Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс « Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілер» тақырыбында орындалған.

Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілерге жалпы сипаттама берілді. Оның отрядтары зерттелді.

Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 33 беттен тұрады.


МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
І Кіріспе: ІІ Негізгі бөлім
3: 4
І Кіріспе: 1 Плацентарлы немесе жоғарғы сатыдағы аңдарға жалпы сипаттама
3: 4
І Кіріспе: 1. 1 Насеком жемділерге сипаттама
3: 4
І Кіріспе: 1. 2 Жүнді қанаттыларға сипаттама
3: 5
І Кіріспе: 1. 3 Қол қанаттыларға сипаттама
3: 6
І Кіріспе: 1. 4 Мүкі тістілерге сипаттама
3: 6
І Кіріспе: 1. 5 Кесірттерге сипаттама
3: 7
І Кіріспе: 1. 6 Кемірушілерге сипаттама
3: 7
І Кіріспе: 1. 7 Қоян тәрізділерге сипаттама
3: 10
І Кіріспе: 1. 8 Жыртқыштарға сипаттама
3: 11
І Кіріспе: 1. 9 Ескек аяқтыларға сипаттама
3: 15
І Кіріспе: 1. 10 Кит тәрізділерге сипаттама
3: 17
І Кіріспе: 1. 11 Дамандарға сипаттама
3: 19
І Кіріспе: 1. 12 Ет тұмсықтылар немесе пілдерге сипаттама
3: 19
І Кіріспе: 1. 13 Сирендерге сипаттама
3: 20
І Кіріспе: 1. 14 Жұп тұяқтыларға сипаттама
3: 20
І Кіріспе: 1. 15 Тақ тұяқтыларға сипаттама
3: 23
І Кіріспе: 1. 16 Түтік тістілерге сипаттама
3: 25
І Кіріспе: 1. 17 Шала маймылдар немесе лемурларға сипаттама
3: 25
І Кіріспе: 1. 18 Маймылдар немесе приматтарға сипаттама
3: 26
І Кіріспе: 1. 19 Плацентарлы немесе жоғарғы сатыдағы аңдардың маңызы
3: 28
І Кіріспе: III Қорытынды
3: 32
І Кіріспе: IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 33


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Планцеталылар-қазіргі сүтқоректілердің негізгі көп санды тобы. Жоғары ұйымдасуына қарай Жер шарының барлық құрлықтарына, барлық Әлемдік мұхитта тараған және ауа орталығына енген Инфракласс жақсы ерекшелінген 18 отрядқа бөлінген. Олардың миында екінші ми күнбезі -неопаллиум жақсы дамыған, екі жартысы сүйелді денемен байланысқан. Ұрығы жатырда дамиды, ол ана организмімен нағыз плацента көмегімен байланысады, төлдері азды-көпті жетілген, олар өз бетінше емшек сора алады. Қалта сүйектері және қалтасы жоқ. Қынабы әр уақытта тақ. . Көпшілік жағдайда тістерінің сүттік және тұрақты генерациясы болады (дифиодонттылық) . Ересектілерінің дене қызуы жоғары және тұрақты.

Курстық жұмыстың мақсаты Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру, оның отрядтарын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру;
  • Оның отрядтарын зерттеу;
  • Плацентарлық сүтқоректілердің маңызын талдау;


1 Пл ацентарлы немесе жоғарғы сатыдағы аңдарға жалпы сипаттама

Қазір барлық материкте кездесетін жер бетінде кеңінен тараған, әр түрлі тіршілік жағдайында кездесетін жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер. Өзіне тән маңызды белгілері мынандай: біріншіден, алдыңғы мидың күмбезі жақсы жетілген және ми сыңарлары бірімен-бірі сүйелді дене арқылы байланысқан. Екіншіден, плацента әрқашанда пайда больиі, баласы өз бетінше емшек еме алатындай болып туады. Үшіншіден, қалталы сүйектері болмайды. Төртіншіден, қынабы әрқашанда парсыз болады. Бесіншіден, олардың көпшілігінде сүт тістері мен нағыз тісінен басқалары тісеп отырады. [1]

Осы заманда тіршілік ететін плацентті сүт қоректілердің 18 отряды белгілі.

1. 1 Н асеком жемділерге сипаттама

Насеком жемділер бор дәуірінін, жоғарғы қабатынан белгілі. Ми сауыты кішірек, тістері нашар жіктелген Шошақ тісінін өзіндік формасы болумен қатар ірі болады. Ми сыңарлары кіші, иректері болмайды. Тұмсығы сүйір, қозғалғыш еріні болады.

Көпшілігінің иіс шығаратын бездері болады. Кішкене жертесер (Зогех tsсһегskіi) және кішъентай ак, тісті (Sисиs еtusсиs) деген түрлерінің денесінің үзындығы 4 см, яғни бүкіл сүт қорек-тілердің ең кішкенесі болып саналады. Олар Австралия мен Оңтүстік Америкадан басқа жердің барлығына тараған жануарлар. Насеком жемділердін. 900-ге жуық түрлері белгілі және олар жер бетінде, жердің астыңғы қабатында, суда және орманда тіршілік етеді.

Біздің фаунамызда үш тұқымдасы: көртышқандар, кірпiлер және жертесерлер кездеседі.

Жертесерлер тұқымдасына (Sогісidае) бойы аласа және дене ұзындығы шамалы ғана болатын жануарлар жатады. Олар сырт жағынан қарағанда тышқандарға ұқсайды және көбінесе шірік шөптесін тоғайлы жерлерді мекендейді. Бұлар арнаулы ін қазбайды, кемірушілердің бос індерін немесе ағаш тамырындағы қуыстарды паналайды. Жертесерлер насеком-дармен, құрттармен, кейде ұсақ тышқан тәрізділермен және қылқан жапырақты өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Бұлар зиянды насекомдарды және олардың личинкаларын жеп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Бізде кездесетін түрлері: кәдімгі жертесер (Sогех агапеиs) және су жертесері - кутора (Nеоmуs fоdіепs) . [2]

Көртышқандар тұқымдасы (Таlріdае) жердің астыңғы қабатында немесе суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Мысалы, көртышқан (Таlра еигораеа) топырақтың жоғарғы кабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады. Көртыш-канның денесі өзінің тіршілік тәсіліне сәйкес өте жақсы бейім-делген. Денесі конус тәрізді, мойыны сырт жағынан білінбейді. Түгі қысқа, барқыт сияқты, тар іннің ішінде ерсілі-қарсылы козғалғанда кедергі келтірмейді. Ін қазатын органы - күшті тырнағы болатын алдыңғы аяқтары Аяғымен топырақты боса-тып, басымен, жонымен босаған топырақты сыртқа шығарады. Кейбір түрінің көзі сыртынан тері қатпармен жабылып тұрады. Керісінше иіс және дәм сезу органдары жаксы жетілген. Сырт-қы құлақ қалқанының нүсқасы гана болғанына қарамастан көртышқандар өте жақсы естиді.

Көртышқандар жер астынан күрделі індер қазады. Олардың барлығын бірдей ін есебінде пайдалану үшің қазбайды, көпші-лігі олардың топырақ астынан жемдерін іздеудің нәтижесінде пайда болады. Кейде жер бетінде үйіліп жатқан кішкене-кішке-не топырақты көреміз, ол көртышқандардың індерінен сыртқа шығарып тастаған топырақтары

Көртышқандар жапырақты орманның қара шірікке бай то-пырақты жерлерін мекендейді. Олар насекомдардың личинкаларымен, құрттармен қоректенеді. Көртышқандар жылына бір рет көбейеді. Баласының саны 2-8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет түлейді. [3]

Көртышқандарды әдемі терісі үшін аулайды. Бұлар зиянды насекомдарды қырып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Көртышқандар бізде орманды және ағашты далалы жерде кездеседі.

Жұпар тышқан (Dеsтапа тоsсһаtа) . Дон, Еділ, Жайық, өзендерінде және кейбір баяу ағатын су қоймаларын мекендейтін, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар қоректік затын судан алады. Моллюскалармен, насекомдар-мен және олардың личинкаларымен, өсімдіктермен және аздап балықтар-мен де қоректенеді. Көбею мерзімі май айынан ноябрьге дейін созылады, бірақ жылына бір-ақ рет көбейеді. Бірден беске дейін бала туады. Індерге ұялайды. Інінің аузы судын, түбіне ашылады. Жұпар тышқанды бағалы терісі үшін аулайды. Қазір бұларды аулаура тыйым салынып, бұрынғы болған жерлерінде жаңа облыстарда қолдан өсіріп, көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.

Кірпілер тұқымдасы (Егіпасеіdае) денесі инелі түктермен қапталған, қауіп төнгенде жиырылып, домаланып қалатын өзіндік ерекшеліктері бар жануарлар. Олар орманды, далалы және шөлді зоналарға тараған. Басқа насеком жемділерден ерекшелігі - кірпілер қысқа қарай ұзақ ұйқыра кетеді. Негізі-нен насекомдармен, моллюскалармен, рептилилермен, кейде құстардың жұмыртқаларымен Және балапандарымен қоректенеді. Жалпы кірпілер пайдалы жануарлар болып есептеледі.

1. 2 Жүнді қанаттыларға сипаттама

Жүнді қанаттылар дене мөлшері мысықтай, орман жануар-лары. Артқы аяқтарымен алдьщғы аяқтарының және кұйрығы-ның тері жарғағынын, көмегімен бір жерден екінші жерге, ағаштан ағашқа 60-80 м аралыққа ұшып бара алады. Өсімдіктермен қоректенеді. Малакк түбегімен, Зонд, Филиппин аралдарының таулы ормандарында екі түрі кездеседі. Нағыз өкілі кагуан (GаІеорitесиs vоlапs) . [4]

1. 3 Қол қанаттыларға сипаттама

Қол қанаттылар ұшуға бейімделген сүт қоректілердің бір ға-на тобы. Алдыңғы аяқтарының ұзын саусақтарының арасындағы, денесінін, бүйір бөліміне, артқы аяқтарының және кұйрығының маңында болатын жарғақтарының көмегімен ұша алады. Тек қана алдыңғы аяғының бірінші саусағы ғана қанатты құрауға қатыспайды. Құстардікі сияқты төс сүйегінің қыры болады, оған қанатын қозғалтатын төс еттері бекінеді.

Түн жануарлары. Сезу органдары алуан түрлі, кәдімгі сезу денешігі мен вибрисстен баска бүкіл қанатының үстінде, құлақ қалқанында көптеген жіңішке түктері болады. Көзі нашар же-тілген, бағдарлауға қатысы шамалы. Есіту органы өте жақсы жетілген. 12 ден 98 000-ға дейінгі герц дыбысты сезеді.

Систематикалық жағынан қол қанаттылар насеком жемді-лерге жақын. Арктика, Антарктикадан басқа жерлердін, барлығында дерлік кездеседі. 1000-ға тарта түрі белгілі.

1-отряд тармагы . Қрыландар ( меgасhіrорtеrа) немесе ит бас жарқанаттар.

Тропикалық Азияда, Африкада және Австралияда тараған. Жемістермен қоректенеді. Тіршілік еткен жеріндегі жемістерін жеп зиян келтіреді. 250-ге жуық түрлері белгілі. Олардың нағыз өкілі ұшқыш ит немесе калонг (Рtегиs саlоепо) Малай архипелагасын мекендейді. [1, 5]

2-отряд тармагы. Ж арқанаттар (місrосhіrорtеrа)

Құлақ қалқандары үлкен, тістері өткір, ұсақ жануарлар жа-тады. Қазіргі кезде олардың 800-ге жуық түрі белгілі, оның СССР-де 40-қа жуық түрі кездеседі. Бұлардың көпшілігі насе-комдармен, кейбір түрлері жануар тектес азықпен қоректенеді, мысалы, найза тұмсықты жарқанат (Рһуllоgtоm һаstatиm), Оңтүстік Америкада мекендейтін десмодус (Dоsmоdиs) ұйықтап жатқан сүт қоректілердің, кейде адамның да қанын сорып қоректенеді.

Көптеген түрлері солтүстіктен қысқа қарай оңтүстікке ұшып кетеді. Кейбір түрлері мекен егкен жерлерінде қысқы ұйқыға кетеді. Қысқа қарай бірнешеуі бір жерге жиналады, мысалы, Бахардан үңгіріне (Түркмения) 4-ға жуық жарқанаттар жиналған., Өте баяу көбейеді, 1-2 бала туады. Шағылысуы күзде жйне көктемде орындалады.

Күзде шағылысқанда сперма жұмыртқаны ұрықтандырмай, аналық жыныс жолында қыстап қалады. Ұрықтану тек қана көктемде, аналықта овуляция болғанда орындалады. Көктем-дегі шағылыс кезінде овуляция мен ұрықтану бір мерзімде өтеді. Біздің жерімізде ушандар (Рlесоtиs аигіtиs) және жирен түн жарғанаттары (Nусtаlиs поtиlа) көбірек кездеседі. [8]

1. 4 Мүкі тістілерге сипаттама

Оңтүстік Америкада тісі шала жетілген азғана сүт қоректі-лер бар. Олардың тістері мүлдем болмайды, немесе эмалы мен түбі болмайды және түрлі топтарға жіктелмеген. Ми сыңарлары кіші, қатпарлары болмайды. Коракоидалары жауырынымен кейінірек бірігіп кетеді.

Біздің заманымызға дейін бұлардың үш тұқымдасы сақтал-ған. І-жалқау аңдар (Вгаdуроdіdае) ағашты жерді мекендейтін түн жануары. Уақытының көпшілігін ағаштың бұтағына арқа-сын төмен қаратып, ілініп тұрып өткізеді. Олар өсімдік жапыра-ғымен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандарын мекендейді. 2-құмырсқа жеушілер (Муrmесорһаgіdае) құмырсқамен және термиттермен қоректенеді. Бұлардың тұмсығы және тілі өте ұзын болады. Тілінде желім сияқты шырыны болады, тістері болмайды. Бұлар тек кана Оңтүстік және Орталық Америкада тараған. 3-сауыттылардың (Dазуроdіdае) денесі тері тектес сүйекті сауытпен қапталған, сондықтан оларды сауытты мүкі тістілер деп атайды. Сүйекті сауытының үстінде. мүйізді қалқандары болады. Сауыттылардың әрбір қалқаны бірімен-бірі қосылып кетпей, қозгалғыш қабілетін сақтаған. Осы қалқандары арқылы жауларынан пассивті қорғанады. Олар шөлді жерлерді мекендеп, аралас азықтармен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Америкада және Солтүстік Американың оңтустігіне тараған. [1, 8]

1. 5 Кесірттерге сипаттама

Кесірт тәрізді аңдардың тістері болмайды, денесін мүйізді қабыршақтар тұтасып қаптап тұрады. Бұл қабыршақтарды рептилилердің мүйізді қабыршақтарымен салыстыруға болмайды, өйткені бұлар екінші ретте пайда болған қабыршақтар. Қорғағыштық қасиеті бар туынды. Олар құмырсқалармен қоректенеді, сондықтан олардың да тұмсығы құмырсқа жегіштердің тұмсығы сияқты ұзын, тілінде желім тәрізді сұйығы болады. Тісі болмағандықтан қарнының ішкі бетін мүйіз тәрізді зат астарлап тұрады. Бұларда құстар сияқты ұсақ тастарды жұтады, олар тамағын ұстауға көмектеседі. Оңтүстік Азия, тропиктік Африкада тараған. [9]

1. 6 Кемірушілерге сипаттама

Кемірушілер сүт қоректілердін, ішіндегі өте көп және кеңінен тараған жануарлар болып саналады. Кемірушілердің үш мыңға жуық түрі бар, жер шарының барлық бөліміне тараған организмдер. Дене мөлшеріне қарай ұсақ немесе орташа болып келетін көбінесе өсімдікпен қоректенетін жануарлар. Осыған байланысты тісінің құрылысында өзгешіліктері болады. Шошақ тісі болмайды, керісінше күрек тістері өте жақсы жетілген. Күрек тістері мен шөпті тістеп жұлады, ағаштарды кеміреді, қатты қабығы бар тұқымдарды шағып, дәнін жейді. Азу тістерінің үсті бұдырлы болады. Күрек тістерінің, кейбір түрлерінде азу тісте-рінің де түбірі болмайды. Сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Қатты өсімдік тектес азықтармен қоректенуі/к байланысты ішегі өте ұзын және барлығында да бүйен болады, Корегінің көпшілігі шөп немесе ағаш қабықтары болатындарының (қояндардың) бүйені ұзын болады да, ал дәндермен қоректенетін-дерінің (тышқандардың) бүйені қысқа болады. [8]

Жыныстық жағынан ерте жетілуі мен көп бала тууына бай- ланысты көпшілігі өте тез көбейіп кете алады.

Кемірушілердің ішінде жер бетінде, жер астында, орманда және жартылай суда тіршілік ететіндері бар.

Кемірушілердің көпшілігінің терісі құнды болады. Сондықтан олардың кәсіптік маңызы үлкен. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері болып есептеледі. Енді біреулері адамға қауіпті аурулар (оба) таратады. Кемі-рушілер отрядына көптеген тұқымдастар және түрлер жатады.

Тиіндер тұқымдасы (Sсіигdае) . Тиіндер тұқымдасы Евразияда және Солтүстік Америкада тараған. Біздін. Отаны-мыздың барлық облысындағы ормандарда кәдімгі тиін (Sсlигиs vиlgагіs) тіршілік етеді. Қырым, Кавказ және Тянь-Шаньда бұл тиін қолдан жерсіндірілген. Тиіндер ағаш қуыстарына ұя салып, тіршілік етеді. Қыста ұйқыға кетпейді. Қорегінің басым көпшілігі қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары, азда болса жемістермен және саңырауқұлақтар-мен де қоректенеді.

Құнарлы әрі жұмсақ азықтармен қоректенуіне байланысты бүйені нашар жетілген. Азу тістерінің түбі болғандықтан олар өмір бойы өсіп отырмайды. Әдетте олар қысқа азық қорын жи-намайды. Бірақ кейде тиіндер саңырауқұлақтарды жинап, ағашта кептіреді. Тиіндер жылына екі-үш рет көбейеді. Өсім-талдығы азық жағдайына байланысты. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Қоректері аз жылдары олар ауып ауыл шетіндегі бау-бакшаға, парктерге келеді. Бағалы терісі үшін аң аулау кәсібінде маңызды орын алады.

Шұбар тышқандардың бірнеше ерекшелігіне тоқтап кетейік. Біріншіден - олардың денесі жолақ болады, екіншіден - құй-рығының жүні тықырлау келеді. Олар жерге ін қазып ұя сала-ды. Негізгі тіршілігі жер бетінде өтеді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Күзге қарай самырсын жаңғақтарынан және астық дән-дерінен, бұршақтан қор жинайды. Бізде Сибирьде және Европаның шығыс бөлігіндегі ормандарда жолақ тышқан (Еиіатіаз зіЬігісиз) деген бір ғана түрі кездеседі. [10]

Тиіндер тұқымдасына жататын саршунақтар мен суырлар-дың да көптеген түрлері жер бетінде тіршілік етеді. Бұған жататын түрлердің көпшілігі індерде бірнешеуі бірігіп, топтанып көбінесе далалы және таулы жерлерде мекендейді. Бұлардың тиіндерден айырмашылығы - жылына бір-ақ рет көбейеді. Олар шөптермен және астықтардың дәнімен қоректенеді. Сондықтан да бұлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері. Сондықтан оларға қарсы аяусыз күрес жүргізіледі. Сонымен қатар саршұнақтар мен суырлар адамдарға оба және басқа жұқпалы ауруларды жұқтырады. Қысқы ұйқыға қоректік шөптері қурап кеткен жылдары жаздың ішінде де жата береді. Заволжье, Қазақстан даласында және Орта Азия жартылай шөлді даласында мекендейтін сары саршұнақтың (Сіtеllиs fulvиs) қысқы ұйқысы ерекше ұзын болады. Сары сар-шұнақтар егістік жерлерден қашығырақ мекендейді, сондықтан ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкесі болып саналмайды. Жыл бойына төрт ай ғана активті тіршілік етеді. Саршұнақтардың терісі басқа өкілдерінін, терісіне қарағанда өте құнды және сапалы болады.

Оңтүстік-шығыс Европаның, Қазақстанның, Батыс Сибирьдің далаларында және Орта Азияның тауларында суырлар тір-шілік етеді. Суырлар систематикалық және биологиялық белгі-лері бойынша саршұнақтарға жақын организмдер, бірақ олар-дан анағұрлым ірі болады. Олардың нағыз өкілі - дала суыры (Магтоtа bоЬаз) болып есептеледі.

Қанатты тышқан (Рtегmуіdае) тұқымдасы негізінен тропик-тік зоналарға тараған. Бізде ұшатын тиін (Рtегmуs vоtпs) де-ген бір ғана түрі Европа мен Сибирьдің ормандарын мекендейді. Күндіз ағаш қуыстарына жасырынып, түнге қарай шығатын түн жануары. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасьшда болатын тері жарғағының көмегімен ұшатын тиіндер ағаштан-ағашқа секіріп, қалықтай “ұшып”, 10 ж-дей жерге барып түседі. Бұлар сирек кездесетін, кәсіптік маңызы жоқ жануарлар. [12]

Жайра тұқымдастары (Нуstгісіdае) . Жайралардың денесінің арқа жағы ұзын, өткір қатты инелермен қапталған. Жайраның бізде (Нузһгіх һігзІШгозігіз) деген бір ғана түрі Закавказьенің шығысында Орта Азияның тау бөктерлерінде кездеседі. Ағаш арасында, інде мекендейді. Кейбір жерлерде бақшаға зиянын тигізеді. Жайра қорғанғанда арқа жағындағы ұзын, өткір инелерін түкситіп, тез секіріп жауына инелерін төсейді. Халық арасында бұлар жауына инелерін атып жібереді-мыс деген жалған түсінік бар, од дұрыс емес.

Қ ұ н д ы з тұқымдасы (Сазtгidае) . Қазіргі кезде құндыздың екі түрі белгілі. Біреуі Солтүстік Америкада тараған, ал екіншісі бізде тіршілік ететін (Саstог fiЬег) . Құндыздар топтанып жүріп ағашты өзендердің бойын мекендейді. Ағаш бұтақтарының және сабақтарының кескіндерінен “үйшік” және ін жасайды. Олар өзен бойына орналасқансын, сол өзенді төменгі жағынан байлап бөгеу жасап, өзен суынын, деңгейінің бір қалыпта болуын реттейді. Жазда шөптесін азықтармен, ал қыста ағаштардың қабығы және бұтақтарымен қоректенеді. Олар ағаш бұтақтарын кесіп, ұясының маңына қыстық қор жинайды. Жылына бір-ақ рет көбейіп, 2-4-ке дейін бала туады. Үш жасқа келгенде ғана жыныстық жағынан толығады.

Қарақас тұқымдасы (Муохidае) . Бұлар сырт пішіні тиіндерге ұқсас ұсақ кемірушілер. Негізінен Европаның, Орта және Оңтүстік Азияның жапырақты ормандарына тараған. Олар тіршілігін ағашта да өткізеді және қысқы ұйқыға жатады. Қа-ракас соня - полчак (Glis glіs) деген ірі түрі бау-бақшаларда-ғы жемісті жеп, зиянын тигізеді.

Қосаяқтар тұқымдасы (Dіроdіdіdае) . Бұлардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ұзын болады. Қосаяқтар далалы, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құйрығы ұзын, оньщ ұшы көпшілік жағдайда шашақты болады. Артқы аяқтарымен секіріп, өте тез қозғалады. Кейбір түрлері бақша және техника-лык, өсімдіктерді жеп зиянын тигізеді. [14]

Соқырлар тұқымдасы (Sраlасіdае. Бұл - жер астында тіршілік етуге бейімделген кемірушілер. 'Бұл тұқымдасқа жататын кемірушілердің денесі жұмыр, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, басы екі бүйірінен қысылыңқы, құлақ қалқаны болмайды. Табандары қысқа, көзі терісінің астына жасырынған, түгі қысқа, барқыт сияқты болады. Олар жерді күрек тістерімен қазып, басымен итеріп, топырақты сыртқа шығарады. Соқырлар өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Қоректерін іздеп жер астынан күрделі ін жолдарын жасайды. Кейбір жерлерде шаруашылыққа зиянын тигізеді. Соқырлар Отанымыздың Европалық бөлігінің далалық жерлерінде және Кавказда кең тараған.

Тышқандар тұқымдасы (Мигісіае) . Тышқандар - көбінесе інде тіршілік ететін, кеңінен тараған кемірушілер. Бұлар негізінен өсімдіктермен, кейбір түрлері ұсақ жәндіктермен, насекомдармен қоректенеді. Тышқандар - тез жетілетін, өсім-тал жануарлар. Қоректік азық мол болып, қолайлы жағдай туса, кейбір түрлері жыл бойы көбейе береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың жануарлар дүниесі
Зоология пәні бойынша дәріс кешені
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
«Сүтқоректілердің шығу тегі»
Балықтардың қаңқасы
Адам мен омыртқалы жануарлар құрылысының жалпы ұқсастығы
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы мағлұматтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz