Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Менің қалам менің заман досым-Қарағанды
1. 1 Қарағанды облысына жалпы сипаттама
1. 2 Тарихи алғышарттары
1. 3 Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
2 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК НЫСАНДАРЫ
2. 1 Қарағанды облысының Ұлытау ауданының туристік шаруашылық жағдайы
2. 2 Қарағанды облысының Ұлытау ауданының туристік рекреациялық нысандары
2. 3 Қарағанды облысының Ұлытау ауданы бойынша туристік-
экскурсиялық маршруттар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А. А. Гапеев, Н. Г. Кассин, Н. И. Наковник, М. П. Русаков, Қ. И. Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К. О. Горбачев тағайындалды.
1931 жылғы қәңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.
Қарағанды көмір бассейнін ашу ісін одан әрі жандандыра түсу мақсатында Халық комиссарлары Кеңесінің жанындағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1931 жылғы 21 қаңтарда "Қарағанды тас көмір кен орнын дамыту жоспары туралы" қаулы қабылдады. Сол 1931 жылы Карағанды аумағында жаңадан 16 шахта салу көзделді.
Деректер Карағанды өңіріңің аз ғана уақыт ішінде адам нанғысыз қарқынмен дамығандығын көрсетеді. Айталық, 1931 жылды´ басында Қарағанды кенішінде 5600 жұмысшы мен қызметші болса, 1935 жылдың қаңтарында олардың саны 22 мыңнан асқан. Шамалы уақыт ішінде жұмысшы поселкесінің орнына 70 мыңға жуық адамы бар қала орнады. Атап айтқанда, 1934 жылы ақпанда кеншілердің жұмысшы поселкесі Қарағанды қала дәрежесін алды. Қазіргі Қарағандының Жаңа қала деп аталып жүрген орталығын салу сол кезде қолға алынған.
1932 жылғы 10 наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының Орталық және Солтүстігіндегі бірнеше облыстың басын біріктіріп, орталығы Петропавл қаласы болып жалғыз облыс құрылған. Ол болашағы зор ірі өндіріс орнының құрметіне Қарағанды облысы деп аталған.
1936 жылғы 29 шілдедегі БОАҚ Президиумының қаулысы бойынша жалғыз облыс Карағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінді. Қарағанды қаласы-Қарағанды облысының орталығы болды.
Өндіріс ошақтары онсыз да дамудың даңғыл жолына түссе, қала атанғанына небары екі жылдан сәл асқан Қарағандының облыс орталығы мәртебесін иеленуі халық ағарту, денсаулық сақтау салалары тәрізді, өңірдің мәдени өміріне де осылайша тың серпіліс келді. Қарағанды қаласы шын мәнісінде іргелі өнер ошағына айнала бастады. Бір кездегі шағын көлемде қалалық газетретінде жарық көрген басылымдар облыстық газеттерге айналды. Бір сөзбен айтқанда Қарағанды қаласының жаңадан құрылған Қарағанды облысының орталығы болуы оның ендігі күнде бір бағытта ғана емес, жан-жақты, түрлі салада дамып, одан ері өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.
Осылайша бүгінгі Қарағанды облысының тарихы әріден басталса да оның қарыштай дамып, өркендеуінің, қалыптасуының бастау көзі 1936 жылы өз алдына жеке облыс атанып, отау тігуінен кейін болды. Біздің облыс алпыс бес жыл ішінде қай жағынан болмасын қарыштай дамыған. Жаңа елді мекендер бой көтерген. Қарағандымен қанаттас Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалалары бой түзеген.
Қазіргі уақытта облыс 428 мың шаршы километр жерді алып жатыр, бұл республикадағы ең үлкен аймақ. әкімшілік-аумақтық құрылым өзгертілгеннен кейін бұл аймақта 9 селолық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы поселкесі мен 171 селолық округі бар. Халық саны 1 миллион 700 мың адам, яғни республика халқының 10 процентін құрайды. Бұл көрсеткіш жағдайынан біздің облыс Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орын алады.
Жұмыстың мақсаты: Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктерін ашып, көрсету.
Міндеттері:
- Қарағанды облысының даму тарихын анықтау;
мүмкін болатын туристік инфрақұрылымды жасау;
- ауданда бар, туристердің қызығушылығын арттыратын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерді және өндірістік нысандарды ашып, көрсету;
-менің қаламды дамытуға қолайлы ресурстарды анықтау.
Жұмыста Қарағанды облысының Ұлытау аймағының географиялық орны мен табиғи-климаттық ресурстары, аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы талданып, келешек туристік потенциалына талдау жасалынды.
Жұмыста Қарағанды облысының Ұлытау рекреациялық ауданына Жезқазған қаласын және қала маңын, Сәтпаев қаласын және қала маңын, Қарағанды облысының Ұлытау әкімшілік ауданын кіргізілді.
Зерттеу объектісі : Қарағанды облысы
Зерттеу пәні Қарағанды облысының даму мүмкіншілігін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Менің қалам менің заман досым-Қарағанды
1. 1 Қарағанды облысына жалпы сипаттама
Қарағанды облысы - Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361, 5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138, 4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299, 4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96, 2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.
Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3, 4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2, 3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, «» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.
Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі - кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі -қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал) .
Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар.
Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.
Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.
«Өлкетану» электрондық каталогқа өлке экологиясы туралы 500-ден астам жазулар енгізілген. Өлкетану бөлімі өлкенің табиғаты бойынша толық мəтінді құжаттарды құруға кірісті. Кітапхана оқырмандары «Қоршаған ортаны қорғау» атты тақырыптық папканы белсенді пайдаланады. Орталық Қазақстанның табиғаты туралы ақпараттарды əлемдік пайдаланушыларға қол жеткізу мақсатында «Сарыарқа-оn-line” web- сайты құрылған.
Көрсеткіштің басты мақсаты қалың оқырмандар мен оқушылардың өз өлкесінің əсем табиғатын, қоршаған айналасын қорғауға шақыру, облыс жұртшылығына экологиялық білім мен тəрбие беру жəне əдебиеттермен таныстыру.
Қарағанды облысының экологиялық жағдайы туралы танысу үшін сіздерге Н. В. Гоголь атындағы ОҒƏК өлкетану бөлімінің кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне электрондық каталогтың негізінде жасалған осы көрсеткіштің материалдары көп көмек береді.
Көрсеткішті жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұғалімдер, студенттер, оқушылар қосымша құрал ретінде пайдалана алады.
- Тарихи алғышарттар
Ұшаң-теңіз Орталық Қазақстан даласы ежелден бастап осында тұрған тайпалар мен халықтардың мәдени - экономикалық өмірлеріне әсер еткен көптеген тарихи оқиғалар сахнасы, күәгері болып келді. Бұл, біздің заманымызға дейін сақталған ескерткіштерде көрініс тапқан.
Соңғы жылдарда қазақ мемлекеттілігінің тарихына өскен қызығушылықтар, көптеген жылдар бойы қастерленіп келген, Қазақ хандығының алғашқы саяси орталығы ретінде Қарағанды облысының Ұлытау аймағына да қызығушылықтар өсті.
1992 жылы тәуелсіз Қазақстанда өткізілген ең алғашқы қазақтардың халықаралық құрылтайы әлемнің жан-жағынан қазақ ұлтының ең көрнекі өкілдерін жинады. өзінің тамарын сезініп, ата-бабаларрухына бас ию үшін келген жерлері - Қарағанды облысының Ұлытау еді.
Атақты ғалым - гуманист Савицкий П. Н. Гумилев Л. Н. Жазған хатында (1957 ж. ) Қарағанды облысының Ұлытауды былай деп бағалаған: « . . . Қарағанды облысының Ұлытау, бұл Қазақстанның «алтын қазынасының» бірі! Бұл дала өмірінің қорығы, тек қана даму орны ғана емес, сондай-ақ этно даму орталығы . . . !» .
Ғалымдардың айтуы бойынша Қарағанды облысының Ұлытау аймағында халық сәулет өнерінің ескерткіштері үлкен мөлшерде шоғырланған. Бұған тарихи оқиғалар, бұл орындардың оңтүстік аймақтардан солтүстікке апарған керуен жолдарына жақын орналасуы ықпал болған.
Ерте феодалдық кезеңде мұнда мазарлар құрылыстар түріндегі материалдық мәдениет орын алған.
VIII ғасырға дейін мұнда қыпшақтар бірлестіктегі тайпалардың тұрғаны тарихта белгілі. VIII ғасырда Қазақстан орасан көп бөлігінің арабтармен басылуы ислам діні кең етек алады. Соған сәйкес әр мұсылман Меккеге, киелі КААБ қажылық жасауға тиіс болды.
Бірақ, ислам дүниесінің басты киелі орны - Мекке өте алыс орналасқандықтан, көптеген мұсылмандар үшін, оның ішінде қазақтар үшін де қажылық жасау қиынға соқты. Сондықтан өзіншілік киелі орындар болып жергілікті әулиелерге салынған мазарлар және кесенелер саналды. Оларға қажылық, Меккеге қажылықпен теңестірілді.
Алғашқы мазарлар берік емес материалдардан салынды, сол себепті біздің кезеңімізге дейін сақталмады. VIII-X ғасырларға жататын уникалды ескерткіш - Домбауыл кесенесі.
1223 жылы Шыңғыс хан өзі бағындырған қыпшпқ даласын басқаруға үлкен ұлы ұлы Жошыны қалдырды (әл-Идриси бойынша) . Ақ Орданың саяси - әкімшілік орталығы Қарағанды облысының Ұлытау болды, осы жерден Жошы - хан өзінің империясын басқарды [1] .
Монғол кезенінің ескерткіштеріне Алаша-хан және Жошы хан кесенелері жатады.
Келесі ғасырлар халық сәулет өнерін дамыту үшін өте қолайсыз болды: хандар мен сұлтандар арасындағы жиі келіспеушіліктер, жоңғар шапқыншылықтары қазақ халқының саяси- экономикалық өміріне кері әсер етті, архитектураның көптеген ескерткіштері қиратылуға ұшырады.
Қарағанды облысының Ұлытау аймағының мазарлары Оңтүстік аймақтарға қарағанда неғұрлым қарапайым және қатаң архитектуралық пішінде салынған, сыртқы безендірулері жоқ немесе безендірулер анық көрсетілмеген. Іштері де сондай қарапайым.
Мәдени - тарихи ресурстар туризм және демалысты дамыту үшін берілген территорияның туристік тартымдылық деңгейін анықтайтын ең басты факторлардың бірі. Ежелден қонытанған аймақтар тарихты, дәстүрлерды, ескерткіштерді сақтап, табиғи жағынан көрікті безендірілген. Адамдар мекен ететін жер ретінде әскери және көліктік жағынан ыңғайлы болуымен қатар, әсем бейнелі аймақтарды таңдаған. Адамзат ежелден берік қоныстанған жерлерде оның мәдениеті, шаруашылығы қалыптасқан.
Мәдени-тарихи ескерткіштер арасында тарих және мәдениет ескерткіштері жетекші орын алады. Белгілеріне қарай олар бес топқа бөлінеді: тарих, археология, өнер, документальды ескерткіштер.
Типология негізі ретінде ақпараттық мәдени-тарихи нышанның мазмұны қабылданады: өзіншілділігі, берілген түрдегі нышандар ішіндегі әдеттілігі, сыртқы тартымдылығы (Бочваров М., Мироненко Н. С., 1986) .
Қазақ тарихының ұлы ескерткіштерін алғашқы ашушы және зерттеушісі академик Марғұлан Ә. Х. болып табылады. 1946-1950 жылдар аралығындағы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Қарағанды облысының Ұлытау өңірдегі археологиялық және архитектуралық ескерткіштерін зерттеді. Келесі ескерткіштер зерттеулері ҚР ҰҒА археология институтымен жүргізілді. 1988 жылдан бастап 1994 жылға дейін экспедиция құрамында Жезқазған отряды жұмыс істеді.
Қарағанды облысының Ұлытаудың ежелгі түрғындарының таудан металл пештер қалдығы, пішінді металл құю тәсілі-бұдан үш мың жыл бұрын жергілікті тайпалардың мыс, қалайы, күміс, алтынды қазып алып, өңдеп, Иран, Үнді, Грекия, т. б. елдерге шығарғандарына бірден-бір дәлел. Мұны «тарих атасы» деп жүрген Геродот өз еңбектерінде растап отыр. Қола дәуірінде өмір сүрген Елуқұдық, Сорқұдық секілді металл өндіру орталықтары кейінгі орта ғасырларға дейін өндірісін тоқтатпаған.
Ежелгі шеберлер қолымен тасқа қашалып салынган суреттердің тұтастай галереясы Қарағанды облысының Ұлытаудың өзіндік мәдениетінің көрікті беттерін құрайды. Тіршілік ету, аң аулау бейнелері, ғажайып жануарлар әлемі, ежелгі адамдардьң дүниетанымын танытатын суреттер Теректі әулие, Зыңғыртас, Арғанаты таулары жартасында, Байқоңыр, Тамды, Жаңғабыл, Жетіқыз өзендерінің бойларында тұр. Бүл өлке орта ғасырларда «Дешті қьпшақ» (араб тілінен аударғанда - қыпшақтар елі) аталған. Оның аумағы кейіннен қыпшақтардың, қимақтардың, ұлы оғыздардың ірі рулық бірлестіктері арасында бөліске түскен. Қарағанды облысының Ұлытау ешқашан бір ғана тайпаның, не бір ғана рудың иелігінде болмаған. Бұл берекелі жер көшпелі тайпа көсемдерінің сүйікті мекені еді, ол қашанда қасиетті, әрі киелі қоныс саналған.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бұл жерде тұрақты қоныс еткені тегін емес. Шығыс Еуропаны тізе бүктірген Бату өз жорығын осы жерден бастаған. Қарағанды облысының Ұлытау жерінде Шыңғыс ұрпақтарымен байланысты сәулеттік ескерткіштер жетерлік. Бұлар-Жошы, Құтлық-Темір, Болған ана, Келін-там мазарлары. Осы далада, аңызда айтылатындай, Шыңғыс ханға ұлы Жошының өлімін жеткізген атақты «Ақсақ құлан»(ХШ ғ) күйі дүниеге келеді.
XIV ғасырда, шамамен VII-VIII ғасырларда өмір сүрген түркі руларының негізін қалаушылардың бірі Алаша хан қабіріне мазар тұрғызылды. Қарағанды облысының Ұлытау тауы биігінің бірінде ұлы қолбасшы, саясаткер және шешен, Алтын Орда әмірі Едіге жатыр. Оның аты Алтай, Орал, Солтүстік Кавказ, Қырым және Өзбекстан халықтарының батырлық әңгімелері мен эпостарында сақталған. Алтын Орданың жігерлі ханы Тоқтамысқа да Қарағанды облысының Ұлытаудан топырақ бұйырған. Халық аңызы өмірінің соңғы кезеңінде қарапайым пенде болып, Египеттің ұлы билеушісі, қыпшақ Бейбарыс осы далаға оралғанын бүгінгі күнге жеткізеді. Қарағанды облысының Ұлытау тарихының білгірі, академик Әлкей Марғүланның жазуынша, Тұранның кұдіретті ханы Афрасиаб өмірінің соңғы кезін Қарағанды облысының Ұлытауда өткізген.
Құдіретті Ақсак Темір өзінің Қарағанды облысының Ұлытауда болтаны туралы Алтыншокы тауында тасқа қашап белгі қалдырған. Қарағанды облысының Ұлытаудың ғажайып гранит шыңдары Бұқар ханы Абдоллахты және Құдияр ханның қоқандық жауынгерлерін ұмытқан жоқ. Монголдардың тұрақты қонысы-Қарақорымға беттеген ортағасырлық көптеген еуропалық және орыс елшілері Қарағанды облысының Ұлытау бұлағының суын ішіп, шөлін басты. Кетбұғы, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке, Барақ, Көшім, Абылай, Әбілқайыр, Ақжол би, Қазыбек би және т. б. тарихи тұлғалардың өмірбаяны Қарағанды облысының Ұлытау атымен байланысты [1] .
Қарағанды облысының Ұлытау-Қазақстанның географиялық орталығы. Картадан оның Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі, сондай-ақ шығысы мен батысы аралығында бірдей қашықтықта орналасқанын көресіз. Оның әскер шоғырландыруға және жасақты Қарағанды облысының Ұлытаудың айналасындағы бұлақтары мол жайылымға орналастыруға қолайлы орын болғаны сондықтан болар.
«Ақтабан шұбырынды» жылдарында Қарағанды облысының Ұлытаудың даңқы оңтүстік - шығысында қазақ руларының біріккен күші алғаш рет жоңғарларға тойтарыс беруімен шықты. Содан бері осы шатқал Қалмаққырған аталады . Қарағанды облысының Ұлытаудьң тұғырлы таулары патшалық-отаршылдық саясат жылдары қарсыласу мен тәуелсіздік ошағы болып қала берді. Бұған XIX ғасырдың ортасындағы Кенесары Қасымұлы, 1916-1917 жылдардағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістер куә.
Қарағанды облысының Ұлытау географиялық жағынан қолайлы жерге орналасқан. Қарағанды облысының Ұлытау арқылы Ұлы Жібек жолының «Сарысу» немесе «мыс жол» аталған негізгі тармақтарының бірі өткен. Оның дәлелі-керуен жолы бойында орналасқан ондаған керуен-сарайлар, бекініс-қоныстар, феодалдық қорғандар, қарауыл мұнаралар. Бұл қоныстарда қалалық мәдениет, қол өнері, сауда-саттық дамыганын Басқамыр, Жошы-орда, Аяққамыр, Орда-базар қалашықтарына жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі дәлелдеді. Ғалымдар болжауынша, бұл сауда жолы Ұлы Жібек жолына дейін пайда болып, біздің ғасырдың отызыншы жылдарына дейін сақталды, осы өлкенің мәдениетінің дамуына үлес қосты. Табиғаттың өзі бұл жерге қисапсыз қазына сыйлаған. Фирдауси өз поэма-эпосы «Шахнамада»Қарағанды облысының Ұлытау өңірін әдемі суреттеген. Қарағанды облысының Ұлытаудың ғажайып көріністерін VI ғасырда араб саяхатшысы Әл-Идриси өзінің қолжазбаларында суреттеген. Қарағанды облысының Ұлытау жөнінде қазақ халқының ертегісі «Ер Төстікте» де айтылады. Әйгілі Асанқайғы Сарыарқаның көптеген түкпірін аралап, елге құт жерұйық іздегенде, көзіне Қарағанды облысының Ұлытау түскен. Академик Қаныш Сәтбаев Қарағанды облысының Ұлытау даласын Қазақстанның қазынасы атаған. Өйткені, Менделеев кестесі элементтерінің көбі Қарағанды облысының Ұлытау аймағының қойнауынан табылған. Ғасырдың заманалық мәні бар оқиғасы - адамның ғарышқа ұшуы да Қарағанды облысының Ұлытаумен-ғарыш аймағы Байқоңырмен байланысты.
Қазақ халқының ел болып қалыптасуына, бірлік тілігіне діңген болған, қасиетті де киелі мекен. Бұл жерде мемлекетіміз алғаш шаңырақ көтеріп, үш жүздің басы қосылып, қазақ халқының тұтастығына ұйытқы кіндік мекен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz