«Қоршаған ортаның сапасы — қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінін сипаттамасы»


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
«Қоршаған ортаны корғау туралы» заңының 1 бабында «коршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінін сипаттамасы» деп көрсетілген.
Табиғи қоршаған ортаның сапасына экологиялык жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді калпына келтіруді жатқызамыз. Табиғат сапасы табиғаттың өзімен өзін реттеу және өзін зиянды заттардан тазарту арқылы қамтамасыз етіледі. Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципінде құрылған. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келесі циклдегі өнімнің шикізаты ретінде қолданылады. Адам өңдірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған. Аздаған процентте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына кызмет етпей, қалдыққа жіберіледі. Табиғи ортаға адамзат өндірісінің әсері, адмның өзі тұратын ортаның сапасын реттеу туралы көптеген сұрақ қойылады. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық кауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін табиғи ресурстардың толықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететіп қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларың белгілеу мақсатын көздейді. Қоршаған ортаға зиянды әсерді жою және ерекше қорғалатын объектілерді сақтау мақсатында қорғау, санитарлық қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтары белгіленеді.
Санитарлық және қорғаныш аумақтарының нормативтері, олардың мақсаттары мен міндеттерінің сипатымен анықталады. Бұл аумақтар өзара байланысты 2 түрлі функция (кызмет) атқарады - қорғау және сауықтыру.
Осы көзқарас бойынша бұл аймақтардың қатарына санитарлық қорғаныш, санитарлық-корғаныш, сауықтыру, корықтар мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы корғаныстар, үлкен қала айналасындағы жасыл аймақтар, экологиялық апат аймағы, төтенше экологиялық жағдай, Чернобыль апат аймақтары жатады.
1. Қоршаған орта табиғат сапасы
«Қоршаған ортаны корғау туралы» заңының 1 бабында «коршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінін сипаттамасы» деп көрсетілген.
Табиғи қоршаған ортаның сапасына экологиялык жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді калпына келтіруді жатқызамыз. Табиғат сапасы табиғаттың өзімен өзін реттеу және өзін зиянды заттардан тазарту арқылы қамтамасыз етіледі. Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципінде құрылған. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келесі циклдегі өнімнің шикізаты ретінде қолданылады. Адам өңдірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған. Аздаған процентте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына кызмет етпей, қалдыққа жіберіледі. Табиғи ортаға адамзат өндірісінің әсері, адмның өзі тұратын ортаның сапасын реттеу туралы көптеген сұрақ қойылады. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық кауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін табиғи ресурстардың толықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететіп қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларың белгілеу мақсатын көздейді.
Қоршаған табиғи ортаға әсер ету шаралары норма болып табылады. Шекті мөлшердегі норма деп қоршаған табиғи ортаға әсер етудің шекті мөлшердегі нормасын айтамыз.
Әсер ету дегеніміз табиғи ортаға физикалық, химиялық, биологиялық өзгерістер енгізетін адамның экономикалық рекреациялық, мәдени мүдделерін жүзеге асырумен байланысты антропогендік қызмет. Табиғи ортаға теріс әсердің ең көп тараған түрі - қоршаған табиғи ортаны ластау болып табылады.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» занда қоршаған ортаны нормалаудың негізгі міндеттері көрсетілген, олар;
1) қоршаған орта сапасының өлшемдерін белгілеу және оның адам денсаулығына, табиғи ресурстарды корғауға, толықтыруға және ұйымды пайдалануға ықпалын анықтау;
2) қоршаған ортаға зиянды әсердің жол берілетін шекті шамалары мен деңгейлерін белгілеу кіреді.
Қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерін асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетілген нормалармен алмастыруға жол берілмейді.
Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайына байланысыты қатаңдату жағына қарай өзгертуге жол беріледі. Қоршаған орта сапасының бектілген нормативтері барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады, жариялану және және еркін таратылу тиіс. Сонымен қатар, заңда қоршалған орта сапасын нормалаудың негізгі түрлері көрсетілген, олар:
1) қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шеткі мөлшерде шоғырлану нормативтері;
2) қоршаған ортаға ластайтын заттың жол беруге болатын шеткі мөлшерде шығарылуы және тасталу нормативтері;
3) шудың, тербелістің, магнит өрісі мен шеткі деңгейінің нормативтері;
4) радиякциялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;
5) агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шеткі нормалары;
6) қорғау, санитарлық-қорғаныш және де қорғаныш аймақтарының нормативтері.
Ал енді оларға толығымен тоқталайық.
Халқтың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шеткі мөлшерде шоғырлануының нормативтері белгіленеді. Шеткі мөлшерде шоғырлану -ең алдымен санитарлық-гигиенелық нормативтер, себебі оның көрсеткіштерінің негізгі бөлігінің адамның денсаулығына жатады. Зиянды заттардың шеткі мөлшерде шоғырлану нормативтері меншік нысанына қарамастан барлығына бірдей және міндетті. Тиісті аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздері мен көлемдерін ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлан дүниесіне олардың жасайтын кешенді ықпалына жол беруге болатын шекті мөлшерде шығарылу мен тасталу нормативтері белгіленеді.
Зиянды заттардың шеткі мөлшерде шоғырлану нормативтері қоршаған табиғи орта жағдайының экологиялық және санитарлық-гигиеналық бағасын береді, бірақ зиянды әсер ету көздерін көрсетпейді және олардың жүрісін реттейді Бұл қызметті зиянды заттардың шекті мөлшерде шығарылу мен тасталу нормативтері жүзеге асырады.
Зиянды тастаулар мен шығарылулардың қайнар көзі - осы тастаулар мен шығаруларды де өндіретін объект. Бір кәсіпорында бір емес, бірнеше тастаулар мен шығарулардың қайнар көздері болуы мүмкін. Сондықтан, шекті мөлшерде шығаруларды кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бойынша анықтамайды, шығарулар мен тастаулардың кайнар көздері бойынша оларды тізімге алу негізінде анықтайды. Тастаулар дегеніміз тиісті кайнар көздерден атмосфераға белгілі заттардың шығуы шығарулар - су объектілеріне зиянды заттың төгілуі.
Халықтың денсаулығы мен еңбек ету қабілетін сақтау өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, тіршілік үшін қолайлы қоршаған органы қорғау мақсатында шудың, тербелістің магнит өрістері мен өзге де зиянды физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері белгіленеді. Шу, тербеліс, магнит өрісі және басқа да зиянды физикалық
әсерлер адамды қоршаған ортаны акустикалық ластау түпіне жатады. Акустиклық әсер етудің объектісі - ең алдымен адам оның денсаулығы, еңбек ету қабілеті. Қәдімгі шу, басқа да физикалық әсерлер сияқты «өркениетті» өмірмен тығыз байланысты серіктері. Тіпті, бұл әсерлер қандай да бір мөлшерде адамға белгілі бір өмірлік жағдайын сақтау үшін қажет бірақ
белгілі дозада (мөлшерде) . Физикалық әсерлердің шекті мөлшердегі нормаларынан шығып кету, адамның миының жұмыс істеуін төмендетеді, жүйке, жүрек-тамыр және психикалық ауруларға душар болуына алып келеді. Физикалық әсерлердің шектен шығуының салдарынан тек адамдар емес материалдық құндылықтар, өсіадіктер мен жануарлар да зиян шегеді.
Денсаулық сақтау органдары шудың шекті мөлшерін белгілейді. Егер шу әртүрлі дыбыстардың жиынтығы болса, тербеліс қандай да бір механикалық қайнар көзден шығатын күрделі тербеліс процесі. Шу әсерлері сияқты тербеліс те децибилмен өлшенеді. Адам үшін электромагниттік зиянның қайнар көзі радио және телестанциялар, радиолокалдық объектілер және т. б. болып табылады.
Адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетін қауіпті болдырмау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнімдеріндегі радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті денгейінің нормативтері белгіленеді. Радиациялык әсер - радиоактивті заттардан шығатын иондалған сәуле алуы. Кейбір химиялық элементтердің атом ядроларының ыдырауының нәтижесінде радиоактивті заттар активті сәулелендіруге ие болады. Радиоактивті сәуле алу, адамның тірі терісі арқылы өтіп, тірі тері клеткалардың энергиясын сіңіреді және соның салдарынан биохимиялық процестерді бұзады. Биохимиялық процестердің бұзылуы, адам организмінде физикалық химиялык, физиологиялық, ақырында паталогиялық өзгерістерге алып келеді, Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау максатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсімдік қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнімдеріндегі, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берілетін шекті норматйвтерінің сақталуын қамтамасыз ететін мөлшерде колдануға жол берілетін шекті нормалары белгіленеді.
Қоршаған ортаға зиянды әсерді жою және ерекше қорғалатын объектілерді сақтау мақсатында қорғау, санитарлық қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтары белгіленеді.
Санитарлық және қорғаныш аумақтарының нормативтері, олардың мақсаттары мен міндеттерінің сипатымен анықталады. Бұл аумақтар өзара байланысты 2 түрлі функция (кызмет) атқарады - қорғау және сауықтыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz