасалуы, көмекші етістіктердің қатысуы . . . 33

2. 3 Көмекші етістіктердің мағыналарға ие болу процестері . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75

1. 3 Көмекші етістіктердің жұмсалу аспектісі, аффикстермен функционалдық-құрылымдық байланысы

Тілімізде көмекші етістіктердің жұмсалу аспектісі әр түрлі. Дербес лексикалық мағынаны, кейде жартылай не таза көмекші мағынаны иеленіп, "көмекші" деп аталғандықтан, бұл етістіктер жетекші қызметтегі негізгі етістікпен бірге жұмсалады. Көмекші етістікпен қатар жұмсалатын жетекші етістік үнемі тек бір ғана сөз табынан немесе үнемі тек бір ғана тұлғадан болмайды. Ол есім сөз түрінде де (зат есім, сын есім, еліктеуіш сөз), есімше етістік немесе көсемше етістік тұлғасында да келе береді. Т. Сайрамбаев кемінде бір сыңарының лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайтын бұндай сөздердің тобын "түйдекті тіркес" деп қарайды да, ғалым "түйдекті тіркестің" бірнеше топтарын атап көрсетеді [18, 36] .

Көмекші етістіктер тіліміздегі тұрақты тіркестердің де бөлшектенбейтін бір бөлігі ретінде қолданыла береді. Мысалы, түлкі бұлаңға салу, шаңына ілесе алмау, сөзінің соңын жеп қою, адам айтып болмас, шыбын жаны шыға жаздау, жүрек жалғап алу т. б. Г. Смағұлова әр тарапты сөздерден жасалған фрезеологизмдер қатарында болымсыздықты білдіретін "емес" көмекші етістігімен жасалған фразеологизмдерге төмендегідей мысалдар келтіреді: қол емес (лайықсыз), бұйым емес (сөз емес, түк емес), қара-жаяу емес (хабары бар), кет әрі емес (қарсы емес), бір емес, екі емес (қайта- қайта), басы екеу емес (қатерге басын тікпеу) [19, 32] .

А. Ысқақов көмекші етістіктер күрделі етістіктердің құранды, құрама және тұрақты етістік деп аталатын түрлерінде және аналитикалық етістіктерде жұмсалуы жөнінде айтқан [1, 236-240] . Белгілі ғалым " Бол, ет, қыл етістіктерінің көмекшілік қызметінде" үшеуінің мағынасында, түрленуінде, функцияларында ортақ сипаттар да, өзгешеліктер де бар екенін сөз еткен.

«Бол етістігі өзінше бір басқалау да, ет, қыл көмекшілері өзара бірыңғайлау. Дегенмен, бұлардың қай-қайсысы болсын есімдермен тіркесе қойып, құранды етістік жасауға аса бейім тұрады және сондай тіркесте жиі өте жиі ұшырайды" [ 1, 265] . Бұлардың көмегімен есімдерден құранды етістіктер жасалғанына және лексикаланған, идиомаланған тұрақты етістіктер қалыптасқанына көп көңіл бөлген [1, 267] .

Ғалым Ж. Масалиева мынандай деректер келтіреді: "Қазіргі зерттеулер ертеде тілдің даму сатысында "есім" сөз табы ғана қалыптасқан, кейін есімнен басқа сөз таптары тараған дейді. Сондықтан кей етістіктер мен есім сөздер функция жағынан онша ерекшелене қоймаған. Кейінірек, тілдің даму кезеңінде олар қызметі жағынан бір-бірінен ажырап, етістіктер етістіктің, есімдер есім сөздердің грамматикалық формаларын қабылдайтын дәрежеге жеткен. Етістіктің зат есіммен бірігіп, күрделі үғымды білдіру қасиеті тек бол, ет, қыл, жаса және е етістік формаларында ғана сақталған [20, 29] . Зерттеуші е-етістік формалары есім сөздерге тіркескенде күрделі құрама етістік жасап, мына қасиеттерге ие болатыны жөнінде айтады:

а) өзі тіркескен есім сөзге етістік нышанын беріп, күрделі баяндауыш қызметінде қолданылады;

ә) есім сөздермен тіркескенде шақтық мағынаны білдірмейді.

8. Жетекші етістіктерге тіркесіп, аналитикалық форма құрамында қызмет атқарады [20, 114] .

Осындай жетекші етістікпен бірге жұмсалған көмекші етістік етістікке тән барлық грамматикалық парадигмаларды қабылдай береді (қабыл алды, қабыл алады, қабыл алса, қабыл алса игі еді, қабыл алғым келеді, қабыл алып жатыр, қабыл алған күні) . Бірінші компонент - есім сөзді екінші компонент етістікке айналдырушы дәнекер есебінде жұмсалады (қабыл ал - қабылда, айғай сал - айғайла, жәрдем ет - жәрдемдес) .

А. Қалыбаева мен Н. Оралбаева көмекші етістіктерді "сөз тұлғасын тандап тіркесетін көмекшілердің бірі" деп біледі. "Бірақ олардың сөз формаларымен байлаулы болуы мағына байланыстылығына, бірлігіне қатысты екенін еске сала кетуге болады" дегенді ескертеді [21, 180] .

Көмекші етістіктерге жақ жалғаулары есімше, көсемше, рай немесе өткен шақ аффикстері арқылы жалғанады. Мысалы, ал- атын, ал-ған-мын, ал-ар-сың, ал-мақ-пыз, ал-а-сыз, ал-ып-сыңдар, ал-ып-ты, ал-а-ды, ал-са-қ игі еді, ал-ғы-м кел-е-ді, ал-ды-ңдар, ал-ды-м. Алайда жақ жалғауларының осылай жалғануы барлық көмекші етістіктерге бірдей тән емес. Отыр, тұр, жүр етістіктері өз түбірлеріне жақ жалғауларын тікелей жалғап, есімдер сияқты өзгереді (отыр-мын, тұр-сың, жүр-сіздер т. т) .

Т. Р. Қордабаев отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін осы шақтық мәні бар ерекше "категория" деп таниды да, төртеуіне ортақ қасиеттерін анықтап береді:

"1. Бұл төртеуінде өз алдына жеке тұрып-ақ етістіктің үш жағына да жіктеле айтыларлық қасиет бар, басқа етістіктерде бұл қасиет жоқ.

  1. Бұлардың түбірлері (жатыр етістігінен басқасы) екі түрлі мағынаны білдіреді:

а) II жақ, келер шақ;

ә) III жақ, осы шақ.

Бұл қасиет басқа етістіктерде жоқ. Олардың түбірлері тек II жақ, келер шақ түрінде ғана айтылады.

  1. Бұлар өз түбірлеріне жақ жалғауларын тікелей жалғап (жатыр-дан басқасы) есімдер сияқты өзгереді. Басқа етістіктерде бұл қасиет жоқ" [22, 84] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Қазақ тіліндегі толымсыз көмекші етістігінің табиғаты
Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz