Саяси ұйымдар және экономикалық ұйымдар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . тарау. Саяси ұйымдар БҰҰ
1.1. БҰҰ . ның бас хатшысы мен жарлығы және БҰҰ . ға мүше мемлекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. БҰҰ . ның органдары мен мекемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ . тарау. Экономикалық ұйымдар.
2.1.Дүние жүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2.Дүние жүзілік банк тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3.Халықаралық еңбек ұйымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Қазіргі кезде дүние жүзі мемлекеттері мен әлем халықтары арасындағы байланыстардың жан-жақты және қарқынды дамуы барысында әр түрлі халыкаралық ұйымдар қызметінің маңызы күннен-күнге арта түсуде.
Халыкаралық ұйымдардың ұзын саны қазір дүние жүзінде жиырма мыңнан асады. Бұлар халықаралық катынастар жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Олар өз кезегінде: мемлекетаралық немесе үкіметаралық және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын үкіметтік емес ұйымдар деп бөлінеді. Біріншісінде — ұйымға мүше болып, мемлекет, оның үкіметі немесе өкілдері қатысады. Ал екіншісінде — оған мүше болып үкіметтік емес немесе ұлттық ұйымдар, кейде жеке тұлғалар енуі де мүмкін. Сонымен қатар іс-әрекетінің ауқымы жағынан да кос топқа жіктеледі. Алғашқысының қызметі жан-жақты саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықты қамтитын болып келсе, соңғысы-арнайы мәселелерге (көлік, байланыс, білім, денсаулық, т.б.) қатысты салалық немесе бір бағыттағы істерді қарастырады.
Халықаралық ұйымдар географиялық аумағы жағынан да екіге бөлінеді: бүкіләлемдік және аймацтың. Біріншісі — атынан белгілі жер шарының түгелдей немесе көптеген мемлекеттерін қамтыса, екіншісі — нақты бір географиялық ауданды ғана біріктіреді. Сол сияқты осы аталмыш тұрақты ұйымдармен қоса уақытша сипаттағылары да болады. Мәселен, халықаралық конференция, симпозиум, кеңес, конгресс жөне басқадай да жиындар өткізу тұрғысында.
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.- М,.-1982 ж.
2 Сәрсенбаев М.А. Международны право.-Алматы, 1996 ж.
3Крылов С.Б. История создания организации Обьединенных Наций.-М.,-1960 г.
4 Шреплер Х.А. Международные организация. Справочник.-М.,-1995 г.
5 Внешняя политика Казакстана. Алматы-Москва,-1995 г.
6 Токаев К.К. Подстягом независимости политике Казакстана. Алматы,-1997 г.
7 Основные сведения об ООН. Нью-Иорк,-1998 г.
8 Справочник. Международные организации системы ООН. М.,-1990 г.
9 Улахович В.Е.. Международные организации. Москва Минск,-2005 г.-400 стр.
10 Морозав Г.И.. Международные организации. М.,-1969 г.
11 ООН и Соаременные международны отношения. М.,-1986 г.
12 Байзаковой К.И.. История международных отношений в новое время. 1640-1918 гг. –Алматы,-2006ж.
13 Қасымжомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы,-2002 ж.
14 Байгісиев М.К. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998 ж.
15 Акмарал Арыстанбекова. Обьединенны Нации и Казакстан. Алматы,-2002 г.
16 Сапиулла Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемаларды. Алматы,-2006 ж.
17 Сапиулла Абдулпаттаев. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы,-2005 ж.
18 Акмарал Арыстанбекова. Казакстан в ООН: история и перспективы. Алматы,-2004 г.
19 А.Х.Арыстанбекова. Миратворческая деятельность ООН. Алматы,-2005 г.
20 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Ред. Аяған Б. Алматы., - 1999 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І - тарау. Саяси ұйымдар БҰҰ
1.1. БҰҰ – ның бас хатшысы мен жарлығы және БҰҰ – ға мүше
мемлекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. БҰҰ – ның органдары мен
мекемелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ – тарау. Экономикалық ұйымдар.
2.1.Дүние жүзілік сауда ұйымы
(ДСҰ) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2.Дүние жүзілік банк
тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
2.3.Халықаралық еңбек
ұйымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .27

Кіріспе
Қазіргі кезде дүние жүзі мемлекеттері мен әлем халықтары арасындағы
байланыстардың жан-жақты және қарқынды дамуы барысында әр түрлі халыкаралық
ұйымдар қызметінің маңызы күннен-күнге арта түсуде.
Халыкаралық ұйымдардың ұзын саны қазір дүние жүзінде жиырма мыңнан асады.
Бұлар халықаралық катынастар жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып
табылады. Олар өз кезегінде: мемлекетаралық немесе үкіметаралық және өз
жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын үкіметтік емес ұйымдар деп бөлінеді.
Біріншісінде — ұйымға мүше болып, мемлекет, оның үкіметі немесе өкілдері
қатысады. Ал екіншісінде — оған мүше болып үкіметтік емес немесе ұлттық
ұйымдар, кейде жеке тұлғалар енуі де мүмкін. Сонымен қатар іс-әрекетінің
ауқымы жағынан да кос топқа жіктеледі. Алғашқысының қызметі жан-жақты
саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықты қамтитын болып келсе,
соңғысы-арнайы мәселелерге (көлік, байланыс, білім, денсаулық, т.б.)
қатысты салалық немесе бір бағыттағы істерді қарастырады.
Халықаралық ұйымдар географиялық аумағы жағынан да екіге бөлінеді:
бүкіләлемдік және аймацтың. Біріншісі — атынан белгілі жер шарының түгелдей
немесе көптеген мемлекеттерін қамтыса, екіншісі — нақты бір географиялық
ауданды ғана біріктіреді. Сол сияқты осы аталмыш тұрақты ұйымдармен қоса
уақытша сипаттағылары да болады. Мәселен, халықаралық конференция,
симпозиум, кеңес, конгресс жөне басқадай да жиындар өткізу тұрғысында.

І - тарау. Саяси ұйымдар БҰҰ
1.1 БҰҰ – ның бас хатшысы мен жарлығы және БҰҰ – ға мүше мемлекеттер
Бірікен Ұлттар Ұйымы –дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым
көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты.
Мақсаты –халықаралықбейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер
арасындағы ынтымақтастықты дамыту. БҰҰ қызметінің негізгі принциптерін 1939-
45 ж. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған
мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания сыртқы істер
министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет
басшылары қатысқан Тегеран конференциясында (1943) берік те әділетті
бейбітшілік орнату үшін демократиялық күштерді біріктіруге негізделген жаңа
қалықаралық ұйым құру мәселесі қозғалды. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944
ж. тамыз-қазан айларында өткен Думбартон-Окс конференциясында (АҚШ)
жасалды. Қырым конференциясында (1945) Думбартон-Окс жобасы бірауыздан
мақылданып, сондай-ақ, Сан-Франциско конференциясында (1945,26 маусым) БҰҰ
Жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода
өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның құрылтайшы мүшелері ретінде 50
мемлекет (сондай-ақ Польша) қатысқан болатын. Жарғының күшіне енген сәті -
1945 жылғы 26 қазан жыл сайын “Бірікен Ұлттар Ұйымының күні” деп аталып
өтеді. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен
қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына
жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты
жүйелеу және оның прогриссивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі.
Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі
кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ)
орналасқан. Женевада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда
бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі
ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.
Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының
өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жрғысы шегінде кез келген іс пен мәселені
талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді. Қауіпсіздік
Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның
бюджетін қарап, бекітеді.
БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның
ерекшелігі –Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде
бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады: егер олардың біреуі ұсынылған жобаға
қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды. Құрамына 54 мемлекет кіретін
Экономикалық және әлеуметтік кенеске экономикалық, әлеуметтік, мәдениет,
білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық мәселелер бойынша
зеттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ
мүшелеріне. БҰҰ-ның мамандырылған мемлекеттеріне мүдделі ұсыныстар жасап,
тапсыру уәкілеттігін берілген.
Қамқорлық жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері –қамқорлыққа алынған
территория тұрғындарының саяси, экономикалық және әлеуметтік процесіне оның
білім беру саласында ілгеруіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәелсіздікке
жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жрғысы, 76-бап) болып
табылады.
Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешетін,
сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандарылған мекемелерінің құқық
мәселелерінің бойынша ұсыныстық ұлғарым шығаратын ең басты халықарылық ұйым
болып саналады. Хатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған
Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге
тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды.
БҰҰ құрамында әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сла бойынша
мамандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы, Халықарылық еңбек ұйымы, Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі,
т.б.), сондай-ақ, арнаулы комиссиялар (Халықарылық құқық комиссиясы,
Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссия) бар.
Қазақстан БҰҰ-на және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше
болды [2].
Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы
БҰҰ-ның негізгі құжаты. 1945 ж. 26 маусымда Сан-Францискода (АҚШ) өткен
халықаралық ұйымды құру жөніндегі қорытынды коференцияда қол қойылып, 1945
ж. 24 қазанда күшене енді. Кіріспеден және 19 тараудан тұрады. БҰҰ-ның
Жарғысында бірінші кезекті мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу
немесе бітін қайтару, агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзады басқа да
әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеліністерді
реттеу екендігі жарияланған. Бүгінгі тағда халықаралық құқықтың аса маңызы
құжаттарының бірі болып отырған бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт өмір
сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің
қзара теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастықтық пен өзге
мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген. Жарғыда
жазылғандай, БҰҰ-ның негізгі мақсаты “адам құқығын және баршаға ортақ
бостандықтарды нәсілі, жынысы, тіл мен дініне бөлместен құрметтеу” рухында
халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бұл құжатта Жарғы міндеттерін
мойындаған, оларды орындауға ниет білдірген барлық бейбітшілік сүйгіш
мемлекеттер БҰҰ-ға мүше бола алатындығы көрсетілген (4-бап). БҰҰ
мүшелерінің қалаған уақытта ұйымнан шығуға хақысы бар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы
конвенция
(13.2.1946, Нью-Йорк) –БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында тең құқылы
қарым-қатынас орнату жөніндегі келісім. Конвенцияда бейбітшілік пен
қауіпсіздікті нығайту үшін өзара тең дәрежеде қарым-қатынастар орнатып, бір-
бірінің ішкі істеріне араласпай, келіспеушіліктер барлық түрлерін
келіссөздер арқылы дипломатиялық жолмен шешу көзделінді. Мемлекеттер
арасындағы дауды бейбіт жолмен шешіп, болашақта болуы мүмкін қаруды
қақтығыстарды ушықтырмай алдың алу үшін БҰҰ жанынан арнайы ұйым
–Қауіпсіздік Кеңесінде қарап отыруға шешім қаьылданды. БҰҰ-на мүше
мемлекеттерді өзара ашық дипломатиялық қарым-қатынас жасап, қару-жарақты
шектеуге міндеттеді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы
Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы
БҰҰ Хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі.
БҰҰ бас хатшысын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея 5 жыл
мерзімге тағайындалады. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. БҰҰ-ның
сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралыбаяндама жасайды,
БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады. Ол
әкімшілік қызметімен және күнделікті жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның
басқа да органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, халықаралық
бейбітшік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген мәселені
Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды, мемлекеттер арасындағы шиеліністерді
шешудің бейбіт жолдарын ұсынады. БҰҰ құрылған бері Бас хатшылар: Т.Ли
(Норвегия, 1946-53). Д.Хаммаршельд (Швеция, 1953 -61), У. Тан (Бирма, 1961-
71), К. Вальдхайм (Австрия, 1972-81), Х.Перес де Куэльяр (Перу, 1982-91),
Б.Бутрос Гали (Египет, 1992-96) болды. Қазіргі Бас хатшылықты 1997 жылдан
бері ганалық Кофи Аннан атқаруда [3].

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер.
БҰҰ-на алғашында 51 мемлекет (Австрия, АҚШ, Аргентина, Беларусь,
Бельгия, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гватемала, Гондурас, Грекия,
Дания, Доминика, Египет, Жаңа Зеландия, Ирак, Иран, Канада, Колумбия,
Костарика, КСРО (Ресей), Куба, Қытай, Либерия, Ливан, Люксимбург, Мексика,
Нидерланд, Никарагуа, Норвегия, Панама, Парагай, Перу, Польша, Сальвадор,
Сауд Арабиясы, Сирия, Туркия, Украина, Уругвай, Ұлыбритания, Үндістан,
Филиппин, Франция, Чехословакия, Чили, Эквадор, Эфиопия, Югославия,
Оңтүстік Африка Республикасы) мүшелікке кірген. Кейін (1946) Ауғаныстан,
Исландия, Тайланд, Швеция, Пәкістан, Мьянма (1948): Израиль (1949):
Индонезия (1950): 1955 ж. – Австрия, Албания, Болгария, Венгрия, Иордания,
Ирландия, Испания, Италия, Камбоджа, Лаос, Ливия, Непал, Португалия,
Румыния, Финляндия, Шри-Ланка: 1956 ж. –Жапония, Марокко, Судан, Тунис:
1957 ж. –Гана, Малайзия: 1958 ж. –Гвинея: 1960 ж. –Бенин, Буркина Фасо,
Габон, Заир, Камерун, Кипр, Конго, Кот-дИвуар, Мадагаскар, Мали, Нигер,
Нигерия, Сенегал, Сомали, Того, Орталық Африка Республикасы. Чад: 1961 ж.
–Мавритания, Моңғолия, Сьрра-Леоне, Танзания: 1962 ж. –Алжир, Бурунди,
Руанда, Тринидад және Тобаго, Уганда, Ямайка: 1963 ж. –Кения, Кувейт: 1964
ж. –Замбия, Малави, Мальта: 1965 ж. –Гамбия, Мальдива, Сингапур: 1966 ж.
–Барбадос, Ботсвана, Гайана, Лесото: 1968 ж. –Маврикий, Свазиленд,
Экваторлық Гвинея; 1970 ж. –Фиджи; 1971 ж. –Бахрейн, Бутан, Біріккен Араб
Әмірлігі, Катар, Оман; 1973 ж. –Багам аралдары, Германия; 1974 ж.
–Бангладеш, Гвенея-Бисау, Гренада; 1975 ж. –Кабо-Верде, Комор аралдары,
Мозомбик, Папуа-Жаңа Гвинея, Сан-Томе және Принсипи, Сурина: 1976 ж.
–Ангола, Бат, Самоа, Сейшель аралдары: 1977 ж. –Вьетнам, Джибути: 1978 ж.
–Доминика, Соломон аралдары: 1979 ж. –Сент-Люсия: 1980 ж. –Зимбабве, Сент-
Винсент және Гренадина: 1981 ж. –Анмигуа және Барбуда, Белиз, Вануату: 1983
ж. –Сент-Китс және Невис: 1984 ж. –Бруней: 1990 ж. –Йемен, Лихтенштейн,
Намибия: 1991 ж. –Корей Халық Демократиялық Республикасы, Латвия, Литва,
Маршалл аралдары, Микронезия федеративтік штаттары, Эстония. 1992 ж.
Армения, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан,
Молдова, Өзбекстан, Сан-Марино, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан,
Хорватия: 1993 ж. –Андорра, Македония, Монако, Словакия, Чехия, Эритрея.
1994 ж. –Палау мемлекеттері мүше болды [4].

1.2 БҰҰ – ның органдары мен мекемелері

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқылары жөніндегі конференциялары.
Жеке тұлғалардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтары жөніндегі
мәселелерді қарайды. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы 1948 ж.
10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Соңғы 50 жыл ішінде
әлемнің түпкірінде болып жатқан аймақтық соғыстар, табиғи және экологиялық
аппаттар нашақорлық қарақшылық жұмыссыздық –бәрі қосылып адам факторына
келіп тіреледі. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы адамды түріне,
тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік жағдайына,
жынысына қарамастан тең құқықты санайды. Алайда осы қағидалар жекелеген
мемлекеттік қайраткерлер тарапынан жиі бұзылады. Сол себептен БҰҰ бұл
мәселені үнемі өз назарында ұстап., кезекті конференцияларында қарап
отырады. 1968 ж. өткен Тегеран конференциясы Адам құқыларының жалпыға
бірдей декларациясы қабылдануының 20 жылдығына арналды. Оған 84 елдің
делегатциясы қатысып, көптеген мәселелер қаралды. Келесі конференция араға
25 жыл салып. 1993 ж. маусымда Вена қаласында өтті. Онда төмендегі
мәселелерге баса назар аудару қажет деп шешті:
1) дүние жүзі бойынша адам құқы бұзылуын болдырмау үшін жан-жақты
бақылауды күшейту қажет;
2) адам құқы бұзылған жағдайда БҰҰ тез арада нақты шара қолдану
үшін адам құқы жөніндегі бірінші Жоғарғы комиссарды
тағайындайды:
3) бейбітшілік сақтау комиссиялары аттандырылған кезде бірінші
кезекте адам құқы мен демократия нормалары қорғауы тиіс. Бұған
қоса дамуше елдердегі сауатсыздықпен, аштықпен және
кедейшілікпен күрес, босқындардың мүддесін қоғау қазіргі таңда
дүние жүзіндегі ең басты проблемалардың бірі болып қалып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы

БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең
құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс
қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі
ресми аттауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес,
Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі
ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе
бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар
жасауға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез
келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне
жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер
төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қапетеріне салуға құқы бар (БҰҰ
Жарғысы, 11-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикалық,
әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы
халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын
жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық құқықтың
прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар
арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі
ықтимал шараларды жоюдыұсынадыү Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және
БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға,
БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған
мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас
Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер бойынша
шешімдер мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүщелерінің үштен екісінің
көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе,
процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыпен
қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық
мүшелерінің кемінде қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте,
қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және сессияларын өткізеді.
Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің
көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны
қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы
шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің
төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары
сайланады. Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады; құрамына сессия
төрағасы, оның орынбасарлары және Ассаблеяның негізгі 7 комитетінің
төрағалары енетін Бас комитет планетарлық мәжілістің күн тәртібінде
әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, БА-ның барлық
комитетернің қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет уәкілеттіліктерді
тексерумен айналысады. Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай
міндеттері бар: Бірінші комитет саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса
алғанда, қауіпсіздік мәселелермен; Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке
қатысты мәселелермен; Екінші комитет экономикалық және қаржы мәселелерімен;
Үшінші комитет мәдениет мәселелермен; Төртінші комитет қамқорлық өзін-өзі
басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші комитет
әкімшілік және оның қаржы мәселелерімен; алтыншы комитет құқықтық
мәселелермен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты
сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі Кеңесші және Жарналар
жөніндегі к-ті бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге
асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие
[8].
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі
БҰҰ-ның негізгі органдарының бірі. Ұйым жарғысына (24-бап) сәйкес,
кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі
жүктелген. Қауіпсіздік Кеңесінің басты ерекшелігі – ол бейбітшілікке төнген
қатердің кез келген түрін анықтап, белгілі бір іс-әрекетті басқыншылық
актісі ретінде бағалай алады; сонымен қатар бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қоладу немесе қаппына келтіру мақсатында қажетті шамалар қабылдау жөнінде
ұсыныс жасауға уәкіллетті. Сондай-ақ, кеңес бейбітшілік мүддесі үшін қарулы
күш қолдану не қолданбау мәселесін жағдайға байланысты шешуге, егер қолдана
қанған ретте, тыныштық орнату үшін қаншалықты күш қажеттін айқындауға
қақылы. БҰҰ-на жаңа мүшелер қабылдау кезінде басқа құжаттармен, іс-
әрекеттермен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы болуы шарт.
БҰҰ-на мүше 15 мемлекеттердің 5-еуі тұрақты, 10-ы тұрақты емес)
құралатын Қауіпсіздік Кеңесі үздіксіз жұмыс істейді. Ұйым Жарғысына сәйкес
(23-бап) АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері
болып табылады. Тұрақты емес мүшелерді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2 жылға
сайлайды. Әрбір мүше мемлекеттер кеңесі 1 дауыс неленеді. Бірауыздық
принципіне сәйкес мүще мемлекеттердің 10-ы, соның ішінде 5 тұрақты мүшесі
бірауыздан жақтап дауыс берсе ғана Қауіпсіздік Кеңесіның шешімдері
қабылданған болып саналады. Егер тұрақты мүшелерінің бірі қарсы шықса (вето
қойса), шешім қабылданбай қалады. Кеңесте тұрақты жұмыс істейтін Сарапшылар
күшті және Жаңа мүшелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Саяси партияларды жіктеп
Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстармен ұйымдар
Пәндер