Психологтың қайта қалыптастыру орталығындағы қызметі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І. Тарау. 1. 1. Қайта қалыптастыру орталықтарында қолданылатын теориялар . . .

1. 2. Қайта қалыптастыру орталықтарының түрлері . . .

ІІ. Тарау. Қиын жеткіншектерге арналған қайта қалыптастыру орталықтарындағы негізгі психологиялық қызметтер . . .

2. 1. ҚЖҚҚО (РЦТП) психологиялық көмек. Жұмыстың мазмұны . . .

2. 2. ҚЖҚҚО ұйымдастырылатын психологиялық қызмет түрлері . . .

ІІІ. Тарау. ҚЖҚҚО қияңқылықты психологиялық зерттеу жолдары . . .

3. 1. Бала бойындағы қияңқылықтың пайда болу себептері және түрлері . . .

3. 2. Зерттеу схемасы . . .

3. 3. Жүргізілетін зерттеу нәтижелері . . .

3. 3. 1. Қиындықтарды анықтау . . .

3. 3. 2. Түзету жұмысы . . .

3. 3. 3. Түзету жұмыстарынан кейінгі зерттеу . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Реабилитациялық кеңес беру психологиялық бейімделу динамикасына бағытталған стратегия және алдын ала емдеу бағдарламасымен бағыт көрсету орталығы болып табылыды. Реабилитациялық орталықтың клиенттері - бұл эмоциональді, ақыл-ой және мінез құлықтарында аутқуы бар адамдар.

Бұл тақырыптың өзектілігіне әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақсыздықтың өсуімен, орта тұрмыстық халықтың жағдайының күрт түсуі, қоғамдық көғіл құндылықтарының төмендеуі түрткі болып отыр. Осы себептердің барлығы адамдар бойында жағымсыз мінез құлықтардың қалыптасып, реабилитациялық орталыққа келулеріне жол ашып, итермелейді. Жоғарыда көрсетілген себеп салдардан, Қазақстан және ТМД елдерінде реабилитациялық психологиялық бейімделу динамикасының стратегиясы және алдын ала емдеу бағдарламасы бойынша орталықтар көбеюде.

Зерттеудің мақсаты: Қайта қалыптастыру орталықтардағы түзету жұмыстарының (психокоррекция) тиімділігін бағалау.

Зерттеу объектісі: Қияңқы (агрессивный) балалармен қайта қалыптастыру орталықтарындағы психологиялық қызмет.

Пәні: ҚЖҚҚО психологиялық қызметтің негізгі іс-әрекеттерін анықтау.

Ғылыми болжамы: Егер, қияңқы балалармен жұмыс істеу барысында қайта қалыптастыру орталықтарында жүйелі түзету әдістері қолданылса, онда балаларда қияңқылық төмендейді.

Міндеттері:

  • Балалардың бойындағы қияңқы қылықтардың әлеуметтік - психологиялық себептерін анықтау;
  • Психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;
  • ҚЖҚҚО қолданылатын түзету бағдарламаларын жүргізу;
  • Түзету жұмыстарынан кейінгі тексеру;
  • Эксперимент барысында алынған нәтижелерді талдау.

Зерттеу әдістері

  • Бақылау әдістері;
  • Тест;
  • Тренингтік әдіс.

1. 1. Қайта қалыптастыру орталықтарында қолданылатын теориялар.

Қайта қалыптастыру орталығының клиенттері - бұл дене, эмоциональды ақыл-ой және мінез-құлқында ауытқулары бар адамдар. «Әдебиеттерді оқу, кемтар адамдар көп қиындықтармен соқтығысатынын көрсетеді» (1) өзін-өзі бағалауы төмен, ерте жасынан өмір тәжірибесін шектеуі, әлеуметтік сенімділіктің жетіспеуі көптеген кедергілер әсер етеді.

Қайта қалыптастыру орталығының кеңес берушілері клиентпен жұмыс жүргізу барысында өз клиентінің жұмыс барысында қандай әсер алып жатқандығын бағалай білуі керек, сонымен қатар орта жағдайын және қайта жасау жүйесін дайындау.

А) өз күшін жоғалтқан немесе дамымай қалған қабілеттерді қайта толықтыру;

Б) жұмыс мақсаттарын қайта қалыптастыру;

В) жұмыс орнын қайта құру, жәрдем беруді барынша күшейту және қиындық, бөгеттерді барынша азайту.

Осы міндеттердің барлығын орындау үшін реабилитациялық кеңес берушілер кеңес беру теориясын кең түрде қолданады. Соңғы жылдары реабилитациялық орталыққа теориялық жүйені практика жүзінде қолдану кең тараған.

Қайта қалыптастыру орталығында кеңес беру практикасында қолданылатын қай теория болса да, ол кеңес берушінің біліміне, сонымен қатар клиенттің қажеттілігіне байланысты болады.

А. Л. Ливнех және Э. Б:Эванс (2) пікірлері бойынша, дене мүшелерінде кемістігі бар клиенттері бейімделу үрдісінің 12 ерекше деңгейін өтеді: естен тану, алаңдаушылық, белгісіздік, күрестен бас тарту, әлсіздену, күйзелу, өз-өзіне кету (іштен тыну), ішкі ашу-ыза, сыртқы биянқылық, мойындау және бейімделу. Мінез-құлықта аутқуы бар, әрбір деңгейдің өзіндік жетелейтін әдістері және олар теңбе-тең болуы керек. Мысалы: кезінде клиент қозғала алу қабілетін және когнетивті бетеуінен айырылуы мүмкін. Мұндау жағдайда клиенттерге мынандай әдістерді қолдануға болады: клиенті тыныштандыруды зейінділік және тыңдай білушілік, көмек көрсету, көңілін көтеру, адамға өз сезімін, пікірін толық жеткізуге мүмкіншілік беру және қажетті психологиялық көмек көрсету.

А. Н. Ливнех және Э. Б. Эванстың (2) пайымдауынша бейімделу деңгейінің алғашқы кезеңінде аффектпен инсайтқа бағытталған бағдарламалар негізгі бағыт болып табылады, ал соңғы кезеңде белсенді «іс-әрекет және жаңаша тұрғы қажет болады.

Жанама әдіс реабилитациялық кеңес беру жайында әдебиеттерде аз айтылатындығын К. Ковен (3) назарға алады. Сол себептен ол реабилитациялық кеңес берушіге көбінесе белсенді іс-әрекетке бағытталған әдістерді қолдануды ұсынады, мысалы, бихевиористік және гештальт теорияларының негізінде К. Ковеннің (3) тұжырымы бойынша гештальт психодрама әдісі клиенттерге кеңес беру үрдісін толық меңгеріп және өз өміріне деген жауапкершілікті өз мойныма алуға көмек береді. Рольдік ойын, фантастикалық қойылымдар және психодрама сияқты әдістер клиенттердің бейімделу үрдісінің тиімділігін көтеру үшін қолданылады.

Мұндай жағдайда, реабилитациялық кеңес берушіге кеңес берудің көптеген теорияларын білу және жиі өзгеріске ұшырайтын кәсіби рольдерге бейімделе алуы қажет.

1. 2. Қайта қалыптастыру орталықтарының түрлері.

Ішімдіктің алдын алуға және қайта қалыптастыру орталығы. Әлеуметтік әдіс, алғашқы орында 12 адамдық кәсіби бейімделген бағдарлама. (1)

Ереже бойынша реабилитациялық орталықта келесі жұмыстар атқарылуда:

  • Ішімдікке қарсы жүргізілетін реабилитациялық шараның жүйелік зерттемесі, фармакологиялық, физитерапевтік және психоәлеуметтік жеке тұлғаға түзету жұмыстарында әдістерді қолдануда;
  • Ішімдік тұтыну кезінде қылмыс жасаған, сотталған тұлғаларға ғылыми негізделіп зерттелген тиімді медициналық көмек көрсету;

Ереже бойынша орталық штатында дәрігер - психотерапевт, психолог, әлеуметтік жұмысшылар бар. Кейде жұмыстың маңызды бөлігін 12 қадам бағдарламасына қатысып, 2 жылдай ішпей жүрген, орталықтың бұрынғы пациенттері орындайды.

Реабилитациялық курста жеке кеңес беру, жеке, топтық және отбасылық психотерапия, стреске қарсы бағдарлама, сонымен қатар пациенттерге келесі бағдарламалар: Отбасылық білім, жыныстық білім: жан философиясы жүргізіледі.

Орталықта реабилитациялық бағдарламаның 3 түрі қолданылады: Амбулаторная, келіп-кетіп емделетін ауруларды емдейтін емхана), Стационарды және күндізгі стационарды бағдарламалары. Орташа есеп бойынша реабилитациялық курстың мерзімі стационарлық көмек 4 апта, 2 апта күндізгі стационар және 2-4 апта амбулаторлық көмек көрсетіледі.

Орталықтың негізгі идеологиясы алкоголизм жазылмайтын ауру болып табылады, бірақ пациент ақырындап, сауыға бастайды. Мұндай сауығудың емделуден айырмашылығы, бұл пациенттің өзін-өзі сауықтыратын алғашқы белсенді үрдісі, ал емдеу кезінде науқас баяулық танытады.

Нашақорларға арналған реабилитациялы орталық сауығудың мүмкіншіліктерінің (4) жоқтығын көрсетеді. Нашақорлықтың асқыну кезеңдерін ғана емдеуге болады: психиканың бұзылуы, бауыр ауруы, ағзаның басқада аурулары және ағза жүйелері.

Нашақорлықты емдеуге байланысты екі бағыты жүргізіледі. Бірінші бағыт науқас ағзасын удан және шлактан тазарту, ағзаның ішкі құрылысына байланысты, асқыну емі және бәрінен бұрын психикалық бұзылу.

Мұндай емдеу курсынан кейін нашаға әуестік тек 15-20% ғана азаяды.

Қалған 75-80% емдегендер психикасын қайта қалпына келтіруді қажет ететін күрт өзгеріске ұшырағандар. Мұндай науқастар, өз келісімдері бойынша реабилитациялық орталыққа емдеуге 6 немесе одан да көп айға жіберіледі.

Реабилитациялық орталықтың клиенттік мақсаты психикасын және денсаулығын, тұлғалық және әлеуметтік, статусын қайта қалпына келтіру. (4)

Реабилитацияның міндеттері:

  • Науқасқа саналы түрде нашада қолданудың бас тартуын қалыптастыру;
  • Ауруларды емдеуге арналған психологотерапевтік, және емдеу кешендерін іске асыру;
  • Созылмалы ауруларды емдеу;
  • Тұлға құрылымын түзету, жеке потенциалын дамыту;
  • Отбасымен, қоғамдық ортамен қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • Пациенттің өзін-өзі материалдық қамтамасыз етуіне байланысты жаңа білімдерді меңгеруіне, кәсіби дайындығын нығайтуға көмек көрсету;

Осы міндеттерді қорытындылай келе, реабилитациялы орталық медициналық орталық қана емес, сонымен қатар нашақорлардың жеке тұлғалық сапаларын біртіндеп қалпына келтіретін мекеме болып табылады.

Қиын жас өспірімдерге арналған реабилитациялы орталық - бұл жетім балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалғандарға арналған жабық мекеме. Қиын жас өспірімдермен жұмыс жүргізетін реабилитациялы орталықтың мақсаты - девиантты жасөспірімдердің жеке және психологиялық ерекшеліктерін терең тексеру, оларды реабилитациялау, түзету және әлеуметтік-психологиялық бейімделу. Қиын балалармен жұмыс жүргізуде балалар жасы 9 жастан 17, 5 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

Орталыққа «қиын» балалар қалай түседі, қылмыстық жолға түскендер немесе жаңадан қоғамға жат қылықтарды меңгере бастағандар, пайдалы жұмыстардан бас тартқандар және психологиялық-педагогикалық қараусыз қалғандар. Ақиқатқа сүйенсек, реабилитациялы орталаққа түскендердің 70%-ата-аналары ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары. Әрине ішімдік ішетін, нашақорлыққа әуес, сотталған немесе т. б. қылмыстық әрекет жасаған ортада бала өссе оның да барар жері сол болмақ . . .

Жасөспірімдерді орталыққа қабылдау аумақтық инспектордың және мұғалімнің анықтауынан басталады, әдетте тәртібі жүріс-тұрысы өзгеше балалар. Кәмілеттік жасқа толмағандарды алдымен бала құқығын қорғау комиссиясы, ал содан кейін баланың өзін реабилитационалды орталық қарайды.

Бұл мекемеде әсіресе білім саласында үлгірмеушілік танытқандарға жеке әлеуметтік пайдалы және ұжым аралық қарым-қатынасқа байланысты жағдайларға көп көңіл бөлінеді. Орталықтағы балалар толық емес орта 9 сыныптық білім алып шығады. Оқып жаза алмайтын балалармен мұғалім жеке жұмыстар жүргізеді. Әрбір сыныпта 8-10 адам болады және әр сыныптың жетекшісі болады. Орталыққа қабылданған бала міндетті түрде психологиялық көмек алады. Бұл бала мінез-құлқындағы қиындықтарды алдын алу үшін өте қажет. Әлеуметтік педагог бала құқығын қорғау сұрақтарымен айналысады. Мысалы, жеке куәлік алу, аттестат, сотта бала құқығын қорғау т. б.

Режимді сақтау қатаң қадағаланады, бірақ пайдалы қасиеттерді шығаруға септігін тигізеді. Бұл орталықтағы жылы, жайлы ортаны қалыптастыру үшін жасалған, себебі орталық көптеген балалар үшін өздерін жайлы, қорғанышты, мейірімділікті және зейінділікті сезілген алғашқы үйлері болып табылады.

Қайта қалыптастыру орталығындағы қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінде, таңдаған мамандығы бойынша білімін үзбейді.

Кәмілеттік жасқа толмаған тәртіп бұзушыларды соттау, қамаудан құтқару үшін, мемлекет баланы орталыққа орналастырса, оны тәрбиелеу жолдары тиімді белгілі саясатпен іске асады.

ІІ тарау. Қиын жеткіншектерге арналған қайта қалыптастыру орталығындағы негізгі психологиялық қызметтер:

2. 1. ҚЖҚҚО (РЦТП) психологиялық көмек.

Жұмыстың мазмұны.

Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулар төмендегі себертерден болуы мүмкін (6) :

а) әлеуметтік-педагогикалық салғырттық, қажетті білімнің жетіспеуі, баламен жеткіншектің шектен тыс тәрбиесіздігі, мінез-құлықтың жағымсыз қалыптасуы;

ә) отбасындағы кері әсерлер оқу үрдісіндегі сәтсіздіктер, сыныптас достармен қарым-қатынасының дұрыс қалыптаспауы, ата-ана, мұғалім, сыныптас құрбыларына жағымсыз көзқараспен қарауы;

б) психикасының және денсаулығының дамуына ауытқуы, жас дағдарыстары, мінез акцентуациясы және физиологиялық және психоневрологиялық қасиеттер;

г) өз ойын, пікірін жеткізе алмаушылық, ішкі және сыртқы белсендігін көрсете алмаушылық, маңызды әлеуметтік және жеке өмір мақсатымен жоспарының болмауы;

д) айналасындағы ортаның жағымсыз қылығы және соның негізінде, әлеуметтік-психологиялық бейімделушіліктің дамуы.

Бұл себептердің ішінде маңызды және негізгі рөлді жеткіншектерге айналасындағылардың немқұрайлы қарауы және әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалған балалар. Осының салдарынан жалғыздық сезімі, өзін керек еместігін және қорғаусыз екенін сезіну пайда болады.

Балалардың және жасөспірімдердің тәртібінің және тұлға ретінде дамуындағы ауытқудың алдын алу, олардың психикалық иммунизациясын талап етеді, яғни әлеуметі-орынды адам болу үшін психологиялық тәртіп дағдыларын дұрыс жасай алуға үйрену. Бұл мәселелерді шешу үшін қоғамдық крезистің теріс әсерін түзететін және нейтрализациялайтын әлеуметті педагогикалық мүмкіндіктерді жасауға бағытталған қиын жасөспірімдерге арналған қайта қалыптастыру орталығының бағытын жасап табу керек.

Ол келесі бағыттарды қамтиды:

1. Балалар мен жасөспірімдер тәртібінің аутқуын көп таралған, көптеген түрлерін және формаларын, оларды қоздыратын факторларды анықтау және олардың ата-аналарының білімдегі және тәрбиедегі қажеттіліктерін зерттеу;

2. Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің ойларын зерттеу нәтижелерін талдау және солардың негізінде оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуындағы және тәртібіндегі ауытқуларды алдын алу және түзету жөніндегі бағдарлама жасау;

3. Оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуындағы және тәртібіндегі ауытқулардың алдын алу және түзету әдістерін, оқушылар бойында тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін, жауапты шешім қабылдау, шиеленістерді шешу, басына түскен қиын жағдайлармен күресе алу, салауатты өмір салтын жүргізу қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған психологиялық әдіс-тәсілдермен меңгерген педагогикалық кадрларды дайындау;

4. Мектепте сыртқы факторларға тәуелсіз психологиялық-педагогикалық жағдай жасау оқушы жанұясымен қарым-қатыныстың тиімді дамуының, қосымша білім алуды ұйымдастырудың көмегімен және т. б. шешіледі.

Балалардың және жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы және тәрбиесіндегі ауытқулардың алдын алу жұмыстары төмендегілердің негізінде ғана іске асырылатын болса тиімді болады:

  1. Оқу іс-әрекетінің сәттілігі;
  2. Қарым-қатынас жүйесі оқушыларды қанағаттандыратын эмоционалдық жағымдылығы;
  3. Психологиялық қорғалғандығы;

Осы жұмыстардың толық және сәтті жүргізілуі ортақ және мамандандырылған көмекті қажет ететін жасөспірімдерді анықтау жоспарлары құрылып, осы көмек көрсету тәртібіндегі тұлға ретінде дамуындағы әртүрлі жастағы мектеп оқушыларының іс-әрекеттеріндегі түзету жұмыстары түрлі әдіс-тәсілдер жоспарының жасалуына әкелуі мүмкін.

Қиын жасөспірімдерге арналған: реабилитация орталығының жұмысына психологиялық негіз болған Р. В. Овчарова («Психологическая коррекция агрессивного поведения детей»), Е. И. Рогов («Настольная книга психолога») т. 1. 2., М. И. Рожков («Воспитание трудного ребенка») сияқты психологтардың еңбектері.

Қазіргі заман жасөспірімі өмір сүретін микроорта өте нашар әсер береді. Ол белгілі бір мөлшерде теріс тәртіп формаларымен кездеседі, өз ауласында, мектепке бар жолда, қоғамдық орындарда, үйінде де, мектепте де. Осының бәрі жасөспірімдердің өмірлік және әлеуметтік бағыттарының және идеалдарының қалыптасуына әсер етеді.

Сол себепті бүгінгі таңда қиын жасөспірімдерге арналған реабилитация орталығында теріс тәртіпті тудыратын, жасөспірім ойын деформациялайтын шарттары жоқ орта жасау өте маңызды. Жасөспірімнің жеке тұлға ретінде дамуы үшін орталық оларға әлеуметтік тәжірибесін бойына сіңірген ересек адамдармен сөйлесіп, олардың жағымды қылықтарын өздеріне сәйкестендіре алатындай араласуына мүмкінділігін ұсынылады.

«Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс сәтті болуы үшін, оларды әрі қарай түзету бағдарламасын жасау мақсатында теріс дамудың түрлі формаларын тудыратын факторларды анықтау керек. И. А. Невский мен А. С. Колесова кейбір мектептердің жұмысшыларынан жасөспірімдердің теріс тіртібінің сыртқы тәуекел факторы жайлы өз ойларын білдірулерін сұрап, эксперименттік сұрақ-жауап жүргізді. Жауап берген педагогтардың ойынша, мектеп мүмкіндігінше түзетуге міндетті балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен тәртібіне дұрыс әсер ететін сыртқы факторлар мыналар:

І. Қоғамдық процестер

ІІ. Жанұя күйі, ондағы атмосфера

ІІІ. Мектепшілік өмірді ұйымдастырудан шығатын тәуекел

факторларды анықтау

Мұғалімдер ойларын талдаудың көрсеткіштері бойынша бұларға көбіне мыналар жатады:

  • Оқыту және тәрбиелеу процестерін басқаруды ұйымдастырудың жетілмегендігі: мектептің нашар материалдық жабдықталуы; пән мұғалімдерінің жеткіліксіздігі; көп сабақтарды болдырмай қою, сыныптан тыс жұмыстардың нашар ұйымдастырылуы т. б.
  • Кейбір мұғалімдердің балалардың жасына байланысты психологиясын білмеуде көрінетін кәсіптік мүмкіндіктердің жоқтығы;
  • «Оқушы-мұғалім» жүйесінде бағындыру немесе бетімен жіберу қарым-қатынас стилі; оқушылар білімін бағалауда объективтіліктің жоқтығы, атақ тағып қою; мұғалімдердің оқушы намысына тиюі (қорқыта, балағаттау т. б. ) ;
  • Жаңа оқу бағдарламаларын енгізу, құндылық бағыттарына шектен жоғары баға беру, «нені қалай оқыту керек?» екендігін түсінбеу; мектепке түсетін балалардың даму деңгейінің төмендігі;

Жоғарыда келтірілген тәуекел факторлары сыртқы және объективті мағынада. Алайда сыртқы, объективті бұрыс әсерлермен басқа, педагог айыра білуге тиіс балаға ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді. Олар: өзін қажетсіз сезіну, өзін төмен бағалау, өзіне-өзі сенбеу, өзін бақылап, ұйымдастыра алмау, әлеуметтік нормаларды және құндылықтарды білмеу немесе қабылдамау, өзіне-өзі және басқа адамдарға өз сезімін жіне әсерін жеткізе алмау. т. б.

Осы міндеттерді шешу үшін әртүрлі бағыттардағы реабилитальді орталықтар құрылуда. Біздің зерттеу жұмысымызда реабилитациялық орталықтардың 3 түрі қарастырылады: реабилитация және алкогольдік ішімдіктің алдын алу, ҚЖҚҚО және нашақорларға арналған реабилитациялық орталықтар. ҚЖҚҚО орталығындағы психологиялық көмек әрекеттері көбірек қарастырылады.

2. 2. ҚЖҚҚО ұйымдастырылатын психологиялық қызмет түрлері

Психолог өзін-өзі психологиялық көмектің кең түрлерімен қаруландырады; зерттелуші баланың қиындықтарын анықтау үшін жүргізілетін жұмыс; балаларға, ата-аналарға, педагогтарға психологиялық кеңес беру; өмір қиындықтарын және дау-дамайларды шешуге бағытталған жеке және топтық психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу; әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыруға арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг жұмыс түрлері.

Психологиялық қызмет жұмысының принциптері:

  1. Жұмыс қауіпсіздігі;
  2. Құндылығы - ҚЖҚҚО-на психологиялық қызмет тұтастай жүйе ретінде бағытталады;
  3. Кәсіби-педагогикалық белсенділік - мәселені педагог психологтың көмегімен шешеді.
  4. Әдістерді таңдау кезінде үнемділік және жеткілікті ұйымдастырушылық.

Жұмыстың негізгі бағыттары (16) :

1. Диагностика(анықтау) ;

Мақсаты: Тұлғаның жас ерекшеліктерін, қарым-қатынасын анықтау.

2. Психопрофилактика(алдын алу) ;

Мақсаты: Тұлғаның психикалық және жеке басының дамуындағы кездесуі мүмкін жағымсыз қылықтардың алдын алу.

3. Коррекция(түзету) .

Мақсаты: Оқушының психикалық және жеке дамуындағы ауытқуларды жою (9) .

Тұжырым.

Реабилитациялық орталық - психологиялық бейімделу динамикасына, алдын-алу бағдарламаларын қолдану және емдеу стратегиясына бағытталған. Реабилитациялық орталықтың клиенттері - дене дамуында, эмоциялы, ақыл-ой және мінез-құлқында ауытқуы бар адамдар. Реабилитациялық орталық өз клиенттерінің мәселелерін шешу үшін, бихевиоральдік, когнетивтік және жүйелі теориялармен әдістерді біліп және кәсіби рольдік өзгерістерге бейімделу алуы керек. Әрбір реабилитациялы орталықтарды адамдардың ақталып шығуына жағдай жасалады. Мысал келтіретін болсақ, реабилитациялы орталықта ішімдіктің алдын-алу және түзету жұмыстары үшін: жеке кеңес беру; топтық және психотерапия, стреске қарсы бағдарлама қолданылады. Бұл жұмыстардың барлығы орталықтың клиенттері үшін психологтар мен психотерапевтердің зерттеп жасаған жұмыс бағдарламалары.

Қиын жеткіншектерге арналған реабилитациялы орталықтың мақсаты - мінез-құлқында қиындығы бар жеткіншектердің жеке және психологиялық ерекшеліктерімен терең танысып, оларды ақтау, түзету және әлеуметтік ортаға психологялық қызмсеттің кең түрін қолданады: ҚЖҚҚО тәрбиеленушілердің қиындықтарын анықтауға бағытталған түзету жұмыстары; ата-аналарға, ұстаздарға, балаларға арналған және жеке түзету жұмыстары;

Әлеуметтік-психологиялық тренинг, жеке және жас ерекшеліктерін, қарым-қатынас әрекеттерін анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады: мектептегі ақыл-ойдың дамуын анықтау (ШТУР) тесті, Филлипс тесті (алаңдаушылықты анықтау), «Социометрия» (балалар ұжымындағы қарым-қатынас), Басса-Дарки тесті (қияңқылықты зерттеу), ҚЖҚҚО психологтармен жеке жүргізілетін түзету жұмыстарының бағдарламасы құрастырылған.

ІІІ тарау. ҚЖҚҚО қияңқылықты психологиялық зерттеу жолдары

3. 1. Бала бойындағы қияңқылықтың пайда болу себептері және

түрлері

Бала мінез-құлқының қалыптасуының негізгі 3 қайнар көзі бар:

Біріншісі - бұл отбасы, мінез-құлқында қияңқылықты бірмезгілде көрсетіп және оның одан әрі бала бойында нығайып қалыптасуына түрткі болады.

Екіншіден, қияңқылық құрбылармен қарым-қатынас кезінде қалыптасуы мүмкін, яғни ойын үстінде. Бала бақшаға барған балалар бала бақшаға бармаған балаларға қарағанда қияңқылық мінезі басым болып келеді белгілі (19) .

Үшіншіден, қияңқы балалардың жанындағы адамдардан ғана емес, сонымен қатар бұқаралық бағдарламалардан яғни теледидар көру кезінде зорлық-зомбылық бала бойындағы қияңқылықты оятады (20) .

Э. Фролем қияңқылықтың екі түрін бөліп көрсетеді: «жағымды» және «жағымсыз». Біріншісі қауіп төнген кезде, қорғану мақсатында пайда болады. Қауіп жойылған кезде қияңқылықта сөнеді. «Жағымсыз» түрі қатыгездіктің салдарынан болады. Ол жеке тұлғаның өзіндік қасиеттерімен тығыз байланысты.

Жеке тұлға бойындағы қияңқылықты талдау барысында көптеген диагностикалық критерий деңгейлерін анықтады.

Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптық кезеңдегі балалардың қияңқылығының диагностикалық критериі (22) .

  1. Өз-өзін жиі басқара алмайды,
  2. Үлкендермен және балалармен жиі бәстеседі және ұрысады,
  3. Үлкендердің тапсырмасын орындаудан бас тартады, оларды әдейі ызаландырады.
  4. Өз қателерін сезінбейді,
  5. Қызғаншақ және күмәнданғыш,
  6. Жиі ашуланады және төбелеске дайын тұрады.

6 ай ішінде балада критерийдің 4 түрі байқалса, онда бұл балаларды қияңқылы деп атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамыту
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері
Психологиялық қызметтің дамуы
Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz