Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама



І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Тұқымды өсімдіктерге сипаттама 4
1.1 Тұқымды өсімдіктердің жіктелуі 4
2 Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама 8
2.1 Морфологиялық ерекшеліктері 10
2.2 Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі 11
2.3 Гүлді өсімдіктер құрылысы 12
2.4 Гүлді өсімдіктердің шығу тегі және тозандануы 19
2.5 Гүлді өсімдіктердің маңызы 22
IIIҚорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жабық тұқымдылар бөлiмi осы кездегi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi жақсы жетiлгендерiнiң бiрi. Оларда 250000- дай түр бар.
Жабық тұқымды өсiмдiктерде гүл көбею мүшесi болып табылады. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетiледi. Аналықтың жатынында тұқым бүршiктерi орналасады.
Жабық тұқымдылардың гүлдерiнiң бiр- бiрiнен мөлшерi, пiшiнi, түсi және құрылысы жағынан айырмасы болады. Бiр жабық тұқымдылардың гүлдерi желмен тозаңдануға, ал екiншiлерi насекомдармен тозаңдануға бейiмделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң дәндерi аналықтың аузына келiп түседi. Осы жерде олар өсiп тозаң түтiктерiн түзедi. Тозаң түктерi арқылы аталық жыныс клеткалары тұқым бүршiгiне өтедi. Осы жерде тозаң түтiгiндегi екi аталық жыныс клеткасының бiрi жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ал екiншi аталық жыныс клеткасы тұқым бұршiгiнiң ең үлкен орталық клеткасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлдi өсiмдiктерге тән мұндай түрiн қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болады. Орталық клетка екiншi аталық жыныс клеткасымен қосылып ұлғайып эндосперм түзедi. Онда ұрыққа қажеттi қор затары жиналады. Тұқым бұршiгiнен тұқым, ал жабынның қабырғаларынан жемiс қап түзiледi.
Сонымен гүлдi өсiмдiктердiң тұқымы жемiстiң iшiнде жетiледi. Сондықтан бұл өсiндiктердi жабық тұқымдылар деп атайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама беру, олардыңқұрылысы, классификацисы және морфологиялық ерекшеліктерінзерттеу,гүл оның шығу тегі, тозандануына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама беру;
 Олардыңқұрылысы, классификацисы және морфологиялық ерекше-ліктерінзерттеу;
 Гүл оның шығу тегі, тозандануына талдау жасау;
1. Байтенов М.С. «Флора Казахстана»том І, «Ғылым», Алматы, 1999.56-б
2. Байтенов М.С. «Флора Казахстана»том ІІ, «Ғылым», Алматы, 2001 г.75-б
3. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А. Г., Серебрякова Т.И. «Ботаника (Анатомия и морфология растений)», Москва «Просвещение», 1978 г.17-б
4. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.
5. Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1-бөлім Архегониальды өсімдіктер Алматы Қазақ университеті 2000ж.
6. Жатканбаев Ж. Биология, өсімдіктер систематикасы, экологиясы. т.1
7. Дәріқұлов Н.Т. Ботаника. Өсімдіктер жүйесінің практикалық курсы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003,320-бет.
8. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника: Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
9. Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Растения Казахстана, И. Наука, Алма-Ата, - 1977.23- б.
10. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. – «Алматыкітап» ААҚ,2004, - 176 б.
11. Буш Н.А. Систематика высших растений М.1959.
12. Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. – Минск: Новое издание, 2002.
13. Старостенкова М.М., Лысогор А.И. Практические работы по систематике растений. - М., 1981.
14. Еленевский А. Г. и др. Ботаника: Систематика высших, или наземных,растений:Учебник для пед.вузов.-3-е изд.,испр. и доп.-М.:Академия,2004.-432с.
15. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника:Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама. Гүл оның шығу тегі, тозандануы тақырыбында орындалған.
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама берілді. Оларды құрылысы, классификацисы және морфологиялық ерекшеліктері зерттелді. Гүл оның шығу тегі, тозандануына талдау жасалды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 2 суреттен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Тұқымды өсімдіктерге сипаттама
4
1.1 Тұқымды өсімдіктердің жіктелуі
4
2 Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
8
2.1 Морфологиялық ерекшеліктері
10
2.2 Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі
11
2.3 Гүлді өсімдіктер құрылысы
12
2.4 Гүлді өсімдіктердің шығу тегі және тозандануы
19
2.5 Гүлді өсімдіктердің маңызы
22
III Қорытынды
24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жабық тұқымдылар бөлiмi осы кездегi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi жақсы жетiлгендерiнiң бiрi. Оларда 250000- дай түр бар.
Жабық тұқымды өсiмдiктерде гүл көбею мүшесi болып табылады. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетiледi. Аналықтың жатынында тұқым бүршiктерi орналасады.
Жабық тұқымдылардың гүлдерiнiң бiр- бiрiнен мөлшерi, пiшiнi, түсi және құрылысы жағынан айырмасы болады. Бiр жабық тұқымдылардың гүлдерi желмен тозаңдануға, ал екiншiлерi насекомдармен тозаңдануға бейiмделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң дәндерi аналықтың аузына келiп түседi. Осы жерде олар өсiп тозаң түтiктерiн түзедi. Тозаң түктерi арқылы аталық жыныс клеткалары тұқым бүршiгiне өтедi. Осы жерде тозаң түтiгiндегi екi аталық жыныс клеткасының бiрi жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ал екiншi аталық жыныс клеткасы тұқым бұршiгiнiң ең үлкен орталық клеткасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлдi өсiмдiктерге тән мұндай түрiн қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болады. Орталық клетка екiншi аталық жыныс клеткасымен қосылып ұлғайып эндосперм түзедi. Онда ұрыққа қажеттi қор затары жиналады. Тұқым бұршiгiнен тұқым, ал жабынның қабырғаларынан жемiс қап түзiледi.
Сонымен гүлдi өсiмдiктердiң тұқымы жемiстiң iшiнде жетiледi. Сондықтан бұл өсiндiктердi жабық тұқымдылар деп атайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама беру, олардың құрылысы, классификацисы және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу, гүл оның шығу тегі, тозандануына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге жалпы сипаттама беру;
Олардың құрылысы, классификацисы және морфологиялық ерекше-ліктерін зерттеу;
Гүл оның шығу тегі, тозандануына талдау жасау;

1 Тұқымды өсімдіктерге сипаттама

Споралы өсімдіктерден тұқымды өсімдіктің айырмашылығы тұқыммен көбеюінде. Тұқымның түзілуінің шығу тарихы жөнінен айтарлықтай құбылыс болып табылады. Тұқымдағы ұрықта өскіннің өнуі үшін қажетті қоректік заттары болады. Тұқымды өсімдіктердің ұрықтануы суға байланысты емес, мұның өзі шаңжапырақтәрізділерге қарағанда тұқымды өсімдектердің күрделі екенін дәлелдейді. Тұқыммен көбею өсімдектердің екі бөлімге бөлінеді: жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар. Жалаңаштұқымдылар-гүлді өсімдіктерден бұрын дамыған. Алғашқы жалаңаштұқымдылар осыдан 200 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Жалаңаштұқымдылардың 800-ге тарта түрлері ормандарда кең таралған, ағаш және бұта түрінде өседі. Жалаңаш-тұқымдылардың ішінде көп таралғандары қылқан жапырақтылар, олардың 600-гежуық түрі белгілі. Жалаңаштұқымдылар дан мысалға қарағай мен шыршаны алуға болады. Қарағай. Ол-биіктігі 50 метрге жететін, 400 жылға жуық жасайтын өсімдік. Тамыр жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты қарағайлар жартастарда сусымалы құмдарда, батпақтарда, тау беткейлерінде өседі. Орманда өскен қарағайлардың негізгі тамыры жақсы дамып, топыраққа терең кетсе,құмды топыраққа, батпақта өсетіндердің тамыры жайылып, аса тереңге кетпей,топырақты беткі жағына таралады. Қылқан жапырақтары жіңішке, ұзын, сыртын жұқа, тығыз өң қаптаған жанаспалы жасушалары, онша көп емес [1].

1.1 Тұқымды өсімдіктердің жіктелуі

Тұқыммен көбею өсімдектердің екі бөлімге бөлінеді:жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар.
Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) - тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. - ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор [10].
Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.
Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) - тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ірі тобының бірі. Мұның тұқымы мен тұқым бүрі -- жабықтұқымдылардікі сияқты емес, олар аналыкпен жабылмай, жеміс жапырақшасында ашық жатады. Бұларда гүлсеріктері, (гүлқоршаулары) болмайды.
Олардевон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньныңшырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. - ағаш тәрізді өсімдіктер ағаштар.
Ашық тұқымдылар бөлiмiне шамамен 800-дей түр жатады (1-сурет). Олар тұқымдары арқылы көбейетiн ағаштар мен бұталар. Ашық тұқымдылар жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң ерте пайда болған тобына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша ашық тұқымдылардың арғы тегi әр түрлi споралы папоротниктер болған.

1-сурет. Ашық тұқымдылар

Ашық тұқымдылардың тұқымдары аналық бүрдiң тұқымдық қабыршақтарының төменгi жағында ашық жатады. Бұл әсiресе сiбiр қарағайында айқын байқалады. Ашық тұқымдылар бөлiмi деген атау осы ерекшелiктерiне байланысты берiлген [10,13].
Жалпы сипаттамасы. Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель - Picea), қарағай (сосна - Pinus), балқарағай (листвинница - Larix), самырсын (пихта - Abies), арша (можжевельник - Juniperus), қылша (эфедра - Ephedra) туыстарының түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная - Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы (сосна сибирская - Pinus sibirica). Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi. Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер. Кәдiмгi қарағай деген түрi құмды жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседi. Қарағайлардың кiндiк тамыры жақсы жетiледi және терең кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк тамырымен бiрге жанама тамыры да жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше қарағайлардың кiндiк тамыры нашар жетiледi.
Қолайлы жағдайда қарағайлар 30-40 м жетедi және 350-400 жылдай өмiр сүредi. Қылқан жапырақтылардың сабағының iшкi құрылысы бiртектес келедi. Сабақтың көп бөлiгiн сүрек қабаты алып жатады. Қабық қабаты мен өзегi нашар жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады. Олардың бiр тобы фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өркендерде түзiлген органикалық заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. Ұлпалардың екiншi тобы тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды өркендерге жеткiзедi. Өзегi қабықшалары жұқа дөңгелек клеткалардан тұрады. Қылқан жапырақтылардың дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде шайыр жолдары болады. Қарағайларда екi түрлi өркен болады: ұзарған және қысқарған өркендер. Ұзарған өркендер ұзындыққа шексiз өседi.
Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары болады. Оларың қолтығында қысқарған өркендер жетiледi. Кәдiмгi қарағайдың қысқарған өркендерiнде екiден қоңырлау- жасыл түстi, қылқан жапырақтары орналасады. Қылқандары 3-6 жыл өмiр сүредi, содаң соң қысқарған өркенiмен бiрге түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi екiден бiрiккен болады [14].
