Банк қызметіндегі несие


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 Несиенің теориялық негізі . . . 4

  1. Несие ұғымы, маңызы . . . 4
  2. Несиенің қызметтері және нарықта әрекет ететін заңдары . . . 6

1. 3 Қазақстан Республикасы банктеріндегі несие жүйесі . . . 8 Банк қызметіндегі несиенің түрлері . . . 11

2. 1 Несиенің түрлері мен формалары . . . 11

2. 2 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несие . . . 16

2. 3 Ұлттық Банкінің несие беру жүйесі . . . 23

3. Несиені жүзеге асыру және ұйымдастыру . . . 28

3. 1 Несие операцияларын жүзеге асыру және ұйымдастыру . . . 28

Қортынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

КІРІСПЕ

Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Құнның қозғалысы - бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.

1. 1 Несиенің ұғымы, мәні

Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:

- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.

- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке түсетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге, ең алдымен, несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.

Несие берушi - несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.

Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда- қарыз алушы болып көрiнедi.

Қарызға алушы - несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар - кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызга алушы карызға алынган қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жагдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланганы ушiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.

Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызга алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi турде қатысуы керек және бұл жагдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие берушi -қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс- әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.

Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:

- қайта бөлу;

- айналыс шығындарын үнемдеу;

- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

- капиталдың шоғырлануын жеделдету;

- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.

Несиенiң қайта бөлу қызметi -кез келген елдiң ұлттың экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады.

Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсүсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.

Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.

Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.

1. 2. Несиенiң қызметтері және нарықта әрекет ететін заңдар

Несиенiң экономикадағы орыны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде төмендегiдей қызметтердi атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету
  • ғылыми-техникалық прогресстi жеделдету.

Несиенiң қайта бөлу қызметi, кез келген елдiң ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесiн қосады. Несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады. Несиенiң бұл қызметiнiң, қаржының қайта бөлу қызметiнен айырмашылығы қаржының бөлiнуi әкiмшiлiк негiзде жүргiзiлсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негiзiнде жүзеге асырылады.

Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнiң iс жүзiне асуы несиенiң экономикалық мәнiнен туындайды. Шаруашылық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсуi мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттiлiктi туындатады. Мiне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерiнiң меншiктi қаражатқа деген жетiспеушiлiктiң орнын толтыру үшiн несиенi пайдаланады. Бұл дегенiмiз капитал айналымын қамтамасыз етiп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкiндiк жасайды.

Ал, келесi қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелiк шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкiндiк бар. Бұл қызметi iске асу процесiнде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенiң бұл қызметi несиелiк ақшалар: чектер, вексельдер, несиелiк карточкалар көмегiмен жүзеге асырылады. Несиенiң бұл қызметi арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етедi.

Капиталдың шоғырлану процесi қызметi экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкiндiк бередi.

Несиенiң ғылыми-техникалық прогресстi жеделдету қызметi ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметiн қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттiк қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседi. Сондай-ақ несие өндiрiске ғылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады.

Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.

Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.

Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген экономика салаларында ғана туындайды.

Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды. Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.

Несие заңдарының өзiнiң қозғалыс заңдары іспеттес көрiнiсi бар. Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып қалса, өзiнiң мәнiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни, несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр суруiнiң заңы.

Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi - қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.

Тарылған құндылық өзi шыққан пунктке қайта оралып келу үшін белгiлi бiр жұмыс iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс процесiне қатынасады, пайызын өсiру үшiн уақытша пайдалануға берiлген бастапқы мөлшерiн қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте: объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т. б. экономикалық талаптардың барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы - тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны алуға дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендiгiмен бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiң бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.

Несиенiң қарастырылған заңдары мен олардың ерекшелiктерiн танып бiлудiң тәжiрибелiк маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын кемiтедi, инфляпияға келіп соқтырады және т. б.

1. 3 Қазақстан Республикасы банктеріндегі несие жүйесі

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетiн меншiктi банк жүйесiн құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктiк қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктiк реформаны жүргiзудiң бастапқы кезеңдерiн қамтиды.

Бұл банктiк реформа ұлттық банктiң 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзуде ҚР банк жүйесi маңызды роль атқарады.

Қазiргi уақытта қалыптасқан екi деңгейлi банктiк жүйенiң қызмет етуiне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетiп отырғанындай, кемшiлiктердiң басым бөлiгi банктер қызметiн реттейтiн нормативтiк базаны жасаудағы артта қалушылық және оның iске асырылуына iс жүзiнде бақылау жасау механизмдерiндегi кемшiлiктерiмен сипатталады.

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктiк жүйенiң қалыптасуын үш кезеңге бөледi:

I кезең. 1988 - 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттiк салалық мамандандырылған банктер қызметiнiң бiр бөлiгiн республикалардағы сол банктердiң тиiстi бөлiмшелерiне беру арқылы қайта түрлендiру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттiк банкiне орталық банктiң жекелеген қызметтерiн беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңi.

II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР µлттық банкiнiң орталық банктiң бiрқатар қызметтерiн орындауға бiртiндеп кiрiсуi, коммерциялық банктердiң экстенсивтi (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтiк базаның қалыптасуының бастапқы кезеңi.

III кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейiнгi, яғни айналысқа ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты ұлттық банкiнiң ақша-несие аясының қызмет етуiне толық жауапкершiлiк алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгiзу, банктердiң қызметiн реттеу жүйесiн нығайту кезеңiн бiлдiредi.

Бiрiншi кезеңде (1995 жылдың 1-шi жартысын) мемлекеттiк емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 % мемлекеттiк меншiктi қалпына келтiру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкiнiң меншiгiне беру, сондай-ақ 01. 01. 1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесiн анықтау мiндетi белгiлендi.

Екiншi кезеңде (1995 ж. екiншi жартысында және 1996 ж. ), Халық банкiне пластикалық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды енгiзу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту мiндетi жүктелдi.

Үшiншi кезеңде (1997 ж. iшiнде), Халық банкiсiнiң алдында µлттық банк белгiлеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01. 01. 1998ж. бастап салымдарды мемлекеттiң толық кепiлдемесiнен ұжымдық сақтандыруға негiзделген аралас сақтандыру жүйесiне өтуге дайындық жасап және жекшелендiрудiң бiрiншi кезеңiн бастау мiндетi тұрды.

Төртiншi кезеңде әмбебап банк - Тұран банкiндегi мемлекеттiң үлесi (61%, 1994 жылдың сәуiрiне) анықталып, ондағы негiзгi борышқор-кәсiпорындардың бiр бөлiгi 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетшi банкке берiлетiн болды.

Бесiншi кезеңде әмбебап банк - Кредсоцбанктегi мемлекеттiң үлесi - 40, 3% мөлшерiнде (1994 жылдың сәуiрiне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесiн сату бағдарламасын ұлттық банк даярлауға тиiс болды.

Коммерциялық банктер үшiн нақты секторды қысқа мерзiмдi несиелеу тиiмсiз болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзiмдi несиелеу қызметiн өз мiндетiне алатын мамандандырылған мемлекеттiк банктердi құру қажеттiгi туды. Ондай банктердi халықаралық тәжiрибеде даму банктерi деп атайды, себебi олар үшiн басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады.

Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын iске асыру шегiнде Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттiк даму банкi және Тұрғын үй құрылыс банкi құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкi де болды.

Мемлекеттiк даму банкi - бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиiмдi инвестициялық жобаларды ұзақ мерзiмдi несиелеудi жүзеге асыруға бағытталған үкiметтiң қаржы-несие институты болып табылады.

Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) - бұл Қазақстан үшiн дәстүрлi емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшiн, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепiлдеме беру үшiн Әлем банктен бөлiнiп шыққан банк.

Тұрғын үй құрылыс банкi - бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшiн тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесiн құру мақсатында құрылған банк.

Медетшi банк (траст) - бұл Дүниежүзiлiк банктiң ықпалымен “Проблемалық кәсiпорындар үшiн госпиталь” ретiнде құрылған банк. Бұл банктi құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрi 4 жыл мерзiмге қызмет етуге уақытша құрылды.

Ұлттық банктiң 1995 жылғы реформалау нәтижесiнде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткiздi. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдiстерi мен құралдары әрi қарай дами түстi.

Банктердi қайта қаржыландыру механизмi түбiрiмен өзгердi. 1995ж. ақпан айынан бастап, директивтi несиелердi беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебiнен берiлетiн несиелер көлемi мен мерзiмi қысқарып, экономиканы несиелеу қызметi ұлттық банктен екiншi деңгейдегi банктерге ауысты. ұлттық банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзiмдi өтiмдiлiгiн қолдап отыру мақсатында екiншi деңгейдегi банктерге несие беру, Үкiметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көштi. Банктiк қадағалау жүйесiн реформалаудың басты мақсаты - банктiк қадағалау әдiстерi мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату болып табылды. Осыған сәйкес, ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктерге капиталдану талабын қойды. Мұндағы мақсат - бәсекелiк ортада қызмет көрсететiн банктердi тәрбиелеу және бiршама тұрақты банктердi анықтау болып табылды. Осындай талаптың негiзiнде ұлттық банк капиталы жеткiлiксiз банктердiң өзара бiрiгуiн немесе жойылу шараларын ұйымдастырды. Реформа нәтижесiнде көптеген банктер таратылды немесе бiрiгу процесiн басынан кештi. Осындай шараларды ең бастысы, мамандандырылған банктер басынан кештi. Өйткенi олардың барлығы дерлiк бастапқыда бюджет қаражаты есебiнен құрылғандықтан да, олар үшiн несиелiк ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналады. Сөйтiп, кейбiреуi өзара бiрiгiп жұмыс жасауға мәжбүр болды. Айталық, Мемлекеттiк даму банкi Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылыс банкi Центркредитбанкпен қосылып, ал, Медетшi банк - Медетшi қор ретiнде қайта түрлендiрiлдi. Мұндай түрлендiруге ұлттық банк тарапынан банк жүйесiне жүргiзген кейiнгi реформалар себеп болды.

Ұлттық банктiң 1995 жылы бастаған банк жүйесiнiң бухгалтерлiк есебiн реформалау 1996-1998 жж. әрi қарай жалғасып, нәтижесiнде ұлттық банктiң халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екiншi деңгейдегi банктер қызметiне толығымен енгiзiлдi

2. 1 Несиенiң формалары, олардың түрлері

Несиенiң формалары, оның құрылымымен және белгiлi бiр дәрежеде несиелiк қатынастардың мәнiмен тығыз байланысты келедi.

Несиенiң формасы - бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң яғни, әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi.

Несие берушiлер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенiмен де, несиенiң формасы сол күйiнде сақталады.

Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi - коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi - банктiк деп атайды.

Қалған несиенiң түрлерi осы екi формасыың тәжiрибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға қарызға берген тауарын бiлдiредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару»
Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Ақша несие саясатын жүргізу
Коммерциялық банктер операциялары
Депозит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz