Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы



І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1Балдырларға жалпы сипаттама 4
1.1Көк . жасыл балдырлар бөліміне сипаттама 7
1.2Көк . жасыл балдырлардың таралуы 17
1.3Олардың көбеюі, таралуы және экологиясы 21
1.4Көк.жасыл балдырлардың маңызы 22
IIIҚорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Курстық жұмыстың өзектілігі:Көк Жасыл Балдыр , цианея (Cyanophyta) – балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация , форма) анықталған. Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан – көк жасыл түсті, фикоэритрин – қызыл, каротин –алқызыл; әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады. Клеткалары талшықсыз,ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Көк-жасыл балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беру және олардың кластарын зерттеу. Көбею жолдары жыныстық процестері, таралуы, экологиясынаталдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Көк-жасыл балдырлар бөліміне сипаттама беру;
 Кластарын зерттеу;
 Жыныстық процестеріне, таралуына, экологиясынаталдау жасау;
1. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.
2. Абдрахманов, О. Төменгi сатыдағы өсiмдiктер систематикасының практикалық жұмыстары.-Алматы: Қазақ университетi. 2 бөлiм: Саңырауқұлақтар мен қыналардың лабораториялық жұмыстары.-2004.-126 бет
3. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы мектеп 1972.
4. О. Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы Төменгі сатыдағы өсімдіктер Алматы “Ғылым” ғылыми баспа Орталығы 2003ж.
5. Жатканбаев Ж. Биология, өсімдіктер систематикасы, экологиясы. т.1
6. Абдрахманов, О. А. Практические работы по систематике низших растений.-Караганда:Изд-во КарГУ. Ч.2:Лабораторный практикум по грибам и лишайникам.-2001.-146 с.
7. Назарбекова С.Т. Краткий курс лекции по систематике низших растений учебное пособие Алматы изд «Қазақ университеті» 1992г 129с.
8. Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Систематика бактерий:Учебное пособие.-Алматы:Қазақ университетi,2003.-150с.
9. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника : Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
10. Курс низших растений (под ред М.В.Горленко) М. Высшая школа 1981 с520.
11. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие Петрозаводск, 1992, изд. ПГУ с 111.
12. Лемеза Н.А. Шуканов А.С. Малый практикум по низшим рестениям учебное пособие Минск университетская 1994 с288.
13. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника:Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.
14. Агелеуов Е., Дөненбаева К.т.б. «Ботаника өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» Алматы., Санат 1998ж.
15. 2.Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. – Минск.: Новое издание, 2002.
16. Старостенкова М.М., Лысогор А.И. Практические работы по систематике растений. - М., 1981.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы тақырыбында орындалған.
Көк-жасыл балдырлар бөліміне жалпы сипаттама берілді және олардың кластары зерттелді. Көбею жолдары жыныстық процестері, морфологиясы, таралуы, экологиясының мазмұны талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 3 суреттен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Балдырларға жалпы сипаттама
4
1.1 Көк - жасыл балдырлар бөліміне сипаттама
7
1.2 Көк - жасыл балдырлардың таралуы
17
1.3 Олардың көбеюі, таралуы және экологиясы
21
1.4 Көк-жасыл балдырлардың маңызы
22
III Қорытынды
24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Көк Жасыл Балдыр , цианея (Cyanophyta) - балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация , форма) анықталған. Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан - көк жасыл түсті, фикоэритрин - қызыл, каротин - алқызыл; әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады. Клеткалары талшықсыз,ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Көк-жасыл балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беру және олардың кластарын зерттеу. Көбею жолдары жыныстық процестері, таралуы, экологиясына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Көк-жасыл балдырлар бөліміне сипаттама беру;
Кластарын зерттеу;
Жыныстық процестеріне, таралуына, экологиясына талдау жасау;

1 Балдырларға жалпы сипаттама

Балдырлар (Харовые водоросли) -- жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында, Йеллоустон саябағының ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады және теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз жерлерде де өсе береді. Қзіргі кезде балдырлардың 20 000-нан асатам түрлері анықталып отыр.
Балдырлардың құрылысына тоқталатын болсақ, олардың құрылымы болмайды. Негізінен бір клеткалы және көп клеткалы түрлері болады. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардын тұрады. Клеткасы егізінен бір ядролы цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, хромотофора сияқты органоидтары және бос қуысы боладыды.
Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көп жасушалы жасыл балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті балдыр (Prochlorophyta), қызыл балдыр (Rhodophyta), жалтырауық балдыр (Chrysophyta), диатомды балдыр (Dіatomeae), криптофитті балдыр (Cryptophyta), динофитті балдыр (Dіnophyta), қоңыр балдыр (Phaeophyta), сары-жасыл балдыр (Xanthophyta), эвгленді балдыр (Euglenophyta), жасыл балдыр (Chlorophyta), хара балдыр (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрлері белгілі. Қазақстанда 1 мыңнан астам түрлері кездеседі.
Кәзіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек балдыларды талшықтылардан, яғни суда өмір сүрген 1-2талшығы бар бір жасушалы ағзалардан шыққан деп жорамалдайды.Олардың ішінде хлорофилдері бар ( автотрофты) және түссіз ( гетеретрофты) ағзалар кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдектерге, ал соңғылары жануарларға жақын . Сондықтан көптеген систематиктер талшылықтыларды өсімдіктермен жануарлардың арасын, жалғыстарып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады. [1]
Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде жасыл түсі бақа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары да аз болмайды.
Құрылысы . Талломы бір жасушалы, колониялы жасушасыз болады. Сонымен бірге олар жасушалардың орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді болып келеді. Талломның вегетативтік жасушылары сырт жағынан целюллозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Жасушы қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмачы жасушаның бүкіл қуысын толтырады немесе оның қабарғасына жақын орналасады. Жасушаның ортасында, ішкі жасуша шрынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Жасушада бір немесе бірнеше және құрамында пегменттері бар, хромотофорлары болады. Хромтофорлардың пішіндері алуан түрлі - пластинка, спираль, лента, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б. болып келеді. Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілері болып табалады. Кейбір балдырлардың хромотофоросында перенойдтар деп аталатын ерекше белогтық денешіктер болады. Олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын углеводтар жиналады.Крахмалдан басқа артық қор заттары ретінде шыны майлары, валютин белогы жиналады.
Өсімдіктер дүніесінің ең ерте пайда болған тобы. Балдырлар суда пайда болған. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Балдырлар бір клеткалы, колониальды және көп клеткалы жіптәрізді және пластинка төрізді өсімдіктер болып келеді. Балдырлардың ұзындығы микроскопиялықтан бастап ондаған метрге дейін созылады. [1,2]
Бардырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және олар автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде тіссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жонуарларға жақын.
Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынап целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою-өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүткіл қуысын тайырады, немесе оның қабырғасына жықын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ядросы және құрамында пигменттері бар, хроматофоралары болады. Хромотофораларының формалары алуан түрлі- пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б. болып келеді. Кейбір балдырлардың хроматофорасында пиреноид деп аталынатын ерекше белоктік денешектер болады, олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын көмірсулар жиналады. Крахмалдан басқа артық қор заттары ретінде шынымайлары, липопротеид лейкозин, волютин ақуызы жиналады.
Көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады. Вегетативтік көбею бір клеткаларда клетканың екіге бөлінуі, колониялылар - ұсақ колонияларға ыдырауы, көп клеткалылар - талломасының бөліктерімен, кейде вегетативтік көбеюге арналған органдары (хараларда - түйнектері) арқылы жүзеге асады.
Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары немесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегетативтік клетканың ішінде немесе ерекше органдарда: зооспорангиларда немесе спорангиларда, олардың ішіндегі заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зооспоралар түзілгеннен кейін, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып, жана особьқа айналады.
Жыныстық көбеюі изо- , гетерогамия және оогамиялық формаларда жүзеге асады. Изо-және гетерогаметалары қатардағы вегетативтік клеткалардан түзіледі. Жұмыртқа клеткасы оогогилерінде, сперматозоидтары энтеридилерінде жетіледі. Жұмыртқа клеткасы біреу, немесе бірнешеу болады, ал сперматозоидтары - көп. Балдырларда тіркесу арқылы көбеюі- коньюгация немесе зигогамия жиі кездеседі. Бүл жағдайда екі вегетатівтік клетканың ішіндегі протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кезгелгені зиготаның түзілуімен аяқталады. Зиготадан редукциялық бөліністің нәтижесінде төрт зооспора түзіледі. Олардын келешекке жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеніне көшпей ақ редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьқа аналады. Бұл жаңа особьтар, тағында жаңа жыныстық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жыныссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келуі,көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза- спорофит (2n) түзіледі, ал онда жыныссыз көбею органы - зооспорангий түзіледі. Гаметофит қос жыныстыда дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік циклінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы болмайды, ал екіншілерінде спора - және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады. [3,4]
Көбеюі. Балдырларды көбеюдің вегативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық тпитерінің барлығы болады. Вегитивтік көбеюі бір жасушалы түрлерінді жасушаның ұсақ колонияға ыдырауы, көп жасушылытүрлерінде талломасының бөліктерімен,кейде вегетативтік көбеюге арналған мүшелері арқылы жүзеге асады. Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары немесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегативтік клетканың ішінде немесе ерекше органдарда: Зооспоррангиларда немесе спораларда, олардың ішіндегі заттардың бөлініуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зоопоралар түзілгеннен кеійн, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып жаңа, особьқа айналады. Жыныстық көбеюі изо-гетрогамия және огамиядық формаларда жүзеге асады. Изо және гетерогаметалары қатардығы вегетативтік клеткалардан түзіледі. Жұмыртқа клеткасы оогинилерінде, сперотазиодтары антеридилерінде жетіледі . Жұмыртқа клеткасы біреу немесе бірнешеу болады, ла сперматозойды - көп. Балдырларда тіркесу арқылы көбеюде ( коньюгация, немесе зигогамия) жиі кездеседі. Бұл жағдайда екі вегативтік клетканың біреінің ішіндегі протопласты екіншісі құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кезкелген зиготаның (2n) Түзілуімен аяқталады. Біраз ыныштық кезеңін басынан өткізген соң, зиготадан редукциялық бөлінісінің нәтижесінде төрт зооспоры түзіледі. Олардан келешекте жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеңінен көшпей ақ, редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьке айналады. Бұл жаңа особьтар, тағыда жаңа жыныстық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жыныссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келу, көп жағдайда сыртқы органға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фазаспорофит (2n) түзеледі, ал онда жыныссыз көбею органы - зооспаранги жетіледі. Зооспорагидің ішіндегі заттардың редукциялық жолмен бөлінуінің нәтижесінде гаплойдты (n) зооспарлар түзеледі. Зооспаралар өсіп гематофиттер (n) береді, ал оларда жыныстық көбею органдары гаметангилер желіледі. Гаметангилерден гематалартүзеді. Гаметофрит қосжынысты да, дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік цикілінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы болмайды, ал екіншілерінде спора - және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады.Тараулы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді. Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп жүреді, ал екіншісі судың түбінде бос жатады немесе субстратқа бекініп тұрады. Соңғылары бентостың (су асты шалғындардың) негізгі бөлігін түзеді.Теңіздерде балдырлар 30м тереңдікке дейін ерекше қалын болып өседі. Алайда көлеңкеге ең төзімдісі қоңыр және қызыл балдырлар 100 - 200 метрге, ал ал жекеленген түрлері 500метрге және олардың көбірек тереңдікке дейін өседі.
Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзінде тіршілік қабілетін жолғалтпайды. Мысалы, полярлық ендікте және таулардың биік белдеулерін ( альпалық, субальпалық ) балдырлар қырдың үстінде өседі және олардың қызыл, жасыл, қоңыр, сары түстерге боылады (қар хламидомонадасы). [3]

1.1 Көк - жасыл балдырлар бөліміне сипаттама

Көк Жасыл Балдыр , цианея (Cyanophyta) - балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация , форма) анықталған. Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан - көк жасыл түсті, фикоэритрин - қызыл, каротин - алқызыл; әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады. Клеткалары талшықсыз,ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді. Соңғылары шіріген органикалық заттар мен ластанған суларды мекендейді де фотосинтезбен қатар дайын органикалық қалдықтармен қоректенеді. Осының арқасындажаз айларында тез көбейіп, судың сапасын төмендететін түрлері (Anabena) де бар. Мұндай сулар көк жасыл түске боялып "гүлдейді", түйсік органдарын тітіркендіретін (органолептикалық) қасиеттері бұзылады, жағымсыз иіс пайда болады, ал Көк Жасыл Балдыр су бетін түгел басып кетсе, жәндіктер мен балықтар оттек жетпей тұншығып өледі. Көк Жасыл Балдыр фотосинтез кезінде өсімдіктер сияқты крахмал түзбейді, оның орнына жануарларға тән гликопротеидтер (полисахаридтер) пайда болады. Клеткалары құрылымы жағынан бактерияларға өте жақын, басқа типке жататын балдырларға мүлде ұқсамайды. Клетка органоидтарынан, плазмадан оқшауланған ядросы,сондай-ақ, хлоропластары, митохондриялары болмайды. Көк Жасыл Балдыр, негізінен, вегетативтік жолмен, яғни клеткаларының екіге бөлінуі, шоғырларының ыдырауы, көп клеткалы жіпшелерінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Аналық клеткаларында пайда болатын споралары арқылы да көбейетін түрлері бар. Бұлар жыныстық жолмен көбеймейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына өте төзімді, әрі бейімделгіш. Температурасы 80С-қа жететін ыстық суларда да, полюстардағы немесе биік тау басындағы мұз-қарларда да тіршілік ете беретін түрлері бар.Кейбір түрлері саңырауқұлақтардың белгілі бір түрімен селбесіп тіршілік етіп, қыналардың денесін құрайды. Шаруашылыққа пайдалы түрлеріде кездеседі. Оларды ластанған суларды биологиялық әдіспен тазартуға, малға азық ретінде және тағамға (Nostos, Spyrulіna), егістікке тыңайтқыш ретінде пайдаланатындықтан арнайы өсіреді. Көк Жасыл Балдырдың 100-ден аса түрлерінің (Phormіdіum, Plectonema, т.б.) атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақты азотқа байытатын қасиеті анықталған. [11]

1-сурет. Көк-жасыл балдырлар.

Көк жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер. Түрлерінің жалпы саны 1,4 мың шамасында болады.
Көк - жасыл балдырлар (Cyanophyta). Көк - жасыл балдырлар жасушаларының қарапайым құрылыстылығымен ерекшеленедi. Жасушаларының қабықшасы пектиндi, шырышпен қапталған. Цитоплазмада органоидтары жоқ. Цитоплазма шеттерiнде пигменттер орналасқан, жасуша ортасында ядролық зат бар. Жасуша құрылысының ерекшелiгiне байланысты олардың көбеюi қарапайым бөлiну арқылы жүредi. Көк жасыл балдырлар прокариоттарға жатады (қалыптасқан ядросы жоқ). Бұл балдырлардың әртүрлi пигменттерi болады. Көк-жасыл түс беретiн жасыл хлорофилл және көк пигмент фикоциан. Осы екi пигменттен басқа бiрде аз, бiрде көп мөлшерде қызыл түс беретiн - фикоэритрин және сарғыш түс беретiн каротин де бар (1-сурет). [5,6]
Түрлерінің жалпы саңы 15 мындай. Әлемінің барлық жерлерінде, негізінен тұщы суларда, кейбіреулері теніздерде, аздаған түрлері оқтын-оқтын су басудың нәтижесінде ылғалдығы артып отыратын топырақтарда, ағаштардың діндерінде, дуалдарда (на заборах), гүл отырғызылған қыш құмыраларда (в горшках) және т.б. жерлерде кең таралған өсімдіктер.
Осы бөлімнің өсімдіктерін мысалға ала отырып эволюцияның екі бағытын аңғаруға болады:
-бірінші бағыт, бір клеткалы бір ядролы формаларынан бастап, көп клеткалы, көп ядролы формаларына дейін жеткен, бұл бағыттың ең жоғарғы сатысы каулерпа -екінші бағыт, бір клеткалы сифон және жіптәрізді формаларынан бастап, колониялы формалары арқылы, көп клеткалы жіптәрізділерге және одан әрі көп клеткалы, талломдары сыртқы құрылысы жағынан жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдарында біршама ұқсас болып келетің формаларына дейін жеткен бұл бағыттың ең жоғарғы сатысы - хара. Кейбірде харалар жеке топқа бөлінеді. Хара түрлері үрі балдырлар, терен емес суқоймаларда өседі. Харалардың талломаның құрылысы өте күрделі.
Көк-жасыл балдырлар әртүрлi экологиялық жағдайларда тiршiлiк етедi: әртүрлi деңгейде ластанған тұщы және тұздылау су қоймаларындағы су қабаттарында, топырақта, ағаштар дiңдерiнiң түбiнде.

2-сурет. Көк-жасыл балдырлар.

Көк-жасыл балдыр-цианея (Cyanophyta) - балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотровты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк жасыл балдырдың қазба қалдықтары кембрийне дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк жасыл балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация, форма) анықталған. Көк жасыл балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан - көк-жасыл, фикоэритрин - қызыл, каротин - алқызыл, әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады. Клеткалары талшықсыз, ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотофты (аралас) қоректенеді. Соңғылары шіріген органикалық заттар мен ластанған суларды мекендейді де фотосинтезбен қатар дайын органикалық қалдықтармен қоректенеді. Осының арқасында жаз айларында тез көбейіп, судың сапасын төмендетеді. Ол түрлері Anabena деп аталады. Мұндай сулар көк-жасыл түске боялып "гүлдейді" әрі осындай сулардан жағымсыз иіс пайда болады. Бұндай құбылыс әсерінен адамдардың түйсік органдарын тітіркендіретін (органолептикалық) қасиеттері бұзылады. Ал көк жасыл балдыр су бетін түгел басып кетсе, жәндіктер мен балықтар оттек жетпей тұншығып өледі. Көк жасыл балдыр фотосинтез кезінде өсімдіктер сияқты крахмал түзбейді, оның орнына жануарларға тән гликопротеидтерді (полисахеридтер) түзеді. Клеткалары құрылымы жағынан бактерияларға өте жақын, басқа типке жататын балдырларға мүлде ұқсамайды. Клетка органоидтарынан, плазмадан оқшауланған ядросы, сондай-ақ, хлоропластары, митохондриялары болмайды. Алматы облысында, Первомайские ауылынан жиналған балдырға сандық және сапалық сараптамалар жасалды. Сараптама нәтижесі бойынша төмендегідей биологиялық белсенді қосылыстардың бар екендігін көрсетті: Амин қышқылдары, алкалоид, фенол, каротиноид, ксантонид. [13]
ББК бойынша балдырдың құрамындағы қосылыстардың пайыздық үлесі зерттеліп анықталды. Жалпы күлділігі - 9,26%, кептіру кезіндегі массасының шығыны - 5,2%, құрамындағы экстрактивті заттар - 29,67%, құрамындағы органикалық заттар - 20,41%, флаваноид - 24%, алкалоид - 1,8%, каротиноид - 5,39%, полисахаридтер - 0,42% (Құрғақ шикізат үшін қаныттар).
ББК БАК Осы сараптамалар (тағы жасалғын барқатар зерттеулер) негізінде жасалған қорытындылар нәтижесі бойынша, су өсімдіктерінің ішіндегі балдыр өсімдігінің Қазақстанда қоры жеткілікті, әрі әрқайсысы сала бойынша кең ауқымды сұранысқа ие болып отыр. Сол тұрғыдан балдыр өсімдігінен субстанция дайндауға және осы өсімдіктің мүмкіндігін толық пайдалана отырып фитопрепарат алуға сол арқылы қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылыс жасауға болады.
Көк жасыл балдырцианея (Cyanophyta) - балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация, форма) анықталған. Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан - көк жасыл түсті, фикоэритрин - қызыл, каротин - алқызыл; әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады. Клеткалары талшықсыз, ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді. Соңғылары шіріген органикалық заттар мен ластанған суларды мекендейді де фотосинтезбен қатар дайын органикалық қалдықтармен қоректенеді. Осының арқасында жаз айларында тез көбейіп, судың сапасын төмендететін түрлері (Anabena) де бар. Мұндай сулар көк жасыл түске боялып "гүлдейді", түйсік органдарын тітіркендіретін (органолептикалық) қасиеттері бұзылады, жағымсыз иіс пайда болады, ал Көк Жасыл Балдыр су бетін түгел басып кетсе, жәндіктер мен балықтар оттек жетпей тұншығып өледі. Көк Жасыл Балдыр фотосинтез кезінде өсімдіктер сияқты крахмал түзбейді, оның орнына жануарларға тән гликопротеидтер (полисахаридтер) пайда болады. Клеткалары құрылымы жағынан бактерияларға өте жақын, басқа типке жататын балдырларға мүлде ұқсамайды. Клетка органоидтарынан, плазмадан оқшауланған ядросы, сондай-ақ, хлоропластары, митохондриялары болмайды. Көк Жасыл Балдыр, негізінен, вегетативтік жолмен, яғни клеткаларының екіге бөлінуі, шоғырларының ыдырауы, көп клеткалы жіпшелерінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Аналық клеткаларында пайда болатын споралары арқылы да көбейетін түрлері бар. Бұлар жыныстық жолмен көбеймейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына өте төзімді, әрі С-қа жететін ыстық суларда да,°бейімделгіш. Температурасы 80 полюстардағы немесе биік тау басындағы мұз-қарларда да тіршілік ете беретін түрлері бар. Кейбір түрлері саңырауқұлақтардың белгілі бір түрімен селбесіп тіршілік етіп, қыналардың денесін құрайды. Шаруашылыққа пайдалы түрлері де кездеседі. Оларды ластанған суларды биологиялық әдіспен тазартуға, малға азық ретінде және тағамға (Nostos, Spyrulіna), егістікке тыңайтқыш ретінде пайдаланатындықтан арнайы өсіреді. Көк Жасыл Балдырдың 100-ден аса түрлерінің (Phormіdіum, Plectonema, т.б.) атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақты азотқа байытатын қасиеті анықталған. [1,2]
Көк-жасыл балдырлар бөліміне жататын түрлердің басты ерекшелігі - олардың клетка құрылысында. Клеткалардың протоплазмасы оқшауланған ядросыз, хроматофорасыз, вакуолясыз қою болады. Олардың протоплазмасы шеткі боялған қабықтық қабаттан - хроматоплазмадан және түссіз орталық денеден - центроплазмадан тұрады. Хроматоплазма бөліміндегі барлық пигменттер хроматофораның қызметін атқарады. Көк-жасыл балдырларда оқшауланған нағыз хроматофора болмайды. Центроплазма өзінің атқаратын қызметі жағынан клетка ядросына жақындайды. Орталық денеде нуклеинді заттар, сондай-ақ көміртегін ассимиляциялаудың нәтижесінде түзілген гликоген және оған жақын анабенин заттары жиналады. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында крахмал болмайды. Клетка қабықшасына жанаса өте ұсақ түйіршіктер түрінде азықтық қор заттары жиналады, кейде май тамшылары да болады.
Бір клеткалы көк-жасыл балдырлар вегетативтік жолмен клетканың тең екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Колониялы формалар да осындай клетканың екіге бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді, алайда олар кілегейдің ішінде жалғасқан түрінде ажырасып кетпей қалып қояды. Көп клеткалы жіп тәрізді формалары ерекше гормогония деп аталатын көп клеткалы бөлшектерге бөлініп кетуі арқылы да көбейеді. Кейбір түрлерінде жіптің бойында гетероциста деп аталатын клетканың ішіндегі тірі затынан айырылған, ерекше сары түсті дөңгелек өлі клеткалар пайда болады. Осы клеткалар пайда болған жерлерінен үзіліп гормогонияға бөлшектенеді. Балдырлардың бұл тобының көп өкілдерінде спора құру байқалады. Бұл жағдайда кәдімгі вегетативтік клеткалары үлкейеді, оларда қор заттары жиналады, қабықшасы қалыңдайды, сөйтіп спораға айналады. Спора пайда болған аналық клетканың сыртқы қабығы жыртылып, спора босап шығады да, ол өсе келе жаңа особьқа айналады. Мұндай споралар қолайсыз жағдайларға төзімді келеді. Көк-жасыл балдырларда қозғалғыш талшықты кезеңі және жыныс процесі болмайды. Көк-жасыл балдырлардың 1400-ге жуық түрлері белгілі, оларды А. А. Еленкин 3 класқа, 12 қатарға, 50-ге жуық тұқымдасқа бөледі.
Қозғалғыш организмдері қозғалғышқа келтіретін органдарына, олардың ұзындығы мен формасы бірдей болып келетін екі төрт сиректеу одан да көп ундулиподиялар деген талшығы жатады. Клеткалары бір ядролы, бірақта көп ядролы болуы да мүмкін. Хроматофораларында көп жағдайда пиреноидтар болады. Хроматофоралардың формасы, мөлшері және клеткадағы саны алуан түрлі болып келеді. Пигменттеріне хлорофилл, каратиноидтар жатады. Сыртынан клеткалар пектин деген целлюлозамен қапталған, сиректену жаланаш клеткалар пелликуламен қапталған. [2]
Артық қорзаттарына крахмал сиректеу шыны майы жатады.
Жыныстық процесі барлық түрлерінде белгілі және алуан түрлілігімен ерекшеленеді: изогамия, гетерогамия, оогамия, коньюгация. Ұрпақтарының изоморфты және гетероморфті алмасуы байқалады.
Жасыл балдырлардың ірі туысы- хламидомонада- (Сhlamydomonas). 320 түрге жақын болады. Хламидомонада талшық суларда, немесе кішілеу көлшіктердің түші суқаймаларының беттері жасыл боялған болады. Хламидомонада бір клеткалы жасыл болдыр. Хламидомонада суда денесінің алдынғы жағынан кететін екі тепе-тен талшығы арқылы қозғалысқа келеді. Суда-еріген оттегімен тыныс алады.
Хламидомонаданың сыртын жұқа мөлдір қабықша қаптап тұрады, оның астында протопласт пен ядро орналасады. Сонымен бірге алдынғы жағынан жарықты онай сезетін кішкентай қызыл көзшесі, іші клетка шырынына толы 1 үлкен және 2 кішентай қозғалғыш (соғатын) вакуолисы болады. Храматофоры аяқ тәрізді. Хламидомонада судан минеральды заттар мен көмірқышқыл газын бойына сініреді. Жарықта хромотофорасында фотосинтез процесінің нәтижесінде қант (одан крахмал) түзіледі және ауағға оттегі бөлініп шығады. Сонымен бірге хламидомонада суда еріген дайын органикалық заттарды сорып қабылдайды. Сондықтанда хламидомонаданы басқа жасыл балдырлармен бірге суды тазартуға арнайы өсіреді. Бұл жерлерде хламидомонада суды зиянды қоспалардан тазартады.
Хламидомонада жыныссыз жолмен бөлінуі арқылы көбейеді. Бөлінер алдында талшықтарын тастап қозғалуын тоқтатады. Аналық клеткадан 2-4-8 клетка босап шығадыда жекелеген особьтарға айналады. Қолайсыз жағдайларда (өттегі жетіспенде, салқында, су қоймасы кепкенде) хламидомонада талшықтарын жастап, сыртына кілегей бөліп шығарады, алайда клетка бөліну арқылы көбеюге қабілеттілігін сақтап қалады. Осы ерекшелігіне байланысты хламидомонаданың пальмеловидтік сатысы қалыптасады. Қолайлы жағдай туумен оның клеткалары ундулиподияларын шығарып қайтадан қозғалғыш хламидомонадаға айналады.
Жыныстық жолмен көбейгенде хламидомонаданың клеткасынан мөлшері жағынан бірдей бірнеше изогаметалар, зооспораға ұқсас гаметалар пайда болады. Зооспораларға қарағанда изогаметалардың мөлшері кішірек, саны көбірек болады. Кейбір хламидомонадаларға гетерогамия немесе оогамия тән. Гаметалар суға шығып екеу-екеуден қосылады да зигота түзіледі. Зигота қалын қабықшамен қапталып қыстап шығады. Көктемде зигота бөлінеді. Нәтижесінде 4 клетка пайда болады. Ундулиподиялар өседі де жас хламидомонада пайда болады. [1,2]
Вольвокс (Volvox) - шар тәрізді колониальды жасыл балдырлар. Вегетативті жағдайда олар өмірінің соңына дейін қозғалғыш болып келеді.
Спирогира (Spirogira) көп клеткалы жіп тәрізді балдыр туысы. Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық - жасыл түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардын қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалын және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спираль тәрізді бұралған, лентаға ұқсас хроматофоры болады. Оның ортанғы бөлігінде бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан пиреноидтары болады. Оларды айнала крахмал дәндері қоршап тұрады. Крахмал дәндері пиреноидтардың айналасында ғана болып қоймай, сонымен бірге хроматофораның барлық жерін тұтас жауып тұрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хара балдырлар бөлімі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Қырықбуын тәрізділер және қырықжапырақ тәрізді бөлімі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Прокариоттар
Көк жасыл балдырлардың мутуалистік типтері
Балдырларға жалпы сипаттама
Пәндер