Қылқандары жiңiшке ұзын келедi. Олардың сыртын қатты қабықша жауып тұрады және устьицалары көп болмайды. Сондықтан қарағайлар суды аз буландырады және құрғақшылыққа төзiмдi келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың тапшылығына қарамастан тiршiлiгiн тоқтатпайды. Қыс кезiнде қылқандарын тастамайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көп тарағандарының бiрi- шырша (ель - Piceae). Шыршалы орман ТМД аумағында үлкен кеңiстiктi алып жатыр. Сiбiрде шырша самырсынмен қосылып қылқанжапырақты көлеңкелi орман (тайга)түзедi. Мұндай ормандарды жартылай қараңғылық басып тұрады. Бұл жерде ағаштардың бөрiкбастары бiр- бiрiмен түйiскен. Көлеңкелi орманда бұталар мүлдем болмайды, ал шөптесiн өсiмдiктер өте аз кездеседi. Топырақтың бетiн жасыл мүктер немесе жерге түскен қылқандардан тұратын төсенiштер жауып тұрады.
Шырша қарағайдан сыртқы түрiмен оңай ажыратылады және төзiмдi келедi. Қоректiк заттарға бай, ылғалдығы жоғары топырақта өседi. Шыршаның кiндiк тамыры нашар жетiлген. Жанама тамырлары жердiң бетiне жақын жатады, сондықтан да оны жел тамырларымен қопарып, аударып тастайды. Шырша ағашы 250 жылға дейiн жасайды және биiктiгi 40 метрден астам болады.
Шыршаның бөрiкбасы пирамидаға ұқсас. Шыраның қысқа және үшкiр қылқандары, бұтақтардың сыртын жауып тұрады және 5-7 жылға дейiн түспейдi. Жапырақтары қылқан түрiнде болатын өсiмдiктердi қылқанжапырақтар деп атайды. Оларға самырсын, балқарағай, сiбiр самырсыны, арша, тис және тағы басқалар жатады.
Балқарағайдың қылқандары жыл сайын күзде түседi. Бұл жағынан ол жапырақтары түсiп отыратын ағаштарға ұқсас. Балқарағай Сiбiрде көп таралған және үлкен алқапты алып жататын орман түзедi [7,9].
Қылқанжапырақтылардың iшiнде кiшiлеу ағаштар немесе бұталар болады. Оларға кәдiмгi аршаны жатқыза аламыз. Оның жапырақтары ине тәрiздi, тiкенектi. Бүрлерi жасыл түстi, сыртын балауыз басқан, шырынды жемiске ұқсайды. Ашық тұқымдылардың iшiнде шөптесiн өсiмдiктер жоқ.
Көбеюi. Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн қарастырамыз. Қарағай барлық ашық тұқымдылар секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады.
Қарағайдың тұқымы қалай пайда болатынын қарастырайық.
Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында екi түрлi: аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан орналасады.
Аталық бүр өстен және оған тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы орналасады. Тозаң қабының iшiнде көптеген екi клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi. Аналық бүрлерi де сол ағашта дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы жабындық қабыршақтар, астында тұқымдық қабыршақтар орналасады. Осы тұқымдық қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда болады.
Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы жыртылуының нәтижесiнде сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетедi. Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқымбүрi тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң қабыршақтары бiрiгiп, шайырмен желiмделiнедi. Тозаңдарда аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс клеткалары жетiледi. Ұрықтану тұқымбұршiктерiнде жүзеге асады. Ұрықтанған аналық жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда болады. Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан сүректенедi. Алғашқы кездерде аналық бүрлердiң түсi жасыл болады, кейiнiрек қоңырқай тартады. Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақыттан бiр жарым жыл өткен соң пiсiп жетiледi. Бiрақ бүрден екi жылдан кейiн шашылады. Ашық тұқымдылардың тұқымдарында артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады. Ол ұрықты қоршап тұрады [1].
Қарағай тұқымының жұқа жарғақ қанатшалары болады, солар арқылы олар желмен таралады. Бiрақ кейбiр қарағай тұқымдарында қанатшалар кездеспейдi. Сiбiр қарағайының (самырсын қарағайының) тұқымын самырсын жаңғақшасы деп атайды.
Кәдiмгi қарағайдың бүрiнiң мөлшерi онша үлкен болмайды, оның ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 10-15 сантиметрге жетедi. Шыршаның тұқымбүршiгiндегi тұқымдары шашылып жел арқылы оңай таралады. Келешегiнде осы тұқымдардан жас қарағай өсiмдiгi пайда болады.

2 Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама

Жабық тұқымдылар бөлiмi осы кездегi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi жақсы жетiлгендерiнiң бiрi (2-сурет). Оларда 250000- дай түр бар.
Жабық тұқымды өсiмдiктерде гүл көбею мүшесi болып табылады. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетiледi. Аналықтың жатынында тұқым бүршiктерi орналасады.

2-сурет. Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер

Жабық тұқымдылардың гүлдерiнiң бiр- бiрiнен мөлшерi, пiшiнi, түсi және құрылысы жағынан айырмасы болады. Бiр жабық тұқымдылардың гүлдерi желмен тозаңдануға, ал екiншiлерi насекомдармен тозаңдануға бейiмделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң дәндерi аналықтың аузына келiп түседi. Осы жерде олар өсiп тозаң түтiктерiн түзедi. Тозаң түктерi арқылы аталық жыныс клеткалары тұқым бүршiгiне өтедi. Осы жерде тозаң түтiгiндегi екi аталық жыныс клеткасының бiрi жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ал екiншi аталық жыныс клеткасы тұқым бұршiгiнiң ең үлкен орталық клеткасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлдi өсiмдiктерге тән мұндай түрiн қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болады. Орталық клетка екiншi аталық жыныс клеткасымен қосылып ұлғайып эндосперм түзедi. Онда ұрыққа қажеттi қор затары жиналады. Тұқым бұршiгiнен тұқым, ал жабынның қабырғаларынан жемiс қап түзiледi [15].
Сонымен гүлдi өсiмдiктердiң тұқымы жемiстiң iшiнде жетiледi. Сондықтан бұл өсiндiктердi жабық тұқымдылар деп атайды.
Жалпы сипаттамасы. Қазiргi кездегi жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптесiн өсiмдiктер жатады. Олар жер бетiндегi құрлықтардың барлығында кеңiнен таралған. Жабық тұқымдылардың кейбiреулерiнiң вегетациялық кезеңi өте қысқа, бiрнеше айға ғана созылады. Оған көкнәрлер тұқымдасының кейбiр өкiлдерi мысал бола алады: сеппе көкнәр (мак самосейка - Papaver rhoeas), ұсақгүл гипекоум (гипокоум мелкоцветковый - Hypecoum parviflorum) т.б. Екiншi бiр түрлерi мысалы, емен ағашы (дуб черезчатый - Quercus rubra) жүз жылға дейiн өмiр сүредi.
Кейбiр жабық тұқымдылар- аса үлкен өсiмдiктер. Мысалы эвкалипттердiң биiктiгi 100метрден асады. Сонымен бiрге балықот (ряска маленькая - Lemna minor) секiлдi өте ұсақ өсiмдiктер де кездеседi. Көптеген жабық тұқымылардың сабақтары тiк өседi. Бiрақ олардың iшiнде шырмалып, өрмелеп, төселiп өсетiн және жатаған сабақтылары да болады. Кейбiр жабық тұқымды өсiмдiктердiң жер асты өркендерi өзгерiстерге ұшыраған. Жабық тұқымдылардың жапырақтарының пiшiнi мен мөлшерi, тамыр жүйесi әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әртүрлi тұқымдастар өкiлдерiнiң де бiр-бiрiнен елеулi өзгешелiктерi болады. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелi орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы болады. Шалғынды жерде өсетiн өсiмдiктер құмды шөлдiң, батпақты тундраның өсiмдiктерiнен өзгеше болады.

2.1 Морфологиялық ерекшеліктері

Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылығы - тұқым бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi. Гүлдi өсiмдiктеp бapлық құpлықтa өседi, судa кездесетiн түpлеpi де бap. Биiкте бipнеше мм-ден (бaлық oты) 150 м-ге (эвкaлипт) дейiн, шыpмaуықтap 200 м-ден aсaды. Oлapдың жaлпы мopфoлoгиялық, aнaтoмиялық, эмбpиoлиялық белгiлеpi ұқсaс бoлғaнымен, өсiмдiктеpдiң тipшiлiк opтaсының жaғдaйлapынa бейiмделуiне бaйлaнысты кейбip мүшелеpiнiң өзгеpiп не тiптi жoйылып кеткендеpi бap. Пaлеoбoтaникaлық деpектеp бoйыншa aлғaшқы Гүлдi өсiмдiктеp мәңгi жaсыл жaпыpaқтapы, қoс жынысты гүлдеpi бap, aғaш тәpiздi өсiмдiктеp бoлғaн. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең көп тapaғaн уaқыты - бop кезеңiнiң aяғы. Гүлдi өсiмдiктеpдiң Жеp шapынa кең тapaлуынa oлapдың құpғaқшылыққa төзiмдi вегетaтивтi opгaндapының бoлуы, қoлaйсыз климaттық жaғдaйдa өсуге бейiмдiлiгi, негiзiнен, жәндiктеp apқылы тoзaңдaнуы, тұқымдapы мен жемiстеpiнiң жaнуapлap apқылы тapaлуы себеп бoлғaн. Қaзip Гүлдi өсiмдiктеpдi дapa жapнaқтылap және қoс жapнaқтылap деп 2 клaсқa бөледi. Oлapдың 450 тұқымдaсқa бipiгетiн 12,5 мың туысы және 250 мыңнaн aстaм түpлеpi белгiлi. Қaзaқстaндa 125-тей тұқымдaсы, 1000-нaн aстaм туысы, 6000-дaй түpi кездеседi. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең ipi тұқымдaстapы: aстық, бұpшaқ тұқымдaстap, күpделiгүлдiлеp, еpiндiгүлдiлеp, т.б.; Гүлдi өсiмдiктеpдiң қaтapынa тaғaмдық (пияз, сapымсaқ, қызылшa, т.б.); техникaлық (ши, құpaқ, зығыp, қoзa, т.б.); дәpiлiк (шaйшөп, жөке, шүйiншөп, т.б.); әсемдiк (paушaн, қaлaмпыp, т.б.) өсiмдiктеp жaтaды. Гүл тек жaбық тұқымды өсiмдiктеpде ғaнa түзiлген. Aтaлықтap мен aнaлықтap oсы гүлде жетiледi. Aнaлықтың жaтынындa (Гүл түйiндеpiнде) тұқым бүpшiктеpi opнaлaсaды [9].
Жaбық тұқымдылapдың гүлдеpi бipiнен-бipi мөлшеpi, пiшiнi, түсi және құpылысы бoйыншa еpекшеленедi. Бip жaбық тұқымдылapдың гүлдеpi желмен тoзaңдaнуғa, aл екiншiлеpi бунaқденелiлеpмен тoзaңдaнуғa бейiмделген. Қaндaй жoлмен тoзaңдaнғaнынa қapaмaстaн, тoзaң түйipлеpi aнaлықтың aузынa келiп түседi. Oсы жеpде oлap өнiп, тoзaң түтiктеpiн түзедi. Тoзaң түтiктеpi apқылы aтaлық жыныс жaсушaлap тұқым бүpшiгiне өтедi. Oсы жеpде тoзaң түтiгiндегi екi aтaлық жыныс жaсушaсының бipi жұмыpтқa жaсушaны ұpықтaндыpaды. Aл екiншi aтaлық жыныс жaсушaсы тұқым бүpшiгiнiң ең үлкен opтaлық жaсушaсымен қoсылaды. Ұpықтaнудың тек гүлдi өсiмдiктеpге тән мұндaй түpiн қoсapлaнып ұpықтaну деп aтaйды.
Сoнымен, ұpықтaнғaн жұмыpтқa жaсушaдaн ұpық пaйдa бoлaды. Opтaлық жaсушa екiншi aтaлық жыныс жaсушaсымен қoсылып, ұлғaйтып - эндoспеpм түзедi. Oндa ұpыққa қaжеттi қop зaттapы жинaлaды. Тұқым бүpшiгiнен - тұқым, aл жaтынның қaбыpғaлapынaн жемiсқaп түзiледi.
Қaзipгi кездегi жaбық тұқымдылapғa aғaштap, бұтaлap, шөптектi өсiмдiктеp жaтaды. Oлap жеp бетiндегi бapлық құpлықтapдa кеңiнен тapaлғaн.
Жaбық тұқымдылapдың кейбipеулеpiнiң өсiмдi кезеңi, яғни тipшiлiк ету ұзaқтығы өте қысқa - бipнеше aйғa ғaнa сoзылaды. Oғaн көкнәp тұқымдaсының кейбip өкiлдеpi мысaл бoлa aлaды (сеппе көкнәp, т.б.). Екiншi бip түpлеpi мысaлы, емен aғaшы жүз жылғa дейiн өмip
Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп, төселіп өседі. Жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің, батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше [8].

2.2 Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі

Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таңқаларлықтай. Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық -- жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті.
Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.
Гүлді өсімдіктерді дара жарнақтылар класы және қос жарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады.
Қос жарнақтылар класы (Magnoliopsida немесе Dicotyledones)
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қос жарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қос жарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қос жарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз - даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады [7].
Қос жарнақтылар класы 6 класс тармағына, 128 қатарға, 418 тұқымдасқа бөлінеді.
Класс тармақтары:
лат. Magnoliidae - Магнолидтер
лат. Hamamelididae - Гамамелидидтер
лат. Caryophyllidae - Кариофиллидтер
лат. Dilleniidae - Диллениидтер
лат. Rosidae - Розидтер
лат. Asteridae - Астеридтер
Дара жарнақтылар класы (Liliopsida немесе Monocotyledones)
Дара жарнақтылар класына 5 класс тармағы, 37 қатар, 125 тұқымдас, 3000-нан астам тек және 59 000-дай өсімдік түрлері жатады[6].
Класс тармақтары:
лат. Alismatidae - Алисматидтер
лат. Liliidae - Лилиидтер
лат. Commelinidae - Коммелинидтер
лат. Arecidae - Арецидтер
лат. Zingiberidae - Зингиберидтер

2.3 Гүлді өсімдіктер құрылысы

Барлық тірі организмдер сияқты, әрбір өсімдік белгілі бір мүшеден тұрады. Оның белгілі бір құрылысы, атқаратын қызметі болады. Өсімдік денесінің атқаратын қызметіне, құрылысына қарай вегетативтік және генеративтік деп екіге бөлінеді:
Вегетативтік мүшесіне тамыр, сабақ, жапырақ, ал төменгі сатыдағы өсімдіктерде даму сатысына орай жіптесінді, тканьді қабатты, тамыр қызметін атқаратын ризоидар болады.
Генеративтік органдар көбеюге қызмет етеді. Оған: гүл, оның туындылары, жемісі, тұқымы жатады.
Негізгі вегетативтік мүшелердің бастамасы тұқымның ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетті температура, ылғал, және ауа жеткілікті болған кездерде тұқым бойына су тартып, ісініпөне бастайды.
Алдымен тамыр өседі, нәтижесінде жас өскін топыраққа бекінеді де одан су мен онда еріген минералды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында ол иілген болады, біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығарады. Тұқым жарнақтары көк түске боялып, біраз уақыт жапырақ қызметін атқарады. Бүршік жоғары тік өсіп сабақты, алғашқы жапырақты береді. Тамыр мен тұқым жарнағының шекарасын тамырдың мойны деп атайды. Тамыр мойны мен тұқым жарнақтарының арасын гипокотиль деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль деп атайды.
Ал дара жарнақтыларда бүршік ұрықтың жапырақ пен қоршалған яғни колеоптиль жарықшасы арқылы шығады [5].
1. Тамыр. Тамырдың негізгі қызметі-өсімдік денесін топырақта ұстап тұру және онан қоректік заттардың ерітінділерін қабылдау. Сонымен қатар тамырда кейбір органикалық заттар синтезделеді, қоректік заттардың қоры жиналады (сәбіз, қызылша, шалқан).
Анатомия-морфологиялық жағынан алғанда негізгі тамырдың әрқашанда теріс фотопропизмдік, ал гидротропизмдік қасиеттері болады. Алғашқы қабықтың ішкі жағында эндодерма қабаты жатады, ол орталық қабықтан ішкі цилиндрді бөліп тұрады. Сабақ сияқты тамырда көпке дейін ұшынан ұзарып өседі. Жас тамырдың белгілі бір деңгейінен түктер пайда болады. Тамырдың өсу нүктесі өзінің сыртын қаптап жататын тамыр оймақшасы астында орналасады.
Гүлді өсімдіктердің тамыры тұқымның ұрығынан басталады, оны алғашқы тамыр деп атайды. Әрбір өсімдік тамырының ұшында үш түрлі түзуші жіктелген өскін аймағы болады. Тамырдың үш түрі-негізгі, жанама, қосалқы тамыр.
Негізгі тамыр деп-тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрін, сабақтан тамыр аралығындағы бөлімінде тамыр мойыны деп аталатын бөлік бар.
Негізгі тамыр әр түрлі болып өзгереді:
1. Жіп тәрізді тамыр (зығыр). Тамыр мойнынан бастап жіп тәрізді бұтақталған.
2. Шашақ тамыр. (астық тұқымдас өсімдіктер).
3. Кіндік тамыр (негізгі тамыр жойылмаған, бұршақ тұқымдас).
4. Қоректікзаттар жиналған тамыр өзгерістері (шалқан, сәбіз).
5. Жанама тамыр.
Негізгі тамырдың перецикл қабатынан өсіп, бұтақталып жанама тамыр шығады.
Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды. Тамыр системасының үш түрі бар: кіндік тамыр системасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Шашақ тамырлар жүйесі, ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады. Аралас тамырлардың жүйесі- ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.
2. Өркен бойында сабақ жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Бір тұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады. Өркенде төбелік-бүйірлік бүршіктер орналасқан. Олар өркенннің үнемі өсіп, өсу қабілетін жоғалтпайды. Сондықтан өркен үздіксіз өсіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Гүлді өсімдіктер
Кладофоралы балдырлар қатары
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама. Гүлшоғырының жіктелуі
Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары
Пәндер