Джон Мейнард Кейнстің экономикалық теориядағы жалпы орны



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Дж.Кейнстің экономикалық ілімі
1.1Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы және Дж.Кейнстің экономикалық ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кейнисиандық эконмикалық талдаудың мақсаты ... ... ... ...10

2. Дж. Кейнс теориясының тұжырымдамалары
2.1 Кейнстің жалпы теориясының қаржылық тұжырымдамасы.13
2.2 Жұмыспен қамту процент және ақшаның жалпы теориясы..17
2.3 «Ақша туралы трактат еңбегінің» маңыздылығы ... ... ... ... ..20

3. Кейнс идеяларының маңыздылығы,экономика
ғылымына көзқарасы
3.1 Дж.Кейнс идеяларының маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Кейнстің батыс экономика ғылымына көзқарасы ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе:
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені, бір типті мемлекеттердің өзінде – қолданылатын құралдарда да, алынатын нәтижелерде де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда: ақша саясатын қатаң жүргізу, мемлекеттің рөлі, жалпы ішкі өнімді бөлу, протекционизм немесе еркін нарық. Бұл көзқарасты мемлекеттің өзара араласуының маңыздылығын құптайтын экономистер қолдайды. Ал экономистердің басқа бағыты –либералдарды, реформаларды, монетаристерді біріктіреді.
Солардың бірі ( Батыс экономикалық теориясын терең дағдарыстан алып шыққан, экономикалық жүйені қалыптастырумен әйгілі болған ағылшындық экономист, мемлекеттік қайраткер Джон Мейнард Кейнс (1883-1946). Ол, 1930 жылдардағы «ұлы тоқырау» уақиғаларымен байланысты сәтсіздікке ұшыраған батыстық экономика ғылымының мәртебесін көтеруге көп жағдайда оңды ықпал етті. Сол кезеңнен бірнеше ондаған жылдар бойына дамыған капиталистік мемлекеттердің үкіметтерінің басқаруды дұрыс жүргізудің нұсқасы болды. Ол атақты ағылшын профессорының отбасында дүниеге келген. А.Маршал, А.Пигу сияқты атақты оқымыстылардан дәріс алып Кембридж универститетінің корольдық колледжін тәмамдаған.
Кейнсті көп жағдайда дара тұлға деуге болады. Оның көрнекті математикалық қабілеті Ұлыбританиядағы мәртебелі конкурстарда бірнеше рет жүлделерді жеңіп алуға қол жеткізді.
Экономика саласынан тыс Кейнс басқа да бағыттарды жан-жақты игерген дарынды адам болатын. Музыка, балет, көркемсурет оның әуесі болып саналып, сонымен қатар биржада да өте сәтті ойнап өзіне ауқымды дәулет те жинай білген.
Кейнс өзінің «Жұмыспен қамтылу, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» кітабында нарықтық экономияда автоматты түрде толық жұмыспен қамтылудың механизмі жоқ екендігін жазған. Мемлекет өндіріс және жұмыспен қамтуды көбейту үшін шығынды көбейтуі және белсенді инвестициялық саясат жүргізуі қажет: Кейнстің неоклассиктерден айырмашылығы халық шаруашылығына талдау жасады. Бұл макроэкономикалық деген атау, ал «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның теориясы» кітабындағы ол ұсынған бағыт кейнисиандық деп аталады.
Кейнисиандық- нарықтық экономикаға мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігін негіздейтін және мойындайтын теория. Кейнс экономика ғылымының күнделікті, бірқаты тұрмыс теориясына байқаудағы ауыспалы азғантай санның арақатынасына, ал экономикалық жалпы тепе-теңдігі тауар нарығының тепе-теңдігіне, ақша нарығына макроэкономика моделін енгізді. Экономиканың мүмкін болған тұрақсыздығының себебі инвестиция көлемінің күтпеген жерде өзгеруіне байланысты табыс деңгейінің тұрақсыздығы. Соңғысы қауіпті шегіне жеткенде тек қана нарықтың өзін-өзі реттеу күшімен түзете алмайды және қосымша мемлекеттің араласуын талап етеді.
Кейнстің ең үлкен еңбегі экономикалық теорияның жаңа тілін құрағандығы болып табылады. Бұл тіл біріккен шамалардың қысқа мерзімді аз өзгерткен аз сандарды түсіндіреді. Бұл барлық экономиканы бір-біріне қатысы бар төрт нарықтың: тауар мен қызмет көрсету нарығы, еңбек нарығы, ақша нарығы және құнды қағаз нарығының есептесуіне мүмкіндік берді.
Классикалық экономикалық ғылымды сынау Кейнс Сейдің «нарық заңын» жоққа шығарады. Ақша экономикасында сатушы бірден сатып алушы болуы міндетті емес. Оның орнына ол жинақтайды және бір уақытта жиынтық сұранысты азайтады. Сұраныстың кемуі өз кезегінде жиынтық табыстың азайуы мен жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп соғады сондықтан жиынтық табыс ұсыныс факторларына қарағанда сұраныс факторына тәуелді (тұтынуға ұйғарылған шығын және инвестицияға ұйғарылған шығын).
Кейнс жаңа категория «инвестициялар мультипликаторын» ұсынды. Оның тетігі мынадай. Қандай салада болмасын инвестициялау өндірісті кеңейтуге және осы салада жұмыспен қамтылуды көбейтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрамов, Валерий Леонидович. Мировая экономика
[Текст]: учебное пособие.- 3-е изд., перераб.- М.:Дашков и
"К", 2006.- 309, [1] с.

2. Аманкулова, А. Сбережения и их уровень капитализации, как доминирующие факторы устойчивого экономического роста и перехода в новую экономику// Транзитная экономика.- 2005.- N 2.- С. 24-31

3. Белихин, Владимир Григорьевич. История экономических учений [Текст]: учеб. пособие.- М.Сирин, 2002.- 342, [2] с.

4. Бисенғазиев, Мұқаш Бейсенғазыұлы. Макроэкономика Б 58 [Мәтін]: (Мемлекеттің экономикалық саясат негіздері). Лекциялық курс/Батыс Қазақстан мем. ун-ті Орал: [Б.ж.]2000.-170б.

5. Рахметуллина ,Ж.Б. Құқық және экономика негіздері мамандықтағы студеттерге арналған «экономикалық ілімдер» оқу құралы , 2006 ж.

6. Нәдіров , М.Н., Қалыбекова, Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары [Мәтін]: 2006 ж.

7. Әдістемелік нұсқау .[Мәтін]: 2005 ж.

8. Сақтағанұлы, Төлебек. Экономикалық ілімдер тарихы. [Мәтін]: 2005 ж.

9. М.Д.Исқалиев. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзқарас., [Методологиялық, теориялық, іс-тәжірибелік аспектілер]: Алматы, 2004 ж.

10. М.Мадиярова., Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік., Оқу құралы. Алматы, 2000 ж Экономика.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

“___________________________ ” факультеті

“____________________ ” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

_____________________

Тақырыбы: Джон Мейнард Кейнстің экономикалық теориядағы жалпы орны

Тексерген:____________________
Орындаған:.___________________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3

1.Дж.Кейнстің экономикалық ілімі
1.1Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы және Дж.Кейнстің экономикалық
ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...6
2. Кейнисиандық эконмикалық талдаудың мақсаты ... ... ... ...10

2. Дж. Кейнс теориясының тұжырымдамалары
2.1 Кейнстің жалпы теориясының қаржылық тұжырымдамасы.13
2.2 Жұмыспен қамту процент және ақшаның жалпы теориясы..17
2.3 Ақша туралы трактат еңбегінің маңыздылығы ... ... ... ... ..20

3. Кейнс идеяларының маңыздылығы,экономика
ғылымына көзқарасы
3.1 Дж.Кейнс идеяларының
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Кейнстің батыс экономика ғылымына көзқарасы ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .29

Кіріспе:
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық
ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің
мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені,
бір типті мемлекеттердің өзінде – қолданылатын құралдарда да, алынатын
нәтижелерде де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл
жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай
елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың
өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы
мүмкін. Атап айтқанда: ақша саясатын қатаң жүргізу, мемлекеттің рөлі, жалпы
ішкі өнімді бөлу, протекционизм немесе еркін нарық. Бұл көзқарасты
мемлекеттің өзара араласуының маңыздылығын құптайтын экономистер қолдайды.
Ал экономистердің басқа бағыты –либералдарды, реформаларды, монетаристерді
біріктіреді.
Солардың бірі ( Батыс экономикалық теориясын терең дағдарыстан алып
шыққан, экономикалық жүйені қалыптастырумен әйгілі болған ағылшындық
экономист, мемлекеттік қайраткер Джон Мейнард Кейнс (1883-1946). Ол, 1930
жылдардағы ұлы тоқырау уақиғаларымен байланысты сәтсіздікке ұшыраған
батыстық экономика ғылымының мәртебесін көтеруге көп жағдайда оңды ықпал
етті. Сол кезеңнен бірнеше ондаған жылдар бойына дамыған капиталистік
мемлекеттердің үкіметтерінің басқаруды дұрыс жүргізудің нұсқасы болды. Ол
атақты ағылшын профессорының отбасында дүниеге келген. А.Маршал, А.Пигу
сияқты атақты оқымыстылардан дәріс алып Кембридж универститетінің
корольдық колледжін тәмамдаған.
Кейнсті көп жағдайда дара тұлға деуге болады. Оның көрнекті
математикалық қабілеті Ұлыбританиядағы мәртебелі конкурстарда бірнеше рет
жүлделерді жеңіп алуға қол жеткізді.
Экономика саласынан тыс Кейнс басқа да бағыттарды жан-жақты игерген
дарынды адам болатын. Музыка, балет, көркемсурет оның әуесі болып саналып,
сонымен қатар биржада да өте сәтті ойнап өзіне ауқымды дәулет те жинай
білген.
Кейнс өзінің Жұмыспен қамтылу, пайыз және ақшаның жалпы теориясы
кітабында нарықтық экономияда автоматты түрде толық жұмыспен қамтылудың
механизмі жоқ екендігін жазған. Мемлекет өндіріс және жұмыспен қамтуды
көбейту үшін шығынды көбейтуі және белсенді инвестициялық саясат жүргізуі
қажет: Кейнстің неоклассиктерден айырмашылығы халық шаруашылығына талдау
жасады. Бұл макроэкономикалық деген атау, ал Жұмыспен қамту, пайыз және
ақшаның теориясы кітабындағы ол ұсынған бағыт кейнисиандық деп аталады.
Кейнисиандық- нарықтық экономикаға мемлекеттік реттеудің мәні мен
қажеттілігін негіздейтін және мойындайтын теория. Кейнс экономика ғылымының
күнделікті, бірқаты тұрмыс теориясына байқаудағы ауыспалы азғантай санның
арақатынасына, ал экономикалық жалпы тепе-теңдігі тауар нарығының тепе-
теңдігіне, ақша нарығына макроэкономика моделін енгізді. Экономиканың
мүмкін болған тұрақсыздығының себебі инвестиция көлемінің күтпеген жерде
өзгеруіне байланысты табыс деңгейінің тұрақсыздығы. Соңғысы қауіпті шегіне
жеткенде тек қана нарықтың өзін-өзі реттеу күшімен түзете алмайды және
қосымша мемлекеттің араласуын талап етеді.
Кейнстің ең үлкен еңбегі экономикалық теорияның жаңа тілін
құрағандығы болып табылады. Бұл тіл біріккен шамалардың қысқа мерзімді аз
өзгерткен аз сандарды түсіндіреді. Бұл барлық экономиканы бір-біріне қатысы
бар төрт нарықтың: тауар мен қызмет көрсету нарығы, еңбек нарығы, ақша
нарығы және құнды қағаз нарығының есептесуіне мүмкіндік берді.
Классикалық экономикалық ғылымды сынау Кейнс Сейдің нарық заңын
жоққа шығарады. Ақша экономикасында сатушы бірден сатып алушы болуы
міндетті емес. Оның орнына ол жинақтайды және бір уақытта жиынтық сұранысты
азайтады. Сұраныстың кемуі өз кезегінде жиынтық табыстың азайуы мен
жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп соғады сондықтан жиынтық табыс ұсыныс
факторларына қарағанда сұраныс факторына тәуелді (тұтынуға ұйғарылған шығын
және инвестицияға ұйғарылған шығын).
Кейнс жаңа категория инвестициялар мультипликаторын ұсынды. Оның
тетігі мынадай. Қандай салада болмасын инвестициялау өндірісті кеңейтуге
және осы салада жұмыспен қамтылуды көбейтеді.

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы және Дж.Кейнстің экономикалық
ілімі.
1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс өнеркәсіп
саласындағы дамыған, сол сияқты дамымаған елдерге алып күшпен төнді де
нәтижесінде экономиканың бүркемелі даму кезеңі аяқталды. Басқаша
айтқанда, 1930 жыл ХІХ ғасырға тән экономикалық өсу түрінің ақырғы шегі
болды. Егер жаңа классикалық теория күші ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың
басында микроэкономикалық талдауға жайылған болса, ендігі жерде жаппай
жұмыссыздықты дүниеге әкелген дағдарыс жағдайында макроэконмикалық
талдаудың қажеттігі туды. Бұл мәселемен айналысуға назар аударған ХХ
ғасырдың көрнекті экономисі, ағылшындық ғалым Джон Мейнард Кейнс болды.
Сонымен 1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс ғылыми
жағынан зерттеудің жаңа проблемалары туатындығын алдын ала анықтады. Ол
проблемалар күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ, өйткені олардың негізгі
мазмұны рыноктік шаруашылықта экономиканы мемлекеттік реттеу болып
табылады. Сол уақыттан бері осы проблемаларды шешуге бағытталған 2
теориялық бағыт өз бастауын алды. Оның бірі – Дж.М.Кейнс іліміне
негізделген және оның жақтаушыларымен – кейнсияндық деп аталады да,
екіншісі – кейнисиандық тұжырымға пікірлестік тұрғыдағы – жаңаымырашылдық
(неолиберализм) деп аталады.
Дж.М.Кейнс өзінің Индекстік әдіс Индияның ақша айналысы мен
қаржысы, Версалдық бейбітшілік шартының экономикалық салдары,
Ықтималдық туралы трактат, Ақша реформасы туралы трактат, Мистер
Черчилдің экономикалық зардаптары, Еркін кәсіпкерліктің ақыры, Ақша
туралы трактат атты еңбектері арқылы жұршылық арасында атағы жайылған
ғалым-экономист болды. Әсіресе оның 1936 жылы шыққан Жұмысбастылық, өсім
және ақшаның жалпы теориясы атты еңбегі ХХ ғасырдағы экономикалық ғылымның
жаңа кезеңі болып табылады және ол күні бүгінге дейін көптеген елдердің
экономикалық саясатын анықтауда үлкен роль атқаруда.
Оның ең басты жаңа идеясы-рыноктік экономикалық қатынастар жүйесі
тіпті де өэін-өзі реттейтін, жетілген, кемеліне келген дәрежеде емес және
мүмкіндігінше толық жұмыс бастылық пен экономикалық өсуді мемлекеттің
экономикаға белсенді араласуы ғана қамтамасыз етуі мүмкін деген қағидаға
сайды.
Кейнстің экономикалық тоқырау кезінде баса назар аударған мәселесі
сұраныс проблемасы мен жұмыссыздық проблемасы болды. Оның тұжырымы бойынша
ұлттық табыстың көлемі мен оның өсімділігі (динамикасы) ұсыныс факторымен
анықталмайды, сұраныс факторымен анықталады. Ол құндылықты жасайтын бірден
бір фактор еңбек деп есептейді (бұған кәсіпкерлердің де еңбегін қосады), ал
жабдықтар, айналыс капиталы т.б. еңбек ету шарты ғана болып табылады.
Сұраныс проблемасын Кейнс жұмыссыздық проблемасымен байланысты
қарастырады. Сұраныстың алдын ала келісілген жағдайына байланысты бүкіл
қоғамдық масштабта мәжбүрліктен туатын жұмыссыздық- жұмыссыздықтың негізгі
басты формасы болып табылады.
Ол экономикалық ілімге жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс қызметі
атты түсінікті енгізді. Жиынтық ұсыныс қоғам үшін жиынтық шығын мен жұмыс
бастылық арасындағы қатынас арқылы анықталатын болса, ал жиынтық сұраныс
қоғамдық масштабта кәсіпкерлердің күткен табыстары мен жұмысбастылық
арасындағы қатынас арқылы анықталады. Бұл екі қызметтің бір-бірімен
түйіскен нүктесі жұмыс бастылық көлемін сипаттайды. Оны Кейнс сұраныстың
тиімділік нүктесі деп атайды.
Сұраныстың тиімділігі, басқаша айтқанда, төлем қабілеттілігі бар
жиынтық сұраныс- тұтыну мен инвестицияның болашақтағы деңгейіне
тәуелділіктегі жұмысбастылық дәрежесін анықтаушы болып табылады. Кейнс
сұранысты реттеудің екі әдісін: ақшалық-несиелік және бюджеттік саясат
болатындығын көрсетеді. Ол тұтыныстық сұранысқа мемлекеттің ықпалы
болатындығын жоққа шығармайды, бірақ ол екінші деңгейдегі с саясат арқылы
болады да ұлттық табысты тепе-тең бөлуді молайта отырып, бұл саясат тұтыну
заттарына деген сұраныс тиімділігінің өсуіне мүмкіндік туғызады.
Ақыр аяғында, Кейнс сауданың еркінділік саясатта болуына қарсы болып,
қолдаушылық, сүйеушілік (протекционистік) саясатты қолдады. Шаруашылықта
шетелдік бәсекелестікті болдырмай мемлекеттік үкімет отандық өндірісті
ұлғайту үшін жағдай жасайды, демек, жұмысбастылықты көбейту үшін, сол
арқылы ұлттық табыстың өсуіне жағдай туғызу саясатын жүргізуді ұсынады.
Дж.Кейнстің экономикалық іліміндегі жаңалық методологиялық тұрғыдан
микроэкономикалық талдаудан, макроэкономикалық талдауды бірінші кезекке
қоюы, сөйтіп экономикалық теорияның өзіндік бір саласы – макроэкономиканың
негізін қалауы болып табылады, екіншіден психологиялық заң туралы
сұраныстың тиімділігі деп аталатын тұжырымды қалыптастырды. Сонымен бірге
ол өзінің зерттеулерінің қорытындысы- мемлекет өзінің басшылық жасауы
арқылы орталықтан бақылау мекемелерінің көмегімен экономикаға тікелей
араласып толық жұмыспен қамтамасыз етуді, экономикалық процестерді
мемлекеттің реттеу шараларын іс жүзіне асыруы туралы теорияны жасау болды
деп есептейді.
Қазіргі уақытта кейнисиандық ілім екі бағытта көрініс табуда: бірінші
– солшыл кейнисиандықтар – америкалық және екінші жаңа кейнисиандық –
европалық бағыт.
Кейнстік ілімнің америкалық жақтаушылары (Э.Хансен, С.Харлис,
Дж.Б.Кларк т.б.) халықтан алынатын салықты (25% және одан жоғары),
мемлекеттік заем көлемін көбейту және мемлекеттің шығынын жабу үшін ақша
шығару орынды болады деп есептейді.
Жаңакейнисиандықтар (ағылшындық Рой Херрорд және Николос Колдор
мемлекеттің экономикаға араласуы тұрақты түрде болуын, ғылыми техникалық
прогресс жетістігін пайдалануды және белсенді түрде құрылымдық саясат
арқылы шаруашылықты қайта құруды жақтайды.

1.2 Кейнисиандық эконмикалық талдаудың мақсаты
ХХ ғ. 30 жылдарында капитал билеген елдерде экономикалық дағдарыс
күшейді. Экономикалық көрсеткіштердің барысы нашарлап, инфляция жоғарылап,
жұмыссыздық өсіп, пайда күрт азайды. Әсіресе, әлеуметтік қайшылық
шиеленісті. Осы кезең капиталистік дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде,
экономикалық тарихта Ұлы депрессия деп аталды. Бұрынғы экономикалық
ілімдер дағдарыстан шығудың жолдарын дұрыс көрсете алмады. Тек ағылшын
экономисі Дж.М.Кейнс ғана капиталистік экономиканың дағдарыстан шығу
тәсілін көрсете алды. Дж.Кейнстің әйгілі еңбегі Жұмыспен қамту, процент
және ақшаның жалпы теориясы, 6 кітаптан 24 тараудан тұрады. Еңбегінің
негізгі идеясы- мемлекеттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатымен
экономикалық дамуына белсенді түрде араласуы қажет.
Дж.Кейнстің ойынша экономикалық талдаудың мақсаты – ұлттық кірістің
көлемі тәуелді болатын факторларды анықтау, ұлттық кіріс жұмыспен қамту
деңгейін қамтамасыз етеді, яғни жұмыспен қамту ұлттық кіріс функциясы:
N= f (Y)
Д.Кейнстің ең басты мәселесі- жұмыспен қамтуды зерттеу. Мұны формула
түрінде былай көрсетеді:
E=N x W
E- жиынтық жалақы
W- жалақының өлшемі
N- жұмыспен қамту көлемі
Кейнс теориясы бойынша жұмыспен қамту көлемі еңбекпен өлшенеді және
жалақыға да байланысты. Терең талдаған категориялары – табыс, жинақ,
инвестиция. Житнақ пен инвестицияның бір-біріне ықпалын былай тізбектейді:
Жинақ=табыс- инвестиция.
Инвестицияны мынадай формуламен түсіндіреді.
T= Al – V , мұндағы Al- бір кәсіпорынның екіншісіне сатқандары, V-
кәсіпорындардың қолданған шығындары
Дж.Кейнстің классикалық теорияны жұмыспен қамтуда ақшалай ақының
ықпалын көрсете алмағаны үшін сынайды. Жұмыспен қамтудың көлемі- тиімді
сұраныспен тығыз байланысты, ал соңғысы ақшалай- жалақымен анықталады.
Ақшалай жалақы бағалардың төмендеуіне әсер етеді, нақты табысты қайта
бөлуге, жұмысшылардың өндіріс салаларына бауына, инвестицияны ұлғайтуға
көмектеседі.
Тұтыну сұранысының азаюын Кейнс тұтынуға бейімділіктің төмендеуімен
түсіндіреді. Тұтынуға бейімділік – басты экономикалық көрсеткіш. Кейнс
өзінің негізгі психологиялық заңында кіріс өскен жағдайда тұтынуға
бейімділіктің шегі төмендеп, жинақтауға бейімділік шегі өседі деп
қорытындылайды.
Дж.Кейнстің экономикалық ілімге қосқан жаңалығын жинақтап айтсақ,
төмендегідей:
1) Рыноктық механизмнің экономиканы дағдарыстан шығарудағы әлсіздігін
көрсетті. Таза рынокта экономикалық тепе-теңдікке жету мүмкін болмайды,
себебі жалақы мен баға икемді емес.
2) Экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттің реттеу қажет. Түрлі
мультипликациялар, салық салу, қоғамдық жұмысты көбейту, инвестиция арқылы
сұранысты ұлғайтып, жұмыссыздықты азайтуға болады.
3) Дж.Кейнс макро-микроэкономикалық мәселелерді қатар зерттеп, әсіресе
макроэкономикаға баса көңіл бөлді.
4) Рыноктық қатынастарға оң көзбен қарады, түрлі агрегаттық модельдер
жасауға жол ашты, эконометрикалық зерттеу тәсілдерін жақтады.
Экономикалық коньюктураны дамыту үшін Кейнс мынадай мемлекеттік
шараларды ұсынады:
1) мемлекеттік капитал салымдарын ұлғайту
2) мемлекет проценттік ставканы төмендетуге әкелетіндей етіп
айналымдағы ақша массасын қамтамасыз етуі тиіс.
Дж.Кейнстің ілімін жалғастырушылар жаңа кейнисиандық және
постекейнисиандық болып екі топқа бөлінді.
ХХ ғ. 40 жылдары жаңа кейнисиандық бағыт дамиды, өкілдері Е.Домар,
Д.Харрорд. Олар экономикалық өсімнің жаңа кейсиандық консепциясын дамытты,
яғни толық жұмысбастылық кезіндегі экономикалық өсімнің моделдерін жасады.
Капиталдың техникалық жетілдіру негізінде, өсімнің тұрақты мүмкінділігі
болады, яғни экономикалық өсім моделі екі алғы шартқа негізделеді:
1) Ұлттық кірістің өсуі капиталдың жинақтау нормасымен анықталады.
2) Ал капиталсыйымдылық өндіріс факторларының баға арақатынасына
тәуелді емес, тек өндірістің техникалық жағдайларымен анықталады.
Р.Харрорд пен Е.Домар мынадай қорытынды жасайды: Ұлттық кірістің
тұрақты өсу қарқыны- капиталды жинақтаудың тұрақты нормасы және тұрақты
капиталсыйымдылықтың тепе-теңдігінің шарты болып табылады. Ал ХХ ғ. 60-70
жылдары экономикалық ілім тарихында посткейнисиандық бағыт пайда болды,
өкілдері-Дж.Робинсон, Х.Минский және т.б. Олардың негізгі мақсаты- Кейнс
ілімін жаңаландыру және Кейнисиандық төңкерісті аяқтау. Посткейнисиандық
бағыттың өкілдері тек Кейнс ілімін ғана емес, сонымен қатар
институционализм, Д.Рикардо ілімі, К.Маркстің экономикалық ілімі сияқты
деректерді пайдаланды.

2.1 Кейнстің жалпы теориясының қаржылық тұжырым-дамалары
Кейнс еңбегінің алғашқылары ақша айналысы мен ағылшын банктерінің
жұмыстарына ықылас қоюмен бағытталған. Кейнс алғашқы машықтану еңбектерін
Үндістанда бастап, біраз уақыт Үндістанда қызмет жасағандықтан 1913 жылы
жазған еңбегін Үндістанның ақша айналымы мен қаржылары.
Кейнстің жалпы теориясының қаржылық тұжырымдамалары негізінен
мынандай бағыттардан құралды:
1. Ұлғаймалы өндірістің барлық маңызды мәселелерін ресурстарды
ұсыну жағынан емес, сұраныс бағыты жағынан қарастыру
қажет, себебі сұраныс ресурстар қоғамын қамтамасыз етеді.
2. Экономика өзін-өзі басқара алмайды. Себебі капитал мен
еңбектің күрделі түрде қоғамдастырылған жағдайында мемлекеттің
экономикаға араласпауы мүмкін емес. Экономиканы мемлекеттік
тұрғыда реттеу автоматты түрде экономикалық реттеу
механизмдерінің алмастырылуы немесе айтарлықтай толықтырылуы
қажет.
3. Экономикадағы тепе-теңдік мәселесін сұраныс көзқарасы жағынан
шешкен тиімді. Сол үшін Кейнс қажеттілік пен өндіріс, табыс пен
еңбекті қамту арасындағы тепе-теңдікті айқындайтын тиімді
сұраныс терминін енгізді.
4. Аталмыш терминнің енгізілуі макроэкономикалық көрсеткіштерді
(қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табыс) талдауға мүмкіндік
берді. Бұл жалпы экономикалық жүйенің қалай жұмыс жасап
жатқандығын ажыратуға септігін тигізді.
5. Экономиканы реттеудің басты құралы болып бюджет саясаты
саналады. Мемлекеттік бюджет пен қаржы саясатына жұмысшы күшін
еңбекпен қамту және өндірістік жабдықтау сияқты міндеттер
жүктелуі тиіс.
Кейнс өз кезегінде салықтарға ерекше көңіл аударды, ол салықтарды
ұлттық табысқа тікелей байланыстырды, себебі, ұлттық табыс деңгейі неғұрлым
жоғарылай түссе, соғұрлым көп мөлшерде бюджетке салықтар түседі, немесе
керісінше, өндіріс құлдыраған жағдайда ұлттық табыс қысқарады да, салық
сомасы төмендейді.
Кейнс өзінің түсінігі бойынша адамдардың қолдағы қаражаттарын
қайткенде іске тартатын саясат өте қажет деп санап, табыс салығын
прогрессивті мөлшерлеме бойынша алуды ұсынды.
Кейнс теориясының негізгі басты бағыты- макроэкономикалық тепе-
теңдік.
Қажеттілікке деген бейімділік объективтік факторлар (еңбек ақымен
салықтар) мен қоса субъективтік факторларға да (адамдардың қара күнге
деген жинақ ақшалары) тәуелді.
Кейнс толығымен адамдардың қаражаттарды қолда ұстап жинақтауларына
қарсы болған себебі, осының нәтижесінде экономикада тоқырау мен
үйлесімсіздік пайда болады, тиімді сұраныс бұзылады деп, адамдардың қолма-
қол ақшаларды жинақтау себептерін ерекше назарымен зерттей бастады.
Табыс беріп отыратын активтерді (жер, үйлер, облигациялар мен
акциялар) адамдардың қолда ұстап іске қоспауына әсер ететін үш себеп бар
деп санады Кейнс. Бұлар – алып-сатарлық себеп (капиталдан айырылып қалу
қауіпі, қорқыныш), трансакциялық себеп (болашақта кезігіп қалуы мүмкін
деген шығындарды жабу мақсатында қаражатты қолда ұстау) және алдын-ала
сақтық себебі.
Ұлттық табыс-жиынтық шығындар деген еңбегң Кейнстік үлгі, кейнс
кресі деген атқа ие болды. Бұл үлгіні зерттеу барысында автор жеке
тұтынушымен (С) қоса, өндірістік қажеттілік (инвестициялар) ескерген жөн
дегенді алға тартты.
Кейнс пайымдауынша, егерде қоғам экономика дамуынан жақсы болашақ
күтпейтін болса, кәсіпкерлер өндірісті дамытпайды, ал жинақ ақшалар нольге
қарай бағытталады. Бұлар пайда болған жағдайда ұлттық табыс S0-ден N-ге
дейін өседі, ал тепе-теңдік нүктесі E0-ден E-ге дейін қозғалады.
Белсенділікті ынталандырушы мемлекет болғандықтан мемлекеттік шығындар (G)
көбейеді – бұл жағдайда тепе-теңдік E-ден E-1-ге қарай қозғалады, ал
ұлттық табыс өндірісі N1 нүктесіне қарай жылжиды.
Таза экспорттың (Е2) жалпы шығындары мен табыстарын сомалағанда
пайда болатын нәтижеге байланысты ұлттық табыстың мұндай өсуі толық
еңбекпен қамту деңгейіне жеткенше жалғаса береді. Бұл жағдайда ұлттық табыс
N2 кейпін қабылдайды. Экономикаға мемлекеттің араласуы экономикада толық
еңбекпен қамту (EF) дәрежесін жақындата түседі.
Осылайша, кейнстік тепе-теңдік үлгісі мынадай формуламен айқындалады
C+J+G+Xn, бұл жерде C – қажеттілік, J- инвестициялар,G- мемлекеттік
шығындар, Xn-таза экспорт.
Кейнс өз зерттеулерін қорытындылай келе экономикалық тепе-теңдік
жинақ ақшалар мен қорлар арасындағы тепе-теңдікпен анықталады деді.
Экономиканың басты қайғысы тиімді сұраныстың аздығында, сол себепті
экономиканы тоқыраудан алып шығу экономикаға мемлекеттің араласуымен ғана
шешімін табады.
Түрлі қоғамдық жұмыстарды инвестициялауды ұйымдастыру, инвестиция
түрлеріне бақылау жасау, сонымен қатар тұрмысы төмен халықтың сатып алу
қабілеттілігін арттыру (зейнетақы, жәрдемақыларды көбейту, жеңілдікпен
салық салу) арқылы қажеттілікке деген бейімділіктерін бақылау сияқты
мәселелерге мемлекет белсенді ат салысқан жағдайда ғана халықтың сатып алу
қабілеттілігі жоғарылап, мультипликация тиімділігі байқалып, яғни ұлттық
табыстың өсуіне әкеледі. Бұл экономиканы тоқыраудан шығарудың бастапқы да
маңызды жолы деп санады Кейнс.
Кейнс өз зерттеулерінде басты деп бағаны емес, өнімнің нақты көлемін
санады, ал макроталдаудың негізі ретінде адамдардың ақшаға, жинақтауға
деген бейімділігі жатты. Осылайша ағылшын экономисі Кейнстің теориясы 40-70
жылдардың барысында көптеген дамыған шет мемлекеттерінің қаржы саясаты мен
қаржылық тұжырымдамасының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Экономикалық теорияны дамытуда Кейнстің жасаған еңбектері зор.
Оларға жататындар:
1. экономика жүйесінің өзін-өзі реттеуі мүмкін еместігі жөніндегі
тезисі;
2. бағадан нақты өнім жасауға ауытқуы;
3. пайыз көлеміне деген жаңа көзқарас;
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейнсиандық моделі
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Экономикалық теория қалыптасу кезендері
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Экономикалық теория мен қоғамдық өндіріс
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы мәлімет
Экономикалық теорияның даму тарихы
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Пәндер