Қаржы менеджменті туралы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І. 1. Қаржы менеджментінің мазмұны,

мағынасы және атқаратын қызметі …… . . . … . . . 5

I. 2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті . . . 8

II -бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II. 1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің

анықталуы. Дюпон формуласы . . . 11

II . 2. Қаржы нарқы конъюнктурасын

сипаттаушы көрсеткіштер . . . 16

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

III. 1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты . . . 18

ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген

элементтерінің құнын бағалау . . . 22

Қорытынды . . . 28

Қолданылған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.

Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Әрбір дамыған қоғам, қоғам мүшесі немесе мемлекет өзінің қаржылық шығындары, қаржы-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат, алдын-ала жоспар жасайды. Бұл заман талабы. Қазіргі таңда кез-келген дамыған нарықтық экономикалы елді алып қарасаңыз, осы мәселеге жолығасыз. Қаржылық менеджмент негізінен қажеттіліктерді анықтап, оған қанша қаражат, қандай көлемде, қай бағытта жұмсау керек екендігі туралы ақпарат болып табылады. Ол өткен жылғы мәліметтерге және шетел тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізіледі. Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді.

Менеджмент - ағылшын сөздігінде "manage" - басқару деген ұғым. Осыған байланысты, қаржы менеджменті - қаржыны басқару немесе кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қалыптасуы - оны пайдалану, тарату және ақша қаражатының айналымын ұйымдастыруды басқару үшін жасалатын әдістер мен басқару шешімін іске асыру принциптерінің жүйесі. Қазақстан Республикасында тиімді қаржы менеджменті практикасы әлі бастапқы даму кезенінде, оған өтпелі кезеңнің объективті экономикалық қиыншылықтары, нормативтік-құқықтық базалардың жетілдірілмеу салдарынан қажетті мамандарды дайындау деңгейінің төмендігі себеп болды.

Еліміздің нарықтық экономикаға енуі қаржылық басқарудың жаңа тәсілдерін талап етті, басқару жүйесінде жаңа мамандықтың - қаржы менеджментінің пайда болуына ықпал етті. Қаржы менеджментінің түпкі мақсаты косіпорынның нарықтық құнын барынша молайтуды қамтамасыз ету, пайданы қалыптастыру және тиімді пайдалану тетігін қолдана отырып, кәсіпорынның бәсекелестік бағытын арттыру. Соның ішінде акционерлік қоғамда кәсіпорын иесінің барынша табысқа жетуі акцияның курстық құнының өсуі арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар акцияның курстық құнының өсуімен кәсіпорын пайдасының өсуі бір-біріне сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам, өндірістің дамуына инвестицияны тартып, көп ағымдағы шығындарды жұмсай отырып, нәтижесінде жоғарғы деңгейлі пайда табады. Керісінше жағдайда, кәсіпорын барынша пайданы көбейту үшін, негізгі қорды жаңартуға инвестицияны тартудан қашады, ол болашақта кәсіпорынның бәсекелестігіне әсер етеді, нәтижесінде кәсіпорын акциясының құнының төмендеуіне ықпал етеді.

Қаржылық менеджмент бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық әрекетін қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі. Қаржыны басқару кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алуі мақсатыңда қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады. Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде - бұл кәсіпорынның қаржы қызметі. Дегенмен, кәсіпорынның ішкі қаржы қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Қаржы менеджменті жұмыс істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.

Кәсіпорындардың қаржы қызметкерлеріне қойылатын жаңа талаптар "Қаржы менеджменті" курсының оқу жоспарының құрылымын және пәннің мағынасын анықтайды.

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І. 1. Қаржы менеджментінің мазмұны, мағынасы және атқарымы

Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімінің бірі - қаржыны басқару. Нарықтық экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың принциптері және әдістері 19-20 ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып, "қаржылық менеджмент" деген атқа ие болды. Жұз жылдан астам мерзімде қаржылық менеджмент ілімі эволюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтті де өзінің пайда болған кезінен бастап көптеген өзгерістерге ұшырады.

Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білінуі туралы қаржы әдебиеттерінде екі негізгі бағыт (көзқарас) қалыптасқан:

1. Қаржы екі атқарым - тарату және бақылауды орындайды.

2. Қаржы үш атқарымды орындайды: табысты қалыптастыру; шығын жасау-тарату; тиімді бақылау.

Екі бағыттың ішіндегі дұрыс негізделгені екінші бағыт. Шындығында, қаржыны тараптас бұрын, алдыменен табысты қалыптастыру керек, яғни ресурстарды қатыстыру арқылы ақша қаражаттары қорын қалыптастыру қажет.

Соныменен, бірінші атқарым қаржы менеджерінің жұмысында қаржы ресурстарын ақша қаражат қорына толық шоғырландырылуы арқылы айқындалады. Атап айтқанда толық және өз уақытында қаржы ресурстарын белгілі ақша қаражат қорына жинақтау қаржы-несие жүйесінің барлық бөлімдерінің аса маңызды мақсаты болып есептелінеді. Шындығында, табыстың толық туспеуі, яғни өз уақытында сатылған тауарлардан түсімнің түспеуі, өндірісті қаржыландыруды, әлеуметтік төлемдерді төлеу және т. б. қаржыландыруды бұзады. Бұл дегеніміз қаржы менеджерінің жіберген қателіктерін қалпына келтіру үшін қаржы көздерін іздестіру арқылы, шара қолдануды қажет етеді.

Өз уақытында табыстың түсуінің қажеттігі қаржы менеджерінің басты принциптерінің бірі болып есептелінеді. Екінші атқарым - шығын жасау немесе барлық ақша түсімдерін тарату және қайта таратуда байқалады. Соныменен, қаржы менеджерінің қолындағы қаржы магниті уақытша бос ресурстарды тартып, оларды ең басымды және тиімді объектіге салған жөн болады.

Қаржылық менеджмент - бұл кәсіпкерлік кәсіпорындардың шаруашылық әрекетін қаржыландыру процесін ұтымды басқару жүйесі.

Қаржыны басқару - кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі. Қаржы менеджментін капиталды тиімді пайдалану және барынша пайда алуі мақсатыңда қаржы ағымын басқаруды ұйымдастырумен анықтауға болады. Қаржы менеджменті жұмыс істеу процесінде қаржы тетігіне сүйенеді.

Кәсіпорынның қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен орындалады, ол басқарушы және басқарылушы екі қосалқы жүйеден құралады.

Басқарушы қосалқы жүйе (басқару субъектісі)

Қаржы қызметі және оның бөлімшелері

Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі): Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі)
Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі): қаржы қатынасы

қаржы

ресурстарының көзі

қаржы

ресурстары

ақша

айналымы

Кәсіпорынның қаржы тетігінің негізгі қосалқы жүйесі

Басқару субъектісі болып, яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі қаржы қызметі, оның бөлімдері және қаржы менеджері саналады. Қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып кәсіпорынның ақша айналымы саналады.

Кәсіпорынның қаржы тетігі - бұл қаржы құралдары, қаржы әдістері арқылы кәсіпорынның қаржы қатынасын басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетігінің негізгі элементтері: қаржыны басқару объектісі ретіндегі қаржы қатынасы, қаржы әдістері, қаржы құралдары, қаржыны басқаруды ақпараттармен және құқықпен қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржы қатынасы.

Кәсіпорын деңгейінде қаржы қатынасының қамтитындары:

  • басқа кәсіпорындардан және мекемелерден шикізат, материалдар жеткізу, құрастырушы мүліктер, өнімдерді сату, қызмет көрсету қатынасы;
  • есеп айырысуға банкілік қызмет көрсету, несиелерді алғанда және жапқанда, валютаны сатып алу және сатуда және басқадай операциялар жасауға банк жүйесімен қатынас;
  • коммерциялық және қаржы тәуекелдіктерді сақтандыру жөніде сақтандыру компанияларымен және мекемелермен қатынас;
  • өндірістік және қаржы активтері операцияларына байланысты тауарлар, шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;
  • инвестицияны орналастыру туралы инвестициялық институттарымен қатынас;
  • кәсіпорын қызметкерлерімен қатынас;
  • салық қызметімен қатынас;
  • аудиттік фирмалармен және басқадай шаруашылық етуші субъектілермен қатынас.

Барлық көрсетілген түрлерге ортақ болып есептелетіндер, олардың ақша түрінде көрсетілуі және жинақы төлемі мен ақша қаражаттарының түсуін көрсету. Жалпынамасына қарамай жоғарыда аталған қаржы қатынастарын төрт топқа, олардың екі тобын сыртқы және екі тобын - ішкі қаржы қатынасына біріктіруге болады.

Басқадай кәсіпорындар және ұйымдармен қатынас. Бұл ақша төлеу көлемі жағынан ең ірі топ. Кәсіпорыңдар бір-бірімен дайын өнімдерді сатумен және шаруашылық әрекетке материал құндылығын алумен байланысты. Бұл топтың қаржы қатынасы бастапқы ролді атқарады, өйткені материалдық өндіріс саласында ұлттық табыс жасалынады, кәсіпорындар өнімдерді са-тудан түсім және пайда алады. Бұл қатынастарды дұрыс ұйымдастыру өндіріс әрекетінің түпкі нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Қаржы-несие жүйесімен қатынас әртүрлі болады. Алдыменен, бұл қатынас әртүрлі деңгейдегі бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен, салық төлемімен, сондай-ақ қаржы нарқы инфрақұрылымының мекемесімен байланысты.

Кәсіпорынның ішкі қаржы қатынасы - бұл кәсіпорынның әртүрлі құрылымдағы бөлімдерінің арасындағы қатынас: дербес бөлімдер, цехтар, бригадалар, сондай-ақ, кәсіпорынның қызметкерлері - жұмысшыларының қатынасы.

Фирмалардың ішкі бірлестіктерінің қаржы қатынасы: жоғарғы тұрған ұйымдармен қаржы қатынасына, холдинг жағдайындағы фирмалардың ара қатынасына бөлінеді.

Қаржы қатынасындағы оларға ортақтығы, олардың кәсіпорынның өздері жасаған шаруашылық операцияларының нәтижесінде пайда болуында. Сондықтан кәсіпорынның қаржы жағдайы алдымен оның өндірістік-шаруашылығының күй-жайының сипатымен анықталады. Қаржы жүйесінің көрсеткіштері арқылы басқарушы жүйе кәсіпорынның шаруашылық әрекетіне әсер ете алады. Қаржы көрсеткіштеріне талдау жасағанда, жоспарлағанда, кәсіпорынның қаржысын басқаруда қолданылады және олар төмендегі топтарға бөлінеді:

- кәсіпорынның мүлкін бағалау көрсеткіштері;

- кәсіпорынның төлем қабілеттілгі және өтемділік көрсеткіштері;

- кәсіпорын капиталы құрылымының көрсеткіштері;

- айналым қаражаттары жайының көрсеткіштері;

- рентабельдік және т. б. көрсеткіштер.

Қаржы әдістері - бұл қаржыны басқару әдістері, оларға жататындар: қаржы есебі, талдау, жоспарлау, болжау, қаржыны бақылау, қаржыны реттеу, есептесу жүйесі, несиелеу, салық салу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг және т. б. Аталған әдістердің құрамды элементтері болатындар қаржы басқарудың арнайы әдістері: несиелер және қарыздар, пайыздық нормалар, дивидендтер және т. б.

Қаржы құралдары жалпы түрде кез келген келісім шартпен түсіндіріледі, онда бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржы активі және басқаның қаржы міндеттемесі ұлғаяды. Соныменен, қаржы құралдары - бұл ақшалай құны бар құжат, соның көмегімен қаржы нарқында түрлі операциялар орындалады. Қаржы құралдары бірінші және екінші түрге бөлінеді. Біріншіге жататындар: ақша қаражаттары, құңды қағаздар, ағымдағы операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар және т. б.

Белсенді нарық ортасының қалыптасуы кәсіпкерлік әрекетте екінші қаржы құралдарының қалыптасуына және оның банк жүйесінде, өнеркәсіптік және сауда фирмаларының қаржы бөлімінде қолданылуына ықпал етеді.

I. 2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті

Қазіргі нарықтық экономикадағы шаруашылық жүргізу жағдайында кәсіпорындар әрекетінің әртүрлі аспектілерін басқару жүйесіндегі ең бір күрделісі және жауапкершілікті бөлімі қаржыны басқару, өйткені оған аса маңызды міндеттер жүктеледі:

- банкрот болудан және ірі қаржы сәтсіздігінен қашу;

- бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның жұмыс істеуі;

- кәсіпорынның нарықтық құнын барынша молайту;

- кәсіпорынның экономикалық әлуетінің даму қарқынын қамтамасыз ету;

- өндіріс көлемін және сатуды өсіру;

- пайданы барынша молайту;

- шығындарды барынша азайту;

- негізгі әрекетіне қажетті рентабельдік деңгейін қамтамасыз ету жөне т. б.

Қаржы менеджментінің түпкі мақсаты косіпорынның нарықтық құнын барынша молайтуды қамтамасыз ету, пайданы қалыптастыру және тиімді пайдалану тетігін қолдана отырып, кәсіпорынның бәсекелестік бағытын арттыру. Соның ішінде акционерлік қоғамда кәсіпорын иесінің барынша табысқа жетуі акцияның курстық құнының өсуі арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар акцияның курстық құнының өсуімен кәсіпорын пайдасының өсуі бір-біріне сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам, өндірістің дамуына инвестицияны тартып, көп ағымдағы шығындарды жұмсай отырып, нәтижесінде жоғарғы деңгейлі пайда табады. Керісінше жағдайда, кәсіпорын барынша пайданы көбейту үшін, негізгі қорды жаңартуға инвестицияны тартудан қашады, ол болашақта кәсіпорынның бәсекелестігіне әсер етеді, нәтижесінде кәсіпорын акциясының құнының төмендеуіне ықпал етеді.

Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын, орындау процесінде келесі негізгі міндетті орындауға бағыттайды:

  • алдағы кезенде кәсіпкерлік кәсіпорынның даму міндетіне сай қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті «тиімділік деңгейін қамтамасыз ету»;
  • алдағы кезенде кәсіпорынның пайдасын барынша молайтуды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның барлық даму кезеңдерінде жоғарғы деңгейлі қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету және т. б.

Қаржы қызметін ұйымдастыру.

Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субъектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде - бұл кәсіпорынның қаржы қызметі. Дегенмен, кәсіпорынның ішкі қаржы қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Қаржы әрекетінің көлемі көп емес шағын кәсіпорындарда қаржы әрекетін басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен атқарылады, бұл жерде қосымша мамандарды қатыстырудың қажеттігі жоқ. Жекелеген шағын және орташа көсіпорындарда қаржы қызметін- ұйымдастыру құрылымына қарай бухгалтерлік бөлімі атқарады. Бұл бөлімнің міндеті есеп ақпаратын жинақтап, оны қаржыны басқарушы кәсіпорынның бастығына береді. Кәсіпорынның кәсіпкерлік әрекетінің кеңеюіне қарай, қаржы әрекетінің көлемінің ұлғаюына байланысты кәсіпорынның басшысы қаржы қызметін құрады және оған кәсіпорынның қаржысын басқарумен байланысты өз өкілеттігінің бір белігін және міндетін тапсырады. Әлбетте, бұл жағдайда қаржы қызметін қаржы бөлімі немесе қаржы-экономикалық бөлімі атқарады. Шағын және орташа кәсіпорындардың қаржы бөліміндегі жұмысқа, әлбетте, кәсіпорынның қаржысын басқарудын барлық атқарымен орындаушы кең профилді қаржы менеджерін тартады. Ірі кәсіпкерлік фирмаларда қаржы қызметінің құрылымы өте күрделі, өйткені қаржы ағымы бұндай фирмаларды тек қана өндірістік және қаржы әрекетімен байланысты емес, сондай-ақ басқадай кәсіпкерлік мекемелердің капиталда қатысуына байланысты болады. Қаржы қызметінің әрекеті кәсіпорынның экономикалық және қаржылық мүмкіншілігінің артуына байланысты кеңейеді. Ірі кәсіпкерлік құрылымдардың қаржы қызметіне кең профилді қаржы менеджерлері, сондай-ақ атқарымды қаржы менеджерлері тартылады. Біріншісі, әлбетте жалпы қаржы әрекетін басқаруға, ал екіншісі-қаржыны басқарудың нақтылы міндетін орындаушы ретінде тартылады. Атқарымды қаржы менеджері кәсіпорынның қаржы әрекетінің бір саласындағы басқару атқарымына маманданған біржақты маман (мысалы, инвестицияны басқарушы менеджер, тәуекел-менеджер және т. б. ) .

Ірі фирмаларда қаржы қызметін қаржы департаменті атқарады, оның құрамына бірнеше мамандандырылған бөлімдер кіреді. Қаржы қызметін бұндай ұйымдастыруда әрбір бөлім атқарымды орындайды. Қаржы менеджментін жалпы басқаруды қаржы директоры атқарады, олар:

  • фирманың жалпы қаржысының дамуын және саясатын анықтайды;
  • фирманың әрекетін жалпы басқаруда жоғарғы басшылардың құрамында жұмыс істейді;
  • фирманың қаржы әрекетін реттеуде, зандарды сақтауды қамтамасыз етеді;
  • фирманың қаржысын басқару ережелері мен принциптерін әзірлейді;
  • қаржыны жоспарлауға жалпы басшылық етеді;
  • қаржы жөнінде стратегиялық шешім қабылдау үшін, фирманың басшысына жалпы аналитикалық eceпті дайындайды;
  • фирманың қаржы қызметінің құрылымына кіретін, қаржы бөлімінің бастығымен тығыз байланыстылықты жұмыс атқарады.

Соныменен, қаржы қызметінің құрылымы фирманың дамуымен және оның саласының кеңеюіне байланысты күрделенеді. Фирмалардағы қаржы қызметі тұрақты түрде дамуда, өйткені оған сыртқы факторлардың әсерінің күшеюі, қаржы ағымдарының молаюы және күрделі қаржы құралдарын пайдалану әceр етуде.

Шағын, орта және ірі кәсіпорындардағы қаржы қызметін ұйымдастыруға келтірілген мысал белгілі мөлшерде шартты, бұл қызметті ұйымдастыру басқадай болуы мүмкін, оны фирма әрбір нақтылы жағдайға және қаржы әрекетінің түріне байланысты анықтайды. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы қызметінің құрылымына міндетті түрде бухгалтерия қаржыны басқаруға керекті ішкі қаржы ақпараттарынының негізгі көзі болып есептелінеді, сонымен қатар, қаржы директорының мәртебесі бас бухгалтердің мәртебесінен жоғары. Ресейде басқаша, бухгалтерия қаржы қызметіні құрылымына кірмейді, сондықтан бас бухгалтердің мәртебесі қаржы директорының мәртебесінен жоғары. Бірақ, біздің елде бухгалтерия мен қаржы қызметі атқарымдығы жағынан, олардың алдында тұрған көптеген міндеттеріне байланысты тығыз байланыста болады.

II -бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II. 1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің

анықталуы. Дюпон формуласы

Бұл тақырыпта дүние жүзінде қолданылатын кәсіпкерлік терминдер және ішкі фирмалық қаржы жүйесінің көрсеткіштерін меңгеруге міндетті. Онсыз біз шет елдегі әріптестерімізбен тең сөйлесе алмаймыз, сонымен қатар қаржы менеджментінің маңызды тәжірибесін үйрену мүмкіншілігінен айырыламыз.

Сонымен, төрт негізгі көрсеткіштер, батыстағы және отандық практикада қолданылады:

Біріншісі: қосылған құн (ҚҚ) . Егер де белгілі бір кезенде өндірілген өнімнің (дайын өнімдер қоры жөне аяқталмаған өндірісті қосқанда) құнынан өндіріске колданған материал қаражаттарының (шикі зат, энергия және т. б. ) және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі - шындығьшда шикізатқа, энергияға және т. б. құнына қосылған құн болып шығады. Қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Қосылған құннан қосылған құн салығын шегеру арқылы келесі көрсеткіштерді құрастыруға көшеміз.

Екіншісі: инвестицияны пайдаланудың брутто-нәтижесі (ИПБН) .

Қосылған құннан еңбекақы және оған байланысты кәсіпорынның міндетті төлемдері (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы төлемі және т. б. ), сонымен қатар барлық салықтарды, кәсіпорынның салық төлемдерін (пайдаға салынатын салықтан басқасын) шегеру арқылы (ИПБН) анықталады.

ИПБН - қаржылық менеджментте кәсіпорын әрекетінің негізгі аралық қаржы шаруашылық нәтижесінің бірі ретінде қолданылады. Қосылға құндағы ИПБН үлес салмағына қарай кәсіпорынды басқарудың тиімділігін анықтауға болады және кәсіпорынның мүмкін рентабельдігін білуге болады.

Үшіншісі инвестицияы пайдаланудың нетто нәтижесі немесе несие төлеміне дейінгі пайызы және пайдаға салынатын салық. Алдағы қаралған көрсеткіштерден негізгі қорды қалпына келтіру үшін жұмсалған барлық шығындарды шегереміз - бұл инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесі болады. Шындығында, кәсіпорынның шығыннан алған бұл экономикалық тиімділігі кәсіпорынның несиеге, қарыз; төленетін және пайдаға салынатын салықты төлеуге дейінгі пайдасы.

Төртіншісі - активтердің экономикалық рентабельдігі немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының экономикалық рентабельдігі, оның меншікті және қарыз қаражатының сомасы.

Дюпон формуласы.

Коммерциялық маржа әрбір айналымдағы 100 теңгені пайдалану қандай нәтиже беретінін көрсетеді. Мәнісіне келсек, бұл айналымның экономикалық рентабельдігін немесе сатылған өнімнің рентабельдігін көрсетеді.

ТК - активтің әрбір теңгесінен қанша теңге айналымнан алынатындағын, қандай айналымға активтің әрбір теңгесі көрсетеді. Сондай-ақ, ТК-ті активтің айналым ретінде қабылдауға болады. Мұндай жағдайда ТК ағымды мезгілде әрбір теңге қанша рет айналымға түсетінін көрсетеді. ЭР-тің реттелуі оның екі құрылымы коммерциялық маржаға және трансферттік коэффициентіне әсер етеді. Коммерциялық маржаға баға саясаты, шығын құрылымы мен көлемі сияқты факторлар әсер етеді. ТК-ке салалардың қызмет жағдайы, сонымен бірге сол кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясы да әсер етеді. Жоғарғы коммерциялық маржаны, жоғарғы трансформациялық коэффициентпен салыстыру өте қиын, өйткені айналымды есептегенде, біреуі алымында, екіншісі бөлімінде қарастырылған. Факторларды талдау нәтижесінде рентабельдіктің өзгеруінің негізгі көрсеткішінің қайсысы, коммерциялық маржа немесе трансформациялық коэффициент жылдам және жай өзгеретіндігін анықтауға болады. Рентабельдіктің осындай өзгерістерін Дюпон формуласы арқылы анықтайды. Практикалық жұмыста кәсіпорын үшін әрқашанда саланы тандау маңызды. Шынында, қор сыйымдылығы және баға факторының айырмашылығы экономикалық рентабельдіктің көлеміне шешуші ықпал етуі мүмкін.

Қаржылық менеджменттің төрт негізгі көрсеткіштері және Дюпон формуласы кәсіпорынның көптеген қаржы жағдайын қарастыруға жеткілікті.

Айта кететін жай, Дюпон формуласында айтарлықтай қажетті модификация, акционерлік капиталдың таза табысына талдау жасауына болатындай көрсеткіштер бар. Бұл таза пайданы қарапайым акциямен акционерлік капиталдың соммасына бөлу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Қаржы менеджментінің мәні
Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Кәсіпорынның қаржы басқаруы
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz