Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу


Мазұны
Кіріспе . . . 2
І бөлім. Әлемдік тәжірибеде Орталық банк ұғымы жне қызметі
1. 1 . Орталық банктің пайда болуы және оның түрлері . . . 4
1. 2. Орталық банкті ұйымдастыру жолдары және қызметтері . . . 7
1. 3 . Орталық банк операциялары . . . 14
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу.
2. 1 . Орталық банктің ақша-несие саясаты . . . 17
2. 2 . Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдыры . . . 21
2. 3. Экономиканы ақша несиелік реттеудің кейбір аспектілері . . . 24
ІІІ бөлім. Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы, несие және ақша айналымы . . . 30
Қорытынды . . . 37
Қоладнылған әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, ақша-несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Курстық жұмыста орталық банктің атқаратын рөлі мен маңызы, функциялары, ақша-несие саясаты, құралдары мен ақша-несие айналымы қарастырылған.
Қазақстан Республикасындағы банкілер жүйесі 1993 жылдың көкек айында қабылданған "Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісі" және “Қазақстан Республикасындағы банкілер жөніндегі" Зандар негізінде қалыптасқан.
Қазақстан Республикасының банкілер жүйесіне республиканың орталық банкісі болып саналатын Ұлттық банк және мемлекеттік, жеке, акционерлік, біріккен, шетел банкілері кіреді. Бұлардың атқаратын қызметі жоғарыдағы көрсетілген зандармен шектеледі.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Жоғарғы деңгей жүйесі Ұлттық (эмиссиялық) Банкке берілді. Ал төменгі деңгейде коммерциялық банктер мен банктік емес несие-қаржы институттары (инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, ломбарттар, трасттық компаниялар және т. б. ) орналасқан.
Орталық банк көп елдерде мемлекеттікі болып табылады. Мемлекет формальді түрде оның капиталын меңгермесе де (АҚШ, Италия, Швейцария) немесе бір бөлігін меңгерсе де (Бельгия-50%, Япония-55%) . Орталық Банк мемлекеттік органның функциясын атқарады.
Орталық банк эмиссиялық банкнотты шығаруда монопольдік құқыққа ие - яғни негізгі нақты ақша массасын құрайды. Ол ресми алтын валюталық қорларды сақтайды, мемлекеттік саясатты жүргізеді, ақша - несие сферасын және валюталық қатынастарды реттеп отырады.
Орталық банк мемлекеттік қарызды басқаруға қатысады және мемлекет бюджетіндегі есеп- айырысу қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Өз жағдайы бойынша несие жүйесінде Орталық банк «банктердің банкі» деген рольді атқарады. Сол сияқты міндетті қорлар, коммерциялық банктердің бос қаражаттары және де басқа да құрылымдарды сақтайды. Орталық банктің атқаратын негізгі қызметі - несиелік реттеу. Орталық банк банк сферасын реттеуде әкімшілік әдістерден басқа экономикалық инструментарилерді қамтиды. Оның басты құраушылары: аздаған қорлар саясаты, ашық нарық пен есеп саясаты.
Ақша-несие саясатының басты бағыттаушысы Орталық банк болып табылады. Валюталық курс әсеріне, пайыздық көрсеткіштерге және де банк жүйесінің ортақ көлеміне, сонымен қатар экономикаға бағытталған. Бұл мәселелердің жетістіктері - экономикалық өсудің тұрақтылығы, жұмыссыздық пен инфляцияның төмендеуі.
Нарықтық экономикаға көшу несие-ақша жүйесінде бұдан да оң өзгерістер жүргізуді қалады. Несие реформасының екінші кезеңінде (1988 жылдың тамызынан бастап) коммерциялық банкілерді үлестік және акционерлік негізде құру басталды. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі "Қазақ ССР-індегі банкілер және банк қызметі" Заңымен негізделді. Біздегі банк жүйесіне республикалық Орталық банкі болып табылатын Мемлекеттік (ұлттық) банк, Агробанк, коммерциялық банкілер кірді. Сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ететін Сыртқы экономикалық банк - Қазақстан Республикасының Әлембанкі де құрылды. Жаңа банк мекемелері мемлекеттік кәсіпорындардың, кооперативтердің қоғамдық ұйымдардың қолдағы қаржыны пайдалана отырып, кәсіпорындарды немесе кооперативтерді дамыту ісіне жұмылдыру үшін құрылды.
Ақша мен оның айналыс проблемалары халық шаруашылығын қайта құру ісіндегі негізгі мәселелерге айналды. Ақша айналысын басқаруды
І бөлім. Әлемдік тәжірибеде Орталық банк ұғымы жіне қызметі
1. 1. Орталық банктің пайда болуы және оның түрлері
Алғашқы Орталық Банк 300 жыл бұрын (1668 жылы Швеция Риск Банк) пайда болған. Ол соңғы он жылдың ішінде жаппай таратылып, замандас мағынаға ие болды. Осыған байланысты ең бірінші банк анықтамасынан бастаған жөн.
Банк - уақытша бос ақшаны, салымдар мен қорланымдарды шоғырландыратын, кредиттер беретін, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, шаруашылық жүргізуші субъектілер немесе жекелеген тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асыратын қаржы мекемесі.
Банк жүйесі - өзара байланысты алуан түрлі банктер мен банк институттарының жиынтығы; кредит жүйесінің құрамдас бөлігі.
Банктің пайда болуы және оның түрлері
Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі штабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және уақыттың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операциялар жүргізіледі.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. “Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” - орындық, “айырбас орындығы - айырбас орны” дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VIII-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодолизмге өту кезеңінде тауар ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек ХІІІ-ХІV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен венецияда 1587 ж. Айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні - екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж. ) және Гамбургте (1618ж. ) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырусуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналасы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық топтардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі . . . ”.
Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да” басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі.
Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
- Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
- Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға(шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда - ҚР Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты - айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар - ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол - елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық және т. с. с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдендіруге алып, ұзақ мерзімге ие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
1. 2. Орталық банкті ұйымдастыру жолдары және оның қызметтері
Капитализнің алғашқы даму сатысында коммерциялық банктер банкнота шығаруды капитал жинақтаудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды. Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерде шоғырланды. Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолданылуын қамтамасыз етті. Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерде орталықтануымен байланысты. Алғашқыда ол банк эмиссиялық банк, кейіннен орталық банк деп аталды. Бұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқару рөліне сай келеді. Мемлекет заң шығару арқылы эмитент банкті қолдап отырады. Себебі банкноталар шығаратын көптеген ұсақ банктер күйзеліске ұшырағанда, олардың шығарған банкноталары да айналымнан ығыстырылады. ХІХ ғ. аяғында - ХХғ. басында көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялық банкте шоғырланып, ол мемлекеттің несие жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттейдің орталығы қызметін атқарады.
Орталық Банктерді ұйымдастырудың жолдары. Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:
- Мемлекеттік орталық банктер, яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей) ;
- Акционерлік қоғамдар (АҚШ, Италия) ;
- Аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде(Жапония, Бельгия) .
Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік (Германияда, Ресейде) ; кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып, кейін Ұлттық банк болып қайта құрылды (Ұлыбританияда, Францияда) . Капиталы мемлекет иелігінде ме, жоқ па оған қарамастан тарихи банкпен мемлекет арасында тығыз байланыс қалыптасқан, ол әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда күшеюде. Үкімет өзінің экономикалық саясатын несие-банк жүйелері арқылы жүргізілетіндіктен орталық банкпен байланысын нығайтуға аса мүдделі. Дегенмен мемлекет орталық банкпен тығыз байланысын пайдаланып, оның саясатына шексіз ықпал етеді деуге болмайды.
Орталық банктің капиталын кім иеленетініне қарамастан ол дербес заңды тұлға: оның мүлкі мемлекет мүлкінен ажыратылған, орталық банк өз мүлкін меншік иесі ретінде қолданады. Орталық банктің атқарушы органнан тәуелсіздік дәрежесі әр мемлекетте әр түрлі қалыптасқан. Заң бойынша парламентке есеп беретін орталық банктер көптеген дербестікпен, ал Қаржы министірлігіне аздаған дербестікпен пайдаланады. Ондай банктер көпшілік.
Орталық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс-әрекеттерінің тиімділігіне қажетті жағдай. Орталық банктің бұндай тәуелсіздігі жақындаған үкімет сайлауы алдындағы қысқа мерзімді үкімет мақсаттарымен қайшылыққа келеді. Бұл әсіресе орталық банктің ресурстарын бюджеттің кемшілігін толтыруға жұмсау жоспарын іске асыруға мүмкіндік бермейді. 80-90 жж. Орталық банктердің үкіметтен тәуелсіздік тенденциясы күшеюде.
Дегенмен орталық банктің үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементтері - ақша-несиелік және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау орталық банк қызметінің түйіні. Сондықтан үкіметтің макроэкономикалық үкіметтің макроэкономикалық бағыты орталық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген орталық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.
Кез келген орталық банктің міндеті - ұлттың ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды: банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша-несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі. Осы аталған қызметтер орталық банктің балансында көрініс табады.
Орталық банктің ең алғашқы қызметі - ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде - банкнота шығару . Ол -еде т-лем міндеттемелерің өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбір мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монетаны шығарады. Көп елдердемонетаны қаржы министірлігі (қазынашылық) соғып, орталық банк оларды номиналымен сатып алады. Бұл жағдайда монетаның өзіндік құнымен номинал құнының айырмасы мембюджеттің табысы болып саналады. Сөйтіп, орталық банк сатып алған монеталарды өзі шығарған банкноталармен қосып айналысқа түсіреді.
Орталық банктің банкнота және монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге душар болды. Мысалы, ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коммерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе, қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, банкноталарды шығарудың тауар айналысымен тікелей байланысы айтарлықтай азайды, ал оны алтынмен қамтамасыз ету тіпті жойылды.
Ақша массасының құрылымының өзгеруіне қарамастан орталық банктердің банкнота шығару қызметі өз маңызын жойған жоқ. Себебі қолма-қол ақша бұрынғысынша бөлшек саудаға, сондай-ақ несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз етуге қажет. Орталық банктің эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесінің эмиссиялы-кассалық орталығына айналдырды. Себебі орталық банктің міндеттемелері кез келген коммерциялық банктің кассалық қоры болып саналады. өйткені орталық банктің басты клиенті - коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретінде қызмет атқарады.
Орталық банктің ақша-немиелік реттеу қызметі.
Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу - үкіметтің экономикалық саясатының құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады. Дегенмен орталық банк ұдайы өндірістің заңдылықтарынан туындайтын шаруашылық механизміндегі дағдарыс және басқа да үйлесіздімдікті жоя алмайды. Орталық банктің әр түрлі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттеріне қарама-қарсылықтар тән. Оның несиені арзандатумен өндірісті ынталандыру әрекеті, әдетте, шаруашылықтың бір қалыптығын бұзып, инфляцияны күшейтеді.
Ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді, себебі инфляция тек ақша қатынастарымен тежеуге мүмкіндік бермейтін көп факторлы процесс. Валюта дағдарысы және валюта курсының төмендеуі кезінде орталық банк елдің төлем балансын процентті жоғарылату мен елге капитал тарту жолымен жақсартуға ұмтылады. Бірақ несиені қымбаттату өндірісті өрістетуге кері әсер етеді.
Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі - ол орталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы болуы. Ол - ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу, елдегі және одан тыс жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуі. Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы нарығы мен алтын нарығына қатысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға, сонымен бірге, халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз елінің өкілі болып қатысады.
Орталық банктің банктердің банкі қызметі - ол орталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық банктің негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. бұл қорлар банктік міндетті резер қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз міндетті резервтеріне арақатынасын, яғни міндетті резервтердің нормасын бекітеді.
Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін сақтауға қабылдаумен қатар орталық банк оларға несиелік көмек көрсетеді. Оның несие үшін проценттік төлем мөлшері нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады, сондықтан орталық банктің несиесін басқа несие алу мүмкіндігі болмаған ақырғы жағдайда ғана алады.
Орталық банк банктердің банкісі ретінде елдің төлем жүйесінің басты реттеуші органы қызметін атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру, есептесу жүйесін реттеу және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.
Көптеген елдерде орталық банк банк жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау, несие берушілер мен ақша салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің жұмысын қадағалап және бақылап отырады. Бірсыпыра елдерде бұл жұмыспен орталық банк шұғылданса; ал кейбір мемлекеттерде (Австралия, Италия, Ресей) қадағалау және бақылау жұмыстарын орталық банк басқа органдармен (қазынашылық, банктік комиссия және т. б. ) біріге, ал басқа мемлекеттерде оны (Австрия, Дания, Канада, Норвегия) орталық банктер емес, басқа органдар жүргізеді.
Орталық банктер қадағалау және бақылауды негізінен мынадай бағытта жүргізеді:
- Банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
- Кейбір операция түрлерін (валюталық, бағалы қағаздармен, қымбат металдармен) жүргізуге;
- Банктер берген қаржылық есепті тексеру және талдау;
- Клиенттерді ревизилау;
- Міндетті резервтердің нормативін және экономикалық нормативтердің жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру.
Соңғы онжылдықтарда банк ісінің интернационалдануына байланысты банктік қадағалау жүйесі халықаралық деңгейде көтерілді. 1975 жылы өнеркәсібі өркендеген 10 еурова мемлекеттерінің орталық банктерінің төрағалары банктік қадағалау және реттеу мәселелері бойынша Базель комитетін құрды. Халықаралық банктік қадағалау комитеті Англия банкінің директоры Питер Куктің ұсынысымен құрылғандықтан ол “Куктің комитеті” деп те аталады. Комитеттің мәжілістері оның секретариаты орналасқан Базельдегі Халықаралық есеп айырысу Банкінде өттеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz