«Саңырауқұлақтардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлі»


АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыс « Саңырауқұлақтардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлі» тақырыбында орындалған.
Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама берілді және олардың түрлері зерттелді. Олардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлі талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 1 суреттен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Саңырауқұлақтар - төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.
Саңырауқұлақтар - бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар.
Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы(Chytridiomycetes), гифомитромицеттер класы (Hyphochytriomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basidiomycetes), жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes) .
Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесінде ерекше орын алады. Олар органикалық заттарды ыдыратып минералды заттарға айналдырады. Әсіресе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің түзілуін қамтамасыз етеді. Спирттік ашу туғызатын саңырауқұлақтар, нан жабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, айран ашытуда кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланылады. Қалпақты саңырауқұлақтар тамаққа жиі пайдаланылады. Алайда олардың гифаларының қабықшалары нашар қорытылады, сондықтанда мұндағы белоктар түгелдей дерлік сіңбейді деседе болғандай. Дегенмен саңырауқұлақтарды негізінен астың дәмін кіргізу мақсатында пайаланады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама беру және олардың түрлері зерттеу, олардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама беру;
- Саңырауқұлақтар түрлерін зерттеу;
- Олардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлін талдау.
1 Cаңырауқұлақтарға жалпы сипаттама
Саңырауқұлақтардың 1-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмнің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті сорып қоректенеді.
Саңырауқұлақтар - төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi (1-сурет) . Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында.
1-сурет. Саңырауқұлақ түрлері
Саңырауқұлақтар - бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар. [4]
Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар - бiршiктену арқылы жүредi.
Саңырауқұлақтар дүниесi үш бөлiмнен тұрады: нағыз саңырауқұлақтар - эумикота, оомицеттер және миксомицеттер.
Қазiргi уақытта саңырауқұлақтардың 120 мын түрi белгiлi және ғалымдар жыл сайын жаңа түрлердi ашып, сипаттауда.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасымицелий, немесе гибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы бірщама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының - целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады, крахмал ешуақытта түзілмейді. Гифалары жоғары ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа -плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Сапрофитті саңырауқұлақтар клетканың целлюлозды қабықшасын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паазиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды. [2]
Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал 1 мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршаның және емен ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда, подосиновниктердің көк теректердің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырлары мен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыатасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуіне де пфйдалы жағдай қалыптасады. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен оның ішіне өтеді. Мицеийлер топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды сорып алады да, оларды ағаштардың тамырларына жеткізеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті заттарды алады.
Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктермен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді. Саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бұл жағдайда саңырауқұлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумен бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманды жерлердің топырағынан минералды заттармен бірге сорып қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсіп тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтижесәнде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы, қыналар, микориза.
Жеуге жарамды сағырауқұлақтар. Әлемде көптеген жейтін саңырауқұлақ түрлері бар. Саңырауқұлақтардың өздеріне ғана тән дәмі мен иісі болады, кейбірі деликатес саналып бағасы қымбат тұрады. Б. П. Васильков ұсынған классификация бойынша КСРО-дағы барлық жейтін саңырауқұлақтар тағамдық құндылығы жағынан 4 санатқа бөлінді: I Ақсаңырауқұлақ, рыжик настоящий, груздь настоящий II Подберёзовик, подосиновик, дубовик, маслёнок, волнушка розовая, белянка, груздь осиновый, шампиньоны III Моховик зелёный, валуй, сыроежки, груздь чёрный, опёнок осенний, лисичка обыкновенная, сморчок IV Моховик пёстрый, скрипица, опёнок луговой, қозықұйрық, гриб-зонтик, мокруха, рядовки, дождевики. Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында осылардың ішінде қозықұйрық деп аталатын түрі кең таралған.
Жеуге жарамсыз сағырауқұлақтар. Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка), жалдан түбіртек саңырауқұлақтары - улы. Сұр шыбынжұты саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ лақты. Қызыл шыбынжұтының қалпақшасының үсті қызыл түсті және ақ лақты болып келеді. Жалдан түбіртек саңырауқұлағының қалпақшаң сының астыңғы жағы қою сарғылт-жасыл. Қалпақшасының үсті мен түбіртегі ашық сарғылт-жасыл түсті болады. Түбіртегінде белдеуше сақинасы жоқ. [1, 2]
Саңырауқұлақтан уланып қалмау үшін әбден қарап, тексеріп алу қажет. Егер кездескен саңырауқұлақтар улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, оны алмаған жөн. Әбден пісіп, жетілген әрі кеуіп кеткен саңырауқұлақтардың да улы болуы мүмкін. Ақ саңырауқұлақ және басқаларын асқа пайдаланудың алдында екі рет суға қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастау қажет. Төккен сумен бірге саңырауқұлақтардағы улы заттар кетеді. Жаңадан теріл әкелген жас саңырау - құлақтарды бір тәуліктен артық сақтамайды. Одан жасалған тағамдарды екінші тәулікке қалдыруға болмайды. Саңырауқұлақтарды кептірсе де, сүрлемелесе де, маринадтаса да олардың құрамындағы улы заты жойылмайды. Сондықтан саңырауқұлақтан қыста да уланып қалуға болады. Уланудың белгілері саңырауқұлақты жегеннен кейін, бірнеше сағаттап соң білінеді. Уланған адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, әлсізденіп, басы айналады, кейде сіңірі тартымды. Мұндай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керек.
Көбеюі. Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп.
Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы; (оидийлер) арқылы ө клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі; хламидоспоралары арқылы - қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар; бүршіктенуі арқылы - гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады; зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары; спорангияның ішінде жетілген спорангиоспоралары; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.
Кейбір саңырауқұлақтардың өмірлік циклында жыныссыз споралардың түзілуінің бірнеше формалары кездеседі.
Жыныстық көбею. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді. Өсер алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді. Көптеген төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада (п) өтеді, тек зигота ғана диплоидты болады (2п) .
Жоғары дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келед: гаметангиогамия - сырт құрылыстары әртүрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы; самотогамия - вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы; сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен (спермациямен) ұрықтануы
Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама - қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. [5, 9]
Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыт өткеннен соң дикарионның ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді. Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады: гаплоидты, дикарионды және диплоидты.
Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының ә типі бар: 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда - қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі-базидио споралар, олар экзогенді жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Бұл да диакрионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз процесі арқылы іске асады (1-сурет) . Саңырауқұлақтарда жыныстық спораладың түзілуі әдетте олардың өмірлік циклінің аяқталуын көрсетеді.
2-сурет. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың жыныстық спораларының түзілуі(сызба-нұсқасы) : А-аскаспералардың түзілуі; Б-базидиоспоралардың түзілуі; М-мейоз.
Сонымен, қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтердің болмауы, гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы, артық қор заттары ретінде гликогеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қөректік заттарды сору арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады. Өсімдектер мен жануарлардан саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплоидты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші-дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады. [1]
1. 1 Саңырауқұлақтардың жіктелуі
Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы(Chytridiomycetes), гифомитромицеттер класы (Hyphochytriomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basidiomycetes), жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes) . Алғашқы төрт класттың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайд. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып келеді.
Оомицеттер, зигомицеттер кластары:
Оомицеттер класына 300 түр жатады. Олардың мицелиі көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтары (гипалар) - дан тұрады. Жіп шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Жыныссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі оогамиялы зиготасы диплоидты. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі сулы ортамен байланысты. Зигомицеттер класы. Зигомицеттерге 400- дей түр жатады. Олардың мицелийлері біртұтас, перделерге бөлінбеген. Гифаларының қабықшаларында хитин болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге асады. Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі мукор (mucor mucedo) ол нанда, көкеністерде, көңде басқа органикалық субстраттарда сапрофит ретінде өседі. Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған, көп ядролы болып келеді. Жыныссыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір - бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелийі қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір - біріне қарама - қарсы бағытта өседі де ұштары жуандап түйіседі. Олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттары да, ядролары да қосылады. Пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт таныштық кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангийлер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды. Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оларды ондии деп атайды. Ондии қалың қабықшамен қапталуы келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады [10] .
Бұл класқа 300-дей түр жатады. Олардың мицелиі көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтарынан (гифалардан) тұрады. Жіп шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Өмірінің көп бөлігі гапплоидты жағдайда өтеді. Жынысссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралары арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі оогамиялы. Зиготасы диплоидты. Ол өскен кезде мейоз процесі жүреді. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі сулы ортамен байланысты.
Фитофтора(Phytophthora infestans) -картоптың жапырағында өмір сүретін паразит (2-сурет) . Мицелиі жапырақтың мизофиліне еніп жатады. Гифалары (жіп шумақтары) клетка аралық қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері (емшекшелері-присоски) арқылы клеткалардың ішіне енеді және олардың өлуін жетелдетеді. Устьица қцысы арқылы сыртқа шығып тұратын гифалардың ұштары зооспорангия сабағы болып табылады. Олар бұтақтанып өседі және ұштарында зооспорангийлер жетіледі. Осы зооспоррангийлер спорнагия сағақтарынан бөлініп, картоптың жапыраөтарына барып түседі. Содан соң олар жапырақтың ұлпасына устьица қуысы арқылы өтіп, не жаңа гифалар береді, не болмаса (су ташысы болған жағдайда) зооспораға айналады. Зооспоралар зақымданбаған жапырақтарды зақымдауға қабілетті болып келеді. Зооспоралар арқылы көбеюдің қарқындылығы зооспорангийлермен көбеюге қарағанда көп жоғары болады. Зооспорангийлері немесе зооспоралары топыраққа түсіп, картоптың түйнектерін зақымдайды. Жыныстық көбеюі тек осы саңырауқұлақтың шыққан жерінде - Мексикада ғана белгілі. Ол осы саңырауқұлақтың иесі болып табылатын өсімдіктен тыс жерде топырақта жүреді. Гифаларында оогонийлері мен антеридийлері жетіледі. Оогониінің формасы шар тәрізді боп келеді, оның ішінде жұмыртқа ядролы клеткасы жетіледі. Антередийі бар гифа оогонийге қарай өседі. Антередийдің өскіндері поралары арқылы оогонийдің ішіне өтіп жқмыртқа клеткасына жетеді. Нәтижесінде антередийдің ішінлегі затының бір бөлігі, бір ядросы мен жұмырқа ядросына қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықшамен қапталып, ооспораға айналады. Тыныштық кезеңді басынан өткізген соң ооспора мейоз жолымен бөлініп, зооспорангия түзетін гифаға айналады. Ооспоралар мен мицелийлері өсімдіктің қалдықтарында және түйнектерінде қыстап шығады. Зақымдануы топырақ арқылы және түйнектері арқылы жүреді.
Бұл класқа 400-дей түр жатады. Олардың мицелиі біртұтас, перделерге бөлінбеген болып келеді. Гифаларының қабақшаларында хитин болады. Жынысссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе кандийлер арқылы жүзеге асады. Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі. [5]
Негігі өкілдерінің бірі мукор (Mucor mucedo) . Ол нанда, көкөністерде, жылқының тезегінде, көнде және басқа да көптеген органикалық субстанттарда сапрофит ретінде өседі. Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған, көп ядролы болып келеді. Жынысыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір-бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелий (гетеротальді) қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір-біріне қарама-қарсы бағытта өседі де, ұштары жуандап түйіседі. Алайда олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттары да, ядролары да қосылады. пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт тыныштыұқ кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангилер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды.
Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді, оларды оидии деп атайды. Оидии қалың қабықшамен қапталады да келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.
Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомицеттер) класы:
Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Аскомицеттердің дені сапрофиттер. Олар негізінен топырақта мекендеп, өсімдіктердің шірінділерімен қоректенеді. Олардың бірқатарлары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері. Көбеюі - жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелийдің екі жіпшесінің бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей -ақ оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижеде сегіз гаплоидты аскоспора пайда болады. Классификациясы. Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың түзілу ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар үш кластармағына бөлінеді: гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицетер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz