ААҚ сынау зертханасы жағдайында құрлыс өнімдерінің сапасын талдау


АҢДАТПА

Сынау зертханасы жағдайында өнімдерінің сапасын талдау тақырыбындағы дипломдық жобаның аңдатпасы. Диломдық жобада ААҚ Сынау зертханасы жағдайында құрлыс өнімдерінің сапасын талдау және сараптау қандай қалыпта жұмыс істейтіні қарастырылған. Берілген дипломдық жобада еден жабынының бір қабатты ағаш қалқандары тақырының сапа элементтерінің өңдеуі әзірленген және талданған. Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары сынауын ұйымдастыру мен өткізуіне талдау жасалып, өнім сапасына әсер етуші факторлар қарастырылды. Өнімнің өмірлік циклінің кезендерінің сапасы қарастырылды, сонымен қатар өнімді сертификаттау кезеңдері және сынау зертханасындағы нормативтік құжаттар мен стандарттар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау қарастырылған. Сонымен қатар қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері қарастырылып, өрт сөндіру және техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы жасалынынды.

АННОТАЦИЯ

Аннотация на дипломный проект по теме: Анализ качества продукции в условиях испытателной лаборатории. В данном дипломном проекте был проведен анализ качество продукции и анализ состояние работы экпертов. В данной дипломной работе проанализировано элементы качество щитов покрытий пола деревянных однослойных и расмотренны качества продукции. Был проведен анализ организаций и проведения испытания щитов покрытий пола деревянных однослойных продукции и рассмотрены факторы влияющие на качество продукции.

Расмотрена жизненый цикл качества продукции, так же рассмотрены этапы сертификации продукции и государственный надзор за соблюдением требовании стандартов и нормативных документов испытательной лаборатории. А также рассмотрены вопросы по безопасности и охране труда, разработана инструкция правил пожарной и техники безопасности, проведен анализ производственного состояния испытательной лабораторий.

ANATATION

Abstract on a thesis project on the topic: Analysis of product quality in terms ispytatelnoy laboratory. In this thesis project was the analysis of the quality of products and analysis of work EXPERTS. In this thesis work is analyzed elements quality flooring wooden boards single- and reviewed the quality of products. An analysis of the organizations and the test panels of single-layer wooden flooring products and examined the factors affecting the quality of products.

Examined Lifecycle quality of products, as well the stages of product certification and state supervision over compliance with standards and regulations of the test laboratory. And also considered the issues of health and safety, fire regulations designed instruction and safety analysis of the production status of the testing laboratory.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 10

1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат . . . 12

2 Жалпы ережелер . . . 13

2. 1 Өнімнің қызметтік тағайындалуы . . . 13

2. 2 Өнімнің жіктелуі . . . 16

2. 2. 1 Тағайындалуы бойынша өнімнің жіктелуі . . . 16

2. 2. 2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы бойынша өнімнің жіктелуі . . . 17

3 Өнімнің сапасын анықтау . . . 19

3. 1 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер . . . 19

3. 2 Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау . . . 19

3. 3 Өнімнің сапа деңгейін бағалау . . . 20

3. 4 Өнім сапасының сипаттамалары . . . 27

3. 5 Таңбалаудағы өнім сапасының қамтамасыз ету . . . 29

3. 6 Буып-түю өнім сапасының қамтамасыз ету . . . 29

3. 7 Қабылдауда өнім сапасының қамтамасыз ету . . . 30

3. 8 Сапаны қамтамасызетудің бақылау әдістері . . . 30

3. 9 Тасымалдау мен сақтауғы сапаны қамтамасыз ету . . . 31

3. 10 Қолданудағы сапаны қамтамасыз ету . . . 31

4 Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары қабылдауда стандарттар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау . . . 32

4. 1 Өнімнің өмірлік циклінің сатысына сәйкес мелекеттік қадағалау объектісін таңдауды негіздеу . . . 32

4. 2 Мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі . . . 33

5 Өнімді сынау . . . 33

5. 1 Сынаққа жататын сапа параметрлеріне қойылатын техникалық талаптар . . . …. . 33

5. 2 Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандарысынау әдістерін өңдеу . . . 37

5. 2. 1 Сынақтарды жіктеу . . . 37

5. 3 Сынақ әдістері . . . 38

5. 4 Үлгілерді таңдау . . . 49

5. 5 Бұйымды сынау әдістемесі . . . 49

6 Өнімді сертификаттау . . . 41

6. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің жалпы ережелері . . . 41

6. 2 Өнімге сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері . . . 42

6. 2. 1 Өтінішті беру мен қарастыру . . . 43

6. 2. 2 Өнімнің үлгілерін таңдауды өткізу . . . 43

6. 2. 3 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу . . . 44

6. 2. 4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді ҚР МСЖ-нің сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын ұсыну . . . 44

6. 2. 5 Өнімді сәйкестік Белгісімен таңбалау . . . 45

6. 2. 6 Өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылау . . . 46

6. 2. 7 Өнімді сертификаттау туралы ақпарат . . . 47

7 Нормативтік құжаттаманы әзірлеу . . . 48

7. 1 Зерхананың өрт және техникалық қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық жобасынәзірлеу . . . 48

7. 2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы . . . 48

7. 3 Нұсқаулық жобасының құрылымын қалыптастыру . . . 49

8 Техникалық - экономикалық түсіндірме . . . 50

8. 1 Сынау зертханасындағы коммуналдық қызмет шығынның анықталуы . . . 50

8. 2 Сынау зертханасының айналым қаражатын есептеу . . . 51

8. 3 Сынау зертханасын аккредиттеу қаражаты . . . 53

9 Еңбек қорғау . . . 56

9. 1 Өндірістік санитария . . . 56

9. 2 Діріл . . . 58

9. 3 Электр қауіпсіздігі . . . 59

9. 4 Микроклимат . . . 60

9. 5 Өрт сөндіру және техника қауіпсіздігі . . . 61

9. 6 Өндірістік жарықтандыру . . . 62

9. 7 Шу және жұмыс орнында шудың шекті деңгейі . . . 64

9. 7. 1 Өрт қауыпсіздігінесептеу . . . 64

9. 7. 2 Табиғи жарықтандыруды есептеу . . . 65

9. 7. 3 Өндірістегі микроклиматты есептеу . . . 66

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта өнім сапасын арттыру мәселесі біздің елімізде де, шет елдерде де маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Бірақ Қазақстан Республикасында негізгі жұмыстарға арналған жабдықтардың техникалық деңгейі мен отандық өндірістің технологиясы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Егер өндірісті қауырт жетілдіріп, жаңа технологияны құрса да инвестицияларға жұмсалған бұл шығындарды тек қана тұтынушылардың сұранысы бар бәсекеге қабілетті өнімді өндірудің арқасында ғана ақтауға болады. Жоғарғы сапа өнімнің сату көлемін және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Бірқатар елдерде сапаны басқару бойынша ұлттық стандарттар 70 жылдардың ортасынан бері қолданылады. Мәселен, Ұлыбританияда BS 5750 “Сапаны қамтамасыз ету жүйесі” стандарты әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

Ұлттық тәжірибеге сүйеніп, 1987 жылы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттары әзірленіп, баспаға шығарылды. Онда сапа жүйесі мен оларды бағалауға нақты талаптар белгіленген.

Бүгінгі таңда көптеген елдерде осы ИСО 9000 сериялы стандарттарына баламалы ұлттық стандарттар бар. ИСО 9000 сериялы стандарттар Еуропада, АҚШ-та, Жапонияда, Азия мен Латын Америкасы елдерінде кеңінен енгізіледі.

1993 жылы ИСО 9000 сериялы стандарттарының европалық аналогтары, сертификаттау органдарына талаптар белгілейтін ЕN 29000 сериялы және ЕN 45000 сериялы стандарттар қолданысқа енгізілді. Өнімді СЕ белгісімен таңбалау енгізілді. Сапа жүйесін бағалау мен сертификаттауға комитет құрылды. Оның құрамына Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Дания, Испания, Швеция, Франция, Португалия, Греция, Голландия, Бельгия, Финляндия, Норвегия, Ирландия және Италия кірді.

Қазіргі уақытта сапа жүйесінің көптеген түрлері қолданылады. 9000 сериялы стандарттарымен қарастырылатын нұсқаулар бойынша құрылған жүйелерден бастап, ТQМ идеологиясы негізінде құрылған жүйелерге дейін. Алайда, олардың барлығы ИСО/ТК 176 бойынша қалыптасқан және ИСО 9000 сериялы стандарттарымен қарастырылған сапаны жүйелі басқарудың сегіз қағидаларын ұстану керек.

Стандарттау бойынша ұлттық ұйымен берілетін, ИСО 9000 талаптарына сәйкестік сертификаты кәсіпорының негізгі бөлімдері сапа саясатын және сапа жүйесінің құрылымын анықтайтын, нұсқаулықтармен қызмет ететіндігін дәлелдейді

Өкінішке орай, Қазақстанда сапа жүйесін енгізу басқа елдермен салыстырғанда артта қалып, біздің кәсіпорындардың сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

ИСО 9000 стандарттарының 2000 версиясының негізінде Мемстандарт Қазақстандық стандарттарды бекітті - ҚР СТ ИСО 9000:2000, ҚР СТ ИСО 9002:2000, ҚР СТ ИСО 9003:2000.

Экономиканың қазіргі уақыттағы даму кезеңі ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарының қолдану қажеттілігі негізінен сыртқы нарықтың талаптарымен мәжбүр етіледі. Батыс мамандарының бағалауы бойынша, 90% тұтынушылар кәсіпорын-жабдықтаушыларынан ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің болуын талап етеді.

Жоғарыда көрсетілген ақпараттарға байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ағаш сапасының элементтерін әзірлеу және сынау зертханасында сынауларды ұйымдастыру болып келеді. Осы сынау бөлімінде барлық өндіріс өнімдеріне сертификатталған сынақтар жүргізіледі. Бірақ берілген дипломдық жұмыста нақты зерттеу объектісі ағашты сынауға тоқталып, келесі жұмыстар жүргізілді:

“Бастапқы ақпарат” бөлімінде базалық, басшылық етуші және анықтамалық ақпарат келтіріледі;

“Жалпы ережелер” бөлімі ағаштын қызметтік тағайындалуы мен олардың жіктелуінен тұрады;

“Өнімнің сапасын анықтау” бөліміне кіреді:

  • өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер;
  • сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы анықтау;
  • өнімнің сапа деңгейін бағалау;
  • сапамен басқарудың негізгі кезеңдері;
  • сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер;
  • өнім сапасын жоғарлату бойынша шаралар ұсынылады;
  • жеңілдетілген сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу.

“Стандартар, техникалық шарттар (ТШ), метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау” бөлімінде АҚ “ҰССО”-да мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі баяндалады.

“Өнімді сынау” бөліміне сынаулардың жіктелуі кіреді және сынау текшесі әзірленеді.

“Өнімді сертификаттау” бөлімінде өндірістік өнімді сертификаттаудың барлық кезеңдері келтіріледі, қосымшада бірнеше құжаттар түрлері көрсетіледі.

“Нормативтік құжаттаманы әзірлеу” бөлімінде жұмыстық нұсқаулықтың жобасын әзірлеудің барлық кезендерінен тұрады;

“Экономика” бөлімінде . . .

“Экология” бөліміне экологиялық паспорттың жобасы кіреді;

“Қауіпсіздік және еңбекті қорғау” бөлімі.

1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары тқрғының сапа жүйесінің элементтерін әзірлеу және сынау зертханасында сынауларды ұйымдастыру тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты әзірлеуге базалық, басшылық етуші және анықтамалық ақпараттар қолданылады.

Базалық ақпарат ретінде еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары туралы ақпараттар (сандық және саплық сипаттамалар, сыртқы түрі, сынаулар, қаптау, тасмалдау, таңбалау туралы ақпараттар) қолданылады.

Басшылық етуші және анықтамалық ақпаратқа кіреді:

  • МЕСТ 28015-89 ЕДЕН ЖАБЫНЫҢ БІР ҚАБАТТЫ АҒАШ ҚАЛҚАНДАРЫ Техникалық шарттар;
  • МЕСТ 14087-88 Жалпы техникалық шарттар ;
  • ААҚ “ҰССО” өткізген өндірістік практикада жиналған материалдар;
  • Басшылық етуші нормативтік құралдар (РД-50-149-79 ондірістік өнімнің техникалық деігейі мен сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар) ;
  • Сапа жүйесі бойынша ИСО 9000:9004 халықаралық стандарттар.

1-кесте - Сілтемелік нормативтік-техникалық құжаттар

Сілтеме жасалған НТҚ
Тармақ, тармақша нөмері
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 162-90
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 1
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 166-89*
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 1
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 2140-81*
Тармақ, тармақша нөмері: 1. 2. 6, 3. 2
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 3282-74*
Тармақ, тармақша нөмері: 1. 5. 3
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 3560-73*
Тармақ, тармақша нөмері: 1. 5. 3
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 3749-77*
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 6
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 7016-82
Тармақ, тармақша нөмері: 1. 3. 16
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 8026-92
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 7
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 11358-89
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 1
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 13494-80
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 3
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 15612-85
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 9
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 15613. 1-84
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 8
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 15876-90
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 1
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 16588-91
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 5
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 17308-88
Тармақ, тармақша нөмері: 1. 5. 3
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 18321-73
Тармақ, тармақша нөмері: 2. 5
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 19414-90
Тармақ, тармақша нөмері: 1. 3. 4
Сілтеме жасалған НТҚ: МСТ 23616-79
Тармақ, тармақша нөмері: 2. 4
Сілтеме жасалған НТҚ: ҚНжЕ 3. 04. 01-87
Тармақ, тармақша нөмері: 5. 5
Сілтеме жасалған НТҚ: ТШ 2-034-225-87
Тармақ, тармақша нөмері: 3. 4

2 Жалпы ережелер

2. 1 Өнімнің қызметтік тағайындалуы

Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары тқрғын және қоғамдық ғимараттардағы еденнің құрылғысына арналған бір қабатты ағаш қалқандарға (бұдан әрі-қалқандар) қолданылады.

Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары келесі техникалық талаптарға сай болуы тиіс:

- Қалқандар белгілі ретпен бекітілген технологиялық құжаттар бойынша осы стандарт талаптарына сай дайындалуы тиіс.

- Негізгі параметрлер мен өлшемдер.

Құрамына байланысты қалқандарды мынандай типтерге бөледі:

ОЩ 1 - ойық пен айдарға желімсіз жиектеп біріктірілген кесіп өңделген рейкалардан тұрады. Қалқанның тақтайшасынынң шет жағынан желіммен қабыршақшалап бекітіледі (1-сызба) ;

1-сурет- ОЩ 1 түрі

ОЩ 2 - ойық пен айдарға желімсіз жиектеп біріктірілген кесіп өңделген рейкалардан тұрады. Қалқанның ұзындығы ортасынан рейкалар қалқанның беттік емес жағынан қағылып П-бейнелі металл қапсырма шегелермен бекітіледі. Көлденеңі жағынан тақтайшалар айдар асты мен ойық ішінен олардың бірігетін тұсынан қағылған П бейнелес металл қапсырма шегелермен бекітіледі (2 сызба) ;

2-сурет- ОЩ 2 түрі

ОЩ 3 - ойық пен айдарға желімсіз жиектеп немесе желімге жатқызылған жатық фугадағы кесіп өңделген рейкалардан тұрады (3-сызба) .

3-сурет- ОЩ 3 түрі

ОЩ 3 типтік қалқандарда қалқанның ұзына бойына тақтайшаларды бойлық және көлденең орналастыруға болады. Бұл стандарт тқрғын және қоғамдық ғимараттардағы еденнің құрылғысына арналған бір қабатты ағаш қалқандарға (бұдан әрі-қалқандар) қолданылады.

2. 2 Өнімнің жіктелуі

2. 2. 1 Тағайындалуы бойынша өнімнің жіктелуі

Өндіріс өнімі дегеніміз - пайдалы қасиеттері бар және тұтынушылардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолдануға арналған еңбек іс-әрекетінің нәтижесі. Өнімнің сапа деңгейін сапа көрсеткіштері бойынша бағалау үшін өнімді жіктеу қажет.

Өнімді жіктеу келесілер үшін жүргізіледі:

  • өнімнің белгілі бір тобының бірлік көрсеткіштер номенклатурасын таңдау;
  • өнімді қолдану обласын анықтау;
  • өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасына мемлекеттік стандарттар жүйесін құру.

2. 1-суретке сәйкес барлық өнімдер сапа деңгейін бағалау мақсатында екі классқа бөлінуі мүмкін:

  1. Пайдалану кезінде шығындалатын өнім;
  2. Өзінің ресурсын шығындайтын өнім.

Бірінші класстың өнімі пайдалану үрдісінде тағайындалуы бойынша шығындалады. Мұнда оны қайта өндеу үрдісі бола алмайды (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар) .

Екінші класстың өнімі тағайындалуы бойынша пайдаланғанда оның ресурстары шығындалады. Мұнда өнім техникалық және моральдік тозғанша пайдаланылады.

1 класс 2 класс

1 гр. 2 гр. 3 гр. 4 гр. 5 гр.

2. 1- сурет-Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі

Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары бірінші класстың екінші тобына жатады.

2. 2. 2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы бойынша өнімнің жіктелуі

Сыртқы экономикалық байланыс сферасында қолданылатын жіктеулердің ішінде айтарлықтай орынды сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы (СЭІ ТН) алады. Ол 1991 жылы кедендік тариф, сыртқы сауданың статистикасы, сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тарифтік емес реттеу шараларының кешені негізінде енгізілді.

Халықаралық деңгейдегі жіктеуді енгізу дегеніміз - әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын және сыртқы сауда туралы мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік беретін жіктеу мен кодтаудың жаңа жүйесіне көшу.

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы мемлекеттік деңгейде келесі жағдайларда қолданылады:

  1. Халықаралық құжаттарды әзірлеу мен дайындауда;
  2. Тарифтік және тарифтік емес реттеу үшін;
  3. Статистикалық бақылаулар үшін;
  4. Көліктік тасмалдаулар үшін;
  5. Жүктерді сақтандыру үшін.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың деңгейінде СЭІ ТН күнделікті жұмыстарда қолданылады: келісімшарттарды, декларацияларды жасау үшін, сипаттізімдер мен басқа көліктік құжаттарды толтыру үшін, бугалтерлік есептерде, электронды есептегіш техникада ақпараттарды өңдеу үшін.

СЭІ ТН тауарларды сипаттау мен кодтаудың Үйлесімді жүйесі мен Еуропалық Кеңестің Аралас номенклатурасының негізінде құрылған.

Әрбір тауардың СЭІ ТН ішінде өз коды бар, бірақ оны дұрыс анықтау үшін келесі шарттар болу қажет:

  1. тауардың нақты аталуы;
  2. тауардың нақты сипаты;
  3. жіктеудің құрылымын білу қажет.

СЭІ ТН құрылымына тауардың кодтық белгіленуі, тауардың аталуы мен қосымша өлшем бірлігі кіреді.

Тауардың кодтық белгіленуі 9 цифрлі ондық белгіден тұрады:

  • 1-ден 6-ға дейінгі код разрядтары тауарларды сипаттаудың Үйлесімді жүйесі бойынша тауардың жіктеулік топтаудың белгіліеуіне сәйкес келеді;
  • 7-ден 8-ге дейінгі разрядтары Еуропалық Кеңестің Аралас номенклатурасындағы тауардың кодты белгілеуіне сәйкес келеді;
  • 9-шы разряд СЭІ ТН-да дәстүрлі ұлттық тауарларды бөліп шығару үшін арналған. Қазіргі уақытта бұл разряд барлық ішкі субпозицияларда нолмен толтырылады. Тауар кодының құрылымын 2. 2-суретте келтірілген сұлба түрінде көрсетуге болады.

ХХ ХХ ХХ ХХХ

Топ

Позиция

Субпозиция

Ішкі субпозиция

2. 2-сурет. СЭІ ТН кодының құрылымы

Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары шартты белгіленуі көрсетілген құрылымға сәйкес.

3 Өнімнің сапасын анықтау

3. 1 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер

Өнімнің сапасы МЕСТ 15467-79 Өнім сапасымен басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар бойынша келесідей анықталады: “тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жататындығын негіздейтін өнім қасиеттерінің жиынтығы”

Өнім сапасы дегеніміз - ескерілген немесе ұсынылған қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен оны құру кезінде жабдықтаушымен қалыптастыру нұсқасы немесе өнімнің сипаттамасының деңгейі мен қасиеттерінің жиынтығы.

3. 2 Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдағанда өнім сапасының құрамына кіретін және оның сапа деңгейін бағалауға мүмкіндік етуді қамтамасыз ететін өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасының атауларының тізімі белгіленеді.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау төмендегілерді есепке алып негізделеді:

  • өнімнің тағайындалуы мен қолданылу шарты;
  • тұтынушы талаптарының таңдауы;
  • өнім сапасымен басқару тапсырмалары;
  • сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;
  • өнімнің сапа көрсеткіштерінің негізгң талаптары.

Еден жабынының бір қабаты ағаш қалқандарыЕден жабынының бір қабаты ағаш қалқандары сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы 3. 1-кестеде көрсетілген.

3. 3 Өнімнің сапа деңгейін бағалау

Тұрмыстық электрлі тоңазытқыштардың техникалық деңгейі мен сапасын бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің келесі негізгі топтардың номенклатурасы қолданылады:

  • тағайындау көрсеткіштері;
  • сенімділік көрсеткіштері;
  • эргономикалық көрсеткіштер;
  • эстетикалық көрсеткіштер;
  • технологиялық көрсеткіштер;
  • стандарттау мен сертификаттау көрсеткіштері;
  • патентті-құқықтық көрсеткіштер;
  • қауіпсіздік көрсеткіштері.

Тағайындау көрсеткіштері құрылымдық және технико-пайдаланушылық қасиеттерді сипаттайды.

Тағайындау көрсеткіштер тобына кіреді:

  • салмағы;
  • габаритті өлшемдері.

Сенімділік көрсеткіштер бұйымның өзінің пайдаланушылық көрсеткіштерін белгілі бір уақыт сақтай отырып, берілген функцияларды орындау қасиеттерін сипаттайды.

Сенімділік көрсеткіштер тобына кепілді пайдалану уақыты кіреді.

Эргономикалық көрсеткіштер бұйымның адам мен ортамен өзара байланысын сипаттайды және бұйымның өлшемдеріне, құрастырушы бөліктерінің өзара орналасуына, формасына қойылған талаптарына сәйкестігін анықтайды.

Эргономикалық көрсеткіштердің тобына пайдалану қолайлығы кіреді.

Эстетикалық көрсеткіштер бұйымның өзінің қоғамдық құндылығын сезімдік қабылдаушылық белгіде көрсете алу қабілетін сипаттайды. Олар көркемдік жобалау деңгейін есепке алады.

Эстетикалық көрсеткіштер тобына кіреді:

  • құрылымның тұтастығы;
  • бұйымның көркемдік жобалаудың заманға сай тенденцияларына сәйкестігі;
  • қаптау сапасы;
  • сыртқы бетті таза өңдеу мен қаптау сапасы.

Технологиялық көрсеткіштер өнімді дайындағанда материалдардың, еңбектің және уақыттың шығындарын оптималды бөлуді негіздейтін өнім қасиеттерін сипаттайды.

Технологиялық көрсеткіштер тобына кіреді:

  • дайындаудың еңбек сыйымдылығының қосындысы;
  • жалпы өзіндік құнның қосындысы;
  • меншікті металлсыйымдылығы.

Стандарттау және унификаттау көрсеткіштері бұйымда стандартты, унификатты, бірегей тетіктер мен түйіндерді қолдану ережесін сипаттайды.

Бұйымның стандарттау мен унификаттау көрсеткіштері қолдану коэфициентімен есептеледі.

Қолдану коэфициентін формула (1) бойынша есептейді:

К np =(n-n 0 ) /n (1)

мұндағы n - бұйымның жалпы түрөлшемдер саны;

n 0 - бірегей бөлшектердің түрөлшемдер саны.

Бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі екі көрсеткіш арқылы бағаланады:

  • патентті қорғау көрсеткіші;
  • патентті тазалық көрсеткіші.

Осы көрсеткіштер бойынша тексеруге экспортқа арналған бұйымдар жатады.

Қауіпсіздік көрсеткіштері бұйымды қолдану кезінде оның қауіпсіздігін негіздейтін ерекшеліктерді сипаттайды.

Өнімнің сапа деңгейі МЕСТ 15467-70 “Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жиынтығын сәйкес базалық көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруда негізделген өнім сапасының сипаттамасына” сәйкес анықталады.

Өнімнің сапа деңгейін бағалау бойынша шаралар тізімі:

  • сапа деңгейін бағалау мақсатын анықтау;
  • сапа көрсеткіштері номенклатурасын таңдау мен оларды анықтау тәсілі;
  • сапа көрсеткіштерді анықтау;
  • базалық көрсеткіштерді таңдау;
  • сапа деңгейін бағалау әдісін таңдау;
  • сапа деңгейін бағалау.

Сапа деңгейін анықтау үшін келесі әдістер қолданылады: дифференциалды, кешенді және аралас. Сапа деңгейін анықтау үшін дифференциалды әдісті қолданайық. Онда қарастырылатын объекттің әрбір сапа көрсеткіштерін сәйкес базалық көрсеткіштермен бөлек-бөлек салыстырады. Сапа деңгейді бағалау үшін формула бойынша қатыстық көрсеткішті анықтаймыз.

Q i =P i /P i б (2)

Q i =P i б/P i (3)

мұндағы Q i - қатыстық сапа көрсеткіші;

P i - зерттелетін өнімнің көрсеткіші;

P i б - базалық өнімнің көрсеткіші.

Қалқандардың номиналды өлшемінің сапасы 1-3-сызбалар мен 1-кесте көрсеткіштеріне сәйкес болуы керек.

1-кесте - Қалқандардың номиналды өлшемі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынау зертханасы жағдайында өнімнің сапасын талдау
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі
Сертификаттау («Эльдорадо» компаниясы мысалында)
Картоп жарық сүйгіш дақыл
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
АБК - зертхана ЖШС құрылыс материалдары зертханасының аккредиттеу саласы
Өскемен қаласы
Мемлекеттік метрологиялық бақылау
Қара бидай және бидай ұнынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz