Жастардың интеллектуалды деңгейін арттырудағы телебағдарламалар рөлі


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультетi
Телерадиожурналистика кафедрасы
Серік Маржан Серікқызы
ЖАСТАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДАҒЫ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАР
РӨЛІ
Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық
Бітіру жұмысы
050504 - журналистика
Ғылыми жетекші -филол. ғ. к., доцент К. Қабылғазы
Ресми сарапшы - “Хабар” агенттігі бағдарламалар
бөлімінің продюсері А. Көпбасарова
Телерадиожурналистика кафедрасының
2008 жылғы 6 маусымда . . . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі . . . филол. ғ. к., доцент А. Б. Бейсенқұлов
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2008 жылғы 20 маусым.
Комиссия хатшысы . . . филол. ғ. к., доцент Г. Сұлтанбаева
Алматы, 2008
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 2
Негізгі бөлім
1. 1 Алғашқы жастар бағдарламаларының қалыптасуы мен дамуы . . . 5
1. 2 Бүгінгі жастарға арналған бағдарламалар: ізденістер мен іркілістер . . . 8
Қорытынды . . .
Сілтемелер . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып саналатындықтан, онсыз қоғам өмірінің дамуы мен жетілуін елестету мүмкін емес. Олай дейтініміз, ешқандай басқа құрал дәл журналистика сияқты халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. /1/Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне, әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салды. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т. б көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болды. Жалпы, адам санасын көретуге, рухани әлемді байытуға себепкер болды.
Қазақстан Республикасының Ата Заңында: “Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті” -делінген. /2/ Әрі бұл әркез бұлжытпай орындалуға тиіс.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса маңызды мемлекеттік істердің бірі, бірі ғана емес-ау, ең бастысы - халықтың өз отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді іске қосу деп білемін. Бұл азамттыққа қол жеткізгеннен кейін елдің ел болуының, дербес мемлекеттің мемлекет болуының ең негізгі қозғаушы күші болуға тиісті мәселе. Яғни, Қазақстандық патриотизмді орнықтыру мемлекет тарапынан қапысыз қадағалау, түптеп келгенде, дербестікті нығайта түсудің және кемел қоғамдық қатынастар қалыптастырудың бірден-бір кепілі болып табылады. Мұның ақиқат шындық екеніне ешкім шәк келтірмеуге тиіс. /3/
Журналистика, еңалыдмен, өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Ол өмірді сипаттап қана қойма, болып жатқан әс-әркеттерге адамның өзінің де бағыт-идеал алуына ой бастайды.
Осылайша, тележурналистиканың танымдық қызметі маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтк белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек: «Журналист -ақпарат -аудитория». Яғни, журналист шығармашылық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, естиды. Бұл байланыс үнемі жүріп тұрмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат қүралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асырылмақ.
Халқымыздың жаңа ғасырдағы бет-бейнесі, тұрмыс-тіршілігі оның айнасына айналған теледидардың қабілетіне ерекше қатысты. Осыдан қырық жыл бұрын көгілдір экран өмірімізге еніп, әр шаңырақтың төрінен орын алды. Қоғамдық өмірдің нағыз жаршысы БАҚ болғандықтан, теледидар қоғамдық фармациямен тікелей байланысып, оның әр сатысына жаңа мазмұн, жаңа түр енгізді. Жапон ғалымдарының дәлелдеуі бойынша адам өмірінің 16-18 жылын теледидар көруге жұмсайды екен. Енді осыдан барып теледидар халықтың ақылына, аузына, ойына айналып отыр деуге болады. Әйгілі қолбасшы Ақсақ Темірдің: «1000 атты әскер бітіре алмаған жұмысты бір өнерлі адам бітіре алады» деген сөзі БАҚ-қа қатысты айтылып тұрғандай. Себебі, көгілдір экран - жастарды рухани тәрбиелейтін басты қару. Осы орайда, Қазақстан кешегі және бүгінгі жастарға арналған бағдарламаларын зерделей отырып, өткеннен нені алып, несінен жирену керек, және бүгінгі таңда ертеңгі болашақты қалыптастыруда не істеуіміз керек деген мәселе төңірегінде ой қозғасақ па деймін. Олай дейтінім, дәл бүгінгідей қазақстандық телеарналар ресми, саяси хабарлар мен жарнамалардың, батыстық фильмдер мен спорттық хабарларды көрсету құралы болып қалмауы керек, елдің болашағы - жастарды тәрбилеу мақсатын өз міндеті санап, танымды да өзекті, мазмұнды да мағыналы қызықты да қарымды бағдарламалар арқылы кейінгі толқынның ой өрісі мен потенциалын көретуде немесе бір сөзбен айтсақ «интеллектісін» дамытуда талмай жұмыс істеуі қажет деп есептеймін.
Екі дәуір арасындағы қыл көпір тәрізденген қиын-қыстау бүгінгідей заманда қасаң тартқан аға буын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа елешектің кілтін аманат етіп, үлкен үміт артатын тәрізді. Бұл заңды да. Елдің ертеңін гүлдендіріп, іргесін шайқалтпастан алдыңғы қатарда алып жүру - жастардың үлесіне молырақ тиетіні - қай қоғамда, қай заманда болмасын айнымас шындық. /4/ Сондықтан, теледидардан берілетін кез-келген хабар жастарға тәлім-тәрбиелік, өнегелік тұрғысынан берілуі қажет. Өйткені, бүгінгі таңда жұртты жалықтырып, немесе жан-дүниесін тоздырып, ұлттық қасиеттерін өшіріп жататын бағдарламалар өте көп. Ендеше біз олардың халықты, оның ішінде жас ұрпағымызды тәрбиелеуге, санасын дамытуға қаншалықты оң әсер беріп отыр деген заңды сауал төңірегінде көп ойлануымыз қажет. Яғни, бүгінгі теледидардан жастарымыздың үйренері көп пе, әлде жиренері бар ма?
“Сыйқырлы жәшік” атанған теледидар -сан қырлы тылсым жұмбақтардың ордасы бола білді. Енді ол ғажайып “көк сандық” уақыт уысынан шыға, әлем атты үлкен дүниеге әр қиырдан көз сала, өзіне өзгені табындыра әрі таң қалдыра отырып биік белестерге бет алуда. Сондықтан теледидардың құдіреттілігі де сол, адам өмірімен біте қабысып, күнделікті тіршілігінің бір бөлшегіне айналып үлгергендігінде болып тұр. Саяси жағдайды шынайы суреттейтін, дамыған, демократиялық тұрғыда ұйымдастырылған БАҚ-ның болуы - қоғамды тиімді басқарудың, тұрақты демократиялық мемлекет болуының ең негізгі кепілдіктерінің бірі екені даусыз. Тәуелсіз мемлекетіміздегі еркін БАҚ әрбір азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғауға, шыншыл да жан-жақты ақпарат ала отырып, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға объективті көзқараспен қарап, халыққа, әсіресе жас толқынға дұрыс ақпарат жеткізе білуі керек сияқты. Осы мәселе төңірегінде сәл кейінірек айтатын боламыз, ал ең бірінші кезекте жалпы қазақстан телевизиясының тарихындағы алғашқы жастарға арналған телебағдарламалардың қалыптасып, дамуын таразыласақ.
Негізгі бөлім 1. 1 Алғашқы жастар бағдарламаларының қалыптасуы мен дамуы
Қазақ теледидары жастар бағдарламасының тарихы - бүгінгі жастар және балалар редакциясы хабарларының алтын діңгегі; қайнар бұлақ бастуы /5/
1950-1980 жылдар аралығында Қазақ теледидары даму үстінде болған. Оның құрылымы мен қалыптасуында талай өзгерістер мен жанрлық-пішіндік үлгерілеу жүрген. Сондықтан да 1960-1980 жылдар арасында жастар бағдарламаларының жай-күйі жиі сөз болып, сол кездегі КСРО Журналистер Одағында басты мәселелердің бірі ретінде қаралған. Себебі, бұл кезге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында көп мәселелер үстірт қаралып, экономика, мәдениет, ғылым сияқты маңызды салалар сирек көтеріліп жүрді. Сол себепті де, қазақ теледидарындағы жастарға арналған хабарлар да сол кездегі оқиғалармен тығыз байланысты дамып, жетіліпті.
1950-1960 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өндірісіндегі бір тұстан екінші тұсқа жалт берушілік, егін, мал шаруашылығын күштеп өзгертуге тырысушылық жастар бағдарламасында да көрініс тапқан. Басқа БАҚ сияқты теледидар да партияның солақай саясатын уағыздауға мәжбүр болды. Теледидар өнеркәсіп, ауылшаруашылығы озаттарын, министрлерді, партия, кеңес, қоғамдық ұйымдар жетекшілерін, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерінің әңгімелесуін үнемі беріп тұруды әдетке айналдырған.
Осыған орай профессор Н. Омашев былай деп жазған: «Қазіргі радио мен телевизия тілінде де қызыл сөз көп. Әдебиет пен өнер, ғылым мен шаруашылық қайраткерлері хақында берілі жататын тыңдап отырғанада бұл жарық дүниеде одан асқан тірі пенде жоқ тәрізденеді. Кейіпкер-қайраткердің өмірінен, тіршілік-тынысынан жете біліп айтылатын жаңалық, ерекшелік жиі естіле бермейді. Оның есесіне кім туралы болсын, қашан болсын айта берсең қателеспейтін әсірелеу сөз ақтарылып жатады» /6/
қазақ теледидары жастар бағдарламасынан кейде «Ауыл оттары»тәрізді шалажансар хабарлар да көрініп қалып жүрді. Жақсы хабар тууы үшін тартымды оқиға мен лайықты кейіпкер қажет. Хабарды жалғыз сүрелеумен жүруі оның бірізділігіне әкеліп соқты. Студияға шақырылған қай ауылдың болмасын басшылары бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай. Қайсы хабарын алсаңыз да төмендегідей қатаң ретпен жасалған:
- Ауылдың бас мамандары түгел дерлік сөйлеп шығады.
- Міндетті түрде ауыл еңбек озаттарының аттарын тізіп атан шығу керек.
- Хабар көңілчсіз болмауы үшін аратұра ауыл көркемөнерпаздарының өнері беріліп тұрады.
Қоғамдық өмірдегі елеулі даталарда Жастар редакциясы көптеген айдарлар, топтама, викториналар жасап отырған. Тек 1959 жылы балалар мен жасөспірімдер редакциясы жеке отау тікті. Бұл уақытқа дейін ол Алматыдағы телестудияның көркем хабарлар Бас редкциясының құрамында болды. Ол кездегі студиялық алғашқы жастар хабарына Ж. Смақова, М. Барманқұлов, Р. Қалкенова көп еңбек сіңірді. /6/
Жалпы Қазақ теледидары Жастар редакциясының әр кезеңдегі бағдарламаларының сипатын былайша топтастыруға болады:
1960 жылдары ағартушылық, танымдық сипаттағы хабарлар берілді. Оқу-ғылыми, білім берушілік міндетіне сай тұрақты дидактикалық материалдар топтамалары болды. Олар: «Профессор До-ре-мидің сабақтары», «Мың ғажайып», «Спорт мектебі» т. б. Бұл жылдары теледидар - педагогтың қызметін атқарды. Ал «Саяхат», «Біздің глобус» бағдарламаларының танымдық сипаты басымырақ болды.
1970 жылдары қоғамдық-саяси, экономикалық, көңіл көтеру, конкурстық, ақпарттық бағдарламалар жарыққа шықты.
1980 жылдары рухани, эстетикалық, музыка, театр, бейнелеу өнері, мүсін, мәдени-ағарту, әдеби-патриоттық, моральдық сипатындағы бағдарлаамалар саны артты.
1990 жылдары қоғамдық-саяси, экономикалық, танымдық тарихи, мәдени, және экологияға байланысты хабарлар көбейді. Осы жылдары ақпараттық, одан кейін публицистикалық, проблемалық, талдамалы сараптау тұрғысындағы бағдарламалар көбейе түскен. Хабарлардың түрі, жанры түрімен сабақтаса жасалған. Сондықтан, алғашқы жастар бағдарламаларында әңгімелесу, интервью жанрлары жиі қолданылған. Ол кезде әр облыста, әр аймақта осы тектес бағдарламалар болғанымен, аздық етті. Ал Алматыда базалық студия болғандықтан, республиканың барлық өңірлерін қамтып, Қазақстан өзге өңірлердегі студияларымен қарым-қатынас орнатып, оларға жетекшілік етіп отырған. Жалпы сол кезеңдегі жастарға арналған бағдарламаларында көп сөзділік, дерек, оқиғаны тек шолумен көрсету, мәтін мен экрандағы көріністердің өзара байланыспауы, жеделдіктің болмауы, бір рет қозғалған мәселелердің одан кейін де қайтара көрсетілуі жұртты жалықтырып жіберген. Мысалы, «Садық атаның бос әңгімелері» атты хабар жиырма минут бойы құлақтың құрышын қандырған. (8) Келе-келе бағдарламалдың өресі кеңейіп, студия ауыл шаруашылығы, техника, спорт, әдебиет, өнерге байланысты мәселелерді қозғап, моральдік, этикалық, педагогтық тәрбие беру жағын қамти бастаған. Сонымен қатар, әр сарындағы ғылыми хабарлар саны көбейген соң, оларды штаттағы қызметкерлердің атқаруына тура келген соң өнімнің (бағдарламаның) бірсарындылығы, бірізділігі басым болып, мәтін мен сурет нашар үйлесім тапқан. Ол кездегі көрермендердің бүгінгідей хбарларды таңдап көруге мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал кадрлар тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, жаңа дүниені игеру қиындыққа түсті. Сондықтан да, редакция мен көрермен арасындағы тығыз байланыс, толассыз пікір алмасулар, ұсыныс және көрермендер белсенділігі заңды құбылыс еді.
Кеңестік идеология тұсында жастар бағдарламаларының тақырыбы тар болса да, ұлттық өнерді, мәдениетті насихаттады. Жастарды қоғамдық істерге тартып, олардың өмірлік бағытын анықтауға септігін тигізумен қатар, еңбекке баулып, адамгершіліңк, имандылық, парасаттылық, патриоттық тәрбиені сіңірді. /7/
Сол жылдары көрермендердің қызықтап көретін бірнеше бағдарламаларына талдау жасап өтсек:
1962 жылғы «Құрдастар» мен «Ровестстники» шығармашылық бірлестігінің «Сырласу», «Эдельвейс» телевизилық клубтары адамдардың характерін ашуға жағдай жасап келелі проблемаларды талқылау арқылы жастарға арналған тартымды хабар ретінде бағаланған. (С. Масғұдов «Көгілдір экран құпиясы» /6/16б/Сол сияқты «Құрдастар» редакциясының екі аяғын тең басып жатқан кезеңі еді. Тек 40 минуттық «Сырласу» клубының ауыл жастарының тыныс-тіршілігі жөнінде тек екі айда бір-ақ рет қана берілгені өкінішті. Тағы бір әттеген-ай осы 1960-70 жылдардағы көпшілік хабарлардың дені орыс тілінде көрсетілгендігінде. Дәл осы кезде «Айгөлек», «Сенің кітап сөреңде», «Пионер ісінің жаршысы», «Жарыс», «Шахмат- телвизор экранында» тәрізді тұрақты топтамалар бөбектер мен оқушыларға, төменгі, жоғарғы сынып оқушыларына, студенттерге арналып шығып тұрған.
Ал бертіндегі 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы республика өміріндегі саяси өзгерістер Жастар бағдарламаларының да құрылымын, сипатын жаңашалады десек болады. Осы құбылыстарды дұрыс түсінген сол кездегі жастар редакциясының белсенділігі артып, хабарларда талдамалы-сараптау әдісін қолдана бастады. Зерттеуші В. Егоровтың: «Для теорий и практики пропаганды важно учитывать то, что молодежное сознание болезнено относиться к тормозящим перестройку явлением, особенно к фактам расправы с неугодными, зажимамаи критики., злоупотреблениям властью и т. п» деуі лайықты айтылған /153/ Жаңа, тың тақырыптардың қамтылуы 1980 жылдардың аяғы мен тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдары ғана басталды. Бұл кезеңде Ресейде жастарға арналған «12-тый этаж», «Взгляд», «До 16-ти и старше» публицистикалық бағдарламалары аса өткірлігімен көзге ілініп, кең аудиторияны қамтыды. Алайда, 80-ші жылдардың аяғында бұл хабарлар жабылып қалды. («Взгляд 1991 жылдың басында) . Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі эфирдегі жастар хабарларының мақсаты - қазақ ұлтының басынан кешкен ашаршылық, қуғын-сүргін, қиямет-қайымды жаңаша көзқараспен бағалап, ұлттың рухын көтеру, тарихтың ақтаңдақ беттерін қайтадан қалпына келтіруге үлес қосып, жастарды ұлттық тәрбие негізінде сусындату еді. Өткір хабарлардың алғашқылары студенттерге арналған «Арман дастан» мен «Азимут» айдарлары болатын. «Арман дастан» студенттер өміріндегі проблемаларды зерттеуді мақсат тұтып, жастардың тұрмыс-тіршілігінен көрермендерді үнемі хабардар етіп отырды. «Жастар араласпайтын сала жоқ, ал жастардың қомақты бір бөлігі студенттер, олардың тұрмыс-тіршілігін назардан тыс қалдыру мүмкін емес», - деген ниетпен көрермен талқысына ұсынылған «Азимутта»: «Алматыда оқып жүр», «Құстың қос қанатындаймыз» тақырыптарымен студенттердің әлеуметтік жағдайының жай-күйі ашық сөз болды. /160/ Осы жылдардағы ең үздік хабарлардың бірі ретінде «Жастардың әлеуметтік белсенділігі» атты бір сағаттық хабарын ерекше атап өтуге болады. Хабарды Дос Көшім мен Ләззат Сапахова жүргізген. Аталған бағдарламаны сол кездегі жас толқынның ой -өрісін кеңейтуде, білімін ұштауға зор үлесін қосқандығы анық. Себебі мұнда ұлтаралық қатынастар, әлеуметтік белсенділік жаңаша көзқараспен, кешегі күн мен бүгінді салыстыра отырып сөз етілген. Сол кезде бұл хабарға пікірсайыс клубтарының да мүшелері атсалыса алатын болған. Бір мысал айта келсек, «Ақиқат» пікірсайыс клубы «Жүректен қозғайық» хабарының жалғасы еді. Сондай-ақ осы «Ақиқаттың» айдарымен бірнеше пікірсайыстар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, жастарға қатысты көптеген мәселерге өзіндік ойын қосып отырған.
Қазақ теледидары жастар хабарларының осы уақытқа дейінгі орталық баспасөз беттеріндегі бірді-екілі шағын мақалалар болмаса, арнайы зерттелмегендігін ескерсек, оны саралап, бір жүйеге келтірудің қажеттілігі арта түседі. Әтсе де, өзіндік өшпес тарихы бар деп ауыз толтырып айтқанымызбен, жетіспейді деген желеумен магниттік таспадағы хабарлар өшіріліп, үстіне басқа хабар жазылғандықтан, Қазақ теледидарының алтын қорында жастар редакциясы тарихының көнекөз санаулы жазбалары жетімсіреп тұр. Қандай құнды дүниелер десеңізші . . . /10/
Әр халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшелігі бар. сол халықтың қамын ойлап, боашағын қозғаған мәселенің ұлттық қаны тамшылап тұрамаса, ол нағыз халықтық дүние емес. Ал теледидардағы жүргізушілер ең алдымен халықтың мүддесін көздеген адам болғандықтан, діттеген мақсатына жету үшін ұлттық намысқа тиіп, сананы оятуға тырысуы керек, яғни ұлтына деген сүйіспеншілігін ерекше жанның ұлттық сезімі болғанда ғана ұйқыдағы сананы оятады десек артық айтқанымыз емес шығар. Бір нәрсені баяндау, талдау бар, ар жағына көз жіберіп, шешудің жолы тағы бар. Әрбір айтылған сөздің арғы жағында ой жатуға тиіс. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген қағида, «қасаңданып» бір ізден жүре беру теледидар табиғатына жат нәрсе. Жүргізушінің жағымды үні, ұшқыр ойы, тапқырлығы, тартымдылығы, білімділігі, тіл байлығы, өзін еркін ұстай білуі - тәуір хабардың алғы шарттары.
1. 2 Бүгінгі жастарға арналған бағдарламалар: ізденістер мен іркілістер
Бүгінгі жастар жаңа Қазақстанның жаңа буыны, еліміздің экономикалық потенциалы. Сондықтан теледидар арқылы қазақ жастарының интеллектуалдық қасиеттерін, яғни озық ойлау мен білімін кеңейту, еліміздегі экономикалық-саяси, әлеуметтік жағдайларлар ағысы жөнінде үнемі хабардар болып, жоғары буын өкілдерімен үндестік құрып отыруы саналы ұрпақ тәрбилеуде дамыған еуропа елдеріндегі озық үлгі. Себебі, нарық қатынастарының заңдылықтарын білмей жүрген жастар жетерлік. Олар өздерінің мүмкіндік, қабілетін толық пайдалана білуі қажет. Ал барлығымыз күнделікті таңертеңнен қара кешке дейінгі өмірімізде талай ақпаратты қабылдап жатырмыз. Оның тең жартысынан астамы жадымызда берік жатталып та қалады. Солардың ішінде жаманы - жақсысы да, зияны - пайдалысы да аралас жүреді. Бір өкініштісі, сол ақпараттарды елеп-екшеп, артығын, яғни санамызға улысын ысырып тастау бізде жоқ әдет. Әсіресе жастар аудиториясында. Мәселе, енді ақпараттардың адамзат баласына берер пайдасы мен мән-маңызында болып тұр. Олай дейтініміз, көгілдір экранның қабілеті жастар санасын дұрыс жолға бағыттап, өнегелі тәрбие көзіне айнала алып отыр ма? Бұл күрделі тақырып.
Қалай десек те, ақпарат құралдары төртінші билік деген атқа ие болды. Сенім екі есе күшейді. Бір өкініштісі, адамдардың көбі бүгінгі жастарға тек ойын-сауық хабарлары ғана қажет деп санайды. Француз классигі Бальзак: «Факт - ақымақтыққа жақын, бірақ сол фактінің монтаждалуы сіздің қолыңызда» - деген екен. Шынында сол факті әдемі жеткізілсе болғаны, ал талдап-талғау, саралау жағы көрермен еншісіндегі дүние екендігі әлі күнге дейін ескерілмей келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz