«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Өсімдіктер жүйесі 4
1.1 Өсімдіктерді жіктеу 6
2 Раушангүлділерге сипаттама 10
2.1 Раушангүлділердің тозаңдануы 16
2.2 Раушангүлдердiң табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы 17
2.3 Раушангүлділер өкілі . итмұрын 17
III Қорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам ерте кезден-ақ кейбір өсімдіктердің жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдіктер түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды.
Қазір жер бетінде 500 мыңдай өсімдіктің түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген.
Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға, ұқсас қатарларды – класқа, кластарды бөлімге біріктіреді.
Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен сыртқы ортада бірігіп өсудің нәтижесінде бірте-бірте пайда болған.
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер (2-сурет). Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өсімдіктер жүйесіне жалпы сипаттама беру, оларды кластарға жіктеу, раушангүлділерге талдау жасау, раушангүлділер өкілін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Өсімдіктер жүйесіне жалпы сипаттама беру;
Раушангүлділерге талдау жасау;
Раушангүлділер өкілін зерттеу;

1. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.
2. Жатканбаев Ж. Биология, өсімдіктер систематикасы, экологиясы. т.1
3. Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1-бөлім Архегониальды өсімдіктер Алматы Қазақ университеті 2000ж.
4. Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Растения Казахстана, И. Наука, Алма-Ата, - 1977.23- б.
5. Байтенов М.С. «Флора Казахстана» том І, «Ғылым», Алматы, 1999.56-б
6. Байтенов М.С. «Флора Казахстана» том ІІ, «Ғылым», Алматы, 2001 г.75-б
7. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А. Г., Серебрякова Т.И. «Ботаника (Анатомия и морфология растений)», Москва «Просвещение», 1978 г.17-б
8. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. – «Алматыкітап» ААҚ, 2004, - 176 б.
9. Дәріқұлов Н.Т. Ботаника. Өсімдіктер жүйесінің практикалық курсы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003,320-бет.
10. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника: Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
11. Буш Н.А. Систематика высших растений М.1959.
12. Еленевский А. Г. и др. Ботаника: Систематика высших, или наземных,растений:Учебник для пед.вузов.-3-е изд.,испр. и доп.-М.:Академия,2004.-432с.
13. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника: Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.
14. Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. – Минск: Новое издание, 2002.
15. Старостенкова М.М., Лысогор А.И. Практические работы по систематике растений. - М., 1981.

АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама
тақырыбында орындалған.
Өсімдіктер жүйесіне жалпы сипаттама берілді. Оларды кластарға жіктелді.
Раушангүлділерге талдау жасалды. Раушангүлділер өкілі зерттелді.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 5 суреттен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Өсімдіктер жүйесі 4
1.1 Өсімдіктерді жіктеу 6
2 Раушангүлділерге сипаттама 10
2.1 Раушангүлділердің тозаңдануы 16
2.2 Раушангүлдердiң табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы 17
2.3 Раушангүлділер өкілі – итмұрын 17
III Қорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам ерте кезден-ақ кейбір өсімдіктердің
жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан
өсімдіктер түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды.
Қазір жер бетінде 500 мыңдай өсімдіктің түрі бар. Олар туыстық
белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген.
Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі
ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін
– туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға,
ұқсас қатарларды – класқа, кластарды бөлімге біріктіреді.
Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы,
бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер,
туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға
бейімделудің, басқа өсімдіктермен сыртқы ортада бірігіп өсудің нәтижесінде
бірте-бірте пайда болған.
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш
тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер (2-сурет). Жер шарында кең таралған,
негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі
белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек
кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл
кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің
жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы
жапырақшалары болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өсімдіктер жүйесіне жалпы сипаттама беру,
оларды кластарға жіктеу, раушангүлділерге талдау жасау, раушангүлділер
өкілін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Өсімдіктер жүйесіне жалпы сипаттама беру;
– Раушангүлділерге талдау жасау;
– Раушангүлділер өкілін зерттеу;
1 Өсімдіктер жүйесі
Өсімдіктер (лат. Plantae) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі
топтың бірі (біріншісі - жануарлар) (1-сурет). Құрлықтың барлық жерінде
өседі, суда кездесетін түрлері де бар.
Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені
- гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі
бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады.
Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін
өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-
ға жуық түрі бар.
1 – сурет. Өсімдіктер әлемі
Топтары
20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар,
балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы
өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер,
қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не
жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен
саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім
бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:
• қызыл балдырлар
• нағыз балдырлар
• ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары
немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы
өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады
[1].
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс
беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір
тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.
Өсімдіктер жамылғысы
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін
ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты
жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы
болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек
ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің
жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан
солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз
кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте
қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі
секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып
келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно),
тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан
оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және
биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті
өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың
(континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай
қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды [14].
Қоршаған ортамен байланысы
Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен
тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен
— энергияны, ал топырақтан — су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қьшқыл
газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен
судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады.
Осылардың барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің үлкен (жоғары)
болғанғындығын қажет етеді. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің
вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен
көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде
жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік
ортасының өзгеруіне тез және ерекше назіктікпен жауап беруінің өзі осыған
байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының
барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын
биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі. Бұл
бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын
өзгертеді.
Қоршаған ортаға бейімделушілігі
Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер
қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпі белдеулері,
тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің
тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін
(трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің
ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық
құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т.б.) ағаштар мен бұталардың жатаған
аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай
жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады. Өсімдіктердің
структурасы мен физиологиялық қасиеттерінің өзгеруін Памирдің теңіз
деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-жақты
зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық құрылысының
өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де
консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың
жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары
болады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың
жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-
қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін
ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при
интродукции1) байқалатын құбылыс. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер
(теңіз қышасы-горчица морская ; шөптесін бұзаубас сораң-солерос
травянистый) құрамында тұзы жоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін
өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін
(суккуленттігін) жоғалтады [7,12].
Таралу жолдары
Өсімдіктер жер шарына кең таралған. Олардың құрғақшылыққа төзімді
вегетативті органдары бар және қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімді.
Олар жәндіктер арқылы тозаңданып, тұқымдары мен жемістері жануарлар арқылы
таралады.
Маңызы
Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен
қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-
жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді
формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын
жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды,
көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.
1.1 Өсімдіктерді жіктеу
Өсімдіктерді жіктеу немесе Синтаксономия — шартты түрде туыстық
белгілеріне сәйкес өсімдіктерді топтастырылып, жүйелеу әдістерді және
синтаксономиялық иерархиясының субординациясын зеттейтін Геоботаника
бөлімі.
Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Қазір жер бетінде 500 мыңдай,
Қазақстанда 5600-дей өсімдік түрі бар. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі
ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Олар туыстық белгілеріне
сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін - туысқа,
ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, ұқсас
қатарларды - класқа, кластарды - бөлімге біріктіреді.
Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бар. Мысалы,

туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әртүрлі сыртқы ортаға
бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте-бірте
пайда болған.
Жүйенің ең кіші бірлігі - түр. Түр туралы ұғым олардың біріне-бірінің
ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына
байланысты қалыптасқан.
Өсімдіктерді жіктеу. Адам ерте кезден-ақ кейбір өсімдіктердің жемістерін,
тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдіктер түрлерін
ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды.
Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі. Олар: 1. Барлық
белгілерінің ұқсас болуы; 2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы; 3. Таралу
аймағының ортақ болуы [8,9].
Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер болып
үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар, қыналар
жатады. Олардың біреулерінің құрылысы қарапайым әрі бір жасушадан тұрады.
Басқа біреулері көпжасушалы болғанымен, олардың сабағы мен жапырағы
болмайды. Бұлардың спора түзетін спорангий (қалтасы) және жыныс мүшелері
бір жасушадан пайда болған.
Құрлық жер шары бетiнiң 30 % жуығын алып жатыр, қалған бөлiгi теңiздер
мен мұхиттар.
Өзен, көл және теңiз суларында өсiмдiктер көптеп кездеседi. Ұсақ жасыл
өсiмдiктер суда қалқып жүредi, кейбiр тұтасып өскендерi су түбiн жауып
жатыр, осы өсiмдiктердiң көпшiлiгi балдырлар деп аталады, олар кәдiмгi
гүлдi өсiмдiктерден ерекше. Балдырлар негiзiнен су өсiмдiктерi , дегенмен
кейбiреулерi жер бетiнде кездеседi : топырақта, ағаш дiңiнде т.б.
Альгология (немесе фикология) балдырлар жөнiндегi ғылым. Бүкiл жер бетiне
таралған олар, фотоавтотрофты ағзалар ретiнде табиғат тiршiлiгiнде орасан
зор рол атқарады. Суда олар органикалық заттар жасаушы (түзушi) ретiнде
болғандықтан – қорек тiзбегiнiң алғашқы буыны. Келесi бiр үлкен маңызы
балдырлар судағы жануарлар мен өсiмдiктер үшiн фотосинтез кезiнде суға
оттегiн бөледi. Оларда көбiнесе хлорофилден басқа да пигменттер болады.
Сондықтан олар сарғыш, қоңыр, қызыл түстi де болады. Әрине, жасыл балдырлар
да көп.
Үлкен су қоймалары түбiнде өсетiн балдырлар – жасыл түстi жiңiшке жiп
тәрiздi. Балдырлардың тамыры болмайды, сондықтан олар су түбiне кiшкене
өсiндiлерi – ризоидтары арқылы бекiнедi. Олардың өткiзгiш түтiктерi бар
сабақтары , жапырақтары, гүлдерi , жемiстерi мен тұқымдары болмайды. Мықты
сүрегi, тiн талшықтары жоқ балдырларды су демеп ұстап тұрады. Судың
қозғалысы мен балдырлар тербелiп тұрады (2-сурет).
2 – сурет. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Жүйелiлiк (систематика) жағынан балдырлар 10 бөлiмге бөлiнедi. Оларды
шығу тегi, түр-түсi, жасуша құрылысы бойынша топтастырады. Бiз тек үш
бөлiмнiң өкiлдерiмен танысамыз – жасыл балдырлар , қоныр балдырлар және
қызыл балдырлар. [1]
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы болады. Жыныстық
мүшелері көпжасушалы. Оларға мүктер, плаундар, қырықбуындар,
қырықжапырақтектестер, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер жатады. Жоғары
сатыдағы өсімдіктердің кейбір топтары, мысалы, мүк, қырықбуын, плаун,
қырықжапырақтектестер споралар арқылы көбейеді. Ашық және жабық тұқымды
өсімдіктер тұқымдары арқылы көбейеді. Тұқымды өсімдіктерде тұқымның қалың
қабығы, ұрығы және қоректік заттардың қоры болады. Сондықтан сыртқы ортаның
қолайсыз жағдайына төзімді. Тұқым қолайлы жағдай туғанша, топырақта өнбей
жата береді.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға – тамырға,
сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген
ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде
спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады.
Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра
тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен – кеңейген түп жағынан және жоғарғы
жіңішке мойнынан тұрады. Археогенийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы
жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде кезде
жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып
келеді, оның ішінде көптеген спермотозоидтар пайда болады. Жалаңаш
тұқымдылардың тек антиридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық
тұқымдылардың антиридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған.
Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы
өсімдіктер архегониялы (Archegoniata) және пестикті (Gynoeciatae) болып екі
топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7
бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі
жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол
дегеніміз спорофитті бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде
ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор
жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3n) есебінен жетіледі. [1,2]
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (лат. Embryophyta) - күрделі
дифференциалданған көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген.
Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе
құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сабақ және жапырақтан
тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабакты өсімдіктер деп атайды-
(Cormophyta).
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен
көбейеді - жынысты - (гаметофит) және жыныссыз - (спорофит). Жыныс
мүшелерінің: аталығы - антеридий - аналығы - архегоний -әрқашан
көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:
ринифиттер
сарыбауырлылар
плаун тәрізділер
псилотәрізділер
қырықбуындар
папоротниктер
жалаңаш
жабықтұқымдылар жатады.
Балдыр тәрізді ұрпақ- силурий дәуірінің аяғынан басталды.
Палеонтологияда: бүкіл өсімдіктер әлемінің екі үлкен тобының бірі; екінші
топ төмен сатылы өсімдіктер деп аталады.
Жоғары сатылы өсімдіктердің төмен сатылы өсімдіктерден айырмашылығы бұлар
жақсы жетілген үш бөліктен тұрады, олар - өсімдіктің тамыры, сабағы,
жапырағы.
Жоғары сатылы өсімдіктер бірнеше типтерге жіктеледі, олар — мүкке
ұқсайтындар, псилофиттер, плаун тәрізділер, желісабақтылар, папаротник
тәрізділер.
Папаротник тәрізділер, өз кезегінде, үш класқа жікгеледі, олар —
папоротниктер (тұқымсыздар),
ашық тұқымдылар,
жабық тұқымдылар. [1]
Жер бетінде өте кең тараған өсімдіктер тобына жабық тұқымды өсімдіктер
жатады. Тұқымының, сабағының, жапырағының және тамырының құрылысына қарай
жабық тұқымды өсімдіктер (немесе гүлді өсімдіктер) бөлімі қосжарнақтылар
және даражарнақтылар болып екі класқа бөлінеді. Қосжарнақтылар класына
жататын өсімдіктердің тұқымында тұқым жарнағы екеу, ал даражарнақтылар
класына жататын өсімдіктердің тұқымында тұқым жарнағы біреу болады. Әрбір
класс бірнеше қатарды біріктіреді. Әр қатарға бірнеше тұқымдастар жатады.
Тұқымдастар туыстар мен түрлерді біріктіреді. Мысалы, кәдімгі картоп –
түйнекті алқа түріне, алқа туысына, алқагүлділер тұқымдасына, түтікгүлділер
қатарына, қосжарнақтылар класына, жабық тұқымды өсімдіктер бөліміне жататын
өкіл.
Пияз – екпе жуа түріне, жуа туысына, жуалар тұқымдасына, лалагүлділер
қатарына, даражарнақтылар класына, жабық тұқымды өсімдіктер бөлімінің
өкілі.
Қазақстанда 5 600-дей өсімдік түрі бар. Олардың бәрінің де өсімдіктер
жүйесіндегі өз орны анықталған.
2 Раушангүлділерге сипаттама

жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не
топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы
көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер
арқылы тозаңданады [4,6].
2 – сурет. Раушангүлділер
Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз
(кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне
қажетті ерекше ұлпа болмайды) (3-сурет). Раушангүл тұқымдасының көбі
пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік,
шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат,
т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және
дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа
пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ғылым
академиясының Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл
тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең
бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті);
“Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош
иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек”
(биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ
түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста
үсімейді), т.б.
3 – сурет. Қызыл алма
Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі.
Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар
және т. б. Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер. Шыршай, теңгежапырақ,
қойбүлдірген- көпжылдық шөптекті өсімдіктер.
Сабағы
Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері
болады. Тікенексіз түрлері де өте көп.
Жапырағы
Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары:
алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында болады. Күрделі
жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді
күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан
және т. б. Кездеседі [3].
Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты,
қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара жыныстылары
(біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердің дентинніңгүлшоғырлары алуан
түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден
тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар.
Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып
шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп
(таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер
тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.
Таралуы
Раушан гүлдер Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде өседі.
Раушангүлдердің көп түрлері Азияда өседі, оларды Солтүстік Америкада,
Еуропада және Африканың солтүстік-батысында кездестіруге болады.
Түрлері
Аталық мүше:
1. Аталық-гүлдің аталық мүшесі. Өсімдіктің бұл бөлігі тозаң өндіреді.
2. Тозаңқап- бұл бөлікте тозаң жинақталады.
3. Аталық жіпше- шаш қылшығына ұқсайтын жіңішке талшық.
Аналық мүше:
1. Аналық-гүлдің аналық мүшесі
2. Мойынша-тозаңдық дәндер түсіп, ұрықтанады.
3. Бағанша- мойынша орналасқан ұзын сабақ.
4. Түйін- гүлдің бұл бөлігінде тұқымдар мен тұқымбүршік болады.
5. Тұқымбүршік- түйіннің тұқымға айналатын бөлігі.
Пайдалануы
Раушангүлдер көп мақсаттарда қолданылады:
1. Раушангүлдің суы теріні ылғандандыру мен жұмсартуда,сондай-ақ терінің
тітіркенуінде қолданылады.
2. Раушангүл суы көз ауырғанда оны жуу үшін қолданылады.
3. Ароматерапияда қолданылатын раушангүл суы денсаулыққа пайдалы
4. Итмұрын жемістерінен табиғи дәмі бар шай әзірлеуге болады
5. Итмұрын жемістері С, А, В3, Д және Е дәрумендерінің көзі болып
табылады.
Жемісі
Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай,
теңгежапырақ), шырынды жемісті (алма, шие) және т. б. Мойылдың, шиенің
жемістері - сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді.
Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен қарама сүйекті ұсақ жемісшелерден
түзіледі. Құлпынай мен итмұрын жемістері қарама (көп)жаңғақшалы құрғақ
жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында
эндосперм болмайды, кей түрінде эндоспермнің қалдығы байқалады. Итмұрын
гүлінің формуласы - Т(5)К5А6Ж6. Жабайы алхоры (терн) гүлінің формуласы:
Т(5)К5А20Ж1. Раушангүлділердің жабайы (тікенгүл, итмұрын, шетен) және
мәдени түрлері де (алмұрт, шие) бар. Алма, шабдалы, өрік, беже ағаштары
өздеріңе де таныс болар. Аула сәнін келтіретін раушан - нағыз сәндік гүл
[10].
Раушан
Раушан - жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар
өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен.
Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтар күлтеге
айналдырылды. Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Қазіргі деректер
бойынша раушанның 25000 іріктемесі шығарылыпты. Раушан гүлінің күлтесінен
май алынатынын естіген боларсыңдар. Раушан майы - өте бағалы май, хош иісті
заттар алуға пайдаланылады.
Раушан – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің,
сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып
келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да,
мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ десек, артық емес.
Ежелгі Иран халқында осы гүлдің көркемдігі туралы жүздеген томды кітаптар
жазылған. Еңбектегі Иран халқының ақындарының айтуынша, раушан Тәңірдің
тарту еткен сыйы екен. Күндердің күнінде Флора патшалығының балалары
Құдайдан өздеріне қашанда ұйқыда жүріп, билеушіге тән міндеттерін есінен
шығарып ала беретін Лотостан басқа патша тағайындап беруін жалынып сұрайды.
Мейірімді Аллаһ Тағала өтініштеріне құлақ асып, оларға өткір тікенді,
періштедей пәк ақ раушанды жібереді.Раушан гүлінің тарихы жер бетінде
адамзат баласы пайда болмай тұрғанда, яғни осыдан 25 миллион жыл бұрын
басталатындығына көптеген ғалымдардың еңбектеріндегі деректер дәлел бола
алады.Раушан туралы қолжазбалардағы ең көне деректер Тигр мен
Ефрат өзендерінің арасында орын тепкен Ура қаласындағы патша моласынан
табылған (осыдан 5000 жыл бұрын).Конфуцийдің еңбектеріне сүйенер
болсақ, ежелгі Қытайдың патшалық кітапханасында раушан туралы 600 кітап
болған екен. Және сол кездің өзінде қытайлықтар раушан майын дайындау
тәсілін жетік білген. Б.з.д. 372-287 жылдары өмір сүрген Теофраст раушан
гүлдің жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып берген. Ал, көненің көзі
саналатын Алтай қорғандарынан (б.з.д. V – IV ғ.ғ.) раушандар бейнеленген
күміс тиындар табылған.

және т.б. Раушан, итмұрын – бұталы өсімдіктер. Шыршай, байғұт, қойбүлдірген
– көпжылдық шөптекті өсімдіктер

Раушангүлдiлер тұкымдасында 115 туыс, 3000-дай түр бар. Оларға ағаштар,
бұталар жөне шөптесiн өсiмдiктер жатады. Бұл тұқымдастың гүлдерiнiң,
гүлшоғырларының, жемiстерiнiң және жапырақтарының құрылысы алуан түрлi.
Раушангүлдiлерде бөбешiк жапырақтар болады. Бұл әсiресе шөптесiн түрлерiне
тән. Тұқымдастың гүлдерi дұрыс гүл болып табылады. Раушангүлдiдердiң
гүлдерiнiң басты ерекшелiгi олардың гүл табанының пiшiнiнде. Бiр
түрлерiнде гүлтабаны дөңес, екiншiлерiнде жалпақ, ал үшiншiлерiнде ойыс
болады. Гүлдiң барлық мүшелерi гүлтабанына белгiлi бiр жүйеде орналасады.
Раушангүлділердiң гүлсерiктерi қосарланған, 5 мүшелi (сиректеу 4 мүшелi)
жөне олар гүлтабанына спираль бойымен орналасады. Кейбiр түрлерiнде
тостағанша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz