Екатерина ІІ-нің жеке тұлғалық ерекшелігі


ЖОСПАРЫ
Кіріспе
І. Екатерина ІІ-нің жеке тұлғалық ерекшелігі.
1. 1. Екатерина ІІ-нің таққа келуі және сол кезеңдегі патшалық
Ресейдің тарихи жағдайы.
1. 2. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің ішкі және
сыртқы саясаты.
ІІ. Екатерина ІІ-нің Батыс Европа ғалымдарымен байланысы.
2. 1. Екатерина ІІ-нің патшалық етуі кезіндегі заңдық өзгерістер.
2. 2. “Ағартушылық абсолютизм” және оның саяси мәні.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Адамзаттың дамуы мен өрістеп өркениетке бет алысында тарихтың атқарар рөлі ауқымды. Әр-бір тұлға өзінің даму жолында тарихи өткен жолды, тарих бедерін ұғынбайынша алдағы болашақты болжап, бағытын айқындауы екіталай.
Әр-бір тарихи кезеңнің өзіне лайықты ерекшеліктері, сол заманның айрықша тұлғалары болады. Ал біз зеріттеп отырған XVIII ғасыр әлемдік тарихта “ағартушылық абсолютизм”, “философтар мен монархтардың одағы”дәуірі деп аталатындығы белгілі. Бұл кезеңде дана философтар мен басқада сол заманға алдыңғы қатарлы ой пікір иелері көмегімен дәурені өткен феодалдық қоғам институттарын революциялық емес эволюциялық жолмен монархтар мен олардың дворяндары өздері жоя алады деген теория мен тәжрребие кең көлемде жүріп жатты. Монархтар, болжам бойынша, оқыған, білімді және Ағартушылық абсолютизм идеологтарының шәкірттері болуы керек делінді. Біз басты тұлға ретінде қарастырғалы отырған Ресейлік патша Екатерина ІІ сондай жан еді.
XVIII ғасырдың екінші жартысырдағы Ресей тарихы орыстың император әйелі Екатерина ІІ-нің атымен тікелей байланысты екендігі белгілі. Тарихтағы әр-бір әйгілі тұлға өз ортасында белгілі бір іс-әрекеттерімен елеулі із қалдырып, сол кезеңге лайықты өзгерістер толқынын туындатуымен ерекшеленеді. Дәл осылай Екатерина ІІ де XVIII ғасырда билік басына келуімен қоса бірқатар тарихи прцестер мен оқиғалардың іске асуының себепкері, куәсі болды.
Бүгінгі таңда, яғни бүкіл әлем елдерінің мұндай қым-қуыт алапат заманда тек саяси биліктің бірлестігі мен, оның бейбіт келісімдер арқылы ғана ғалам тыныштығын, ғалам ынтымақтастығын сақтау мәселесін алға қойып отырғандығын ескерсек, біздің бұрынғы өткен тарихи кезеңдердегі саяси бірлік жолындағы істердің мән-жайын біліп, оның өткен тарихи нұсқауларының дұрыс жағын игеруіміз тұрғысынан қарағанда біз зеріттеу жұмысымызға арқау етіп алп отырған мәселені маңызды, өзекті тақырыптардың қатарына жатқызуға болады деп санаймыз.
Бұл жұмыста Екатерина ІІ-нің билік еткен кезеңіндегі тарихи саяси мәнді оқиғаларды талдай келе және олардың мәнін аша отырып сол кезеңдегі тарихи өзгерістердің ерекшеліктері көрсетілді. Осы тұрғыда бірқатар тарихи еңбектерге, оқулықтар мен зерттеулерге, сараптама жасалынды.
Дипломдық жұмысымызда Екатерина ІІ билікке келуі, сол тарихи кезеңнің бейнесі, патша сарайының ішкі, сыртқы саяси, тарихи жағдайы, сонымен қатар Екатерина ІІ енгізген заңдары, ішкі соғыспен, сыртқы соғыстары және олардың тарихи мәні т. б. бірқатар мәселелерге толық сипат берілді.
Тақырыптың зеріттелу деңгейі : Мәселенің тарихнамасына қысқаша тоқталатын болсақ мұнда О. А. Омельченконың “Законная монархия Екатерины ІІ”, Н. М. Дружининнің “Просвещенный абсолютизм в России”, И. А. Федосовтың “Просвещенный абсолютизм”, Н. А. Павленконың “Екатерина Великая” және . Идеи абсолютизма в законодательстве XVIII века, А. Б. Каменскийдің “Жизнь и судьба императрицы Екатерины Великой”, Маряков В. И. Политические и социальные идеи консерватизма в “Наказе” Екатерине ІІ, В. О. Ключевскийдің “Краткое пособие по русской истории” деп аталатын еңбектерін ерекше атап өту қажет.
Мәселенің деректік көзі : Зеріттеу жұмысының басты деректік негізі етіп Екатерина ІІ тұсында жарыққа шыққан екі томдық заңдық актілер жинағы, Екатерина Іі жеке хаттары мен жазбалары, патшаайым замандастарының Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен империатрицаның саяси қызметі жайлы естеліктері алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: XVIII ғасырдың екінші жартысы осы елдің тарихи дәуірінде ерекше із қалдырған Екатерина ІІ есімімен тығыз байланысты. Екатерина ІІ таққа 1762 жылы отырғанмен, ол 1744 жылдан бастап Ресей астанасына келуімен ауқымды империядағы оқиғалар барысына өз әсерін тигізді.
Зерттеу барысындағы басты мақсат аталмыш тарихи кезеңнің (ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы) ұйытқысы болған, есімін тарих беттерінде алтын әріптермен ойып қалдырған, территориялық жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі Ресей патшаайымы - Екатерина ІІ абсолютизмі мен ағартушылық саясатының ақиқаты мен шындығының пердесін көтеріп, мәнін айқындау, тарихи саяси оқиғалар мен Екатеринаның саясатының қаншалықты дәрежеде үйлесімділік тапқандығын ғылыми айналымға жаңадан түсіп жатқан деректік материялдар негізінде егжей-тегжейлі саралап оның айқын жақтарын ашу болып табылады.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылады:
- Екатериа ІІ өмірі мен қызметін тарихи тұлға ретінде зріттеу;
- Ресей империясы дамуының қиындығы мен қарама -қайшылығы Екатерина ІІ патшалық қызметінде қалай көрініс тапқандығын көрсету;
- Екатерина ІІ “ағартушылық абсолютизмінің” мәні ашу және оның қандай саясаттар негізінде көрінгендігін айқындау;
- XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей қоғамында орын алған әлеуметтік- экономикалық жағдайларға анализ жасай отырып Петр І мен салыстырғанда Екатерина ІІ нендей жаңалықтар енгізгендігін анықтау;
- Екатерина ІІ сословиелік саясатына, мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары, шіркеу, қаржы және экономикалық реформаларына, мәдениет саласындағы қайта құруларына анализ жасай отырып олардың шын мәнін ашу;
- Екатерина ІІ қызметін қорытындылай келе орыс тарихында оның қалдырған ізіне баға беру.
Ал бұл тақырыпты тәрбиелік мәні жағынан алсақ оның басты тұлғасы Екатерина ІІ-нің өзінің-ақ батылдығы, елді басқаруға оның бүкіл саясатына мән беріп, оның бойындағы өжеттік, өзін сол мемлекеттік тізгінін ұстауға бейімдей білуі, мемлекет көлеміндегі саяси билікті ұстауы, оның алғырлығын танытады.
Зерттеу жұмысының метолологиялық негізі. Дипломдық жұмыста қойылған
мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің
диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі метолологиялық принциптер басшылыққа алынды. Сондай-ақ соңғы жылдары көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеуде калыптасқан жаңа концепциялар да ескерілді.
Зеріттеу жұмысының хронологияляқ шеңбері : Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ХУІІІ ғасырдың екінші жартысы, дәлірек айтқанда 1862- 1896 жылдар аралығы зеріттелген. Яғыни Екатерина ІІ Ресей империясы тағына отырғаннан бастап қайтыс болғанға дейінгі аралық қамтылады.
Дипломдық зеріттеу жұмысының құрылымы: Зеріттеу кіріспе, екі тарау және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі, мәселенің зеріттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңызы, хронологияляқ шеңбері және құрылымы көрсетілген.
Бірінші тарауда Екатерина ІІ-нің жеке тұлғасы, оның таққа келуі, сол кезеңдегі Ресейдің ішкі, сыртқы саяси жағдайы баяндалады. Ал екінші тарауда Екатерина ІІ-нің патшалық еткен кезіндегі “ағартушылық абсолютизм”, оның қолдау барысындағы патшаның жүргізген істері, патшаның “ағартушылық абсолютизм” өкілдерімен байланыс хаттары, “ағартушылық абсолютизмнің” сол кезеңдегі саяси мәні ашып көрсетілді.
І. Екатерина ІІ-нің жеке тұлғалық ерекшелігі.
Екатерина ІІ некеге тұрғанға дейінгі кезінде София Августа Фредерика Ангальт-Цербская деп аталды. Ол 1729 жылы 21 сәуірде Штеттин деген неміс қаласында дүниеге келді. Оның әкесі принц Христиан Август Ангальт-Цербский мемлекеттік қызметте болып, комендант болып, одан соң Штеттиннің губернаторы болып қызмет атқарады; шешесі - принцесса Иоганна Елизавета - ежелгі Гольшштейн - Готторптық герцогтардың үйінен шыққан ханышайым болған.
София Августа Фредерика Ангальт-Цербскаяның ата-анасы неке жағынан алғанда өте бақытты болмады, кейде біраз уақыт аралығнда бөлек-бөлек те өмір сүрді.
Әкесі әскерилермен бірге Швецияға және Францияға қарсы соғысқа қатысты, Нидерланды, Солтүстік Германияда және Италия жерлерінде соғысты. Шешесі көптеген беделді бай туыстарына қонаққа кетіп қыздыда өзімен бірге алып кететін болды.
Балалық шағында София Брауншвейнг, Цербст, Гамбург, Киле және Берлин қалаларын аралап көреді. Оның сол кездегі оқиғалардың есте қалғанының бірі, қарт абызбен кездесуі болатын: ол Софияға қарап тұрып: “Қызыңыздың болашағы үлкен. Оның маңдайынан үш тәж көріп тұрмын” дегені болатын.
Принцесса Иоганна бұл әңгімеге сенімсіздікпен қарады да, қызына ашуланып оны қол өнерімен айналысуына көп көңіл бөлді.
София үйде білім алады: неміс, француз тілдерін үйренеді, би өнеріне, ән айту, тарих, география, құдайға
сыйыну негіздеріне үйренеді. Балалық шағының өзінде-ақ оның мінезінің тәуелсіздікке ұмтылу, білім, өнерге құштарлығы, тәкәппарлығы, батылдығы, сонымен қатар көп қимылды қажет ететін ойындарға деген бейімділігі байқала бастайды. 1744 ж. Екатеринаны шешесімен бірге империотрица Елизавета Петровна Ресейге шақырады. Келген бойда болашақ император Петрдың қалыңдығы деп танылғаннан соң православие дінін қабылдап, дәстүр бойынша Екатерина Алексей қызы деп шоқыландырылады. Князь Петр Федорұлымен (болашақ (император) патша Петр ІІІ) 1745 жылы некеленеді. Екатерина Ресейде орыс тілін меңгеруге ерекше ден қойды, дін қағидаларын да жете үйренеді. Әкесі мұнда аттанарда қызына өзінің орыс сарайында қалай ұстау керектігі жайлы бірқатар ережелерді жазып береді, ал оған Екатеринаның өзі жағынан қосқан ұстамдылықтары мен өнегеліктері Елизаветаның басын айналдырып, бүкіл сарайдағылардың да көңілінен шықты. Күйеуін де, Елизаветаның өзін де жек көрген Екатерина оларға деген қарым-қатынастарын өте жақсы көрсетіп, күйеуінің жаман әдеттерін жауып ол жайында ешкімге де шағымданбады. Елизаветаға құрметпен қарап және оның қолдауын күтетін. Екатерина сарайдағылардың әр-қайсысына жылы сөз тауып, өте мейірімді болып көрінді. Әке, шешесі өлгеннен соң да, неміс болудан бас тартып, өзінің Ангальт-Цербст атына деген барлық құқығынан бас тартады. Шын мәнінде Екатеринаны жыл өткен сайын сарайдағылар оны құрметтей түседі. Ол өзін Вольтердің оқушысымын деп санап, Монтескьеге бас иіп “Энциклопедияны оқып үйрене түсіп және өзінің зер салуы ынтасы арқасында өз кезеңінің орыс қоғамындағы өзгеше жағымды адамы болады. Оның теориялық дамуы мен білімінің дәрежесі бізге Ұлы Петрдің тәжірибелік даму күшін, мықтылығын еске түсіреді. Олардың екеуі де өздігінен білім алғандар еді”. 1 1(2, 475бет)
1. 1. Екатерина ІІ оның таққа келуі.
1762 жылы шілдеде 34 жылға созылған Екатерина ІІ-нің патшалық етуі басталды. Өзінің алдындағылардың оның айырмашылығы ол ірі және ақылды мемлекеттік қайраткер, айлакер де қу саясатшы, шебер дипломат болды. Тамаша білім бар, ағартушылардың концепцияларымен таныс болған ол саясаттың ескі формалары, басқарудың бұрыңғы органдары арқылы самодержавиелік - крепостнойлік құрылысты сақтауға және нығайтуға мүмкін емес екендігін түсінді.
Жағдайдың өзгеруімен байланысты самодержавиенің мызғымайтындығын, крепостниктікті және дворяндардың сословиелік артықшылықтарын негіздейтін әдеттегі аргументация жарамсыз екенінде есепке алды.
Оның өзі де, серіктері де крепостнойлікті және дворяндардың сословиелік артықшылықтарын алға апарушысы ретінде көрсетіп бақты. Бірақ ол бұлардың анти-феодалдық бағытының маңызын жойып, Руссо, Вольтер, Дидро т. б. энциклопедистердің атына мүлде қарсы қойылған мақсаттар үшін пайдаланды.
Ағартушылардың концепцияларын ол Россиядағы саяси құрылыстың ең жақсы және бірден-бір қолайлы формасы самодержавие, “бұдан басқарудың қандай түрі болмасын Россияға зиянды, тіпті ақыр соңында бүлікшілікке ұшыратар еді” дегенді дәлелдеу үшін пайдаланылды.
Самодержавиенің басты мақсаттарының бірі өз қол астындағыларға “еркіндік парасатын” ендіру болып табылады дей отырып, Екатерина ІІ нағыз еркіндік заңмен рұқсат етілгенді ғана жасау деп тұжырымдады, ал ол шығарған заңдар дворяндардың толық билігін және шаруалардың толық құқықсыздығын бекіндірді.
Ағартушылық жұмысты таратуды жақтай отырып, ол қазіргі қоғамның кеселінің бәрі крепостнойлық құқығымен, дворяндардың құқығымен, үкімет органдарынының зорлық-зомбылығы және заңсыздығымен тіпті де байланысты емес деп сендіргісі келді.
Екатерина ІІ-нің бұл қағидалары оның Уложение комиссиясына берген “Наказына”, оның манифестеріне, әдеби-публистикалық т. б. шығармаларына тән болды. Оның патшалығы кезінде ішкі саясатта да сыртқы саясатта да бірсыпыра ірі шаралар жүзеге асырылды. Бұл шаралардың жалпы ұлттық зор маңызы болды, бірақ олар крепостнойлік әдістермен шешіліп қана қойған жоқ, өз алдына дворян үстемдігін нығайту, оның сословиелік артықшылықтарын ұлғайту, крепостнойлік тәртіпті одан әрі тарта түсуді мақсат етіп қойды. Екатерина дворяндар мен самодержавиелік құрылыстың мүддесі сауданы, өнеркәсіпті оқу-ағарту ісін дамытуды талап ететіндігін түсінді де осы бағытта объективті маңызы бойынша прогресті бірсыпыра шараларды жүзеге асырды. Алайда бұл шаралардың бірде-бірі дворяндардың үстемдік жағдайына нұсқан келтірмеді, сауда мен өнеркәсіп дамуын солардың мүддесіне бағындырды.
Екатерина ІІ патшалығы фаворетизмнің адам көріп-білмеген бейбастығымен қоса жүрді. Фавориттердің үнемі ауысып тұруы (Г. Орлов, Г. Потемкин, П. Завадовский, П. Зубов, А. Ермалов, Дмитриев - Маманов т. б. ) оларға орасан көп жерді, шаруаларды, ақшаны, сарайларды, атақты, ордендерді сыйға тартумен бірге жүрді. Нақ оның патшалық еткен кезінде Россиядағы крепостниктік право “құлдықтан еш айырмасы жоқ” формада болды.
“Наказдың” негізгі мәтіні 20 тарау 520 баптан тұрды. Бұл “наказда” сот құрылымы түрі мен сот ісі де қаралды. Авторы былай деп келтірді “Қылмысты алдын-ала ескерткен жөн, оған жаза қолданылғанша” дейді. Уложениялық сарапшылар отырысын шақыру жайлы манифесі 1766 жылы 16 желтоқсанда халық алдында жария етілді. Ал оның салтанатты ашылуы 1767 жылы 30 шілдеде болды. Успендік соборда жиналып депутаттар патша алдында акт қабылдады.
Тақтан үміткерлердің көзін құртуы.
Екатерина ІІ-нің орыс тағына отыруға ешқандай ресми құқығы болмады және де өзі жағдайының берік еместігін сезді. Оның алғашқы әрекетінің бірі - таққа отыруға үмітті дегендердің көзін құрту болды.
Сарай төңкерісі салдарынан тақтан түсірілген ІІІ Петрді бір аптадан кейін Орловпен тағы басқалар тұншықтырып өлтірді.
Ендігі қалғаны - бір жасынан тақтан айрылған Иван Антонович болды. Бала кезінде Холмогорда тұтқында содан соң Шлиссельбург казематында үнемі жападан жалғыз болуы оны дене құрылысы жағынан жарымжан, психикалық жағынан есерсоқ жасады. Бірақ Екатерина оның өзінен емес оның атын дворяндардың кезекті сарай төңкерісінде пайдаланып кетуі мүмкін деп қорықты. Ол Екатеринаның құпия нұсқауымен өлтірілді. Таққа үмі-ткерлердің үшіншісі жөнінде мәселе қиынға түсті. 1762 жылғы сарай төңкерісіне қатысушылардың едәуір бөлігі Екатерина ІІ-нің 8 жастағы ұлы Павел император болуға тиіс деп санағандықтан Екатерина ІІ-ші 1762 жылдың қыркүйегінде тәж киюді өткізуге асыққан болатын. 5 жылдан кейін Енатерина Уложение комиссиясын оған “Ұлы, Асқан ақылы, Отан анасы”, деген титул беруге итермелеп көндірді. Бұның өзі оның “бүкіл Халықтың Земство соборы” болып сайлағандығының белгісі еді.
Екатерина патшалық етуді дворян еркіндігі жөніндегі Манифест ережелерін нығайтудан және сарай төңкерісіне қатысушыларға мырзалықпен сый тартудан бастады. Оларға 18 мың шаруаны және 200 мың сомдай ақшаны, басқаша айтқанда, тұтас бір уезді шаруаларымен және 150 мың шаруадан алынатын сыйлықты сыйға тартты. Осылай он жыл патшалық еткенде ол 600 мың мемлекеттік және сарай шаруаларын помещиктерге сыйға тартты. 1767 жылы августа ІІ Екатерина ақырында бүкіл тарихындағы ең бір крепостнойлық жарлықта шығарды. Ол бойынша помещиктің үстінен шаруалар жасаған шағымның қандай болсын, Фаворотизмдерге ол әділетті шағым болған жағдайда да мемлекеттік ауыр қылмыс деп саналды. Дүре соғып қатарға айдау жазасына жататын болды. Помещик шаруаны өз дегенінше сатуға, сарайда жұмыс істеуге, жазалауға, барщина мен оброктың мөлшерін тағайындауға, оның мал мүлікін тартып алуғае, әйелі мен қызын арын аяққа басуға, т. б. правосы болды. Помещик толық құқықты мырзаға, судьяға және шаруаның жендетіне айналды, ол шаруа оның құлақ кесті құлына айналды.
1. 2. XVIII ғасырдың 2-ші жартысындағы Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты.
XVIII ғасырдың екінші жартысында сыртқы саясат аумағында патшалықтың үш негізгі мәселені шешуге тырысқан кезі еді:
1) Польшадан украиндық және беларустық жерлерді қайтарып алу мәселесі тұрды, ондағы мекендеген бауырлас халықтар Русьпен бірге бір тұтас бірегейлікте құраған болатын; 2) өз жағдайын Балтық теңізі жағалауында нығайту; 3) Қара теңіз жағалауында мықтап орнығу және Турция жағынан елдің Оңтүстік аймағына.
Сонымен қатар, орыс үкіметінің сыртқы саясатында крепостнойлық жүйенің ыдырай бастауымен негізделген және елдегі таптық қарама-қайшылықтың шегеленісуімен көріне бастады. Бұл феодалдық жүйенің дамуымен болған тығырықтан шығудың жолын іздеуіндегі, помещиктік жер иеленуді кеңінен таратуда үкіметтің жаңа жерлерді қосып алуымен болып отыр. Ресейдегі таптық күрестің өріс алуы патшалық құрылыстың сыртқы саясатына барынша реакциялық сипат береді. Бұл Украинада халық қозғалысын басумен, шетелдегі революциялық еркіндік қозғалысын патшалық үкіметтің шұғыл қастандық қатынасының әрекетінен байқалады.
XVIII ғасырдың ортасында феодалдық ақсүйектің үстемдігімен және поляк дворяндығының алтын еркіндігінен Польша босаңсу мен құлдырау жағдайында болды.
Диссиденттер деп аталынып отырған католик еместер және ең алдымен атақты даңты болғандар - украиндар мен балорусьтар өте ауыр жағдайда болды. Таптық езушілік ұлттық - діни езушілікпен астасып жатады. Поляктық помещиктер мен котоликтік шіркеу украиндықтар мен белорустықтарды дыбыссыз басыбайлы құлдар мен малға айналдыруға тырысты.
Мектептер мен шіркеулер жабылды, украин және белорусь тілдерінің қолданылуына тыйым салынды, казактықты жойды.
Тек патшалық сарайдағы кғазактар ғана қалды, сонымен қатар поляктық магнаттың жеке әскерін құрайтын казактар ғана қалдырылды. Феодалдық қанау күшейді. Ауыр алым-салықтар және борыштық төлемдер, жалгерлерді тонау, толық тәртіпсіздік, биліктік зорлық-зомбылық, католик шіркеуі жағынан құдаушылық, украин халқының поляктық феодалдық-католиктік езгісімен үздіксіз күресін негіздеді. Шаруалар мен қала кедейлерінің қозғалысы (гайдамактар) үздіксіз жүрді. Гайдамактар қозғалысы халықтың қолдауын тапты.
Гайдамактар Ресейдің көмегіне сенді. Ресей Польшамен соғысып жатқан кезде Украинада ірі көтерілістер болды. Осылайша 1734 жылы гайдамактар көтерілісі тұтанып, оның басында Верлан, Мотарный, Медведь және Гривалар тұрды. 1750 жылы Тесли, Письменный, Мочулидің және тағы басқаларының гайдамақтық отрядтары оң жағалауындағы (умань, виница, чигирин) ірі қалаларды босатты. Карпатта тауға кеткен опришкилар әрекет етіп, одан әріде олар чиновниктер мен билік иелеріне шабуыл жасады. Әсіресе украин халқы дәріптеген Олекс Довбуш опришегінің даңқы жайылды.
1764 жылы тәж кигізу сеймінде орыс үкіметі диссиденттер мен католиктер құқығын теңестіруді талап етті. Ресейдің талап етуін қабылдамады. Сол кезде Пруссия мен Ресейдің үліметі Польшаны бөлісуді дайындай бастайды.
Польшаны бөлісуді дайындау барысында Фридрих ІІ ерекше белсенділік танытты. Ол түбегейлік поляктық жерлерді Шығыс Пруссиядан бөліп жатқан Бранденбургті жаулап алуға тырысты. Польшаны бөлуде де ынта білдіруші сол еді.
Польшадағы билік етіп тұрған Чарторийліктер тобы Радомде Мәжіліске (конфедерацияға) жиналды. Слуцкіде протестанттар мен православиеліктер мәжіліске жиналды.
Бұған жауап ретінде Ресейдің қарсыластар-реакциялық феодалдар 1768 жылы Украинадағы Бар қаласында өз конфедерациясына жиналды. Барлық конфедеранттар өздерінің Ресейге қарсы күресінде оған жауласып отырған Турция мен Францияға сенді, олардан еріктілер түрінде көмек алды.
Бұған қоса 1768 жылы Украинада шаруалар қозғалысы (“Колнивщина”) ауқым жайған еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz