Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Болашақ» Университеті
«Қаржы» кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні:Қаржы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі.
Орындаған: Ф-08-2каз студентіБекетбаева В. Р.
Тексерген: аға оқытушыУсувалиева З. К.
Қарағанды 2009 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстан Республикасының қаржы саясатына жалпы сипаттама . . . 5
1. 1 Қаржы саясатының мәні, маңызы . . . 5
1. 2 Қаржы саясатының типтері, міндеттері . . . 8
1. 3 Қаржы саясатының реформалық бағыттары,
даму потенциалы . . . 13
2. Қазақстан Республикасының қаржы саясатының
негізгі бағыттары . . . 16
2. 1 Қаржы саясатының мәселелері, мақсаттары
мен қағидаттары . . . 16
2. 2 Қаржы саясатын қалыптастырудағы
мемлекеттік бағдарламалар . . . 20
2. 3 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қаржы
саясатын талдау . . . 23
3. Қаржы саясатының Қазақстан Республикасының
нарықтық экономикасын дамытудағы ролі . . . 26
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиеттер . . . 32
Кіріспе
Экономикамыз соңғы жылдары өрлеу жолында. Мұны тұрақты даму деп атайды. Оның өзі экономикалық үлкен теория. Тұрақты өсу жолына баса мән берілді. Айта кетейін, әлемде тұрақты өсу жолына түскен мемлекеттер аз. Және одан басқа ұдайы өсу жолы да бар. 2000 жылдан бері қарай бес жылдай уақыт ішіндегі елдің көрсеткіші тұрақты дамуды дәлелдейді. Қазақстан әлі де кішкентай ғана мемлекет. Мәселен, біз мұнайдың дүниежүзі шығаратын көлемінің бір пайызына да жеткен жоқпыз. Енді жетеміз деп отырмыз. Айталық, Ресейдің экономикасы бізден он, жиырма еседей артық. Осындай салыстырмаларға көз жүгіртсек, ішкі өніміміздің де көлемі аздау. Сондықтан Үкімет алдына таяу жылдары ішкі өнімді екі есе, тіпті үш есе арттыру міндеті қойылып отыр. Оған Үкіметтің жасаған бағдарламалары бар. Оның іске асатынына біздің көзіміз жетіп отыр.
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқа саясат туралы айтады. Қаржы саясаты мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін атқару үшін қаржылар аумағында жүргізетін мақсатты бағытталған іс шаралардың жиынтығы. Шаруашылық өмірде қаржы саясаты қаржылық механизм арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады. Қаржы саясатының аумағында фискалдық саясат қолданылады. Фискалық саясат - мемлекеттің салықтық бюджеттік іс шаралары және оларды экономикалық процестерді жүзеге асыру механизмі.
Қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың әрекетін ескере отырып қоғамдық даму міндеттеріне сәйкес қаржыларды жоспарлы түрде ұйымдастыру. Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы ролі орындайды. Мемлекеттік саясатты басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айрықшалық заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: Экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысы дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Осы тақырыптың өзектілігі - қаржы саясатының мемлекет экономикасын дамытуда аса маңызды деп саналуы. Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т. б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы сачсатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Курстық жұмыстың мақсаты болып қаржы саясатымен жан-жақты таныстыру, және де оның бүгінгі таңда нарықтық экономика жағдайында оның ролін анықтау болып табылады. Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуында қаржылардың әсері қаржы саясаты арқылы жүзеге асады. Ал, ол мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бөлігі болып табылады. Әр түрлі қоғамдарда тек мемлекет қана өзінің қызметтерін, мәселелерін шешуге және көзделген мақсаттарға жетуге қаржы саясатын қолданады. Қазіргі уақытта экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуы терең дағдарыс жағдайларына ұшырап тұр. Ол болашаққа қоғам дамуының қаржылық бағытының негізгі стратегиясын жасайды және алдағы кезеңдегі мақсаттарды және оларға жету жолдары мен оның қаражаттарын айқындайды.
Мемлекеттік қызметінің негізгі саласы ретінде қаржы саясаты тиісті нормативті актілерді заңды құжатталуын талап етеді. Қаржы министірлігі мен Ұлттық банк күші бар заң негізінде бюджетке табыстардың қалыптасуы және оларды пайдалану туралы, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары, заңды және жеке тұлғаларға қаражатты беру тәртібі мен ережелері мен нормативті құжаттар туралы нұсқау жасайды.
Сонымен қаржы саясаты шаруашылық жүргізудегі нарықтық жағдайға көшу, баға реформасы, еңбекке ақы төлеу, жаңа қаржы механизмінің қалыптасуына бағытталған салықтың және несие жүйесінің есепке алуда, шаруашылықты жүргізуде жаңа сапалы әдісімен сипатталады.
1. Қазақстан Республикасының қаржы саясатына жалпы сипаттама.
- Қаржы саясатының мәні мен маңызы.
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқа саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды роль атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың міндетті шарттары қамтамасыз етіледі; ол эконмикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады (1-сызба) . Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика және әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы ролі орындайды. Мемлекеттік саясатты басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауда ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатның басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
ҚОНДЫРМА
Қо-
қаржы органдары ғам-
дық
қаржы саясаты
эко-
қаржы механизмі номи-
калық
қаржы ресурстары
фор-
мация
ұдайы өндіріс
экономикалық категориялар
экономикалық заңдар
өндірістік заңдар өндіргіш күштер
БАЗИС
Сызба 1. Қоғамдық-экономикалық формацияның базистік және қондырмалық жүйесіндегі қаржы.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратериямен анықталып, перспектива есептелген және ірі ауқымды міндетертерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидалары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегиялық тактикалық есептері шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айрықшалық заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: Экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен қоса үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
- Қаржы саясатының типтері, міндеттері
Мемлекеттің дамып жетілуі ондағы қаржылық саясаттың өзгеруіне байланысты болады.
Мемлекет қаржылық саясаттың белгілі бір типін өзінің саяси және экономикалық деңгейіне әсер ететін үстемдік жүргізуші теоретикалық тұжырымдамаларға, басқарушы партиялар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне, экономиканың және әлеуметтік саланың даму сатысы барысындағы ерекшеліктерге байланысты қолданып отырады. Бұлар осы мемлекеттегі қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Қаржылық саясаттың әртүрлі мемлекеттерде қолданылып жүрген 3 түрін бөліп айтуға болады:
1) классикалық;
2) реттеуші;
3) жоспарлы директивалық.
1920-шы жылдардың аяғына дейін көптеген елдер қаржылық саясаттың классикалық үлгісін қолданып келді. Қаржылық саясаттың бұл үлгісі А. Смит (1723-1790), Д. Рикардо (1772-1823) және олардың шәкірттерінің еңбектерінде орын алған болатын. Оның негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1) мемлекеттің экономикаға араласпауы;
2) еркін бәсекенің сақталуы;
3) шаруашылық процестерде басты реттеушісі ретінде нарықтық механизмді пайдалану.
Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындар мен салықтар қысқарып, бюджеттің құрылуы мен жүзеге асырылуына жағдай жасалды.
Қаржылық механизм, қаржылық саясаттың осы мақсаттарына байланысты құрылды. Мемлекет бюджеттік шығындарды азайтуға тырысты. Шығындардың көп бөлігі әскери мақсаттарға, мемлекеттік қарыздарды өтеуге және басқаруға кетіп отырды.
Мемлкеттік бюджетті қамтамасыз етуінде түсім түсіру, салық салу жүйесінің басты міндетіне жатты. Салық жүйесі негізінен жанама салықтарға, мүлік салығына сүйенеді, өйткені бұл салықтарды жинау оңай және тиімді болды.
Қаржылық қызметті басқару жүйесі қарапайым болды және Қаржы министрлігінде жүзеге асырылып отырылды.
ХІХ ғасырдағы өндірістік күштердің дамуы мемлекеттің алдына қаржылық саясатқа деген көзқарасты өзгерту мәселесін қойды. Әсіресе, бұл мәселе 20-шы жылдың аяғына қарай шиеленісе бастады. Бұл жылдары көптеген мемлекеттерде экономикалық, саяси және әлеуметтік проблемалар күрделене түскен болатын. Осы кезеңде батыс елдерінде реттеуші қаржылық саясатқа көшу жүре бастады. Басында бұл қаржылық саясаттың негізіне Дж. Кейнстің (1883-1946) және оның шәкірттерінің экономикалық теориясы алынды. Олардың теориясы бойынша мемлекет экономиканың циклдік дамуын реттеп отыруы қажет. Қаржылық саясат халықты толық жұмыспен қамту барысында әлеуметтік қатынастар және экономиканы реттеу үшін қаржылық механизмді қолдануды өзінің мақсаты ете бастады.
Мемлекеттің экономикаға араласуының негізгі құралы мемлекеттік шығындар болды, осы шығындардың арқасында қосымша сұраныс пайда болады. Сондықтан мемлекеттік шығындар кәсіпкерлік іскерліктің дамуын, ұлттық табыстың өсуін және жұмыссыздықтың жойылуын қамтамасыз етеді.
Реттеуші қаржылық саясат жағдайында салық жүйесі түбегейлі өзгерді. Бұл кезде прогрессивті табыс салығы реттеудің негізгі механизміне айналды. Бұл салық экономикалық субъектілердің қор түрінде пайдаланатын табыстардың заңды түрде алынып отыруын қамтамасыз етеді және осының арқасында мемлекеттік бюджеттің шығындары жабылып, бюджет теңестіріліп отырылады.
Қаржылық механизмде мемлекеттік несие жүйесіне үлкен көңіл бөлінеді. Осы мемлекеттік несие жүйесінің негізінде тапшылықта бола тұрып қаржыландыру саясаты жүргізіледі. Мемлекет ұзақ және орта мерзімді несие бере бастайды. Несиелік капитал нарығы - бюджет табыстарының екінші маңызды көзі болып, ал бюджет тапшылығы экономиканы реттеуге қолданылады.
Қаржыларды басқару жүйесі өзгереді. Біріккен басқару органының (мекеменің) орнына бірнеше арнайы тәуелсіз мекемелер пайда болады. Бюджеттің және бюджеттік шығындарының жоспарымен, олардың қаржыландырылуымен, салықтардың түсіп отыруын бақылаумен және мемлекеттік қарыздарды басқарумен айналысатын органдар бөлініп шығады.
Жалпы алғанда, кейнсиандық реттеуші қаржылық саясат Батыс елдерінде өзінің салыстырмалы тиімділігін көрсетті. Ол 30-60 ж. Батыс елдерінің көпшілігінде тұрақты экономикалық өсуді, жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін қамтамасыз етті.
70-ші жылдары қаржылық саясаттың негізіне экономикалық теорияның неоклассикалық бағытымен байланысты неоконсервативті стратегиясы қаланды. Қаржылық саясаттың бұл түрі реттеушілік мақсаттан бас тартқан жоқ, бірақ мемлекеттің экономикаға және әлеуметтік салаға араласуын шектеді. Экономиканы реттеу көп мақсатты бола бастады. Экономикалық өсу мен жұмыспен қамтудан басқа мемлекет ақша айналымын, валюталық бағамды, экономиканың әлеуметтік факторларын, шаруашылықтың құрылымдық қайта өзгеруін де реттейді.
Қаржылық механизм бұл жағдайларда қорлардың өсуін ынталандыру арқылы бюджеттік тапшылықты азайту арқылы және қаржылық жүйе арқылы ұлттық табыстың қайта бөліну көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Үлкен көңіл салықтарға бөлінеді. Салық салудың прогрессивтілік деңгейін азайту және қысқарту мәселесі орын алады.
Бұл арада реттеуші қаржылық саясаттың әр түрлі өзара тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Сондықтан, қаржылық механизмнің бірдей немесе ұқсас реттеу құралдарын, кейнсиандық және де неоконсервативтік реттеу жүйесімен жүретін әртүрлі елдер қолданылады.
Жоспарлы директивалық қаржы саясаты экономиканы басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесімен жүретін елдер қолданады. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекетті басқарудың жоспарлы жүйесі экономикалық, әлеуметтік өмірдің, сонымен қатар қаржылық саланың барлығын тікелей директивалық түрде басқарып отырады.
Бұл жағдайларда қаржы саясатының мақсаты - мемлекеттік жоспарға сәйкес қаржылық ресурстардың мемлекетке (ең бірінші мемлекеттің орталық басқару органдарына) жинақталуын (қорлануын) жоғары деңгейде қамтамасыз ету.
Кеңес Үкіметі тұсында қаржы саясатының мақсатымен қатар қаржылық механизмдер құрылып отырды. Мемлекеттік жоспарға байланысты (сәйкес) қолданылмайтын қаржылық ресурстарды тартып алу құралдарын жасау қаржылық механизмнің негізгі мәселесі болды. Қаражаттар мемлекеттік кәсіпорындардан, халықтан және жергілікті басқару органдарынан алынып отырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза пайданы алудың екі түрлі механизмі құрылды. Басында мемлекетпен бекітілген баға арқылы жоғары көлемдегі табыс жасалынып, мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасынан бюджетке айналым салығы алынып отырды (жеңіл тамақ өнеркәсібі т. б. ) . Содан соң басқа да аударымдар көмегімен пайданың барлық қалдықтары бюджетке алынды (пайданың бос қалдықтар жарнасы түрінде) . Мемлекеттің талабы бойынша, пайда қалдықтарын кәсіпорын шегінде пайдалануға болмайды. Және де кәсіпорынның пайдасы арқылы оның барлық шығындарының шекті мөлшері анықталып отырылды, яғни мемлекет барлық кәсіпорындардың қаржылық механизмін реттейді. Кейбір жылдары мемлекеттік кәсіпорындарының таза пайдасынан 80% көлемінде салық алынып отырды.
Ел табыстарының қолданылуын реттеу табыс салығы арқылы жүзеге асырылды. Бұдан басқа ел қаражаттарының бір бөлігі міндетті түрдегі мемлекеттік заемдарға салу арқылы алынып отырды. Сондай-ақ, халықтың жинақ кассаларға салған бос қаражаттары да арнайы облигациясыз заемдар түрінде бюджетке бағытталды. Кооперативтік кәсіпорындар үшін де осындай механизм қолданылды.
Жергілікті басқару органдарынан қаражат тарту, жергілікті бюджетке табыс көздерін табуды шектеу арқылы жүзеге асырылды. Жергілікті табыстар жүйесіне көлемі үлкен емес табыстар кірді. Олардың бюджеттегі үлес салмағы жалпы табыстар сомасының 10-15% құрады.
Осыған байланысты жергілікті бюджеттің табыстар деңгейі жоғары тұрған бюджеттерден бюджеттік реттеу тәртібімен бөлініп отыратын қаражаттар көлеміне толығымен байланысты болды.
Бюджеттік шығындар мемлекеттік жоспармен бекітілген артықшылықтар арқылы анықталады. Қаражаттар алынатын нәтижелерге, өзгерістерге қарамастан шығындалды. Осыған байланысты көптеген ресурстар өндірістік емес салаларға жұмсалды: халық шаруашылығын, қорғаныс саласын қаржыландыруға, басқаруға, әлеуметтік шығындарға және т. б. Әлеуметтік қажеттіліктерге кететін шығындар ең төменгі мөлшер бойынша қалдықты әдіспен жабылып отырды, бұл әлеуметтік саланың дамуына кері әсер етті.
Қаржылар бір орталықтан басқарылады, яғни Қаржы министірлігімен. Ол халық шаруашылығында қаржылық механизмді қолданудың барлық мәселелерімен айналысты. Қаржы саясатында өзге басқару органдары болған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz