Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы
І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Бас сүйектілер немесе омыртқалылар 4
1.1 Дөңгелеқ ауыздылар класы 9
1.2 Дөңгелек ауыздылардың систематикасымен экологиясы 11
2 Миногалар (Petromуzonіformes) 13
2.1 Миногалар ішкі және сыртқы құрылысы 19
IIIҚорытынды 25
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Курстық жұмыстың өзектілігі:Омыртқалылар – хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты.Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Дөңгелек ауыздылар — қапжелбезектілер, жақсыздар класына жатады (1-сурет). Денесі жыланбалыққа ұқсас, шырыш шығаратын бездерге бай терісі тақыр. Аузы, шеміршекті шеңбер ұстап тұрған, сорғыш май құйғышқа ұқсайды. Тістері мүйізді. Тілінің қаңқасы болғандықтан, тескіш мүшеге айналған. Миы, омыртқалы жануарлар миына тән, бір—біріне жалғасқан бөлімдерден тұрады. Зәр шығару органы, мезенефриттік бүйректер. Жыныс мүшелері дара және олардың арнайы жыныс түтікшелері жетілмеген. Ұрғашылары шашқан уылдырықтары суда ұрықтанып, дамиды.
Миногалар (Petromуzonіformes) – омыртқалылардыңдөңгелекауыздылар класының отряды. Пішіні миксиналарға ұқсас. Солтүстік және оңтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарындағы теңіздер мен тұщы суларда кездеседі. Бұлардың 7 туысқа жататын 30-дан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 2 туысқа бірігетін 3 түрі бар. Каспий миногасы, Тынық мұхит миногасы және Сібір миногасы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дөңгелек ауыздылар класын зерттеу,миногаларға талдау жасау,олардың ішкі және сыртқы құрылысынталдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Дөңгелек ауыздылар класын зерттеу;
Миногаларға талдау жасау;
Олардың ішкі және сыртқы құрылысынталдау;

1.Махмұтов С.М. Зоология. Алматы, 2006.
2.Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы (ауд. Ш.Ғ.Ибраев, Т.Х.Күлтебаев). Алматы, 1970.
3.Лукин Е.И. Зоология. Агропромиздат. Москва, 1989.
4.Наумов Н.П., Карташов Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1-2. М., 1979.
5.Догель В.А., Полянский Ю.И., Хейсин Е.М. Общая протозоология. М., 1967.
6.Хаусман К. Протозоология. М., 1988.
7. Зоолгия-Омыртқалы жануарлар. С.М.Махмұтов. Алматы,1995 ж.
8. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
9. Омыртқалылар зоологиясы К.Б. Олжабекова 1-кітап, - Алматы Эверо. -2014. – 3-13 б.
10. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық. К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов. -Алматы:Эверо,2011.-400б.
11. Олжабекова.К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім: оқулық К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.
12. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
13. Қазақстан сүтқоректілері. Бекенов А.,Есжанов Б. Алматы, «Ғылым»,1995ж.
14. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
15. Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.

АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы тақырыбында орындалған.
Омыртқалы жануарларға жалпы сипаттама берілді. Дөңгелек ауыздылар класы зерттелді. Миногаларға талдау жасалды. Олардың ішкі және сыртқы құрылысы талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 26 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Бас сүйектілер немесе омыртқалылар
4
1.1 Дөңгелеқ ауыздылар класы
9
1.2 Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы
11
2 Миногалар (Petromуzonіformes)
13
2.1 Миногалар ішкі және сыртқы құрылысы
19
III Қорытынды
25
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Омыртқалылар - хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Дөңгелек ауыздылар -- қапжелбезектілер, жақсыздар класына жатады (1-сурет). Денесі жыланбалыққа ұқсас, шырыш шығаратын бездерге бай терісі тақыр. Аузы, шеміршекті шеңбер ұстап тұрған, сорғыш май құйғышқа ұқсайды. Тістері мүйізді. Тілінің қаңқасы болғандықтан, тескіш мүшеге айналған. Миы, омыртқалы жануарлар миына тән, бір -- біріне жалғасқан бөлімдерден тұрады. Зәр шығару органы, мезенефриттік бүйректер. Жыныс мүшелері дара және олардың арнайы жыныс түтікшелері жетілмеген. Ұрғашылары шашқан уылдырықтары суда ұрықтанып, дамиды.
Миногалар (Petromуzonіformes) - омыртқалылардың дөңгелекауыздылар класының отряды. Пішіні миксиналарға ұқсас. Солтүстік және оңтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарындағы теңіздер мен тұщы суларда кездеседі. Бұлардың 7 туысқа жататын 30-дан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 2 туысқа бірігетін 3 түрі бар. Каспий миногасы, Тынық мұхит миногасы және Сібір миногасы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дөңгелек ауыздылар класын зерттеу, миногаларға талдау жасау, олардың ішкі және сыртқы құрылысын талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Дөңгелек ауыздылар класын зерттеу;
Миногаларға талдау жасау;
Олардың ішкі және сыртқы құрылысын талдау;
1 Бас сүйектілер немесе омыртқалылар
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқа-лылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқа-лылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншашалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппаратының, сүйек скелетінің, жүрегінің және бүйректерінің болуы, омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.
Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata, Cranіata) - хордалы жануарлардың тип тармағы. Қазба қалдықтары ордовик - төменгі силур кезеңдерінен белгілі.[1]
Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар - ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі - хорда, эволюциялық даму процесінің барысында ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда, көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан). Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен. Су Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы - желбезек, ал құрлықтағы Омыртқалыларда қос өкпе болады. Көру, есту, сезім және иіс сезу органдары жақсы дамыған. Жүйке жүйесі ми, жұлын және шеткі жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Зәр шығару органы - қос бүйрек. Омыртқалылардың барлығы да даражыныстылар, жыныс безі екеу, бірақ балықтарда гермафродитизм байқалады. Кейбіреулері жұмыртқа салып, екіншілері ұрпақтарын тірідей туып көбейеді [1].
Омыртқалылардың 40 - 45 мыңдай түрі белгілі. Оларды 7 класқа жіктейді: дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Омыртқалылар жер бетінде кең тараған, оларды әлемдік мұхиттардың түбінен бастап, биік таулы аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден кездестіруге болады. Омыртқалылардың биосферада алатын орны зор, әдетте бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік) тізбекті аяқтайды. Омыртқалылардың адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі көпшілігі жатады. Омыртқалылардың арасында ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын түрлері де жетерлік.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, сезім мү-шелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір-бі-рімен тығыз байланысты дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет ету үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып, желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық скелеттер және аяқ скелеттері пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде, зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі.
Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөңгелек ауыздылар (сусlоstотаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіЬіа), бауырымен жорғалауіііылар (герtilіа)„ құстар (ауез), сүт қоректілер (mаmmаlіа).
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да ба-лықтарды алғашқы жақтылар деп атайды [2].
Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының, эктодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т. б. жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады.
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші -- шеміршекті балықтар; екінші -- сүйекті балықтар
Омыртқалылар - хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Жақ сүйектерінің ұстау тамақтарын ұстау қызметтері - төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың өте жоғары дәрежеде шешілген. Осы қажеттіліктің нәтижесінде денесінде қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу процесі күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да ас қорытатын арнайы бездер - бауыр мен ұйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі. Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқалылар тіршілікке қолайлы жердің бәріне таралады. Эволюцияның барысында омыртқалылар бейімделгіш қабілетін анық көрсетеді [9].
Омыртқалылар силурда, полеозойда белгілі болды, ал юра кезеңінде қазіргі тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлық класы белгілі болады. Қазіргі уақытта омыртқалылардың 43 мың түрі белгілі.
Систематикасы:
Омыртқалылар - Vertebrata немесе бас сүйектiлер - Craniata тип тармағы
Класс үстi - Жақсыздар Agnatha
Дөңгелек ауыздылар класы - Cyclostomata
Балықтар класс үстi - Pisces
Шемiршектi балықтар класы - Chondrichthyes
Сүйектi балықтар класы - Osteichthyes
Класс үстi құрлықтағы омыртқалылар немесе төрт аяқтылар - Tetrapoda
Қос мекендiлер класы - Amphibia
Бауырымен жорғалаушылар класы - Reptilia
Құстар класы - Aves
Сүт қоректiлер класы - Mammalia.
Қазіргі уақытта ғылымға омыртқалы жануарлардың 43 000 түрі белгілі. Олар 6 класқа жіктеледі: Дөңгелек ауыздылар класы; Балықтар класы; Қосмекенділер класы; Бауырымен жорғалаушылар класы; Құстар класы; Сүтқоректілер класы. Қандай да бір тірі жәндік болмасын, қай-қайсысы болса да өз тіршілігінде даму сатыларынан өтіп жетіліп отырады. Омыртқасыз жануарлардың кластарға жіктелуі олардың ерекшеліктеріне байланысты болса, сол ерекшеліктердің қатарында олардың дамуы да елеулі орын алады.
Миногаларда даму түрленіп жүреді. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар бірнеше жыл өмір сүреді (2-5 жыл), сол жылдардың ішінде олар ересек миногаларға айналады. Құмқазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдеріне қарағанда ланцетниктерге ұқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар да тура дамиды.
Шеміршекті балықтардың дамуы әр түрлі жолдармен өтеді. Көпшілігінде сары уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктеріне түсіп, қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екінші бір түрлерінде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзілмей, уылдырық түтіктерінің арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдісін жұмыртқадан тірі туу немесе тірі жұмыртқа туушылық (яйце живорождение) деп айтады.
Кейбір түрлерінде нағыз тірі туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында қоректік заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктерімен жылжы отырып, оның кеңейген жеріне бекініп даму үшін қажетті заттардың барлығын содан алады. Тірі туатын түрелірінің жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолдарында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыстыратын сары уыз плаценттері (желточный мешок) болады [12].
Сүйекті балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездері болады. Жыныс түтікшелерінің құрылысы әр түрлі топтарында түрліше. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық жыныс мүшесінде емес, одан тыс су ішінде болады.
Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бір жерге салады, содан кейін еркегі ішінде шәуеті (спермотозоид) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтіп ұрықтану болады. Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттік) өте сирек кездеседі. Бірақ ат теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болады. Балықтар уылдырықты су ішіндегі өсімдіктерге шашады (сазан, табан, т.б.) - фитофильдік, уылдырығын тасқа шашатындар (бекіре тұқымдасы, албырттар, т.б.) - литофрильдік, суға қалқыған түрінде шашатындар (чехонь, т.б.) - пелагофильді, т.б. балықтар деп аталады.
Уылдырықтар ұрықтанысымен бірте-бірте өзгере отырып дамиды да, одан кейін личинка өсіп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су ішінде болғандықтан гаметалар ұрықтар мен шабақтардың көбі табиғаттың қолайсыз жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өліп қалады. Осыған байланысты сүйекті балықтардың түрді сақтап қалу мақсатында өсімталдылығы (плодовитость) өте жоғары. Мысалы, тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады, шортан - 1 млн, (треске) нәлім және (угорь) жыланбалықтар - 10 млн уылдырық шашады.
Бізде мекендейтін балықтардың уылдырықтары (егер суы жылы болса) көктем мен жазда 8-9 күнде дамиды, ал күз бен қыста уылдырық шашса албырт (лосось), лаха (калин), т.б. дамуы көктемге дейін созылады. Уылдырықтарды завод жағдайында қолдан да ұрықтандыруға болады. Ол үшін аздаған су қосып уылдырықты балықтыі тұқымымен араластыру қажет, содан кейін ұрықтанған м белгілі бір қолайлы жағдайда шабаққа дейін дамиды. Шабақтар өөз бетімен қоректене алатын халге жеькенде оларды арнайы су қоймаларына жібереді. Қазіргі уақытта осындай әдіспен кәсіптік маңызы бар балықтардың санын қалпына келтіруде кең қолданылуда.
Қосмекенділердің сумен байланыстылығы көбею кезінде өте айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы да суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де біріне-бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады. Екі үш аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы - итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені оның әлі аузы болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді.
Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртына көрінбейді. Сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу қызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды [7].
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бітеле бастайды, мұнымен бір мезгілде өкпелері дамиды (ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші шеңбері түзіледі. Перде жүрек құлақшасын екі жартыға бөледі, енді жүрек үш бөлімнен тұрады. Аяқтары өсіп жетіледі. Итшабақ аяқтарының көмегімен бақаша жүзе бастайджы. Құйрығы барған сайын кішірейе береді. Ақыр соңында, өте кішкентай бақалар жағаға жорғалап шығады. Құйрығының қалдығы біраздан кейін ол да жоғалады.
Итшабақ кішкентай бақаға айналады. Ол кезінде шөптектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді. Итшабақтың дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға соызылады. Өмір сүру ұзақтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайсыз жағдайларынан уылдырықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетінін айту керек. Табиғатта олар көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы, құрбақа - 20 жыл, бақа - 10 жыл тіршілік етеді.
Баурымен жорғаушылар тура дамиды. Оларда личинка болмайды. Кейбір түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек мұндай түрлер үшін (жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқадан тірі туу тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда, солтүстік суық жерлерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында кең тараған (медянка, тірі туатын кесіртке, тибетская круглоголовка, теңіз жыландар, т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көпшілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де (кроркодилдер, көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салуы мен оның дамуы тек қана құрлықта өтеді.
Құстар шағылысқаннан кейінгі ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана құстың ішінде басталып, сыртқа шыққаннан кейін де дами береді. Барлық құстар жұмыртқа басады, демек денесінің жылуымен оларды жылытады. Әдетте жұмыртқаны ұрғашы басады, кейде екеуі де (еркегі және ұрғашысы) немесе еркегі ғана басады. Эмбриондардың даму ұзақтығы әр құстың түрінде түрліше. Мысалы, тауықта - 21 күн, құстың үлкені түйеқұста - 55-60 күн, ал ең кішкентай құс колибриде - 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрізді құстардың жұмыртқаларының даму мерзімі - 9-14 күн, қарғалардікі - 17-20 күнде, бүркіттігі - 44 күнде, кекіліктер - 21 күнде, қырғауыл - 21-25 күнде, жабайы үйректер - 24-28 күнде балапан шығарады.
Құстар қағанақтыларға (амниота) жатады, сондықтан ұрықтың қабығы болады, демек, амнион сироз және аллантоис. Ұрықта өкпе пайда болған кезде аллантоис керек болмай кеуіп қалады. Дамып жетілгшен балапан ерекше тұмсығындағы өскін жұмыртқа тіспен жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі әр түрлі болады. Осыған сәйкес үлпілдек жүнді, ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапандар жұмыртқадан шыққанда көзі ашық, денесі мамықпен жабылған, өзі жүріп жемді тауып жей береді. Құстардың бұл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін тауық тәрізділер, дуадақтар, қаз тәрізділер жатады [15].
Әлсіз қызылшақа балапандар жұмыртқадан шыққанда жалаңаш, көзі жұмулы, әлсіз болады. Сондықтан біраз уақыт ата-аналары ғана қоректенеді. Балапандары әлсіз құстарға торғайтәрізділер, тоқылдақтар, сұрқарлығаштар, көгершщіндер, көкқарғалар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштар да әлсіз қызылшақа балапан шығарады. Бірақ ат бұларда біршама жетіліп, көзі ашық болып туады. Олар ұяларын ағаш басына, жерден биік жерлерге салады.
Сүтқоректілерде ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықт ы ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулері соқыр және жәрдемсіз болып туылады. Барлық жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда сан жағынан аз бала табады.
1.1 Дөңгелеқ ауыздылар класы
Дөңгелек ауыздылар -- қапжелбезектілер, жақсыздар класына жатады (1-сурет). Денесі жыланбалыққа ұқсас, шырыш шығаратын бездерге бай терісі тақыр. Аузы, шеміршекті шеңбер ұстап тұрған, сорғыш май құйғышқа ұқсайды. Тістері мүйізді. Тілінің қаңқасы болғандықтан, тескіш мүшеге айналған. Миы, омыртқалы жануарлар миына тән, бір -- біріне жалғасқан бөлімдерден тұрады. Зәр шығару органы, мезенефриттік бүйректер. Жыныс мүшелері дара және олардың арнайы жыныс түтікшелері жетілмеген. Ұрғашылары шашқан уылдырықтары суда ұрықтанып, дамиды. Д.а., жыртқыштар және балықтар эктопаразиттері. 2 отряды бар: тілтістер және біртанаулар.
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен, тіршілік әрекетіне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады.
1-сурет. Дөңгелек ауыздылар
Дөңгелек ауыздылардың аяктары мен жактары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронка-ларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады [3].
Дөңгелек ауыздылар аздап балыққа ұқсайтын осы кезде тiршiлiк ететiн омыртқалылардың iшiндегi өте қарапайым құрылысты жануарлар. Олар теңiздерде және басқа да суларда тiршiлiк етедi. Дөңгелек ауыздылар жартылай немесе толық паразиттiк тiршiлiк жағдайына бейiмделген. Миногалар балыққа жабысып, олардың қанын сорады, кейде тiптi етiн жейдi. Ал миксин болса жабысқан жануарлардың денесiнiң iшiне кiрiп кетiп, етiнде, iшкi мүшелерiн де жейдi. Паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесiгi болады. Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Иiс капсуласы бiреу, ол бiр ғана танау тесiгi арқылы сыртқа ашылады. Олардың мүйiздi тiстерi болады, терiсi жалаңаш. Балыққа тек сырт көрiнiсi ғана ұқсас, ал дөңгелек ауыздылар омыртқалылардың жеке өз бетiнше дамыған тарауы. Қазiргi уақытта сандары өте аз бiр ғана отряд қалған. Өзен мен тұщы суларда тiршiлiк ететiн миногалар (30 түрi бар) және мұхиттар мен теңiздерде тiршiлiк ететiн миксиналар (20 түрi бар.)
Бұлар омыртқалылар арасындағы ең қарапайым жануарлар. Қабыршақсыз денесі жылантәрізді болып келген. Терісі шырыш безін көп мөлшерде бөлетіндіктен денесінің сырты өте кілегейлі болады. Жақсүйектері болмайды. Ауызы, мүйізделінген тістері бар сорғыш воронкамен қоршалған. Бұрғы тәрізді қарулы тілінде де тістері болады. Иіс сезу тесігі тақ санды. Ішкі кұлақтарында бір немсе екі жартышеңберлі каналы бар. Жаратылысы эктодермальді желбезектері қалта тәрізді болып келген.
Дөңгелек ауыздылар: Миксиндер - Mycsini және Миногалар - Petromyones болып екі класасты тармағына бөлінеді.

Қазіргі тіршілік ететін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді.
Миногалар
1-отряд. Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген.
2-отряд. Миксиндер
Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеледі. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір орган-дары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тірші-лікке икемделіп маманданған.
Миксиндердің арқа қанаттары болмайды, нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды. Құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұс-қасы бар.
Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілі-нің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде жел-безектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмай, желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әр-бір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мұндай ерекше құрылыста болуы, балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тыныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жүтқыншақпен байланы-сады да, ылайға көміліп, тұмсығы ғана шығып жатқан организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5 -- 45-ке жетеді [10].
Миксиндер қос жынысты организмдер. Жүмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларыйың сыртын мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады 'да сонымен к,атар ұшы ілмекті жіпше-лері болады. Миксиндер 20 -- 30 жұмыртқа, ал миногалар 20 -- 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.
Миксиндер -- Атлантика, Тынық және Индня мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20 -- 50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500 -- 1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады (5-сурет).
2 - сурет. Миксин
Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері арқылы іші-не кіріп, олардың терісі меи скелеттерінен басқасының барлы--ғын жеп қоректенеді. Көбінесе ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді. Миксиндердің кәсіптік маңызы жоқ.
Миксиндер - паразит жануарлар (арамтамақ). Негізгі қорегі балықтар. Олар ірі балықтардың денесіне сорғыш ауызымен жабысып бұранда тәрізді тілімен балықтың денесін тесіп, ішкі ағзалары мен бұлшық еттерін ауыз қуысындағы ферменттермен ыдыратып қоректенеді. Терісінде орналасқан шырышты бездері сөлді мол бөліп денесінің сыртын шырыштандырып тұрады. Миксиндердің иіс сезу және сезім мүшелері өте жақсы дамыған, ал көздері болса шала дамыған, тіпті соқыр деседе болады.
Қантамырлар жүйесі. Олардың тамырлар жүйесі балықтарға қарағанда ерекше құрылған. Миксиндердің, қанды желебезек арқылы жүргізетін негізгі жүрегімен (желбезек жүрегі) қатар венозды қанды айналдырып тұруға арналған қосымша үш жүрегі болады. Аталған жүректер миксиннің бас және құйрық бөлігінде орналсқан [13].
Білік қаңқасы желіден (хордадан) немесе нотохордадан жаралған. Миксиндер жыныс бездерінің меншікті өзектері (каналдары) болмайды. Пісіп жетілген жыныс жасушалары тікелей дене қуысына шығарылып одан әрі клоакаға өтеді.
Ұрықтануы сырттай. Жұмыртқаларының сырт пішіні ұзындығы шамамен 20-25 мм болатын ұзыншақ-элипс тәрізді болып келеді. Ұрықтарын шашып болған миксиндер миногаларға қарағанда өлмейді. Сөйтіп олар өмірінің соңына дейін бірнеше рет ұрық шашады. Ұрықтық даму метаморфозасыз өтеді. Мүйізді капсуланың ішінде орналасқан жұмыртқадан жарылып шыққан личинкасы біраз уақыттан соң ересек миксиндерге ұқсап өз бетінше өмір сүріп кетеді. Иіс сезу тесігі мен ауызының маңында екі жұп мұртшалары болады. Екі жағында 1 ден 15 ке дейін желбзек тесіктері болады. Олар тері арқылы да жақсы тыныс алады. Миксиндер денесінің екі бүйрінде ұзынабойы шырыш өндіріп бөлетін бездері орналасқан. Миксиндер бездерінің бір қасиеті, шырышты бездің көп көлемде бөлінетіні соншалықты, аз уақыттың ішінде суды шырыштандырып лайланған су тез арада тұндырылып тазарадыда олардың тыныс алуына жол ашылады.
Миксиндер түнгі жануарлар. Күндіз олар су табанындағы қара батпаққа көміліп тек басы ғана сыртқа шығып жатады. Ал түнде өзіне қоректік олжа іздеп жорыққа шығады. Негізгі қоректік азықтары: полихеттер, бентосты омырқасыздар, баяу жүзетін немесе өлі балықтар. Балықтарға тап беріп шабуыл жасап еріндеріндегі және тіліндегі өткір тістерімен терісі мен етін жұлмалап жұлып өзі ұзын денесін түйіндеп олжасының денесінің ішіне кіріп алдымен ішкі мүшелерін содан соң еттерін бұрғылап жей бастайды.
Миксиндер негізінен солтүстік және оңтүстк жарты шардың субтропикалық суларында кең тараған. Қазіргі заманда миксиндер класастында бір ғана отряд (Миксинтәрізділер -Myxiniformes) және бір тұқымдас (Mиксиндер - Myxinidae) бар. Миксиндердің төрт туысының бар екені анықталған. Олар: кәдімгі миксиндер (Myxine), жіңішке денелі миксиндер (Nemamixine), сүлікауызды миксиндер (Eptatretus. Bdelastoma) және парамиксиндер (Paramixine).
Миксин тұқымдастардың 10 түрі бар. Миксиндер, Атлант мұхитының Америка және Европа, Оңтүстік Африка жағалаулары, Тынық мұхитының Жапония жағалаулары, Панама шығанағы, Чили және Жаңа Зеландия жағалауларының 1335 м тереңдігіне тіршілік етеді.
Әдетте, миксиндер теңіздердің 100-500 м тереңдігінде тіршілік етеді. Кәдімгі миксиндердің дене тұрқы онша ірі болмайды орташа. Негізінен денелерінің ұзындығы 36-40 см. шамасында, ал кейбір ірі дарақтарының ұзындығы 79 см -ге дейін жетеді. Денесінің түсі қызғылт, сұр-қызыл болып келген. Тәуіліктің көп бөлігінде су табанында көміліп жатады. Азықтануға түнгі уақытта шығады. Негізгі қоректері -жуас, әлсіз балықтар. Ұстаған олжасы қарсыласқан жағдайда олар, балықтың желбезек қақапағының астыныа кіріп желебезекке шырыш бөліп шашады. Желбезегі шырыштанған балық тыныс ала алмай тұншығып өледі де миксиннің олжасы болады [5].
Денсінің ұзындығы 25-28 см жеткенде миксиндер жыныстық қабілетке жетеді. Ұрғашылыры судың тереңдігі 90-270 м болатын табанына 12 ден 30-ға дейін жұмыртқа салады. Миксиндер көбею кезінде қоректенбейді
2 Миногалар (Petromуzonіformes)
Миногалар (Petromуzonіformes) - омыртқалылардың дөңгелекауыздылар класының отряды. Пішіні миксиналарға ұқсас. Солтүстік және оңтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарындағы теңіздер мен тұщы суларда кездеседі. Бұлардың 7 туысқа жататын 30-дан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 2 туысқа бірігетін 3 түрі бар. Каспий миногасы, Тынық мұхит миногасы және Сібір миногасы. Миногаларлардың ұзындығы 15 - 100 см-дей. Жұп жүзбе қанаттары болмайды. Арқа қанаты - біреу (кейде 2). Аузы түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақпен көмкерілген. Тілінде мүйізденген "тісшелері" болады. Басының екі бүйірінде желбезек қапшығына ашылатын 7 жұп саңылауы бар. Жалғыз танау тесігі басының үстінде орналасқан. Көздері жақсы жетілген, танау тесігінің артқы жағында - жетілмеген 3-көзі болады. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі - бауыры ішекпен тек дернәсіл кезінде жалғасады. Түрленуден кейін бұл байланыс үзіледі де, ішкі секреция қызметін ғана атқарады. '
3 - сурет. Минога
Миногалар түрлену арқылы дамиды. Жалғыз жыныс безі болады. Уылдырығын (0,8 - 200 мыңға дейін) өзеннің ағысы қатты жерлеріне ін қазып соған салады. Уылдырығын шашқаннан кейін ересектері тіршілігін жояды. Миногалардың дернәсілдері құмқазғыш деп аталады. Олар өзенде 3 - 4 жылдай болады, әрі ересектеріне мүлдем ұқсамайды, сондықтан оларды 19 ғасырдың ортасына дейін жеке туыс деп қарастырып келді. 'Миногалар 5 - 6 жылдай тіршілік етеді. Ересек Миногалар - балықтардың паразиті, араларында жыртқыш түрлері де бар. Бұлар балық шауашығына үлкен зиян келтіреді. Миногалардың еті дәмді және майлы болады, сондықтан кәсіптік нысан ретінде ауланады [6].
Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамай-тын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасы-нан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Ар-наулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалары жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz