Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер



1. Түрік қағанаты дәуіріндегі саяси.құқықтық қатынастар
2. Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық.саяси құрылысы.
1) ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип – түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.
Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.
Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.
Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.
2) Қарлұқ, Оғыз,Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
Түрік қағанаты дәуіріндегі саяси-құқықтық қатынастар
Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.

1) ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип - түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.
Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.
Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.
Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.
2) Қарлұқ, Оғыз,Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.
Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы - 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.
Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының құлауына себеп болды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.
Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға қалдырылды. Күл-еркін - жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атаған.
Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.
Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы). ІХ ғасырда Алтай мен Сырдария аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің саяси ядросы Шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимақ) тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға жетті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Қазақ хандығының туы
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының нығаюы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Сирский каганат
Мемлекет нысаны жайлы
Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет
АҚ ОРДА ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА
Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі
Пәндер