Сұхбат жүргізу



Кіріспе:
1.1Сұхбат
1.2Теоритектердің сұхбат туралы тұжырымы
1.3Сұхбат пен әңгіменің айырмашылығы
Негізгі бөлім:
2.1Сұхбат түрлері (М.Барманқұловша)
а)сұхбат.көзқарас
ә)сұхбат. хабарлама
б)сұхбат.эмоция
г)сұхбат.әлеуметтік зерттеу
2.2Телесұхбаттың ерекшелігі
2.3Телесұхбаттағы сұрақ алушының міндеті
2.4Телесұхбат қонағының типтері
2.5Телесұхбат.зерттеу
Қорытынды:
3.1Телесұхбатқа негізделген бағдарламалар
3.2Телесұхбаттың қоғамдағы рөлі
Журналистика жанырларының өмір шындығын бейнелеу формалары ретінде өзіндік тарихы бар. Оны теоритиктер ойдан шығарған жоқ. Жарлар идеялық-саяси жұмыс процесінде өмір шындығын бейнелеудің барыеша қажеттілігінен қалыптасты.Сондықтан жекелеген жанрлардың немесе олардың элементтерінің өрлеуі мен құлдырауы, жаңа элементтерінің пайда болуы, олардың орнының, жанрлардың қоғамдық мәнділігінің өзгеріп отыруы, үздіксіз эволюцияда болуы, диалектикалық заңды құбылыс. Жанрды анықтағанда зерттеушілер, әдетте, оның құрамының белгілі бір дәрежеде тұрақты екенін атап көрсетеді. Міне, олардың кейбіреулері жанрды былайша айқындайды «Жанр-дегеніміз өмір шындығын нақты бейнелеудің тұрақты құрылымдық белгілер жүйесі бар тарихи белгіленген түр»деген анықтама берілген «Жанры телевидения» деген еңбекте.
Телесұхбат-публицистикалық ақпараттық жанрлар тобына кіреді. Тележурналист өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаларға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Телепублицистикада жанры негізінен көркемдік-бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көмкеріп отырады. Себебі теледидардағы коммуникативтік үрдіс, ондағы әлеуметтік жүйе ретіндегі сөзге ерекше мән береді. Сұхбат ағылшынның «беседа» деген сөзінен шыққан.Мағынасы баспасөзде жарияланып,радио мен теледидардан берілуге арналған,саяси қоғамдық қайраткердің баспасөз,радио,теледидар қызметкерлерімен болған әңгімесі дегенді білдіреді.
Телеэкранда сұхбат жанры айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың бірде- біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат-теледидардың сан алуан түрлерінде үздіксіз кездеседі.
1. М.Барманқұлов. «Телевизия билік әлде бизнес»Алматы /Қазақ университеті/2007ж/113-129б/

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Журналистика жанырларының өмір шындығын бейнелеу формалары
ретінде өзіндік тарихы бар. Оны теоритиктер ойдан шығарған жоқ.
Жарлар идеялық-саяси жұмыс процесінде өмір шындығын бейнелеудің
барыеша қажеттілігінен қалыптасты.Сондықтан жекелеген жанрлардың
немесе олардың элементтерінің өрлеуі мен құлдырауы, жаңа
элементтерінің пайда болуы, олардың орнының, жанрлардың қоғамдық
мәнділігінің өзгеріп отыруы, үздіксіз эволюцияда болуы, диалектикалық
заңды құбылыс. Жанрды анықтағанда зерттеушілер, әдетте, оның
құрамының белгілі бір дәрежеде тұрақты екенін атап көрсетеді. Міне,
олардың кейбіреулері жанрды былайша айқындайды Жанр-дегеніміз өмір
шындығын нақты бейнелеудің тұрақты құрылымдық белгілер жүйесі бар
тарихи белгіленген түрдеген анықтама берілген Жанры телевидения
деген еңбекте.
Телесұхбат-публицистикалық ақпараттық жанрлар тобына кіреді.
Тележурналист өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаларға
қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі
адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Телепублицистикада жанры негізінен
көркемдік-бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көмкеріп
отырады. Себебі теледидардағы коммуникативтік үрдіс, ондағы әлеуметтік
жүйе ретіндегі сөзге ерекше мән береді. Сұхбат ағылшынның беседа
деген сөзінен шыққан.Мағынасы баспасөзде жарияланып,радио мен
теледидардан берілуге арналған,саяси қоғамдық қайраткердің
баспасөз,радио,теледидар қызметкерлерімен болған әңгімесі дегенді
білдіреді.
Телеэкранда сұхбат жанры айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың
бірде- біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен
тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат-теледидардың сан алуан
түрлерінде үздіксіз кездеседі.Теледидарда осы жанрды арнайы хабар да
жасалады.Оған Хабар арнасындағы БЕТПЕ БЕТ және Қазақстандағы
НАЗАР бағдарламалары дәлел.
Сұхбат туралы әртүрлі пікір айтуға болады.Көптеген теоритиктер
сұхбат пен әңгімені теңестіруге де тырысты. Бұл туралы
Л.Рукавилинисова Телевизиялық әңгіме мен сұхбаттың ерекшеліктері
атты мақаласында былай тұжырымдайды: Телевизилық сұхбат екі
әңгімелесушінің арасында болатын әңгіме (жүргізуші мен сұхбат беруші)
түрінде немесе бірнеше мүшесі бар ұжымдық қысқа монолог түрінде болуы
мүмкін \101б\. Журналистикадагы жанр мәселелері деп аталатын бул
жинакта сухбат әнгімелесуге немесе дөңгелек стол басындағы әнгімеге
жакындатылган.
Содан бергі өткен отыз жылдай уакыттан кейін де әңгімелесу мен
сұқпат жанрларының ара жігі ажыратылмай келеді. Сондықтан, олардың
айырмашылықтары қандай екен?
Әңгімелесуде-оған қатысушылар бір-бірімен тең түрде
пікір,ақпарат алмасады. Ал,сұхбатта жауап берушіден ақпарат алынады.
Сұқбатқа қатысушылардың рөлдері мынадай: журналист немесе сұқпат алушы
сұрақ қояды, екінші адам жауап береді.
Сұхбат жанры сұрақ жауапқа құрылатындықтан, түйіскен,
әдірістік, бағдарламалық және экрандық деп бөлінеді.
Анкеталық сұрақ-журналистке әңгімеге қатысушының өмірбаяндық
мәліметтерін әрі телехабар барысында қажетті болып қалатын жайларды
білуіне мүмкіндік туындатады. Сауалнамалық мәліметтерді сөлсіз, құр
баяндау әңгімеге қатысушы әрі аудиториямен арадағы байланысқа нұқсан
келтіреді. Сондықтан әрбір сөзге, сандық көрсеткіш пен мәліметтерге
терең ойлылықпен қараған дұрыс.
Бағдарламалық сұрақ-экраннан өтіп жатқан тақырыпқа байланысты
әңгіме. Сұхбатқа қатысушылар үш категорияға бөлінеді :
1)саяси және мемлекеттік қайраткер, белгілі бір саладан арнайы білімі
бар мамандар, олардан қоғамдағы келелі мәселелер туралы әңгіме
қозғалады;
2)танымал тұлға, оның өмірі мен қызметі жайлы көпшілікке кең түрде
мәлімет беру;
3)үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым, жай адамдар, олармен
қандай да бір оқиға туралы пікірлерін білу үшін сұхбат алынады.
М.Барманқұлов сұхбат жанрын төрт шағын топқа (сұхбат-пікір;
сұхбат-ақпарат; сұхбат-эмоция; социалогиялық сұхбат) бөлді. Сонымен
бірге М.Барманқұлов жанрлардың диалогтық тобы деп оған:сұхбат, баспа
сөз конференциясы және дөңгелек үстел басындағы әңгімені жатқызады.
Журналист анықтамалығы кітабында сұхбаттың монолог, хабарлама,
диалог, суреттеме, форум, анкета, баспасөзмәслихатынан есеп түрлері
болатындығы айтылған. Сондықтан сан алуан пікірді қоғамның дамып,
өзгеріп, жаңарып отыратындығымен байланыстыра қараған орынды.
М.Барманқұлов сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушының
көзқарастарына қарай бірнеше түрге бөлген. Сонымен сұхбат түріне қарай
сұралушының сұхбатын төртке бөліп қарастырайық:
1)сұхбат-көзқарас;
2)сұхбат хабарлама;
3)сұхбат-эмоцмя;
4)сұхбат-әлеуметтік зерттеу:
1)Сұхбат-көзқараста көрнекті, танымал,атақты адамдар қатысады.
2)Сұхбат-хабарламада жоғары лауазымды, бірақ аты-жөні көпшілікке
таныс емес кісілер болады.
3)Сұхбат-эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері, көпшілікке таныс
емес адамдар қатысады.
4)Социалогиялық зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші
жоспарға ысырылады, жауап беруші бүркеншік атпен де шығуы мүмкін.
Біріншіден-тұлға, екіншіңден-қызмет, үшіншіден-оқиғаның куәгері,
төртіншіден-бүркеншік арифметикалық орта биіктігі болып табылады.
ТВ-репортер жинағында сұхбаттың бес типі берілген.
1)хаттамалық
2)ақпараттық
3)сұхбат-портрет
4)сұхбат-дискуссия
5)сұхбат-сауалнама
Хаттамалық пен ақпараттық сұқбаттарды біріктіріп жіберуге болады.
Сұхбат-портрет пен сұхбат-дискуссияны жанрдан гөрі тәсіл деп қарауға
болады.Себебі сұхбат портретте мақсат әңгімеге қатысушы тұлғаны барлық
қырынан жан-жақты ашу және қатысушы бойындағы әлеуметтік
психологиялық, сезімдік мінезге беріледі.Сұхбат барысында халықтың
сеніміне кірген, көпшілікке танымал адамдардың пікірі қызықтырады.
Халық бұл хабарламадан лауазымды адамның сол мәселеге қатысты
пікірін білгісі келеді. Мұндай сұхбатты бедел сұхбат деп те атауға
болады. Бұл жағдайды 1100жыл бұрын Әл-Фараби өзінің Философия
трактатындаескерткен еді.Осындай беделді адам сұхбат пікірге де
қажет. Олардың пікірлері беделді болғандықтан да тексеруге жатпайды,
бірден қабылданады.
Ақпараттық сұхбатты лауазымды адаммен жүргізеді.
Сұбат-эмоция сирек кездесетін, сұхбат түрі. Теледидар пайда
болғанға дейін жоқтың қасы еді. Әр түрлі тақырыпта айтылған сұхбатқа
қатысушылар өздерінің болған оқиғадан алған әсерлері туралы әңгімелер
айтады. Журналистикасы практикасында 1930 жылдары кездейсоқ оқиғаның
куәсі болған адамдардан сұхбаттар алынып тұрады.Жер сілкінісі болған
жерден келген адамдар өздерінің сол кездегі көңіл-күйін ерекше
толғаныспен еске алады. Кездейсоқ сұхбатты көшедегі оқиғаның куәсінан,
театр спектакілінің көрерменінен,кез-келген адамнан алуға болады. Ол
адамның аты аталуы да, аталмауыда мүмкін,-деген.Жалпы бұл туралы
пікірді 1940 жылдан кейін ТАССдиректоры Пальгунов жазды.
1928жылдардағы кездейсоқ сұхбатына ұқсас сұхбатты 1970жылдары көше
сұхбаты деп атайды.Бұл тұжырымды С.Фурцев Ауданы сантиметрлі
әлем.Америкателеақпараты туралы очерктер М.1975,51беткітабынан
кездестіруге болады. Осы сұхбатты басшылыққка ала отырып, американ
сұхбатшылары көшедегі кездескен әр түрлі маман иелерінен бугінгі
күннің өзекті оқиғалары туралы айтып берулерін өтінеді. Олар
әнгімелесушіні ойша тандайды.
Жоғары лауазымды адам сол заманның көрнекті қайраткері болып
калады. Кездейсоқ оқиғаның куәгері сол сәттің көрнекті адамы
болғанмен, ол ұзақ уақыт есте қалмайды.
Бұқаралық камуникациялық құрлы төрт түрлі сұхбат түрімен
жүргізіледі. Сұхбат-эмоцияның беделдігі теледидарда өзінің көзқарасын
беделді түрде жеткізе отырып, білікті сөйлеуімен нақтыланады. Беделді
адам теледидарға сұхбат беруге келгенде өз ойын айтып қана қоймай,
репертуарынан да орындауы қажет. Ол мүмкін әнші, әртіс немесе
декламатор болуы мүмкін. Теледидарда,баспасөзге қарағанда, сұхбат-
эмоцияға көп жүгінеді. Дыбыстың, суреттердің көмегімен адамның
жағдайын, толғанысын тартымды түрде көрсетуге болады.
Сұхбат эмоцияның адамдары көп жағдайда есте қала
бермейді. Бізді оның аты жөні, қызметі, мамандығы
қызықтырмайды. Оның қандай да бір оқиғаның куәсі болғандағы
жеткілікті. Оның бір үлгісі мынандай: Шешенстандағы соғысқа
қатысушы Рессей федералдық әскерилердің бірі- Ол жақтағы
өлгендердің саны біздің басшылардың беріп жатқан мәліметтерін
онға көбейтсеңіз тура болады,- деп айтып салды. Міне, бұл
жерде оның аты- жөні де, кім екені де бізге қажет емес.
Мұндағы бағалы дүние оның пікірі. Ондай кейіпкерлерді пікірі
үшін күйіп кетпеуі үшін арқа тұсынан түсіру керек, немесе
бетіне маска кигізіп, немесе бетіне мазаика жасап, не болмаса
танымастай етіп, көлеңке түсіру арқылы көрсеткен жөн.
Әлеуметтік зерттеу сұхбаты қазіргі заманда ғана кездесе бастады.
Т.Шумилина Сіз айтып бермес пе екенсіз ... ... .журналистика
сұхбатының әдістері М.1976, еңбегінде журналистік сұхбат –бұл
бетпе бет сұрақ қою, ал социологиялық, сауалнамалық сұхбатта сырттай
сұрақ қойылады. Шындығында, бұл газеттік сұхбатқа жатады.
Теледидардағы бетпе –бет социологиялық сұхбат түрінде жүргізіледі.
Негізгі айырмашылығы сол, сұхбат-сауалнама арнайы сұрақпен көп адамға
арналған. Социалогиалық сұхбат,сұхбат сауалнама туралы айта отырып,
оны журналистер журналистік мақсатта пайдалынылатынын ескеруіміз
қажет,-дейді.
Ортақ жауаптар-бұл көпшіліктің пікірінің көрінісі. Ортақ
жауапты сенімді.шын, дәлме-дәл деп ойлауға болмайды. Социалогиялық
сұхбат ортақ жауаптың нәтижесін көрсетуімен ерекшеленеді. Баспасөзде
берілген жауаптардың қорытындысын баған түрінде көрсетуге болады, ал
теледидарда бұлай көрсете алмаймыз. Сауалнамалық сұрақтарға
телевизияда нақты адамдар жауап береді, олардың саны 2-5 болуы
мүмкін.Сондықтан сұхбатқанақты жауап беретін адамдар табу керек.
Теледидардағы жауаптар есте сақталатындай болуы шарт,ол үшін ең ұтымды
жауаптарды таңдап алу абзал. Соңынан пікірлер спектрін көрсетуге
болады. Теледидар мен радиодағы сұхбат эмоционалды және
импровизациялық болады, ал газетте нақты разиция жазылады.
Соңғы уақытта Б.А.Қ-тың электронды құралдарында пайда болған
телекөпір, телеүндесу үлгілерін жанрдың жеке түрі деп қарауға
болмайды. Ол бір болғаны сұхбаттың жүзеге асырылу процесі ғана.
Телекөпір мен телеүндесу теледидарда жаңалықтарды, жаңалықтарда жарты
сағаттық топтамаларды түзу түрінде қолданылып келеді. Телеүндесуде
көпшілігінде көзқарастары бір-біріне қарсы, әр алуан қалалар,ауылдар
деңгейіндегі тұлғалардың сұхбаттары беріліп отырады.Телекөпір жер
серігі арқылы жүзеге асады. Журналист әңгімелесушімен студиядағы
манитор не үлкен экран арқылы тілдеседі. Әңгімелесуші журналист тек
манитор арқылы көріп, ести алады.
Теледидарда қосақталған сұхбат қолданылады. Оған бір-біріне
кереғар пікірдегі екі адамды қатыстырады. Оған да телекөпірді
пайдалана аламыз.Бұл бағдарламаға қатыстырушылар әр қаладан болады.
Мұндай сұхбаттар жер-жерде көптеген көрермендерді қызықтырып келеді.
Сұхбат алған кезде жауап берушінің типтерін ескеру керек.
Француз социологтары Р.Пэнто және М.Гравицаның кітабынан адамдар
туралы мінездемені табуға болады.
1.Жасқаншақ адам өз ойын жеткіліксіз айтамба деп қорқады.
2.Қорқақ жауап беруден сақтанып отырады, саяси сұрақтардан
қашқақтайды.
3.Мылжың. Әңгіме барысында мұндай адамдардан басқа проблема
туындайды. Ол адамды бастапқы тақырыпқа оралта отырып, оның алға
қарай кетуіне кедергі жасап, тақырыптан ауытқымауын қадағалап
отыру керек.
4.Бәстескіш. Ол сұхбат алушымен диалогты өзі құрастырғысы
келеді, оны дәлелдеп көз жеткізуге тырысады.
5.Ойынпаз. Өкінішке орай бұл тип жазбаша сауалнамада
кездеседі,ал сұхбатта сирек кездеседі.
6.Өзіне сенімді адам. Бұл сұхбат берушімен журналистің жұмысы
жеңіл өтеді.ОЛ барлық сұраққа сенімді түрде нақты жауап береді.
Р.Пенто,М.Гравиц. Әлеуметтік ғылымдар тәжірибелерінен
Теледидарда тікелей сұрақтар бағдарлама барысында қойылады.
Тікелейбағдарлама, эфирдегі сұрақтар осылардың барлығы журналистен
жауапкершілікті талап етеді. Газет тілшісі мұндай бағдарламаны
сағаттар бойы ойланып, бір жүйеге келтіріп, өзгертулер енгізіп,
қағазға жазып, сонан соң тереді.Жазбаны меңгеруші және редактор қарап
шығады. Ал теледидар журналисі өз мәтінін эфирде тереді.
Тележурналист тікелей эфир кезінде қателіктер жібермеуге ұмтылу
керек.
Сұхбат жанр ретінде тоқтап қалмайды, ол заман ағымына қарай
жаңаша түрге ене отырып, теледидарда, газетте де дами түседі. Онда
сынау бастамалары күшейе түседі. Сатира, юмор саласында көптеген
мысалдарды келтіре отырып, П.Пельт сұхбаттың жаңа түрін енгізді. МГУ-
дің журналистика факультетінің профессоры Владимир Данилович : Соңғы
жылдары сұхбат жанры құрғақ арнайы жаңалықтарды жарнамалау үшін
қолданылса, қазіргі кезеңде өзекті мәселелерді қозғайтын терең
ойлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік зерттеулердің түрлері
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Сұхбат түрлері
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері
ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Ашық сауалнама
Сұхбат – ақпарат алудың әдісі ретінде
Маркетингтік зерттеулердің әдістері
Сұхбат жанрының енуі
Телефон сауалнамасы телефон арқылы жүргізілетін сауалнама
Пәндер