Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері


АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс « Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері » тақырыбында орындалған.
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне жалпы сипаттама берілді. Оларды құрылысы, классификацисы және ұрықтануы зерттелді. Жалаңаш тұқымдылардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасалды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 3 суреттен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 26 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) - тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. Ашық тұқымдылардың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. Ашық тұқымдылардың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. Ашық тұқымдыларға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. Ашық тұқымдылар - ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. Ашық тұқымдылардың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т. б. ) шаруашылыққа маңызы зор.
Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель - Picea), қарағай (сосна - Pinus), балқарағай (листвинница - Larix), самырсын (пихта - Abies), арша (можжевельник - Juniperus), қылша (эфедра - Ephedra) туыстарының түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная - Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы (сосна сибирская - Pinus sibirica) .
Курстық жұмыстың мақсаты: Жалаңаш тұқымдылар бөліміне жалпы сипаттама беру, олардың құрылысы, классификацисы және ұрықтануы зерттеу, жалаңаш тұқымдылардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жалаңаш тұқымдылар бөліміне жалпы сипаттама беру;
- Оларды құрылысы, классификацисы және ұрықтануы зерттеу;
- Жалаңаш тұқымдылардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау;
1 Өсімдіктер және олардың жіктелуі
Өсімдіктер (лат. Plantae) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар) . Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.
Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.
20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:
- қызыл балдырлар
- нағыз балдырлар
- ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады [1] .
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында - мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер - шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с. е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.
Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен - энергияны, ал топырақтан - су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0, 03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады. Осылардың барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің үлкен (жоғары) болғанғындығын қажет етеді. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше назіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі. Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын өзгертеді [7] .
Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпі белдеулері, тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т. б. ) ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады. Өсімдіктердің структурасы мен физиологиялық қасиеттерінің өзгеруін Памирдің теңіз деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-жақты зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық құрылысының өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары болады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при интродукции1) байқалатын құбылыс. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер (теңіз қышасы-горчица морская ; шөптесін бұзаубас сораң-солерос травянистый) құрамында тұзы жоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін (суккуленттігін) жоғалтады.
Өсімдіктер жер шарына кең таралған. Олардың құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдары бар және қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімді. Олар жәндіктер арқылы тозаңданып, тұқымдары мен жемістері жануарлар арқылы таралады.
Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.
Өсімдіктерді жіктеу. Адам ерте кезден-ақ кейбір өсімдіктердің жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдіктер түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды.
Қазір жер бетінде 500 мыңдай өсімдіктің түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген.
Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін - туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, ұқсас қатарларды - класқа, кластарды бөлімге біріктіреді.
Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен сыртқы ортада бірігіп өсудің нәтижесінде бірте-бірте пайда болған [5] .
Жүйенің ең кіші бірлігі - түр. Түр туралы ұғым олардың біріне-бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан.
Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі. Олар: 1. Барлық белгілерінің ұқсас болуы; 2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы; 3. Таралу аймағының ортақ болуы.
Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер болып үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар, қыналар жатады. Олардың біреулерінің құрылысы қарапайым әрі бір жасушадан тұрады. Басқа біреулері көпжасушалы болғанымен, олардың сабағы мен жапырағы болмайды. Бұлардың спора түзетін спорангий (қалтасы) және жыныс мүшелері бір жасушадан пайда болған.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы болады. Жыныстық мүшелері көпжасушалы. Оларға мүктер, плаундар, қырықбуындар, қырықжапырақтектестер, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер жатады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің кейбір топтары, мысалы, мүк, қырықбуын, плаун, қырықжапырақтектестер споралар арқылы көбейеді. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқымдары арқылы көбейеді. Тұқымды өсімдіктерде тұқымның қалың қабығы, ұрығы және қоректік заттардың қоры болады. Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді. Тұқым қолайлы жағдай туғанша, топырақта өнбей жата береді.
Жер бетінде өте кең тараған өсімдіктер тобына жабық тұқымды өсімдіктер жатады. Тұқымының, сабағының, жапырағының және тамырының құрылысына қарай жабық тұқымды өсімдіктер (немесе гүлді өсімдіктер) бөлімі қосжарнақтылар және даражарнақтылар болып екі класқа бөлінеді. Қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің тұқымында тұқым жарнағы екеу, ал даражарнақтылар класына жататын өсімдіктердің тұқымында тұқым жарнағы біреу болады. Әрбір класс бірнеше қатарды біріктіреді. Әр қатарға бірнеше тұқымдастар жатады. Тұқымдастар туыстар мен түрлерді біріктіреді. Мысалы, кәдімгі картоп - түйнекті алқа түріне, алқа туысына, алқагүлділер тұқымдасына, түтікгүлділер қатарына, қосжарнақтылар класына, жабық тұқымды өсімдіктер бөліміне жататын өкіл.
Пияз - екпе жуа түріне, жуа туысына, жуалар тұқымдасына, лалагүлділер қатарына, даражарнақтылар класына, жабық тұқымды өсімдіктер бөлімінің өкілі.
Қазақстанда 5 600-дей өсімдік түрі бар. Олардың бәрінің де өсімдіктер жүйесіндегі өз орны анықталған.
2 Ашық тұқымдылар немесе жалаңаш тұқымдылар
Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) - тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. - ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т. б. ) шаруашылыққа маңызы зор [10] .
Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.
Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) - тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ірі тобының бірі. Мұның тұқымы мен тұқым бүрі - жабықтұқымдылардікі сияқты емес, олар аналыкпен жабылмай, жеміс жапырақшасында ашық жатады. Бұларда гүлсеріктері, (гүлқоршаулары) болмайды.
Олардевон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньныңшырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. - ағаш тәрізді өсімдіктер ағаштар.
Ашық тұқымдылар бөлiмiне шамамен 800-дей түр жатады (1-сурет) . Олар тұқымдары арқылы көбейетiн ағаштар мен бұталар. Ашық тұқымдылар жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң ерте пайда болған тобына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша ашық тұқымдылардың арғы тегi әр түрлi споралы папоротниктер болған.
1-сурет. Ашық тұқымдылар
Ашық тұқымдылардың тұқымдары аналық бүрдiң тұқымдық қабыршақтарының төменгi жағында ашық жатады. Бұл әсiресе сiбiр қарағайында айқын байқалады. Ашық тұқымдылар бөлiмi деген атау осы ерекшелiктерiне байланысты берiлген [10, 13] .
Жалпы сипаттамасы. Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель - Picea), қарағай (сосна - Pinus), балқарағай (листвинница - Larix), самырсын (пихта - Abies), арша (можжевельник - Juniperus), қылша (эфедра - Ephedra) туыстарының түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная - Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы (сосна сибирская - Pinus sibirica) . Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi. Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер. Кәдiмгi қарағай деген түрi құмды жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседi. Қарағайлардың кiндiк тамыры жақсы жетiледi және терең кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк тамырымен бiрге жанама тамыры да жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше қарағайлардың кiндiк тамыры нашар жетiледi.
Қолайлы жағдайда қарағайлар 30-40 м жетедi және 350-400 жылдай өмiр сүредi. Қылқан жапырақтылардың сабағының iшкi құрылысы бiртектес келедi. Сабақтың көп бөлiгiн сүрек қабаты алып жатады. Қабық қабаты мен өзегi нашар жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады. Олардың бiр тобы фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өркендерде түзiлген органикалық заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. Ұлпалардың екiншi тобы тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды өркендерге жеткiзедi. Өзегi қабықшалары жұқа дөңгелек клеткалардан тұрады. Қылқан жапырақтылардың дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде шайыр жолдары болады. Қарағайларда екi түрлi өркен болады: ұзарған және қысқарған өркендер. Ұзарған өркендер ұзындыққа шексiз өседi.
Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары болады. Оларың қолтығында қысқарған өркендер жетiледi. Кәдiмгi қарағайдың қысқарған өркендерiнде екiден қоңырлау- жасыл түстi, қылқан жапырақтары орналасады. Қылқандары 3-6 жыл өмiр сүредi, содаң соң қысқарған өркенiмен бiрге түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi екiден бiрiккен болады [14] .
Қылқандары жiңiшке ұзын келедi. Олардың сыртын қатты қабықша жауып тұрады және устьицалары көп болмайды. Сондықтан қарағайлар суды аз буландырады және құрғақшылыққа төзiмдi келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың тапшылығына қарамастан тiршiлiгiн тоқтатпайды. Қыс кезiнде қылқандарын тастамайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көп тарағандарының бiрi- шырша (ель - Piceae) . Шыршалы орман ТМД аумағында үлкен кеңiстiктi алып жатыр. Сiбiрде шырша самырсынмен қосылып қылқанжапырақты көлеңкелi орман (тайга) түзедi. Мұндай ормандарды жартылай қараңғылық басып тұрады. Бұл жерде ағаштардың бөрiкбастары бiр- бiрiмен түйiскен. Көлеңкелi орманда бұталар мүлдем болмайды, ал шөптесiн өсiмдiктер өте аз кездеседi. Топырақтың бетiн жасыл мүктер немесе жерге түскен қылқандардан тұратын төсенiштер жауып тұрады.
Шырша қарағайдан сыртқы түрiмен оңай ажыратылады және төзiмдi келедi. Қоректiк заттарға бай, ылғалдығы жоғары топырақта өседi. Шыршаның кiндiк тамыры нашар жетiлген. Жанама тамырлары жердiң бетiне жақын жатады, сондықтан да оны жел тамырларымен қопарып, аударып тастайды. Шырша ағашы 250 жылға дейiн жасайды және биiктiгi 40 метрден астам болады.
Шыршаның бөрiкбасы пирамидаға ұқсас. Шыраның қысқа және үшкiр қылқандары, бұтақтардың сыртын жауып тұрады және 5-7 жылға дейiн түспейдi. Жапырақтары қылқан түрiнде болатын өсiмдiктердi қылқанжапырақтар деп атайды. Оларға самырсын, балқарағай, сiбiр самырсыны, арша, тис және тағы басқалар жатады.
Балқарағайдың қылқандары жыл сайын күзде түседi. Бұл жағынан ол жапырақтары түсiп отыратын ағаштарға ұқсас. Балқарағай Сiбiрде көп таралған және үлкен алқапты алып жататын орман түзедi [7, 9] .
Қылқанжапырақтылардың iшiнде кiшiлеу ағаштар немесе бұталар болады. Оларға кәдiмгi аршаны жатқыза аламыз. Оның жапырақтары ине тәрiздi, тiкенектi. Бүрлерi жасыл түстi, сыртын балауыз басқан, шырынды жемiске ұқсайды. Ашық тұқымдылардың iшiнде шөптесiн өсiмдiктер жоқ.
Көбеюi. Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн қарастырамыз. Қарағай барлық ашық тұқымдылар секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады.
Қарағайдың тұқымы қалай пайда болатынын қарастырайық.
Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында екi түрлi: аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан орналасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz