1946-1980 жж. Қазақстандағы кеңестік мемлекет пен құқық: мемлекеттік құрылыс, аумақтық өзгерістер және заңнамалық реформалар


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы Кеңестік мемлекет мен құқық (1946-1980 жж. )

  1. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару
  2. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер
  3. Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы

1) Соғыстан кейінгі мемлекеттік құрылыс пен басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946ж. 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-інің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комисариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Жаңадан өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Олардың өкілеттіліктері артты. 1946ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. 50 жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, өнеркәсіп, құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау, басшылық ету құқықтары артты. 1956жылғы КОКП ХХ съезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс болды. Сталиннің жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50 жылдары жазықсыз атылған, қамалған азаматтардың бір тобы қайта ақталды. Одақтас республикалардың құқықтары артып, егемендігі біршама кеңейді. ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, ауыл шаруашылығына қатысты құқықтары кеңейді. Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың өкілдері кірген экономикалық комиссия құрылды. 1958ж. ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды. 60 жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н. С. Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л. И. Брежневтің келуімен байланысты. 1977ж. республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің атқару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелене түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды.

2) 1924ж. Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жерлері қайтарылды. Осы жылы қарақалпақ автономиялы облысы да қазақстанның құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСРінің құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша қазақстанның шекарасы тек оның Жоғарғы Кеңесінің келісімімен ғана өзгертілетін болды. 1955ж. 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданының жалпы көлемі 7049га РКФСР Астрахан облысының Владимир ауданына берілді. 1956ж. КСР -на Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы колхоздарының Бостандық ауданындағы жайылым көлемдерін қоспағанда) берілді. Голодностеп (Мырзашөл) каналының сол жағалауындағы 75 мың га жер ҚазКСР үкіметінің 1936-37жж. Өзбек КСР-не уақытша берілген 329 мың га жерлер Өзбек КСР-не берілді. Осылай барлығы 5 млн. Га астам жерлер Өзбек КСР-не берілді. 1971ж. майда Өзбек КСР-нің Сырдария облысының Жетісай, Киров және Мақтаарал аудандары сол кездегі шекарасымен Шымкент облысына қайта қосылды. Кеңес дәуірінде Қазақстанның территориясында осындай өзгерістер болды. Бұл өзгерістерді тәртіп бойынша алдымен ҚазқКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдап, онан соң КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекітіп отырды. Сонда бұл өзгерістер құқықтық жағынан Қазақстанның өз еркімен бергені болып саналады. Дегенмен мұндай “өз еркімен” жасалған өзгерістердің негізінде Мәскеудегі орталық билік органдарының қысымы жатқаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кеңестік мемлекет пен құқықтың қалыптасуы мен дамуы (1946-1990 жж.)
Қазақстандағы кеңестік мемлекет пен құқық жүйесінің қалыптасуы (1917-1991)
1946-1980 жж. Соғыстан кейінгі Қазақстан: саяси режим, экономиканы қалпына келтіру және мәдени-әлеуметтік өзгерістер
Қазақстанның 1946-1980 жж. саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы
Қазақстандағы социализмді құру кезеңіндегі мемлекет пен құқық (1917-1941 жж.)
1970-1980 жж. Қазақстан экономикасындағы реформалар: бұрмалану, нәтижесіздік және құрылымдық үйлесімсіздіктер
1917-1960 жж. Қазақстандағы кеңестік мектеп пен педагогиканың қалыптасуы мен дамуы
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалар, көтерілістер және этнодемографиялық өзгерістер
1960-1980 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: тенденциялар, реформалар және дағдарыстар
1980-1990 жж. Қазақстан: Арал қасіреті, Семей сынақтарының зардаптары және саяси-қоғамдық өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz