Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы



Кіріспе

I.бөлім Қаржы жүйесін қалыптастырудың теориялық аспектілері .

I . I . Қаржының мәні мен қажеттілігі .
I . II .Қаржы жүйесінің құрамы мен дамуы .
I . III . Қаржы жүйесінің түрлері .



II .бөлім Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы .

II . I . Қазақстан Респуьликасындағы осы кезеңдегі қаржы жүйесінің ерекшеліктері II . II . Қазақстан Республикасының 2006 .шы жылға арналған қаржылық . экономикалық корсеткіштерінің болжамы .

III.бөлім. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің даму перспективалары .

III . I . Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің даму
Перспективалары .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер .
Жалпы менің жазған курстық жұмысым « Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі » тақырыбын қамтиды . Осы тақырыпта ҚР –ның қаржы жүйесінің қалай қалыптасқанын , қалай дамығаны жайлы жаздым.
Жалпы курстық жұмысым үш бөлімнен , алты тараудан тұрады .
1-ші тарау тақырыбы « Қаржы жүйесін қалыптастырудың теориялық аспектілері » . Бұл бөлім үш тараудан тұрады .
1- ші тарау : « Қаржының мәні мен қажеттілігі » . Бұл тарауда жалпы қаржыны біз қалай түсінеміз , оның біз үшін қажеттілігі бар ма, оның мәні неде екенін қарастырып жаздым . Сол жерден , қаржы дегеніміз – қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы екеніне көз жеткіздім . Ал қаржы қажеттігі – ол тауар –ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажнеттіліктерінен туындайды . Ал қаржы мәні – ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды . Бұл қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың , соның ішінде құн заңының іс- әрекеті болып табылады .
Сондай – ақ тағы бір айтып кететін мәселе – қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды . Тек тауарлар , көрсетілген қызметтер , еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады екен .
2- ші тарау тақырыбы : «Қаржы жүйесінің құрамы мен дамуы » . Бұл жерде қаржы жүйесі ұғымы жайлы , оның құрамы мен дамуын қарастырдым . Соның ішінде қаржы жүйесі үш бөлдімін қамтиды , олар :
1) қаржы қатынастарының жиынтығы ;
2) ақша – қаражат қорларының жиынтығы ;
3) басқарудың қаржылық аппраты .
Осы түрлерін жазып жеке –жеке сипаттама бердім. Жалпы қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орг мен ролі әр қилы болып келеді . Ең алдымен мемлекеттік қаржыар , материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржылары – ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады . Ал өндірістік емес саладағы қаржы қаржы жүйесіндегі орны мен ролі зор . Және соңғысы – халық қаржылары – ол қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады.
3-ші тарау тақырыбы : « Қаржы жүйесінің түрлері » . Бұл тарауда қаржы жүйесінің әрбір түрлерін жеке –жеке қарастырдым . Оларды атап өтетін болсақ :
- мемлекеттік бюджет жүйесі ;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар ;
- мемлекеттік несие ;
- жергілікті қаржы ;
1. Қ.Қ Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» Алматы 2005 жыл
2. Әубәкіров Я. Ғ, Байжұманов Б. О. «Экономикалық теория» Алматы қазақ университеті 1999 жыл.
3. Абугазин Д. «Регулирование инвестиционной деятельности в
экономике Казахстана», Алматы 2002 жыл.
3. Василевский А «Конспект лекций по экономической теории.
4. Жүнісов Б. А. «Жалпы экономикалық теория», Алматы 2002 жыл.
5. С.Найманбайев «Салық құқығы» Алматы 2005 жыл
6. Крымова В «Экономикалық теория», Алматы 2003 жыл.
7. Колесникова В. «Экономикалық теория», Москва 2000 жыл.
8. Осипова Б. «Экономикалық теория»
9. Сейтқасимов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер», Алматы 2001 жыл.
10 «Қазақстаның қазіргі жағдайы» Л.А . Разакулова // Жетісу, 2003 жыл 25 қаңтар
11 // Егеменді Қазақстан, 2005 жыл 1 ақпан, 4 маусым, 6 сәуір, 11 мамыр.
12 «Қазақстан Республикасының стратегиясы» // Атамекен, 2002 жыл 1 ақпан,5 маусым, 17 қаңтар.
13. «Қазақстаның нарықтық экономикаға көшуі» // Атамекен 2006
жыл 1 ақпан, 11 қаңтар.
14 «Нарық дамуындағы өзгерістер» Е.Б Қожақметова// Қаржы қаражат, 2005 жыл №7
16. Қазақстанның статистикалық жылнамасы, Алматы 2001-2005 жыл
17. Қазақстан Республикасының президентінің халхына Жолдауы 2005, 2006 жылдар.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I-бөлім Қаржы жүйесін қалыптастырудың теориялық аспектілері .

I . I . Қаржының мәні мен қажеттілігі .
I . II .Қаржы жүйесінің құрамы мен дамуы .
I . III . Қаржы жүйесінің түрлері .

II –бөлім Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы .

II . I . Қазақстан Респуьликасындағы осы кезеңдегі
қаржы

жүйесінің ерекшеліктері
II . II .
Қазақстан Республикасының 2006 –шы жылға арналған
қаржылық – экономикалық корсеткіштерінің
болжамы .

III-бөлім. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің даму
перспективалары .

III . I . Қазақстан Республикасындағы қаржы
жүйесінің даму
Перспективалары .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер .

Кіріспе

Жалпы менің жазған курстық жұмысым Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесі тақырыбын қамтиды . Осы тақырыпта ҚР –ның қаржы жүйесінің қалай
қалыптасқанын , қалай дамығаны жайлы жаздым.
Жалпы курстық жұмысым үш бөлімнен , алты тараудан тұрады .
1-ші тарау тақырыбы Қаржы жүйесін қалыптастырудың теориялық
аспектілері . Бұл бөлім үш тараудан тұрады .
1- ші тарау : Қаржының мәні мен қажеттілігі . Бұл тарауда
жалпы қаржыны біз қалай түсінеміз , оның біз үшін қажеттілігі бар ма, оның
мәні неде екенін қарастырып жаздым . Сол жерден , қаржы дегеніміз –
қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша
экономикалық қатынастардың жиынтығы екеніне көз жеткіздім . Ал қаржы
қажеттігі – ол тауар –ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың
қажнеттіліктерінен туындайды . Ал қаржы мәні – ақша нысанындағы құн
қозғалысынан туындайды . Бұл қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының
болуы және экономикалық заңдардың , соның ішінде құн заңының іс- әрекеті
болып табылады .
Сондай – ақ тағы бір айтып кететін мәселе – қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды . Тек тауарлар , көрсетілген қызметтер
, еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламамен
өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады екен .
2- ші тарау тақырыбы : Қаржы жүйесінің құрамы мен дамуы . Бұл
жерде қаржы жүйесі ұғымы жайлы , оның құрамы мен дамуын қарастырдым . Соның
ішінде қаржы жүйесі үш бөлдімін қамтиды , олар :
1) қаржы қатынастарының жиынтығы ;
2) ақша – қаражат қорларының жиынтығы ;
3) басқарудың қаржылық аппраты .
Осы түрлерін жазып жеке –жеке сипаттама бердім. Жалпы қаржы
жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орг мен ролі әр қилы болып келеді
. Ең алдымен мемлекеттік қаржыар , материалдық өндіріс саласындағы
шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржылары – ол қаржы жүйесінің бастапқы
буыны болып табылады . Ал өндірістік емес саладағы қаржы қаржы жүйесіндегі
орны мен ролі зор . Және соңғысы – халық қаржылары – ол қаржы жүйесінің
ерекше бөлігі болып табылады.
3-ші тарау тақырыбы : Қаржы жүйесінің түрлері . Бұл тарауда
қаржы жүйесінің әрбір түрлерін жеке –жеке қарастырдым . Оларды атап өтетін
болсақ :
- мемлекеттік бюджет жүйесі ;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар ;
- мемлекеттік несие ;
- жергілікті қаржы ;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ;
- халықтың қаржысы .
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік ,
яғни орталықтандырылғанқаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика
мен әлеуметтікқатынастарды реттеу үшін пайдаланылады .
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі әлеуметтік
ретту және ынталандыру үшін пайдаланылады .
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы
болып табылады . Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі , оның құрамы мен
құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың
сипатымен , сондай –ақ мемлекеттің әкімшілік аумақтық құрылысымен және
оның саяси –экономикалық бағыттылығымен анықталады .

Курстық жұмысымның екінші бөлімінің тақырыбы : Қазақстан
Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы . Бұл бөлім екі тараудан
тұрады . 1 –ші тарау : Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі қаржы
жүйесінің ерекшеліктері . Бұл тарауда ҚР –ның қазіргі қаржы жүйесінің
ерекшеліктері жайлы жаздым .
Қазіргі бағыт кесек –кесегімен жекешелендіру
номенклатуралық жекешелендіру үшін барлық жағдайлар жасап отыр. Мұның
нәтижесінде қым –қиғаш еңбек рыногы пайда болып ,оның жұмыс күшін (
жалдамалы жұмысшылар ) сатушылар көп болып , оны сатып алушылар (өндіріс
құралдарының ) тым аз болады .
Қазіргі жағдайда қандайда әлем мемлекеттің экономикалық
құрылымын зерделеу , оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес . Бұл жүйе
қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады .

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын
қамтиды . Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс
негізінде әрекет жасайды . Бұл бағыттың бірі – мемлекеттік бюджет екеніне
көзіміз жетті .
2- ші тарау тақырыбы : Қазақстан Республикасының 2006 жылға
арналған қаржылық- экономикалық көрсеткіштер болжамы .Бұл жайында айта
кететін болсақ , Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан
Респудликасының Ұлттық Банкінің экономикалық саясатының негізгі мақсаттары
2006 жылы : экономикалық жоғары өсу қарқынын сақтау үшін жағдайлар жасау ,
бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету , экономиканың қызып кетуін
болдырмау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болады .
Курстық жұмысымның 3– ші бөлімі : Қазақстан Республикасындағы
қаржы жүйесінің даму перспективалары . Бұл бөлім бір тараудан тұрып осы
сұрақты қамтиды .

I-бөлім Қаржы жүйесін қалыптастырудың теориялық аспектілері .
I . I . Қаржының мәні мен қажеттілігі .
Қаржы (қолма-қол ақша , табыс ұғымын білдіретін орта
ғасырдағы латын тілінің finance сөзінен пайда болған француздың financia
сөзінен шыққан ) қоғамда нақты өмір сүретін ,объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи
қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының
жүесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және тағы басқа) қаржы белгілі
орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі
өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға
жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша нысанындағы
қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең
ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие
болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз
болып жататын ақша айналымын-ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан
нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциациаланады және міндетті түрде
ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды
атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты
кітап деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға
болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері
туралы) алғашқы авторы Ксенофонд (б.э.д.430-365жж)болды.
Аристотельдің (б.э.д.384-322жж.) қаржы саласындағы қөзқарасы
оның Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған .
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процсіндегі рөлі экономикалық
құрылысымен, мемлекеттік табиғатымен және функциаларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациалар қаржысының
айырмашылығы мына себептерге байланыты:
әртүрлі қоғамдық формациаға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің
пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудіңқатынастарын есепке
алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формациаларда қаржы билеуші
таптың мүдделерін қоғайтын мемлекттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады.

Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формациаларға натуралдық
қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуды да көбінесе
натуралдық сипатта болады.Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы
болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық
өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражатының қозғалысы түрінде болып
жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қол ақшаме
есеп айырысу түріндебір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Алайда, кез келген ақша операциасы, мәміле қаржы операциасына жата
бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экоомикалық категориалардың- бағаның ,
еңбекке ақы төлеудің , қаржының, кредиттің көмегімен болатын қоғамдық
өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып , жүзеге асырады . Тікелей
қаржы операциаларына мыналарды жатқызуға болады :
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол
ақшасыз жасасатын есеп айырысулары;
негізгі капиталға жұмсалатын амортизациалық соманы есептеу;
табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда , фирмаларда
ішкішаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру ;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару ;
қайырымдылық қорына қаражат төлеу ;
экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы
басқа операциалар.
Қаржы- ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі , ол әрқашан
экономикалықжүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері
арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес , тек айырықша ақша қатынастарын
білдіреді , сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты Жалпы қоғамдық өнім
мен ұлттық табысты жасу, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып ,
қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілтін материалдық ресурстар
бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.
Алайда қаржы ақша ұатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп сасу
дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің ,
оның аумақтық бөлімшелерінің , сондай –ақ шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жаслынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып
табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша
қорларының , атап айтқанда табыс пен қорланымдардың қозғалысымен
байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары
қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына , мысалы,
шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау,
өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциалау және
өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу
мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда
жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату ( тіпті мемлекет бөлшек сауда
бағаларын реттеп отырған жағдайда да ) кезінде пайда болатын ақша
қтынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде
ақшақатынастарын азаматтық- құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі ( олардың құқықтары
мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нысан болып
табылады. Сонымен бірге қалыптастыратын ақша қатынастарының өзіндік
қаржылық емес өзгешелігі болады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да , функциалары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша- бұл ең алдымен ассоциациаландырылған өндірушілердің
еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама , ал қаржы – жалпы ішкі өнім
мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі , ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы . Ол өндіруге ,
бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы
өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік
категорияға жатады.
Қаржыны басқарудың объектісі ретінде қаржылық қатынас, басқару
субъектісі ретінде басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар асырылады .

Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын бұл ұйымдардың жиынтығын
қаржы аппараты деп атайды .
Қаржыны басқарудың қағидалары :
- басқарудағы демократизм ;
- қаржы мәселелеріне көзқарас ;
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістерді оңтайлы
үйлестіру ;
- басқарудың ғылымилылығы ;
- орталық , салалық және аумақтық басқарудың үйлесімділігі;
- шаруашылық шешімдердің сабақтастылығы .
Қаржыны басқарудың екі аспектісін жіктеуге болады : бірішіден,
мемлекет қаржыны экономиканы, әлеуметтік – мәдени құрылысты басқаратын
құрал ретінде пайдаланып , қоғамдық өндірістің барлық үдерістеріне ықпал
жасайды ; екіншіден , қаржының өзі басқару объектісі болып табылады : қаржы
қатынастарының нысандары , ақша қаражаттарының қорлары , қаржы аппараты ,
яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады .
Қаржыны басқарудағы көзқарас көп жоспарлы сипатымен және қаржы
қатынастарының әрбір саласын , звеносын басқаруға жүйелі көзқарасымен
анықталады . Заңдарда , қаржы болжамдары мен жоспарлауында , қаулыларында
және тағы басқа рәсімделетін қаржылық ьасқару шешімдерін қабылдау барысында
мыналарды ескеру қажет :
- экономикалық және құқықтық заңдарға талап ;
- өткен шаруашылық кезкңдері мен болашақтағы нәтижелерді экономикалық
тұрғыдан талдау ;
- қаржыны басқарудағы экономикалық – математикалық әдістер және
автоматтандырылған жүйе ;
Қаржыны басқаруда өзара байланысты ақпарат , жоспарлау ,
ұйымдастыру , реттеу , бақылау тәрізді элементтерді жіктеуге болады .
Қаржылық ақпарат барлық қаржы үдерісін ғылыми негізделген
жоспарлау және жедел басқару мақсатында үлкен маңызға ие . Ақпараттың
шынайылығы мен мерзімділігі жағдай барысын , даму тенденциясын , соңғы
нәтижесін талдауға мүмкіндік береді . Қаржы аппараты қаржы жүйесінің
звенолары бойынша ұсынылатын бухгалтерлік , статистикалық жедел есеп-
қисап нысанында жүргізіледі .
Жоспарлау қаржыны басқаруда маңызды орынға ие . Ол қаржы , еңбек
, материалдық ресурстардың теңдігін , өндірістік және қаржылық
көрсеткіштердің , табыстар мен шығындардың , ұлттық шаруашылықтың барлық
деңгейіндегі барлық қаржы жоспарларының өзар байланысын қамтамасыз етеді
Ұйымдастыру – басқарудың барлық звеноларының үйлесімділігін,
қаржы аппараттарының жоғарғы нәтижелігі, басқарушы қызметкерлердің
жаупкершілігін көрсетеді .
Қаржылық реттеу – жоспардағы тасымалдарды орындау үшін қаржы
ресурстарын пайдалану. Бұл көзделген нәтижеден теріс ауытқулардың
болуына жол бермеу үшін бағытталады . Сондай –ақ резервтік қорлардың
есебінен барлық қызмет түрлеріндегі пропорцияны сақтауды қамтамасыз етуге
жұмсалады .
Қаржы жоспарларының орындалуын бақылау жоспарлаудың барлық
кезеңінде және ақша қорларын құру мен пайдалану үдерісіне шаруашылық
жүргізудің барлық деңгейіндегі жедел басқаруда жүргізіледі.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес , салық ,бюджет
сыртқы экономикалық қатынасиар , қаржыны жоспарлау , бақылау және
басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады .
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа
қаржы жүйесін звенолар бойырша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы
субъектілерінің ( қаржы қатынастарына қатынасушылар ) нышанылар бойынша
мемлекет қаржысы , шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы , халық
қаржысы (үй шаруашылығы ) деп жіктеуге болады . Сыныпқа байланысты
байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары , қаржы қорлары ,
басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады . Қасиеттерін осылай
жүйелендіру қаржы жүйесіне интегралдық сипат береді .
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен ролі әр
қилы болып келкді . Бұл – нң алдымен , мемлекеттік бюджет түрінде берілген
мемлекеттік қаржылар .
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және лоар қаржылық
жүйенің бастапқы буыны болып табылады , өйткені материалдық өндірісте нақты
өнім қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзін құрайды .
Өндірістік емес саладағы қаржының қаржы жүйесіндегі орны мен
ролі оның ұлттық табыстың қолдануы бөлінуіне байланысты анықталады . Бұл
салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен қаржылық жүйенің
буындарымен , сонымен қатар баға , несие және тағы басқалар тәрізді басқа
экономикалық буындарымен пайда болады .
Халықтың ( үй шаруашылығының ) қаржылары қаржы жүйесінің
ерекше бір бөлігін көрсетеді . халық ( азаматтар ) өзінің ақша
қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйе мен меншіктің барлық
нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық
жүргізуші субъектілерімен қатынасқа түседі .
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы – несие жүйесінің
жалпылама ұғымы да бар , оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес , сондай
–ақ несие жүйесі де қамтылады . Қаржы несие жүйесі бірлескен түрде көбінесе
материалдық өндіріс сферасында қызмет етеді , өйткені несие мекемелері
өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сфере несие қатынастары
шектелген .
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан , қаржы
қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі
. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтып кетемін .
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлі
сфералары мен буындарының жиынтығы , қатынастардың бұл процесінде ақша
қөорлары құрылып , пайдаланылады .
Нәтижесінде ол өзінің ықпалым ен бүкіл экономиканы қамтиды .
Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады
және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды . Сонымен бірге қаржы
құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы
қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн .
Қаржы жүйесінің құрамы интегралдық тұрпатты жүйе болып табылады
, оған кіретін элементтердің ( қосалұы жүйелердің ) тығыз байланысымен
және оның қосалқы жүйелерінің бірде – бірі өзінше өмір сүре
алмайтындығымен сипатталады : қарды , бір жағынан өндірістік қатынастардың
бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементтері болып
келнді , екінші жағынан , өзінің функционалдық өзіндік ерекшклігі бар өзара
байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады .

I . III . Қаржы жүйесінің түрлері .

Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі
ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин :
а ) бір – бірімен өзара тығыз байланысты қатынастарының
сфералары мен буындарының жиынтығы ;
ә )елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы , оларға қаржы
мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады ;
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы
жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары менақша ресурстарының жиынтығы
және оларды жұмылдыруды , ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен
несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды .
Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада , тек мемлекеттің қаржы
мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады , бұл жеткіліксіз .
Сонымен бірге қаржы жүйесі институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы
жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы , ал экономикалық тұрғыдан – ол
мемлекетте іс - әрекет ететін бір – бірімен өзара байланысты қаржы
қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн .
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті . Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі , жалпыға мәлім , әдетте ,
тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджеттпен шектелген . Классикалық
капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің , соның ішінде
бұрынғы КСРО – ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен
жергілікті қаржылар құрады . Олар ақша қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді
, бұл ұғымдардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық
функцияларын орындап отырды .
Жүйе терминінің анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын , оның
қоғамдық - экономикалық процестегі орнын негіздей отырып , қаржы жүйесі
сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған . Осы критерийге сәйкес қаржы
жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды :
1 ) қаржы қатынастрының жиынтығы ;
2 ) ақша қорларының жиынты
3 ) басқарудың қаржы аппараты .
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды :
1 ) мемлекеттік бюджетте сақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қатынастары ;
2 ) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары .
Жеке меншік және мемлекеттік қәсіпорындардың қаржысы сферасының
бастапқы табыстары , сондай ,ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің
қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын ескеру қажет . Және бұл тек
теориялық жәйт қана емес, өйткені юұл жүйелердің бүкіл жиынтығы Қазақстан
қаржы жүйелерінің балансында қамтып көрсетіледі .
Екінші сфераның – шаруашылық жүргізуші субъектілердің екі дербес
қосалқы сферасы болады:

- материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы ;
- өндірістік емес сфера салаларының ұйымдары мен мекемелерінің
қаржысы ;
- өндірістік емес сфера салаларының ұйымдары мен мекемелерінің
қаржысы .
Бірінші қосалқы жүйеде – өндірістік емес қаржысында өндірістік
компанияларда , фирмаларда , корпорацияларда , шаруашылық қызметті
ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылған аақша қорларын
ұйымдастырып , оларды тиімді пайдаланудың мәселелері шешіледі .
Екінші қослқы жүйенің - өндірістік емес сфера қарэжысының орны мен
ролі оның ұлттық табысты бөлу мен және пайдалану жөніндегі байланысымен
айқындалады . Бұл қосалқы жүйеде қаржы қатынастары түрлі мақсатты сипаттағы
сан алуан ақша қорларын қалыптастыру арқылы одан әрі тұтыну мақсатында
құнды қайта бөлудің каналдары бойынша жасалынған құнның қозғалысына қызмет
етеді .
Қаржыларда функционалдық қосалқы жүйе ретінде мыналарды атап айтуға
болады : салық , бюджет , сыртқы экономикалық , қаржы жоспарларының ,
қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы
жүйелері .
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары
ретіндегі.
Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес
мынандай түрлері бар :
- мемлекеттік бюджет жүйесі ;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар ;
- мемлекеттік несие ;
- жергілікті қаржы ;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ;
- халықтың қаржысы .
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік , яғни
орталықтандырылғанқаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтікқатынастарды реттеу үшін пайдаланылады .
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған
қаржыларға жатады және микродеңгейдегі әлеуметтік ретту және ынталандыру
үшін пайдаланылады .
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады . Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі , оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай
–ақ мемлекеттің әкімшілік аумақтық құрылысымен және оның саяси
–экономикалық бағыттылығымен анықталады .

Жалпы , қаржылардың бұл түрлері екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі :
мемлекеттік мемлекеттік бюджетте , қоғамдық мұқтаждарды мақсатты
қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда,
мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды .
Шаруашылық жүгізуші субъектілердің қаржысы қаржылық жүйенің саласы
ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды , себебі мұнда материалдық
және материалдық емес игіліктер қалыптасады .
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларының шеңберінде материалдық
, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы
қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі .
Сонымен , қаржы жүйесінің негізгі түрлерін қорытындылай айта кететін
болсақ, олар мыналар болып табылады : мемлекеттік бюджет жүйесі, арнаулы
бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, жергіліктік қаржы,шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысы, халықтың қаржысы, осы қаржы жүйесінің
негізгі түрлерінің әрқайсысының біздің Қазақстан Респуликасының
экономикасында алатын орны өте зор .

II-Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы .
II . I . Қазақстан Республикасының осы кезеңдегі қаржы жүйесі .

Республика экономикасы аса күшті дағдарысты жағдайда болып ,
әрбір күн үсті үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда ,ал бұл жағдайда
экономиканы тұрақтандыру мәселесі барған сайын қиындап , оның өзі іс-қимыл
стратегиясында да , тактикасында да елеулі түзетулер енгізуді қажет етіп
отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап , ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайда
жұмыс істеуге тура келеді .
Экономиканың қазіргідей жағдайда тап болуының себептері көп ,
олар жайында саясатшылар да , ғалымдар да , айтып та , жазып та жүр.
Солардың көбі

республиканың ондаған жылдар бойғы
Социалистік дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді . Бірқатар факторлар
республика экономикасының бұрынғы экономикасымен барынша байланысты,
Ресейдегі экономикалық реформаның бағытттары мен қарқындарына өте тәуелді
болуына байланысты.
Сонымен қатар үкіметте экономиканы республикамыздың
жағдайларына сәйкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген
стратегияда, бағдарламада жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе
жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайды жақсартудың орнына
көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді
жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын.
Мемлекет жаңа қаржы экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік
қызметтің барлық түрлерін кеңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-
жігер жұмсауға тиіс болды, өйткені, біздің көз жеткеніміздей
попополияяландырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей
нәтижелер бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде шабындық көрсетіп, басқалар
қалай жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар олардың
орындалуын, басқарудың барлық буындарын тарапынан қолдау көрсетілуін
қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни нарық
инфроқұрылымын жеделдете дамыту керек. Қазіргі ең басты – рыноктың ұсақ
субьектілерінің қызметіне серпін беру, мұның өзі іскерлік белсенділіктің
күрт артуына себеп болады. Осыған орай, барлық деңгейде кіші бизнеске
үйрету орталықтарын құру, соған септігін тигізетін қорлар жасау
керек.Нарыққа өту жағдайларында Үкімет алдында тұрған басты проблема –
бүкіл дерлік ұлттық байлық мемлекет меншігінде болады . Дамыған елдердің
тәжірибесі халықтың белгілі бір бөлігі ғана белсенді меншік иелерін
кәсіпкерлікке айналдыратын , ал басым көпшілігі компаниялардың бірінің
акцияларына иеленіп , жалданып жұмыс істейтінін көрсетті . Жекешелендіру
барысында мемлекеттік меншікті бөлу бізге де ,бәрі бірдей меншік иесі
кәсіпкерге айналуға себеп болмайды , рынок қанша қажет етсе , соншама
кәсіпкерлер болады .
Банк және қаржы – несие жүйесінде капитал банктер ,
инвестициялар және холдинг компаниялары , қор биржалары арқылы өтетін
мемлекеттік емес секторларды едәуір ұлғайту , кәсіпкерлер үшін қаржы
ресурстарының ашық болуын қамтамасыз ету жолымен , шағын бизнестің
қажеттерін ескере ,кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мен асқтандыру жүйесін
мемлекеттік қатысынсыз қаржыландыру , қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес
.Кәсіпкерлік қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі , заңдардағы
өзгерістер туралы , қолда бар такарлар , нарық жайы , банк –несие саласы ,
қаржы институттары , бағалы қағаздар рыногы туралы жұртты дер кезінде
хабардар ету қажет .Сондықтан реформалардың қазіргі кезеңдегі аса маңызды
мәселе –меншік қатынастарын өзгерту . Бөліп беру жүйесін , соның ішінде
оның соңғы тұтқасы – директивалы баға белгілеуді жойып ,монополияға қарсы
сипаттағы өзгерістерді тек меншік қатынастарын өзгертумен бір мезгілде
жүзеге асыруға болады .
Қазіргі бағыт кесек –кесегімен жекешелендіру номенклатуралық
жекешелендіру үшін барлық жағдайлар жасап отыр. Мұның нәтижесінде қым
–қиғаш еңбек рыногы пайда болып ,оның жұмыс күшін ( жалдамалы жұмысшылар )
сатушылар көп болып , оны сатып алушылар (өндіріс құралдарының ) тым аз
болады .
Қазіргі жағдайда қандайда әлем мемлекеттің экономикалық
құрылымын зерделеу , оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес . Бұл жүйе
қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады .

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын
қамтиды . Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс
негізінде әрекет жасайды . Бұл бағыттың бірі – мемлекеттік бюджет .
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм . Ол сол әр елдердің
ерекшелігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет жүйесінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Мемлекеттік қаржы қызмет
Қаржы жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Бюджет жүйесі туралы
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Қаржы жүйесіне жататындар
Пәндер