Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Нарықтық экономикадағы қаржының мәні құрылымы мен объектісі

1.1. Рыноктық экономикадағы қаржының мәні құрылымы ... ... ...4
1.2. Қаржы қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы
ресурстардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы .

2 . I . Қазақстан Респуьликасындағы осы кезеңдегі қаржы
жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. II . Қазақстан Республикасының 2006 .шы жылға арналған
қаржылық . экономикалық корсеткіштерінің болжамы ... ...19

3. Қазақстан дамушы елдермен валюталық қаржы жүйесінде
қатынастарының жетілдіру бағыттары

3.1. Қазақстан дамушы елдермен ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2. Дамушы елдермен валюталық қаржы қатынастарының жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қаржы-қатынастарының - ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығын қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы жүйесі - бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы болып келеді.
Қаржы-қатынастардың мақсаты - қаржы категорияларын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын игеріп алуда, сондай-ақ қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайында оның қолданылу әдістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады. Қаржы қатынастарды бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-қимыл механизмі, қаржыны дамушы нарықтық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері аркылы көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелердегі іс-қимылының қағидаттары мен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, мемлекеттік бюджет, сақтандыру, резервтер, функциялык жүйелер, қаржылық жоспарлау мен болжау, бақылау, қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы. Қаржының субъектілері аталған қатынастардың катысушылары – шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік, қоғамдык және өзге органдары, мекемелер, үй шаруашылыктары, басқа экономикалық агенттер болып табылады.
Курстық жұмыс, екі бөлімнен, қорытынды және пайдалынған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде - рыноктық экономикада қаржы-қатынастарының дамуы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімде - қаржы-қатынастар даму жүйесінде Қазақстанның орны туралы жазылған.
1. В.И. Ленин толық жинағы 1-том

2. В.И. Ленин толық жинағы 3-том

3. Кулагин П. «Рынок в социалистической экономике» - Қажы экономика №1, 490

4. Чалбаев К.К. «Интенсификация производства и рыночные отношения» - М.,Экономика, 1996 ж.

5. Современный рынок: природа и развитие /Под.ред. Дунаева Э.П., Рузаковой И.Е. Изд.МГУ 1992

6. Шеденов Ө.Қ. т.б. «Жалпы экономикалық теория»,-Алматы 2002

7. «Қаржы» Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев,- /Алматы 2005

8. Майдан-Әли Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» ,- /Алматы 1998 ж

9. «Халықаралық экономикалық қатынастар», - Алматы 2001 жыл

10. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері»

11. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и еө роль в обеспечении устойчивого разви¬тия экономики Казахстана,- Алматы, Қаржы -қаражат, 2002

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3

1. Нарықтық экономикадағы қаржының мәні құрылымы мен объектісі

1.1. Рыноктық экономикадағы қаржының мәні құрылымы ... ... ...4
1.2. Қаржы қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы
ресурстардың рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы .

2 . I . Қазақстан Респуьликасындағы осы кезеңдегі қаржы

жүйесінің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. II . Қазақстан Республикасының 2006 –шы жылға арналған
қаржылық – экономикалық корсеткіштерінің болжамы ... ...19

3. Қазақстан дамушы елдермен валюталық қаржы жүйесінде
қатынастарының жетілдіру бағыттары

3.1. Қазақстан дамушы елдермен ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... .23
3.2. Дамушы елдермен валюталық қаржы қатынастарының жетілдіру бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29

Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Қаржы-қатынастарының - ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет,
шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар
арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығын қаржы
қатынастарын құрайды.
Қаржы жүйесі - бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық
тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты
қаржы қатынастарының жиынтығы болып келеді.
Қаржы-қатынастардың мақсаты - қаржы категорияларын, терминдерін,
олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен
орнын игеріп алуда, сондай-ақ қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара
байланысы мен іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының
нақтылы жағдайында оның қолданылу әдістерін түсінуге қол жеткізу болып
табылады. Қаржы қатынастарды бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың
мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-
қимыл механизмі, қаржыны дамушы нарықтық экономиканы реттеуде пайдалану
мүмкіндіктері аркылы көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған
кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және
басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелердегі іс-қимылының қағидаттары мен
өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған
мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, мемлекеттік бюджет,
сақтандыру, резервтер, функциялык жүйелер, қаржылық жоспарлау мен болжау,
бақылау, қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы. Қаржының
субъектілері аталған қатынастардың катысушылары – шаруашылық, коммерциялық,
мемлекеттік, қоғамдык және өзге органдары, мекемелер, үй шаруашылыктары,
басқа экономикалық агенттер болып табылады.
Курстық жұмыс, екі бөлімнен, қорытынды және пайдалынған әдебиеттерден
тұрады.
Бірінші бөлімде - рыноктық экономикада қаржы-қатынастарының дамуы
туралы қарастырылған.
Екінші бөлімде - қаржы-қатынастар даму жүйесінде Қазақстанның орны
туралы жазылған.

1. Нарықтық экономикадағы қаржының мәні, құрылымы мен объектісі
1.1 Рыноктық экономикадағы қаржының мәні құрылымы

В.И. Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. 19-ғасырдың 90-шы
жылдарында көптеген еңбектер шығарады. Оның ішінде Рынок жайлы әңгімелесу
рефераты және Капитализімнің Ресейде дамуы еңбегін айтуға болады. Бұл
еңбектерінде В.И.Ленин рыноктың мәні мен рөлі жайлы жазды. Рынок ұғымын –
Лениннің айтуынша – қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға
болмайды.1. 94 бет
В.И. Лениннің ойынша, жергілікті тұйықталған рыноктар мен 19-шы ғасырдың
аяғында бүкіл Ресейде ішкі рыноктың болмауы жергілікті тұрғындардың
экономикалық артта қалуының негізгі болады.2. 383 бет
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде рынок мәселесін ғылыми
зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік-бюрократтық жүйенің идеологиялық
нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген жылдары рыноктың
мәні, рөлі орнына догматикалық көзқарас бұрынғы Одақ экономикалық жүйесінде
басым болды.
Рыноктық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу
шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы пікір
біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
Рынок – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс
факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін
байланыстырушы ұйым 3. 143 бет
Рынок – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы
белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы 4. 246 бет
Рынок – сатушы мен сатып алушы арасында тауарды өткеру жайлы қатынастар
жүйесін көрсетеді 5. 71 бет
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және рыноктық
қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, мәселенің тек бір жағын
ашады Осы анықтамалардағы ортақ пікір: рынокты өндірістің емес, айырбас
аясының категориясы ретінде қарап, рыноктық қатынастардың субъектісіне
сатушы, сатып алушы және тұтынышылар жатқызылады.
Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі
оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы рыноктық қатынаста мүлде әртүрлі
субъекті болып табылады.Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық
байланыстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас
пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан
басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар
туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде
тауарлы – ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Рынок іс-әрекетінің аясын тек айырбаспен шектеу, бәсекелістікпен шығын
минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік байланыстарды құру сияқты
сапалы қасиеттерінен айырады. Демек рынок пен рыноктық қатынастар жоқ
өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-
әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік - әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы
орталықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның
экономикалық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек рынок атқара алады.
Рыноктың мәні тұрғысынан қарасақ, онда оның мән-мағынасын жоғарыдағы
анықтамалардың ешқайсысы аша алмаған.
Рынок - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен
буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде
болады.
Осындан мынадай тұжырымжасауға болады: рынок ұғымын тар шеңберде сату
түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде
қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.6. 240-241 бет

1.2 Қаржы қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы ресурстардың рөлі

Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканының дамуы мен
ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталған. Кез-келген мемлекетте
қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық
жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Мемлекеттік қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың
әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға,
қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы
құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы
тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,
әлеуметтік немесе медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік
қоғамдық зайымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министірлік пен
ведомствоның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) –
компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоцияция, бірлестіктердің
ақшалай қаржысы құрайды.
Кәсіпорынның қаржысы (мемлекеттік және мемлекеттік емес)- меншіктегі
және зайымдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаржатты,
әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық
қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық еңбек қызметтерінің жалақы, акция
дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының процентінегізінде, коммерциялық
және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды
мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі
экономикалық қатынастар жиынтығын тұрғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы
өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Рыноктық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметті қарады:
бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едеуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа,
әлеуметтік – мәдени шараларға, мемлекеттік басқаруға мен қорғанысты
дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің
сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда,
несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде
жүзеге асырады.
Қаржы рыногы – рыноктық экономиканың қалыптасқан элементерінің бірі. Өз
аясына капитал рыногын, валюта рыногын ғана емес және бағалы қағаздар
рыногын ендіреді. Бұл рыноктардың өз құрамына еңгізудің мақсаты – еркін
қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік
қоғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеде қаржы рыногының
қызметін мемлекеттік бюджет, банктің несие жоспары, министрліктің қаржы
жоспары т.б. тетіктер арқылы жүргізіледі.
Қаржы рыногы - өзінің инфрақұрылымымен айқындалған күрделі механизм
және жаңа ақпататтық ағымдармен ерекшеленеді. Қаржы рыногын құру үшін
кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы және оның
курсының өзгеруі, инфрақұрылым мен ақпароатты қамтамасыз етуді жатқызамыз.
Рыноктык экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие-қаржы жүйесін қайта
құруды талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономикаға екі түрлі қаржылық
қатынастар әсер етеді – бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен
басқа деңгейдегі бюджеттер және бюджеттік мес орталық қаржы қорларының
қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бюджеттік
қаржыландыру жолымен қолданылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыру қажет.
Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану
бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы
рыногы жағдайында кәсіпорын, ұйымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған
табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал, халық шаруашылық
қосымша қаржы көздеріне ие болады. Мұндай капитал нарығысының
кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес.
Қаржы нарығы қалыптастырудың өзіндік қиындығы бар. Сондықтан бағалы
қағаздар институтын құру және қаржы нарығы инфрақұрылымын дамыту керек. 6.
283-285 бет Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни
айрықшалықты өндіріс қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып
қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық
іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі
болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық
шаруашылықтың тиесті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы
ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет.
Демек, қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап
айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде
жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың
қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдалынылады. Тап қаржы
ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп
алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы мен ұлттық табысты арттыру қаржы
ресурстары өсуінің басты шарттары болып табылады.Қаржы ресурстарында
негізгі орында таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер,
кеден төлемдер, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және
амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары
(қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырған, белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалынатын мақсатты ақша қаражаттары, ал
қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және
шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден,
қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның
немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттары жасау
мүмкіндіктерін түсінеді.Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни
ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорлардағы байланылған қаражаттар,
сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағытталған жоқ қорлар бойынша
қалыптаспаған ақша қаражаттары.
Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1.Шаруашылық жүргізуші практикасында қаржы ресурстарының ұғымы деп
мемлекеттің, кәсіпорындың қарамағында белгілі бір кезеңдегі барлық ақша
кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит
ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық
есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында,
кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар
кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне
қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді
мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалған құнды
алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан
мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.
2.Егер жиынтық өнімнің материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның
бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйінсек онда, қаржы ресурстарының
ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элиментін шығарып тастасақ,
онда, қаржы ресурстарының ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорндарында
оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша)
нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалау негізінен арнаулы мақсатты арналымның ақша
қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-
әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы
ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері
негізінде обективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен
салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Қор нысанының
артықшылықтарына маналар жатады: кез-келген қажеттілікті қанағаттандыруды
экономикалық мүмкіндіктермен тығыз ұштастыру мүмкіндігі; ресурстарды
қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландыруды қамтамасыз
ету; қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделерді толығырақ үйлестіру
мүмкіндігі.1. 32-35
Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастарды құқықтық реттеуді қажет етеді.
Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің
міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң
нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке
бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына
межеленіп айырылады; қаржының кең ұсыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары
ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және
сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын
құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржы құқығында қаржы құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы
элементтері, белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу
(күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі
пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік,
бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда
көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол бермейді,
қаржы қатынастары қатысушылары- ның құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл
анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және
уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдары жасауға бағытталған қаржы
қатынастары қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық
нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады
Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттіліктер арқылы
өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің
мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтық қатынастардан тыс
қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен
кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттіліктер
кезінде болжаған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар
бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл
орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген,
қаржы құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының – кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындалуы үшін міндетті
нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.
Нұсқамалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындығы мемлекеттік
органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық
қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана
емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларының
құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық
қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты
міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші
күшімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті
іс-әрекеттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен әдістерінің көмегімен
объективті қаржы құқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы
нәтижелеріне жаңғырту қоғамының қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық
механизімі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның
тұтқалары ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен
әдістердің экономикалық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай
механизіміне қосылуы болады.
Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын
тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының
мемлекеттік-өкілеттік нұсқамалары, сондай-ақ ұсыныстары, келісулері қаржы-
құқықтық реттеудің әдістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелердің
орындалуы көбінесе азаматтар мен лауазымды адамдардың заңды сөзсіз
орындауына және саналылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етіледі.
Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға
мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз
өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын
жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда
ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші
ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар,
тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен нестелендірудің тоқтатылуы,
несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін
жоғарылытылған тарифтер және т.т. жатады.
Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне олардың құқықтарын
әкімшілік сот тәртібімен немесе мемлекеттің билеп-төстеуші органдарының -
өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшілдіктердің қызмет процесінде
қорғау мүмкіндігіне кепіл болады; олар өздерінің бақылауындағы құрылымдар
актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдалынылатын
қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың
жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттік қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы инеституционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі,
бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте
іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін есте шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы-
қатынастарының пайда болуыкезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте тек
бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мімкіндік береді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырады.
Қаржы жүйесінің терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының
мәнділік сипаттамасы, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей
отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге
сәкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастардың жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталған мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша
қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандыралмаған ақша қорларының толық айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары. 7. 39 бет
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғадық өндірістегі субъектілердің рөлі
қаржы қатынастары жіктемесінінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтанырылған және орталықтандыралмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатта жүйе болып табылады, оған кіретін
элементердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы
бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы
қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің
функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын
жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық
қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылық бақылаудың және
басқа қосалқы жүйелері.
Буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері
болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің
мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады.
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы жүйесінің ерекше бөлігі болып
табылады. Халық өзінің ақша қаражаттармен жалпамемлекеттік қаржы жүйесімен
және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Сонымен бірге азаматтардың жеке дара және шағын кәсіпкерлікпен
айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пада болады:
мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында
пайда болатын қатынастарға ұқсас.
Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын
материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың
мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржы аппараты болып
келеді.
Қаржы жүйесі ұғымы мен қатар қаржы-кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да
бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ кредит жүйесі де
кіріктіріледі. Қаржы-кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық
өндіріс сферасында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес
сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары шектелінген.
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада
қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржы қатынастарының сфералары мен
буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің
құрамына қарайды.
ҚР-да макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын
қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды,
ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді
жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгінгі Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
• Мемлекеттің бюджет жүйесі;
• Арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
• Мемлекеттік кредит;
• Жергілікті қаржы;
• Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
• Халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдалынылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функцмялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
Мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы,
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары
ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты
қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда,
мемлекеттік кредитте көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді,
оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы
мен арналамына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай
жүргізіледі. Бұл белгілі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында
мынадай буындары бөлуге мүмкіндік берді: коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық
(қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды
қанағаттандыруға тиіс:
Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша
қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады.
Екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті
экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына
және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті
аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министірліктің және
үкіметтің басқаруына білдіреді.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар
(министрліктер, ведомствалар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер)
деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда,компанияларда және т.б.)
деңгейінде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады. Бұдан
басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас,
кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың
ерекшеліктері қамтып көрсетіледі.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда.
Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік
экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту,
ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық
буындарында шаруашылық коммерциялық есепті нығайту болып табылады. 10.
163-164 бет
Нарық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесіннің рөлімен маңызы шұғыл
артады. Қаржы-кредит нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімды жұмыс істейтін
секторларының біріне айналу тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның
басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының,
фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-
ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен
дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру
жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл
шаралардың қатарында - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы
әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымына жаңғарту,
ғылыми-техникалық прогресті тездету.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну
рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде
инвестицияларды оңтайластыру, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде
үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгейінде –
залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық
буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
7. 50 бет

2. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы .
2. 1. Қазақстан Республикасының осы кезеңдегі қаржы жүйесі .

Республика экономикасы аса күшті дағдарысты жағдайда болып ,
әрбір күн үсті үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда ,ал бұл жағдайда
экономиканы тұрақтандыру мәселесі барған сайын қиындап , оның өзі іс-қимыл
стратегиясында да , тактикасында да елеулі түзетулер енгізуді қажет етіп
отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап , ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайда
жұмыс істеуге тура келеді .
Экономиканың қазіргідей жағдайда тап болуының себептері көп ,
олар жайында саясатшылар да , ғалымдар да , айтып та , жазып та жүр.
Солардың көбі

республиканың ондаған жылдар бойғы
Социалистік дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді . Бірқатар факторлар
республика экономикасының бұрынғы экономикасымен барынша байланысты,
Ресейдегі экономикалық реформаның бағытттары мен қарқындарына өте тәуелді
болуына байланысты.
Сонымен қатар үкіметте экономиканы республикамыздың
жағдайларына сәйкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген
стратегияда, бағдарламада жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе
жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайды жақсартудың орнына
көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді
жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын.
Мемлекет жаңа қаржы экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік
қызметтің барлық түрлерін кеңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-
жігер жұмсауға тиіс болды, өйткені, біздің көз жеткеніміздей
попополияяландырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей
нәтижелер бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде шабындық көрсетіп, басқалар
қалай жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар олардың
орындалуын, басқарудың барлық буындарын тарапынан қолдау көрсетілуін
қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни нарық
инфроқұрылымын жеделдете дамыту керек. Қазіргі ең басты – рыноктың ұсақ
субьектілерінің қызметіне серпін беру, мұның өзі іскерлік белсенділіктің
күрт артуына себеп болады. Осыған орай, барлық деңгейде кіші бизнеске
үйрету орталықтарын құру, соған септігін тигізетін қорлар жасау
керек.Нарыққа өту жағдайларында Үкімет алдында тұрған басты проблема –
бүкіл дерлік ұлттық байлық мемлекет меншігінде болады . Дамыған елдердің
тәжірибесі халықтың белгілі бір бөлігі ғана белсенді меншік иелерін
кәсіпкерлікке айналдыратын , ал басым көпшілігі компаниялардың бірінің
акцияларына иеленіп , жалданып жұмыс істейтінін көрсетті . Жекешелендіру
барысында мемлекеттік меншікті бөлу бізге де ,бәрі бірдей меншік иесі
кәсіпкерге айналуға себеп болмайды , рынок қанша қажет етсе , соншама
кәсіпкерлер болады .
Банк және қаржы – несие жүйесінде капитал банктер ,
инвестициялар және холдинг компаниялары , қор биржалары арқылы өтетін
мемлекеттік емес секторларды едәуір ұлғайту , кәсіпкерлер үшін қаржы
ресурстарының ашық болуын қамтамасыз ету жолымен , шағын бизнестің
қажеттерін ескере ,кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мен асқтандыру жүйесін
мемлекеттік қатысынсыз қаржыландыру , қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес
.Кәсіпкерлік қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі , заңдардағы
өзгерістер туралы , қолда бар такарлар , нарық жайы , банк –несие саласы ,
қаржы институттары , бағалы қағаздар рыногы туралы жұртты дер кезінде
хабардар ету қажет .Сондықтан реформалардың қазіргі кезеңдегі аса маңызды
мәселе –меншік қатынастарын өзгерту . Бөліп беру жүйесін , соның ішінде
оның соңғы тұтқасы – директивалы баға белгілеуді жойып ,монополияға қарсы
сипаттағы өзгерістерді тек меншік қатынастарын өзгертумен бір мезгілде
жүзеге асыруға болады .
Қазіргі бағыт кесек –кесегімен жекешелендіру номенклатуралық
жекешелендіру үшін барлық жағдайлар жасап отыр. Мұның нәтижесінде қым
–қиғаш еңбек рыногы пайда болып ,оның жұмыс күшін ( жалдамалы жұмысшылар )
сатушылар көп болып , оны сатып алушылар (өндіріс құралдарының ) тым аз
болады .
Қазіргі жағдайда қандайда әлем мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Дағдарыстан кейінгі кезең
Қаржы нарығы жайында
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Нарықтағы әлеуметтану
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Пәндер